Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы




Скачать 235.47 Kb.
НазваниеМазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы
Дата конвертации10.12.2012
Размер235.47 Kb.
ТипДокументы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ



1-ТАРАУ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Қаланың географиялық орны мен табиғаты, тарихы

1.2. Алматы - рекреациялық экскурсиялық өлкетануы
2-ТАРАУ. ТУРИСТІК ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ

2.1. Рекреациялық және экскурсиялық объектілер

2.2. Алматы ауасын тазарту өзекті мәселе
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Алматы Іле бойы жазығы оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында теңіз деңгейінен 700-900м жоғары үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан.

Алматы қаласы өзінің рекреациялық және экскурсиялық объектілерге молдығымен де ерекшеленеді. Рекреациялық объектілер денсаулықты сауықтыру, спорттық сауықтыру, танымдық, мәдени және табиғи мақсаттағы деп сипаттауға болады. Осыған қарай адамдардың жиі сұраныстарын тудырып отырған негізгі рекреациялық объектілерге шолу жасалады.

Алматы – еліміздегі аса ірі қалалардың бірі. Табиғат жағдайлары, күннің жылуы, климат, жер бедері және табиғат байлығы, су, өсімдік, жер және жануарлар дүниесі экономиканың дамуына күшті ықпал етеді.

Қазақстанның табиғи ортасының табиғат жағдайлары мен экономиканы дамыту айырықша бай әрі алуан түрлі. Республикада бағалы кен байлықтарының көптеген түрлерінің ірі қорлары, жыртуға жарамды құнарлы жерлердің егін алқабы, ұлан-байтақ жайылымдар мен пішендіктер бар.

Алматы экологиясына тоқталар болсам. Алматыға бізден бұрынырақ ат басын тірегін аға буын өкілдері оңтүстік астанамның әсемдігі мен көріктілігін, саф ауасын жырдан қызық қылып айтып отыратынын талай естіп едім. “Алматының апорты” деген тіркес те сол кезде қалыптасқан. Шеттен келуші қонақтарға Алматының кез-келген жерін қысылмай көрмете алатындай жағдай бар.

Қоршаған орта мен ауа бассейнінің ластануы бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі мегополис – Алматы қаласы үшін аса өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Мұның себебі неде?

Эколог мамандарының бұл мәселеге байланысты пікірлері мынадай. Соңғы 20 жылда бір жарым млн халқы бар қаладағы физика-географиялық және табиғи – климаттық ерекшеліктердің жеткілікті дәрежеде ескерілмей дамуы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соқты, өйткені оңтүстік астананың көп бөлігі жел тимейтін тау баурайында орналасқан. Бұған тек тау жобаларына жабыса орналасқан оңтүстік аудандар ғана кірмейді. өкінішке орай, қаланың шығыс жағындағы тұрғын үйлер де сол жел тимейтін аумақтарға қосылады. Алматы ауасын, құрамында адам ағзасына аса қауіпті формальдегидтер, фенол мен азот диоксиді бар зиянды заттар ластауда. Олардың ауа құрамында көрсеткіші тиісті деңгейден бірнеше есеге асып кетті. Әрине, мұндай қауіпті процестің халық денсаулығына тигізіп жатқан зияны орасан. Қазіргі кезде бірнеше ондаған мың алматылықтар қан айналу жүйесінің, онкологиялық және аллергиялық аурулардан, уландырудан зардап шегуде!

“Ауруды жасырғанмен өлім әшкере етеді” демекші, біз төндіріп айтпасақ та, шынайы жағдай сондай. Бірақ бұған қарап бет албаты үрейленіп, немқұрайдылыққа бой алдырмау керек. өзін және сүйікті қаласын сыйлайтын оңтүстік астананың әр бір тұрғыны экология мәселесінде сауатты болуға міндетті. Себебі, бұл шынымен-ақ өмір мен өлім мѕселесі олай дейтіміз, қала ауқымдағы жалпыға ортақ үй. Сондықтан да жеке баспанаңды қаншама нығайтып, аяласаң да ол өзгелерден бөлек қала алмайды. Міне осыны түсінетін кез жетті.

Жұмыстың мақсаты: Рекреациялық және экскурсиялық объектілерге шолу. Алматы қаласының экологиялық жағдайын зерттеу және оның ластану көздерін анықтау.

Міндеті:

  1. Тарихи кезеңдерді саралай келіп, туризмдегі орнын айқындау;

  2. Рекреациялық-экскурсиялық объектілерге шолу жүргізіп, оларды мәндік сипатына қарай жіктеу;

  3. Аулалардағы, көшелердегі негізгі ластаушыларды анықтау.

1-ТАРАУ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Қаланың географиялық орны мен табиғаты, тарихы
Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласы, Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-900 м жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласты. Атырабының 600 метрден жоғары орналасқан өңірі – қалың ағаш өскен шұрайлы алқап. Алматы альпілік сипаттағы тау массиві – Іле Алатау антиклинорийінің солтүстік қанаты етегінде.

Жер бедері. Алматы төңірегінде негізінен таулы келеді. Оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі – Іле Алатауы жатыр.

Үлкен және Кіші Алматы өзенінің аралығы дөңбектасты-малтатасты шөгінділерден түзілген. Қала негізінен осы ысырынды конус пен лайлы тасқындар әрекетінен жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан.

Климаты. Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы – желсіз тымық ауа райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді. Ауаның көпжылдық орташа температурасы +9 +7.

Алматы қаласының тарихына тоқталамыз. Алматы қаласының ресми түрдегі тарихы 1854 жылы Кіші Алматы өзені маңында қаланған Верный атты орыс қамалынан басталады.

Алайда қала тарихының тамыры тереңге кеткен. 16 ғасырдың бірінші жартсында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын, әрі жазушы Захириддин Мұхаммед Бабырдың еңбегінде мынадай мәліметтер кездеседі: Ферғана – бесінші климаттағы облыс, игерілген жерлердің шекарасына орын тепкен; оның шығысында – Қашқар, батысында – Самарқанд, Баданқаш шекарасының оңтүстігіндегі тауларда, солтүстікте атаулар Таразкент кітаптарында жазылған Алмалық, Алмату және Янги сияқты қалалар ертеректе болғандарымен, бірақ оларды монғолдар қиратып, жермен-жексен еткен. Қазір аталған жерлерде елді мекен мүлдем қалмаған. Мұнда болашақ Алматының орнында орналасқан және Алмату деген атқа ие болып келген ортағасырлық қала туралы айтылады. Алмату елді мекені жөнінде Бабырдың замандасы Мұхамед Хайдар Дулати да өзінің “Тари-и-Рашиди” шығармасында қолтаңба қалдырған.

Бүгінгі Алматы – жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібінің аса ірі орталығы болды. Алматы – темір жолдардың, автомобиль жолдарының және әуе қатынасының маңызды тарабына айналды.

Тарихи шолуда Алматының байырғы кезеңнен бері қала болып келетіндігін аңғардық. Ғасырлар бойы күйреп, қайтадан қалыптасып отырған қаланың мәңгілер санатына жатқыза алатынымызға көз жеткіздік. Тарихтың Алматыға мыңдаған туристерді тартпауына кім кепіл!

Табиғаттың осындай әсемдігіне ата-бабаларымыз өткен ғасырларда-ақ назар аударған.

Бұл аймақтағы денсаулықты сауықтыру, емдік мақсатындағы рекрациялық объектілердің дамуына климаттың қолайлығы және минералды бұлақтардың болуы тікелей әсер етеді.

Екінші тарауда біз рекрациялық және экскурсиялық объектілерге тоқталып, олардың туризм негізгі функциясы ретінде қалыптасуына қандай жағдайлар әсер ететініне сипаттама жасаймыз.
1.2. Алматы - рекреациялық экскурсиялық өлкетануы
Алматы қаласы өзінің рекреациялық және экскурсиялық объектілерге молдығымен де ерекшеленеді. Рекреациялық объектілер денсаулықты сауықтыру, спорттық сауықтыру, танымдық, мәдени және табиғи мақсаттағы деп сипаттауға болады. Осыған қарай адамдардың жиі сұраныстарын тудырып отырған негізгі он рекреациялық объектілерге шолу жасаймыз.

МЕДЕУ” - жасанды мұз айдыны бар, дүние жүзіндегі ең ірі қыстық спорт комплексі. Кіші Алматы өзенінің Медеу қонысына иек артқан жерінде, Алматыдан 18 км, теңіз деңгейінен 1691,2м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 жылдан жарыстар өткізіле бастады. Тау суының мөлдір мұзы, айдынның жарыс өткізуге қолайлы, жел өтінен қаға беріс, әрі ауа қысымы сирек жерге орналасуы. “Медеу” мұз айдынының орнынан “Медеу” спорт комплексі ашылды. Жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м², коньки жарысына лайықталған 3 сырғанау жолы бар.

Сайран бөгені – Үлкен Алматы өзенінің арнасындағы жасанды су айдыны. Қаланың оңтүстік-батыс жағында, 1971 жылы арнаға бөгет салынудың нәтижесінде қалыптасты. Бөгеннің жалпы ұзақтығы 3,6 км, енді жері 1,4 км толған кездегі көл 2,3 млн. м³, терңдігі 12,1м, ең терең жері 18м. Демалыс зонасына айналдырылған.

Орталық мәдениет және демалыс паркі. Қаланың шығыс жақ бөлігінде орналасқан, 100,4 га жерді алып жатыр (1981), оның ішіндегі жасыл желек массиві 70 га-дан астам. 1856 жылы Кіші Алматы өзенінің Верныйдан өтер тұсындағы оң жағасына “Қалалық қазына бағы”.

Осындай қиын кезеңде, яғни 1882 жылы бақтың меңгерушілігіне Э.О.Баум тағайымдалды. Оның ғылыми басшылығымен бақ аз уақыттың ішінде қалпына келтірілді, кейбір ағаш қайта отырғызылды, ағаш және гүл түрлері көбейтілді.

Бұл күнде парк – еліміздегі аса көрікті және демалуға қолайлы бақтардың бірі. Мұнда 2-мыңнан астам өсімдік түрі кездеседі, жасанды су айдыны, 16 ірі аттракционы, оқу және шахмат павильоны, кинотеатр, спорт комплексі (Спартак стадионы және велотрек), ашық эстрада, би алаңы, тамақтану орындары (ресторан, кафе) т.б. халыққа мәдени-ағарту және тұрмыстық қызмет көрсететін орындар бар.

Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар атындағы парк, Гоголь мен Қонаев көше қиылысында орналасқан. өткен ғасырдың 70-80 жылдары 10 га жерге отырғызылған бұл жасыл желек массиві алғашқыда А.С.Пушкин сквері аталады. Конфигурациясы реттелген сквер 1900 жылы Федерациясы паркіне айналды. ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамындағы 1075 полкі 4-ротаның 2-взводы жауынгерлерінің Москваны қорғаудағы көрсеткен ерлігі құрметіне 1942 жылы 29 сѕуірде Ж.с.г.п.а.п. аталады. Ауданы 18 га шырша, көк терек, үйеңкі, қарағаш, емен және қарағай басым өседі.

Түркісіб” санаторийі. Қаладан 8 км, Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. 1934 жылы ұйымдасқан “Түркісіб” демалыс үйі негізінде 1946 жылы құрылған. Санаторий жыл бойы істейді. Мұнда өкпе, тыны органдары және нерв жүйесі ауруларына шалдыққандар қабылданады. Негізгі емі – жеңіл теріс заряды аэроионды иондағы тау ауасы, ионбронды, оттекті, көмірқышқылды, азотты т.б. ванналар, сондай-ақ физиотерапия.

Каменское плато” - қымыз және ауа райымен емдейтін санаторий. 1932 жылы ашылған. Іле Алатауының солтүстік беткейінде, теңіз дейгейінен 1370 м биіктікте, қаладан 10км. жыл бойы жұмыс істейді, бір мезгілде 350 адам қабылдайды. өкпе туберкулезбен ауырғандар, қол-аяқ, бүйрек т.б. туберкулез ауруларынан емделеді. 1971 жылы 75 төсектік урогинеколог бөлімі ашылды. Жақсы жабдықталған рентген, физиотерапия, функциональды диогоностика, емдік физкультура, тіс т.б. кабинеттер және клиникалық, биохим, бактериология лабораториялар бар.

Алмаарасан” курорты. Іле Алатауының көркем табиғатты алқабына, теңіз деңгейінен 1800-1850м биіктікте. Алматыдан 26 км. 1931 жылы ұйымдастырылды. Емге пайдаланатын шипалы суында радон, сульфат, карбанат, натрий қосылыстарының әлсіз минералданған ертінділері. “Алмаарасан” курортында нерв жүйесі, буын зақымдары, тері аурулары және әйел аурулары мен сырқаттанғандар емделеді. “Алмаарасанда” арнаулы бұлақ, әртүрлі лабораторлар мен емдеу бөлмелері, емдік физкультура бөлмелері бар.

Орталық стадион ірі спорт комплексі. 1955 – 1967 жылы іріге көтерді. Абай пр. мен Есентай өзенінің қиылысында бір кварталы алып жатыр. Комплекс құрамына спорт аренасы – стадион, футболшылардың жаттығу алаңы, спорт ойындарының Кіші стадионы, Жабық және ашық жүзу бассейні, Спорт сарайы, жеңіл атлетика манежі, ашық теннис корты, спорт аландары енеді. Негізгі спорт аренасы 1958 жылы арх. А.Қ.Қапанов пен А.Я.Коссовтың жобасы бойынша салынды.

Стадионның спрот аренасы футбол алаңы мен 400 және 100 метрлік жүгіру жолынан, оған қосымша жеңіл атлетика мен түрлі спорт ойындарына арналған секторлардан тұрады.


2-ТАРАУ. ТУРИСТІК ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ

2.1. Рекреациялық және экскурсиялық объектілер
Қаладағы экскурсиялық объектілердің өзі түрлі мәнде сипатталады. Экскурсиялық объектілер – табиғи, тарихи әдебиет пен өнертану, өндірістік мақсатта қарастыруға болады.

Алматының экскурсиялы объектілері кімді болса да қызықтырып қоймайды. Осындай негізгі он объектіге шолу жасаймыз:

Орталық мемлекеттік музей – табиғи, тарихи, меатериалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін – Қазақстан территориясындағы ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі адамзат қоғамы мен табиғаттың дамуы туралы деректерді жинақтайтын, сақтайтын, зерттейтін көпшілікке көрсететін және насихаттайтын ғылыми, өлкетану, мәдени ағарту мекемесі.

19 ғ-дың 30 жылдары Орынбор қаласындағы Неплюев әскери учелищесі жанында “Орынбор өлкесінің музейі” ретінде құрылды.

1929 жылы, майда Орталық музей Орынбордан Алматыға көшірілді. Мұнда оның қорына бұрынғы Жетісу облыстық музейі мен Жетісу қазақ әскерлері музейінің, ал 1941 жылы республикалық дінге қарсы музейдің қорлары қосылды. 1944 жылдан Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейі деп аталды.

Қазақтың ұлттық музыка аспаптар музейі. 1980 жылы ұйымдастырылды. Музей қорында 400-ден аса экспонат бар. Экспонаттар негізгі 4 залға қойылған. Мұнда қос ішекті, үш ішекті, қуыс мойын, кең шанақты, ішкі ішекті, шіңкілдек, екі жақты деп аталатын домбыра турлері, сондай-ақ нарқобыз, қылқобыз, желқобыз, сазген, шертер, дұдыға тоқылдақ, тұяқтас, шартылдауық, сақпан, асатаяқ, шың, шаңқобыз, сырнай, ауыз сырнай, қамыс тілік, қос қамыс, сыбызғы, жетілген желбуаз, даңғыра, дабыл, шыңдауыл, кепшік сияқты қазір халық арасында сирек кездесетін, не мүлде ұмытылған музыка аспаптарының 40-тан астам түрлері жинақталған. Мұнда белгілі ақын, композиторлар мен орындаушылар – Біржан, Абай, Жамбыл, Ықылас, Сейтек, Дина, Қызыл жырау, Мұрын жырау, А.Жұбанов, Қ.Әзірбаев, Ә.Қасенов, М.Ержанов, Д.Мықтыбаев пайдаланған домбыралар мен қобыздар, сол сияқты орыс, украин, ұйғыр, дүнген, корей халық музыка аспаптары да бар.

А.Қастеев атындағы Қазақстанның өнер музейі. 1976 жылы ашылды. Қазақтың көркемсурет галереясы мен қолөнер музейі құрылды. Музейді бейнелеу өнері мен сән және қосалқы өнер салаларының 17000-ға жуық туындылары жинақталған. 14 залында бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларынан, ревлоюцияға дейінгі орыс, совет, шетел өнерінен үлкен мағлұмат беретін 1500 шығарма бар. Қазақстан өнері білімі палеолит дәуірінен қазіргі кезге дейінгі ұлттық өнердің туып қалыптасуын сипаттайды.

Ағаш, сүйек, тері ұсақтау және тоқымашылық секілді қазақ халқының дәстүрлі өнер түрлері музей экспозициясының бірден-бір мақтаныш саналады. Музей ғимараты 1976 жылы (арх. Э.К.Кузнецов т.б. жобасы бойынша) қазіргі архитектура үлгімен тұрғызылған. Астыңғы үш қабатты шаршы көлемінің төбесі перамида пішінді шынымен жабылған.

Геология музейі, Қазақстанның Қ.И.Сатпаев атындағы геологиялық ғалымдар институтының гнологиялық музейі 1940 жылы құрылған.

Музейдің аумағы ұлғайып, 1945 жылы 300 м болды. 4 мыңға жуық коллекциялық және көрмелік материалы 60 витринаға орналастырылды. Ал 1965 жылы музей ауданы 1000м²-ден астам 5 залы бар арнаулы үйге көшті. Көрмеге қойылатын қатты материалдар 252 витринада көрсетіледі, экспонаттың жалпы саны 46 мыңға жетті.

Музейдің ең ірі экспозициясы – Қазақстан жерінде көп кездесетін пайдалы қазындылар. Мұнда руданың көптеген коллекциялары: темірдің, марганецтің, хромның, никельдің, мыстың, қорғасын – мырыштың, асыл металдардың т.б. көптеген түрлері бар. Олардың арасында, әсіресе Жезқазғанның, Кенді Алтайдың, Орталық Қазақстанның, т.б. рудалары маңызды орын алады.

Археология музейі. Қазақстанның ғалым академиясы археологиялық музейі 1973 жылы 30-ші тамызда құрылған. Экспозицияда Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының аса көне заманнан орта ғасырларға дейінгі дамуы көрсетілген. Музейдің төрт бөлімінде тарихи материал әртүрлі аймақтар бойынша және хронологиялық кезеңдерге сәйкес жүйеленген.

1-бөлім тас дәуірінің ескерткіштеріне: төменгі және жоғарғы палеолитке арналған. Ш.Уәлихановтың Қаратаудағы тұрағынан Ақтөбе облысынан ашылған көне заман зираттарынан табылған материалдар қойылған.

Әуезов музейі. М.О.Әуезовтың әдеби-мемориалдық музей үйі, 1969 жылы қарашада жазушының соңғы он жыл бойы (1951 – 1961) тұрған үйінде ашылды. Бұл үйде “Абай жолы” эпопеясы, “М.Әуезов өнер саласында”, т.б. жазушының өмір жолы мен үлкен адамгершілігін бейнелейді.

Музейдің мемориялдық бөлімі, әсіресе жұмыс кабинеті өте қызықты. Жеке архиві, 150 мыңнан астам экспонаттарымен бірге көрмеде мемориалдық заттар, өнер шығармалары, фотосуреттер т.б. бар.

Ботаника бағы. Қазақстанның Ғылым академисының Бас ботаника бағы 1932 жылы құрылған, 1967 жылы ғылыми-зерттеу мекемесі дәрежесі берілген. Ауданы – 108га, Қазақстанның, Европалық бөлігінің, Сібір, Қиыр Шығыс, Қырым, Кавказ, Солтүстік Америка, Шығыс Азия флорасы ботаника-географиялық тұрғыдан топтастырылып, парк-ландшафт түрінде 61,3 га жерде Алматының оңтүстік бөлігінде, теңіз деңгейінен 896-906 м биіктікте орналастырылған. Батаника бағында 7 мыңнан астам өсімдік тџрі, түр тармағы, формалары бар және оның ішінде Қазақстан флорасынан 375, ТМД елдерінен 453, шетел флорасынан 872 өсімдік түрі бар.

Кафедралық собор – архитектуралық ескерткіш. Инженер, әрі архитектор А.П.Зенковтың жобасы бойынша 1907 жылы ірге көтерді. Жобасы крест пішінді. Шкантқа тізілген ағаш шеңбер ғимаратты салу ісінде негізгі канструкциялық элемент ролін атқарған. Собор құрылысында темірден айналдыра құрсау, белдеу тарту, төбені қабырғамен жабу, іргетасқа қосымша нығайтқыштар қою сияқты беріктік тәсілдері, оның жер сілкінісіне төзімділігін арттыру мақсатында пайдаланылған. Көтеріңкі іргетас, еңселі есік арқасы, көкке бойлаған 6 құлақ күнбез собор сәулетін арттыра түседі. Оны әсемдеу ісінде түрлі-түсті бояу, ағаш оймыш кеңінен қолданылған. Кафедралық собор 1910 жылы жер сілкінісі (9 балл) кезінде бүлінбеген.

Даңқ мемориалы (28 гвардияшы – панфиловшылар атындағы парк) – Азамат соғысы мен ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің қаћармандық ерлігін мәңге есте сақтау үшін орнатылған ескерткіш – 1975 жылы жеңіс күнінің 30 жылдығы қарсаңында ашылды.

Мүсіндік компазициясы алдыңдағы алаңға мәңгілік шырақ қойылып, оның екі қапталы ұзыннан-ұзақ тартылған гранит қорған-қабырғамен қоршалған. Қорған-қабырғада “Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мәңгі арта берсін” - деген жазу, ал қос босағасында “даңқ көрнейшісі” және “ант” деп аталатын мүсіндік топтама бар.

М.О.Әуезов атындағы қазақ драма театры. Театрға 1961 жылы М.О.Әуезовтың есімі берілді. Театрдың ғимараты 1980 жылы салынды. Ол Абай даңғылы бойындағы архитектура ансамблі құрайды. Көлемдік-композициялық құрылыс өзегіне үлкен және кіші көрермендер залы алынған.
2.2. Алматы ауасын тазарту өзекті мәселе
Ауаның тіршілік үшін қаншалықты қажет екендігі, оның ластануы орта мен адамның денсаулығы үшін қауіпті екендігі барлығымызға белгілі. Алматы қаласының экологиясы шектен тыс ластануда. Егер Көк-Төбеге шығып қарасаңыз қаланың үстін тұтасқан көк түтін басып тұрады. Қаланың ішімен, әсіресе Райымбек пен Рысқұлов көшелерінің бойымен жүрсеңіз тынысын тарылып, жүрегін қағып діңкілеп қаласыз.

Келбетті қаламыздың ауасы негізінен ірілі-кішілі жылу жүйелерінің трубаларынан құмырсқадай қаптаған автокөліктердің жанармайынан бөлініп шыққан зиянды заттар мен улы газдардан, көптеген өндіріс орындарының және жеке үйлердің мұржаларынан шыққан күйе-түтін мен шаңнан және әртүрлі химиялық заттардан ластанады. Сонымен қатар, қаланың іші мен айналасы түгел жеке жанармай құю станцияларына толып кетті. Мәселен, тек қана Қаскелен мен Алматы жолының бойында 40-тан астам май құю станциялары жұмыс істейді. Міне, осы АЗС-тер де ауаны көп ластайды.

Қазгидрометтің деректері бойынша, Алматы ауасының ластану деңгейі өте жоғары болып жатыр. Мұнда ауа басым ластайтындар: көмірқышқыл газы, күкірттің қосоксиді, көмірсутегілер, көмір оксиді, азоттың оксиді, фенол, формальдегид, түтін-шаңдар және басқалар. Сонымен қатар, тұрақты жылу көздерінің, әсіресе – АПК ТЭЦ-1 жүйесі 8253 тонна зиянды заттар бөліп шығарған. Бұл бөлінген заттар реакцияға түсіп бұрынғыдан да қауіпті жаңа қосылыстар түзеді. Ауаның құрамындағы химиялық улы заттар адамдардың денсаулығын бұзады, өсімдіктердің өсіп-дамуына зиянды әсер етеді. Егер ауа азоттың және күкірттің тотықтарымен ластанса, адамның тыныс алу жүйелеріне, көздің қабықшасына әсер етеді және өкпе ауруын тудырады. өсімдіктердің жапырақтарынада жүретін фотосинтезді тежейді және хлороз кеселімен зақымдалуына ықпалын тигізеді. Қан арқылы оттегінің ткандерге баруына бөгет жасайды.

Автокөліктер ауаны көбінесе көшелердің қиылысындағы бағдаршамдардың алдында және көше бойында бөгет болғанда басымырақ ластайды. Себебі, ондай жерлерде автокөліктер көп шоғырланады және олардың моторлары аз айналымда істеп тұрғанда ауаға улы газдар көп бөлінеді. Улы заттар, әсіресе көмірсутегілер мен көмір тотықтары толық жанып үлгере алмайды, ауаға шығып кетеді. Мотордағы жанармай толық жаңа алмағандықтан көмірсутегілердің басым бөлігі қара күйеге айналады. Әсіресе, техникалық арқауы бар автокөліктерден қара түтін көп бөлінеді және ондай түтіндердің ішінде өте улы бензапирин деген көмірсутегі болады. Егер ауа осы затпен ластанса, адамдардың өкпедегі қатерлі ісікпен ауыруы жиілейді. Бір тонна бензин жанғанда 60 кг сутегі тотығы бөлінеді екен.

Алматы қаласы ой-шұңқырда орналасқандықтан және жел соқпағандықтан ауаның алмасуы болмайды. Осыған байланысты ірі құрылыс кешендері мен тұрғын үйлерді салуға қаланың сыртындағы желді, ауа ағымы бар жерлерді пайдаланған жөн.

өндіріс орындары ауаны жақсартудың технологиялық тиімді жолдарын қарастырса, онда ол үшін әртүрлі шаң ұстағыштарды қолдану тиімді. өндірістен шығатын газ тәріздес лас заттарды немесе олардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі химиялық немесе физикалық әдістерді пайдалануға болады. Ол үшін абсорбция, адсорбция, тотықтандыру және қалыпқа келтіру, сонымен қатар каталитикалық тотықтандыру және бұларды конденсациялау әдістерін қолдану дұрыс. Органикалық отындардың ішінде ауаны көп ластайтын тас көмір. Ал, газды пайдаланғанда ауа ластанбайды. Сондықтан отынның таза түрін, атап айтқанда табиғи және жасанды газ, электр энергиясын, биогаз және басқаларын пайдаланған дұрыс. Қаладағы және қаланың айналасындағы тас көмірмен жағылатын өндіріс орындары мен тұрақты жылу жүйелерін, мекемелер мен шағын кәсіпорындарды жаппай табиғи газға көшіру тиімді болар еді.

Автокөліктер шығаратын улы газдар мен күрес жүргізу өте қиын. Ол үшін мына шараларды іске асыру керек: ауыр жүк машиналарының қаланың ішімен жүрулеріне тыйым салу, бір маршрутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлауына жол бермеу, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылау-реттегіш қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ, барлық жеңіл, жүк және адам таситын автокөліктерді газға көшіру. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жеке жанармай құю станцияларын орнату қажет. Газды пайдалану өте тиімді. Себебі, ауа ластанбайды және оны қолдану өте арзанға түседі.

Ірі қалаларда негізінен электрокөліктерді, метро, троллейбус пен тромвайды кеңінен пайдалануға тиімді. Қаладағы салынып бітпей жатқан метростанциялар келешекте жұмыс істейтін болса, онда Алматыдағы көліктердің жұмыстары айтарлықтай жақсарған болар еді. Сонымен қатар, ірі қалаларда экологиялық жағынан таза биокөліктерді: велосипедтер, веломобильдер, электробилдер және басқаларын пайдалану ұтымды. Бұлар ауаны ешқашан ластамайды.

Ауаны тазартудың келешектегі проблемасын шешудің жолы - өндірістің технологиялық процестерін жетілдіру немесе түбегейлі жанарту, ауаға шығатын зиянды заттардың көлемін азайту және қалдықтардың құрамындағы химиялық заттарды бөліп алып, оларды пайдаға асыру. Қазіргі кезде табиғи шикізаттардың 2-4 пайызы ғана қолданылады, ал қалған 96-98 пайызы әртүрлі қалдықтарға айналады және бұл қалдықтар қоршаған ортаны ластайды. Сондықтан осы қалдықтарды өңдеп, пайдаға асырудың маңыздылығы айтарлықтай. Ол үшін өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технология енгізу керек. Әсіресе, радиациялық технологияны қолдану арқылы қалдықтардың жаңа қасиеттері бар өнімдер алуға болады.

Қазірдің өзінде-ақ адамзат табиғатқа жасаған қатыгездігінің зардаптарын тартуда. Көз алдымызда жыл сайын миллиондаған гектар жас ормандар жоғалуда. Жер-Ана бүгін де өкпесі іріңді жара басқа адамға ұқсайды. Оның өзі де оттегі жетіспеуі тұншығуда. Қорғанышы болған өзен қабаты жұқарып, атмосферасы біртінде зиянды, улы заттар мен адамдардың сапасыз іс-әрекетінің өнімдерімен толығуда.

Осыдан екі жүз жылдан асатын уақыт бұрын, 1783 жылы Швейцарияның ұлы ботанигі Жан Сенебье өсімдіктердің ауадан көміртегін жұтып оттегін шығаратындығын дәлелдеген. Бірақ осы қағида әлі күнге дейін көптеген адамдардың санасына жетпеген секілді. Бұл әсіресе өз кәсібін ашып, жер учаскесін алып жеке мүддесі үшін ондағы өсімдіктерді қалай болса солай жайыптайтын қалалықтарға қатысты айтылған сөз. Олардың ішіндегі ең бір тонмойын топастардың мини-маркет немесе казино сала отырып клиенттердің көзіне көрінбей қалмас үшін кеңсесінің маңындағы ағаштар мен бұталарды кестіріп тастайтынын қайтерсің. өйтпесе, ол мырзалар пайдадан айырылады, шығын шегеді ғой. Сондықтан да жасыл желек олардың көзіне түскен шел тәрізді.

Соңғы уақыттарға дейін осы қалалықтар, шындығында бұлардың басым бөлігі тұрғылықты алматылықтары емес, өздерін бөліп алып билей беретін мырзалар саны, анықтан-ашық бассыздықтарын көрсетті.

Тағы бір айта кететін нәрсе, қала мен қала сыртындағы жайма базарлардың айналасы лас қоқыстарға, әртүрлі тұрмыстық қалдықтарға толады. Сондықтан ауаның ластануына жол бермес үшін, әрбір жерде шашылып жатқан қоқыстарды жинап, оларды өңдеп, пайдаға асыруға болады. Ол үшін шет мемлекеттердің жобасымен қоқыс өңдейтін зауыт орнату керек.

Қала ішіндегі көшелердің бойындағы парктер мен скверлердегі және бақтардағы шіріген, қурап қалған ағаштар мен бұталардың орнына жаңа көпжылдық ағаштарды, атап айтқанда: қарағай, қайын, терек, долана және басқаларын молырақ отырғызған абзал. Жапырағы жайқалған өсімдіктер мен ағаштар денсаулыққа пайдалы. Себебі, олар ауаны тазартады, көмір қышқыл газын жұтып, оттегін ауаға бөліп шығарады және ауаның бойындағы зиянды газдарды бойына сіңіріп алады, ауаны әртүрлі шаң-тозаңнан тазартады.

Мәселен, осыдан қырық жылдан астам уақыт бұрын АҚШ-та қоршаған ортаны қорғау аумағындағы ұлттық саясат жөніндегі заң қабылданып, ауаның ластануына қарсы ұзақ мерзімді күрес бағдарламасы дайындалған. Онда, сондай-ақ, айналадағы табиғатты адамдардың кері іс-әрекеттерінен қорғау шаралары да ескерілген. (Айналадағы табиғатты аса тартымды Алматы үшін де бұл өзекті мәселеледің бірі екендігі сөзсіз).

Сонымен, қорыта келгенде айтарымыз, өзіміз дем алатын ауаны ластамай, таза ұстау әрбір қала тұрғындарының міндеті екендігін естен шығармайық.

Бізде де оңтүстік астананың жасыл қорын сақтап, көбейту мәселесі нақты қолға алынған тәрізді. өкінішті әрине, соңғы он жылда бір шама жөнсіздіктерге жол бердік, шығындар да орын алды. Дегенмен де Алматының жасыл қала деген даңқына әлі дақ түскен жоқ. Тек жасыл желектің кәдімгідей сиреп қалғандығы сырт көзге бірден байқалады екен. Оның себебі, бей-берекет ағаш кесу әрекеттеріне әлі күнге жол берілуде. Әрине, бұл шаралар мүлде жүргізілмеу деген сөз емес. Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының тарапынан мүмкіндікке қарай жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Бірақ бүкіл қала тұрғындарының көмегісіз ол жұмыстардың нәтижесі ойдағыдай болмасы анық.

Алматы экологиясына байланысты “Таза ауа – жанға дауа” бағдарламасының негізі қаланып жеке-жеке бөлімдерге бөлінген. Атап-атап айтуға да болады.

  1. Автокөлік мәселесі. Қала көшелеріндегі автокөліктерден бөлінген зиянды заттар қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде.

  2. Қалаға жылу беретін кәсіпорындардан бөлінетін зиянды қалдықтардың алдын алу. Мысалы, Алматыда 1 – ЖЭО, 2 – ЖЭО, сол секілді ГРЭС, бұдан басқа 140-тан аса ірілі-ұсақты қазандықтар бар. Осылардың жиынтығы, бағдарламаның 2-ші факторы болып табылады.

  3. Қаладағы тұрғын үйлерден, жылу орталықтарынан бөлінетін тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Негізінен қаладан бөлінген күл-қоқыстар Қаскелең бағытына кететін жолдың бойындағы арнайы жерлерге апарып төгіледі. Кейінгі кездері қоқыс таситын көліктердің көнергеніне байланысты, тағы басқа себептер бар, осы жағынан біраз қиындықтар туындауда.

  4. Су мәселесі. Осы күні қала тұрғындары ішіп отырған ауыз су 120 м тереңдіктен алынып отыр. Соншама тереңнен алып отырғанын өзінде ауыз судың құрамында әр түрлі органикалық заттардың бар екені байқалуда сол секілді жер асты суымен бірге жер үсті суының көптеген шешілмеген түйіндері бар. Бұл бағытта да атқаратын жұмыстар шаш-етектен.

  5. Жасыл желек мәселесі. Расында біздің тұрып жатқан аймақтын жер-жағдайы, климаты өте керемет десек мақтанғандық емес. Оның үстіне біздің алдымыздағы аға ұрпақтың өз қолдарынан жасап кеткен демалыс орындары өз алдында. Мысалы: “Бауым бағы”, Орталық демалыс бағы, 28-панфиловшылар бағы ауаның тазарып тұруына белгілі мөлшерде пайдалы әсерін тигізеді.

Жасыл желек мәселесіне ағаш отырғызу да кіреді. Ағаш та қартаяды, дауылдан құлайтыны бар. Сәт сайын қадағалап, осылардың орнын толтырып отыру керек. Сонымен қатар, кейінгі көздері бой көтерген “Ақсай”, “Мамыр”, “Жетісу” секілді ықшамаудандарын жасыл желекпен қамтамасыз ету, сол маңайларға әдемі демалыс бақтарының бой көтеруіне ықпал ету. Енді осындай ойға алған әрекеттердің ілгері басып кету үшін халықты ынталандыру, жеңілдіктер ұсынуды да ойластыру керек. Мәселен, қоршаған ортаның жақсаруына үлес қосқан үшін коммуникалдық қызметтерге деген төлемақыны азайту, болмаса шағын бизнеспен айналысатындарға жеңілдіктер жасау.

  1. Қала салу мәселесі. Бұл мәселені сөз еткенде қала сыртынан қала салу деген сөз емес. Жыл сайын жаңа ықшамаудандар бой көтеруде. Сондағы салынған көп қабатты кешендердің талапқа сай болуын қадағалау. Себебі, алматыдағы бұрынырақ қалаған сәулетті құрылыстарда біраз қателіктерге жол берілген. Мысалы, Абай даңғылы бойындағы республикалық ұлттық кітапхана тау жақтан келетін самал желдің алдына кесе көлденең салынған. Осы сияқты басқада құрылыс ғимараттары аз емес. Былай қарағанда күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ осының өзі үлкен мәселе. Осыған байланысты қазіргі күні қаланың ұлғаюына орай үлкен мәселе. Осыған жоғарыдағы жәйттарды кіргізу қажет.

  2. Қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосқан шағын және орта бизнеспен айналасушыларға жеңілдіктер мен көмек қолын созу.

  3. Маниторинк және кадастр, яғни үздіксіз бақылау жүргізіп отыру. Қоршаған ортаның сапасын үздіксіз есептен өткізіп тұру қажет. Мұның да өзінің әртүрлі методологиясы бар. Осы бағытта қазір халықаралық Герман көмек көрсету қоғамымен жұмыс жүргізіліп жатыр, олардың өздерінің бөлген гранты бар. Сондай-ақ немістің “конгалтинг инженеринг” фирмасы жұмыс істеуде. Осындай жұмыстадың атқаралуымен моноторинг, кадастрдың негізі салынуда.

  4. Оқу-білім, ағартушылық арқылы экологиялық мәдениет қалыптастыру. Жалпы, мұндай өтпелі кезеңде қаржы тапшылығына байланысты “экология” деген ұғымға әр адам өз тарапына үңілу керек. Экологиялық оқулықтарды насихаттау, тарату керек. Жоғары оқу орындарындағы осы салаға маманданып жатқан жастар мен жұмыс жүргізу, семинарлар өткізу қажет. Сол секілді бала-бақшадағыларға қоршаған ортаны қорғау тақырыбында қызықты үйірме – сабақтар өткізу, тіпті теледидардан фильмдер де өткізу көрсетуге болады. Осының бәріжинақталып, экологиялық мәдениет дегенді құрайды.

Осы күні Алматыда нақты емес деректер бойынша 230-240 мыңға жуық автокөлік бар көрінеді. Мұны былай деп екі категорияға бөлуге болады: Кеңес кезендегі шығарылған ескі көліктер, қалғандары шет елдік көліктер. Шынын айтқанда бұлардың қай-қайсысы болмасын айналаға орасан зор апат әкелуде. Осы көліктердің шығарған түтінінде ғалымдардың зеттеу бойынша 200-дей химиялық зат болады екен. Оның үстіне көптеген көліктер қорғасын қосылған жанар маймен жүретін көрінеді. Зиянды заттарды бөлінетінін былай алып қойғанды адам өміріне де әкелетін қаупі де аз емес. Тіпті кейде көшеде жүрудің өзі мұң болып кетеді. Осындай себептердің жиынтығы мынаған әкеліп тіреуде:

  1. Көліктерге арнайы түтін сорғыштар орнату, бұл химиялық заттарды бейтараптандырады, яғни ұстап қалады. Қаладағы 300-дей “Икарус” автобустарына арнайы аспаптар орнату туралы нұсқау берілмек.

  2. Ерекше қорғалатын аймақтарға автокөліктерді аз жіберу.

  3. Қала ішіндегі көліктердің жүру ережесін қайта құру. қорыта келгенде, Алматының экологиялық жағдайын қалыпқа келтіретін жағдай бар.


ҚОРЫТЫНДЫ
Туризмді дамытудың географиялық сипаттама беруден басталуы заңды. Себебі, туристік реакциялық ресурстар табиғи ресурстармен тікелей байланысты, түрлері мен бағыттары алуан түрлі, сондықтан да табиғи объекті мен археологиялық объектілер негізінде ғана іздену жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласы тұрғындары және оңтүстік астана қонақтары ұсынылып отырылған объектілерді көруіне мүмкіншіліктері бар.

Алматы рекреациялық және экскурсиялық объектілерге бай болғандықтан, оларды сипатына қарай жіктедік. Олардың негізгілеріне жеке шолу жасай отырып, әр қайсысының өзіне тән асыл қасиеттеріне тоқталдық.

Қорытынды жасай отырып, мынадай тұжырымдарға келдік:

  • Алматының рекреациялық объектілерінің дамуына табиғи факторларының қолайлығын анықтадық;

  • Тарихи кезеңдерді саралай келіп, туризмдегі орнын айқындадық;

  • Рекреациялық-экскурсиялық объектілерге шолу жүргізіп, оларды мәндік сипатына қарай жіктедік;

  • Объектілерді туризмнің неігзгі функциясы ретінде қарастырып, маңыздылығын ашып көрсеттік;

  • Қала объектілерінің алдағы уақытта өрістеуі үшін насихат пен жарнама жұмысын және инвестициялар тарту саясатын уағыздауды қажет етеді.

  • Қала экологиясындағы негізгі мәселелер анықталып, болашақты шешу жолдарын іздестірді.

Олай болса, келешекте қаламыздың экологиясын – реакциялық экскурсиялық объектілерін жақсартуға қаланың әрбір тұрғыны үн қосады деп сенемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Алматы баурайында Алматы тұр.\\Егеменді Қазақстан, 1998-48, 4б.

  2. Алма-ата – столица Казахстана, Алма-Ата, 1968г.,295с

  3. Байдал М.Х. Календарные особенности климата Алма-Аты, Алма-Ата, 1976г.,36с.

  4. Бейсенова Ә.С. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, 1990ж., 248б.

  5. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. Алма-Ата, 1948г., 18с.

  6. Бейсеева Г. Адам экологиясы. Алматы, 2001, 5-10 бет

  7. Бейсеева Г. Экология және табиғат. Алматы, 2001, 10-12

  8. Құрманов Қ. Жасыл әлем. Алматы, 1977, 102 бет

  9. Алматы ақшам газеті. Алматы №5, 14 қаңтар 2003 жыл

  10. Алматы ақшам газеті. Алматы №108, 2002 жыл 26 қыркүйек.






Похожие:

Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Баға құрылымы

Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы iconРет № Теориялық бөлімінің мазмұны
Географиялық білім алу көздері. Топсеруен: Географиялық мекемеге несеме мұражайға бару
Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Ұлттық банктің атқаратын қызметтері, мақсаты және құрылымы
Менің курс жұмысымның тақырыбы "ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттейтін орган ретінде"
Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы iconАлматы қаласының
Оса беріліп отырған, Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) Ережелері (бұдан...
Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы iconМазмұны кіріспе І тарау. Visual basic программалау ортасы орта. 2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. Vb құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар,...
Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы icon2012 жылдың 1 қазан жағдайына Астана қаласының географиялық аумағында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің бағалары туралы ақпарат
Астана қаласының географиялық аумағында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің бағалары туралы ақпарат
Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы iconМазмұны Кіріспе 4

Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы iconМазмұны Кіріспе

Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы iconМазмұны Кіріспе

Мазмұны кіріспе 1-тарау. Алматы қаласының географиялық сипаттамасы iconАлматы қаласының ауа бассейінін гигиеналық ТҰРҒыдан бағалау
Мақалада Алматы қаласының қазіргі уақыттағы ауа бассейінін сапасының гигиеналық сипаты төңірегінде қысқаша жағдайы берілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница