Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп




Скачать 110.79 Kb.
НазваниеАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп
Дата конвертации11.12.2012
Размер110.79 Kb.
ТипДокументы




Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының

2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы
Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп. 2007 жылдың 9 айында аудан бойынша барлығы 3 263 305,0 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл 2006 жылдың 9 айымен салыстырғанда 50 169,0 мың теңгеге (101,6%) артық.

2007 жылдың 1 қазанына өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мал басының саны төмендегідей: ірі қара мал – 73 139 бас (өсуі 8,0 %), оның ішінде сиыр – 26 968 бас (өсуі 4,5 %), қой мен ешкі – 245374 бас (өсуі 5,0 %), жылқы – 16828 бас (өсуі 6,6 %), шошқа – 13 195 бас (азаюы - 1,3 %), құстар – 270 783 бас (азаюы 6,3 %), түйе – 95 бас (өсуі 3,2%).

Ағымдағы жылдың 9 айында 2006 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда алынған төлдердің саны төмендегідей: бұзау – 27449 бас (өсуі 3,5 %), қозы мен лақ – 114224 бас (өсуі 2,6 %), құлын – 5882 бас (өсуі 3,2 %), торапай – 11656 бас (0,1 % кем). Жалпы аудан бойынша төл басының өсуімен қатар кейбір ауылдық округтерде мал басының саны азаюда: ірі қара Көкөзек – 7,6 %, Салқынбел – 3,9%; Қой мен ешкі Алтыншоқы – 13,3%, Қабанбай - 0,2%; Салқынбел – 2,9%; жылқы басы Ақжар - 1,2%, Көкөзек – 7 %, Көктерек – 9,1%, Қаратал – 1,9 %, Жоғарғы Егінсу – 24,1 % кеміді.

2007 жылдың 1 қазанына 2006 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда өндірілген мал шаруашылығының өнімдері төмендегідей: сойылып сатылған ет – 9133,5 тонна (119,6 тоннаға немесе 1,3 %-ға кем), сүт – 54379,3 тонна (2531,3 тоннаға немесе 4,9 % жоғары), жұмыртқа – 11669,0 мың дана немесе 1,2 %-ға кем, қырқылған жүн – 479,4 тонна (22,3 тоннаға немесе 4,9 %-ға жоғары). Бір сиырдан сауылған сүт 2017 кг құрап, 0,3 %-ға көбейді. Төмендегі ауылдық округтерде ауыл шаруашылық өнімін өндіру кеміді. Атап айтқанда: ет өндіруден Ақшоқы – 46,8 %, Бестерек – 2,4 %, Көкөзек – 52,9 % кеміді; сауылған сут – Алтыншоқы 2,1 %; алынған жұмыртқа Алтыншоқы – 25,9 %, Благодатное – 51,4 %, Көктал – 50,0 %, Науалы – 3,1 % азайып отыр.

Ауыл шаруашылығының негізгі саласы - өсімдік шаруашылығы. Көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы төмендегідей:



Атауы

2006 ж. болғаны, га

2007 ж. жоспары, га

2007 ж. нақты егілгені, га

%

2007 ж. 2006 ж. салыстырғанда

%

(+,-)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Барлығы егілгені

148 251,1

103 664

115 158,6

111,1

77,7

-33 092,5

Оның ішінде:

2

Дәнді дақылдар

72 632,5

69 189

59 838

86,5

82,4

-12 974,5

3

Көкөніс

1 400

1 400

1551

110,8

110,8

+151

4

Бақша

442

500

516

103,2

116,7

+74

7

Май дақылдары

55 251,8

27 375

28 092,6

102,6

50,8

-27 159,2

8

Картоп

2 032

2 200

2 295

104,3

112,9

-263

Есепті кезеңде аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің жедел ақпараты бойынша 59 557 га жерден дәнді дақылдар орылып, 85237,1 тонна бидай өндірілді, орташа түсімі – 14,3 ц/га құрады. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы жиналған өнім 37616,5 тоннаға артық.

2 295 га жерден 51 629,1 тонна картоп өндірілді, орташа түсімі – 223 ц/га. Өткен жылмен салыстырғанда 6 518,1 тоннаға артық. 1 551 га жерден 37 713,5 тонна көкөніс өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 4 083,5 тоннаға артық, сол сияқты 516 га жерден 12 604,4 тонна бақша дақылдары өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 2 696,4 тоннаға артық.

Күнбағыс дақылдары 8 796 га жерден орылып, 2603,8 тонна дән жиналды. Орташа түсім – 3 ц/га құрады. Күнбағыс дақылдарын жинау жалғасуда.

2007 жылдың 9 айында аудан бойынша 647 269,0 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Қолданыстағы бағамен есептегенде есепті кезеңде 2006 жылдың 9 айымен салыстырғанда 19 986,0 мың теңгенің өнімі артық өндірілді (2006 ж. 9 айында - 627 283,0 мың теңге болған).

«Швабские колбаски» ЖШ серіктестігі 189 501 мың теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдың 9 айымен салыстырғанда өнім өндіру 11,5 пайызға көбейді. Тау кен өнеркәсібінде «Мадина» серіктестігінің өндірген өнімі 40 284,0 мың теңге немесе 3,4 %-ға жоғары (2006 ж. 9 айында – 36 606 мың теңге болған).

Өнеркәсіп өнімдерінің көбеюі негізінен қолданыстағы бағаның өсуіне байланысты болып отыр. Салыстырмалы түрдегі бағамен есептегенде өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімі 2,3 пайызға кеміді немесе 97,7 пайыз құрады.

Атап айтқанда, төмендегі мекемелердің өндірген өнімдері өткен жылмен салыстырғанда кеміп, былтырғы деңгейден: «Ғани» ЖШС - 66,8%, «Восток-молоко» ЖШС филиалы - 69,8%, «Агросервис» ӨК - 53,9%, «Үржар-Астык» ЖШС - 61,3 %, «Атамекен» ЖШС - 74,3% болып отыр.

Бюджет және қаржы. 2007 жылдың 9 айының жергілікті кірістер түсімдерінің аудан бойынша жоспары 330 246,0 мың тенге, орындалғаны 368 008,0 мың тенге, (111%) немесе 37 762,0 мың теңгенің салығы артық жиналды. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жергілікті түсімдер 71 358,0 мың теңгеге артық немесе 129% құрады. Жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен түсімдердің 39 түрінің бәрі орындалды.

2007 жылдың 9 айына жобаланған бюджеттік шығындары 1 797 498,0 мың теңге, кассалық шығыс 1 666 733,2 мың теңге немесе игерілуі 92,7%, игерілмеген қаржы 130 764,8 мың теңге құрады.

2007 жылдың 1 қазанына аудандық қазынашылық бөлімінің есебіне сәйкес барлық бюджет қалдығы 165 527,3 мың теңгені құрайды, соның ішінде ішкі кірістің артығымен орындалуынан – 37762,0 мың теңге, әкімшілер бағдарламаларының есеп шотында 130 764,8 мың теңге.

Шығындардың жіктемесі бойынша бюджеттің орындалуы:

  1. Қорғаныс саласының шығыны 8 457,0 мың теңгені құрап, жоспардағы 11078,0 мың теңге 76,3% орындалды.

  2. Білім беру саласы бойынша жоспардағы бөлінген 1 480 270,0 мың теңгенің, 1 123 437,5 мың теңгеге орындалып, 98,4% құрады.

  3. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жоспар 96,5% орындалды. Жоспардағы 145 230,0 мың теңгенің орындалғаны 140 175,0 мың теңге .

  4. Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық бойынша шығындар нақтыланған жоспардағы 144 305,0 мың теңге болса, орындалғаны 86 742,7 мың теңге, немесе 60,1%.

  5. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістіктегі жоспардағы шығыны 65 550,0 мың теңге болса, орындалғаны 64 484,8 мың теңге, яғни 98,4% құрады.

  6. Көлік және коммуникацияларға бөлінген жоспардағы шығын 30660,0 мың теңге болса, орындалғаны 28 848,6 мың теңге құрап, 94,1% орындалды.

  7. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жоспарланған 19 264,0 мың теңге 12 708,4 мың теңгеге орындалып, 66% құрады.

  8. Өзге шығындар бойынша кассалық шығындар 36 499,1 мың теңгені құрап, жоспардағы 52 405,2 мың теңге, 69,6% орындалды.

2007 жылдың қаңтар-тамыз айларында аудан бойынша орташа айлық еңбек ақы - 29 620 теңге болып, 2006 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 133,7 пайыз құрады.

Несиелендіру. Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге және шағын бизнес субъектілеріне 2007 жылдың 9 айында 2-ші деңгейдегі банктер және «Тарбағатай» несие серіктестігі арқылы барлығы 648 747,0 мың теңгенің несиесі берілді. Бұл 2006 жылдың 9 айымен (431 233,0 мың теңге) салыстырғанда 150,4 пайыз құрады. Соның ішінде «Тарбағатай» несие серіктестігі арқылы 2006 жылдың 9 айында 70 040 мың теңге несие берілсе, биылғы жылдың 9 айында 87 440 мың теңге немесе 24,8 %-ға несие артық берілді.

Инвестициялар 2007 жылдың 9 айында жаңадан іске қосылған негізгі қорладың сомасы 128 261,0 мың теңге құрады. Негізгі капиталға құйылған инвестициялар - 2 252 345,0 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 2 113 658,0 мың тенге (барлық көлеміндегі үлесі - 93,8 %), жергілікті бюджеттен – 15 277,0 мың тенге (0,7%), мекемелердің жеке қорларынан - 123 410,0 мың тенге (5,5 %). 2006 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда құйылған инвестициялардың көлемі 178,9 % құрады.

2007-2008 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «Таза су» Бағдарламасы бойынша Үржар (2 кезек), Көктерек, Южное, Тас-Арык және Алтыншоқы ауылдарында су құбырын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылға осы бес су құбырының нысандарына 140 000,0 мың теңге жоспарланып, 2007 жылдың 1 қазанына 95 604,6 мың теңгесі игеріліп немесе 68,3 пайыз құрады.

Байланыс. 2007 жылдың 9 айынының нәтижесі бойынша 1170 телефон орнатылды, жоспарланғаны – 1155, орындалуы - 101,2%. 2007 жылдың 1 қазанына негізгі телефон аппараттардың саны 9897-ге жетті. Бұл 2006 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 120 пайыз құрады. (2007 жылдың 01.10-на - 8197 бірлік болған).

Ақжар ауылы бойынша 300 телефон номерін орнату мәселесі облыстық телекоммуникация дирекциясы деңгейінде шешілуде. Телефон жүйелері Қарақол, Жанай, Сегізбай ауылдарында – 50 номерлі, Аксаковка ауылында 25 номерлі стансаға кеңейтілді. Мақаншы ауылында 2000 нөмірлік телефон жүйесі сандың стансасына қосылды.

Мақаншы өңірінің 9 АТС-і сандық стансасына қосылып, қала аралық және жергілікті байланысты жақсартты. Beeline компаниясының ұялы байланысын Южное, Үржар, Жарбұлақ ауылдарының аудандық телекоммуникация торабының қондырғысы сандық радио релейны жүйесі (ЦРРЛ) бойынша орнатылды. Жоғарғы-Егінсу ауылының стансасын 50 номерге дейін кеңейту бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Южное, Үржар, Қабанбай ауылдарының аудандық телекоммуникация торабының сандық радио релейны жүйесі арқылы Beeline компаниясының ұялы байланысын орнатуы аяқтады.

Инженерлік инфрақұрылым. 2007 жылдың 9 айында аудан бойынша жалпы көлемі 6104 шаршы метрлі 84 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл 2006 жылдың 9 айымен салыстырғанда екі есеге жоғары (2007 ж. 9 айында – 3101 шаршы метрлі 37 тұрғын үй салынған). Есепті кезенде 16 дүкен, 1 мал қорасы, 2 дәріхана, 3 кафе, 1 мейрамхана, 1 әдемілік салоны, автокөлік жуатын нысан, демалыс үйі, т.б., барлық құны 161,0 млн. теңге тұратын 27 нысан салынып, пайдалануға берілді.

2007 жылғы аудан бюджетінде жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 29 885,0 мың теңге қарастырылған.

2007 жылдың 01 қазанына нақты игерілген қаражат 27 193,0 мың теңге немесе 91 пайызды құрайды.

Жергілікті маңызы бар жолдарды осы жылдың (қаңтар, ақпан, наурыз) қыс мерзімінде ұстауға 18 329,0 мың теңге жұмсалды.

2007 жылдың 9 айында жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендер ішіндегі көшелерде ағымды жөндеу жұмыстары бойынша барлығы 8 864,0 мың теңге игерілді.

Әлеуметтік қорғау. 2007 жылдың 9 айында аудан бойынша 530 отбасындағы 1748 адамға 24 010,3 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді. (2006 жылдың 9 айында 1623 отбасындағы 5584 адамға 54 106,3 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілген). 2006 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2007 жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны 1093 отбасына (32,7 пайызға) немесе 3836 адамға азайды.

Күн көріс деңгейі (5 011 теңге) төмен 2 589 аз қамтылған отбасындағы 6 178 балаға 44 433,1 мың теңгенің жәрдемақысы төленді. 2006 жылдың 9 айында аталмыш жәрдем ақы 6 427 балаға 28 631,1 мың теңге төленген. Яғни, 2006 жылдың 9 айымен салыстырғанда 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алушылардың саны 249-ға азайып және төленген жәрдемақының көлемі 15 802,0 мың теңгеге көбейіп отыр.

Жұмыспен қамту және еңбек ресурстары. 2007 жылдың 1 қазанына 457 жұмыссыз ретінде тіркелген, бұл 2006 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 150 адамға аз. 2007 жылдың 9 айында 343 адам жұмыспен қамтылған (2007 01.10-на – 401 адам).

Есепті кезеңде 1 016 адамға 2 040,0 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 14 пайызға көп. Оқу орының бітіргеннен кейін, ауылда жұмыс істегісі келетін үш жас маманға 360,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді

Экономиканың әр саласында 543 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 29,6 пайызы ауыл шаруашылығы; 23,4 пайыз саудада; 11,2 пайызы құрылыс және 22,1 пайыз басқа салаларда ашылған.

Халықтың экономикалық белсенді тобындағы жұмыссыздардың үлес салмағы 2007 жылдың 1 қазанына - 1,0 пайызды құрап, 2006 жылдың 1 қазанымен (1,3 пайыз) салыстырғанда 0,3 пайызға азайды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 649 адам тартылды немесе 2006 жылдың 9 айымен салыстырғанда (674 адам) 96,3 пайыз құрады.

2007 жылға жұмыссыздарды кәсіби дайындақтан өткізу үшін аудандық бюджеттен 2521,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Жыл басынан бері 91 жұмыссыз кәсіби дайындықтан өтті.

Денсаулық сақтау. Аудан халқына 58 емдеу мекемесі медициналық қызмет, соның ішінде 265 төсек орны бар 5 аурухана қызмет көрсетеді. 10 000 адамға шаққанда төсек орынмен қамтамасыз ету – 31,0. 2007 жылдың 9 айында аудан бойынша ауруханада 11520 адам емделді. Күндізгі стационарда 35 төсек орны бар, онда 1493 адам емделіп шықты. Халыққа 124 дәрігер, 379 медициналық қызметкерлер қызмет көрсетуде. 5 дәрігер жоғарғы санатты, 45 бірінші санатты, 4 дәрігерде екінші санатты біліктілігі бар. 10 000 халыққа шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету - 15,3; орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету – 43,9.

Ағымдағы жылда Үржар аудандық орталық ауруханасына жаңа стоматологиялық қондырғы орнатылды, компьютерлік флюоаппарат іске қосылды. Сол сияқты туберкулезге қарсы аурухана да фотоэлектро-колориметр, дезинфекциялық камера, екі бинокулярлы микроскоп және тағы басқа медициналық жабдықтар алынды. Осы жылдың бюджетінде аудан медицина ұйымдарына 17 488,0 мың теңгенің медициналық қондырғысын алу қарастырылған. 2007 жылдың 9 айында Көктерек отбасылық дәрігерлік амбулаториясында - 5 төсектік, Бақтыда - 3 төсектік күндізгі стационар ашылды. Мақаншы аудандық, Таскескен ауылдық учаскелік ауруханаларын-да күрделі жөндеуден өтті. 2007 жылы Үржар ауданының емдеу мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге 42 800,0 мың теңгенің жұмыстары жоспарланып, игерілуде. Ағымдағы жылдың 9 айында жүкті әйелдерге - 907,6 мың теңгенің, 5 жасқа дейінгі балаларға -1 964,2 мың теңгенің, диспансерлік есепте тұратын балалар мен жасөспірімдерге - 273,2 мың теңгенің дәрі-дәрмектері тегін таратылып берілді. Жыл аяғына дейін ауданға 26 304,0 мың теңгенің тегін дәрі-дәрмектері түсуі күтілуде.

Білім саласы. 2007 жылдың 9 айында ауданның мектептерінде 15 190 бала оқиды, 2006 жылдың 9 айымен салыстырғанда оқушылар саны 1082 балаға азайып отыр. (01.10.2006 ж. – оқушылар саны 16 972 бала). 01.10.2007 жылға 1193 бала мектеп алды даярлықпен қамтылған, 140 бала балабақшада тәрбиеленеді. 81 оқушы денсаулығына байланысты үйде дәріс алады, 48 бала оқуға жарамсыз. Ауданның 4 мектебінде оқушылар механизатор және 6 мектепте «ВС» категориялы жүргізушілер мамандығын алады. 2 939 оқушы ыстық тамақпен, соның ішінде 494 тегін, 5 450-сі қоғамдық, соның ішінде 68-і тегін тамакпен қамтылған. Ауданның барлық мектептері компьютерлендірілген, орташа бір мектепке 10 компьютер келеді. 2007 жылдың 1 қазанына 9 мектеп 15 194,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өтті.

Мәдениет және тілдерді дамыту саласы. Аудан бойынша Үржар, Мақаншы, Таскескен ауылдарында 3 мәдениет үйі, 4 ауылдық клуб, 4 кітапхана және 1 кинотеатр халыққа қызмет көрсетіп жұмыс атқарады.

Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында және аудандық мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу үшің 2007 жылдың 9 айында 2 961,9 мың теңге жұмсалды. Күрделі жөндеу жұмыстарына 11 000,0 мың. теңге жұмсалды. Соның ішінде: Көкөзек мәдениет үйіне – 1 994,0 мың теңге, Науалы мәдениет үйіне – 2 720,0 мың теңге, Үржар мәдениет үйіне – 4 679,0 мың теңге, облыстық бюджет қаржысы есебінен Мақаншы мәдениет үйі сатылып алынды.

Көші-қон және демографиялық жағдай. 2007 жылдың 01 қазанына 1066 сәби дүниеге келіп (01.10.06 ж. – 1058 сәби), 607 адам қайтыс болды (01.10.06ж - 629), табиғи өсімі - 459 адам (01.10.06 ж. – 429 адам).

Есепті кезеңде ауданнан 1 853 адам көшіп кетіп (2006 ж. 9 айында - 1885 адам), 377 адам көшіп келген (2006 ж. 9 айында - 245 адам). Көші-қон есебінен аудан тұрғындары 1476 адамға азайды (2006 ж. 9 айында - 1 640 адамға азайған болатын).

Құқық бұзу. 2007 жылдың 9 айында Үржар ауданының аумағында 195 жалпы қылмыстық іс тіркеліп, 2006 жылдың 9 айымен салыстырғанда (230 қылмыстық іс) 15,2 пайызға азайған. Қылмыстық істі ашуы 15,2 пайызға төмендеген.




Ескертпе: Анықтаманың дайындық барысында аудандық статистика және аудан бөлімдері мен мекемелері берген материалдары қолданылды.


Похожие:

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп iconАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы туралы хабарлама
Ауданның 2007 жылдың 1 тоқсанының әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылмен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп icon2009 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2009 жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оңды ілгерілеулер бар. Ауданда «Жол картасы»
Ауданда «Жол картасы» жобасы іске асырылуда, 272 жұмыс орындары құрылған. Былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа еңбекақы...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп iconАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 12 айының қорытындысы туралы Ақпарат Өнеркәсіп
«Бақыршық тау кен кәсіпорны» жшс-де өнеркәсіптік өнім өндірісі 3,7 есеге, «Георгиевка насоспен жабдықтау зауыты» серіктестігі бойынша...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп iconАягөз ауданының 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамудың қорытындылары
Ауданның 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары экономикалық өсу тенденциясын көрсетіп...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп icon2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының алға басқандығы, партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы ықпал...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп iconЖарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат
Ауданның экономика және әлеуметтік сала дамуының жалпы беталысы ағымдағы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда оң серпінде
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп iconОблыс АӨК әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы 1-тоқсандағы қорытындылары және 2 тоқсанға арналған міндеттер туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторларын орындау мақсатында аудандар...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылдың 9 айлық қорытындысы туралы Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница