«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері




Скачать 102.55 Kb.
Название«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері
Дата конвертации10.12.2012
Размер102.55 Kb.
ТипДокументы
«ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫНА 2011-2012 ОҚУ ЖЫЛЫНА

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. Жалпы ережелер

        1. Бұл Ережелер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 14 бұйрығымен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне» сәйкес құрастырылған.

        2. «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Академия») 2011-2012 оқу жылына АБ сериялы №0064064 лицензияға сәйкес жоғары кәсіптік білімнің (бакалавриаттың) келесі мамандықтарына күндізгі және сырттай оқу түрлеріне білім алушылар қабылдайды:




Код

Мамандық

Оқу мерзімі (жыл)

11 сынып

негізінде

Техникалық және кәсіптік білім негізінде

Жоғары білім негізінде

Күндізгі бөлім

Сырттай бөлім

Сырттай бөлім

1

5В050600

Экономика

4

-

-

-

2

5B050700

Менеджмент

4

-

-

-

3

5В050800

Есеп және аудит

4

3

3

2

4

5В050900

Қаржы

4

3

3

2

5

5В070300

Ақпараттық жүйелер

4

3

-

-

6

5В070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

4

-

-

-


  1. Академияға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

  2. Академияның білім алушылар құрамын қалыптастыру бюджеттік қаржыландыру, мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім гранттарын) орналастыру арқылы, сонымен қатар оқу үшін өз қаржысынан немесе басқа қаржы көздерінен Академия белгілеген соманы төлеген тұлғалар есебінен жүзеге асады.

Білім гранты негізінде Академияға Қазақстан Республикасының азаматымен қатар басқа мемлекеттердің азаматтары болып есептелетін ұлты қазақ тұлғалар, шетел азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Қырғыз Республикасы азаматтары түсе алады.

Басқа шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Академияға Қазақстан Республикасы заңнамасында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.

  1. Академияға қабылдау азаматтардың өтініштері бойынша ағымдағы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) және өткен жылдардағы орта жалпы білім ұйымдарының түлектері, бастауыш және орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орындарының түлектері және ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелдерде оқыған жалпы білім беретін мектептердің түлектері, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері, сонымен қатар оқу орнын шетелдерде аяқтаған азаматтар үшін ҚР БжҒМ-нің Ұлттық тестілеу орталығы жүргізген кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) сертификаттарындағы балдарға сәйкес конкурстық негізде жүзеге асады.

  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар Академияға бекітілген тізбеге сәйкес ұқсас мамандықтарға әңгімелесу нәтижесі бойынша қысқартылған күндізгі және сырттай оқу түрлеріне ақылы негізде қабылданады (кестені қара).

Жоғары кәсіптік (жоғары) білімі бар азаматтар Академияға әңгімелесу нәтижелері бойынша қысқартылған сырттай оқу түріне ақылы негізде қабылданады (кестені қара).


  1. Кешенді тестілеуді өткізу (КТ)




  1. КТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдауды Академияның қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізеді.

  2. КТ-ға қатысу үшін азамат Академияның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде толтырылған өтінішін, орта білімі туралы аттестатының немесе кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) білім туралы дипломының түпнұсқасын, тестілеуді өткізу үшін төленген ақы туралы түбіртекті (квитанцияны), 3х4 көлеміндегі екі фотосуретін, № 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

  3. КТ 17-23 шілде аралығында базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.

  4. КТ-ға келген талапкер жеке куәлігін (төлқұжатын) және емтиханға кіруге рұқсат беретін қағазын көрсетуі тиіс.

  5. КТ азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде келесі төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдаған мамандыққа байланысты анықталатын таңдау пәні бойынша өткізіледі.

  6. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

  7. КТ-ға 2 сағат 30 минут уақыт бөлінеді. Тестілеуден қайтадан өтуге рұқсат етілмейді.

  8. КТ нәтижелерін анықтау және есептеу КТ жүргізілген жоғары оқу орнында өткізіледі.

  9. Тестілеуден кейін жүргізілетін жауап парақтарын сканерден өткізу аяқталғаннан соң бірден дұрыс жауаптар коды ілініп қойылады.

  10. КТ нәтижелерін мемлекеттік комиссия тест сынағы өткізілген күні жариялайды.

  11. КТ нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейінгі үш күнтізбелік күн ішінде береді.

  12. Тест сынағы нәтижесімен келіспеген азамат жазбаша апелляциялық өтініш бере алады.




  1. Академияға қабылдау




            1. Академия студенттері қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы тамыздың 10-і мен 25-сі аралығында өткізеді.

Азаматтар Академияның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішімен бірге:


  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатының түпнұсқасын;

  • 3*4 көлемдегі 6 фотосуретін;

  • 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

  • ҰБТ немесе КТ сертификатын, сондай-ақ, білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда);

  • жеке тұлғасын куәландыратын құжатының көшірмесі;

  • СТТН көшірмесін қоса береді.




  1. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған азаматтар Академияға қабылдау туралы өтініш береді және Басқарма Төрағасы, Ректордың бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

  2. Академияға ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихынан, математикадан және таңдау бойынша пәннен кемінде 50 балл, сонымен бірге бейіндік пәннен кемінде 7 балл, ал қалған пәндердің әрқайсынан кемінде 4 балл жинаған жалпы орта білім беру ұйымының ҰБТ-дан өткен ағымдағы жылғы түлектері және КТ-ға қатысушылар конкрустық негізде қабылданады.

  3. Академияның барлық мамандықтары үшін бейіндік пән – математика, ал таңдау пәні 5В050600, 5В050700, 5В050800, 5В050900 мамандықтары үшін –география, 5В070300, 5В070100 мамандықтары үшін – физика.

  4. Академияға оқуға қабылдау мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша жүргізіледі.

  5. Осы Ережелерде көрсетілмеген мәселелерді Академияның қабылдау комиссиясы өздігінше шешеді.


«Қаржы академиясы» АҚ

Ғылыми кеңесінің отырысында

2011 жылғы 31 наурызында бекітілді





Похожие:

«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері iconҒылыми кеңестің 2011-2012 оқу жылына арналған
Университеттің 2011-2012 оқу жылына арналған стратегиялық даму жағдайы мен міндеттері туралы
«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері iconҚабылдау емтиханы туралы жалпы ереже
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына 2009–2010 оқу жылына 6N0510 «Мемлекеттік...
«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері iconРеспубликалық сырттай оқу мектебінің химия пәнінен 2012 2013 оқу жылына арнал-ған қабылдау тапсырмалары 8-сынып
Республикалық сырттай оқу мектебінің химия пәнінен 2012 2013 оқу жылына арнал-ған қабылдау тапсырмалары
«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері icon6М050900 – Қаржы мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының СҰРАҚтары
Республикасында қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау
«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері icon2012-2013 оқу жылына арналған Республикалық сырттай оқу мектебінің қабылдау тапсырмалары. 8 сынып
Акср кезеңіндегі 1920 жылғы және межелеуден кейінгі 1924 жылғы карталарын салып беріңіз
«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын және шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға жіберуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасын бекіту

«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері iconРеспубликалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары
Егер қорытпаның көлемі оны құраушы бөліктердің көлемдерінің қосындысына тең болса, қорытпаның тығыздығы қандай?
«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері icon2011-2012 оқу жылына 2012 жылғы 1 наурызға ақпарат Шұғыл түрде керек

«Қаржы академиясы» АҚ бакалавриат мамандықтарына 2011-2012 ОҚу жылына оқУҒА Қабылдау ережелері iconҚар мту жексенбілік кеңес беру тыңдаушылары үшін қазахстан тарихы пәні бойынша оқу сабақтарының 2010-2011 ОҚу жылына арналған тақырыптық жоспары
Азахстан тарихы пәні бойынша оқу сабақтарының 2010-2011 ОҚу жылына арналған тақырыптық жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница