1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша




Название1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
страница8/8
Дата конвертации08.11.2012
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

10. «ҚР Судьялар Одағы» РҚБ-нің облыстық филиалы қызметі жөнінде
ҚР Судьялар Одағының Ақтөбе облыстық филиалымен есеп беру кезеңінде белгіленген жұмыстар жүргізілген, былтырғы жылмен салыстырғанда Ақтөбе облыстық және қалалық әкімдіктері мен ішкі саясат департаментімен өткізілген шараларға судьялардың қатысуы қоғамдық жұмыстарға араласу белсенділіктері барын байқатты. Судьялар корпусының ролі облыс және қаланың қоғамдық өмірінде жоғары дәрежеге көтерілген.

Филиал мүшелерімен басқа мемлекеттік ұйымдармен өзара сот төрелігін жүзеге асыру сапасы мен тергеу жұмыстарының сапасын жақсарту үшін белгіленген жұмыстар жүргізіледі. Бұл үшін судьялар заңнамалардағы өзгерістерді талқылау, құқық қолдану тәжірбиелері туралы өткен бірлескен кеңестерге судьялар қатысып, сот тәжірбиесінде жиі кездесіп, жіберілетін қателіктерге тоқталып, оларды жою үшін шараларды алу мәселелері талқыланады. Оқу орталығының жұмысы жоспарға сәйкес орындалған. Сонымен қатар, Жоғары Соттың судьяларымен өткізілген семинарларға филиал одағының мүшелері толығымен қатынасады.

Жас судьялар мен мамандардың қатысуымен бірігу, шынығу бойынша және сот ұжымында қалыпты психологиялық жағдайды қалыптастыру үшін Филиал судьяларымен шаралар өткізілді.

Сонымен бірге, Жаңа жылды қарсы алу мен Наурыз мейрамдарында алғыс хаттамалармен марапатталды, 8 наурыз бен 7 мамыр - әйелдер және ер азаматтарға арналған күндері мерекері өткізілді, 9 мамыр Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерінің үйлеріне бару арқылы қаржылай сыйлықтар мен азық-түлік пакеттері табыс етілді /Кайсаров, Скоробогатова, Шайдуллина/.

Әрбір сот ұжымдарында судьялардың туған күндеріне көңіл бөлінсе, ал, мүшел жасқа толушылар салтанатты түрде құттықталып, ескеркіш және қаржылай сыйлықтар табыс етіледі.

Филиал судьяларының ұсынысымен кейбір судьяларға материалдық көмектер көрсетілген.

«Қала күнін» мерекелеу митингілеріне, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл қойылды. Қалалық сенбіліктерге қатыстық.

Сәуір айында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған спортық турнир өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесулер ұйымдастырылып, баспалар мен телеарналарда мақала-сұхбаттар беріледі.

Филиал судьялары ардагер судьяларды республикалық заң басылымдары «Заң» және «Юридический» газеттеріне толық 2011 жылға жазылуға мүмкіндіктер жасады.

2011 жылға арналған жоспарға сай жоспарлы тексерістер және облыстық соттың пленарлық отырыстарында талқыланған облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру барысында тәжірбиелік көмектер көрсету, оқу-ақпараттандыру орталығындағы семинар сабақтар өткізу жұмыстары және тағы да басқа жұмыстар атқарылады.

Сонымен, 2011 жылдың 1-ші жарты жылдығында сот әділдігін жүзеге асыру көрсеткіштерін қорыта келе, Ақтөбе облыстық соты тарапынан қосымша алынған кешенді шаралардың нәтижесінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы едәуір артқанын атап өту қажет.

Атап айтқанда, апелляциялық тәртіпте бірінші сатыдағы соттар үкімдерінің күшін жою, өзгерту фактілері 62,3% (69-дан 26-ге дейін) азайды.

Соттардың жаза тағайындау тәжірибесі де тұрақтанды. Жазаның бас бостандығынан айыру түріне сотталғандардың салмақ үлесі 1-ші жарты жылдықтын көрсеткіштерінен 13,4 пайызға төмендеді (48,8%-дан 35,4 %-ға).

Азаматтық істер бойынша апелляциялық тәртіпте сот шешімдерінің күшін жою фактілері 29,4% (85-тен 60-қа дейін), ал шешімдердің өзгертілуі 27,4%-ға (51-ден 37-ге дейін) төмендеді.

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 0,3 %-ға жақсарды.

Сондай-ақ, әкімшілік істер бойынша да сот төрелігін жүзеге асыру сапасы 2009 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,2%-ға жақсарды.

Статистикалық мәліметтерге сай облыс бойынша барлық қаралған істердің басым көпшілігі Ақтөбе қалалық, қалалық №2, мамандандырылған экономикалық және мамандандырылған әкімшілік соттарының үлесінде. Сол себепті істерді қарау сапасы да аталған соттарға тікелей байланысты. Атап айтсақ, Ақтөбе облыстық мамандандырылған экономикалық және қалалық мамандандырылған әкімшілік соттарында есеп кезеңінде сот әділдігін жүзеге асыру сапасының жоғарылауы есебінен жалпы облыс бойынша жұмыс сапасы едәуір артты.

Аталмыш жетістік облыстық сот тарапынан жүргізілген ауқымды шаралар нәтижесі деп есептеледі.

Соның ішінде:
-Жергілікті соттарға, соның ішінде Ақтөбе қалалық, қалалық №2, мамандандырылған экономикалық және мамандандырылған әкімшілік соттарына апта сайын аймақтық-пәндік қағидаты бойынша облыстық сот судьяларымен, алқа төрағаларымен жеке-жеке , әр іс бойынша оларды қарау сапасын тексерумен қатар, оның деңгейін арттыру мақсатында бірқатар тәжірибелік көмектер көрсетілді.

-Әр апта сайын жүйелі түрде қалалық және мамандандырылған соттар судьяларымен қиындық тудыратын істерді жеке-жеке талқылай отырып, жіберілген қателіктерді ескерумен семинар сабақтары да ұйымдастырылды.

-Ақтөбе қалалық сотындағы судьяларды қиын және жеңіл санаттағы істерге бекіту тәжірибесі өзгертіліп, олардың мамандандырылуы арнайы тақырып бойынша қайта қаралды.

-Сот актілерінің көп жағдайларда күші жойылуына әкеліп соқтырған «Жұмысқа қайта орналастыру», «АІЖК–нің 27 тарауы» сияқты жекелеген істер санаттары тәжірибесі мол, адал ниетті судьялардың қарауына бөлінді.

-Күші жойылған шешімдер бойынша жұмыс көрсеткіштерін ескере отырып судьялар атына жеке ұйғарымдар шығарылып, ол бойынша нақты, әсерлі шаралар қолданылады.

- Күші жойылған сот актілері бойынша істерді қайта қарау тек қана жергілікті соттар төрағаларының 1 ай мерзім ішінде қараулары жөнінде облыстық сот төрағасының өкімімен міндеттелді.

-Жергілікті соттарға тәжірибелік көмектер көрсету бойынша аймақтық-пәндік қағидатымен бекітілген облыстық сот судьяларының да жауапкершіліктері күшейтілді.

-Қиындық тудыратын кейбір санаттағы істер бойынша жергілікті сотттармен заң нормаларын бірыңғай тәртіппен қолдануды тұрақтандыру мақсатында ауқымды шаралар іске асырылды.
2011 жылдың 1-ші жарты жылдығына жоспарланған шаралардың барлығы дерлік орындалды және 2011 жылдың 2-ші жарты жылдығына жұмыс жоспары бекітіліп, облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарына орындауға жолданды.


Ақтөбе облыстық соты


4-1/6236 30.06.2011


1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconПавлодар облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының Апелляциялық тәртіпте қарауға тағайындалған
Закона рк "Об мнистии" от 09. 01. 2006г. Рябикова В. Е. от назначенного наказания освободить
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 21-24 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 14-15 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 8-10 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 ноября 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 декабря 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған азаматтық істер тізімі
Дата и время рассмотрения 15 декабря 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 20 января 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда 1 этаж
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница