«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті




Скачать 317.39 Kb.
Название«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
страница1/3
Дата конвертации10.12.2012
Размер317.39 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген

«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы Регламентте мынадай ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларының мемлекеттік тізілімі – құрылған, қайта тіркелген, таратылған және аккредиттелген заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтер;

өтініш беруші – осы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы;

АӨҚО Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы;

БСН – бизнес-сәйкестендіру номері;

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер – осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі және уәкілетті қызметкерлері.

 
2. Жалпы ережелер

 

2. «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі – қызметтер) – өтініш беруші ұсынған құрылтайшы және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, БСН, тіркеу нөмірін тағайындай отырып, Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын (бұдан әрі – АӨҚО қатысушы) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті беру мәліметтерді заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне, АӨҚО қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне енгізу рәсімі.

3. Қызметтерді Комитет көрсетеді.

4. Қызметтер ішінара автоматтандырылған.

5. Қызметтер «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 1) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Қызметтер көрсету нәтижесі өтініш берушіге осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі АӨҚО қатысушысына мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін беру, мәліметтерді заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу болып табылады

Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушіге осы Регламенттің 11-тармағында көзделген мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсетуді тоқтата тұру және бас тарту туралы жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тартылған ретте өтiнiш, кемшiлiгi бар құжаттар және заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркеу, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн төленген алым қайтарылмайды.

7. Осы қызметтерді көрсету барысына мыналар қатысады:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы АӨҚО қатысушысын есепке алу және оған БСН тағайындау;

Алматы қаласының салық органы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісін тіркеу, АӨҚО қатысушы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін ресімдеу және Комитетке ұсыну.

3. Қызметтер көрсету тәртібіне талаптар

 

8. Мемлекеттік қызметтерді Комитет мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет. Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызметтер алдын-ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.

9. Қызметтер көрсету туралы ақпаратты www.nationalbank.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсынан не Комитетке жеке келу арқылы алуға болады. Өтініш беруші қызметтер көрсету барысы туралы 8(727) 244-95-00 телефоны бойынша біле алады.

10. «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасына байланыс арналары арқылы электрондық хабарламалар түскен күні Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі АӨҚО қатысушысын есепке алуды және оған БСН тағайындауды автоматты түрде жүзеге асырады. Осы хабарлама Қазақстан Республикасының салық төлеушісін тіркеу, АӨҚО қатысушы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін ресімдеу және Комитетке ұсыну үшін Алматы қаласының тиісті салық органына түседі.

11. Қызметтер қажетті құжаттар қоса берілген өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетіледі.

12. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

13. Қызметтер көрсету кезеңдері:

қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;

Комитеттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарау;

БСН тағайындау және мәліметтерді Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін АӨҚО қатысушысын тіркеу туралы электрондық хабарламаны жасау және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы жіберу;

АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрықтың жобасын дайындау;

АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті ресімдеу;

Алматы қаласының тиісті салық органынан Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін алу;

АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрыққа және куәлікке Комитет төрағасының қолын қойғызу;

АӨҚО қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу;

өтініш беруге АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті және Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін беру.

Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болмаған жағдайда мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты, өтiнiшті қоспағанда, ұсынылған құжаттар, кемшiлiгi бар құжаттар және заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алымды бюджетке төлеуді растайтын құжат өтініш берушіге беріледі.

14. Құжаттарды Комитеттің уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің бір мемлекеттік қызметшісі қабылдайды.
4. Қызметтер көрсету процесіндегі іс-әрекеттер

(өзара іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау
15. Қосымша құжаттары бар өтінішті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін осы Регламенттің 8-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленген тәртіппен қабылдайды және тіркейді.

Өтініш берушіге оның өтінішін және қоса берілген құжаттарын қабылдауды растайтын Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде белгіленген нысан бойынша талон беріледі.

16. Өтініш беруші қызметтерді алу үшін осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес белгiлеген үлгідегі, құрылтайшының немесе құрылтайшының уәкiлеттi тұлғасының қолы қойылған, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi тиісті өтiнiшті Комитетке ұсынады.

Өтінішке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

Осы қызметтер бойынша жеңілдіктер көзделмеген.

17. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

өтініш беруші ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

өтініш беруші туралы конфиденциалды ақпаратты пайдалануға жол бермеу;

тіркелген АӨҚО қатысушыларының ісін қалыптастыруға «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі қойылады.

18. Қызметтер көрсету барысында мынадай ҚФБ қатысады:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы – өтінішті қабылдау және тіркеу, мемлекеттік қызметтерді ресімдеу, мемлекеттік қызметтерді ресімдеуді құқықтық қамтамасыз ету;

2) Комитет басшылығы – ілеспе құжаттарға қол қою;

3) «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі АӨҚО қатысушысын есепке алу және оған БСН тағайындау;

4) Алматы қаласының салық органы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісін тіркеу, АӨҚО қатысушысының 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін берілетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін ресімдеу және Комитетке ұсыну.

ҚФБ іс-әрекетінің бірізділігі және ҚФБ-нің қызметтер көрсету барысында өзара байланысын көрсететін диаграмма осы Регламенттің 3, 4-қосымшаларында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

20. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпаратты сақтауды, қорғауды және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.
«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының

өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын

мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

1-ҚОСЫМША
1-үлгі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы

өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

 
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының

өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысын

мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік
___________________________

бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________

тіркеу нөмірі
 

Алматы қаласы

20 __жылғы «___»_____________

 
Заңды тұлғаның атауы _____________________________

 

Тұрған жері __________________________________________

 
Куәлiк Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының

Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберiнде

құрылтайшы құжаттарға сәйкес

қызметтi жүзеге асыруға құқық бередi

_______________________  ________________ _________________

басшысы қолы                    аты-жөні
М.О.
2-үлгі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы

өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

 
  1   2   3

Похожие:

«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызметтер стандарты
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті 1
Мекенжайында орналасқан Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі,...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік)...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі – қызметтер)...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon"Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconҚРӘМ №4419 12. 10. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу
Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздарды...
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметтер стандарты жалпы ережелер
Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница