Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп




Скачать 30.62 Kb.
НазваниеХимия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп
Дата конвертации11.12.2012
Размер30.62 Kb.
ТипДокументы
Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары
1 - деңгей
1 есеп. Тәжірибе жүзінде әктастың массасы қыздырудан кейін азаяды, ал концентрлі күкірт қышықылының құйғаннан кейіноның массасы ашық ыдыста көбейеді.

1) Айтылған заттардың формуласын құрастыр. Басқа аталуларын көрсет:

а) әктастың; ә) концентрлі күкірт қышқылының.

2) Бұл құбылыстарды түсіндіріндер, реакция теңдеулерін жазыңдар.
2 есеп. Сіздердің алдарыңызда герметикалық кранмен жабдықталған көлемі 1,5л 2 бірдей шыны колба берілген. Колбаның біреуінде газ тәріздес азот, ал басқасында метан газы СН4 бар. Колбадағы газдардың қысымы бірдей және 1,1атм. құрайды.Колбаның қайсысында азот, ал қайсысында метан болатынын анықтайтын екі қарапайым әдісті ұсын. Қажет жағдайда химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
3 есеп. Жас химик мына төрт сұйықтықты мұнай, су, сынап және спиртті араластырды. Араласпайтын сұйықтықтарды бөлуге арналған аспапқа сұйық сұйықтықты құйғанда ол қоспаның үш қабатқа бөлінгенің көрді:

Қабаттар бойынша сұйықтықтар қалай бөлінді?




4 есеп. Әрбіреуінде оттегі элементінің массалық үлесі 100% құрайтын екі затты атаңдар.
5 есеп. Азоттың 14N,15N изотоптары мен оттегінің 16О және 18О оттегі изотоптарынан азот (IV) оксидінің және (І)оксидтерінің қанша әр түрлі молекулаларын алуға болады?

Изотоптардың әр түрлі комбинациядағы формулаларын жазыңдар.

2 деңгей
1 есеп. А затының құрамында массалық үлестері бойыша 27,058% (масс.) натрий, 16,47% азот және оттегі бар.Қыздырған кезде ол 33,33% (масс.) натрий, 20,29% азот және оттегіден тұратын Б қосылысына айналады.

А) А және Б заттарының химиялық формуласын жазыңдар. Оларды атаңдар.

Б) А затының Б затына айналуының термиялық реакция теңдеуін жазыңдар.

В) Осы заттардың біреуінің қолданылу саласын көрсетіңдер.
2 есеп. Зертханада көлемдері бірдей әр түрлі металдардың үлгілері бар. Бұл заттарды олардың құрамындағы атомдардың сандарының өсу реті бойынша орналастырыңдар Бұл металдардың тығыздықтары: темір-7,87г/см3, мыс-8,96г/см3, мырыш-7,13г/см3, алюминий-2,7г/см3.
3 есеп. Мұнай құбырын бұрғылауда атқылайтын газды фонтанның құрамы (көлемдік үлесі бойынша) 2,24% гелий, 78,4% азот, қалғаны-метан.Осы газдың 1м3 (қ.ж.) массасын табыңдар.
4 есеп. Жас химик сабаққа асығамын деп, аяғын жарақаттады. Медпункке келген ол абайсызда 25мл 5%-тік (тығыздығы 1,02г/мл) иод ерітіндісі бар ыдысты сындырып алды. Бұл ыдыста болған иодтың (моль) мөлшерін анықта.
5 есеп. Профессор Жас химикке үш ампуласы бар контейнерді зерттеуге берді. Зерттеулер ампулада үш түрлі газ бар екенін көрсетті. А және Б газдарының гелий бойынша салыстырмалы тығыздығы бірдей және 7 тең, ал В газы 1л (қ. ж.) массасы 0,714г тең. А газы жанбайтын, Б және В газдары от алғыш және жанғанда көлемдері бірдей Г газын түзеді.

А) Жас химик қандай А-Г газын тапты?

Б) Ол зертханалық журналға қандай химиялық реакцияларды жазды?
3 деңгей
1 есеп. Профессор Жас химикке 35% 140г ерітіндіден әрқайсысында 80г 10% қышқыл ерітіндісі бар 5 ыдысты дайындауын сұрады. Жас химик бұл тапсырманы орындай алды ма, қалай ойлайсыздар?

А) Ол үшін қанша су қажет болды?

Б) Ол 10% ерітіндініден қанша дайындады?

В) Ол Профессорға қанша қышқылды қайтарып берді?
2 есеп. Жас химик тығыздығы бойынша ауаның тығыздығына тең болатын газ қоспасын алу үшін оттегі мен гелийді қандай көлемдік қатынаста араластыру қажет?
3 есеп. Ең жиі таралған антисептиктердің бірі – этанолдың (С2Н5ОН) концентрлі сулы ерітіндісі. Құрамында элемент ретінде 50% оттегі бар осы сулы ерітіндідегі этанолдың массалық үлесін табыңдар.
4 есеп. Массасы 10г тас көмірдің үлгісін жандырғанда 2г күл; 0,9г су және 28,433г көмір қышқыл газы мен күкіртті газдың қоспасы түзілді. Үлгідегі күкірттің массалық үлесі қандай?

Жылу электр станциясында жылына көмірдің 1млн тоннасын пайдаланғанда қоршаған ортаға қанша қанша күкіртті газ бөлінеді?
5 есеп. Қазіргі кезде зергерлік әшекейлерді дайындау үшін «ақ алтын»жиі қолданылады. Ақ алтынның 585 сынамасы – бұл 58,5% алтын, 26% күміс, 15,5% палладиден тұратын құйма. Жалпы массасы 0,25 карат (1 карат-0,2г) 25 гаухармен әшекейленген, 4,2г осындай сақинадағы таза алтынның массасын есепте. Ақ алтынның құймасында қай элементтің атомы көп?

Похожие:

Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп iconЖасөспірімдер арасындағы биология пәні бойынша ІІ облыстық олимпиаданың іріктеу турының тапсырмалары
Чилим су жаңғағында су астында ауыр жемістер түзіледі. Неге олар өсімдікті батырып жібермейді?
Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп iconIii-ой уровень 7-8 сынып оқушыларға арналған математика пәнінен юниорлар арасындағы облыстық олимпиадасының жаттықтыру тапсырмалары
Натуральные числа a, b, c и d делятся на ab-cd. Доказать, что ab-cd равен 1 или -1
Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп iconХимия пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары. 2011-2012 оқу жылы 8- сынып тапсырмалары
А жас химик, ас үйдегі құбылыстарды бақылай отырып, химиялық құбылыстардың тізбесін жасады
Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп iconМатематика пәнінен юниорлар арасындағы облыстық олимпиадасының жаттықтыру тапсырмалары І деңгей
Екі ойыншы ойнайтын ойынның бір жүрісінде берілген 11 бос қораптың кез келген 10-ына тиынды бір-бірлеп салуға болады. Қайсысының...
Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп icon7-8 сынып оқушыларға арналған физика пәнінен юниорлар арасындағы облыстық олимпиадасының жаттықтыру тапсырмалары
Рычаг авс изогнут, как показано на рисунке. Точка в – точка опоры. Желательно удерживать груз, подвешенный в точке А, наименьшей...
Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп iconХимия пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары. 2011-2012 оқу жылы 9- сынып тапсырмалары
Бізге қосымша белгілі, в заты суда ерігенде қышқыл түзіледі, с заты күшті тотықсыздандырғыш, d – биологиялық маңызды сұйықтық, f...
Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп iconРеспубликалық сырттай оқу мектебінің химия пәнінен 2012 2013 оқу жылына арнал-ған қабылдау тапсырмалары 8-сынып
Республикалық сырттай оқу мектебінің химия пәнінен 2012 2013 оқу жылына арнал-ған қабылдау тапсырмалары
Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп icon5 сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен берілетін үй тапсырмалары

Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп iconСейлова шара аппазовна электрондық ҚҰралдар арқылы 8-сынып оқушыларының химия пәнінен танымдық белсенділігін арттыру
М011200 –Химия мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Химия пәнінен 7-8 сынып оқушылар арасындағы облыстық олимпиаданың іріктеу кезең тапсырмалары 1 деңгей 1 есеп iconХимия пәнінен мемлекеттік емтихан билеттері. 11-сынып 2009 2010 оқу жылы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница