«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері




Скачать 261.96 Kb.
Название«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері
страница1/3
Дата конвертации12.12.2012
Размер261.96 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі


«6M020700- АУДАРМА ICI»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012


Емтихан тақырыптарының тізімі
«Аударма теориясы мен практикасы » пәні

1. Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері.

«Аударма теориясы» түсінігінің анықтамасы. Аударма теориясының міндеті. Зерттеу әдістері. «Аударыла алмау теориясының» дәлсіздігі. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма. Берілетін және қабылданатын хабардың коммуникативтік барабарлығы. «Тіл делдалдығының» түсінігі. Тіл делдалдығының түрі ретіндегі аударма. Аударманың коммуникативтік сызбасы. Аудармашы қызметінің объективті-субъективті жағы. Бейімделмелі транскодтаудың түрлері.

2. Аудармалық сәйкестіктер.

Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі. Әр деңгейлі БТ бірліктеріне қатысты аударманың сәйкестігі. Сәйкестіктерді сыныптау ұстанымдары. Жеке және көптік сәйкестіктер. Мәнмәтіннің ұғымы мен түрлері. Мәмәтіндегі сөздің мағынасын айқындау. Аудармадағы сәйкестікті таңдау. Тосын сәйкестіктің түсінігі. Баламасыз лексикалық және грамматикалық бірліктер. Фразеологиялық және грамматикалық сәйкестіктерді сипаттаудың қағидаттары.

3. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері.

Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары. Ғылыми-техникалық материалдардың лексикалық ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық материалдардың грамматикалық ерекшеліктері. Орыс тіліндегі ғылыми-техникалық материалдардың лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері.

4. Аударма техникасы.

Аудармалық трансформацияның түсінігі. Транскрипция мен транслитерация. Калькалау. Лексикалық-семантикалық ауыстыру. Синтаксистік үйлесім. Сөйлемдерді бөлшектеу және біріктіру. Грамматикалық ауыстыру. Антонимдік аударма. Экспликация. Компенсация. Эвристикалық үдеріс ретіндегі аударма. Аударма үдерісінің ең кем бірлігінің түсінігі. Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. Аударма барысындағы барынша төмен шығындарды іздеу.

Аударма стратегиясының ұстанымы. Аударманың техникалық амалдары.

5.Ғылыми пән ретіндегі аударманың теориясы

Аударманың лингвистикалық теориясының мәні, нысаны және міндеттері. Аударма теориясының басқа да лингвистикалық пәндермен байланысы. Аударма теориясы және мәтіннің лингвистикасы.

6. Аударманың түрлері.

Семасиологиялық байланыс түрлерінің тұрғысындағы аударма түрлерінің сыныптамасы. Көркем аударма. Ғылыми-техникалық аударма. Қоғами-саяси аударма. Ауызша және жазбаша аударманың түрлері. Аударма үдерісінің мазмұны мен кезеңдері.

7. Қысқарған сөздерді аудару.

Аббревиатуралар мен қысқарған сөздерді аударудың ерекшеліктері. Қысқарған сөздердің сыныптауышы. Аббревиатуралар мен қысқарған сөздерді аударудың қиындықтары.

8. Аудармалық сәйкестіктер.

Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі. Сәйкестіктердің сыныптауышы. Әр деңгейлі БТ қатысты аударманың сәйкестігі.

9. Аударманы сипаттау тәсілдері.

Ахуалды-денотативтік үлгісі. Аударманың трансформациялық үлгісі. Аударманың семантикалық үлгісі. Аударманың интерпретативтік үлгісі. Аударманың инварианты.

10. Аударма техникасы

Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. Аудармашының стратегиясы. Аударманың техникалық амалдары.

11.Синхрондық аударма.

Қазіргі аударма теориясының теориясы, оның түрлері мен тәсілдері. Синхрондық аударманың артықшылығы мен қиыншылығы, оның түр-түрі. Көру қабілетіне сүйеніп және оған сүйенбей-ақ синхрондық аудармаға үйрету. Синхрондық аударма барысында ықтималдықпен болжам жасау.

12. Көркем аударма.

Жазбаша аударманың түсінігі мен түр-түрі, оның негізгі сатылары мен арналымы, іске асырылуының ерекшеліктері. Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі және сондағы ақпаратты рәсімдеу құралдары. Поэзияны аударға кезде туындап жататын мәселелер.

13. Аударманың баламалылығы

Аударманың баламалылығын анықтаудың тәсілдемесі. Аударманың өзіндік ерекшелігі, өзіндік белгілері мен түрлері. В.Н. Комисаровтың баламалылық деңгейлерінің теориясы. Коммуникацияның мақсаты, жағдайды сипаттау, сөз сөйлеу, хабарлау, тілдік таңба деңгейіндегі баламалылық.

14. Аударманың мәселелері
Аударманың тілі мен нормасының түсінігі. Аудармашының жоғары сапалы аудармасын қамсыздандыру. Аударманың семантикалық мәселелері. «Классикалық» грамматикалық санаттарды грамматикалаудағы тіларалық қайшылықтар. Тақпақтарды аударған кездегі семантикалық мәселелер.

15. Аударма теориясының заманауи үлгілері
Қазіргі кездегі кеңінен тараған келесі аударма үлгілерінің мәндік сипаттамасы: ахуалды-денотативтік, трансформациялық, семантикалық, интерпретативтік. Баламалылық деңгейлерінің теориясы мен О. Каденің үшфазалы аударма үлгісі. Аудару тәсілдері мен амалдары.

16. Мәтінді аударар алдында талдау.

Аударма стратегиясын таңдауға, мәтіндегі жанрдың тиетін ықпалын анықтау. Аудармаға дейінгі талдаудың мәні. Аударманың баламалылығы мен оның интерпретациясы. Ұлттық және тарихи колорит. Тілдік реалияларды аудару. Аударма стратегияларының негізгі сатылары.
«Мәдениетаралық коммуникация практикумы » пәні

17. Мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасуы, дамуы.

МК қалыптасуының тарихи факторлары мен жағдайлары. Еуропада, АҚШта МКның даму кезеңдері.

18. Мәдениет және әлемнің мәдени алуантүрлігі

Мәдениет ұғымы және оған анықтама берудің методологиялық жолдары.

Әлеуметтену (социализация), инкультурация түрлері мен формалары.Этноцетризм, мәдени релятивизм. Эмпатия. Мәдениет және тіл. Мәдениет және құндылықтар. Сепфир Уорф гипотезасы.

19. Мәдени сәйкестік.

Мәдени сәйкестік дегеніміз не. Мәдениеттер алуантүрлілігінің объективті негіздемесі. «Бөгде» мәдениет проблемасы. Мәдениеатаралық өзгешеліктер психологиясы.

20. Мәдениет және коммуникация

«Араласу» және «коммуникация» . Коммуникативті акт және оның құрылымы.Э.Холл, Г.Хофштеде,Э.Хирш теориялары.

Мәдениетаралық коммуникацияның детерминаттары.

21. Мәдениетті игеру.

Аккультурация, түрлері және нәтижесі.Мәдени шок: себебі, факторлары.Мәдени шоктың белгілері және

оны еңсеру мәселесі

«Бөгде мәдениетті» игеру механизмі .

22. Мәдениаралық коммуникацияның түрлері.

Вербалды, вербалды емес, паравербалды коммуникация түрлері. Вербалды коммуникацияның стильдері мен негізгі бірліктері. «вербалды емес коммуникация» деген түсініктің мәні.

Паравербалды коммуникация ұғымының мәні мен тәсілдері.

23. Мәдениаралық коммуникациядағы түсіністік проблемасы.

Қабылдау процессі және негізгі детерминаттары. Мәдениет және қабылдау. МК-дағы қабылдау стереотиптері. МК-дағы тұлғаралық аттракция, оның негізгі элементтері.Атрибуция және оның МКдағы ролі. Мәдениаралық қақтығыстардың табиғаты, себебтері және оларды болдырмау тәсілдері.

24. Мәдениет және коммуникация

«Араласу» және «коммуникация» . Коммуникативті акт және оның құрылымы.Э.Холл, Г.Хофштеде,Э.Хирш теориялары.

Мәдениетаралық коммуникацияның детерминаттары.

25.Мәдениетті игеру.

Аккультурация, түрлері және нәтижесі.Мәдени шок: себебі, факторлары.Мәдени шоктың белгілері және

оны еңсеру мәселесі

«Бөгде мәдениетті» игеру механизмі .

26. Тіл және мәдениетаралық коммуникация.

Тіл және таңба жүйесі. Тіл бірліктері. Сөз қоры. Тіл нормасы.

Коммуникацияның ерекше түрі ретіндегі аударма.

27. Адам туралы ғылым жүйесіндегі мәдениетаралық коммуникацияның теориясы.

Мәдениетаралық коммуникация теориясының лингвистикалық, психологиялық, психолингвистикалық, семиотикалық, семио-әлеуметтік-психологиялық құрамы.

28. Коммуникация түрлері.

Ауызша, ауызша емес, жеке тұлға аралық, жекеленген, жаппай, жариялы.

29. Когнитологиядағы мәтіндік қызметті қабылдау және түсіну үдерісі.

«Фондық білім», «фрейм», «сценарий» ұғымдары. Лакун теориясы, дискурс теориясы.

30. Тілдік тұлғаның құрылымы.

Ауызша-семантикалық, тезаурустық (тезаурус-I, тезаурус- II), уәждемелік деңгейлері. Семиотикалық жүйе ретіндегі тіл және мәдениет. Мәдениеттің дефинициялары. Мәдениет туралы ғылымдар.

31. Мәдениетті қалыптастыратын үдерістер.

Индивидтің қоғамдық дамуы, коммуникативтік-танымдық, материалды- тәжірибелік қызметі. Коммуникативтік-танымдық және сөйлеу-ойлау қызметінің әмбебап онтологиялық нышандары. Мәдениеттегі рухани объективация.

32. Мәдениеттің құрылымдық нышандары.

Ұлттық мінез, қоршаған әлемді түйсіну, ойлау, тіл, уақыт пен кеңістік санаттары, құндылық бағдары, түсінік пен нұсқама,

мінез-құлық үлгісі – әдет-ғұрып, нормалар, рөлдер, әлеуметтік топтар, қарым-қатынас.
«Базалық шет (шығыс) тілі» пәні

Араб тілі

33. Негіз, база, түбір. Түбір типтері.

Араб сөздерін морфологиялық тұрғыдан талдауда «түбір» терминімен танысуға тура келеді. Бұл термин қандай мазмұн қамтиды. Түбір дыбыстары ұғымы. Екі әріпті түбір. Үш әріпті түбір. Төрт әріпті түбір. Бес әріпті түбір. Дұрыс және бұрыс түбірлер.

34. Етістікті негіздер. Жалаң негіздер.

Сөз және грамматикалық формалар даму тарихы туралы пайымдар айтуда, тілде бар түрлі негіздер мен базаларды қарастыру және салғастыру маңызды. Етістікті негізді – перфект формасын сипаттау.

35. Ішкі өсіммен кеңейген негіздер.

Ішкі түбір дыбыстың геминациясы. Интенсивті негіз. Екінші және үшінші түбір дыбыстарының редупликациясы.

36. Есімді негіздер.

Қысқа дауысты бір буынды базалар. Қысқа дауысты екі буынды базалар. Бірінші және екінші буында созылыңқы дауыстысы бар екі буынды базалар. Әлсіз дауыссыздың инфиксациясы. Префиксті есім сөздер.

37. Морфологиялық құралдар және сөздер үлгілері.

Әр сөз формальды құралдар негізінде формула бойынша жасалады, бұл формула бойынша басқа түбірден болған ұқсас сөздер де құрылады. Сөз жасаудағы формальды құралдар.

38. Полярлылық қағидасы. Грамматикалық тек, түр және есімді топтар.

Семит тілдерінде полярлылық құбылысы әрдәйім таза күйінде болмайды. Белгілі грамматикалық элементтер қарама-қарсы категорияны белгілеуде орын ауыстырады. ة (та-марбутаға) аяқталса да, аталық текті білдіретін есім сөздер. Белгілілік артиклінің шығу тегі.

39. Етістік баптары және олардың мәндері. Етістіктің жіктелуі.

Араб етістігі біртұтас жүйе болып табылады. Бұл оның морфологиялық категориялар жиынтығында, әсіресе мәндерінде көрінеді. I бап. II бап. III бап. IV бап. V бап. VI бап. VII бап. VIII бап. IX бап. X бап.

40. Шақ функциясы.

Атқарылмаған шақ райлары. Араб етістігі морфологиялық тұрғыдан екі шаққа ие. Араб етістігінде жіктеу формаларының екі сериясы бар - префиксті және суффиксті. Атқарылған және атқарылмаған шақ мәндері. Имперфектегі етістік соңғы дауыстының флексиясына байланысты үш модификацияға ие. Ашық рай. Қалау рай. Шартты рай. Бұйрық рай.

41. Ырықсыз етіс.

Араб тілінде ырықсыз етіс, ең алдымен морфологиялық категория болып табылады. Бұл етіс негізгі етіс сияқты екі шақта болады – перфект және имперфект, бірақ императив формасы жоқ.

42. Есімшелер және қимыл есімі.

Араб грамматикасында есімшелер деп етістіктен туындаған есімнің екі категориясын атайды: негізгі етіс есімшесі. Ырықсыз етіс есімшесі. Қимыл есімі араб тілінде қимылдың абстрактылы атауын немесе ахуалын білдіреді. Масдар. Қимыл есімнің қолданысы.

43.Бұрыс етістіктер классификациясы.

Етістік классификациясы түбір классификациясына ұқсас. Етістіктер: Қосарланған. Хамзалы. Әлсіз етістіктер. Дұрыс етістіктерге ұқсас етістіктер Бос етістіктер. Нақыс етістіктер. Екі есе бұрыс етістіктер.

44. Есім сөздер классификациясы. Етістіктен туындаған есім сөздер.

Жалаң түбірден туындаған есім сөздер. Морфологиялық тәсілдер арқылы етістіктерден туындаған есім сөздер. Араб грамматистерінің классификациясы бойынша: «айқын есім сөз», «ой тасасындағы жобаланған есім сөз», «нақтыланбаған, күңгірт мәндегі есім сөз». Есім сөз (маусуфун). Сын есім (сифатун). Жалғыздылықты білдіретін есім сөз. Қимыл мәнерін білдіретін есім сөз. Мезгіл және мекен қимылы есім сөзі. Құрал-сайман есім сөзі. Жалқылық есім сөз. Қатыстық есім сөз. Кішірейтпе есім сөз.

45. Сапалық сын есім.

Сын есімдер етістіктен туындап, әрекет етуші есім (исм фа”ил), әрекетке түсуші есім(исм маф”ул), өз мәніндегі етістіктен туындаған есім болып бөлінеді. Қатыстық сын есім. Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай. Асырмалы шырай.

46. Грамматикалық тек. Түр.

Аналық текті есім сөздер: мәні жағынан, форма жағынан. Ортақ текті есімдер. Аналық тек формаларының жасалуы. Екілік түр. Көптік түр. Дұрыс және бұрыс көптік түрлер. Бұрыс көптікте түрленетін есім сөздер.

47. Септеулер және олардың қызметтері. Сан есім.

Екі септікте септелетін есім сөздер. Үш септікте септелетін есім сөздер. Аралас септелетін есім сөздер. Септіктер қызметтері. Қабысу. Формальды қабысу. Қабысудың ерекше түрлері. Есептік сан есім. Реттік сан есім. Еселі сан есім. Бөлшек сан есімдер.

48. Есімдік. Қызметші сөздер. Жіктік есімдіктер: бөлек және бірігіп жазылатын есімдіктер. Сілтеу есімдіктері. Сұрау есімдіктері. Қатыстық есімдіктері. Бірігіп жазылатын демеулік шылаулар. Бөлек жазылатын септеуліктер. Септеулікке айналған көмекші сөздер. Үстеу. Қаратпа сөздер.

49. Етістікті сөз тіркесі. Есімді сөз тіркесі. Есім сөздің етістікке бағынуы. Есімнің етістікке тура бағынуы. Есім сөзді етістік арқылы меңгеру. Болу етістіктері. Пайым етістіктері. Бастау етістіктері. Жақындық етістіктері.

50. Есім сөздер қиысуы. Атрибутивті сөз тіркесі. Аппозитивті сөз тіркесі. Жіктік есімдікпен болған аппозитивті сөз тіркесі.
Қытай тілі

34. Нәтижелі етістік

Нәтижелі етістік дегеніміз екі бөліктен тұрады:Етістік (іс-қимылды білдіреді)+нәтиже (сол іс-әрекет немесе нәтижені білдіретін шылау). Нәтижелі етістік ретінде бірбуынды етістік немесе сын есім (бірбуынды/екібуынды) болады. Сөйлем мынандай тәртіппен жасалады: Бастауыш + баяндауыш + жәй толықтауыш

35. Модальді етістік

Модальді етістік іс-әрекетті орындаудағы мүмкіндікті, қалауды білдіреді. Модальді етістікті сөйлемге баяндауыш қызметін атқаратын бір етістік қосылады. Болымсыз түрі不 үстеуімен жасалады. Сұраулы формасы吗 көмекші сөзі арқылы немесе альтернативті сұрақпен жасалады. Альтернитивті сұрақ модальді етістіктің болымды-болымсыз түрде қайталануымен жасалады (是不是).

36. Мөлшер сөз

Қытай тілінде зат есім мен сан есімнің арасында келетін «мөлшер сөз» қолданылады, ол сан есіммен байланысты болады.

37. Жалғаулық (шылау)

Қытай тілінде де жалғаулықтар қолданылады. Олар сабақтастырушы жалғаулықтар және салалас мәнді жалғаулықтар болып бөлінеді. Жалғаулықтардың қолданылу түрлерінде өз ерекшелігі бар.

38. Қытай тіліндегі толықтауыш

Қытай тіліндегі толықтауыш сөйлемде етістіктен кейін келеді, басқа қолданылу түрлері де болады. Толықтауыш әдетте зат есім мен есімдік қызметін атқарады.

39. Етістікті – объектілі құрылым

Етістікті – объектілі құрылым ереже бойынша етістік болып табылады, сонымен қатар екі негізден тұрады: етістікті және атаулы. Етістікті түрі іс-қимылды білдіреді, ал атаулы – осы істің объектісін білдіреді.
  1   2   3

Похожие:

«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
Аударма теориясына кіріспе. Аударма трансформациялары, аударманың негізгі тұжырымдары, өзіне тән ерекшеліктері, аудару тәсілдері...
«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері iconПәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулық І тарау. Мемлекет және құқық теориясы ғылым ретінде
Мемлекет және құқық теориясы ғылыми пәнінің түсінігі. Жалпы мемлекет және құқық теориясының пәні-негізгі заңдылықтардың пайда болу,...
«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері iconКӨркем аударма аударма ісі мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Қ. Қ. Кәрімова КӨркем аударма
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетының Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері iconМетодикалық тапсырмалар (жоғары оқу орны ішінде пайдалануға)
Осы курстан кейiн аударма ғылымы теориясы мен практикасының ерекшелiктер мен негізгі ұғымдарын игеру мен жан-жақты зерттеу әр қарай...
«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері iconАударма теориясы

«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы АҚпараттық хат ұйымдастыру комитеті Сізді «Дене тәрбиесі-спорттың теориясы мен практикасы»
Сізді «Дене тәрбиесі-спорттың теориясы мен практикасы» тақырыбында 2 008 жылдың 20-22 қарашасында өтетін Халықаралық ғылыми-практикалық...
«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері iconКіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы
Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы...
«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері iconКунафина гүлжан тохтарғазықызы қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы
Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы
«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері iconСтуденттерге арналған пән бағдарламасы Нысан
«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша 050207 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған
«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері icon6D120200 – Ветеринариялық санитария PhD мамандығы бойынша докторантураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы эксперимент теориясы мен әдістері
Магистранттарды дайындауда ғылыми эксперименттің теориясы мен әдістерін меңгеруіне ерекше көңіл бөлінеді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница