Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты




Скачать 46.05 Kb.
НазваниеСынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты
Дата конвертации11.12.2012
Размер46.05 Kb.
ТипДокументы
Сынып сағаты
«Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы»
3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т.К.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздері мен Ата Заңы туралы білімдерін тереңдету, Астананың көрікті жерлерімен таныстыру.

Өзінің конституциялық құқығы мен міндеттерін орындау және құрметтеу арқылы Ата Заңға деген саналы көзқарасын қалыптастыру, өз Отанына деген құрмет және мақтаныш сезімін, оның болашағына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Сөздік қорын байыту, ой-өрісін дамыту, өз ойын жеткізуе білуге көмектесу.
Көрнекілік: Астана суреттері түсірілген диск, Қазақстан Республикасының әнұраны, А.Жорабаеваның орындауындағы «Астана» әні жазылған диск, Елбасы портреті, мақал-мәтелдер, ребус, сөзжұмбақ.

Ұйымдастыру

  1. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

  2. Мұғалімнің сөзі.

  3. Ребус шешу

  4. Сендер Отан туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?


Алтай тауынан құмды Атырау мен Маңғыстауға дейін қазақтардың отанын ұлы дала алып жатыр. Оны жүйрік Боинг 707 ұшып өту үшін 10 сағат керек.

Дүние жүзі біздің шыдамды және еңбекқор халқымыздың бүкіл Еуропаны қамтамасыз ететін әлемдегі ең жоғары сапалы бидай өндіретіндігін құрметтейді. Көпшілік біздің таза ауамызға, мөлдір бұлақтарымызға қызыға қарайды.

  • Біздің мемлекетімізді кім басқарады? (Президент – Н.Ә.Назарбаев). Президенттің портреті

  • Конституция дегеніміз не?

Конституция дегеніміз біз тұратын мемлекетіміздің негізгі заңы, негізгі құжаты. Конституция деген сөз латын тілінен аударғанда құрылым дегенді білдіреді.

Жаңа адам өмірге келді, оның денсаулығы, тыныш ұйқысы, қуанышы, өмірі осы заң арқылы қорғалады. Конституция балаларға ақысыз білім алуға мүмкіндік береді. 30 – бапта «Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті».

Президент Н.Ә.Назарбаев Конституцияға қол қойып бекітті.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің екінші конституциясы қабылданды.

1993 жылы қабылданған конституцияға өзгерістер енгізілді.

Біздің конституциямыз мемлекеттік заңдардың ішіндегі адамның жоғары құндылы мен құқығы туралы айтылатын дара заң. Біздің қоғамда құқықсыздыққа жол жоқ. Негізгі заң мемлекеттің халық тұрмыс-жағдайын жақсартуға ұмтылатындығын көрсетеді. Әрбір азамат Конституция заңын сақтауға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

  • Олар туралы білесіңдер ме? (елтаңба, ту, әнұран) – әңгіме.

  • Қазақстан Республикасының рәміздерін көрсету. Дұрыс орналастыр.







Елтаңба

Ту

Әнұран

Авторлары

Жандарбек Мәлібеков

Шота Уәлиханов

Шәкен Ниязбеков

Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

Шәмші Қалдаяқов

Суреттеу

Не бейнеленген?

Түсі қандай?




Оқушылардың суреттері

Көрме жұмысы


Миға шабуыл. Топпен жұмыс. Тәуелсіздік, Бірлік сөзіне ассоциация жазу.






Еркіндік Егемендік Жігер Дербестік








Келісім Бірге Бейбітшілік Достық
Ойын сәті. «Егер мен президент болсам...»

  • Кім президент бола алады?

Қазақстан Республикасында 15 жыл тұратын, мемлекеттік тілді меңгерген 35 жас пен 65 жас аралығындағы Қазақстан азаматы бола алады. 7 жылға сайланады. 2 рет сайлана ала алады.
«Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы»
АСТАНА – аты жер бетіне таралғанына да 11 жыл болды.

Астана – дүние жүзіндегі ең жас және танымал Елордасы.

Ағымдағы жылы 6 шілдеде астана өзінің 11 жылдық тойын тойлады.

Мен арқаға барғанда, Астанаға,

Көңіл күйге бөленді басқа, жаңа.

Алып кетті ақ бұлттар қанатымен,

Таулар да төмен асқар – ала!
Астана – Ақмола – Целиноград.

Бұл жерде жазық дала болғанына сену қиын. Адамдар тың көтерді, тың адамдарды көтерді. Олар қиын күндерді және жылдарды басынан кешірді, тың игеру шежіресінде олардың аттары алтын әріппен жазылды.

Тың игерушілер даңғылы (қазіргі Республика даңғылы) қаланың орталық магистралі.

Есіл жағалауынан қала көрінісі

Тың игерушілер сарайы (қазіргі Республика сарайы)

Жастар сарайы
Кітап иллюстрациясы

«Есіл жерінде Целиноград облысы»

«Өнер баспасы, Алматы 1987»
1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола болып ресми түрде жарияланды. Осындай атпен Қазақстан астананы жаңа үшінші мыңжылдыққа енді.

- Біздің қала ішінен қандай өзен ағады?

Маңғаз дала өзені Есіл өз суын сонау Солтүстік мұзды мұхитына құяды. өзеннің ұзындығы 1400 шақырым.

Толқындар да ерекше Есілдегі,

Есіңді алар,

Еркелей есілгені

Қалмайды сезіміңді бір сергітпей,

Көшкен бұлт та

Көкжиек шетіндегі.

«Бәйтерек - өмір ағашы» - бұл құрылыстың қолдаушысы да авторы да Н.Ә.Назарбаев. Бәйтеректің биіктігі 97 метр. Бұл сан еліміздің астанасы Алматыдан Астанаға көшірілген жылмен сәйкес келеді.

Көздің жауын алады,

Мұражай көп, көрме де.

Шолам десең қаланы

Бәйтерекке өрмеле.

Бәйтеректі астананың жүрегі десек, ҚР Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» мемлекеттің ақыл ордасы деуімізге әбден лайық. Бұл ғимаратта маңызды құжаттарға қол қойылып, жер шарының түкпір-түкпірінен келген делегаттар қабылданады.

Ту, елтаңба, және әнұран мемлекетіміздің негізгі рәміздері болып саналады. Олар 1992 жылы 4 шілдеде бекітілген. Ел туы ғарышта болып келді. Ғарышкерлеріміз Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевтың ғарышкерлік киіміне елтаңба сән берді.

Мемлекеттік рәміздер қазақстанның тәуелсіздікке, бейбітшілікке және бақытты болашаққа деген талпынысының белгісі іспеттес.

Таңғажайып жасыл мүсіндер мен «гүл сағат» Астаналықтар мен қала қонақтарын таң тамаша етеді.

1998 жылы Астанаға «Әлем қаласы» мәртебесі берілді.
Қорытынды бөлім

Сөзжұмбақтың шешуі. «Астана»
Көпұлтты мемлекет деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ,

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.
А.Жорабаеваның орындауындағы «Астана» әніне оқушылар билейді.

Похожие:

Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты iconСынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік
Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын...
Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты icon№1, 25 қыркүйек 2011 жыл «Мектеп өмірі»
Ата-аналар мен оқушылар мектепке келді. Осы күні біздің сыныпта «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен келісім, жасампаздықтың 20 жылы»...
Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты iconАстана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ»
Мақсаты: Алғашқы көмек және оның адам өмірі үшін маңызымен таныстыру. Оқыс жағдайда жарақат алған, зардап шеккен адамдарға көмек...
Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты icon8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі Өткізген: Елемесова Алмагүл Ғабділмәлікқызы. 2 «Б»сынып жетекшісі
...
Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Ерниязова Жупат Ораловна 2 мектеп, сынып, ПӘН
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. 7 сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан...
Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН
...
Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН
...
Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты icon«Үздік сынып жетекшісі 2010» Қалалық конкурсын өткізу ережесі
«Үздік сынып жетекшісі» қалалық конкурсын ( бұдан әрі Конкурс) қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі...
Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты icon«Үздік сынып жетекші- 2007» Мақсаты: Сынып жетекшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жүргізуші
Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін,...
Сынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты iconҚазақ тілі мен әдебиетінен қазақ тілінде оқытатын мектептердегі жазбаша бітіру емтихандарына қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері
Республикасы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 9 және 11-сынып бітірушілері қазақ тілінен жазбаша бітіру емтихандарында диктант,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница