«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы»




Скачать 496.53 Kb.
Название«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы»
страница1/3
Дата конвертации10.12.2012
Размер496.53 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді

ұйымдастыру туралы" 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы №124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері және әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру ережесіне, «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері және Қазақстан Республикасы әскери-тергеу бөліністерінің әскери қызметшілері (бұдан әрі – қызметкерлер) кезектен тыс аттестаттаудан өткізілсін.

2. Мыналар:

1) Қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (1-қосымша);

2) Қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмыс жоспары (2-қосымша);

3) Кезектен тыс аттестаттаудан өтетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің компьютерлік тестілеу нәтижелерінің бағдарламасы мен шекті мәндері, дене шынықтыру және атыс даярлықтары бөлімдері бойынша нормативтер (3-қосымша);

4) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге компьютерлік тестілеу және логикалық ойлау үшін тесттік сұрақтардың тізбесі (6-қосымша);

5) Комитеттердің (Ішкі әскерлер комитетінен басқа), ІІМ орталық аппараты департаменттерінің, дербес басқармаларының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу сызбасы және кестесі (4-қосымша);

6) Облыстар, көліктегі, Астана және Алматы қалалары Ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД), Астана, Алматы қалалары, облыстар бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының, ІІМ мамандандырылған күзет қызметі бөліністері және мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу сызбасы және кестесі (5-қосымша) бекітілсін.

3. ІІМ Әкімшілік полиция және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің төрағалары, Жетінші департаменттің, «Р» департаментінің бастықтарына, сондай-ақ ІІД, КІІД, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының, ІІМ мамандандырылған күзет қызметі бөліністері және мемлекеттік мекемелерінің бастықтары:

1) кезектен тыс аттестаттауды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдасын;

2) 2012 жылғы 20 мамырға дейінгі мерзімде Кадр жұмысы департаментіне ІІД, КІІД-нің, ҚАЖД-нің, ІІМ білім беру ұйымдарының, ІІМ мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің және мемлекеттік мекемелерінің аттестаттау комиссияларының құрамына үміткерлер ұсынсын;

3) кезектен тыс аттестаттау өткізудің жұмыс жоспарын, сызбасын және кестесін әзірлесін;

4) Орталық аттестаттау комиссиясында (бұдан әрі – ОАК) аттестаттаудан өтетін қызметкерлерге қызметтік мінездемелер және аттестаттау парақтарын әзірлесін.

4. ОАК-тың отырыстарында ІІД, КІІД, ҚАЖД аппараттарының, ІІМ білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссияларының құрамдарына үміткерлер аттестаттаудан бірінші кезекте өткізілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Министр

полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің

2012 жылғы 21 мамырдағы № 310 бұйрығына

1-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
І. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерін және әскери-тергеу бөліністерінің әскери қызметшілерін (бұдан әрі – қызметкерлер) кезектен тыс аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ішкі істер органдарының басшыларына, кадр бөліністерінің қызметкерлеріне практикалық көмектер көрсету мақсатында әзірленді.

2. Кезектен тыс аттестаттауды өткізудің құқықтық негізін:

а) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы (бұдан әрі – Заң);

б) «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығы (бұдан әрі – Жарлық);

в) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы қызмет өткеру-дің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығы құрайды.

3. Кезектен тыс аттестаттау:

а) аттестаттаудан өтетін қызметкердің жұмыс өтілі мен тәжірибесін ескере отырып, кәсіби қызметтік жұмыстарын, оның алдына қойылған міндеттерді шешуге қатысуын, орындалатын жұмыстың қиындығын, оның тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау;

б) теориялық білімдерінің, жауынгерлік, қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін анықтау;

в) аттестаттаудан өтуге жататын қызметкердің атқарып отырған лауазымы бойынша одан әрі қызмет өткеруі үшін қажетті жеке басының қасиеттерін, құқықтық мәдениеті мен азаматтармен жұмыс істеу қабілетін бағалау мақсатында өткізіледі.

4. Қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу осы әдістемелік ұсынымдардың 2-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

5. Кезектен тыс аттестаттауды өткізуге тікелей дайындық және ұйымдастыру кадр бөліністеріне жүктеледі.
ІІ. Кезектен тыс аттестаттауды өткізудің тәртібі

6. Кезектен тыс аттестаттауды өткізудің алдында ішкі істер органдарының басшыларына бөліністердегі аттестаттаудан өтуге жататын қызметкерлерді анықтау, аттестаттауды өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүргізу ұсынылады.

7. Кезектен тыс аттестаттауды өткізу үшін аттестаттау комиссиясының жаңа құрамын құру, сондай-ақ кезектен тыс аттестаттаудың сызбаларын және кестелерін бекіту қажет.

Қызметкерлерді аттестаттау комиссиясының құрамына қосу тек қана олар Жоғары аттестаттау комиссияларында кезектен тыс аттестаттаудан өткеннен кейін жүргізіледі. Аттестаттау комиссиясының құрамын өкілетті басшы, ол болмағанда кезектен тыс аттестаттаудан өткен міндеттерін атқарушы бекітеді.

8. Кезектен тыс аттестаттауды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар ішкі істер органы бастығының бұйрығында көрсетілуі қажет, онда мыналар:

кезектен тыс аттестаттауды өткізудің жұмыс жоспарын, сызбасын және кестесін бекіту;

аттестаттау комиссиясын құру, олардың құрамына өзіндік қауіпсіздік, кадр және заң қызметтерінің және ардагерлер ұйымдарының қызметкерлерін міндетті түрде қоса отырып, олардың құрамдарын бекіту;

қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді реттейтін нормативтік құжаттарды зерделеу;

тиісті бөліністердің бастықтарымен, кадр бөліністерінің қызметкерлерімен, аттестаттау комиссияларының төрағаларымен және мүшелерімен нұсқамалық кеңестер өткізу;

қызметтік мінездемелерді әзірлеу мерзімдері;

кезектен тыс аттестаттауға дайындық және өткізу жөніндегі жұмыстарды материалдық, техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету тәртібі көзделуі тиіс.

9. Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде олардың пікірлерін ескеру мақсатымен аттестаттау комиссиясының жұмысына тиісті ардагерлер ұйымдарының қатысуын біруақытта ұйымдастыру қажет.

10. Аттестаттау комиссиясының қарауына аттестатталатын қызметкерге қатысты:

а) қызметтік мінездеме;

б) аттестаттау парағы;

в) дене шынықтыру және атыс даярлықтары жөніндегі белгіленген нормативтерді тапсыру туралы мәліметтер;

г) аттестаттаудан өтуге жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеулердің қорытындылары туралы мәліметтер ұсынылады;

д) психологиялық тұрақтылыққа әңгімелесудің нәтижелері.

11. Қызметтік мінездеме жазбаша нысанда құрастырылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларына 1-қосымша). Қызметтік мінездемені аттестаттаудан өтетін қызметкердің тікелей бастығы болып табылатын басшылар құрастырады. Қызметтік мінездемені дайындау алдында аттестатталатын қызметкерге қатысты тексеру іс-шаралары жүргізілуі мүмкін.

12. Қызметтік мінездемеде аттестатталатын қызметкерге қатысты мынадай мәліметтер:

лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау;

кәсіби деңгейі, біліктілік талаптарына сәйкестігі;

іскерлік қасиеті, ұйымдастырушылық мүмкіншіліктері, орындаушылық, жауапкершілік;

тәртіп пен заңдылықты сақтау;

мемлекеттік тілді білуі;

қызметтен тыс мінез-құлқы;

қоғамдық өмірге, спорттық іс-шараларға және т.б. қатысуы;

басшылар үшін – басшылық ететін бөліністің аттестаттаудан өтетін адамның не болмаса ол жетекшілік ететін бөліністің жұмыс нәтижелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерге қарсы іс-әрекеттердің жай-күйі туралы мәліметтер көрсетілуі қажет.

13. Аттестатталатын қызметкер аттестаттау комиссиясына оған ұсынылатын қызметтік мінездеменің мәтінімен ертерек танысуына болады. Қызметкер аттестаттау мәтінімен танысудан бас тартқан жағдайда құрамы үш адамнан кем емес комиссия қол қойған тиісті акт құрастырылады.

14. Жүктелігі және бала күтімі жөніндегі демалыстарда, сондай-ақ шетелде оқуда жүрген қызметкерлер кезектен тыс аттестаттаудан өтуге жатпайды.

15. Аттестаттау комиссиясының отырысы аттестатталатын қызметкердің қатысуымен аттестаттау комиссиясының отырысында жүргізіледі.

16. Дәлелді себептермен аттестаттау комиссиясының отырысында болмаған қызметкерлер әңгімелесуден қызметке шыққаннан кейін өтеді, олар кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің кезекті кестесіне қосылады. Бұл қызметкерлерге қатысты аттестаттау 2012 жылдың 30 желтоқсанына дейін аяқталуы қажет.

Қызметкер дәлелсіз себептермен аттестаттау комиссиясының отырысына келмеген жағдайда аттестаттау комиссиясы Заңның 47-1-бабының 2-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларымен көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.

Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себептермен екі рет келмеген қызметкерлер заңнамамен белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарынан қызметтен босатылуға ұсынылады.

17. Комиссияның отырысында аттестаттау комиссиясының хатшысы тестілеудің, нормативтер тапсырудың және психологпен әңгімелесудің нәтижелері туралы қысқаша баяндайды. Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатталатын адамға қызметтік мінездеменің мәтінін бөліністің басшысы немесе оның орынбасары оқиды.

18. Әңгімелесудің қорытындылары, белгіленген нормативтерді тапсырулардың қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған аттестаттау комиссиясы мүшелерінің отырысқа қатысқандарының қатарынан көпшілігі дауыс берсе қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда оған аттестаттау комиссиясының төрағасы дауыс бергенде шешім қабылданды деп есептеледі.

19. Әңгімелесудің қорытындылары бойынша Комиссия Заңның 47-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларымен көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.

20. Аттестаттау комиссиясының шешімі үш жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысып отырған аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшы қол қояды. Қызметкерлер аттестаттау комиссиясының шешімімен оны қабылдаған күннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде қол қоя отырып таныстырылады.

21. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) ішкі істер органдарындағы қызметті басқа лауазымдарда, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда жалғастырудан бас тартқан қызметкерлер Заңмен көзделген негіздемелер бойынша белгіленген тәртіпте қызметтен босатылуға жатады.

22. Қарамақтағы (резервтегі) қызметкерлер өздеріне қатысты кезектен тыс аттестаттауды өткізуге сұранса, оларға кезектен тыс аттестаттаудан өтуге құқық берілуге тиіс.

23. Ішкі істер органдарынан қызметтен босату туралы жазбаша баянат берген жағдайда мұндай қызметкерлер кезектен тыс аттестаттаудан өтуге жатпайды.

24. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеуден өткізуді заң қызметі өкілдерінің қатысуымен кадр аппараты жүргізеді. Тестілеу қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде өткізіледі.

25. Тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі және логикалық ойлау бойынша сұрақтарды қосады.

26. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен автоматталған режимде жүргізіледі.

27. Тестілеуді өткізуге арналған үй-жай қажетті ұйымдастыру техникасы-мен, жиһазбен жабдықталуы және тестілеуден өтетін адамның ыңғайлы орналасу жағдайларына сәйкес келуі қажет.

Тестілеу уақытында қызметкерлерге сөйлесуге болмайды және тестілеу болып жатқан үй-жайдан шығуға болмайды.

Тестілеу өткізер алдында кадр аппараты тиісті нұсқама өткізеді және қызметкерлердің сұрақтарына жауап береді.

28. Кезектен тыс аттестаттауды өткізу үшін жауапты лауазымды адам тестілеу рәсімін бұзуға жол берген қызметкерлерді тестілеуді тоқтатады.

29. Дене шынықтыру, атыс даярлықтары бойынша белгіленген нормативтерді тапсырмаған не болмаса тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған қызметкерлер әңгімелесуге жіберіледі, олар бойынша шешім аттестаттау комиссияларының отырыстарында қабылданады.
ІІІ. Аттестаттау комиссиясының шешімдеріне шағымдану
30. Аттестаттау комиссиясының шешімі Заңмен белгіленген тәртіпте шағымдалуы мүмкін.

____________________
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің

2012 жылғы 21 мамырдағы № 310 бұйрығына

2-қосымша
Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерін және

әскери-тергеу бөліністерінің әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу бойынша

жұмыс жоспары




Іс-шаралардың атауы

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

I. Ұйымдастырушылық іс-шаралар

1

Кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу

Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде ұдайы


Баспасөз релиздері, жарияланымдар,

сөз сөйлеулер, ІІМ және БАҚ блогына анықтамалық ақпарат

МТАД




2

Кезектен тыс аттестаттауды өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде ұдайы


Жеке құраммен сабақтар, ІІМ және БАҚ блогына анықтамалық ақпарат

МТАД

КЖД




3

ІІМ-нің ресми веб-сайтында «Қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау» айдарын құру


2012 жылдың

15 мамырына дейін

ІІМ басшылығына баяндау

ТҚД

МТАД





4

Ішкі істер министрінің блогына келіп түсіп жатқан қызметкерлердің

іс-әрекеттері туралы ақпараттардың мониторингі және тексеруді ұйымдастыру

Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде ұдайы


ІІМ басшылығына ақпарат

МТАД

ӨҚД

КЖД




5

Орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларының жұмыстарын бақылау жөніндегі ұтқыр инспекциялау топтарын құру

2012 жылдың

15 мамырына дейін тұрақты негізде

Құрамның тізімі,

іс-шаралардың жоспары,

ІІМ басшылығына ақпарат

КЖД

ІІМ қызметтері




6

Тестілеу сыныптарын компьютерлік құралдармен жарақтау

ОАК бойынша 2012 жылдың

20 мамырына дейін,

өңірлік аттестаттау комиссиялары бойынша

2012 жылдың

1 маусымына дейін


ІІМ басшылығына ақпарат

ТҚД

КЖД




7

Дене шынықтыру, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша нормативтерді қабылдау жөніндегі комиссиялардың құрамына ІІМ қызметтері өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету


Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде ұдайы

Кесте,

ІІМ басшылығына ақпарат

КЖД,

ІІМ қызметтері




8

Ақпараттар мониторингі, орталық

және өңірлік комиссиялардың жұмыстарын үйлестіру және басқарушылық шешімдерді іріктеу үшін ақпараттық-аналитикалық топ құру


2012 жылдың

15 мамырына дейін тұрақты негізде

Құрамның тізімі,

іс-шаралардың жоспары,

ІІМ басшылығына ақпарат

КЖД

Штаб

ІІМ қызметтері




9

Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру алдында аттестаттаудан өтетін қатер топтағы адамдарға медициналық зерттеулер өткізу (созылмалы сырқаттары бар,

40 жастан асқан және т.б.) және алдағы уақытта оларға нормативтер тапсыру кезеңінде ілесіп жүру


Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде ұдайы

Медициналық анықтама

ТД




II. Орталық аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – ОАК) кезектен тыс аттестаттауды өткізу тәртібі

10

ОАК құрамдарын құру

2012 жылдың

15 маусымына дейін

Тізімдер

КЖД,

ІІМ қызметтері




11

ОАК жұмыс жоспарын және отырыстар кестелерін әзірлеу және бекіту

2012 жылдың

15 мамырына дейін

Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығы

КЖД,

ІІМ қызметтері




12

ОАК-қа аттестаттаудан өтетін лауазымды адамдардың тізімдерін құру

2012 жылдың

25 мамырына дейін

Тізімдер

КЖД,

ІІМ қызметтері




13

ОАК кезектен тыс аттестаттауды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту


2012 жылдың

25 мамырына дейін

Әдістемелік ұсынымдар

КЖД




14

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және логикалық ойлауға тестілерді пысықтау

2012 жылдың

25 мамырына дейін

Тестілер

КЖД,

ІІМ қызметтері




15

Аттестаттауға жататын қызметкерлерді кір келтіретін материалдардың

бар-жоғына тексеруді ұйымдастыру

Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде ұдайы

Анықтамалар

ӨҚД




16

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және логикалық ойлауға тестілеулер өткізудің кестелерін құрастыру

2012 жылдың

25 мамырына дейін

Кесте

КЖД,

ІІМ қызметтері




17

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және логикалық ойлауға тестілеулер өткізуді ұйымдастыру

Кестеге сәйкес

Ведомостер

КЖД,

ІІМ қызметтері




18

Дене шынықтыру, жауынгерлік және атыс даярлығы бойынша сынақтарды тапсырулардың кестелерін құрастыру

2012 жылдың

25 мамырына дейін

Кесте

КЖД,

ІІМ қызметтері




19

Дене шынықтыру, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша сынақтар қабылдауды ұйымдастыру


Кестеге сәйкес

Ведомостер

КЖД,

ІІМ қызметтері




20

Аттестатталатын адамдардың психологиялық тұрақтылығы деңгейін анықтау бойынша психологпен әңгімелесуді өткізу кестесін құру

2012 жылдың

10 маусымға дейін

Кесте

КЖД




21

Аттестатталатын адамдардың психологиялық тұрақтылығы деңгейін анықтау бойынша психологпен әңгімелесуді өткізуді ұйымдастыру

Кестеге сәйкес

Анықтамалар

КЖД,

ІІМ қызметтері




22

ОАК отырыстарына материалдар дайындау (тізімдерді құру, тестілеу, нормативтерді тапсыру нәтижелері туралы ақпараттарды, тексеру

іс-шараларын, психологпен әңгімелесудің материалдарын жинау, қызметтік мінездеме, қызметтік тізім)



Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде ұдайы

Тізімдер, анықтамалар, қорытындылар, материалдар

КЖД,

ІІМ қызметтері




23

Аттестаттау комиссияларының жұмыстарын бақылау жөніндегі ұтқыр инспекциялау топтарының жұмыстарын талдау

Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде ұдайы

ІІМ басшылығына ақпарат

КЖД




24

Тестілеудің және аттестаттаудың

алдын ала нәтижелері туралы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне хабарлау

Аттестаттауды өткізу кезеңінде

ай сайын

5 күніне

МҚІА-ға ақпарат

КЖД




25

ОАК-пен кезектен тыс аттестаттаудың қорытындыларын шығару және өңірлік аттестаттау комиссиялары жұмыстарының нәтижелерін жинау

2012 жылдың

1 желтоқсанына дейін

ІІМ басшылығына ақпарат

КЖД,

ІІМ қызметтері




26

Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген қызметкерлерді жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешу

2012 жылдың

30 тамызына дейін

ІІМ басшылығына ақпарат

КЖД,

ІІМ қызметтері




27

Ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелері туралы

ҚР Президенті Әкімшілігін және

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікті ақпараттандыру


2012 жылдың

30 желтоқсанына дейін

ҚР Президенті Әкімшілігіне және МҚІА ақпарат

КЖД




III. Өңірлік аттестаттау комиссияларының (бұдан әрі - ӨАК) жұмыстарын ұйымдастыру

28

ӨАК-тің құрамын құру

2012 жылдың

20 шілдесіне дейін

Бұйрық

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




29

ӨАК-тің жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту

2012 жылдың

20 шілдесіне дейін


Бұйрық

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




30

ӨАК жұмыстарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру, оның құрамы мен ережелерін бекіту

2012 жылдың

20 шілдесіне дейін

Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығы

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




31

ӨАК-та аттестаттаудан өтетін лауазымды адамдардың тізімдерін құрастыру


2012 жылдың

10 маусымына дейін

Тізімдер

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




32

ӨАК-та аттестаттаудан өтетін адамдарға қатысты тексеру

іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру



2012 жылдың

30 маусымына дейін

Анықтамалар

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




33

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және логикалық ойлауға тестілеу өткізудің кестесін құру

2012 жылдың

1 шілдесіне дейін

Кесте

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




34

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және логикалық ойлауға тестілеу өткізуді ұйымдастыру

Кестеге сәйкес

Ведомостер

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




35

Дене шынықтыру, жауынгерлік және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырулардың кестелерін құрастыру

2012 жылдың

1 шілдесіне дейін

Кесте

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




36

Дене шынықтыру, жауынгерлік және атыс даярлығы бойынша сынақтар қабылдауды ұйымдастыру

Кестеге сәйкес

Ведомостер

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




37

Аттестатталатын адамдардың психологиялық тұрақтылығы деңгейін анықтау бойынша психологпен әңгімелесуді өткізу кестесін құру

2012 жылдың

1 шілдесіне дейін

Кесте

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




38

Аттестатталатын адамдардың психологиялық тұрақтылығы деңгейін анықтау бойынша психологпен әңгімелесуді өткізуді ұйымдастыру


Кестеге сәйкес

Анықтамалар

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




39

ӨАК отырыстарына материалдар дайындау (тізімдерді құрастыру, тестілеу, нормативтерді тапсыру нәтижелері туралы ақпараттарды, тексеру іс-шараларын, психологпен әңгімелесудің материалдарын жинау, қызметтік мінездеме, қызметтік тізім)

Кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезеңінде

Тізімдер, анықтамалар, қорытындылар, материалдар

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




40

ӨАК-тің қызметкерлермен әңгімелесуін өткізу

Бекітілген кесте бойынша

Хаттамалар

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




41

Тестілеудің және аттестаттаудың

алдын ала нәтижелері туралы

Қазақстан Республикасының ІІМ-ді ақпараттандыру

Аттестаттау өткізу кезеңінде ай сайын

1 күніне

ІІМ-ге ақпарат

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




42

ӨАК-пен кезектен тыс аттестаттаудың қорытындыларын шығару және өңірлік аттестаттау комиссиялары жұмыстарының нәтижелерін жинау

2012 жылдың

10 қарашасына дейін

ІІМ-ге ақпарат

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




43

Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген қызметкерлерді жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешу

2012 жылдың

1 желтоқсанына дейін

ІІМ-ге ақпарат

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері




44

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттаудан өту нәтижелері туралы ақпараттандыру

2012 жылдың

5 қарашасына дейін

ОАК-қа ақпарат

ІІД, ҚАЖД, ОО, ІІМ бөліністері



  1   2   3

Похожие:

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» iconҚұқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы»
Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан...
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» iconҚазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу
Азақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі Қағидалар)...
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» iconЖарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен...
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» iconҚазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлері тәртібінің, олардың азаматтармен сыпайы және ілтипатты қарым-қатынас жасау ережелері
Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларының, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңның талаптарының,...
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» iconҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабын іске асыру мақсатында бұйырамын
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» icon2009 жылға арналған Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау
Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы №708 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кәмелеттік жасқа...
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» iconҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 14 наурыз №141 Астана қаласы Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындаудың кейбір мәселелері
Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары...
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» iconБізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде
Айвар Боданов, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының...
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградалары туралы
Андардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары...
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы» icon2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы
Ықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13 бабы 1 – тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница