«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж




Скачать 149.07 Kb.
Название«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж
Дата конвертации10.12.2012
Размер149.07 Kb.
ТипДокументы
«Бекітемін»

Іле ауданының Әкімі

_________________Н.Логутов

«____»______________2011ж.

________________қаулысына

Алматы облысы, Іле ауданындағы

Өтеген батыр кенті

мемлекеттік мекемесі

«№ 38 мектеп – гимназия»

жарғысы

Өтеген батыр кенті

I. Жалпы ережелер



    1. Мемлекеттік мекемеме «№ 38 мектеп-гимназия» Алматы облысы, Іле ауданының әкімінің 1999жыл 24 мамырдағы № 223 шешімі негізінде ұйымдастырылды.

    2. Мемлекеттік мекеме «№ 38 мектеп - гимназия»– жалпыға бірдей орта білім беретін оқу бөлімі, мұнда дарынды және талапкер балаға білім, тәрбие беруге негізделген жан-жақты білім беруге бағытталған, мемлекеттік үлгіде жалпыға бірдей білім беруді негізге ала отырып, кез-келген азамат орта білім алуға құқылы болуы қамтамасыздандырылған.

    3. Өтеген батыр кенті «№38 мектеп-гимназия» құрылтайшысы: Құрылтайшы Іле ауданының Әкімшілігі және өкілетті органы «Іле аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

1.4 Құрылтайшының мекен-жайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8 үй.Тіркеу нөмірі: №7165-1907-М.М., СТН 090400011403, ИИК 002130447, БИК 195301070

Іле ауданы Қазынашы бөлімі, Өтеген батыр кенті, Гагарин көшесі 1 үй

    1. Мемлекеттік мекеме мектеп –гимназияның құқықтық мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен, Президент және Қазақстан Республикасы өкіметінң актілерімен, Білім Министрлігінің нормативтік құжаттарымен, Қазақстна Республикасының мектеп – гимназия қызметін ұйымдастыру тәртібітуралы ережелерімен, Алматы облысы Білім Департаментінің және аудандық шешімдерімен және осы Жарғымен анықталады.

    2. «№ 38мектеп- гимназия» мемлекеттік мекемесі жариялық пен гуманды түрде жалпы адамзаттық құндылықтары, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін өсуін негізге ала отырып жұмыс істейді.

    3. № 38 мектеп – гимназиясы заңды ұйым болып саналады. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөрде мемлекеттік тілде атауы жазылады.

    4. Аталуы:

Орысша: Государственное учреждение «школа – гимназия №38» п.Отеген батыр

Қазақша: Мемлекеттік мекемесі «№ 38 мектеп - гимназия» Өтеген батыр кенті

    1. № 38 мектеп - гимназиясындағы педагогикалық қызметке жарыс негізінде алынады.

    2. Білім беру – аралас (қазақша, орысша).

    3. № 38 мектеп - гимназияның орналасқан жері Алматы обылыс, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титова көшесі 16 А, Индекс: 040700


II. мектеп - гимназияның негізгі міндеттері


    1. Негізгі пәндер бойынша білім беру, бастауыш буында, орта және жоғарғы буындарда жалпыға бірдей білім беру бағдарламасын басшылыққа алады.

    2. Мектеп -гимназия жұмысының бағыты:

  • Жеке тұлғаның адамгершілікте жоғары мәдениеттілігін қалыптастыру, қоғамға және өмірге, өзінің болашақтағы мамандығын дұрыс таңдай білуге, дұрыс бағыт беру.

  • Оқушының ойлау деңгейін, жеке қабілетін ерекшелігін дамыту.

  • Жеткіншекті қазақ елінің ұлтжанды азаматын тәрбиелеуге, еңбекқор болуға, заңдарды силауға, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.

  • Жоғарғы білім алуын дұрыс таңдауға бағы беру.

  • Жалпы гуманитарлық дайындықты көтеру, сол бағытта тіл жағынан, психология, эстетика және т.б., сонымен қатар жеке тұлғаны адамгершілік пен ізгілік бөлімінің жүйесінің мазмұны гуманитарлық білімге негізделген.

  • Қолдану мақсаты отандық және шетелдік педагогикалық тәжірибеге негізделген.

2.3 № 38 мектеп-гимназия заңдардың ретімен орындалуын басшылыққа ала отырып, жалпыға бірдей білім берудің мемлекеттік үлгіде орындалуын қамтамасыз етеді.


III. Пән мен мақсатының № 38 мектеп- гимназиядағы

жүзеге асуы


    1. № 38 мектеп - гимназиядағы пәндердің жұмысы:

  • Ғылым мен технологияның ұйымдастырып, іздемпаздық қабілет дамыту.

  • Педагогикалық оқу процессінде жаңа әдістер мен енгізулер даярлау.

  • Гуманитарлық, лингвистикалық, математикалық, жаратылыстану, экология, еңбекке баулу түрлері бойынша тереңдетіп оқытуы ұйымдастыру.

  • Орыс, қазақ, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру.

  • Хабарлау және дайындау қызметі.

  • Жалпыға білім беретін мекемеде балалардың толық күнге келуін және тамақпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.

  • Кеңесте Президенттің халыққа жолдаған «2030» жолдауы бойынша жеткіншектерді, қызметкерлерді күнделікті білім мен тәжірибе жүзінде салауатты өмір салты және дұрыс тамақтануды қалыптаслыру, жеке гигиена сақтауды және пәні ретінде жүргізуді жүзеге асыру.

  • Оқушы мен жастар арасында білім беру мен тәрбиелеу ісін жоғарғы сатыға көтеруді дамыту.

  1. Әр түрлі ұйымдарды құру (ғылыми – методикалық, экологиялық жарыс сөз, спорт денсаулық сақтау, көркемдік - әсемдік, валеология, т.б.).

  2. Әр түрлі олимпиадалар, жарыстар, байқаулар, көңілді кеңестер, сыйлықтарды тапсыру, марапаттау сонымен қатар Қазақстан қалаларына сапар, шет елге, көрші елге сапарды ұйымдастыру.

    1. № 38 мектеп- гимназияның жұмысының мақсаты:

    • Білімнің әлеуметік тапсырыстарын жетілдіруге қатысу.

    • Дарынды және талантты балаларды айқындау, олардың жеке дамуына жағдай жасау.

    • Оқушылардың азаматтық және адамгершілік қасиетін дамыту.



IV. № 38 мектеп-гимназияның негізгі атқаратын жұмыстары


    1. Мектеп-гимназияға лайықты жүктелетін міндеттер, атқаратын істердің түрлері – Білім басқармасынан рұқсат алған сәттен бастап білім беру және жеңілдіктер құқылығына білім беру және жеңілдіктер құқығына ие болған сәттен жүзеге асырылады.

    2. Қазақстан Республикасы Білім министрінің жоспарын негізге ала отырып № 38 мектеп- гимназия оқу – тәрбие жұмысының жоспарын ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының гимназиясының қарһарларына сәйкес № 38 мектеп-гимназия өз жарғысына өзгерістер енгізеді.

    3. Педагогикалық жүйе келесі үлгі бойынша жүргізіледі:

  • I (алғашқы) саты – 1- 4 сыныптар гимназиясы. Балаларды 6 -7 жастан бастап ата – ана өтініші және сынақ көрсеткіші бойынша гимназияға енгізу.

  • II (орта) саты – кәсіби білім беру 5 – 7 сынып арасында.

  • III ( жоғарғы) саты – 8-11 сынып кәсіби білім беру.

    1. Оқушының білім түрін таңдауын, білімнің бағыты мен мазмұнына байланысты. Бір бағыттан екінші бағытқа ауылуды гимназия өзі шешеді.

    2. № 38 мектеп-гимназия (жоспары) құрылымы:

  • Администрация;

  • Гимназия кеңесі (методикалық кеңес, кәсіподақ кеңеңсі, ата-ана комитеті, оқушылардың өзін - өзі басқару өкілі, шүлен)

  • Сынып – негізгі жекек құрылым.

    1. Өзін - өзі басқарудың негізгі ұйымы гимназия кеңесі. Гимназия кеңесінің құдырына жататын:

    • Жарғы қабылдау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

    • Дамыту жоспарын енгізу.

    • Оқушылардың тәртіп ережесін бекіту.

    • Оқушылардың мадақтау, жазалау және ережесін бекіту.

    • Гимназияда шығарылған оқушыларға шешім қабылдау.

    • Методикалық кеңесте оқыту мен тәрбиелеу жүйесін дамытуды ұйымдастыру.

    1. Сыныптардың толығуы, Қазақстан Республикасының гимназияға қатысты жалпы ережесіне байланысты 25 адам болады. Сыныптар қазақ және ағылшын тілдерін оқытуда топтарға бөлінеді.

    2. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 20 маусымда аяқталады (сыныптан көшіру емтиханы мен өндірістік тәжірибе кіреді).

    3. 1 сабақ – 45 минутқа созылады, алты күндік.

    4. Білім жетілдіруді қажет ететін оқушыларға педагогтардың әр түрлі көмегімен қамсыздандырылады (қосымша сабақ, түзетулер, жеке көмек)

    5. Жылына 2 рет гимназияда емтихан сынағы болады. (тест, емтихан, сынақ, бақылау жұмысы) т.б.

    6. 9 – 11 сынгыптарда емтихан қабылданады. Түлектер емтихандарын гимназия кеңесі бекіткен арнайы емтихан қабылдайтын топ алады. Емтиханды Қазақстан Республикасы білім министрлігінің (жоспарымен) ұйымдастырумен өтеді.


V. Қырым – қатынас, байланыс


    1. № 38 Мектеп - гимназия шетелдік кәсіпорынмен тікелей байланысқа шығуға, білім орындарымен, ғылым және мәдениет орындарымен, халқыаралық ұйымдармен, қордармен бірлесіп жұмыс істеуге екі жақты немесе жан – жақты келісімге отыруға құқылы.



VI. № 38 мектеп-гимназияның оқушыларды қабылдау

және шығару ережелері


    1. Оқушыларды бірінші сыныпқа немесе қосымша топқа, бос орынға қабылдау арнайы комиссияны сынағынан өту барысында жүзеге асалды. Оны гимназия кеңесі бекітеді, қайда тұратыны ескерілмейді.

    2. Оқушы басқа мектептің өзі оқыған сынбына ауысуына құқылы.

    3. Гимназия оқушысы, сол кездегі гимназия ережесіне бағынбаса, ережесін орындамаса гимназия кеңесі оны гимназиядан шығаруға құқылы.



VII. № 38 мектеп-гимназиядағы мадақтау мен жазалау жүреді.
Оқушылардың білімге деген қызығылушығын арттыру мақсатында,

гимназияның ішкі ережесін сақтау барысында мадақтау мен жазалау

жүйесін енгізу.

    1. Мадақтау:

  • Оқушыларды үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін мадақтау

  • Әр түрлі жұмыс барысындағы жетістіктері үшін мадақтау (олимпиада, жарыстар, конкурстар, т.б.)

  • Қайрымды іс – шараға, халықтың қасиетті, ар – намысты қорғаудағы ерлік ісі үшін, жеке тұлғаны және мемлекеттік мүлікті қорғаудғы қайсар ерлігі үшін марапаттау.

  • Гимназиядағы және сынып арасындағы қоғамдық жұмысқа белсене атсалысқаны үшін марапаттау.

    1. Мадақтау түрлері

  • Алғыс. Алғысты жеке құнатқа тіркеу.

  • Құрмет грамотасы, диплом.

  • Мадақтау қағазы, мадақтау грамотасы «Жеке пәндерді оқудағы

  • ерекше жетістігі үшін»

  • Ата – анаға алғыс хат, бағалы затпен марапаттау, ақшалай сыйлық.

  • Ауылдық, аудандық газеттерде жақсы, үздік жетістіктері, қайрымды істері туралы жариялау.

Марапаттау мектеп жарғысымен бекітіледі.

    1. Оқушыларды жазалау

Гимназияда жазалаудың келесі түрлері қолданады.

  • Қысқаша ескертпе пікір

  • Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс

  • Қатар сыныптарға уақытша немесе біржолы ауыстыру немесе

басқа мектепке ауыстырып, гимназиядан шығару.

7.4 Мұғалімдерді марапаттау

  • Мұғалімдерге гимназия сыныптарында жұмыс істегені үшін, жаңа бағдарлама әзірлеу үшін, курыстары үшін ата – ана жарнасынан 15 пайыз үстемақы төленеді.

  • Мұғалімдер арасында белсім бір жұмыс жүргізушу үшін, гимназия тәртібінде оқу – тәрбие жұмыстарында ата – анамен оқушыға нық сенім оятқаны үшін, гимназия әкімшілігіне 20 пайыз ата - ана жарнасынан төленеді.



VIII . № 38 мектеп-гимназия оқушысына заңдар жиынтығы


    1. Оқушы құқығы

Гимназия оқушылары төмендегі көрсетілген құқықтарға жасына қарамастан, тері түсіне, жынысына, тіліне, қайда туғанына қарамастан мынандай құқыққа ие:

  • № 38 мектеп-гимназия оқу жоспарында қаралғанда білім алуға, өз көлемінде дағдыны үйренуге құқылы.

  • Заң ережесі бойынша сабақ арасында демалыс күндері, сабақтан босатылған уақытта дем алуға құқылы.

  • Гимназияны көрмелерде, жарыстарда, байқауларда, білімімен, талантымен таныстыру.

  • Оқушылардың өзін - өзі басқаруына, сайлауға, сайлануына құқылы.

  • Өзінің жеке өмірінің тәуелсіздігін

  • Өз ойын, пірін еркін айта білу.

  • Арнайы жерлерде ойнау.

  • Мұғалімдерден өздерін қызықтыратын мәселелері бойынша сабақтан тыс кеңес алу.

  • Бақылау жұмыстарының, сынақтардың мерзімі мен көлемі туралы мәлемет беру.

  • Бақылау жұмыстары мен сынақтарды қайта тапсыру.

  • Гимназия әкімшілігінің және мұғалімдердің оқушыға немесе сыныптарға байланысты шешімдерді біліп отыру.

  • Мектеп әкімшілігінің және мұғалімдердің іс - әрекеттерін бағалау.

  • Гимназия әкімшілігі мен мұғалімдердің рұқсатымен сабақтан тыс іс – шараларды өткізу, ұйымдастыру.

  • Осы жарғыда қаралған құқықтарын сақтауды талап ету.

Өз құқығыңызды пайдаланудан басқа оқушылар мен мұғалімдердің

  • құқықтарына зиян келтірмеу керек. (материалдық, моральдық)



    1. Оқушылардың міндеттері:

  • Негізгі пәндердің тізіміне кірген сабақтарына қатысу.

  • Сабаққа уақытында келу, кешіккен жағдайда себебін түсіндіру және сабаққа қатысуына рұқсат сұрау;

  • Себепсіз сабақтан қалмау. Сабақтан қалған жағдайда анықтаманы немесе ата – анасының түсініктеме қағазын ұсыну.

  • Үй тапсырмасын толық орындау, сабаққа жауап беруге дайын болу.

  • Мұғалімдер және оқушылармен әдепті болу.

  • Мектеп -гимназия бөлмелерінде тәртіп сақтау

  • Мектеп -гимназия бөлмелерінде тазалық пен тыныштық сақтау.

  • Қазақстан Республикасының заңдарына, гимназияның жарғысына сай мектеп әкімшілігінің және мұғалімдердің нұсқауларын орындау.

  • Өздерінің білімдеріне, біліктеріне, мүмкіндіктеріне қарай гимназияның атынан сайыстарға, жарыстарға қатысу.

  • Бүлдіршіндерге талас сұрақтарды шешуге көмектесу.

  • Кезекшілікке қатысу.

  • Сыныптың старостасының, кезекшілердің талаптарын орындау.

  • Мектеп мүлкіне, мұғалімдерге, оқушыларға келтірілген моральдық, материалдық зиянды ата- аналар көмегімен өтеу.

Тыйым салынады:

    • Сабақта сағыз шайнауға.

    • Мектеп -гимназияға асыл бұйымдарды әкелуге.

    • Мектеп -гимназияның мүлкіне зиян келтіруге.

    • Оқушылар мен мұғалімдерге моральдық және материалдық зиян келтіруге.

Тыйым салынады:

    • Жаргон сөздерді, жаман сөздерді айтуға.

    • Темекі тартуға, ішімдік және наркотикалық заттарды пайдалануға, гимназия бөлмелерінде құмарлық ойындарды ойнауға.

    • Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарына зиян келтіретін заттарды гимназияға әкелуге.

Кеңес береміз:

    • Косметиканы көп пайдаланбау.

    • Ислам және киім – киістің жөнін білу.



IX. № 38 мектеп-гимназия мұғалімдерінің жарғысы



    1. Мұғалімдердің құқықтары:

Мұғалім құқылы:

  • Жайлы жағдайда еңбек етіп, демалуға;

  • Кәсіби мүддесінің құқығын, ар – намысын қастерлеуге, қорғауға, моральдық жеке материалдық көмек алуға.

  • Құқығы бұзылған немесе гимназияның шешімімен келіспеген жағдайда гимназияның өзін - өзі басқару органдарына шағым айтуға.

  • Әлеуметтік қорғалуына, қосымша еңбегіне қосымша төлем алуға, жалпы мәдени қажеттілігін, қызығушылықтарын қанағаттандыру.

  • Мектеп –гимназия туралы жай, жарғысын қабылдауға, гимназия жұмыстарын басқаруға, кез- келген мұғалім, оқушы, әкімшілікке қойылған сұрақтарға өзінің пікірін айтуға.

  • Өзінің жеке өмірінің тәуелсіздігіне.

Оқу – тәрбие ісінде:

  • Оқу бағдарламасын, оқулықтарды таңдауға, дұрыстауға, өздігінен құрастыруға құқылы.

  • Оқушылардың оқыту және тәрбие бойынша әдістер мен тәсілдердің формаларын өздігінен анықтауға,сынақтарға өткізуге, егер олар білім және тәрбие сапасына зиян келтірмеген жағдайда.

  • Жеке жоспар бойынша сабақтар ұйымдастыруға.

  • Оқушының оқымайтыны туралы гимназия кеңесіне, әкімшілікке ұсыныс айту.

  • Ар, дін, наным еркіндігіне, гимназия жарғысына және заңдарына қарама қайшы келмейтін өзінің жұмыстан бос кезінде қоғамдық ұйымдарға мүшелікке кіруге және оның жұмысына қатысуға.

  • Гимназияның өзін - өзі басқару орагндарына тағайындауға және тағайындалуға;

  • Өзінің кәсіби мамандығының деңгейін көтеруге;

  • НОУ-ХАУ –ды сақтаған жағдайда, өзінің жұмысының тәжірибесін таратуға, жалпылауға.

  • Өзінің қызметіне және оқу- тәрбие ісіне байланысты емес әкімшіліктің жүктелулерін орындаудан бас тартуға құқылы.

    1. Мұғалім міндеті:

  • Мектеп-гимназяның жарғысын, оның күн тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, гимназияның өзін - өзі басқару органдарының шешімін, әкімшіліктің бұйрығын орындауға, гимназияның құжаттарын, есебін дұрыс уақытында жүргізу.

  • Оқу – тәрбие ісінің кезінде оқушылардың денсаулығын және өмірін сақтауды қамтамасыз ету.

  • Оқушылар мен гимназияның мүліктерін сақтауды қамтамасыз ету, оқушыларда оларды қастерлеуді тәрбиелеу;

  • Оқу- тәрбие ісінің қатысушыларының ар – намысын, құқығын қастерлеуге, оқушылардың жекеше өмірінің тәуелсіздік құқығын састауға, олардың пікірлерімен санасу.

Оқу – тәрбие ісінде:

  • Терең білім алуға, білімдерін оқуда және өмірде табысты пайдалану.

  • Оқушылардың белсенділігін, дербестігін,өнерпаздықтарын мадақтау, сабақтан тыс уақытта кеңес беру;

  • Оқушылардың жеке ерекшеліктерін, отбасының жағдайын зерттеу, жұмыста қазіргі заманның психологиялық – педагогикалықғылым мен әдістемелердің жетістіктерін пайдалану.

  • Бағалардың уақытында қойылып, түсіндірілуін қамтамасыз ету.

  • Оқушыларды демократия және адамгершілік негізінде тәрбиелеу, жеке үлгі көрсету;

  • Үнемі өзінің білім деңгейін көтеру;

  • Баланы ьәрбиелеу ісінде ата – аналарға практикалық және кеңестік көмек беру.


Х. Ата –ананың жоспары
10.1 Ата – ана құқылы:

  • Мектепте өзінің баласының денсаулығын және өмірін сақтауға, сапалы білім алғызуға:

  • Мұғалімдердің жақсы көзқарасына, ар – намысын қастерлеуге, отбасынық ақпараттардың сақталуына.

  • Мектеп әкімшілігі мен гимназия кеңесіне өз баласының құқығын қорғау үшін үндеу жасау.;

  • Мектеп -гимназияның ережелері мен жарғысын қабылдауына қатысуға, гимназия өмірінің кез – келег сұрақтары бойынша, осы мекеменің жұмысшыларына өз пікірін, ескертуоер мен ұсыныстарды айту.

Оқу – тәрбие ісінде:

  • Оқу бағдарламысымен танысу, мұғалімнің рұқсатымен сабақтарға қатысу, баламен бірге кез – келген сабақтан тыс және мектептен тыс өткізілетін іс – шараларға мүмкіндігінше қатысуға.

  • Оқушылардың гимназиядағы білімдері, тәрбиелігі, өмірі және іс - әрекеттері болатын қараулар мен егу туралы ақпарат алып тұруға.

  • Арнайы курстардың, факультативтердің, үйірмелердің жетекшісі болуға, белгілі тәжірибесі, санаты болған жағдайда экскурсия және басқа іс – шараларды өткізуге.

  • Баланы ауырған кезде медициналық қорытындысыз үйде үш күн ұсауға, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісін ескерткен жағдайда.

  • Мектеп-гимназия мен сыныптың ата – аналар комитетіне, гимназия кеңесіне сайлануына, сайлануына құқылы.

  • Балалардың тәрбиесі мен оқу деңгейі туралы қажетті кеңестер алып тұруға.

  • Мектеп-гимназияға материалдық және қаржылай көмек беруге құқылы.


XI. № 38 мектеп-гимназиясы мүдірінің құқытары


    1. Мектеп-гимназияны Облыстық Білім Басқармасы, аудан әкімінің, Аудандық Білім Басқармасының келісімдері бойынша қызметке алынатын және босатылатын Директор басқарады.

    2. Мектеп-гимназия мүдірі гимназияның жұмысын ұйымдастыруды, Аудандық Білім Басқармасына бағынады және гимназияға жүктелген мақсаттарды орындауға жауапты.

    3. Мектеп-гимназия мүдірі бірбастамалық негіздерге сүйенеді және өзінің құзыры бойынша гимназияның іс - әрекеттерінің сұрақтарын өзі шешіп отыруға тиісті.

    4. Директор құқылы:

  • Мектеп-гимназия атынан сенімхатсыз әрекет жасауға;

  • Мектеп-гимназияның қаржысын жұмсауға;

  • Директордың орынбасарларын тағайындауға;

  • Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңына сай сайыстық негізде гимназия жұмысшыларын қабылдауға, жұмыстан бастауға құқылы. Директордың орынбасарларын тағайындауда Аудандық Білім Басқармасымен келіседі.

  • Мектеп-гимназияның аттестациялық комиссиясын басқару.

  • Мектеп-гимназия мектебінің жұмысшылары өздерінің міндеттерін орындауларын бақылау.

  • Оқушылардың білімі сапасын тексеру өткзу.

  • Талас сұрақтар шешілгенше,гимназияның қоғамдық ұйымдарының шешімдерін тоқтата тұруға құқылы.

  • Ата – аналардың, мұғалімдердің, оқшылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

  • Жоғары құзырлы жерлерде гимназияны өзі көрсетуге тиісті.

  • Жарғы және заңмен жүктелгені бойынша басқа да қызметтерді орындауға тиіс.



XII. № 38 мектеп- гимназияны қаржыландыру


    1. Мектеп-гимназияның қызметі аудан әкімінің шығыс сметасы бойынша тағайындалған аудандық бюджет арқылы ұйымдастырылған. Қосымша қаржылар демеушілердің, мекемелердің т.б. қаражаттарынан құралады.

    2. Мектеп-гимназияда өзінің қаражаттары келесі арналардан қалыптасады:

  • Ата – аналардың демеушіліктері.

  • Оқушылардың шаруашылықістерінің, төлемді оқу қызмет

көрсетудің түсімдерінен және т.б.

  • Демеулік жасаған мекемелердегі заңды тұлғалардың өз еркімен берген жарналары, олардың мақсаты салымдарынан, табыстарынан, пайыздарынан.

  • Жеке тұлғалардың, демеушілердің көмегі.

    1. Мектеп-гимназия заңды тұлға болып есептеледі, жеке дара балансы, сметасы, жеке мүлігі бар, банк мекемелерінде санау және басқа есеп шотына ие болуға, өз атынан құқықтарын орындауға және пайдалануға, сотта жауап беруші және даулаушы болуға құқылы.

    2. Мектеп-гимназияның мүліктерінің өзіне миесілі құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сай анықталады. Гимназияның оперативтік басқарма құқығындағы мүлік негізгі бағытталған мақсаттарға сай емес жағдайда алынуға және пайдалануға болмайды.

    3. Мектеп-гимназияның ғимараты мен мүлігі қайта құру және жойылу кезінде басқа жалпы білім беретін мекемелергеберіледі. Гимназияның мүлігінің сақталуына директор, оның шаруашылық жөніндегі орынбасарларынан да басқа оқу ісінің қатысушылары да жауапты.

    4. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне байланысты гимназияның қрылтайшысы мекеменің құрылуы, оның қайта құруы мен жойылуы туралы сұрақтарды өзі шешеді, мүліктердің сақталуын және дұрыс пайдалануын бақылайды.

    5. Мектеп-гимназия өзінің міндеті бойынша өзіндегі бар ақшаларға жауап береді. Егер гимназиядағы ақша жетпесе, ол мәселеге Қазақстан Республикасының Өкіметі немесе жергілікті қызмет органдары жауапты. Келісім міндеттері бойынша гимназияны қамтамасыз ету заңға сәйкес бекітілген смета негізінде іске қосылады.



XIII. Бақылау, тексеру, санау


    1. Оқу процесінің сақталуын бақылау, гимназияның іс - әрекетінің бағасын мемлекеттік стандартты қамтамасыз етуде. Қазақстан Республикасының Білімі Министрлігі , Қазақстан Республикасының заңына сай жоғарыдағы білім беру органдары атқарады.

    2. Мектеп-гимназияның құжаттары Қазақстан Республикасының білім Министрлігі бекіткен типтік нұсқауларға сай жүргізіледі. Гимназияның есеп беруі мемлекеттік санау органдарының талаптарына сай өткізіледі Мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге басқа есеп беруін талап етуге тыйым салынады.

    3. Мектеп-Гимназиясында гимназияішілік бақылау, тексеру өткізіледі.

    4. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, әдістемелік кеңестерде, директордың қатысуымен жиналыстарда т.б. гмианзия директоры бұйрық шығарады.


XIV. Қайта құру және жойылу
14.1 Мемлекеттік мекеменің қайта құрылуы және жойылуы Қазақстан Республикасының заңына сай өткізіледі.

Похожие:

«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж icon«бекітемін» Арал ауданының әкімі Н. Т. Мұсабаев
Арал ауданының әкімі Н. Т. Мұсабаевтың аудан халқының алдында берген есептерінде тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелердің...
«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж iconБекітемін бұқар жырау ауданының әкімі Е. Нашаров бұқар жырау ауданының әкімі аппаратының
АӨК, селолық аймақтардың дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша кеңес (В. П. Лавриков)
«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков
...
«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж icon«Бекітемін» Шарбақты ауданының әкімі С. Смағұлов
О. С. селолық округ әкімі, Миронец И. И. Шарбақты электр жүйесі бастығы (келісіммен)
«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж icon«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж icon«бекітемін». Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров

«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж icon«бекітемін». Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров
Атбасар қ., Атбасар ауданының селолық (ауылдық) округтері әкімдерінің есеп беру кездесулерін өткізу кестесі
«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков 2009 жылғы «9» желтоқсан

«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж iconБекітемін Ақжар ауданының әкімі А. Тастеміров 2012 жыл 26 қаңтар

«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж icon«бекітемін» Ұлан ауданының әкімі Б. Уйсумбаев «12» aқпан 2010 ж
Бюджеттен қаражы қарастырып, оның мақсатты және сапалы игерілуін қамтамасыз етсін
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница