Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147




НазваниеҚазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147
страница8/9
Дата конвертации09.12.2012
Размер0.93 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Бірлескен бұйрық

Жергілікті атқарушы органдардың,

оқитын адам мен жұмыс берушінің

арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру

мақсатында қайта оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері

туралы үшжақты үлгі шартын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 50-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Жергілікті атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушінің арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері туралы үшжақты үлгі шарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
73

2. Осы бұйрық оны ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

Г. Әбдіқалықова


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі



Ж. Түймебаев


Қазақстан Республикасы

Энергетика және минералдық

ресурстар министрлігі

С. Мыңбаев



Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрінің

2009 жылғы «6» мамырдағы

159-ө


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым

министрінің

2009 жылғы «8» мамырдағы

208


Қазақстан Республикасы

Энергетика және

минералдық ресурстар

министрінің

2009 жылғы «13» мамырдағы

135


Бірлескен бұйрығымен бекітілген

Жергілікті атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушінің арасындағы шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қайта

оқыту жөніндегі өзара міндеттемелері туралы

ҮШЖАҚТЫ ҮЛГІ ШАРТ
_________ қ. «___» _________200_ ж.
Бәрі бірге Тараптар деп аталатын, бұдан әрі Әкімдік деп аталатын, ________________________________________________ негізінде қызмет ететін _________________________________________ атынан ____________________

(жергілікті атқарушы орган)

___________________________________________, бұдан әрі Жұмыс беруші

(лауазымы, Т.А.Ә.)

деп аталатын, _________________________________________ негізінде қызмет ететін ________________________________________________ атынан

(заңды тұлғаның атауы)

_________________________________________________________және бұдан

(лауазымы, Т.А.Ә.)

әрі Оқушы деп аталатын, жеке куәлігінің № ___________________ «___» ____________________ берілген _______________________________________ (оқушының Т.А.Ә.)

төмендегілер туралы келісті.



  1. Шарттың мәні


1.1. Осы Шарт Қазақстан азаматтарын, шетелдік мамандарды алмастыру мақсатымен, Қазақстан Республикасының ішкі еңбек нарығында сұраныс бар мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) бойынша (бұдан әрі – сұраныс бар мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) қайта оқытуды ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Әкімдік:

2.1.1. Шетелдік мамандарды алмастыру мақсатымен, қазақстандық кадрларды тартылатын шетелдік жұмыс күшінің мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) бойынша қайта оқытудан өтуін ұйымдастыруға.

2.1.2. Қазақстандық кадрларды қайта оқыту және шетелдік жұмыс күшін алмастыру жөніндегі комиссияны құруға және оның жұмысын ұйымдастыруға, Комиссия қайта оқытылған қазақстандық кадрларды шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорынға бір ай мерзімге тағлымдамаға жібереді, сондай-ақ тартылған шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру туралы (тартылған шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін қайта оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыру туралы) шешім қабылдайды.

2.1.3. Әкімдіктің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының:

- тартылатын шетелдік жұмыс күшінің мамандықтары мен кәсіптерін көрсете отырып, аудандар (облыс, қала) және салалар бойынша, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың тізбесін;

- қазақстандық азаматтармен ауыстыруға жататын, тартылған шетелдік мамандардың тізбесін, мамандықтары мен кәсіптер (біліктіліктер), аудандар (облыс, қала) және салалар бойынша;

- тартылған шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатымен қазақстандық кадрларды қайта оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін айқындауын қамтамасыз етуге;

2.1.4. Әкімдіктің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар, білім беру басқармалары арқылы:

- Әкімдіктер мен шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың арасында кадрларды қайта оқыту жөніндегі келісімдерге қол қойылуын;

- шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатымен қазақстандық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша қайта оқыту үшін курстар ұйымдастыруды;

- тартылған шетелдік мамандарды ауыстыру мақсатымен қазақстандық кадрларды қайта оқытудың және қайта оқытудан өткендерді жұмысқа орналастырудың ай сайынғы мониторингін қамтамасыз етуге;

- оқитын азаматтарды білім беру ұйымына қайта оқытуға жіберудің, қайта оқытудан өткендерді Жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмысқа орналастырудың тәртібін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етуге.

2.1.5. Оқитын адамның қайта оқыту ақысын республикалық бюджет есебінен төлеуге міндетті.

2.2. Әкімдіктің:

2.2.1. Қайта оқытудан өткізетін оқу орнын айқындауға.

2.2.2. Оқитын адамнан осы Шартқа сәйкес міндеттемелерін дұрыс және тиісінше орындауды, сондай-ақ, оқу тәртібін сақтауды талап етуге.

2.2.3. Жұмыс берушіден осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалуын талап етуге.

2.2.4. Оқуын жалғастырудан дәлелді себепсіз бас тартқан, оқу тәртібін бұзғаны үшін оқу орнының әкімшілігі оны оқудан шығарған жағдайда қайталап оқытқаны үшін Оқушыдан шығындарды өтеуін талап етуге құқығы бар.

Оқушының оқу орнындағы оқуын жалғастырудан бас тартуының дәлелді себептеріне, соған байланысты Оқушы ұзақ уақыт (екі аптадан астам) сабаққа бара алмайтындай денсаулығының жай-күй, Оқушының бір елді мекеннен екіншісіне қоныс аударуы және бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың салдары (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдар және т.б.) жатады.

2.3. Оқушы:

2.3.1. Сабаққа бармаған жағдайда, болмаған және (немесе) қатыспаған себептері туралы шарт талаптарын, ішкі тәртіп ережесін сақтау мәселелері жөнінде жазбаша түсінік бере отырып, білім беру ұйымын хабардар етуге.

2.3.2. Білім беру ұйымы берген тиісті куәлікпен (сертификатпен, куәлікпен) расталған, қайта оқытуды аяқтағаннан кейін Жұмыс берушінің кәсіпорнында Жұмыс беруші алмастыруды мәлімдеген кәсіп пен мамандық бойынша еңбек қызметіне кірісуге.

2.3.3. Осы шарттың 2.2.4.тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта оқытуды дәлелді себепсіз мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты, қайта оқытуға жұмсалған соманы Әкімдікке өтеуге міндетті.

2.4. Оқушының:

2.4.1. Қайта оқытудың білім беру оқу бағдарламасына сәйкес сапалы білім алуға.

2.4.2.Білім беру ұйымының кітапханасы мен ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға құқығы бар.

2.5. Жұмыс берушінің міндеттері:

2.5.1. Қазақстандық кадрларды қайта оқытудың оқу жоспарларын (өндірістің немесе қызметтің түрімен айқындалатын арнаулы курстың мазмұнын) келісуге қатысу.

2.5.2. Оқушының жұмыс орнындағы (кәсіпорында) кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсету.

2.5.3. Мамандықтар мен кәсіптер (біліктіліктер) бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны туралы Әкімдікке ақпаратты беру.

2.5.4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген, қайта оқытудан өткен адамдарды тартылатын шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін жұмысқа қабылдау.

2.6. Жұмыс берушінің құқықтары:

2.6.1. Тартылатын шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін мамандықтар мен кәсіптердің (біліктіліктердің) тізбесін айқындауға қатысу.

2.6.2. Оқитын азаматтарды қабылдаудың және білім беру ұйымына жіберудің, қайта оқытудан өткендерді Жұмыс берушінің кәсіпорнында жұмысқа орналастырудың тәртібін әзірлеуге және келісуден өткізуге қатысу.

2.6.3. Білім беру ұйымдарындағы біліктілік емтихандарын ұйымдастыруға және өткізуге (емтихан комиссияларының құрамы) қатысу.

2.6.4. Оқушының білім беру ұйымында қосымша, Әкімдіктің жолдамасында көзделмеген сабақтарды өтуі жөніндегі шығындарды кәсіпорын қаражаты есебінен төлеу (қоса қаржыландыру).



  • Тараптардың жауапкершілігі



3.1. Осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.


  • Дауларды шешудің тәртібі



4.1. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар жазбаша түрдегі шағымын ұсына отырып келіссөздер арқылы шешетін болады. Шағым алған Тарап, оны қарауға және оны алған күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде жазбаша жауап беруге міндетті.

4.2. Егер Тараптар келіссөз арқылы келісімге келе алмаса, дау Қазақстан Республикасының сот орындарына шешуге жіберіледі.

5. Қорытынды ережелер
5.1. Осы Шартқа енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар, олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптар уәкілеттік берген адамдардың қолы қойылған жағдайда ғана заңды болады.

5.2. Осы Шарт мемлекеттік тілде және қажет болған кезде орыс тілінде үш данада жасалды. Барлық даналары ұқсас және бірдей күші бар. Тараптардың әрқайсысында осы Шарттың бір-бір данасы бар.
Тараптардың мекен-жайлары мен банктік деректемелері


ӘКІМДІК

Әкімдік_______________

СТН _________________

ИИК _________________

Банк _________________

БИК _________________

Мекенжайы: __________

Тел. _________________


ЖҰМЫС БЕРУШІ

СТН ________________

ИИК ________________

Банк ________________

БИК ________________

Мекенжайы: __________

Тел. _________________


ОҚУШЫ

Т.А.Ә. _______________ __________т.ж.

Жеке куәлігі № ________

_______ж. «___» _______

берілген

Тұратын жері:_________

Тел. _________________




Әкімдіктің өкілі қолы _______________

(Т.А.Ә.)
Жұмыс беруші қолы _______________

(Т.А.Ә.)
Оқушы қолы _______________

(Т.А.Ә.)


Министерство труда и

социальной защиты населения

Республики Казахстан

«6» мая 2009 г.

159-п




Министерство

образования и науки Республики Казахстан

«8»мая 2009 г.

208



Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан

«13» мая 2009 г.

135







СОВМЕСТНЫЙ ПРИКАЗ

Об утверждении

Типового трехстороннего договора

о взаимных обязательствах между

местными исполнительными органами,

обучаемым и работодателем по переобучению

с целью замещения иностранных специалистов

В соответствии с пунктом 50 Плана мероприятий по исполнению Плана действий Правительства Республики Казахстан на 2009 год по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года «Через кризис к обновлению и развитию» (Дорожной карты), утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 марта 2009 года № 274, ПРИКАЗЫВАЕМ:

1. Утвердить Типовой трехсторонний договор о взаимных обязательствах между местными исполнительными органами, обучаемым и работодателем по переобучению с целью замещения иностранных специалистов.

2. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан:

1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

2) после государственной регистрации обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке его официальное опубликование в средствах массовой информации.

3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.



Министр труда и социальной

защиты населения

Республики Казахстан







Г. Абдыкаликова

Министр образования и науки

Республики Казахстан





Ж. Туймебаев


Министр энергетики и

минеральных ресурсов

Республики Казахстан






С. Мынбаев


Утвержден

совместным приказом:
Министра

труда и социальной защиты населения

Республики Казахстан

«6» мая 2009 г.

159-п

Министра

образования и науки

Республики Казахстан

«8» мая 2009 г.

208

Министра

энергетики и минеральных ресурсов
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 15 желтоқсан №1534 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы №692 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1302, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының...
Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 қараша №1297, Астана, Үкімет Үйі Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді
Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 23 қараша №1484 Астана, Үкімет Үйі
«Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28...
Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу
«Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №527 Қаулысы Қазақстан Республикасыньщ Үкіметі Қаулы етеді: «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы»
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница