Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы




Скачать 330.07 Kb.
НазваниеЗаңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы
страница1/3
Дата конвертации12.12.2012
Размер330.07 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 18.08.2011 10:29:48
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 Заңы

(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара:

2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Заңы  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222- ІV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай Мемлекеттік тiркелiмге енгiзудi қамтиды.

Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып есептік тіркеу туралы куәлік берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізіліміне енгізуді қамтиды.

 

ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді

2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаты

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:

заңды тұлғаның құрылу, қайта ұйымдастыру және таратылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;

Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған және қызметiн тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;

заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу;

заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттан басқасын) монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша өткізу мақсатында жүзеге асырылады.

 

ҚР 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II Заңдарымен 3-бап өзгертілді

3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер

Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттік тiркеуге жатады.

Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.

 

ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 29.10.02 ж. № 348-II ; 2006.05.06 № 146-III   (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді

4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар) , заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 02.03.01 ж. № 162-II 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді

5-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеудi жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң құзыры

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:

осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізуді;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөніндегі қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды;

Әдiлет министрлігі аумақтық органдарының осы Заң талаптарының орындалуын бақылауды;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөніндегі өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.

 

19.06.97 ж. № 132-1; 22.04.98 ж. № 221-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 23.03.00 ж. № 40-II; 18.12.00 ж. № 128-II; 05.01.01 ж. № 135-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III; 2005.08.07. № 69-III ; 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.25.12. № 113- ІV (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116- ІV (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225- ІV (бұр.ред.қара); 2010.20.01 № 239-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді

6-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу тәртібі

Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген нысан бойынша арыз берiледi және оған осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, үш дана етiп берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады.

Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын тіркеу үшін тіркеуші органға Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтерді әділет органдары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жіберген хабарламалар негізінде бірыңғай Мемлекеттік тізілімге енгізеді.

Қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің рұқсаты қосымша талап етiледi.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсету нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етiледi.

Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.

Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс етеді. Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың біреуі не Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мемлекеттік органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшы болатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не оған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.

Шетел қатысатын заңды түлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:

құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа да заңдастырылған құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса;

құрылтайшының - шетелдік жеке тулғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.

Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу «
  1   2   3

Похожие:

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы icon«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызметтер стандарты
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы icon«Жеке кәсіпкерлерді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Жеке кәсіпкерлерді тіркеу – бұл салық органының жеке кәсіпкер ретінде есепке қою, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті...
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін...
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы iconАвторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға туындыларды мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бере отырып, уәкілетті...
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы iconҚр дсм алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының " Жаңа тіркеу куәлігін бере отырып Мемлекеттік Тізілімге
Жаңа тіркеу куәлігін бере Мемлекеттік Тізілімге, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын тіркеу құжаттамаларына енгізілетін...
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы icon«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы»

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы iconДара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою
Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында...
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы iconҚазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының
Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру және сақтау туралы...
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы iconҚр дсм алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық
Жаңа тіркеу куәлігін бере Мемлекеттік Тізілімге, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын тіркеу құжаттамаларына енгізілетін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница