1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша




Название1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
страница7/8
Дата конвертации08.11.2012
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

7. Ақтөбе облысы судьяларының іс-әрекетіне жеке және заңды тұлғалардың арыздануы

2011 жылдың 1-жартыжылдығында Ақтөбе облыстық сотына жеке және заңды тұлғалардан 92 арыз-шағым түсті.

Жалпы есеп бойынша 94 шағым қаралып, оның ішінде 14 шағым қайталап түскені анықталды, 60 шағым бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 34 шағым тиісті жерлерге жолданды, оның ішінде:

-Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Ақтөбе филиалы жанындағы судьялар әдебі комиссиясына – 7 шағым;

-алқаға -18 шағым;

-Ақтөбе облыстық сотының Кеңсесіне - 4 шағым;

-Өзге де тиісті органдарға 5-шағым жолданған болатын.

2010 жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда аталмыш мерзімде келіп түскен шағым саны 19-ға немесе 20,2 % көбейді (қаралған шағымдар мен олардың нәтижесі туралы ақпарат сот бойынша жіктелген қосымша есепте көрсетілген).

Сондай-ақ, саралай келе судьялардың іс-әрекетіне келіп түскен шағымдардың ішінен толық және ішінара дәлелін тапқан арыз-шағымдардың саны өскені байқалады.

Есептік мерзімде 5 судьяға қатысты түскен шағымдар толықтай дәлелденді (2010 жылы -3 шағым), ал 12 судьяға қатысты (2010 жылы - 9 шағым) шағым жартылай расталды.

Шағымдардың жалпы санынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынан ағымдағы есептік мерзімде Ақтөбе облыстық сотына 14 шағым келіп түсті, өткен 2010 жылдың баламалы кезеңінде 8 шағым түскен болатын.

Ағымдағы есептік мерзімде облыстың келесідей соттарына келіп түскен шағым саны артқаны байқалады:

-Облыстық сот (2011 жылдың 1 жартыжылдығында 14 шағым/ 2010 жылдың 1 жартыжылдығында 6 шағым)

- Ақтөбе қалалық №2 соты (сәйкесінше 13/10)

-Ақтөбе облысының экономикалық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты- (11/5)

Материалдық немесе процессуалдық заңдардың бұзылғандығы туралы шағымдардың көп бөлігі Ақтөбе қалалық сотына келіп түседі, мұның басты себебі-судьялардың жұктемесінің ауырлығы, дәлірек айтсақ, аталмыш сотта ауыр дәрежедегі азаматтық істерді қарайтын судьялардың жүктемелерінің көптігі.

Аталмыш есептік мерзімде Ақтөбе облыстық сотымен шағымдардың алдын-алу шаралары көрсеткіштердің тұрақталуына әкелді және алдағы уақытта аталмыш жұмыс төмендегідей жүргізілетін болады:

  1. Облыстық сот төрағасы апта сайын азаматтарды қабылдап, олардан түскен сұрақтарды бақылауға алып отыру;

  2. Азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдардың әділ шешілуін қатаң бақылауға алу;

  3. Арыз-шағымдар бойынша тексеріс нәтижелерін пленарлық және пленар аралық отырыстарда талқылап, кінәлі тұлғаларға қатысты нақты шешім қабылдау;

  4. Судьялардың іс-әрекетіне келіп түскен арыз-шағымдарды тұрақты негізде сараптап, сондай-ақ, сот әдебі бойынша Комиссияға келіп түскен шағымдарды үнемі сараптап отыру;

  5. Облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарға келіп түскен (сондай-ақ, бізге ҚР ЖС жолданған шағымдар) азаматтардың арыз-шағымдарды сараптау;

  6. Облыс судьяларымен сот төрелігін жүзеге асыру барысында мониторинг бойынша топтың жұмысын жандандыру;

  7. Сот әдебі бойынша комиссия және тәртіптік-біліктілік алқасының жұмысын жоспарлы түрде жүзеге асыру;

  8. Судьялардың іс-әрекетіне келіп түскен арыз-шағымдар бойынша, өзекті деп танылған санаттар бойынша істі қарауды тәжірибе негізінде жүзеге асыру үшін семинар сабақтарын жиі ұйымдастыру, ол үшін оқу-ақпараттық орталығының жұмысын жандандыру;

  9. «Сот процестерінде бейне және аудия бақылау» бағдарламасын қолданып, облыстық соттың оқу орталығында және облыстық сот төрағасының кабинетінде отырып, жүктемесі ауыр соттардағы сот отырыстарын бақылау;

Сот қызметкерлеріне келіп түскен арыз-шағымдарды Кеңсе басшысы қарайды.

Аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының іс-әрекетіне келіп түскен арыз-шағымдарды шағымның мазмұнына байланысты, облыстық сот судьялары немесе сот әдебі жөніндегі Комиссия қарайды.

Арыз-шағымдарға көбінесе негіз болатын дәлелдер, олар процессуалдық заң нормаларының бұзылуы, арыз берушілер көп жағдайда шығарылған сот актілерімен келіспей жатады. Осы жағдайда, Ақтөбе облыстық сотының судьяларымен 60 шағым иелеріне процессуалдық заң бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, арыз-шағымдарына сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот әдебінің сақталмауы жағдайлары негіз болған, 7-шағым.

Арыз-шағымдарды қарау нәтижесінде, сот әдебі нормаларының бұзылу жағдайы бойынша судьяның әрекетін талқылауға алу туралы 1 сот қаулысы қабылданды. ( Г.П. Петухованың судья Б.Ш. Алматоваға қатысты шағымы)

Есептік мерзімде Ақтөбе облыстық сотының төрағасының жеке қабылдауында 173 азамат болды.

Олардың ішінде, шығарылған сот актілерімен келіспеген -150 тұлға, сот әдебі нормаларының бұзылуы туралы-4 тұлға, сот актілерінің орындалмауы туралы - 7 тұлға және өзге де сұрақтар бойынша - 12 тұлға болды .

2010 жылдың баламалы мерзімінде төрағаның жеке қабылдауында 317 азамат болды. Олардың ішінде, шығарылған сот актілерімен келіспей-214 тұлға, сот әдебі нормаларының сот актілерінің орындалмауы туралы -91 тұлға және өзге де сұрақтар бойынша 12 тұлға.

Осылайша, 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда төрағаның жеке қабылдауына келген азаматтар саны 144 тұлғаға немесе 54, 6% азайды.

Азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдардың барлығы белгіленген мерзімде қаралып, тексеру нәтижесі бойынша арыз иелеріне жазбаша түрде жауап қайтарылды.
8.Баспасөз қызметінің жұмысы туралы
Ақтөбе облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарының сот төрелігін жүзеге асырудағы, сот кеңсесі жұмысын ұйымдастырудағы және кадрлар резервімен жұмыс жасауға байланысты 2011 жылдың алты айында бұқаралық ақпарат құралдарында 317 мақала жарық көрді.

Облыс соттарының судьялары мен сот мамандары тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына арналған жадығаттар дайындауға ынтасын атап өтуге болады. Жыл басында әрбір сот судьясының дайындайтын мақаласының тақырыбы бекітіліп, өз кезегімен кейін жүзеге асырылады.

Мысалыға, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметімен 2011 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған жоспары бекітіліп, ол жоспармен жұмыс қатаң қолға алынған болатын. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 айына арналған жаңа жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. 2010 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларымен таныстыру, жаңадан тағайындалған алқа төрағалары мен судьяларды таныстыру сияқты шаралар бойынша мақалалар мен бейнесюжеттер «Астана», «7 арна», «Қазақстан», «Рика ТВ», «Қазақстан Ақтөбе» сияқты телеарналар мен «Заң газеті», «Юридическая газета», «Егемен Қазақстан», «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» сияқты басылым беттерінен орын алды. Сонымен қатар, «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасындағы «Адам және заң» хабарының тікелей эфирінде 2011 жылдан бастап 12 хабар таратылды. Ол хабарлар барысында аудандық сот төрағалары тікелей эфирде сұхбаттасып, көпшілікті толғандырған мәселелер бойынша толыққанды жауап берді.

Сонымен қатар облыстық телеарна эфиріндегі «Адам және заң» хабарында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Жүсіпов Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы айтқан болатын. «Адам және заң» хабарына қатысқан аудандық сот төрағаларына келетін болсақ, Мұғалжар аудандық сотыныңы төрағасы А.Ж.Балмұқанов сот тағайындайтын жаза түрлерін ізгілендіру, бас бостандығынан айыру жазасының орнына басқа жаза түрлерін (бас бостандығын шектеу, айыппұл және т.б.) қолдану, қазіргі күні аса маңызды тақырыптардың бірі – медиацияны қолдану бағыты бойынша жұмыстар жүргізу туралы ойымен бөлісіп, тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді.

Судьялармен қатар сот мамандарына да тікелей қатысты мәселе бойынша облыстық соттың ұйымдастыру-талдау бөлімінің бастығы Н.Күнтуов хабарға қатысып, көрермендер сұрақтарына жауап берді.

Ақтөбе облысы соттар Әкімшісі тарапынан 2010-шы жылы жүзеге асырылған жұмыс қорытындысы туралы да ақпарат жергілікті барлық баспасөз беттері мен республикалық «Заң газеті», «Юридическая газета» сияқты басылым беттерінен жарық көрді.

Ағымдағы жылы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметімен, «Заң» және «Юридическая газета» басылымдарының меншікті тілшілерімен біріге отырып, жыл басынан бері заңнаманы түсіндіруге бағытталған елуге тарта мақала жарық көрді. Сондай-ақ, сот судьяларының құқықтық тақырыпта жазылған мақалалары бірнеше мәрте газет беттерінде жарияланған болатын. Мәселен, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Әжіғалиеваның «Заң» газеті бетінде «Қылмыс келтірген зардабымен өлшенеді» атты мақаласында қылмыстық іс қарау кезінде кездесетін кейбір мәселелеріне тоқталып, кеңінен сөз етеді. Ал, Ырғыз аудандық сотының судьясы С. Танимова «Заң» газеті бетінде жарық көрген «Азаматтық іс жүргізудің ерекшеліктері» атты мақаласында азаматтық іске қатысатын тараптардың заңды құқықтарын жан-жақты көрсетіп, заңнаманы түсіндіру тұрғысындағы мақала дайындады.

Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметімен судьялардың жыл бойы жарық көретін мақлалаларының тізімі жасақталып, тақырыптары бекітілді. Осы жоспар негізінде Ақтөбе облыстық сотының судьялары «Заң» және «Юридическая газета» басылымдарына мақалаларын жолдауда.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнамаға түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі мен жергілікті басылымдармен қатар, жергілікті радиолармен де тығыз қарым-қатынас орнатылған. Мәселен, «Ақтөбе Радиосының» эфирінде сот судьяларының қатысуымен тұрақты түрде құқық тақырыбында сұхбаттар жүргізіліп отырады. Осы бағытта, «Тандем» және «Ақтөбе Радиосының» эфирінде азаматтардан келіп түскен сауалдарға жауап беру тұрғысында эфир желісінде хабарлар таратылып отырады.

Мәселен, Ақтөбе облысының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Н.Т.Сатыбалдина жергілікті «Тандем» радиосының жаңалықтар топтамасында қазақ және орыс тілдерінде ағымдағы жылдың ақпан айының 2-і күні «Сот билігі тәуелсіздігінің маңыздылығы тақырыбында», судья Е.Ж.Махметов осы радионың жаңалықтар топтамасында ақпан айының 8-і күні «Соттың реформасын жетілдіру» тақырыптарында радиотыңдаушылардың назарына сұхбат берді. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы М.Ә.Сисеновамен «Тандем» радиосының жаңалықтар қызметінде «ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 10 жылдығына байланысты қазақ және орыс тілдерінде журналистердің сауалдарына жауап берді.

Облыс соттары тарапынан құқықтық-сауаттылық мәселесіне байланысты жүзеге асырылған шаралардың бірі-облыс бойынша хабар тарататын «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасындағы «Адам және заң» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат беру арқылы судьялар мен сот мамандары жоғарыда аталған Бағдарламаның негізгі жайттары бойынша түсініктеме беріп келеді. Осы телебағдарламаның құрылуына тікелей себепкер болған облыс соттары қауымдастығы тікелей эфир хабарын өткізуге арналған студияны толықтай жасақтады.

Телебағдарламаның негізгі мақсаты болып облыс көрермендерін құқықтық саясат бағытымен, сот жүйесінің негіздерімен, заңдағы жаңалықтармен таныстырып, азаматтардың құқықтарын қорғау ісіне тікелей қатысу болып табылады.

«Адам және заң» бағдарламасы аптасына екі рет мемлекеттік және орыс тілдерінде хабар таратады. Жыл басынан бері аталмыш жүйеде Ақтөбе облыстық сотының және аудандық сот судьялары мен сот төрағаларының қатысуымен он екі хабар жүргізілді. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар айында «Қазақстандағы гендерлік саясат мәселесі» бойынша Ақтөбе облыстық сотының судьясы Н.Сисенова тікелей эфирде сұхбат беріп, көрермендердің сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Жүсіповтың қатысуымен «Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар» тақырыбында сұхбат жүрді, тікелей эфир аясында көрермендер сауалдарына жауап берілді. Сондай-ақ, хабарға Алға, Мәртөк, Мұғалжар және Әйтекеби аудандық соттарының төрағалары қатысып, көрерменнің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап қайтарды. Сондай-ақ, хабардың «Заңгер кеңесі» атты тұрақты айдарына көрермендерден хат түрінде келіп түскен сұрақтарға жауап қайтарылады.

Ақтөбе облыстық сотының ресми веб-сайты ( www.aktobesot.kz ) 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Сайт арқылы азаматтар сотта болу ережесі, Ақтөбе облыстық сотында өткізілетін «ашық есік күндерінің» кестесін, азаматтарды қабылдау кестесімен танысып, толыққанды мәлімет алуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, азаматтар сайт арқылы сот құжаттарын толтыру ережелерімен де таныс бола алады. Мәселен, талап-арызды жазу үлгілерін т.б. құжаттарды табуға болады. Сондай-ақ, сайттың «сұрақ-жауап» айдарына азаматтар орын алған заңсыздықтар бойынша немесе даулы мәселенің шешімін табу жолдары туралы сайт қызметіне жауапты облыстық соттың маманына сауал жолдай алады. Мәселен, сот актілерінің орындалуы, өзге мемлекеттің азаматынан алимент өндіру жолдары туралы сұрақтар түскен болатын. 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында Ақтөбе облыстық сотының веб-сайтында құқықтық тақырыптағы 140 мақала жарияланды.

Құқықтық түсіндірме жұмыстарының бір бөлігі облыстық сот басшылығының, алқа төрағаларының және Кеңсе меңгерушісі басшысының аудандық/қалалық соттарды аралау барысында жергілікті халықпен кездесу кезінде де жүзеге асырылады. Облыстық сот басшылары 2011 жылдың алты айы ішінде Әйтеке би, Хромтау, Қарғалы, Алға, Байғанин аудандарын аралап, халықпен кездесті. Аудандағы кездесулерге жергілікті билік өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, зиялы қауым өкілдері жиналып, жалпы сот жүйесінің дамуы, негізгі мақсаттары мен қадамдары, Елбасы мен Жоғарғы Сот тарапынан алға қойылып отырған жаңа талаптар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Ақтөбе облыстық соты төрағасы мен судьялары екі мәрте Алға балалар үйіне барып, бүлдіршіндермен кездесті. Кездесу барысында бүлдіршіндердің сауалдарына жауап беріп, заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы 18-мамыр күні Ақтөбе облыстық политехникалық колледжінде болып, оқушылар мен колледж ұжымына құқық тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, осы соттың судьясы М.Ә.Сисенова ағымдағы жылы ақпан айында Ақтөбе қаласындағы № 6 қазақ орта мектебінде «ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» тақырып бойынша мұғалімдер арасында қазақ тілінде лекция оқыды.

Осы соттың кеңсе басшысы Р.А.Күзенбаева Ақтөбе қаласындағы №50 қазақ орта мектебінің мұғалімдеріне «Сот төрелігі» тақырыбында лекция оқып, олардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі Л. Бисенова қаңтар айында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің заң факультетінің студенттері арасында «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» тақырыбында дәріс оқыды.

Сондай-ақ, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Биманова Ж.Ж жастарды әділдікке,кішіпейілдікке, сот билігіне оң көзқарас қалыптастыру мақсатында. Ақтөбе Мемлекеттік Университеті заң факультетінің 3-курс студенттеріне «Сот билігі біліктілікті, адалдықты талап етеді» тақырыбында дәріс сабағын жүргізді.

Қоғамды алаңдатып отырған мәселелер бойынша облыстық соттың баспасөз қызметімен дайындалған мақалалар ағымдағы жылдың алты айы бойы республикалық және жергілікті басылым беттерінде тұрақты түрде жарық көріп тұрды. Сот шешімі бойынша азаматты жұмысқа қайта орналастыру, сот шешімі бойынша заңсыз айрылған мүлкін қайтару, қоғамды алаңдатқан облыстық аң аулаушылар қоғамының төрағасына қатысты қаралған сот ісі, тұрғын үйге қатысты алаяқтыққа барушылардың санының өсуі, олардан қорғану жолдары, облыстық соттың өкілдерінің халықпен кездесулері, қазақ тілінің тағдыры туралы судьялардың ойлары және т.б. маңызды тақырыптағы мақалалар көпшілік тарапынан жақсы бағаға ие болып отыр.

9. Ұйымдастыру-талдау бөлімінің қызметі және мониторинг нәтижесі жөнінде

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында ұйымдастыру-талдау тобының мамандары облыс судьяларымен сот төрелігін жүзеге асырудың сапасына бақылау жүргізілді.

Бұл бағытта аудандық және оған теңестірілген соттарда азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық істерге қатысушы тұлғалардың арасында әлеуметтік сауалнама өткізіліп, олармен іс жүргізу нормаларының сақталуына баға берілді. Аталмыш сауалнаманың өткізілуі туралы ақпарат жергілікті БАҚ арқылы таратылып, онда соттың сенім телефондары мен сауалнама құжаттарының тарату орындары да көрсетілді.

Сонымен, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында өткізілген әлеуметтік сауалнамада 2078 респондент қатысқан. Сауалнамада тиісті жақтар қатысып, судьялардың атына әр-түрлі баға берілген. Қысқаша қорытындылағанда, 433 талапкер, 209 жауапкер, 141 сотталушы, 582 әкімшілік құқық бұзушы, 284 жәбірленуші, 104 адвокат, 61 прокурор, 75 куә және 189 басқа тұлғалар қатысқандығы көрінеді.



Судья тарапынан әдепсіз қылық орын алды ма деген сұраққа: иә деп 11 жауап, жоқ деп 1089 жауап, жауап беруге қиналатын – 37 жауап берілген.




Сонымен қатар, судья істі қарау барысында іске қатысушы тараптардың біріне артықшылық берді ме деген сұраққа: иә деп 16 жауап, жоқ деп 1086 жауап, жауап беруге қиналатын – 35 жауап түскен.


Сыбайлас жемқорлық көріністеріне судья жол берді ме деген сұраққа: иә деп – 3 жауап, жоқ деп – 1086 жауап, жауап беруге қиналатын – 48 жауап берілген.



Сонымен қатар, сот процестер белгіленген уақытта басталды ма деген сұраққа келесі жауаптар түскен: иә деп – 1840 адам, шамалы кешіктіріп басталған -206, ұзақ кешіктіріп басталған - 32 адам.


Сот қызметкерлері тарапынан істі қарау барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілді ме деген сұраққа – иә деп 3 респондент, жоқ деп 1099 респондент, жауап беруге қиналатын 35 респондент жауап берген.


Сот шешімен келіспеген жағдайда қандай әрекет жасалады деген келесі сұрақтарға:

а/ жоғары тұрған сатыға шағымданамын – 1860 респондент,

б/өзгерістер болатындығына сенбегендіктен ешқандай әрекеттер жасалмайды- 60,

в/ бүл жағдайда, көмек беруге қабілетті адамдар іздестіріледі - 110,

г/ басқасы – 48.



Мониторинг бойынша 2010 жылдың жұмыс қорытындысына сәйкес облыстық соттың жалпы отырысы Ақтөбе қалалық сотының 3 судьяның (М.З.Сағынбазарова, Б.Е.Батырханов, А.А.Бақытжанова) және Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2 судьяның (Б.Б.Жүсіпбекова, Е.М.Сәрсенов) жұмыс көрсеткіштерін талқылап 2011 жылдың 1 шілдеге дейн жіберілген қателіктерді жоюға және дұрыстауға мерзім берілген. Сонымен, бес судьяның жұмыстары облыстық сотпен қатаң бақылауда. Сол себептен, ҚР ЖС ұсынысы бойынша кеңес беру үшін облыстық соттың үш судьясынан тұратын комиссия құрылған. Жүзеге асырылған бақылау бойынша қорытынды ақпарат ай сайын ҚР ЖС Аппаратына жолданып отырады.

Сонымен, облыс бойынша судьялардың арасында өткізілетін мониторинг Ақтөбе облыстық сотының басшылығымен үнемі бақылауда, мониторингке түскен судьяларға қағидасын көтеру үшін сындарлы шаралар қолданылып, әр санаты бойынша құқық қолдану кезінде туындайтын өзекті сұрақтар анықталып, іс жүзінде көмек беріледі. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша судьялардың жұмыстарына тиісті дәрежеде баға беріліп, атқарған жұмыс нәтижесін 2011 жылдың шілде айының басында хабарланады.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconПавлодар облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының Апелляциялық тәртіпте қарауға тағайындалған
Закона рк "Об мнистии" от 09. 01. 2006г. Рябикова В. Е. от назначенного наказания освободить
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 21-24 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 14-15 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 8-10 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 ноября 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 декабря 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған азаматтық істер тізімі
Дата и время рассмотрения 15 декабря 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 20 января 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда 1 этаж
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница