«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп»




Скачать 164.77 Kb.
Название«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп»
Дата конвертации12.12.2012
Размер164.77 Kb.
ТипДокументы
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АО

Директорлар кеңесінің

2009 жылғы 3 маусымдағы №5/11

шешімімен бекітілген

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ САЯСАТЫ


  1. Мәні

1.1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты (бұдан әрі - Саясат) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы қызметін жетілдіруге арналған және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін, корпоративтік әлеумттік жауапкершілік аясындағы стратегиялық жауапкершілікті және корпоративтік әлеумттік жауапкершілік тиімділігін бағалауды айқындайды.
2.Әрекет ету саласы

    1. Осы Саясат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың барлық құрылым бөлімшелеріне таралады, оның принциптерін ішкі нормативтік құжаттардың әлеуметтік мәселелеріне және мүдделі тараптармен өзара әрекет ету мәселелеріне қатысты бөлігін әзірлеген кезде назарға алу қажет.

    2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың осы Саясатта белгіленген корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі қызметінің принциптеріне, стратегиялық мақсаттарына және бағыттарына қосылу құқығы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың еншілес және тәуелді ұйымдарына беріледі.




  1. Терминдер мен атаулар

3.1.Осы Саясатта мынадай терминдер мен атаулар қолданылады:

  • Компания

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;

  • әлеуметтік жауапкершілік

өз еркімен алған міндеттерді атқару және Компанияның оның шешімдері мен қызметі қоғамға және қоршаған ортаға әсері үшін жауапкершілігі;

  • тұрақты даму

болашақ ұрпақтың өз қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігіне күмән келтірмей, қазіргі уақыттағы қажеттілікті қанағаттандыруды дамыту;

  • мүдделі тарап (stakeholder)

Компанияның кез келген шешіміне немесе қызметіне мүдделі тұлға немесе тұлғалар тобы: қызметкерлер, басшылар, акционерлер, әріптестер, жеткізушілер, тұтынушылар, мемлекеттік органдар, кредиторлар;

  • қоршаған орта

Компания жұмысын атқаратын табиғи орта, оған ауа, су, жер, табиғи ресурстар, адамдар және олардың өзара байланысы да кіреді;

  • этикалық тәртіп

нақты жағдайдың контекстінде қабылданған принциптер мен дәстүрге сай келетін, сондай-ақ халықаралық нормалармен келісілетін тәртіп;

  • әлеуметтік инвестициялар

Қоғамдық өмірдің әлеуметтік аспекттерін жақсартуға бағытталған Компания инвестициялары;

  • заңнама

белгіленген тәртіпте қабылданған Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер жиынтығы.


  1. Әлеуметтік жауапкершіліктің принциптері

    1. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің принциптері болып табылады:

  • Айқындық. Жүйелік. Мәнділік.

Аталған принцип Компанияның өзгелерге әсер ететін өз шешімдері мен қызметінде айқын болуына ынталатынын білдіреді.

Компания өзі жауапты саясатын, қабылданатын шешімдерін және жүзеге асырып жатқан қызметін түсінікті, теңдестірілген және расталған нысанда ашу мақсатты алдына қояды, ал бұл мынаны көрсетеді:

- Компанияның мақсаттары мен міндеттерін;

- жауапкершілікті, есеп беруді және өкілеттіктерді бөлумен қоса, шешімдер қабылданатын, іске асырылатын және талданылатын әдістерін;

- Компания өз қызметін бағалайтын стандарттар мен критерийларды .

Компанияның әлеуметтік жауапкершілік саласында өткізетін саясатында тұрақты сипаты бар, әлеуметтік бағдарламаны енгізу кезінде оны өте қажетсінетін салаларда іске асыру оның қызметінің басымқы бағыттары болып табылады.

  • Есеп беру

Компания өз қызметін жүзеге асыру нәтижесінде қоғамға және қоршаған ортаға әсері үшін мүдделі тараптар алдындағы жауапкершілігін есеп беру принципі көрсетеді.

Компания қабылдайтын шешімдері мен орындалатын іс-әрекеттеріне жауапты болу міндеттерді өзіне алады, сондай-ақ, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және өндірістік технологияларды қалдық пен зиян тасталымдардың санын азайтып қолдану арқылы қоршаған ортаға қолайсыз әсерді төмендету бойынша, қоғамға және қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмайтын іс-әрекеттерді орындау бойынша міндеттерді де өзіне алады.

Компания:

  • қабылданған шешімдер мен әрекетінің салдарына;

  • барлық мүдделі тараптарға ұйымның шешімдері мен әрекетінің елеулі әсер етуі үшін жауапты.

  • Этикалық тәртіп

Этикалық тәртіптің принципі Компанияның тұтастығына, адалдығына, тепе-теңдігіне, ақылға сай басқаруына, парасаттылығына негізделген тәртіптің стилін айқындайды.

Компанияның этикалық тәртібінің стандарттарын:

  • этикалық тәртібінің стандарттарына сыйақы беру мен қолдау;

  • этикалық тәртібінің стандарттарын өз қызметкерлері арасында айқындап, тарату;

  • мүдде дауаларын азайту;

  • этикалық тәртіптің байқау мен енгізу нормаларын қадағалап, бақылау механизмін құру арқылы қабылдайды.

  • Мүдделі тараптардың мүддесін сыйлау

Мүдделі тараптардың мүддесін сыйлау принципі бұл Компания оның мүдделі тараптарының мүддесін сыйлауға және қарастыруға тиіс екенін білдіреді. Компанияның әлеуметтік саясатын қалыптастыру және іске асыру кезінде мүдделі тараптардың мүддесін мүдделі тараптармен, жүйелі диалогты жүргізу және тараптардың мүддесін, ақылға сай тепе-теңдігі негізінде шешім қабылдау арқылы, ескеруге тиіс.

  • Құқықтық нормаларды сақтау

Құқықтық нормалардың принципі құқықтық нормаларды сақтау талаптарын белгілейді. Компания оған қатысты қолданылатын заңдар мен қағидалар туралы хабардар болу үшін шараларды қолданады, Компаниядағы заңдар мен қағидаларды сақтауға жауапты тұлғаларға хабарлайды, және олар орындалынатынын біледі, сондай-ақ Компанияның өзара қатынастары мен қызметі қолданыстағы құқықтық нормалар шеңберінде жүзеге асырылуына кепілдік етеді.

Компания:

-өз қызметінің барлық саласында заңнамалық және нормативтік актілер талаптарын сақтауға;

- оның өзара әрекеті мен қызметі заңнамалық базаның талаптарына сай екеніне кепілдік беруге;

- ішкі нормативтік базаның талаптарына сай болуға және оларды адал және кедергісіз сақтауға міндетті.

  • Адам құқығын сақтау

Адам құқығы принципі адам құқығының маңыздылығын және жалпыға бірдейлігін білдіреді. Компания:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған құқықтарды сыйлайды;

  • сол құқықтарды қорғау және сыйлау бойынша шара қолданады.

  • Тиімділік

Тиімділік приципі бұл Компания өткізілген әлеуметтік саясатқа мониторинг пен талдауды тұрақты жүзеге асырып отырғанын, оның тиімділігін проблемаларды шешуге және нақты көмекті көрсетуге жағдай жасайтын функцияларды орындау жағынан бағалайды, осы салада енгізілетін өзгерістердің салалдарын болжамдайды.

  • Компанияның өндірістік нысандары орналасқан аумақтардың дамуына қолдау көрсету

Аталған принцип Компанияның өндірістік нысандары орналасқан аумақтардың тұрғындары, жергілікті атқарушы органдары алдындағы міндеттерін аумақтың инфрақұрылымын жақсартуға, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және әл-ауқатын көтеруге бағытталған меморандумдар мен келісімдерді жасасу арқылы айқындалады.


  1. Әлеуметтік жауапкершілік аясындағы қызметтің негізгі бағыттары

    1. Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілгі аясындағы қызметінің негізгі бағыттары айқындалған:

  1. қызметтің корпоратив ішіндегі бағыттары:

  • еңбек қатынастары;

  • еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі;

  1. қызметтің сыртқы бағыттары:

  • қоршаған орта туралы қамқорлық;

  • істі адал жүргізу;

  • әлеуметтік-экономикалық даму;

  • қайырымдылық және демеушілік көмек.




  1. Еңбек қатынастары

6.1.Компания Компанияның өз қызметкерлерімен өзара қатынастары үшін жауапты.

6.2. Компания персоналды жалға алу және еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде әр біреусінің:

  • құқығын, қандай да кемсітусіз және еңбекке мәжбірлеусіз, еңбекті еркің таңдау немесе еңбекке еркін келісу, өзінің еңбекке деген қабілетімен пайдалану, кәсіби және қызмет түрін таңдау, балалар еңбегін толығымен жоюды қолдау;

  • жынысына, жасына, дене кемшілігіне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұрған орнына, дінге, саяси көзқарастарына, ұруға немесе тегіне, қоғамдық бірлестікке деген қатынастарына байланысты қандай-да кемсітуді болдырмау;

  • қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек шарттарымен қамтамасыз етулу;

  • еңбегіне әділ сыйақы алу;

  • ассоциацияларға кіру және араласусыз тиімді еңбек қызметі үшін жағдай жасайтын ұжымдық шарттарды жасасу құқығын;

  • заңнамада көзделген өзге де құқығын мойындап, сыйлайды.

6.3. Қызметтің аталған бағытындағы Компанияның мақсаттары мен міндеттері:

  • еңбек ақысын төлеуге, жұмыс уақытына, апта сайынғы демалыс күндеріне, қауіпсіздікке, денсаулықты қорғауға және аналықты сақтауға қатысты лайық жағдайын ұсынуға;

  • айыппұлмен, жаза тартумен және жұмыстан босатумен қорқытып, мәжбүрлеп жұмыс істеуді пайдаланбауға, егер қызметкер өзі оларды орындауға келіспесе;

  • тең құқықтар мен және мүмкіндіктермен қамтуға;

  • қызметкерге өз әлуетін іске асыруға мүмкіндік беру, сондай-ақ олардың кәсіби дамуын марапаттауға;

  • кадрлық резервтің, карьералық өсу жоспарлардың бар болуын қамтамасыз етуге;

  • қызметкердің жанұясындағы міндеттерін сыйлауға, оны жұмыс істеудің қолайлы сағаттарын, еңбек жағдайын, мысалы балаға қарау, балаға қарау бойынша демалыс жағдайларын және т.б. ұсыну арқылы көрсетуге;

  • заңнамада көзделген өзге де міндеттер.




  1. Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі

    1. Өндірістегі денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Еңбек етудің қауіпсіз жағдайын жасау және қолдау, ауруы өз еңбек міндеттерін орындаумен байланысты қызметкерге зиян өндірісітік факторлардың әсер ету нәтижесінде болған кәсіби ауруларды жұмыстан босатуды болдырмау, қызметкерді зиян және қауіпті өндірістік факторларымен байланысты рисктерден қорғау бұл моральдік климатты жақсартатынын, еңбек өнімділігін өсіретінін және Компанияға деген бейілділігін көтеретінін Компания түсініп, мойындап отыр.

    2. Қызметтің аталған бағытындағы Компанияның мақсаттары мен міндеттері:

  • зиян және қауіпті өндірістік факторларға байланысты рисктерді төмендетуге ынталану;

  • Қажетті қорғану құралдарын ұсынып, кәсіби ауруды, жазатайым оқиғаларды, оқыс оқиғалар мен апат жағдайларды қысқарту мен алдын алу үшін қажетті процедураларды енгізу;

  • жазатайым оқиғалар, оқыс оқиғалар мен апат жағдайлар, кәсіби ауру себептерін, сондай-ақ қызметкерлердің аталған бағыттағы ұсыныстарын талдау;

  • қажетті оқыту мен нұсқаулық жүргізу;

  • қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша ең үздік практикасын алмастыру.

  1. Қоршаған орта туралы қамқорлық

    1. Ірі өнеркәсіп кешені болып табылатын Компания бизнестің стратегиясы мен жедел қызметін қоршаған орта мен қоғамды қорғаудан айыру болмайтынын түсініп отыр.

    2. Қызметтің аталған бағыттағы мақсаттары мен принциптері:

  • қолданыстағы және жаңадан пайдалануға қосылып жатқан объектілерді пайдалану кезінде, сондай-ақ радиобелсенді және өнеркәсіптік улы қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты;

  • қоршаған ортада және әлеуметтік-экономикалық ортада болуы мүмкін өзгерістердің алдын алу мақсатында экологиялық рисктерге бағалау жүргізу;

  • ластанудың залалдарын бағалап, оның қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін төмендету бойынша іс-шараларды белгілеу;

  • өндірістік процестерді оңтайландыру арқылы қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, заманға сай экологиялық тұрғыдан таза технологияларды енгізуге және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ынталу:

  • атом саласындағы қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін жетілдіру бойынша шараларды қолдану;

  • баламалы энергия көздерін пайдалану, энергияны пайдалануды төмендету және энергия тиімділігін өсіру бойынша бастамаларды жасауға кірісу.




  1. Істі адал жүргізу

    1. Жемқорлықпен күресуді қоса, мүдделі тараптармен өзара әрекет ету кезінде істі адал жүргізу қажетті фактор болып табылатынын Компания түсініп, мойындап отыр.

    2. Трансакциялардың сенімділігі мен адалдығын арттыру, жемқорлықтың алдын алу, мүдделі тараптар шешім қабылдау үшін расталған ақпаратты ұсыну және корпоративтік өзара адал қатынастарға қолдау көрсету арқылы істі адал жүргізу практикасы Компания жұмыс істеп жатқан әлеуметтік және экономикалық ортаның беделін көтереді.

    3. Аталған бағыттағы Компанияның мақсаттары мен әрекеті.

  • жемқорлықтың парақорлық пен қорқытып алудың алдын алуға, формальдылықты жеңілдетуге сыйақы алуға көмектесетін саясат пен практиканы қолданып, жетілдіру;

  • заңнамаға сәйкес жемқорлыққа қарсы шараларды өткізу;

  • компанияның қызметкерлеріне орындалатын жұмысқа және біліктілік деңгейіне еңбек ақы төлеу деңгейі сай келетінін көрсету;

  • өз қызметін заңнама талаптарына сай келетін әдістермен және тәсілдермен жүзеге асыру;

  • талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету (нормативтер, заңнама талаптарын, халықаралық шарттардың ережелерін және т.б. бұзғаны үшін айыппұл санкцияларының бар болуы);

  • мемлекеттік бюджетке Компанияның салығы мен өзге төлемдерін төлеу бойынша міндеттерді уақытылы орындау;

  • заңсыз жолдармен алынған табыстарды жария етуге қарсы тұру;

  • адал бәсекелестік принциптерін сақтау;

  • жұмыстың адалсыз әдістерін Компанияда қолдануға жол бермейтін қауіпсіздік шараларын қолдану;

  • Компаниядағы саясатты, қағидалар мен процедураларды бұзу туралы хабарлаған қызметкерлерді марапаттау;

  • персоналдың орындалып жатқан әрекеті заңнама талаптарына сәйкестігінің маңыздылығына қатысты хабардар болуын көтеру;

  • сатып алу және шарттарды жасасу саясатын жүзеге асыру кезінде этикалық тепе-теңдік критерийларын пайдалану;

  • заңнаманы, Компания Жарғысының және ішкі нормативтік құқықтық құжаттарының талаптарын бұзатын қызметке қатыспау;

  • жаңылыстыратын, көрінеу жалған ақпаратты немесе оны жасыратын қызметке қатысудан алшақтау;

  • мүдделі тараптарға расталған ақпаратты ұсыну;

  • қабылданатын шешімдердің айқындығын, жария етілгенін және объективтігін сақтау.




  1. Әлеуметтік-экономикалық даму

10.1.Әлеуметтік сала, уранөндіруші аумақты дамыту - Компакнияның негізгі артықшылықтарының бірі болып табылады.

10.2. Компанияның сыртқы әлеуметтік саясатының мынадай стратегиялық мақсаттары айқындалған:

  • негізгі елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымдарын қалпына келтіруді аяқтау;

  • белгіленген мерзімде, әлеуметтік инфрақұрылымының нысандарын пайдалануға қосумен қатар Аумақтарды әлеуметтік дамыту бағдарламасын іске асыру;

  • әлеуметтік сипаты бар қызметтерді: медицина қызметін, білім беру, балаларға мектепке дейін білім беру саласындағы қызметтерді, мәдени-спорт іс-шараларын - ұсыну сапасын жоғарлату;

10.3. Компанияның барлық бағыттар бойынша сыртқы әлеуметтік саясаты Компания әзірлеген уран өнеркәсібін дамыту бағдарламасымен үздіксіз байланысты.

Бұрында негізгі мақсат қажетті қызметтердің тізімін (әлеуметтік пакеттің шеңберінде) кеңейту болса, онда әлеуметтік қызметтерге жаңа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жобалар келешекте инвестициялық жоспарға кіргізілетінін атап өту керек.

Инвестициялық жобаларды іске асыру инфрақұрылым субъекттердің тоқтамай жұмыс істеуін құруға және ұйымдастыруға, елді мекендерде тұратын персоналдың өмір сүру сапасын көтеру арқылы Компанияның қаланың негізін салушы кәсіпорындарына мамандарды тартып, ұстап қалу жағынан стратегиялық мақсаттарды шешуге, шағын және орта бизнесті дамытуға жағдайды қалыптастыруға бағытталған. Барлық жоғарыда аталған инвестициялық жобалар коммерциялық және өзін өзі тез өтейтін болып табылмайды, ал әлеуметтік секторға жасаған инвестицияның ойдағыдай болу критерийлары табыс алу емес, әлеуметтік нәтиже, яғни әлеуметтік қауырттылықты төмендету мен «тұрғынды халықтың өмір сүру сапасын көтеру» болып саналады.

10.4. Жоғарыда баяндалғанға сәйкес, сыртқы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары мына түрлермен айқындалған:

  • медицинаны дамыту (медициналық қызмет көрсету көлемін кеңейту, медсақтандыру қызметін көрсету, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың вахталық поселкелерінде жаңа медпунктарды ашу, қызмет көрсету сапасын көтеру, Денсаулықты сақтау министрлігі бекіткен, белгіленген регламенттар мен процедураларға сәйкес нормалар мен нормативтерді орындап, сақтау);

  • спорт пен мәдениетті дамыту « спартакиадаларды ұйымдастыру мен өткізу, мәдениет пен спорттың жаңа объектілерін пайдалануға қосу);

  • елді мекендерді абаттандыру (арнайы техниканы алу, күнделікті шығындарды қысқарту, қызмет көрсету сапасын көтеру);

  • білім беруді дамыту (пәндер бойынша мамандырылған олимпиадаларды, курстарды ұйымдастыру және өткізу, мектеп мекемелерін құрал-саймандармен және жабдықтармен қамту);

  • шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасына кіргізілген жобаларға тікелей қатысу арқылы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау (жаңа жұмыс орындарын ашу, аумақтың жергілікті тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын көтеріп, тізімін өсіру).

10.5. Нәтижесінде бұл елді мекендерде тұратын, бірақ Компанияда жұмыс істемейтін халықтың жалпы әл-ауқатын көтеріп, оларды жұмыс орнымен қамту мәселесін шешетінін және аумақтағы әлеуметтік қауырттылықты төмендететінін Компания түсініп отыр.


  1. Қамқорлық пен демеушілік қызметі

    1. Әлеуметтік және мәдени жобаларға қаржылық және ұйымдық көмек көрсету, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарына, медициналық және балалар мекемелеріне қайырымдылық жылу Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметінің бөлігін құрайды.

Қомпания қызметкерлердің қайырымдылық және демеушілік қызметке өз еркімен қатысуын көтермелейді.

    1. Қайырымдылық және демеушілікке қолдауды мына салаларда көрсетуге болады:

  • Компанияның өндірістік объектілері орналасқан аумақтардағы әлеуметтік, спорт-сауықтыру және коммуналдық-тұрғын объектілерді қалпына келтіруге, модернизациялауға, күрделі жөндеуге және салуға;

  • Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты іс-шараларды қолдау үшін;

  • Ардагерлердің, мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына, балалар үйіне және интернаттарға және әлеуметтік саланың өзге де заңды (коммерциялық емес) тұлғаларына;

  • Өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға, спорт түрлеріне, инфрақұрылымды дамытуға және т.б.




  1. Корпоративтік әлеуметтік саясаттың тиімділігін бағалау

    1. Әлеуметтік жауапкершіліктің тиімділігі, Компанияның ең елеулі бастамасы ретінде, Компания қабылдаған әрекетті, қол жеткізген жетістіктерін, қойылған мақсаттарға қол жеткізгенін, пайдаланған ресурстарды және Компания қызметінің өзге де аспекттарын мұқият бақылауға, бағалауға және тексеруге тәуелді.

Осыған байланысты Компания әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жетістіктерді айқындау, жақсы фокусталған бағдарламаларды өткізуге көмектесу, өзгерістерді қажетсінетін салаларды сәйкестендіру және оларды орындауға қолдау көрсету үшін тиімділікке кезеңдік тексеруді өткізуге тиіс.

    1. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің тиімділігін бағалау көрсеткіштері болып табылады:

  • сауалнамалау негізінде Компанияның сенімділік дәрежесін көтеру, оған мына міндетті аспектілер кіреді: қызметкерлер құқығын сақтау, жұмыс орнындағы қорғау дәрежесі, қызметкерлердің әлуетіндамыту саясатыөткізілетін әлеуметтік саясаты; сауалнамалау жыл сайын есеп беру жылдың аяғында өткізіледі, Компания ынталған нысаналы мақсат – бұл Компания сенімділігінің дәрежесін кем дегенде 3 %-ға қамтамасыз ету.

  • қауқарсыз топтың салыстырмалы жағдайдағы әлеуметтік проблемаларын шешуге кететін шығындар өсімі (Компанияның қаржылық экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып); салыстыру, алдағы жылдың салыстырмалы жағдайымен салыстырғанда, есеп беру жылдың нақты деректері бойынша жүргізіледі;

  • заңнаманы сақтамау мәселелері бойынша қызметкерлердің Компанияға (жүмыс берушіге) шығу санын төмендету; салыстыру, алдағы жылдағы өтініштер санымен салыстырғанда, есеп беру жылдағы өтініштердің жеке саны ретінде жүзеге асырылады.

    1. Компания корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің тиімділігін белгіленген бағалау көрсеткіштері жөніндегі қорытындылар бойынша кейбір кемшіліктерді түзететін және әлеуметтік жауапкершіліктің тиімділігін өсіруге әкелетін бағдарламалардағы өзгерістерді айқындайды.




  1. Өткізілетін корпоративтік әлеуметтік саясат туралы есеп беру

    1. Компания айқын, адал болуға және өткізілетін корпоративтік әлеуметтік саясатты толық көрсетуге тырысады.

    2. Әлеуметтік жауапкершілік бойынша есеп беруге тиімді әлеуметтік жауапкершілік саясатының адал және толық бейнесін көрсетеді, бұған жетістіктер мен кемшіліктер және кемшіліктерге қарау тәсілдері кіреді. Есепке сондай-ақ алдағы есеп беруде орын алған проблемалар бойынша Компания қандай шешім қабылдағаны да көрсетіледі.

    3. Компания өз есептерінің растығын көтеруге тырысады, айқындығы жағына қарай қосымша қадамдарды жасауға және мүдделі мен өзге тараптар ақпаратты тексеруге мүмкін ететеді.

    4. Ұсынылатын есеп беру мына сипаттамаларға сай келуге тиіс:

  • Түсініктілік: мемлекеттік және орыс тілдерінде арнайы күрделі терминдерсіз, мүдделі тараптардың мүддесі мен қажеттілігін ескеріп, ұсыну;

  • Шыншылдық пен дәлділік: нақты сыпайлы ақпараттың детальдары жеткілікті болуға тиіс, ол тапсырылатын мақсаттар үшін пайдалы да орынды болу үшін қажет;

  • Теңдестірілгендік: тек қана оң ақпарат емес, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары болуға тиіс;

  • Дер кезеңділік: өтіп кеткен ақпаратты ұсынбау, уақыттың көкейтесті кезеңін қамту.

  • Салыстырымдылық: сыртқы факторлардың әсерін және Компанияның өз әрекетін есепке ала отырып, алдағы ақпаратпен салыстырып ұсыну.




  1. Тұжырым

    1. «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлеуметтік-бағытталған қадамы бойынша шешімді өз еркімен қабылдайды.

    2. Осы Саясат аталған бағытта бастапқы қадам болып табылады.

    3. Компания күшін әдістерді айқындауға салады, олар арқылы әлеуметтік жауапкершіліктің принціиптері, негізгі аспекттер мен проблемалар Компанияның әр түрлі бөлімшелері мен кәсіпорындарында қолданылады.

    4. Әлеуметтік жауапкершіліктің интеграция процесі аяқ астынан немесе барлық негізгі аспекттер мен проблемалар үшін бірдей шапшандылығымен жасалмау керектігін Компания түсініп отыр. Қысқа немесе ұзақ кезеңге әлеуметтік жауапкершіліктің бірнеше проблемаларын шешу бойынша қолданылатын әдістердің растығын талдайды және Компанияның мүмкіндіктерін, қол жетерлік ресурстары мен проблемалардың басымдығын ескереді.

    5. Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы қызметке жауапты қызметкерлері осы Саясаттың ережелерін орындамағаны үшін жауапты.

    6. Осы Саясаттың ережелерін орындамағанына жауапкершілікті заңнамада, Компанияның Жарғысында және Компанияның өзге де ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қолданады.


Ауд. Шупшибаева Ш.

27.01.2012г.

Похожие:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» icon«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуекелдерін басқару
Саясаты (бұдан әрі – Саясат) тәуекелдерді басқару мақсаттарын, негізгі ұстанымдарын белгілейді және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың...
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» iconҚазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы” акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі «Қазатомөнеркәсіп»
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың дұрыстығына жауап береді және ондағы берілген бар ақпараттың...
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» iconТәуекелдер жөніндегі комитет Ереже Мәні Осы Ереже «Қазатомөнеркәсіп»
Акционерлік қоғамы Басқармасының жанындағы Тәуекелдер жөніндегі комитеттің (бұдан әрі Комитет) мәртебесін, мақсатын, міндетін, функциясын,...
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» icon2011 жылғы 8 қыркүйектегі мәжіліс
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жобаларды жүзеге асыру ережелері, Қоғамның 2011-2015 жылдарға арналған кадрлық...
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» iconТуралы № / шарт ақтау қ. 2012 ж
Республикасының заңдылықтары бойынша құрылған және жұмыс істейтін «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі...
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» icon«Қазатомөнеркәсіп»
Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комиттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін бағалау туралы ереже
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» icon«маэк-қазатомөнеркәсіп» жшс еко кассасі күзет сатып алу туралы № шарт 2011 ж. Ақтау қ. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Казатомөнеркәсіп»
АҚ директорлар Кеңесі Шешімімен бекітілген дауыс беруші акцияларының (қатысу үлесі) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама...
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» iconЕң мықты жобасы бойынша жыл сайынғЫ Ұлттық байқауы (2 қазан, 2012 жыл, Астана, Тәуелсіздік Сарайы)
Байқауға ұсынылатын Корпоративтік әлеуметтік жауаптылық жобасының (Әлеуметтік жоба) атауы
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» iconАстана 2012 жыл мазмұНЫ
Республикасы қаржы полициясы органдарының имидждік саясаты тұжырымдамасының мақсаты, мәні және объектісі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп» icon«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже
Ак ақ-тың Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница