Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама




НазваниеТұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
страница1/6
Дата конвертации10.12.2012
Размер0.9 Mb.
ТипКонкурс
  1   2   3   4   5   6
Бекітілді

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Басқармасының Төрайымы Наурызбаева Н.С.

2012 жылғы «____» __________ №______ шешім

 

 

Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

 

Тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91, СТН 600 700 525 207, ЖСК KZ8497297228670000BV, БСК HCSKKZKA, БСН 030 740 001 404, өткізілетін сатып алулар туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттардың электронды мекенжайы: www.hcsbk.kz

 

Тапсырыс беруші өкілі – Басқарушы директор – Артықбаев М.А. байланыс телефоны +7 (727) 279-35-11, электронды пошта мекенжайы artikbaev_m@hcsbk.kz

 

Сатып алуды ұйымдастырушы өкілі - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Әкімшілік департаменті Сатып алу басқармасының бастығы Мендыханов Е.Г., байланыс телефоны +7 (727) 279-35-11 (ішкі 181), электронды пошта мекенжайы mendykhanov_e@hcsbk.kz

 

Конкурстық құжаттама құны: Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

  

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ үшін тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін (бұдан әрі - Қызметтер) орындаушыны таңдау мақсатында өткізіледі.

Конкурс "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 44-бабының 3-тармағына сай мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен құрылған ұйымдар арасында өткізіледі.

2. Конкурс 2 (екі) лоттан тұрады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша аталған конкурс үшін бөлінген сома екі лот бойынша 6 930 000,00 (алты миллион тоғыз жүз отыз мың) теңге.

- № 1 лот бойынша сома 6 500 000,00 (алты миллион бес жүз мың) теңгені құрайды,

- №2 лот бойынша сома 430 000,00 (төрт жүз отыз мың) теңгені құрайды.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттаманың №1 қосымшасына сай сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

2) осы конкурстық құжаттаманың №2 қосымшасына сай техникалық ерекшелік кіретін, сатып алынатын қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы;

3) осы конкурстық құжаттаманың №3 және №4 қосымшаларына сай заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің нысандары;

4) осы конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасына сай қызметтер көрсету үшін әлеуетті жеткізіп берушінің біліктілігі туралы мәліметтердің нысаны;

5) әрбір белгінің пайыздық мәнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті белгілер тізбесі;

6) осы конкурстық құжаттаманың №6 қосымшасына сай конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны (Банктік кепілдеме);

7) осы конкурстық құжаттаманың №7 қосымшасына сай берешектік жоқтығы туралы анықтама нысаны;

8) осы конкурстық құжаттаманың №8 қосымшасына сай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны (Банктік кепілдеме);

9) осы конкурстық құжаттаманың №11 қосымшасына сай мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт;

10) осы конкурстық құжаттаманың №9 қосымшасына сай конкурста сатып алу мәні болып табылатын ортақ орындаушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті жеткізіп берушінің ортақ орындаушыларға беретін қызмет түрлері нысаны;

11) осы конкурстық құжаттаманың №10 қосымшасына сай нысандағы бағалар кестесі.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысуға арналған өтініммен қоса қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:

1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілді ақшалай жарнасы, СТН 600 700 525 207, БСК HCSKKZKA, ЖСК KZ8497297228670000BV;

2) осы конкурстық құжаттаманың №6 қосымшасына сай банктік кепілдеме.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс

5. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қолданылу мерзімі – конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн. Қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қысқа конкурстық өтінім қабылданбайды.

6. Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері - мемлекеттік сатып алу туралы шарт сомасының 3% (үш пайызы).

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу тәсілі осы конкурстық құжаттаманың №11 қосымшасына болып табылатын шарт жобасында көрсетілген.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізіп берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

 7. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізіп беруші 2012 жылғы «09 » наурызда 18 сағат 00 минуттан кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұраныспен жүгінуге құқылы. Әлеуетті жеткізіп берушілердің сұраныстарын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, Сатып алу басқармасы, 1009 кабинет.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұраныстың кімнен келіп түскенін көрсетпей:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы «14» наурыз 18 сағат 00 минуттан кешіктірілмеген мерзімде өзінің бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізіп берушінің сұранысына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен рәсімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті жеткізіп берушілерге жібереді. Мұндайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің ақырғы мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті жеткізіп берушілердің ескеруі үшін он күнтізбелік күннен кем емес мерзімге ұзартады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті жеткізіп берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 2012 жылғы «9» наурыз 15 сағат 00 минутта Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, 1011 кабинетте кездесу өткізеді.

11. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізіп берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда көздері көрсетілмеген әлеуетті жеткізіп берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы берілген сұраныстары, сондай-ақ осы сұраныстарға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті жеткізіп берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті жеткізіп берушілерге конкурстық құжаттама алған әлеуетті жеткізіп берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізіп берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

 

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті жеткізіп берушілердің беруі

 

3.1. Конкурсқа қатысуға өтінім

 12. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізіп берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

13. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуы тиіс:

1) әлеуетті жеткізіп беруші осы конкурстық құжаттаманың №3 және №4 қосымшаларына сай толтырған және қол қойған өтінім;

2) әлеуетті жеткізіп берушінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігінің дәлелі ретінде беретін құжаттарының тізбесі:

- құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

- заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариат куәландырған көшірмесін беруі тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен нотариат куәландырған, сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді беруі тиіс;

- әлеуетті жеткізіп берушінің қызмет көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінімнің нотариат куәландырған көшірмесі;

- құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариат куәландырған үзіндісі не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариат куәландырған үзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттар:

- осы конкурстық құжаттаманың №7 қосымшасына сай әлеуетті жеткізіп берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті жеткізіп берушінің Банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сай банк алдында анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізіп беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілуі тиіс;

- бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесін беруге болады;

- үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.

Әлеуетті жеткізіп беруші төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резидентінің банктік кепілдемесі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету беру арқылы растауға құқылы. Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге береді.

Сонымен қатар әлеуетті жеткізіп беруші өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін төмендегі құжаттардың бірін беру арқылы растауға құқылы:

- халықаралық рейтинг ұйымының әлеуетті жеткізіп берушіге рейтинг беруін растайтын құжат;

- қор не тауар биржасынан әлеуетті жеткізіп берушіні биржаның ресми листингіне қосу туралы үзінді;

3) әлеуетті жеткізіп берушінің және (немесе) оның ортақ орындаушыларының арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

- әлеуетті жеткізіп берушінің және оның ортақ орындаушыларының осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсетілген арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасына сай мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер.

Әлеуетті жеткізіп беруші ортақ орындаушыларды тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын ортақ орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды беруі тиіс;

осы конкурстық құжаттаманың №9 қосымшасына сай конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді көрсетудың ортақ орындаушылары туралы мәліметтер және әлеуетті жеткізіп берушінің қызмет көлемінің жинап келгенде үштен екісінен астамын ортақ орындаушыларға ортақ орындауға беруге тыйым салу талабы;

4) қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, қызметтерді көрсету мерзімдері, сапа кепілдіктерін беру, қызмет көрсету талаптары мен кестесі (әдістері) сипатталған техникалық ерекшелік;

5) осы конкурстық құжаттаманың №6 қосымшасына сай банктік кепілдеме не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілді ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

6) әлеуетті жеткізіп берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті жеткізіп берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізіп берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат;

7) әлеуетті жеткізіп берушінің бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Әлеуетті жеткізіп беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті беретін құжаттар не конкурстық құжаттама тіліне нотариат куәландырған аудармасымен Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жеткізіп берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтері бар құжаттар беріледі.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconБАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconРесми жауаптарды, хабарландыруларды және түсініктемелерді баспасөзге орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconPr материалдарды (ақпараттық материалдарды) баспасөзге орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconБизнес-жоспар Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсыну
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысында (бұдан әрі – Ақтөбе облысы) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды...
Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
«Статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жалпымемлекеттік статистикалық...
Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Мемлекеттік сатып алу бойынша «Құрылыс техникасын және автокөлігін» конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуына қатысуна әлеуетті...
Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconҚкж жабдығын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Мемлекеттік сатып алу бойынша «Қызмет көрсететеін қызметкерлер үшін арнайы киім алу» конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуына қатысуна...
Тұрғын емес үй-жайларды жинау қызметтерін және жапсарлас аумақты жинау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың атауы: Үй-жайларды дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін баға ұсыныстарын сұрату...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница