Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған




НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
страница1/5
Дата конвертации10.12.2012
Размер0.72 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5


ӘОЖ 377.016.02 : 796 (574) Қолжазба құқығында
ТШАНОВ АМАЛБЕК ҚОЗЫБАҚҰЛЫ
Бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында

кәсіби-педагогикалық дайындау

13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі


Педагогика ғылымдарының докторы

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010
Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған

Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы

Х.Ф. Анарқұлов
Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы

С.І. Қасымбекова

педагогика ғылымдарының докторы

Т.Ә. Ботағариев
педагогика ғылымдарының докторы

Б.М. Досқараев
Жетекші ұйым М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік педагогикалық

университеті

Қорғау 2010 жылы 25 желтоқсан, сағат 12.00 Қазақтың спорт және туризм академиясының жанындағы Д 14.41.03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 83/85, Факс: 87272926805, телефон 8-727-2923007

Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында танысуға болады


Автореферат 2010 жылы «____» қарашада таратылды

Диссертациялық кеңесінің

ғалым хатшысы,

педагогика ғылымдарының

докторы Ө.Е. Бектұрғанов

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылық біршама артты. Адамгершілік тұрғысынан алғанда таза, рухани бай және денелік жетілген адамның қалыптасуына көп көңіл бөлінуде. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң және 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік қағидасы орта спорттық білім беру орындарында спорттық педагогтарды дайындауға сәйкес өзгерістер енгізуді талап етеді. Ол білім беру стандартының мазмұнын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларында, болашақ спорттық педагогтарды кәсіби-педагогикалық дайындығын жетілдіру жолдарының қарастырылуында айқындалады.

Мамандандырылған спорт колледжі жағдайында бапкер-оқытушыларды кәсіби-педагогикалық дайындау олардың болашақ кәсіби қызметі тиімділігінің алғы шарты, оның жеке басының қалыптасуына, жалпы және кәсіби педагогикалық даму үдерісіне негіз болады. Бапкер-оқытушылардың кәсіби-педагогикалық дайындығы оның бағыты, санасының кәсіби-педагогикалық ұстанымы, кәсіби-педагогикалық іс-шаралар мен операцияларды меңгеру деңгейінің сапалы қасиеттерін айқындайтын жеке басының біртұтас қасиеті. Спорт колледжі студенттерінің кәсіби білім алуының негізін кәсіби-педагогикалық дайындық түзеді. Ол біріншіден, болашақ спорттық педагогты оқыту мен тәрбиелеу үдерісі болса, екінші жағынан, кәсіби-педагогикалық мәдениетті дамыту деңгейімен, кәсіби маңызды сапалар қалыптасуымен, жеке тұлғаның педагогикалық бағыттылығымен және оның спорттық-педагогикалық қызметінің қажетті жақтарын меңгеруімен анықталатын осы үдерістің нәтижесі.

Дайындықтың педагогикалық салалары, олардың дидактикалық негіздері, әдістері, ұйымдастырылу түрлері, арнайылық ерекшеліктері О.А. Абдуллин [1990], Ю.К. Бабинский [1982], А.А. Вербицкий [1991], Н.В. Кузьмин [1970], Ю.Н. Кулюткин [1990], В.И. Никитенко [1991], Л.Ф. Спирин [1989], Т.А. Стефановская [1998] және т.б. еңбектерінде зерттелді.

Болашақ педагогтың қалыптасу үдерісі кәсіби дайындық барысы Г.И. Аксенованың [1999], Е.И. Артамонованың [2000], Р.М. Асадулиннің [2000], Е.П. Белозерцевтың [1990], Ю.В. Варданянның [1999], М.Я. Виленскидің [1990], Л.К. Гребенкинаның [2000], И.Ф. Исаевтың [1993], А.И. Мищенконың [1992], В.А. Сластенинаның [1990], Е.Н. Шияновтың [1991] және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Спорт педагогтарын жоғары дене шынықтыру білім беру жүйесінде кәсіби дайындау мәселелері А.И. Мищенко [1992], В.А. Сластенин [1990], Е.Н. Шиянов [1991], И.П. Андриади [1997], А.Г. Барабанов [1996], Ю.А. Гагин [1996], А.М. Кузьмин [1999], Ж.М. Есіркепов [2008], Е.Л. Караваева [2008], Ж.А. Юмашева [2009], А.М. Мамытов [1998], Л.П. Матвеев [1996], А.А. Понаморев [1992], Ж.К. Холодов [1996], В.Т. Чичикин [1995], О.Л. Шабалина [2003] еңбектерінде кешенді зерттелген.

Спорт педагогтарын спорт колледжі (техникум) жағдайында дайындау мәселелері Е.Л. Караваева [2008], М.Г. Иванова [1999], И.Ю. Сазонов [2001], С.В. Туленков [2000], Г.А. Шишенко [1999], А.И. Чучалина [2001], А.А. Федоров [1998] және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан.

Жүргізілген зерттеулер дене шынықтыру және спорт мамандарын спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау мазмұны мен құрылымын толыққанды ашпайды, оның басты даму бағыттары, педагогикалық шарттары айқындалмаған күйде қалып отыр. Бұл мәселенің ұйымдастырылуында төменде көрсетілгендей сипатты бірқатар қарама-қайшылықтар туындайды: педагогикалық және спорттық-педагогикалық циклдің оқытылуында қажетті деңгейде бапкер-оқытушының кәсіби қызметінің мәні, оның жеке басылық дамуы, өзін-өзі жүзеге асыруы ескерілмеген; антропологиялық құндылықтардың оқыту-тәрбиелеу үдерісі көрсеткіштері және бағдарлары ретінде жүзеге асыру нұсқаулары есепке алынбаған; колледж оқушыларында педагогикалық іс-әрекеттер мен операциялардың жеткіліксіз деңгейде меңгерілуі анықталған, өзінің іс-әрекетін бүтін үдеріс ретінде қабылдауы мен онда педагогикалық заңдылықтардың айқындалуын көре алу мүмкіндігінің қалыптасуы қиындатылған.

Білім беруде, дене шынықтыру мен спортты дамытуда халықаралық спорттық тәжірибе сынағынан өткен заманауи даму бағыттарына сәйкес келетін кәсіби-педагогикалық дайындығының және кәсіби спорттық педагогты дайындауда жаңа тәсілдердің бүтін жүйесіне негізделу қажеттігі сезіледі.

Таңдап алынған тақырыптың өзектілігі бірқатар жайттармен, атап айтқанда: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жүзеге асуымен, Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік қағидасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауымен (2010 ж., 29 қаңтар) мамандандырылған спорт колледжі жағдайында бапкер-оқытушыны дайындау тиімділігін арттырумен, ғылыми-әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігімен байланысты.

Зерттеу мәселесі - бапкер-оқытушыларды заманауи кәсіби-педагогикалық дайындау үдерісінде басты даму бағыттарын, қағидаларын және педагогикалық шарттарын түзу.

Зерттеу нысаны - спорт колледжі оқушыларының кәсіби-педагогикалық білім алу үдерісі.

Зерттеу пәні - спорт колледжі оқушыларын кәсіби-педагогикалық дайындаудың тұжырымдамалы негіздерін түзу.

Зерттеудің болжамы. Бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық жағынан дайындаудың тиімділігін бірқатар жағдайларда арттыруға болады, атап айтқанда: спорттық-педагогтық білім беру мазмұнының адами мүмкіндігінің өзектілігін арттыру; болашақ бапкер-оқытушының жалпы және кәсіби-педагогикалық мәдениетін дамыту; оқушы-спортшылардың бапкерлік қызметінің танымдылық үдерісін жүйелі ұйымдастыруды жүзеге асыру; кәсіби-педагогикалық дайындаудың мазмұны, әдістері және түрлері бапкер-оқытушының таңдап алған қызметінің арнайылық ерекшеліктеріне сай келу; үйрету және шынықтыру үдерісі барысында бапкер-оқытушының болашақ кәсіби қызметінің мазмұны мен құрылымының арнайылық қасиетін бейнелеу; оқушы-спортшылардың теориялық және тәжірибелік сабақтарды түрлендіріп өткізу қызметін ұйымдастыру; кәсіби өзіндік сананы, педагогикалық рефлексияны дамыту; бапкер-оқытушының шығармашылық жеке қасиеттерін дамыту үдерістерін келтіретін кәсіби-педагогикалық дайындықтың жекелей-бағытталған технологиясын жүзеге асыру.

Зерттеу мақсаты – бапкер-оқытушыларды спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау.

Осыған байланысты мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың орта спорттық-педагогтық білім беру жүйесіндегі теориялық-әдістемелік негізін құрайтын ережелері жиынтығының негіздемесін жасау;

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың функционалды үлгісін түзу;

- бапкер-оқытушыны тиімді дайындаудың негізгі даму бағыттарын, қағидаларын және педагогикалық шарттарын тәжірибе жүзінде негіздеу;

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындауды қалыптастыру үдерісін сипаттайтын көрсеткіштер мен деңгейлерді бекіту;

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың технологиялық негіздерін анықтау;

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындауды ұйымдастыру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Алға қойылған міндеттерді шешу мен оның алғы шарттарын тексеру үшін зерттеу әдістерінің өзара бірін-бірі толықтырушы бірнеше жиынтығы қолданылды: ғылыми әдебиеттер сараптамасы және жалпылама қорытындысы (салыстырмалы-бейнелеу); анықтамалық (сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, сұрақ-жауап алу), бақылау (тікелей, жанама және енгізілген бақылау), праксиметриялық (қызмет сараптамасы, спорттық-педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау) әдістері; педагогикалық тәжірибе; тәжірибелік мәліметтер статистикалық өңдеуден өткізілді.

Зерттеудің тәжірибелік базасы ретінде Алматы қаласының Республикалық спорт колледжі және Әскери спорт коледжі қарастырылды. Зерттеуге колледждің 300 дарынды оқушысы, 50 оқытушысы және Алматы мен Шымкент қалалары спорттық-мектептерінің 90 бапкер-оқытушылары қатыстырылды.

Зерттеуді жүргізу өзара байланысты бірнеше кезеңдерден құралды:

Бірінші кезең (2006-2007 оқу жылы) - іздестіру-теориялық бөлім – ғылыми әдебиеттер сараптамасы мен спорт колледжінің жұмыс тәжірибесінен, спорттық мектептердің бапкер-оқытушысын кәсіби-педагогикалық дайындауды жүзеге асыру үшін қажетті теориялық-әдістемелік ережелерін анықтаудан құралды.

Екінші кезең (2007-2008 оқу жылы) білім берудің тәжірибелі бағдарламасын жасаудан және бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындау үлгісін түзуден тұрады.

Үшінші кезең (2008-2009 оқу жылы) бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың түзілген үлгісінің мақұлдамасы және спорт колледжі жұмысының тәжірибесінде жүзеге асыру жолдары мен әдістері бойынша тәжірибелі жұмыс жүргізуге арналды.

Төртінші кезең (2009-2010 оқу жылы) тәжірибелік жұмыс нәтижелерінің жүйеленуінен, жинақталуынан және теориялық сараптамасынан; зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды түзіп, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар жасаудан; диссертацияны безендіруден тұрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

- бұрын қарастырылмаған құбылыстарды айқындайтын жаңа түсініктердің мазмұны ашылды, атап айтқанда, бапкер-оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениеті, кәсіби-педагогикалық дайындаудың теориялық және тәжірибелік құрамдас бөлімдерінің жеке даралануы жүзеге асырылды;

- бапкер-оқытушының кәсіби-педагогикалық бағыттылығы, бапкер-оқытушының әдістемелік ойлауы туралы ғылыми түсініктердің жаңа белгілері айқындалды;

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың спорттық колледж жағдайындағы тұжырымдамалы негіздері мен үлгісі түзілді;

- бапкер-оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың белгілері мен деңгейлері теориялық негізделіп, мақұлданды;

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындау тимділігінің педагогикалық шарттары тәжірибе жүргізу нәтижесімен дәлелденді.

Зерттеудің теориялық мәні:

- бапкер-оқытушының таңдап алған бапкерлік қызметінің және спорт түрінің ерекшеліктерін ескеретін, оны кәсіби-педагогикалық жағынан дайындаудың бүтін тұжырымдамалы амалдары келтірілген;

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындаудың қағидалары мен педагогикалық шарттары негізделген;

- оның басты даму бағыттары айқындалып, көрсетілген;

- бапкер-оқытушының жеке басының кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, педагогикалық санасы мен кәсіби-педагогикалық бағыттылығын дамыту жолдары жасалған.

Зерттеудің тәжірибелік мәні онда келтірілген теориялық ережелер мен қорытындылардың бапкер-оқытушыны кәсіби дайындау үдерісінде оның кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыру стратегиясы туралы тұжырымдамалы түсінігін тереңдетіп, спорттық педагогтарды сапалы дайындауды қамтамасыз етудің тиянақты алғы шарттарын құрайды.

Зерттеу материалдарын айқындайтын тәжірибелік тексеруден өткен бағдарламалар мен әдістемелік ұсыныстар бапкер-оқытушыларды дайындауда және олардың дәрежесін арттыруда сәтті қолданылуда.

Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы зерттеудің бастапқы өлшемдерінің әдістемелік негіздемесімен, оның әдістерінің алға қойылған міндеттер мен қисынға сәйкестігімен, алынған тәжірибелік мәліметтердің жалпылама тәжірибемен үйлесімділігімен және салыстырмалығымен қамтамасыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындау психологиялық-педагогикалық, спорттық-педагогикалық пәндерді оқыту және педагогикалық тәжірибені меңгеру үдерісі мен нәтижесі болып табылады. Оның барысында бапкер-оқытушының берілген дайындықтың негізгі мақсаты ретінде жеке басының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы жүреді. Оның құрылымды бөлімдеріне оқыту-танымдылық, оқу-тәжірибелік және өзіндік тәжірибелік қызметі жатады;

- кәсіби-педагогикалық мәдениеттің қалыптасқан деңгейі ретінде бірнеше көрсеткіштер қарастырылады: педагогикалық бағыт, субъективті ұстаным, әдістемелік ойлау, рефлексия, спорттық шеберлікті арттырудың педагогикалық іс-әрекеттері мен операцияларын меңгеру;

- бапкер-оқытушыны (ары қарай бапкерді) кәсіби-педагогикалық дайындаудың тәсілдері бірнеше қағидаларға негізделе құрылады: кәсіби-педагогикалық бағыттылық; бірлестік; жүйелік; жекелей қарастыру мен даралану; жалпыламалықтық; ерекшелік пен дербестіктің бірлігі;

- бапкерді кәсіби-педагогикалық дайындау белгілі бір ретпен жүзеге асатын іс-шаралардың, операциялардың бүтін жиынтығы ретінде қарастырылады: бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындауды дамыту болжамы – кәсіби-педагогикалық мәдениетті арнайы ұйымдастырылған үйрету арқылы сатыландыра біртіндеп дамыту - бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындауды дамытудың қосымша анықтамасы – үйретудің, тәрбиелеудің және шынықтырудың бастапқы таңдап алынған стратегиясы мен тактикасының түзетулері;

- бапкер-оқытушыны кәсіби-педагогикалық дайындау тиімділігінің педагогикалық шарттарын бірнеше іс-шаралар қамтамасыз етеді: оқыту, оқыту-шынықтыру материалдарын негіздеу; педагогикалық қызмет танымдылығы үдерісін жүйелі ұйымдастыру; бапкердің әдістемелік ойлауын қалыптастыру; бапкердің кәсіби қызметінің адами шығармашылық мәнінің өзектілігін арттыру; кәсіби-педагогикалық дайындықтың теориялық және тәжірибелік құрамдастығының даму бағыты;

- бапкерді кәсіби-педагогикалық дайындаудың негізгі бағыттары: оны қоғамдандыру; жалпы мәдени және пәнді дайындықтың өзара байланысын тереңдете түсу; бапкердің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің қалыптасқандық деңгейінің артуы; таңдап алынған бапкерлік қызметке дәлелдемелі-құнды көзқарасты дамыту; сондай-ақ, пәнаралық және пәнішілік құрылымы айқындалды.

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы мен жариялануы.

Жұмыста келтірілген нәтижелер оқу бағдарламалары мен бағдарламалы арнайы курстарда, ғылыми мақалаларда, баяндамаларда және халықаралық конференцияларда (Алматы, 2009 ж.; Бішкек, 2010 ж.; Шолпан-Ата, 2010 ж.; Шымкент, 2010 ж.), республикалық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, ғылыми семинарларда жасалған баяндаламарда келтірілген.

Республикалық ғылыми басылымдар мен арнайы жинақтарда диссертация тақырыбына қатысты 39 мақала жарияланды.

Зерттеу материалдары Алматы қаласы спорттық мектептерінің, Қазақтың спорт және туризм академиясы қызметкерлерін дайындау және олардың дәрежесін арттыру үдерісінде қолданылады.

Диссертанттың қосқан жеке үлесінің мәні диссертация тақырыбы бойынша ғылыми, әдістемелік және нормативті-құқылы әдебиеттерді сараптамадан өткізіп, жинақтауда; қорғауға шығарылған мақсатты, міндеттерді, ережелерді анықтауда; бапкерді кәсіби-педагогикалық дайындаудың үлгісін жасауда және оның басты бағыттарын айқындап, негіздеуде; бапкерді кәсіби-педагогикалық дайындауды қалыптастыру, педагогикалық ойлауды дамыту, рефлексия жолдарын жасауда; қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстар қалыптастыруда; сәйкес зерттеу әдістерін таңдауда; ғылыми зерттеулер мен эксперименттер ұйымдастырып, зерттеу нәтижелерін өз бетінше жинақтап, статистикалық өңдеуден өткізуде; зерттеу нәтижелерін Алматы, Шымкент қалаларының олимпиадалық дайындау мектептерінің, Қазақтың спорт және туризм академиясының оқыту үдерісіне енгізуде көрініс табады.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Диссертациялық жұмыс: Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ «Қазақ өсімдік қорғау және карантин...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница