1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)»




Скачать 392.39 Kb.
Название1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)»
страница1/5
Дата конвертации10.12.2012
Размер392.39 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
«Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1 бөлім.
1. «Миссиясы (міндеті)»
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерін іске асыру кезінде орайлы өмір сүру мен тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету. Шымкент қаласының аумағында, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңнамасының, сондай-ақ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік жүйенің нормативтік құжаттарының негізінде жүргізілетін сәулет-құрылыстық және қала-құрылыстық қызметтеріне мемлекеттік реттеу жүргізу.
Пайымдауы
Қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей- тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын салу жобаларын бекіту және іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру. Сәулет, қала құрылыстық және құрылыс саласында негіздеу, болжау мен бағдарламаларды құрастыру.

2 –бөлім
2. Ағымдағы ахуалды талдау және 2011 жылдың 1 маусымына

Шымкент қаласының сәулеттік дамуының қысқаша қорытындысы


  1. Қаланың Бас жоспарын игеру бағытында

Шымкент қаласының аумағын сәулет-қала құрылысын қалыптастыру бағытында игеру бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.04.2004 жылғы №446 қаулысымен бекітілген Бас жоспарына сәйкес іске асырылуда. Бас жоспар бойынша 2015 жылғы есепті мерзімге қала аумағы 36670 га, халық саны 600,0 мың адам жоспарланған, ал бүгінгі танда қала аумағы 39700 га, халық саны 627,0 мың адамды құрап отыр.

Қала аумағы жерін игеру барысында Бас жоспарда қарастырылған аудандарда 2015 жылға дейінгі есепті мерзімге есептелген, және де басқа резервтік территориялары осы аудандарының егжей-тегжейлі және аумақ құрылысы жобалары жасақталмай, көпшілігінде жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдері беріліп кеткен. Соның салдарынан осы аудандардың инфрақұрылымы, атап айтқанда құрылыс нормаларына (СНиП РК 3.01-01-2002. Градостроительство) сәйкес керекті әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектеп, бала бақша ғимараттары, инженерлік коммуникациялары мен желілері шешілмей, дамымай қалған.

Сол себепті, уақыттың талабына сай экономикалық-әлеуметтік проблемаларды, соның ішінде әлеуметтік нысандар, инженерлік құрылымдар мен автотранспорт қозғалысын шешу үшін, Бас жоспарға өзгерістер енгізуіне тура келді.
Бүгінгі таңда осындай өзгерістерді ескере келіп, және де Ел басымыздың Оңтүстік Қазақстан облысына сапары барысында «Шымкент қаласы Республикада Астана және Алматы қалаларынан кейінгі үшінші қала болуы тиіс және қала халқының санын бір миллионға жеткізіп, индустриалды-инновациялық бағдарламалардың қабылданып оны жүзеге асыру, еркін-экономикалық аймақтың ары қарай дамыту мақсатында, облыс әкімінің 25.10.2010ж. №352 қаулысына сай Шымкент қаласының бас жоспарына қайта өзгерістер мен түзетулер енгізу жұмыстар жүргізілуде. Бас жоспарға өзгерістер енгізгеннен кейін қала аумағы 117000 га, халқы бірінші кезеңде 1000,0 мың адамға өсу жоспарланған.

Қазіргі таңда, іс-шара жоспары әзірленіп, облыс әкімімен негізгі сызбасы мақұлданып, қалалық және облыстық қала құрылысы кеңестерінде талқыланып, түзетулер енгізілген Бас жоспар, 20.05.2011ж. өткен қалалық мәслихат сессиясының №48/406-4 шешімімен мақұлданды.

Ары-қарай жұмыстар жалғасуда.
Онымен қоса, кемшіліктерді болдырмау мақсатында, қала аумағында егжей-тегжей жоспарлау жобалары дайындалуда.

Атап айтқанда егжей-тегжей жоспарлау жобалары:

-Шымкент қаласының оңтүстік-батыс, бөлігінің нақты жоспарлау жоспарын әзірлеу;

-Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінің нақты жоспарлау жоспарын әзірлеу;

-Шымкент қаласының «Қошқар ата» өзенінің бойына нақты жоспарлау жоспарын әзірлеу;

-Шымкент-Ташкент бағытына нақты жоспарлау жоспарын әзірлеу;

-Шымкент қаласының орталық бөлігінің нақты жоспарлау жоспарын әзірлеу;

-Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінің нақты жоспарлау жоспарын әзірлеу;

-Шымкент қаласының солтүстік-шығыс бөлігінің нақты жоспарлау жоспарын әзірлеу;

2. Қала құрылысы кадастры бойынша

Қала құрылысы кадастрын құру мен жүргізу мәселесі ең бірінші өзекті мәселелердің бірі, қала құрылысы кеңістігіндегі мәліметтердің бәрі осы базада сақталып, жұмыс атқарылады. Бұл ауқымды жұмыстардың негізінде электронды базада сақталады, атап айқанда; қала көшелерінің қызыл сызықтары, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, тұрғын-үйлер жөніндегі мәлімет-ақпаратты (адресный регистр), көше атаулары мен олардың сан мөлшерін бере отырып, ҚР мемлекеттік-ақпараттық жүйесіне кіреді.

Ағымдағы жылы бұл жұмыстарды толық аяқтау көзделіп отыр.
3. Арыз-өтініштер бойынша:

Шымкент қаласының сәулет және қалақұрылысы бөліміне 2010 жылы жеке тұлғалардан 774 арыз-өтініштер, заңды тұлғалардан 365, мемлекеттік мекемелерден 3444 өтініш келіп түсті.

Қалалық жер комиссиясына _2563_ құжатқа қалақұрылыстық қорытынды дайындалып Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімінің құзырына өткізілген.

Ал, 2011 жылы жеке тұлғалардан 368 арыз-өтініштер, заңды тұлғалардан 154, мемлекеттік мекемелерден 1386 өтініш келіп түсті.

Жыл басынан, Шымкент қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімінен қалалық жер комиссиясына 1041 құжатқа қалақұрылыстық қорытынды дайындалып, жер қатынастары бөлімінің құзырына өткізілген.
4. Заңды және заңсыз салынған құрылыстар бойынша;

Шымкент қаласы бойынша заңсыз салынған құрылыстар туралы тиісті заңмен белгіленген, шара қолдану үшін МСҚБ басқармасына 1-ші тоқсанның басында 37 нысанның тізімі 06.01.11ж. №20/4 санды хатпен ұсынылды. Аталған басқармамен іс-шара жоспары әзірленіп, жұмыстар жүргізілуде. Осыдан кейін шара қолдану үшін қосымша 20 нысанның тізімі берілді.

Алайда, МСҚБ басқармасы тарапынан заң бұзушыларға тиісті шаралар қолданбай Шымкент қаласы сәулет және қалақұрылысы бөліміне 2011 жылы 17 қаңтарда №2/166 негізсіз сілтеме хат жолданды.

Дегенмен де, МСҚБ басқармасының тарапынан заң бұзушыларға тиісті шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданының прокуратурасына 26.04.11ж. №20/1434 санды хат жолданды.

Бұдан бөлек «Қызыл сызықтар» құрылыс заңнамалары сақталмай салынған нысандарды анықтау жұмыстары, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесе отырып бірінші кезекте Шымкент қаласының 13 орталық көшелеріне жүргізіліп, 123 нысан анықталды.

Бұдан бөлек «қызыл сызық» құрылыс нормалары сақталмай соғылған 43 нысандардың тізімі сәулет-құрылыс заңнамаларына сәйкестігін тексеріп, заң бұзылушылықтар анықталған жағдайда шара көру үшін МСҚБ басқармасына 21.04.11ж. №20/1345 санды хат жолданды.

«Қызыл сызықтар» құрылыс заңнамалары сақталмай салынған нысандарды анықтау жұмыстары бірінші кезекте қаланың орталық көшелеріне кесте жасалды.
5. Қала құрылысы Кеңесі жөнінде:

1.Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы негiзгi мәселелердi талқылау мақсатында, Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен Шымкент қаласының қала құрылысы Кеңесі құрылған. Кеңес Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң бiрыңғай қала құрылысы және сәулет саясатын iске асыру, қала аумағындағы инвестициялық-құрылыс қызметiнде қолданылған жобалардың сапасын көтеру мақсатында құрылған. Осы мәселелер қала құрылысы Кеңесінде егжей-тегжей талқыланады.

2011 жылдың 5-айында қала құрылысы кеңесінде келесі мәселелер қаралды:

  • Шымкент қаласының қалақұрылысы кеңесінде Шымкент қаласының Бас жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасы кеңес мүшелері және қатысушыларымен егжей-тегжейлі қаралып талқыланды.

  • Шымкент қаласының қалақұрылысы кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік әлеуметтік нысандар және жеке азаматтардың коммерциялық нысандарының эскиздік жобаларының сәулеттік келбеттері талқыланды.

  • Шымкент қаласы сәулет және қалақұрылысы бөлімінің кеңес мүшелеріне ұсынылған жобаларының бір қатарына оң шешім қабылданып, қалғандарына түзетулер мен өзгертулер енгізілгеннен кейін келесі отырыста қаралатыны шешілді.

  • Шымкент қаласы Нұрсәт мөлтек ауданының 3-4 кезеңінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы.

  • Шымкент қаласы аумағындағы жөндеуді қажет ететін көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жобасын талқылау.

  • Шымкент қалсы Нұрсәт мөлтек ауданында Сауда және ойын сауық кешенінің нобайы жобасын талқылау.

  • Шымкент қаласы Д.Қонаев гүлзары бойынан жеке кәсіпкер тұрғын үй кешенін, жер асты көлік тұрағымен ойын сауық, сауда орталығының нобайы жобасын талқылау.

  • Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынатын нысандарды талқылау.

  • С. Бәйтереков ескерткішінің эскиздік жобасын талқылау.

  • Гүлзарлар ұйымдастыру және су бұрқақтарын орналастыру бойынша.

Осы жоғарыда аталған нысандар қала құрылысы кеңесінің мүшелерімен талқыланып, ой-пікірлері хаттамаға енгізіліп, сын-ескертпелері қарастырылады.

Алдағы уақытта, қаламыздың орталық маңызы бар көшелерінде салынатын ірі құрылыс нысандарды, атап айтқанда халыққа қызмет көрсететін әртүрлі демалыс ойын-сауық кешендер, мәдени, спорт орталықтарды және т.с.с., жер комиссиясына ұсынар алдын материалдарды осы қала құрылысы кеңесінің талқылауына салып, жан-жақты қарау жоспарлануда.
6. Қаланың сәулеттік келбетін көркейту бойынша
1) Көшелерде орналасқан ғимараттардың қас беттерін әрлеу, аумақтарын абаттандыру

2010 жылы қала бойынша 24 көп қабатты тұрғын үй ғимараттарының қас беттерін әрлеу жұмыстары аяқталды, жалпы алаңы 20 542 ш.м. әрлендендірілді..

Әрі қарай осы бағытта жұмысты жалғастыру мақсатында қалалық негізгі 13 көшелерде дайындық жұмыстары жүргізілді. Осы көшелердің бойында орналасқан 160 көп қабатты тұрғын үйлердің қас беттерін әрілендендіру қажет болып табылды.

Қазіргі таңда, «Модернизация ЖКХ» бағдарламасына сәйкес қаланың орталық көшелерінде орналасқан 9 көпқабатты және 6 аз қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін әрлеу, инженерлік инфрақұрылымын және лифттерін ауыстыруға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Қаладағы тұрғын үйлердің көшеге қараған жанына ұлттық өрнекте сурет (роспись) жасау үшін, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарды қайта құрылымдауға бөліммен эскиздік жобалары дайындалды.

Және де қала көшелерін су бұрқақтары, аббаттандыру, гүлзарлар ұйымдастыру бойынша да бірқатар эскиздік жобалар дайындалды.
2) «Қала базарларының келбеттерін реттеу» бойынша

Жалпы базарлар мен сауда қатарлары келісім-шартқа қол қойғандар саны

Бас жоспарын және эскизін бекіткен базарлар саны

Жұмыс жүргізілген

базарлар

саны

Жұмысын бастаған базарлар саны


23


23


16


7
Жалпы қала аумағында базарлардың, оларды пайдалануға қабылданғаннан кейін, бекітілген жобадан қаншалықты ауытқығанын және бүгінгі таңда қойылатын талаптарға сәйкестігі жөнінде, жұмысшы топ құрылып (құрамында ГАСК, кәсіпкерлік бөлімі, сәулет бөлімі және басқа да құзырлы мекемелердің мамандары), іс-шара жоспары дайындалды. Өз тарапымыздан Шымкент қаласындағы 23 базарлар бойынша алдын ала саралауымыз бойынша, қалақұрылыс регламентіне, сәулеттік кебеті және құрылыс нормасына сәйкестігі бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы олардың бас жоспары мен эскиздерін жаңартып, сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.

Алайда, жоғарыда аталған базар иелері жүктелген міндеттерін өз деңгейінде атқармауына байланысты ағымдағы жылы жұмыстарды жалғастыру бойынша іс-шара жоспары бекітілді.

Және де қаланың орталығындағы Әйтеке би көшесі және қала аумағында орналасқан құрылыс материалдарын сататын кіші базарлар мен дүкендерді қала сыртына шығару мақсатында, Индустриалдық аймаққа барар жол бойынан құрылыс заттарын сататын базар үшін 10га жер телімін және қаланың оңтүстік солтүстік, солтүстік-батыс аумақтарынан жер телімдері анықталып, орналастыру сызбасы мен эскиздік жоба дайындалды.

3) Көшелерде жол қозғалыстарын реттеу

Шымкент қаласы бойынша жол тораптарын реттеу бойынша бірқатар эскиздік жобалар дайындалған. Атап айтқанда, Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысы, Рысқұлов-Жібек жолы көшелерінің қиылысы, Темірлан тас жолы-Әл Фараби көшелерінің қиылысы, Темірлан тас жолы-Алматы-Термез авто магистралы қиылысы, Жангелдин-Рашидов көшелерінің қиылысынан көпір құрылысын салу, Суриков көшесінен Бадам өзенінен өтетін көпір құрылысын салу жобалары дайындалған. Және де жер асты, жер үсті аспалы көпірлерге ұсыныс жасалынған.

4) Тәуелсіздік саябағы құрылысын салу

Шымкент қаласының орталығында орналасқан алаңы 8,23 га жер телімін құрайтын «Ескі қала» аумағынан, ҚР Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай осы алаңды қайта құрылымдап «Тәуелсіздік» саябағының құрылысын салу ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Жобада Еліміздің тарихы жазылып, Халықтар достығы монументі, фонтандар, аллея салынатын болады.

5) 5 жұлдызды қонақ үй құрылысын салу

Шымкент қаласының ипподром аумағынан «Казтрансгаз» Ақ-ы мекемесімен 5-жұлдызды қонақ үй құрылысының жобасын дайындалып, Қалақұрылыстық Кеңесте қаралды. Алдағы уақытта жұмыс жобасы дайындалып, ағымдағы жылдың көктем айында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауды көздеуде.

6) Цирк құрылысын салу

Қаламыздың орталығынан Б.Момышұлы көшесінен «Абай» саябағы аумағынан 3000 орындық цирк құрылысы бой көтеруде.

7) Бадам, Қошқар ата және қала аумағында орналасқан өзендердің бойын абаттандыру

Бас жоспарға сәйкес Бадам өзені және Қошқар ата өзені бойын демалыс аймағы ету үшін эскиздік жобалар жасалынды. Қала ішінде орналасқан өзендердің бойын абаттандырып аллея ұйымдастыру көзделуде.

8) Бизнестің жауапкешілігі аясында салынатын нысандарға ұсыныс жоба беру

Қаладағы көпшілік пайдаланатын аумақтарды абаттандыру мақсатында:

- Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан «Спутник» дүкенінің алдына гүлзар ұйымдастаруға эскиз жоба беру;

- Тыныбаев көшесінде орналасқан «Құрметті азаматтар аллеясын» қайта құрылымдау жобасы дайындау;

- Жібек жолы көшесі Жұқпалы ауруахана алдына гүлзар ұйымдастыруға эскиз жоба дайындау «Көшпенділер» атты композиция.

- «С.Бәйтереков» ескерткішін орнатуға эскиз жоба беру;

-«Әл-Фараби» алаңына Әкімшілік ғимаратының жобасын ұсыну;

- «Бәдібек би» ескерткішін орнату Бәйдібек би даңғылы бойынан;

- «Фосфоршылар» мәдениет сарайының алдындағы фонтандар мен гүлзарды қайта құрылымдау;

- «Бадам» өзені бойын демалыс аймағын ұйымдастыру;

- «12 жыл» атты декаративтік композициясын орнату;

- «Бозарық» бағытынан қалаға кіре беріс қақпа орнату;

- Қаланың үш бағытынан кіре беріс қақпалар орнату;
2.1. Стратегиялық бағыт 1.

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметін қамтамасыз ету.

2.1.1) Шымкент қаласының сәулет және қала қала құрылысы бөлімі қала әкімшілігінің атқарушы органы- болып табылады және Шымкент қаласының аумағында өз құзырындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне мемлекеттік реттеу қызметін жүргізеді. Бөлім өз қызметінде қаланың тұрақты дамуын, өмірге жағдай жасау жүйелерінің-траспорт (көлік) және инженерлік коммуникациялардың, байланыс пен энергетіка, қоршаған ортаны қорғау жүйелерінің қызмет етуін, тарихи және мәдени мұралары бар, табиғи байлығымен көзге түсетін объектілердің сақталуын қамтамасыз етуін жоспарлайды. Бөлімнің мақсаты сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерін іске асыру кезінде орайлы өмір сүру мен тіршілік ету ортасын қамтамасыз етеді. Белгіленген тәртіпте бекітілген қаланың бас жоспарын және қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес аумақтардың құрылысын жоспарлау бойынша кешенді схемасын іске асыру қызметін үйлестіру.

2.1.2) Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін қалалық маслихатының бекітуіне ұсыну.

Бөлімнің маңызды функциясы Шымкент қаласының аумағында, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңнамасының, сондай-ақ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік жүйенің нормативтік құжаттарының негізінде жүргізілетін сәулет-құрылыстық және қала –құрылыстық қызметтеріне мемлекеттік реттеу жүргізу болып табылады. Бюжеттен бөлінген қаражат сапалы және толық, уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету. Сондықтан, бұл стратегиялық бағыт, бюджеттің орындалу индикаторлы көрсеткіштеріне әсер ететін, дебиторлық және кредиторлық төлемдерін уақытылы аударылуына, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу процессінің нәтижесін жоғарлатады.

Әкімдіктің WEB – сайтында сәулет және қала құрылысы жөніндегі заңды және жеке тұлғалардан түскен сұраныстарға уақытылы жауаптар дайындау.
  1   2   3   4   5

Похожие:

1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» icon2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Міндеті және көрiнісі Міндеті
Міндеті – мемлекеттiк құрылым кент әкімінің қызметiнiң информациялы аналитикалық, заңға сүйенген және заттық-техникалық қамтамасыз...
1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» icon2011-2015 жылдарға стратегиялық жоспары 1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» icon1. Миссиясы және көрінісі Миссиясы
...
1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» icon3 І бөлім. Инфляция әлеуметтік–экономикалық құбылыс
Инфляцияға қарсы шаралар 10 ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай
1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» icon«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Қостанай қаласы, 2011 жыл 1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы»
Тексеру комиссиясының пайымдауы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін нығайтудың нәтижесі ретінде мемлекеттік қаржы тәртібінің деңгейін...
1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» iconНовопокров ауылдық округі әкімінің аппаратты
Миссиясы-“Новопокров ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің миссиясы- жергілікті деңгейінде өмір сапасын көтеруге...
1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» icon2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны 1 бөлім. Миссия және пайымдау 3 2 бөлім
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» iconҮлкен Нарын ауылы «Аудандық жер қатынастары бөлімінің» миссиясы мен пайымдауы Миссиясы
Пайымдауы-Ауданның кәзіргі жер ресурстарына байланысты, жер қорының жағдайын көрсететін жердің сапалық және сандық жағдайын көтеру...
1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» iconБірінші бөлім Қоршаған орта, адам, ақпарат Ақпарат түрлері Адам ақпаратты қалай алады Екінші бөлім
Аннотация
1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)» icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница