Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01




Скачать 240.27 Kb.
НазваниеФ кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01
Дата конвертации10.12.2012
Размер240.27 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМУ 4/3-03/01

ПП КГМУ 4/01

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы

Силлабус

ҚД 3219 «Қоғамдық денсаулық» пән бойынша

051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін

Оқу сағатының көлемі (кредит) 45 сағат

ІІІ курс

V семестр

Қарағанды 2012 ж.

Силлабус «Қоғамдық денсаулық» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін 2009ж құрастырылған

Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді

________2012 № Хаттама

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.К. Султанов

Оқытушы туралы мәліметтер:

Султанов А.К. - доцент, педагогикалық жұмыс өтімі - 18 жыл, 2001 жылы «Арнайландырылған балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың негізгі денсаулығы», 30 баспа жұмысы жарыққа шықты, докторлық диссертациялық тақырыбы «Пенитенциарлық мекемелердегі сотталған адамдардың гигиеналық денсаулығын бағалау».

Еремеев А.М. – доцент, педагогикалық жұмыс стажы-39 жыл, 1982 жылы «Сабақтың әртүрлі ұйымы кезінде оқушының жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы» тақырыпта кадидаттық диссертацияны қорғады, 37 жазба жұмысы жарыққа шықты, ғылыми мүддесі – «Қазақстан тұрғындары денсаулығының жағдайы»

Каршалова Г.В. оқытушы, педагогикалық жұмыс өтімі – 5 жыл. Ғылыми қызығушылығы – Орталық Қазақстандағы жарақат мәселелері. 5 мақаласы жарыққа шықты.

Тулекбаева Қ.Т. – оқытушы, педагогикалық жұмыс өтімі – 2 жыл, 2 жұмысы жарыққа шыққан.

Байланыс ақпараты: кафедра Гоголь көшесі 40, ауд. 306,307, 308 ,323,326 орналасқан.

телефон 51 38 97, қосымша 121, электрондық адресі: sultanov.ak@mail.ru


  • Пәннің саясаты: студенттер «Қоғамдық денсаулық» пәнін оқып- білу кезінде жүйелі және терең түрде оқу керек,семинарлық сабақтарға қатысуы керек және оқу жоспары бағдармасында қаралған барлық тапсырма түрлерін бекітілген мерзім ішінде орындалуы тиіс. Барлық дәрістерге қатысуы керек. Дәріс және тәжерибелік сабақ уақытында сыртқы келбеті жинақы болуы керек, сабақ жүргізуге кедергі болмас үшін ұялы телефонды өшіруі керек. Дәрісті жіберілу кезінде материал-реферат түрінде және лектормен әңгімелесу түрінде өтеледі. Міндетті түрде өтеуге барлық босалылған сабақтар жатады, сонымен қатар қанағаттанарсыз бағалар,егер олардың саны 10% жоғарыласа. Өтелулер оқу бөлімінде құрылған, графикпен сәйкес келетін компьютерлі орталықта жүргізіледі. Алғашқы сабаққа базалы деңгейдегі тест бойынша жүргізіледі. Студент реферативті хаттама және өзіндік жұмысты орындау керек. Пән бойынша сынақ компьютерлік тестілеу және билет бойынша ауызша әңгімелесу түрінде өтеді. Студенттің үлгерімін рейтинг жүйесімен бағалауына сәйкес және балды –рейтингті әріпті жүйесі бойынша үлгерімі бағаланады.

Студенттер оқытушыға сыпайы қарым-қатынаста болу керек және оқулықтарды, оқу пособияларды абайлап ұстауы қажет. Жақсы үлгерімге және оқу пәнін бұзғандарға мадақтау және пәндік талап ету «Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясының еңбек тәртібі РГКП ережелерінде»қаралған.

Кіріспе

Қазіргі кезде денсаулық ұғымының көптеген анықтамалары бар, олар осы категорияның қандай да бір аспектілерін ұғындыруға және әртүрлі критерийлер мен ыңғайына негізделген. Дегенмен, денсаулық ұғымының қабылданған ортақ анықтамасының жоқ екендігін айта кету керек. Денсаулық ұғымының анықтамасы және денсаулық деңгейін бағалау осы сала тарихында үнемі өзгеріп отырды, ал денсаулық туралы ғылымның пайда болуы мен даму процесі көптеген қиындықтарды жеңумен қатар жүрді, бұл зерттеу объектісінің күрделілілгімен байланысты.

Денсаулықтың әлеуметтік жағдайға байланысты екенін мойындау XX ғасырдағы тарихы оқиға болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысында және көптеген негізгі құжаттарда: «Денсаулық – бұл ауру немесе дене кемістігініңболмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман – есендік» деп бекітілген.

Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық денсаулық – бұл халықтың физикалық, психикалық және әлеуметтік аман – есендігінің кешенді сипаттамасы, азаматтардың салауатты өмір салтын сақтауға, аурулар мен жарақаттардың алдын алуға, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторлары әсерін болдырмауға жұмсалған қоғамдық күш салудың нәтижесін көрсетеді.

Қоғамдық денсаулық динамикалылығы және патология типтерінің өзгеруі, медицина саласының бірі және оқу пәні ретінде қоғамдық денсаулық алдына жаңа мақсаттар мен міндеттерді қойды, оны жаңа формациядағы болашақ мамандар шешуі тиіс.

Пәннің мақсаты: денсаулықты популяциялық деңгейде басқара алатын, қоғамдық денсаулықты кешенді түрде бағалау және статистикалық сараптау әдістерін меңгерген денсаулық сақтаудың болашақ мамандарын даярлау.

Оқытудың міндеттері:

  • қоғамдық денсаулықты басқару және бағалау әдістері мен методологиясына үйрету;

  • қоғамдық денсаулықты сараптауда жүйелілік тәсіліне оқыту;

  • қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін шешуге дайын болуды қалыптастыру.

Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі.

Студент білуге тиісті:

  • денсаулық пен аурудың әлеуметтік, экономикалық және медициналық маңызын;

  • қоғамдық денсаулықтың теориялары мен концепцияларын;

  • қоғамдық денсаулықтың көпфакторлық детерминациясын;

  • өзгермелі әлеуметтік –экономикалық жағдайларға байланысты халық денсаулығының көрсеткіштері мен тенденцияларын;

  • денсаулық статистикасының теоретикалық және әдістемелік негіздерін: демографиялық статистиканың негіздерін, сырқаттанушылық статистикасын, мүгедектік және физикалық даму статистикасын;

  • Қазақстан тұрғындары денсаулығының қазіргі жағдайын;

  • тұрғындар аурушаңдығы мен өлім -жітім құрылымы мен деңгейін;

  • Аурудың басым топтарының әлеуметтік- медициналық маңызын;

  • халықтың денсаулық жағдайын есепке алудағы қазіргі ақпараттық жүйелері;

  • халық денсаулығын қорғаудағы басымдықтарды.

Студент істей алуға тиісті:

  • әлеуметтік – экономикалық ахуалға сай халық денсаулығы жағдайының көрсеткіштерін есептеуді және бағалауды;

  • халықтың аурушаңдығы мен демографиялық үрдістері туралы мәліметтерді жинауды және талдауды, оларды компьютерлік техника мен технологияларды қолдану арқылы, статистикалық өңдеуден өткізуді;

  • қоршаған ортаның факторларына сәйкес халық денсаулығының статистикалық сараптау нәтижелерін бағалай және талдауды;

  • негізгі себеп салдарлық байланысты анықтау, халық денсаулығына әсер ететін факторлардың әсер ету дәрежесі мен бағытын бағалауды, ;

  • халық денсаулығын зерттеуде медициналық -статистикалық әдістерді қолдануды;

  • медициналық құжатты толтыруды;

  • қолайсыз факторлар әсерін жою үшін және халық денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстар жасауды .

Студент дағдыларды меңгеруге тиісті

  • Тұрғындар денсаулығының оқыту әдістемесімен жұмыс, себепті зерттеу байланысы;

  • Тұрғындар денсаулық жағдайының көрсеткіштерімен өзіндік жұмыс

Студент сұрақ қоюда білікті болуы қажет

  • Ақпаратпен өіндік жұмыс (оқу, анықтама, ғылыми)

Пәннің реквизитке дейінгісі және реквизиттен кейінгісі.

Реквизитке дейінгі: информатика, экология, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері, экономикалық теория негіздері, медицина тарихы, биостатистика.

Реквизиттен кейінгі: қоршаған орта және денсаулық, менеджмент және маркетинг негіздері, жұқпалы аурулар, дәлелді медицина негіздері, коммунальды гигиена, эпидемиология, тағам гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы.

Пәннің мазмұны

Қоғамдық денсаулық: анықтамасы, зерттеу обьектісі, пән тарихы. Денсаулық әлеуметтік құндылық және еліміздің демографиялық, экономикалық,еңбек, әлеуметтік, мәдени, қорғаныс потенциалы ретінде. Денсаулықпен байланысты өмір сапасы. Өмір сапасын зерттеудің міндеттері мен әдістері. Медициналық- әлеуметтік нормативтер және қажеттіліктер. Көрсеткіштер жүйесі. Денсаулық пен өмір сапасын медициналық- әлеуметтік зерттеу.

Денсаулық деңгейлері: адамның тұлға ретінде денсаулығы (жеке адам денсаулығы), топтық денсаулық(әлеуметтік, кәсіби,демографиялық топ), халық денсаулығы, қоғамдық денсаулығы.

Денсаулық сақтау мен медицинаның жалпы теориялық ілімдері.

Қоғамдық денсаулықпен тікелей байланысты қазіргі медицинаның этикалық мәселелері: гендік инженерия, клондық әдіс, криогенизация, ағзаларды трансплантациялау және имплантация, эвтаназия, селекция, адамдарға тәжірибе жасау, жасарту, жынысын өзгерту т.б.

Қоғамдық денсаулықты оқыту әдістемесі. Халық денсаулығының әр түрлі көрсеткіштеріне әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау. Халық денсаулығы жағдайының мониторингі.Халық денсаулығының индикаторлары.

.

Демографияның медициналық – әлеуметтік аспектілері.

Демографияның мазмұны және анықтамасы. Халық демографиялық статистикасының объектісі. Халық денсаулығы үшін және денсаулық сақтау тәжірибесінде демографиялық мәліметтердің маңыздылығы.

Халық статикасы: саны, орналасу тығыздығы, белгілер бойынша құрамы ( жасы,жынысы, және т.б.). Халық статикасын зерттеу әдістері. Халық санағы, ұйымдастыру және жүргізу әдісі. Халықтың жастық құрылымына сай типтері: прогрессивті, тұрақты, регрессивті. Қазақстан халқының саны мен құрамы.

Халық динамикасы: халықтың механикалық және табиғи өзгеруі. Миграция түрлері: эмиграция, иммиграция, урбанизация, мәжбүрлі көшу,босқындар. Миграцияның негізгі себептері мен салдары. Халықтың механикалық қозғалуын зерттеу әдістері.

Халық аурушаңдығы және оны зерттеу әдістері.

Халық денсаулығының жағдайын кешенді түрде бағалаудағы аурушаңдық статистикасының маңызы.

Аурушаңдықты зерттеудің жалпылай және таңдамалы тәсілдері. Аурушаңдықтың себептерін және құрылымын зерттеудегі дәрігерлер маңызы. Қазақстан халқының аурушаңдығы туралы негізгі мәләметтер. Аурушаңдықты бақылаудың автоматты тегистрі туберкулез, обыр, қантты диабет бойынша ілкі құжаттарды орталықтандырылған өңдеу.

Дене дамуы.

Дене дамуының негізгі белгілері мен өлшемдері (антропометриялық, физиометриялық соматоскопиялық). Антропометриялық мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістері. Физикалық дамуды бағалау кестелері және стандарттары.

Мүгедектік.

Мүгедектік топтары және оларды анықтау принциптері. Тұрғындардың мүгедектек, деңгейі мен құрылымы.

Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Денсаулықтың валеологиялық аспектілері. Аурудан сақтану және салауатты өмір сүруді қалыптастырудағы медициналық қызметкерлердің маңызы. Халыққа гигиенаны оқыту және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері ″Салауатты өмір салты" мемлекеттік бағдарламасы.

Қоғамдық денсаулықты жақсартудың негізгі бағыттары.

Алғашқы медициналық –санитариялық көмек бойынша Халықаралық конференция (Алматы, 1978). Алматы декларациясы – ХХ ғасырдағы денсаулық сақтау ұлы хартиясы.

  • Тақырыптық жоспары

Дәрістің тақырыптық жоспары:



Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы

1.

Ғылым және оқу пәні ретіндегі қоғамдық денсаулық

Шолу дәрісі

1

2.

Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері

Шолу дәрісі

1

3.

Халық аурушаңдығы

Шолу дәрісі

1

4.

Аурудың алдын – алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру

Мәселелі дәріс

1

5.

Қоғамдық денсаулықты жақсартудың негізгі бағыттары

Шолу дәрісі







Қорытындысы:


5

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:



Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы

1

Қоғамдық денсаулыққа кіріспе. Қоғамдық денсаулықты оқыту әдістемесі

Тәжірибелік сабақ

2

2

Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері. Репродуктивті денсаулық.

Тәжірибелік сабақ

2

3

Халық аурушаңдығы. Халық денсаулығын кешенді бағалау.

Тәжірибелік сабақ

2

4

Жас – жыныстық топтардың денсаулығы: балалар мен жасөспірімдер, ересек топтар. Медициналық-статистикалық құжаттар.

Тәжірибелік сабақ

2

5

Аурудың алдын – алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қоғамдық денсаулықты жақсартудың негізгі бағыттары.

Тәжірибелік сабақ

2




Қорытындысы:

10

БАОӨЖ тақырыптық жоспары:



Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы

1

Денсаулыққа байланысты өмір сапасы. Денсаулық деңгейлері.

Тәжірибелік

сабақ

2

2

Халықтың табиғи қозғалысын сараптау. Репродуктивті денсаулық және тәртіп.

Тәжірибелік

сабақ

2

3

Бөлім бойынша соңғы сабақ

Коллоквиум

2

4

Дене дамуы. Мүгедектік. Аурушаңдықты жеке және жинақты тіркеу.

Тәжірибелік

сабақ

2

5

Денсаулықтың валеологиялық аспектілері.

Тәжірибелік

сабақ

2

6

Алматы декларациясы – ХХ ғасырдағы денсаулық сақтаудың ұлы хартиясы.

Тәжірибелік

сабақ

2

7

Бөлім бойынша соңғы сабақ

Коллоквиум

2

8

Қорытынды кеңес

Ауысша түрде әңгімелесу

1




Қорытындысы:

15

Кеңес уақыты:

Кеңес әр аптаның сейсенбі күні сағат 16.00 дан 17.00 ке дейін.

Аралық бақылаудың уақыты:

мамандық

Курс/поток/топ

пәні

Апта/күні

уақыты

«Қоғамдық денсаулық сақтау»

301,302,303

«Қоғамдық денсаулық »

8/22.10.2012

17.00-17.50



  • Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған тапсырмалар

БАӨЖ тақырыбының жоспары:



Такырыптың аталуы

Орындалу түрі

Ұзақтығы

1

Отбасы денсаулығы. Балалар денсаулығы

Әдебиеттермен жұмыс, реферат дайындау

2

2

Медицина және денсаулық сақтау теориялары.

Әдебиеттермен жұмыс, реферат дайындау

3

3

Қоғамдық денсаулықпен байланысты медицинаның әдеп мәселелері.

Әдебиеттермен жұмыс, реферат дайындау

2

4

Халық статикасы мен миграциясын сараптау.

Қазақстандағы және басқа мемлекеттердегі демографиялық саясат.

Әдебиеттермен жұмыс, реферат дайындау

2

5

Аурушаңдықты зерттеудің таңдамалы және жалпылама әдісі.

Презентацияны дайындау және қорғау

2

6

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы денсаулық тақырыбы.

Әдебиеттермен жұмыс, реферат дайындау

2

7

Қазақстан үшін мыңжылдық даму мақсаттары.

Әдебиеттермен жұмыс, реферат дайындау

2




Қорытындысы:

15

Қоғамдық денсаулық бойынша тапсырмаларды тапсыру және орындау графигі (СӨЖ)

Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

СӨЖ бойынша тақырыптарының №













I

II

III

IV

V

VI




VII







Ескерту: «Кафедра кеңесінің графигімен» қарастырылған, күні және уақытында пән бойынша сабақты өткізетін мұғалімге студент тақырып бойынша СӨЖ тапсырады.

Араплық бақылаудың уақыты: 13 апта, тіркеу бөлімінің күнтізбесіне сәйкес.

Қорытынды бақылаудың уақыты: тіркеу бөлімінің күнтізбесі бойынша.

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение. – 2-е изд., перераб. и доп.. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.

  2. Общественное здоровье и здравоохранение /Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – М.: МЕДпресс-информ, 2003. – 528 с.

  3. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. - С.-Петербург, 2000.- 914 с.

Қосымша:

  1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с.

  2. Девятко В.Н., Аканов А.А. Здоровье народа и здравоохранение Казахстана в переходный период: опыт, уроки, проблемы. – Алматы, 1999.-–140 с.

  3. Максимова Т.М. Современное состояние, тенденции и перспективные оценки здоровья населения. – М.: ПЕР СЭ, 2002. – 192 с.

  4. Медик В.А. Заболеваемость населения: история, современное состояние и методология изучения. – М.: Медицина, 2003. – 512 с.

  5. Медик В.А. Руководство по статистике здоровья и здравоохранения. – М.: Медицина, 2006. – 528 с.

  6. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. – В 3-х частях. – М.: Медицина, 2003.

  7. Муминов Т.А., Камалиев М.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга. – Алматы, 2003.– 170 с.

  8. Муминов Т.А., Камалиев М.А., Аязбаева А.Г., Шахиева А.М. Медико-социальные и эпидемиологические аспекты здорового образа жизни. – Алматы, 1999.– 170 с.

  9. Шарманов Т.Ш. Мировое здравоохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-Вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.

  10. Тульчинский Т.Х., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999. – 1049 с.


Қазақ тілінде:

Негізгі

1. Биғалиева Р., Исмаилов Ш. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару. – Алматы, 2001. – 371 б.



  • Оқу және оқыту әдістері:

  • оқулықпен жұмыс

  • тәжірибелік сабақта жеке сұрақтарды терең меңгеру

  • кішігірім топтармен жұмыс істеу

  • тестілеу

  • реферат дайындау

  • презентацияларды дайындау

  • аралық бақылау өткізу

  • оқытушымен барлық туындаған сұрақтар бойынша кеңес алу

Білім бағасының ережесі және критерийі: әр бір деңгейге білім бағасының шкаласы және критериі (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау), барлық сабақтардың түрлеріне баға ережесі (аудиториялық, СӨЖ, ОЖСӨЖ).

Баға шкаласы**

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4

95-100

«Үздік»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»



Білім бағасының критериі**

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қатерліктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан,коллоквиумды тапсыруда қандайда бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып- үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Жақсы баға» білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75% - дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған,ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағанаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын,үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.
*Ескерту: Кредиттік жүйеде білім алушылар үшін.

** Ескерту: ҚР МЖМБС»ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер»негізіндерінде құралған.

Пән бойынша интегралды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісі (ҚММУ

ағымдық жылға бекітілген рейтинг жүйесіне сәйкес толтырылады).


Похожие:

Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/3 – 08/02 пп кгму 4/02
Тақырыбы: XХ ғ басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар
Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Студенттердің оқытушының жетегімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/3-08/01 пп кгму 4/01
Тақырыбы: Балалардың церебральды салдануы кезіндегі көру мүшелеріндегі өзгерістер
Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/03/02 пп кгму 4/02
Аэрозольдер, суспензиялар, ұнтақтар, эмульсиялар және олардың қасиеттері тақырыбы
Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/3-08/02 пп кгму 4/02
Тақырыбы: «Дәнекер тіндер. Адамның жасына байланысты гистологиясы, регенерациясы»
Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Тақырыбы: Алкадиендер. Гомологтық қатар, номенклатура, изомерия, химиялық қасиеттері
Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/3-08/02 пп кгму 4/02
Тақырыбы: «Биологиялық ұлпаларға жоғарыинтенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизімі.»
Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Студенттердің оқытушының жетегімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/3-08/02 пп кгму 4/02
Тақырыбы: «Қаңқалық тіндер. Адамның жасына байланысты гистологиясы, регенерациясы»
Ф кгму 4/3-03/01 пп кгму 4/01 iconФ кгму 4/3-08/01 пп кгму 4/01
Тақырыбы: «Моизм конфуцишылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық доктрина ретінде»
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница