Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін




Скачать 137.24 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін
Дата конвертации10.12.2012
Размер137.24 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының

техникалық және кәсіптік білім беретін

оқу орындары директорларының

Республикалық Кеңесі туралы ережені

бекіту туралы

Техникалық және кәсіптік білім беру, жүйесін, жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті дамыту, оқу орындарының қызметін ұйымдастыруға сапа менеджменті жүйесін енгізу, нарық сұранысын ескере отырып, техникалық және қызмет көрсету еңбегінін мамандарын даярлауға білім беру тапсырысын қалыптастыру жөніндегі саясатты іске асыруға ықпал ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары директорларының Республикалық Кеңесі туралы ереже;

2) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары директорларының Республикалық Кеңесінің құрамы бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының директорларының Республикалық Кеңесінің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 114 бұйрығының күші жойылсын.

3. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері мен республикалық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Қ. Бөрібековке жүктелсін.

Министр Ж. Түймебаев


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы «24» маусым №373

бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасының

техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары директорларының Республикалық Кеңесі туралы

ереже



  1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары директорларының Республикалық Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

2. Кеңес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін, жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті дамыту, оқу орындарының қызметін ұйымдастыруға сапа менеджменті жүйесін енгізу, нарық сұранысын ескере отырып, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлауға білім беру тапсырысын қалыптастыру жөніндегі саясатты іске асыруға ықпал ету мақсатында құрылады.

3. Кеңес өз қызметінде білім беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, өзге де нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері
4. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) оқу орындары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу;

2) оқу процесін әрі қарай жетілдіруге, оқу орындарының материалдық – техникалық базасын жақсартуға бағытталған техникалық және кәсіптік білім берудің жалпы тәсілдері мен саясатын анықтау үшін ұсынымдарды пысықтау;

3) техникалық және кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту, көп деңгейлі оқу орындарын құру, экономика салаларының дамуын, өңірлердегі еңбек ресурстарының барлығын ескере отырып, оқу орындарын және олардағы мамандықтарды ұтымды орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4) білім беру ұйымдарының басшыларына оқу орындарын басқару жөніндегі олардың қызметіне құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік, кеңестік көмек көрсету;

5) кадрларды даярлау жүйесін жаңғыртуда нақты шараларды қалыптастыру, кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және инженер-педагог кадрларды ынталандырудың сапасын бағалау, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын қаржылық және ресурстық қолдау мәселелері бойынша білім беру саласындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, қауымдастықтар, жұмыс берушілер одақтарының өкілдерімен тығыз өзара қатынасты қамтамасыз ету;

6) техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері жөніндегі конференцияларды, семинарларды, педагогикалық оқуларды ұйымдастыру;

7) оқу процесін ұйымдарстыру, оқу орындарын басқару бойынша сапа менеджменті жүйесінің озық әдістерін енгізу, оқу орындарының директорлары жұмысының оң тәжірибелерін тарату;

8) білім алушыларды практикалық даярлау мәселелері, еңбек нарығын және кәсіптік лицейлердің, колледждердің, жоғары техникалық мектептердің бітірушілерін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді зерделеу бойынша оқу орындарының кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және кәсіпкерлік құрылымдармен байланысын нығайту;

9) өңірлердегі үздіксіз кәсіптік білім беру және кәсіптік оқыту курстары жүйесінің дамуына көмек көрсету;

10) жастар мен жұмыспен қамтылмаған халықты оқуға кәсіптік бағдарлау мен қабылдауды ұйымдастыру бойынша оқу орындарының қызметін үйлестіру;

11) оқу-материалдық базаны дамытуға және нығайтуға, білім- алушылардың салауатты өмір салтын ұйымдастыруға жағдай жасау жөніндегі оқу орындарының қызметін үйлестіру;

12) кәсіптік лицейлердің, училищелердің, колледждердің, жоғарғы техникалық мектептердің тікелей халықаралық байланыстарын орнатуға, нығайтуға және дамытуға көмек көрсету;

13) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің басқарушы және педагог қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға көмек көрсету;

14) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары қызметкерлерінің азаматтық, әлеуметтік - экономикалық, саяси, кәсіби құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруға және қорғауға көмек көрсету.



  1. Кеңестің құқықтары


5. Кеңес:

1) техникалық және кәсіптік білім беру мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар дайындауға;

2) техникалық және кәсіптік білім жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және оқу орындарындағы оқу - тәрбие процесін жетілдіру бойынша Техникалық және кәсіптік білім департаментіне, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге;

3) өңіраралық негізде еңбек нарығында кадрларға деген сұранысты ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру бойынша білім беру саласындағы тиісті жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге;

4) техникалық және кәсіптік білімді дамытудың бағдарламаларын әзірлеуге қатысуға;

5) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары мен қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту бойынша білім беру саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органдарға белгіленген тәртіппен оқу орындарының қызметкерлеріне құрмет атақтарын және басқа да мақтауларды беру туралы ұсыныстар енгізуге;

6) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан оның жұмысымен байланысты қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

7) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының және жүйесінің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлық күндеріне байланысты ғылыми-практикалық конференциялар өткізу жөніндегі ұсыныстарды енгізуге құқығы бар.

4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен құрылады (таратылады).

7. Кеңестің құрамына ведомстволық бағынысты және меншік нысанына қарамастан, облыстардың Астана және Алматы қалаларының, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары директорларының өнірлік кеңесінің төрағалары, республикалық колледждердің директорлары, қызметкерлерді дамыту мәселесімен айналысатын ірі компаниялардың өкілдері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру проблемаларын толық және жан-жақты талқылау үшін кеңестің құрамына және оның отырысына оқу орындарының басшылары, ірі өндірістердің, ұйымдардың кәсіпкерлік құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылады.

8. Кеңес өзінің отырыстарын қажеттілікке қарай, кемінде тоқсанына бір рет өткізеді. Кеңестің отырысы егер оған Кеңес мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда өткізіледі. Кеңестің шешімі қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады.

9. Кеңестің жұмысын қоғамдық негізде Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры – төраға, ол болмаған жағдайда Кеңес төрағасының орынбасары басқарады.

10. Кеңеске жүктелген міндеттерді орындау үшін мынадай жұмыс органдары: кеңес төралқасы, қызметтердің негізгі бағыттары бойынша комиссиялар, құрылады;

11. Кеңестің шешімдері төраға (ол жоқ кезде – Кеңес төрағасының орынбасары) және хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

12. Кеңестің хаттамалары мен шешімдерін ресімдеуді Кеңестің хатшысы жүзеге асырады.

13. Кеңес өзінің өкілеттігі шегінде Кеңес мүшелері орындау үшін ұсыныс сипатындағы шешімдер қабылдайды.

14. Кеңес алдындағы міндеттерді орындауға байланысты шығыстарды Кеңес мүшелері - оқу орындары үлестік негізде көтереді.
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы «24» маусым №373

бұйрығымен бекітілді

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары директорларының Республикалық Кеңесінің құрамы

Бөрібеков Қадірбек

Қозыбайұлы

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры, төраға


Мұйтұнова Алма

Тұрсынғазықызы

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің техникалық және кәсіптік білім мазмұны басқармасының бастығы


Әлсейітова Меңжамал

Дүйсембайқызы

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің техникалық және кәсіптік білімді талдау және дамыту басқармасының бастығы


Дәулетова Ғалия

Ноғайқызы

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің мемлекеттік тапсырыс және орта оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бастығы


Далдыбаева Айсұлу

Батқалқызы

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің әлеуметтік әріптестікті және кәсіптік оқыту курстарын дамыту басқармасының бас сарапшысы

Ережепов Серкебай

Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығының директоры




Ахат Нұртас

Ахатұлы

Қазақ педагогикалық колледжінің директоры, Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Асқаров Жақсылық

Рахымбекұлы


Көлік және коммуникация колледжінің директоры, Ақтөбе облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы

Қасымбек Жақсыбай

Нұрлыбайұлы

Алматы экономикалық колледжінің директоры, Алматы облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Тыныбаева Баянсұлу

Қодасқыз



Гуманитарлық колледждің директоры, Атырау облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы

Әлмұқанов Марал Әлібекұлы

Геологиялық зерттеу колледжінің директоры, Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Егенбердиева Бәтес

Шайменқызы

Политехникалық колледждің директоры, Жамбыл облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Құрманалина Шалқыми

Хайруллақызы

Педагогикалық колледжінің директоры, Батыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы



Рахимов Зекен

Рахимович

- Политехникалық колледждің директоры, Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Байғабылов Сатыбалды

Қабиұлы

Қостанай ауылшаруашылық колледжінің директоры, Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызы

Гуманитарлық колледждің директоры, Қызылорда облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Ушакова Анна

Васильевна

Гуманитарлық колледждің директоры, Маңғыстау облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Қапенов Қабылбек

Қабыл-Манапұлы

Техникалық колледждің директоры, Павлодар облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Шатковский Михаил

Леонидович



Көлік және коммуникация колледжінің директоры, Солтүстік Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы



Досқалиев Қанатбек Балтабайұлы

Құқық және салалық технологиялар колледжінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы


Әзісханов Жантілеу

Нұршаұлы

Құрылыс және менеджмент колледжінің директоры, Алматы қаласы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы

Старунов Виктор


Ильич

Политехникалық колледждің директоры, Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының директорлар кеңесінің төрағасы  


Мұратбекова Светлана

Кабиденқызы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Көкшетау қаласы медициналық колледжінің директоры, (келісім бойынша)


Құжымов Мырзабек


Тұрабекұлы

Қазақтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжінің директоры, Қазақтұтынуодағы колледждерінің директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)


Мырзаханова Қарлығаш Ыбрайханқызы


Алматы хореография училищесінің директоры

Қосбармақов Ержан

Әбутәліұлы

Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры


Түсіпбеков Тілеуғали

Темірғалиұлы

Семей қаржы-экономикалық колледжінің директоры


Қыстаубаев Керімбай

Исайұлы

О.Таңсықбаев атындағы сәндік- қолданбалы өнер колледжінің директоры


Қожахметов Сұлтан

Тайғараұлы

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры


Айсариева Мадина

Бегайдарқызы

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның теміржол көлігінің қызметкерлерін дамыту және бағалау орталығы филиалының директоры


Мұқатаев Серік

Мұрсәлімұлы

«Отан» Республикалық қоғамдық бірлестілігінң «Ақмола облыстық кәсіби-техникалық орталығы» мекемесі филиалының директоры


Раисханова Раушан

Советқызы

Адамзат ресурстары басқармасының директоры, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қызметкерлерді дамыту орталығының директор кеңесшісі

ЛИСТ СОГЛАСОВАНИЯ


к приказу «Об утверждении Положения о

Республиканском Совете

директоров учебных заведений

технического и профессионального

образования Республики Казахстан»



ВНОСИТ:

СОГЛАСОВАНО:

Департамент технического и профессионального образования

________________ К. Борибеков

«_____» ____________ 2008 г.

И.о. ответственного секретаря

________________ К. Шамшидинова

«_____» ____________ 2008 г.






Вице-министр

________________ Ф. Куанганов

«_____» ____________ 2008 г.





Финансовый департамент

________________ Т. Нургожаева

«_____» ____________ 2008г.





Юридический департамент

________________ Р. Алимкулов

«_____» ____________ 2008г.





Административный департамент

________________ Т. Мекамбаев

«_____» ____________ 2008 г.


Проект приказа согласован

в Департаменте технического и профессионального образования

Начальник Управления

Исполнитель

Байсакалов А.Б

Далдыбаева А.Б







КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
«Қазақстан Республикасының

техникалық және кәсіптік білім беретін

оқу орындары директорларының

Республикалық Кеңесі туралы ережені

бекіту туралы» бұйрығына



ҰСЫНАДЫ:

КЕЛІСІЛДІ:


Техникалық және кәсіптік білім департаменті

________________ Қ. Бөрібеков

«_____» ____________ 2008 г.

Жауапты хатшының

міндетін атқарушы

__________ К. Шамшидинова

«_____» ____________ 2008 г.





Вице-министр

__________ Ф. Қуанғанов

«_____» ____________ 2008 г.





Қаржы департаменті

________________ Т. Нұрғожаева

«_____» ____________ 2008 г.





Заң департаменті

________________Р. Әлімқұлов

«_____» ____________ 2008 г.





Әкімшілік департаменті

________________Т. Мекамбаев

«_____» ____________ 2008 г.


Бұйрықтың жобасы

Техникалық және кәсіптік білім департаментінде келісілді

Басқарма бастығы

Орындаушы

А. Б. Байсақалов

А.Б. Далдыбаева







Похожие:

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін iconТехникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Рі – Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына...
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін icon«техникалық ЖӘне кәсіптік білім беру жүйесін жаңҒырту»
Азақстан республикасының білім және ғылым министрі б. Т. ЖҰМАҒҰловтың «техникалық ЖӘне кәсіптік білім беру жүйесін жаңҒырту» жобасы...
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін iconБҰйырамын: Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің тізбесі бекітілсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Қ
«Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы»
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін iconҚазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету үшін оның мазмұнын, материалдық-техникалық...
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін iconҚазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін техникалық және кәсіптік...
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №587 Бұйрығы «Білім туралы»
Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница