21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы




Скачать 87.18 Kb.
Название21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы
Дата конвертации10.12.2012
Размер87.18 Kb.
ТипДокументы

21 қараша 11

3
изображение 013-2
Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігінің 2011 жылғы

16 қарашадағы кеңейтілген алқа

отырысының қорытындылары туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқасы мынадай:

І. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Б.С. Әбдірәсіловтің «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы»;

ІІ. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және білім беру объектілері құрылысының барысы туралы ақпараты (ОҚО әкімі мен ҚР БҒМ арасындағы келісімді іске асыру туралы)» мәселе бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.С. Оспановтың «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және білім беру объектілері құрылысының барысы туралы ақпараты (ОҚО әкімі мен ҚР БҒМ арасындағы келісімді іске асыру туралы)»;

ІІІ. «2011 жылғы ҰБТ қорытындысы мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Ә. Ырсалиевтың «2011 жылғы ҰБТ қорытындысы»;

ІV. «Республикалық жоғары оқу орны аралық электрондық кітапханалардың қызметі және оларды дамытудың перспективалық бағыттары туралы» мәселесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Г.Т. Балақаеваның «Республикалық жоғары оқу орны аралық электрондық кітапханалардың қызметі және оларды дамытудың перспективалық бағыттары туралы» баяндамаларын тыңдап талқылай келе ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

І. Бірінші мәселе бойынша:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Б.С. Әбдірәсіловтің баяндамасы назарға алынсын.

  1. Комитет төрағалары, департамент директорлары, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының бастықтары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары:

1) барлық өңірлерде, әрбір білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың әрбір фактісін, жалпы алғанда білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін тиісті талқылау жұмыстарын жүргізсін және басшылық деңгейде арнайы кеңестің қарауына шығарсын;

2) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тоқсан сайын ақпарат ұсына отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны және Министрліктің салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде жүйелі жұмыстарды реттесін;

3) 2012 жылғы 1 шілдеге дейін білім беру жүйесі қызметкерлерінің дискрециялы өкілеттіктерін алу үшін нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізсін;

4) 2012 жылғы 1 сәуірге дейін Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (М.Ж. Қайырбаева) білім беру жүйесі басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін оқытуды енгізсін.

3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев) аумақтық органдармен бірлесіп, білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларындағы заңнамалардың орындалуына бақылау жүргізу тетігін әзірлесін:

- 2012 жылғы 1 сәуірге дейін лицензиялау саласындағы заңнаманың сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі жан-жақты іс-қимыл жоспарын әзірлесін;

- 2012 жылғы 1 шілдеге дейін білім беру қызметін электронды лицензиялауға көшсін;

3) 2012 жылдың 2-тоқсаны ішінде білім беру ұйымдарын аттестаттау кезінде камералық бақылауды практикаға енгізсін.

4. Жоғары оқу орындарының ректорлары:

1) жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жүргізу мақсатында құқық бұзушылық әдіснамасын әзірлеу және мониторинг жүргізу үшін қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тартсын;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың бұзылу фактілеріне жол бермеу үшін білім беру жүйесіндегі сыбайластық деңгейі бойынша индекстеуді енгізу мәселесін пысықтасын.

5. Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаменті (Н.М. Ыбырайым):

1) Министрдің 2011 жылғы 6 мамырдағы №177 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырсын;

2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін барлық мемлекеттік сатып алуларды электронды форматқа көшіру мәселесі бойынша ұсыныс дайындасын.

3) 2012 жылғы 1 ақпанға дейін онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен деректер алмасуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы ЖОО-лар қызметінің ашықтығын арттыру жөнінде ұсыныстар дайындасын.

ІІ мәселе бойынша:

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.С. Оспановтың баяндамасы назарға алынсын .

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:

  1. проблемалы объектілерді жан-жақты қарап, кеңес өткізсін және белгіленген мерзімге құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, объектілердің уақытылы берілуін және бюджет қаражаттарының толық игерілуін қамтамасыз етсін;

  2. құрылыс-монтаждау жұмыстарын жеделдету бойынша іс-шаралар тізбесін әзірлесін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынсын;

  3. 2012 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2013-2014 жылдарға арналған құрылыс объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттама ұсынсын.

  1. Мемлекеттік бағдарламаны уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ оның іске асырылуына мониторинг жүргізу жүйесін күшейту мақсатында:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылымдық бөлімшелерінің, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының басшылары ағымдағы жылғы 15 желтоқсанға дейін Іс-шаралар жоспары тармақтарының орындалуы, нормативтік құқықтық құжаттардың қабылдануы бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінде бақылауда тұрған іс-шаралар тармақтарын бақылаудан алу, Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттардың игерілуі бойынша пәрменді шаралар қабылдасын;

2) Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаменті (Н.М. Ыбырайым) аяқтау нысаны нормативтік құқықтық құжаттарды қабылдау болып табылатын Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармақтарын бақылауға алсын;

3) ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар (А.Ә. Нұрмағамбетов), Қаржы және инвестициялық жобалар (Т.А. Нұрғожаева) департаменттері қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Іс-шаралар жоспарының барлық тармақтары бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу, оның орындалу барысы туралы, Мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі қаржы қаражаттарының игерілуі бойынша аралық ақпарат дайындасын;

4) жергілікті атқарушы органдар:

- Мемлекеттік бағдарлама іс-шараларының мүлтіксіз орындалуын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен жасалған Келісімдердің, мектепке дейінгі ұйымдарды енгізудің қадамдық жоспарының индикаторлары мен көрсеткіштерінің мәніне қол жеткізуді ерекше бақылауға алсын;

- аудандар мен білім беру объектілері бөлінісінде мемлекеттік бюджет қаражатының игерілуі, индикаторлар, көрсеткіштер, Іс-шаралар жоспарының тармақтары бойынша толық және сапалы ақпараты бар Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жылдық есепті дайындасын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынсын.

III. мәселе бойынша:

    1. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Ә. Ырсалиевтің баяндамасы назарға алынсын.

    2. Ұлттық тестілеу орталығы (К.С. Әбдиев):

  1. Тестілеу рәсімдерін, мазмұнын жетілдіру және қорғау жүйесін күшейту жөніндегі шараларды қабылдасын;

  2. 2011 жылғы 15 желтоқсанға дейін Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығымен (А.Ж.Құлтуманова) бірлесе отырып, 2011-2012 оқу жылында ҰБТ-ға логикалық сипаттағы тестілеу тапсырмалары базасын пайдалану бойынша іс-шаралар жоспарын құрсын.

    1. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):

  1. 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап Ұлттық тестілеу орталығымен (К.С. Әбдиев) бірлесе отырып, облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары базасында мемлекеттік комиссия төрағалары, мектеп директорлары, сынып жетекшілері, түлектер мен олардың ата-аналары үшін ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

  2. 2012 жылғы 25 наурыздан бастап сапалы жаңа деңгейде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізуді ұйымдастырсын.

    1. Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы (А.Ж. Құлтуманова) жаңа ұрпаққа арналған тестілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды жалғастырсын және оларды сараптау мен сынақтан өткізуді ұйымдастырсын.

    2. Жоғары оқу орындарының ректорлары және облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының бастықтары:

1) алқа қорытындысы бойынша олардың өкілеттілігіне жүктелген міндеттер шеңберінде ҰБТ-ны ұйымдастырып өткізу үшін жауапкершілікті арттыру мақсатында рәсімдерді өткізудің оң және теріс жақтарын талқылай отырып, кеңес өткізсін;

2) бейне бақылауды, металл іздегішті, ұялы телефондар байланысын өшіргіштерді қолдануды қамтамасыз етсін;

3) мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар мүшелерін, Министрлік өкілдерінің кандидаттарын сапалы іріктеуді қамтамасыз етсін.

    1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) Техникалық және кәсіптік білім департаментімен (Қ.Қ. Бөрібеков) бірлесе отырып, оқытудың сырттай нысанының контингентіне талдау жүргізсін және нақты ұсынымдарды ұсынсын.

    2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) 2012 жылы колледждердің түлектері үшін міндетті кешенді тестілеуді жүргізуді қамтамасыз етсін.

IV. мәселе бойынша:

1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментімен (Н.М. Ыбырайым), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен (Г.Балақаева), Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен (Е. Сүлейменов) бірлесіп:

  1. 2011 жылғы 26 желтоқсанға дейін Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық жоғары оқу орны аралық электрондық кітапхана (РЖОЭК) қызметінің тұжырымдамасын әзірлесін;

  2. РЖОЭК қызметінің ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық негіздерін қарастырсын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҰТАҰО базасында оның қызмет ету мәселесін пысықтасын.

  3. РЖОЭК базасында Қазақстан Республикасында білім беру ресурстарына бірыңғай қолжетімділік жүйесін құру мәселесін пысықтасын.

  1. Жоғары оқу орындарының ректорлары:

1) электронды білім беру ресурстарын мемлекеттік тілде әзірлеуді жандандырсын және РЖОЭК кітапханалық қорын ұдайы толықтыруды қамтамасыз етсін;

2) электронды білім беру ресурстарын қолдану бойынша профессорлар-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді оқытуды ұйымдастырсын;

3) РЖОЭК-ның базасында талдау негізінде электронды білім беру ресурстарын құру жөнінде Тақырыптық жоспарды әзірлесін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кітапханалық қордың электрондық базасын құрсын.

3. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы әзірленетін және қолданылатын электронды білім беру ресурстарына белгіленген тәртіпте сапалы сараптаудан өткізуді қамтамасыз етсін.

V. Аталған қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Алқа төрағасы,

Министр Б. Жұмағұлов

Похожие:

21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Әскери-патриоттық клубтардың төртінші республикалық слетiн өткiзу туралы
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және...
21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан...
21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүние жүзі тарихы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүние жүзі тарихы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүние жүзі тарихы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница