Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін




Скачать 178.8 Kb.
НазваниеИпк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін
Дата конвертации10.12.2012
Размер178.8 Kb.
ТипДокументы
ИПК Әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры:

Бекітілді : _______________ қарастырылды:________________ Бекітемін:______________

«__»______________2006 ж «__»______________2006 ж «__»______________2006 ж

5-сынып бойынша

тереңдетіп оқытуға арналған

информатика

пәнінен жоспар

(аптасына 3 сағат – барлығы 102 сағат)
Информатика пәнінің мұғалімі:

Камиль Айбек




2006-2007 оқу жылы



Түсінік хат


Қазiргi уақытта мектеп оқушыларын еңбекке, мамандыққа баулу бағыттарына дайындауда информатиканың рөлi ерекше. Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрлерiн ақпараттандыру процесi басталды. Олай болса, әрбiр мамандық иесiн осы сала төңiрегiнде технологиялық дайындықтан өткiзу қажеттiлiгi туындады. Сондықтан мектеп жасынан бастап оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру бағытында ақпараттық-технологиялық парктер құрылып, оған сәйкес информатиканы оқыту процесi енгiзiлдi. Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің үйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттың ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен,қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады. Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11 сыныптар үшін) стандарт әзірленді,оған сәйкес «Информатика» пәні 7-сыныптан бастап оқытылады.Оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін-өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды.Ол компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу-танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді. Информатиканы оқу оқушылардың компьютер туралы жалпы түсініктерін қалыптастырады, ақпараттық технология әдістерімен қарулануға себебін тигізеді. Төменде 5-сыныпқа арналған информатика тереңдетіп оқытуға бағдарлама даярланған. 5-сыныпқа арналған информатика бағдарламасының мазмұны оқушылардың оқу-танымдық қызметінде компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды. Курс аптасына 3 сағаттан жалпы көлемі 102 сағатқа есептелген. «Информатика» пәнінен білім беру тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге сәйкестендіріліп ұсынылады. Бұл бағдарлама мемлекеттік стандарттың 7-сынып бағдарламасы негізге ала отырып құрастырылды және бағдарлама құрылымына төмендегі мәселелер енеді:

-5 сынып бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;

-оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;

-тақырыптық жоспарлау.

Тереңдетiлген курстың мақсаты төмендегiдей:

  • мемлекеттiк бiлiм стандартында жаратылыстану-математика бағыты үшiн мектептiң негiзгi және жоғарғы сынып оқушыларының мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптарды орындайды;

  • программалау саласы, компьютерде есептердi шешу әдiстерi, модельдеу тәсiлдерi кең көлемдегi ақпараттарды өңдеу сияқты информатиканың қосымша материалдарынан түсiнiктер беру.

Тереңдетiлген курстың негiзгi мiндетi – оқушылардың ғылыми-танымдық әдiстерiн, ғылыми түсiнiктердi дамыту, ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру, ақпараттық модельдеу әдiстерiн және түрлi салалар бойынша программалар жүйесiнiң құралдарын қолдану.

Мектепте тереңдетiлген курсты қолдану оқушыға мынадай мүмкiндiк бередi:

  • формализация, модельдеу, компьютерлiк эксперимент ретiндегi ғылыми танымның қазiргi әдiстерiн меңгерту және оптимальды шешiмдi таңдауға бағытталған әрекеттiк ойлау қабiлетiн қалыптастыру;

  • бiлiм берудiң ақпараттық бөлiктерiн меңгерту;

  • мектеп пәндерi бойынша ғылыми жобалардыорындау, түрлi программалық құралдарды жасақтау, құбылыстар мен объектiлердi модельдеу мен оған зерттеулер жүргiзу сияқты әрекеттер бойынша оқушының зерттеушiлiк және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

  • алгоритмдеу және программалау курстарын тереңдету арқылы олимпиадаға оқушыларды дайындау;

  • ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қазiргi қоғам талабына сай мамандыққа даярлау.


Бағдарлама мазмұны

Табиғаттағы ақпарат түсінігі. Ақпараттық түрлері мен формалары және оларды өңдеу тәсілдері.Ақпаратты түрлендіру,сақтау,жеткізу және өңдеу тәсілдері. Ақпараттың өлшем бірліктері.Ақпаратты кодтау. Информатика дегеніміз не? Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы.Есептеуіш техникасыныңдаму тарихы. ЭЕМ-нің қолданылу салалары. Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі.Компьютердің негізгі құрылғылары,олардың қызметтері және компьютердің жұмыс барысындағы өзара байланысы. ЭЕМ-нің жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері. Программа мен программалық қамтамасыз ету. Оператциялық жүйелер. Windows оператциялық жүйесі.Жұмыс үстелі. Тышқанмен жұмыс. Терезе. Терезе элементтері мен оның құрылымы.Файлдар, бумалар және жарлықтар. Объектілерді басқару.Сілтеуіш. Ақпаратты тасмалдаушылар. ЭЕМ-нің қолданбалы программалық қамтамасыз ету туралы түсінік.Қолданбалы программалық қамтамасыз ету түрлері. Компьютерде графиктік ақпаратты өңдеу. Ақпаратты жазу және оны есептеу. Ақпаратты тасымалдаушылар: дискет, диск, USB Flash т.б. Олардың көлемдік ерекшеліктері мен жұмыс істеу тәртібі.Paint графиктік редакторы.суреттерді құру,редакторлау сақтау және ашу. Компьютерде мәтіндік ақпаратты өңдеу. Архивтеу бағдарламасы және оның түрлері мен атқаратын қызметі . Вирустан қорғау программасы. Атақты антивирус бағдарламалары. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережелері. Мәтінді редакторлау және форматтау. Калькулятор стандартты программасының көмегімен сандық ақпаратты өңдеу. Фонограф көмегімен музыкалық ақпараттарды өңдеу. Компьютер көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта. Компакт-дискіден программаларды қондыру және оларды жіберу.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Курс міндетіне оқушыларда ақпарат түсінігін және оларды өңдеу тәсілдерін қалыптастыру,компьютермен таныстыру;пернетақтамен және тышқанмен жұмыс жасау. Дағдыларына баулу; оқушылардың компьютердің мүмкіндіктері туралы түсініктерін қалыптастыру;күнделікті өмірде компьютерді пайдалану қызығушылықтарын арттыру; компьютерді құрал ретінде еркін пайдала алуға үйрету кіреді.

Оқушылар мыналарды:

-ақпарат түсінігін, түрлерін, формулаларын және оларды өңдеу тәсілдерін;

-ақпарат мөлшерінің негізігі өлшем бірліктерін;

-компьютер түсінігін, оның неігзгі құрылғылары мен олардың орнын,

-программалық қамтамасыз ету түсінігін;

-компьютерді программалық қамтамасыз етудің рөлін, программалық қамтамасыз ету түрлерін: жүйелік, қолданбалы;

-операциялық жүйе түсінігін;

-терезе түсінігі мен оның мәнін;

-файл мен бума түсінігін;

-қолданбалы программалардың әр түрлілігін;

-сандық, графиктік,мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды өңдеуді;

-компьютерлік желі түсінігін білуі тиіс.

Оқушылар мына біліктіліктерді:

-қоғам мен адам қызметіндегі ,техникадағы,тірі табиғаттағы ақпараттарды жеткізу,өңдеу және сақтау тәсілдеріне мысалдар келтіруді;

-компьютерді іске қосуды және өшіруді,пернетақтамен және «тышқан» типті манипулятормен жұмыс жасауды;

-операциялық жүйені жүктеуді;

-терезе элементтерімен жұмыс жасауды;

-файлдармен және бумалармен жұмыс жасауды;

-объектілерді басқаруды;

-қарапайым мәтіндерді теруді және редакторлауды;

-калькуляторды пайдалануды;

-дыбыстарды жазуды және қабылдауды;

-хабарларды жіберуді,қабылдауды;

-әр түрлі стандарт программаларды іске қосуды игеруі тиіс.

Курстағы берiлген сағаттардың басым көпшiлiгi компьютерде практикалық жұмыстарды орындауға есептелген.

5- сынып бойынша тереңдетіп оқытуға арналған

информатика пәнінен тақырыптық жоспар

(аптасына 3 сағат – барлығы 102 сағат)



Тақырыптың мазмұны


Cағат саны

теория

практика

Барлығы

Кiрiспе

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережелерi.


Көз жаттығулары. Электр тогымен зақымданғанда алғашқы көмек.

Жұмыстың уақытын есептеу журналы (сынақ)

1

1

2

Ақпарат

Ақпарат түсiнiгi. Ақпарат түрлерi. Ақпарат формалары, оларды өңдеу. Ақпаратты ұсыну , жеткiзу, өңдеу, сақтау тәсiлдерi.

Табиғи және жасанды тілдер. Ақпаратты адам қалай қабылдайды?

Ақпаратты кодтау. Ақпараттарды түрлендiрудiң екiлiк формасы.

Стандарттық кодтық кесте. Сандарды, графиктiк ақпараттарды кодтау. Ақпараттар саны және оның өлшем бiрлiгi.

4

6

10

Компьютер

Компьютердi қолдану салалары. Компьютердiң негiзгi құрылғылары және олардың атқаратын қызметi. Компьютермен жұмыс жасаудағы техника қауiпсiздiк ережелерi

Енгiзу құрылғысы: Пернетақта. Тышқан, джойстик және т.б. манипуляторлар. Ксерокс құрылғысы. Сканер құрылғысы. Микрофон. Шығару құрылғысы: Монитор. Баспаға беру құрылғылары (принтер).


3

3

6



Бақылау жұмысы №1





1

1

Операциялық жүйе

ЭЕМ-нiң қолдану салалары. Компьютерде өңделетiн ақпарат түрлерi. Программа мен программалық қамтамасыз ету түсiнiгi:

жүйелік және қолданбалы.

Компьютердi программалық басқару. Операциялық жүйелер және оның түрлері мен атқаратын қызметі. Стандарт программалар

WINDOWS операциялық жүйесiнiң жұмыс үстелi . Терезе оның элементтерi мен құрылымы. Windows-ты баптау. Құрылғыларды баптау. Драйвер. Файлдар, бумалар, жарлықтар. Бумалар мен жарлықтарды құру және олардың атын өзгерту. Бумалар иерархиясы. Бумалар құрылысы. Обьектiлердi көшiру және оларды жылжыту. Себет. Себеттегі обьектiлердi өшiру.

Өшiрiлген бумалар мен файлдарды қалпына келтiру.

Обьектiлердi iздеу. Сiлтеуiш . Анықтама

9

17

26

Ақпаратты жазу және оны есептеу. Ақпаратты тасымалдаушылар: дискет, диск, USB Flash т.б. Олардың көлемдік ерекшеліктері мен жұмыс істеу тәртібі.

1

3

4




Бақылау жұмысы №2




1

1

PAINT

PAINT графиктік редакторы . Құралдар тақтасы түстер политрасы.

PAINT графиктiк редактормен суреттер салу. Бейнелердi салу техникасы. Суреттердi құру , редакторлау, сақтау және ашу. PAINT-тың қосымша мүмкiндiктерi. Әр түрлі безендіру жұмыстары. Суреттi көшiру , қиып алу, қою, суреттi көбейту.

PAINT графиктiк редакторына кез-келген файлдан картинкаларды қою.

6

13

19




Бақылау жұмысы №3




1

1




Архивтеу бағдарламасы және оның түрлері мен атқаратын қызметі

Вирустан қорғау программасы. Атақты антивирус бағдарламалары

1

1

2

WORDPAD

WordPad мәтiндiк редакторы . Мәтiндiк редактор терезесi

Мәзір, құралдар тақтасы, сызғыш, мәтіндерді теру ережелері..

Құжаттарды құру, сақтау,ашу .Мәтiн үзiндiлерiн өшiру, форматтау

Мәтiнге графиктiк обьектiлердi және графиктiк обьектiлерге мәтiндi қою. Алмасу буфері. Алмасу буферінің мүмкіндігі.

4

9

13




Бақылау жұмысы №4




1

1




Калькулятор бағдарламасы. Қарапайым және күрделi есептеулер жүргiзу

1

1


2

Фонограф көмегiмен ЭЕМ-де әуендер жазу,тыңдау

1

1

2

Желі

Компьютерлік желі. Компьютердiң көмегiмен хабарларды жеткiзу, қабылдау. Жергiлiктi желi. Желілердің түрлері.

Интернет -бүкіләлемдік желі. Оның маңызы мен мүмкіндіктері.

Электрондық почта.

2

5

7



Компакт –дискден бағдарламаларды қондыру және жiберу.


1

2

3



Жылдық қорытытынды бақылау жұмысы





1

1



Қорытынды сынақ





1

1



Барлығы


34

68

102


5- сынып бойынша тереңдетіп оқытуға арналған

информатика пәнінен күнтізбелік жоспары

(аптасына 3 сағат – барлығы 102 сағат)


Тақырыптың мазмұны


теория

практика

Уақыты


Айы, күні

Кiрiспе

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережелерi.


Көз жаттығулары. Электр тогымен зақымданғанда алғашқы көмек.

Жұмыстың уақытын есептеу журналы (сынақ)


1


1




Ақпарат

Ақпарат түсiнiгi. Ақпарат түрлерi. Ақпарат формалары, оларды өңдеу.

1

1




Ақпаратты ұсыну , жеткiзу, өңдеу, сақтау тәсiлдерi.

Табиғи және жасанды тілдер. Ақпаратты адам қалай қабылдайды?

1

2




Ақпаратты кодтау. Ақпараттарды түрлендiрудiң екiлiк формасы.

Стандарттық кодтық кесте. Сандарды, графиктiк ақпараттарды кодтау. Ақпараттар саны және оның өлшем бiрлiгi.


2


3




Компьютер

Компьютердi қолдану салалары. Компьютердiң негiзгi құрылғылары және олардың атқаратын қызметi. Компьютермен жұмыс жасаудағы техника қауiпсiздiк ережелерi


2


1



Енгiзу құрылғысы: Пернетақта. Тышқан, джойстик және т.б. манипуляторлар. Ксерокс құрылғысы. Сканер құрылғысы. Микрофон.

Шығару құрылғысы: Монитор. Баспаға беру құрылғылары. (принтер).



1


2






Бақылау жұмысы №1





1




Операциялық жүйе

ЭЕМ-нiң қолдану салалары. Компьютерде өңделетiн ақпарат түрлерi.

1

1




Программа мен программалық қамтамасыз ету түсiнiгi:

жүйелік және қолданбалы

1

2




Компьютердi программалық басқару. Операциялық жүйелер және оның түрлері мен атқаратын қызметі. Стандарт программалар

1

2




WINDOWS операциялық жүйесiнiң жұмыс үстелi . Терезе оның элементтерi мен құрылымы. Windows-ты баптау. Құрылғыларды баптау. Драйвер.


2


4




Файлдар, бумалар, жарлықтар. Бумалар мен жарлықтарды құру және олардың атын өзгерту. Бумалар иерархиясы.

1

3




Бумалар құрылысы. Обьектiлердi көшiру және оларды жылжыту.

1

2




Себет. Себеттегі обьектiлердi өшiру.

Өшiрiлген бумалар мен файлдарды қалпына келтiру.

1

1




Обьектiлердi iздеу. Сiлтеуiш . Анықтама

1

2




Ақпаратты жазу және оны есептеу. Ақпаратты тасымалдаушылар: дискет, диск, USB Flash т.б. Олардың көлемдік ерекшеліктері мен жұмыс істеу тәртібі.


1


3







Бақылау жұмысы №2




1




PAINT

PAINT графиктік редакторы . Құралдар тақтасы түстер политрасы.

1

2



PAINT графиктiк редактормен суреттер салу. Бейнелердi салу техникасы


1

2




Суреттердi құру , редакторлау, сақтау және ашу.

1

2




PAINT-тың қосымша мүмкiндiктерi. Әр түрлі безендіру жұмыстары

1

3




Суреттi көшiру , қиып алу, қою, суреттi көбейту.

1

2




PAINT графиктiк редакторына кез-келген файлдан картинкаларды қою.

1

2







Бақылау жұмысы №3




1




WORDPAD

Архивтеу бағдарламасы және оның түрлері мен атқаратын қызметі

Вирустан қорғау программасы. Атақты антивирус бағдарламалары

1

1




WordPad мәтiндiк редакторы . Мәтiндiк редактор терезесi

1

2




Мәзір, құралдар тақтасы, сызғыш, мәтіндерді теру ережелері..

1

2




Құжаттарды құру, сақтау,ашу .Мәтiн үзiндiлерiн өшiру, форматтау

1

3




Мәтiнге графиктiк обьектiлердi және графиктiк обьектiлерге мәтiндi қою. Алмасу буфері. Алмасу буферінің мүмкіндігі.

1

2







Бақылау жұмысы №4




1







Калькулятор бағдарламасы. Қарапайым және күрделi есептеулер жүргiзу

1

1





Фонограф көмегiмен ЭЕМ-де әуендер жазу,тыңдау

1

1




Желі

Компьютерлік желі. Компьютердiң көмегiмен хабарларды жеткiзу, қабылдау. Жергiлiктi желi. Желілердің түрлері.

1

2




Интернет -бүкіләлемдік желі. Оның маңызы мен мүмкіндіктері.

Электрондық почта.

1

3






Компакт –дискден бағдарламаларды қондыру және жiберу.


1

2






Жылдық қорытытынды бақылау жұмысы





1






Қорытынды сынақ





1






Барлығы


34

68



102

Похожие:

Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін iconБекітемін: Мектеп директоры: С. Т. Хасанова Қантар айының жұмыс жоспары
Мектепте балабақша тәрбиенушілерінің интеллектуалдық олимпиадасын өткізу. «ЕД» орталығы, мектеп әкімшілігі
Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін iconБекітемін: Мектеп директоры Б. Ш. Жалмағамбетова

Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін iconБекітемін: келісемін: Мектеп директоры: А. Мәдибаев мкк төрайымы А. Мырзағазина
Осы ереже Қр еңбек кодексіне және мектеп- жарғысына сай құрастылған, қызметкерлер мен әкімшілік ішкі еңбек тәртібін анықтайды және...
Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ
Тақырыбы: «Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі- сапарғали Бегалин 115 жаста.»
Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін icon"Келісемін" "Бекітемін" Эстетика және дене тәрбиесі Ә. Ж. №37 орта мектеп директоры
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын спортпен шұғылдануға және дене тәрбиесі сабағына еліктеу
Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін iconМетодические рекомендации для школьных вожатых өскемен қаласы 2012 мектеп тәлімгерлеріне арналған әдістемелік ұсыныс
«Шығыс» оқу-әдістемелік өңірлік орталығының директоры Асанова М. И., тәрбие жөніндегі кабинеттің меңгерушісі Абетаева Г. З
Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін iconБекітемін: Мектеп директоры: С. Т. Хасанова Ақпан айының жұмыс жоспары
Сабақ босатқан оқушылардың себептерін анықтап, әкімшілікке есеп таныстыру. Ельтаева Г. Р
Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін iconБекітемін: Мектеп директоры: С. Т. Хасанова Қараша айының жұмыс жоспары
Сабақ босатқан оқушылардың себептерін анықтап, әкімшілікке есеп таныстыру. Ельтаева Г. Р
Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін iconБекітемін: Мектеп директоры: С. Т. Хасанова Желтоқсан айының жұмыс жоспары (1-2 аптасы)
Сабақ босатқан оқушылардың себептерін анықтап, әкімшілікке есеп таныстыру. Ельтаева Г. Р
Ипк әдістемелік бірлестікте Мектеп директоры: Бекітілді : қарастырылды: Бекітемін icon№41 орта жалпы білім беретін мектеп бекітемін мектеп директоры
Бағдарламаны жасақтағандар: №41 орта жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница