Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат




Скачать 71.54 Kb.
НазваниеҚызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дата конвертации10.07.2014
Размер71.54 Kb.
ТипДокументы
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында

атқарған жұмысы туралы ақпарат
Қызылорда облыстық Дін істері департаменті аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бекітілген жоспарлардың шеңберінде жүйелі түрде үгіт-насихат шараларын атқаруда.

Бірінші жартыжылдықта департамент тарапынан атқарылған шараларды бірнеше бағытқа бөлуге болады. Атап айтақанда,

- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру және насихаттау шаралары;

-Жергілікті тұрғындар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатындағы облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысын үйлестіру;

- облыс аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, діни білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзу;

- діни мазмұндағы әдебиеттер мен аудио-бейне таспаларға діни сараптама жүргізу мәселелері;

- жергілікті діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас орнату;

- жергілікті БАҚ өкілдерімен ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен төзімділікті насихаттау шараларын жүзеге асыру шаралары;

- облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес жұмысын жүргізу.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру және насихаттау шаралары бойынша мемлекеттік мекемелер мен жоғары және орта оқу орындарында жалпы саны 2 дөңгелек үстел, 4 семинар және 55 кездесу ұйымдастырылды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім - басты байлығымыз» және Қазақстан халқы облыстық Ассамблея хатшылығымен бірлесіп «Этносаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық моделі: теория мен тәжірибе» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында облыстық Дін істері департаменті қызметкерлері тарапынан баяндамалар жасалды.

А.ж. 18 сәуірде Қызылорда облысы бойынша Дін істері департаменті Қармақшы ауданының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп Қармақшы ауданында кент, ауылдық округ әкімдері, мешіт имамдары, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, дінтану пәнінің ұстаздары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Дін және зайырлы мемлекет» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында а.ж. 17 мамырда «Махаббат» пресвитериандық шіркеуінде кездесу өткізіліп, оған қала, Сырдария және Шиелі аудандарындағы протестанттық, пресвитериандық және елушілер бағытындағы діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Кездесуде, діни бірлестік өкілдеріне жаңа заңның тармақтары түсіндірілді. Ал ағымдағы жылғы мамырда департамент қызметкерлері Қызылорда қаласындағы «Жетінші күн Адвентистер шіркеуі» діни бірлестігінің мекен-жайында болып, мінәжат үйінің иесіне заң талаптары бойынша түсіндірме жасалды.

Есепті мерзімде Құқық қорғау саласы қызметкерлеріне діни саланы реттейтін жаңа заңды түсіндіру және оларды дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру бағытында облыстық қаржы полициясы, прокуратура, түзеу мекемелерінде және ішкі істер органдарында баяндамалар жасалды.

Сонымен қатар, департамент қызметкерлері Заңды және мемлекеттік дін саясатын түсіндіру мақсатында облыстық мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында дәріс алушы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне жыл басынан бері «Зайырлы мемлекет пен діннің қарым-қатынасы» тақырыбында тұрақты дәрістер оқып келеді.

Облыс көлемінде жергілікті тұрғындар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры жанындағы облыстық АНТ құрылып, оның жұмысын департамент келісім бойынша үйлестіріп келеді.

Аталған топ мүшелері 2012 жылға арналған жұмыс жоспарға сәйкес жергілікті тұрғындармен ақпараттық кездесулер өткізуде. Жастар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу, оларға еліміздегі қалыптасқан этноконфессияаралық қатынастардың маңызын түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық топ өкілдерінің жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерімен кездесу өткізу жоспарына сәйкес, 2012 жылдың 15 мамыры күні Қызылорда қаласындағы № 264 мектеп-лицейінде №101, 11, 176, 172, 257, 264 мектептерінің жоғары сынып оқушыларының, М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжінде студенттердің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Орта білім беру мекемелеріндегі жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу мақсатында Қалалық білім беру бөлімінде мектеп директорларымен семинар ұйымдастырылды. Орта білім беру саласы басшыларына осы бағытта заңға сәйкес түсіндірме жүргізілді. Кездесуде мектеп директорлары тарапынан оқушылардың жұма намазға қызығушылық танытуы мен хиджап мәселелері, «Дінтану» пәніне қатысты сауалдар қойылды.

Сонымен бірге, ү.ж. 12-13 шілде аралығында Дін істері департаментінің қатысуымен облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Арал, Қазалы, Шиелі аудандарында «Қазақстан - бейбітшілік пен конфессияаралық келісімнің кеңістігі» тақырыбында жергілікті тұрғындардың, кент, ауыл әкімдерінің, орта мектептердегі дінтану пәнінің ұстаздарының, жастардың және діни орта өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізілді.

Ислам бағытындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жанынан 2 үгіт-насихат тобы құрылған болатын. Атаулы АНТ тарапынан жергілікті мешіт жамағаттарымен профилактикалық маңызы бар кездесулер өткізілуде. Аталған топ бүгінгі күнге дейін облыстың барлық аудандарында болып, әр кезекте бес ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді. Осы мақсатта, аймаққа 22-23 мамыр күндері ҚМДБ-ның уағыз насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі А.Утисхан және Алматы қалалық орталық мешітінің найб имамы – Е.Әміре шақырылып, жоғары оқу орындары мен кәсіпкерлік салада кездесулер ұйымдастырылды.

Аймақтағы діни ахуалға талдау жүргізу, діни ғибадатханалардағы уағыздардың мәтінін зерделеу мақсатында арнайы іс-шара жоспары әзірленді. Аталған іс-шара жоспарына сәйкес ғибадатханалардағы уағыздарға тұрақты зерделеу жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін департамент қызметкерлері осы бағытта 21 мешітпен 7 басқа да ғибадатханаларда болды.

Сонымен бірге, аймақтағы діни ахуалға талдау жүргізу, туындаған проблемалық тұстарды зерделеу үшін елді мекендердегі жастармен, облыстық ардагерлер кеңесімен байланыс орнату мақсатында Дін істері департаментінде арнайы іс-шара жоспары әзірленді. Осыған сәйкес а.ж. 15 маусымда Дін істері департаменті аудан әкімдігімен бірлесіп Қармақшы ауданына қарасты Төретам кенті мен Ақай елді мекендерінің жастарымен, ардагерлер кеңесімен, кент, ауыл тұрғындарымен «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу өткізді. Қазіргі таңда, іс-шара жоспарына сәйкес кездесулер өз жалғасын табуда.

Департаментте аймақтағы діни бірлестіктер туралы деректер кешені құрылды.

Біріншіден, бүгінгі күнге дейін департамент жанынан құрылған Сарапшы топта барлығы 42 дана діни мазмұндағы әдебиеттерге алғашқы сараптама жүргізіліп, сараптамаға ұсынылған әдебиеттердің қорытындысы ҚР Дін істері агенттігіне келісімге жолданды.

Екіншіден, діни бірлестіктермен өзара үйлесімді қарым-қатынас орнату мақсатында департамент қызметкерлері 7 қаңтарда «Казанская Икона Божьей Матери православтық» шіркеуінде болып, мінәжат етушілерді «Рождество Христово» мерекесімен құттықтады. Осы мақсатта «Пасха» мерекесінде де департамент қызметкерлері қаладағы православтық, пресвитериандық, протестанттық шіркеулерде болып, діни бірлестік жетекшілерін діни мерекемен құттықтады.

Үшіншіден, есептік мерзімде Дін істері департаменті облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп жергілікті БАҚ өкілдерімен ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен төзімділікті насихаттау шараларын жүзеге асырып келеді. Осы мақсатта а.ж. 19 наурызда облыстық ішкі саясат басқармасында Дін істері департаментінің, Қазақстан халқы облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі А.Жұмабаевтың, облыстық және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарындағы дін саласымен айналысатын арнайы журналистердің қатысуымен кездесу өткізіліп, онда ұлтаралық, дінаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған журналисттердің материалдарының қоғамдағы орны мен маңыздылығы, ақпараттық шараларды бірлесе жүргізу мәселелері талқыланды және де арнайы топ құрылды. Аталған топ мүшелерінің екінші отырысы 17 мамырда өткізіліп, онда Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің ІV съезі туралы ақпараттандыру шаралары қаралды.

Бүгінгі күнге дейін, департаментпен Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын насихаттау және жергілікті тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Кому Что», «Өз елім», «Час пик» «Нұр» газеттеріне матриалдар жолданып, осы бағытта «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеаранасына сұхбаттар берілді.

Төртіншіден, облыс әкімі Б.Қуандықов төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құрылып, өз жұмысын жалғастыруда. Айталық, а.ж. 21 мамырда өткен кеңестің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңы аясында облыс көлеміндегі діни бірлестіктерді қайта тіркеу шаралары, 30-31 мамыр күндері Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында өтетін IV Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін облыс көлемінде ақпараттандыру, облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің ережесі мен мүшелерінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды. Нәтижесінде облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы мен ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бесіншіден, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеуге байланысты тұстарын түсіндіру мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынды.

- а.ж. 4-6 қаңтар аралығында Департамент директоры Б.Камалов Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында болып Бас имамдармен, мешіт жамағатымен кездесті;

- а.ж. 12-13 шілде аралығында Департамент директоры Б.Камалов Арал, Қазалы аудандарында іс-сапарда болып Бас имамдармен, мешіт жамағатымен және ауылдық округтердің әкімдерімен кездесті;

- а.ж. 15 сәуірде Департамент директоры Б.Камалов Қызылорда қаласында орналасқан «Сун Бок Ым», «Надежда», «Махаббат» пресвитериандық шіркеуі», «Сүйіспеншілік», «Жаңа өмір», «Агапе» діни бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті;

- а.ж. 12 мамырда Департамент қызметкерлері «Махаббат» пресвитериандық шіркеуінде «Сун Бок Ым», «Надежда», «Сүйіспеншілік», «Жаңа өмір», «Агапе», «Бүкіл әлемдік толық інжілдік христиан-пресвитериан» қауымы, «Благодать-інжілдік христиан миссионерлер орталығы», «Ізгі хабар Қызылорда», «Рухани - нұр», «Сәлем - Қызылорда» қауымы діни бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті.

Бұл бағыттағы тиісті шаралар әлі де өз жалғасын табуда.

Похожие:

Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconМаңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Бұл ретте, Маңғыстау облыстық дін істері департаменті қызметінің бағдары ең алдымен осы жұмыстарға бағытталған. Осы мақсатта жүйелі...
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconҚарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Арағанды облысының Дін істері департаментінде діни қатынастар мен конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы...
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconАлматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Алматы облысында 606 діни бірлестік қызмет атқаруда. Оның 408-і ислам, 45-і православ, 11-і католик, протестанттық бағытта...
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconЖамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Жамбыл облысы аумағында 5 конфессия мен 20 деноминациядан тұратын 392 діни бірлестік жұмыс атқаруда. Оларды 323-мұсылман,...
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconАқтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Ақтөбе облысы аумағында 112 діни бірлестік қызмет атқарады, олардың ішінде 81-і мұсылман қоғамы, 7 православие, 2 католиктік, 20...
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconШығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Конфессия және 10 деноминацияға жататын 365 діни бірлестік қызмет етеді. Қызмет ететін діни бірлестіктердің жалпы санынан 201 ислам...
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconБатыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Батыс Қазақстан облысында 10 конфессия мен 8 деноменацияны танытатын 73 діни бірлестік қызмет етуде. Миссионерлер ретінде 7 шетел...
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат Астана қаласы
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау...
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған жұмысы туралы есеб І
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған...
Қызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница