Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау




Скачать 31.59 Kb.
НазваниеАлматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау
Дата конвертации10.12.2012
Размер31.59 Kb.
ТипДокументы


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙІНІН

ГИГИЕНАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ
Адилова М.Т.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Мақалада Алматы қаласының қазіргі уақыттағы ауа бассейінін сапасының гигиеналық сипаты төңірегінде қысқаша жағдайы берілген.
Кілттік сөздер: атмосфералық ауа, метро,шаһар.
Алатауы көк тәңірмен теңескен,

Лебі есіп, самал желмен тілдескен.

Күні ашық, иісі бар нөсердің,

Ауасына Алматының не жеткен?!
«Бұл қала - арман қала, жап-жасыл орман қала» - деп әнге қосқан, апортымен әлемге әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасымен танымал бола бастағандай. Тіптен осы лас ауа қаламыздың «брендіне» айналды десек те артық айтқандық емес. Әрине, бұған көп үлес қосып жатқан қаламыздағы жарты милионға жуық автокөлік екендігі кім-кімге де болса түсінікті.

Алатау тау бөктеріне орналасқан қаламыздың климат жағдайларының өте қолайлы екендігіне қарамастан, қала атмосферасының өздігінен тазару қасиеті төменгі дәрежеде болып табылады. Сонымен бірге, атмосфераны ластаушы көздердің артуына байланысты қала ауасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.

Жалпы айтқанда, Алматы қаласының қоршаған орта ауасының тазалығына үнемі мониторинг жүргізу арқылы, антропогенді әсерден болатын ластаушылардың түрін, мөлшерін, шығу көздерін білуге болады.

Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан Алматы қаласы бүгінгі күнде дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты себебі, автокөліктер болып табылады. Орта есеппен алғанда, қаламызға күнделікті 200 мыңның астам шамасында автокөліктер келіп-кетіп жатады. Бұнда ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі болып табылады: яғни, әрбір мың автокөліктен күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға шығарады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т.б. ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары – бенз-а-пирен, альдегидтер) бар. Осының барлығы адам үшін өте улы болып келеді, осыған байланысты, соңғы кезде, ауаның ластануынан Алматы шаһарында кемтар баллардың дүниеге келуі, тыныс алу, өкпе дерттері көбейіп болып отыр.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша бірнеше алдын алу шаралары, яғни, ауыр жүк машиналардың қаланың ішімен жүруге тыйым салу, бір маршрутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлануына жол бермеу, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылау-реттегіш қондырғыларын пайдалану, сондай-ақ, барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру қолға алынуда. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет.

Гигиеналық тұрғыдан алып қарағанда, газды пайдалану өте тиімді болып табылады, себебі, одан ауа ластанбайды және оны қолдануда экономикалық шығын туғызбайды, өте арзанға түседі. Сонымен қатар, Алматыда негізінен метро, троллейбус пен трамвай авто көлік түрлерін кеңінен пайдаланған тиімді болып табылады. Қалада салынып бітпей жатқан метро келешекте жұмыс істейтін болса, онда Алматыдағы көліктердің жұмыстары айтарлықтай жақсарар еді.

«Таза ауа - жанға дауа» деп дана халқымыз айтпақшы туған қаламыз тек қана экологиялық тұғырдан таза көрінсін десек бәріміз бірге ат салысайық!

Гигиеническая оценка атмосферного воздуха г Алматы

Преподаватель Адилова М.Т.

Основным источником, по нашему мнению, является автомобильный транспорт. Потому что Алматы можно считать не промышленным городом, поскольку в Алматы нет крупных промышленных объектов, загрязняющих атмосферу. Главный загрязнитель - это автомобильный транспорт. На сегодняшний день Алматы входить в состав 25 загрязненных городов по атмосферному воздуху. В настоящее время, в Алматы зарегистрировано более 200 тыс. единиц автомобильного транспорта, а если учесть транзитные автомобили, то их получается до 500 тыс. В связи с этим идет сильное загрязнение атмосферного воздуха.

Ключевые слова: атмосферный воздух, метро, город
Hygienic evaluation of air quality of Almaty

Teacher Adilova M. T.

The main source is, in our opinion, is the road transport. Because Almaty can be regarded as an industrial city, as in Almaty there are no large industrial plants that pollute the atmosphere. The main polluter - is road transport. To date, Almaty part of the 25 polluted cities in the air. At the present time, in Almaty, registered more than 200 thousand units of motor vehicles, and if we consider transit cars, they get up to 500 thousand. In this regard, is a strong air pollution.

Keywords: the air, metro, city


Похожие:

Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау iconПрактикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Тақырып:«Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау. Елді мекенді тазарту жөніндегі шаралар. Ауа, су және топырақ гигиенасы тараулары...
Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау iconҚарағанды мемлекеттік медицина академиясы №1 гигиена кафедрасы (жалпы гигиена)
Тақырыбы: «Ауа ортасының гигиеналық маңызы. Температуралық және ылғалдылық тәртібін өлшеу және бағалау әдістері.»
Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау iconАуа райы. Климат
Ауа райы дегенiмiз белгiлi жердегi сол уақыт аралығында атмосфералық күйi. Ауа райы сипаттамасына ауа температурасы, атмосфералық...
Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау iconБисимбаева сәуле бабатовна өкпе туберкулезін оңтайлы емдеудің гигиеналық тұрғыдан негіздеу
Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның
Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау iconАлматы қаласының
Оса беріліп отырған, Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) Ережелері (бұдан...
Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік)...
Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Тақырыбы: Асқазан ішек трактісі аурулары кезінде емдік тамақтану рационын гигиеналық бағалау
Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік...
Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Тақырыбы: Жүрек-қантамыр жүйесі, бүйрек және зәр шығару жолдары аурулары кезінде емдік тамақтану рационын гигиеналық бағалау
Алматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау iconАлматы қаласының басты өзендерінің экологиялық мониторингы
Бұл жұмыста Алматы қаласы арқылы ағып өтетін басты өзендер Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің 2009-10 жж аралығында...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница