Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты




Скачать 90.38 Kb.
НазваниеҒылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты
Дата конвертации11.12.2012
Размер90.38 Kb.
ТипДокументы


М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ

Ғылыми жетекші: Зиядин С.Т.

«Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты
АҚШАЛАЙ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Ақшалай жүйенің дамуы – сараптамаға көп түсетіндігімен маңызды. Яғни, ақша жүйесінің тиімді даму тенденциясы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайының өсу деңгейінен көрініс табады.

Жалпы, қоғамдағы ақша айналысын ұйымдастырудың әр түрлі елдерде тарихи түрде қалыптасқан және әдетте, заңдық тәртіппен бекітілген нысандары ақша жүйесінің сипаттамасын білдіреді.

Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынандай типтерін бөліп қарайды:

  1. металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

  2. несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Ақша жүйесі негізінен мына элементтерден құралады:

  1. ақша өлшемі, барлық тауарлардың бағасын көрсету үшін қолданылатын заңмен бекітілген ақша белгісі.

  2. баға масштабы, тауарлар бағасын белгілеу үшін қолданылатын заңмен бекітілген техникалық құрал;

  3. ақша түрлері, сол мемлекетте заң жүзінде қолданылатын төлем құралдары несие ақшасы және қағаз ақшалары сонымен бірге ұсақ монеталар

  4. эмиссиялау жүйесі, заңмен бекітілген ақша белгілерін айналысқа түсіру тәртібі.

Эмиссиялық операцияларды Орталық банк және қазына мекемесі (қаржы министрлігі) жүзеге асырады.

Қазақстанда эмиссиялық операцияларды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Қағаз және кредит ақшалар қолма-қол ақшасыз баламаны алумен екінші деңгейдегі банктерге сату түрінде банк билеттері ретінде шығарылады. Сол себепті де олардың арасында нақты шекара болмайды.

Банкнот эмиссиясы өндіріс салаларының және қызмет көрсету салаларының кассалық қызмет көрсетулерімен байланысты: қолма-қол ақшаның кассалық резервін арттыру қажет болғанда – коммерциялық банктер, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік борыш және тағы басқалары.

Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нақты құнын ескерусіз қалдыратын ақша эмиссиясы елде олардың артығымен пайда болуына және түпкі есебінде ақша бірліктерінің құнсыздануына әкеп соқтырады. Елдегі ақша бірліктерінің тұрақты болуының басты шарты – шаруашылықтың ақшаға деген қажеттілігінің қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мөлшеріне сәйкесуі болып табылады.

Сонымен, нақтырақ айтсақ ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша

жүйесін ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ақша жүйесі – бұл әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша жүйесінің нысаны. Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды.

Қазіргі нарықтық – экономика жағдайында ақша жүйесінің мынандай типтерін бөліп қарайды:

  1. металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

  2. несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша жүйесіне тән ерекшеліктері:

    • ақша жүйесі негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;

    • қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;

    • ақша жүйесі мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;

    • ақша жүйесі әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;

    • қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;

    • қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады.

Нарықтық экономика жағдайында ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:

  1. ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотивация) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;

  2. тиісті болжауларды жасау негізінде ақша жүйесін жоспарлау принципі;

  3. ақша жүйесінің тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша жүйесі экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;

  4. эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;

  5. Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.

Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп – төркіні металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты ұлттық ақша жүйесін құру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 12 қарашада шыққан ҚР Президентінің Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру мерзімі 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961 – 1992 жж. рубльдері мен Ресей банкінің 1992 жылы рубльдері қолма-қол ақшаға ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500 рубль үшін 1 теңге ауысу бағамымен ауыстырылды.

1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы" Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

  • 1993 жылы 15 карашада сағат 8 – де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта теңге – енгізілді;

  • 1993 жылы 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем кұралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді;

  • қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта – сом және теңге – айналымда қатар жүрді.

Қазақстанда 1993 жылы ақша жүйесінде жүргізілген реформаның өткізу қажеттілігі бірқатар ерекше себептермен түсіндіріледі: көп жыл бойы әкімшіл – әміршіл және жоспарлы – орталықтандырылған шаруашылық жүйелері халық шаруашылығының барлық салаларында сәйкессіздіктің туындауына себеп болды. Оның ішінде, тұтыну заттарының өндірісіне қарағанда өндіріс құралдарының өндірілуі басым болады. Экономика шикізаттарға бағытталды, Қазақстан КСРО-нің бірден-бір шикізат көзі болды, инфрақұрылым қалып жатқан кезде кен-тау өндірісі дамуға бет алды; бағалау көп жағдайда төмендеген немесе нақты орындалған деңгейден қалмауға тырысқан кезде жоспарлы және мемлекеттік тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай өткізілді, бірақ бұл жалақы және басқа ресурстардың қор шамасында көрінген жоқ. Сонымен, экономика тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын шаруашылықты жүргізудің шығын механизмі құрылды; орталықта бекітілген баға өнімнің өзіндік құнынан көп артта қалып отырды, ал кәсіпорындардың шығындары мемлекетті ақшалай көмегімен жабылып отырды.

Осыдан бастап экономика тұрақты дәрежеде дами бастады, ақша

айналымы қалыптаса бастады. Әсіресе, экономика соңғы 2000-2006 жылдары экономика жылына 10%-дан өсіп отырды. Ақша айналымы жақсарып мемлекеттің алтын валюта қоры мен 2002 жылы кұрылған Ұлттық сақтандыру қоры жылдам өсе бастады. 2006 жылдың 1 маусымында мемлекеттің алтын – валюта қоры 14,0 млрд, Ұлттық қор 8,7 млрд долл. болды. 2003 жылдың 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы өзінің 10 жылдығын атап өтті. Ал, биыл еліміздің ақша жүйесінің дамуына 15 жыл толады. Бұл уақыттың ішінде ол дүниежүзілік ақшалардың ортасынан өзінің елеулі орнын алды. Халықаралық экспортердің бағалауынша тұрақты және сенімді валюталардың бірі болды.

Теңге – біздің экономикамыздың күре тамыры, оның күйі экономикамыздың жағдайын толық сипаттайды. 15 жылдан астам уақытта қаржы ауруларынан аман өтіп басқа валюталардың жүзден астам жыл өткен жолын өтіп тұрақтанды, барлық елдер мойындады.

Қазіргі ақшаның дамуындағы кездесіп отырған мәселер өте көп, ол мәселелердің барлығы ішкі және сыртқы саяси, экономикалық, қаржы факторларына байланысты болып отыр.

Атап айтатын болсақ,

  • әлемдік қаржы нарығындағы дағдарыстар,

  • шетелдік ипотекалық компаниялардың банкротқа ұшырауы;

  • мұнай бағасының өсуі;

  • ақшаның құнсыздануы;

  • инфляцияның шарықтауы.

Осылар, елдегі ұлттық ақша жүйесінің даму тенденциясына кері әсерін тигізуде.

Ақша жүйесінің реттеудегі маңызды элемент – қолма – қол ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.

Дүниежүзінің экономикасын қамтыған дағдарыс 1998 жылдың басынан бастап Қазақстанның қаржы және төлем балансының жағдайына жағымсыз әсер етіп, соның нәтижесінде ұлттық валютаның айырбас бағамы қымбаттады.

АҚШ-та экономиканың жүйелі дағдарысы басталды. Оның белгілерінің бірі нақты сектордағы, одан да тереңірек – қоғам қойнауындағы ипотекалық нарықтың түсіп кетуі болып табылады. Болашақтағы әлемдік валюта ретіндегі долларға нақты қауіп төнуде. Әлемдік эко­номикада дағдарыстық жағдайдың көріністері толық біздің ұлттық экономикада, атап айтқанда макроэкономикалық параметрлерде байқалады. Ең бастысы экономикалық өсу жылдамдығы (ЖІӨ арқылы өлшеуде) 2007 жылы 5-6% төмендеді. Алдыңғы жылдары олар 10% жететін, ал 2006 жылы – 10,7% құраған. Инфляция деңгейі екі еселеніп, 19%-ға артты. Бюджеттік тапшылық 2,1%-ды құрады, одан бірнеше жыл бұрын бізде 0,6-0,8% профицит болған. Жұмыссыздықта өсті. Мемлекеттің алтын валюталық резервтері 2007 жылы 12% азайды. Сыртқы факторлардың мемлекеттің банктік секторына әсері едәуір байқалуда. Еліміздегі несиелік «бумнан» кейін банктік несиелер көлемі күрт қысқарды. Несиелік ақшалар, әсіресе сыртқы қарыздану есебінде өте жылдам артқан жылдар да болған, ол 2007 жылы – 48 %-ға тең болды. Инфляциялық таргеттеуге жоспарлы көшуге дайындық жоспарында Ұлттық Банк 2008 жылы өз ресми ставкаларының реттеушi рөлiн күшейтуге бағытталған шараларды iске асыруды жалғастырады. Алдағы 3 жылда ашық нарық операцияларымен өтiмдiлiктi реттеудi кеңейту, атап айтқанда, бағалы қағаздардың қайталама нарығын дамытуға жәрдемдесу жөнiндегi шаралар белсендi түрде қабылданатын болады. Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан ақша жүйесінің мазмұны біраз өзгерді. Ақша жүйесінің дамуы ақша айналымының шығындарын үнемі қысқартатын сөйтіп қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын, еңбір үнемді ақша жүйесінің пайда болуына жеткізеді. Қазақстанның экономикалық дамуын талдау валюталық режимдi неғұрлым белсендi ырықтандыру мен ұлттық валютаны ағымдағы және күрделi операциялар бойынша 2007 жылы толық айырбастауға көшiру үшiн қажеттi жағдайлар жасалғанын көрсетедi. Өнiмділіктiң артуы және әлемдiк тауар нарықтарындағы тұрақты жоғары бағалар, экономиканың долларсыздануы, жауапты бюджет саясаты және халықаралық резервтердiң жеткiлiктi деңгейi, сондай-ақ қаржы секторының тұрақтылығын арттыру үшiн жүргізiлетiн саясат жағдайларында нақты айырбас бағамының тұрақты серпiнi Қазақстан экономикасы ұшырайтын ықтимал сыртқы күйзелiстi тиiмдi жұмсартуға мүмкiндiк жасайды деп қорытындылаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы// Егемен Қазақстан.-2004.-31 тамыз

  2. Қазақстан Республикасының банк және банк қызметтері туралы Заңы// Заң газеті.-2001.-25-сәуір

  3. Байпақбаев Ж. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері// Саясат.-2006.-№7.-26б.

  4. Есентугелов А. Қазақстанның банк жүйесі экономикалық мәселелерді шешуден сырт қалмауы керек// Жас алаш.-2006.-5-шілде.-3б.

  5. Оналтаев Д. Қазіріг валюталық нарық және оның проблемалары//

Қаржы- қаражат.-2007.-№6.-17б.

  1. Смағұлова Р. Қаржы. Ақша айналысы және несие.-Алматы.-Экономика.-2008.-520б.

  2. Алдаберген Ә. Айқын бағдармен: ҚР Ұлттық банктің төрағасымен сұхбат// Егемен Қазақстан.-2008.-26-наурыз.-4б.


Похожие:

Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconБ. Т. Кульбаева педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтың шетел тілдер кафедрасының доценті

Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconБекітемін Ғылыми кенес төрағасы, ректор, ҚР ҰҒА академигі
Оқу жұмыс бағдарламасы әзірленді: ажж кафедрасының т.ғ. к доценті Эттель Владимир Абрамович, ажж кафедрасының т.ғ. к доценті Зартенова...
Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconБекітемін Ғылыми кенес төрағасы, ректор, ҚР ҰҒА академигі
Оқу жұмыс бағдарламасы әзірленді: ажж кафедрасының т.ғ. к., доценті Эттель Владимир Абрамович, ажж кафедрасының аға оқытушы Краснова...
Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconЖ. М. Байгожина педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтың шетел тілдер кафедрасының доценті
«Энергетика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралы
Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconЗ. к жұмаділова, г к. Қапанова, м б. селғазина КӘсіптік аурулардың диагностикасы және емі
...
Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconҚожағұлов Тоққожа Мұқажанұлының Ғылыми еңбектерінің тізімі
«Кескіндеме» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconҒылыми жетекші: Акишева Д. М. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
Постдағдарыстан кейінгі қазақстан республикасында франчайзингті жетілдіру жолдары
Ғылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты iconЗерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру ж Ө нінде
Фараби атындағы ҚазҰу- дің криминалистика және сот сараптама кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница