Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1




НазваниеIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1
Дата конвертации12.12.2012
Размер55.8 Kb.
ТипДокументы


(IFRIC) ХҚЕСТК (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1

ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ОСЫҒАН ҰҚСАС МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

СІЛТЕМЕЛЕР__________________________________________________________________

  • IAS 1 Қаржы есептiлiгiн ұсыну (2007 жылғы редакция )

  • IAS 8 Есептік саясат, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателіктер

  • IAS 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (2003 жылғы редакция )

  • IAS 23 Қарыздар бойынша шығындар

  • IAS 36 Активтердің құнсыздануы (2004 жылғы редакция )

  • IAS 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер

БАСТАПҚЫ АҚПАРАТ ________________________________________________________


  1. Көптеген ұйымдардың жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар элементерін демонтаждауға, бұзуға және қайта қалпына келтіруге міндеттемелері бар. Аталған міндеттемелер осы Түсіндірмеде «пайдалануды тоқтату, қалпына келтіру және осыған ұқсас міндеттемелер» деп аталады. 16 (IAS) ХҚЕС бойынша, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар элементтерінің құны элементті демонтаждау мен бұзудың, олар орналасқан телімдердің шығындарының бастапқы құнынан тұрады. Аталған нысандарды өз міндетіне алған уақыт аралығында босалқылар өндіруге қарағанда, оны сатып алған жағдайда немесе өз мақсаттарына, немесе басқа да мақсаттарға байланысты ол нысандарды белгілі бір уақыт аралығында пайдалануға алғанда ұйымға міндеттеме артылады. 37 (IAS) ХҚЕС пайдалануды тоқтату, қалпына келтіру және осыған ұқсас міндеттемелерді қалай бағалаудан құралады. Осы Түсіндермеде қолданыстағы пайдалануды тоқтату, қалпына келтіру және осыған ұқсас міндеттемелерді бағалаудағы өзгерістердің әсерін есептеу тәсілдеріне қатысты нұсқаулар берілген.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ_______________________________________________________________

  1. Пайдалануды тоқтату, қалпына келтіру және осыған ұқсас міндеттемелерді бағалауға өзгерістер енгізуде осы Түсіндірме басшылыққа алады, бұлар

  1. 16 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар элементінің құнының құрамы ретінде танылатыны; және

  2. 37 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес міндеттеме ретінде танылатыны.

Мысалы, пайдалануды тоқтату, қалпына келтіру және осыған ұқсас міндеттемелер зауытты пайдалануды тоқтату, пайдалы қазбаларды өндіру салаларында қоршаған ортаға келтірілген шығынды қалыптастыру немесе жабдықтарды бұзу үшін қолданылуы мүмкін.

МӘСЕЛЕ_______________________________________________________________________


  1. Осы Түсіндірме пайдалануды тоқтату, қалпына келтіру немесе осыған ұқсас міндеттемелерді бағалауда оларды өзгеріске әкелетін жағдайлардың салдарын есепке алу жолдарын қарастырады:

  1. Экономикалық пайда әкелетін пайдалы қорлардың бағаланған шығыста болатын өзгерісте (мысалы: ақша қозғалыстары) міндеттеме қойылу қажет;

  2. 37 (IAS) ХҚЕС-ының 47 тармағында берілген анықтамадағыдай қолданыстағы нарыққа негізделген дисконттық мөлшерлеменің өзгерісі (бұған ақшаның уақыттық құнындағы және міндеттемеге тән тәуекелділіктердің өзгерістері кіреді); және

  3. уақыттың өтуін көрсететін арту (бұл дисконттың жоюылуы деп те аталады).

КОНСЕНСУС___________________________________________________________________


  1. Міндеттемені өтеуге қажетті экономикалық пайданы іске асыратын бағаланған ресурстардың шығысы бағаланған уақытта таратылуының немесе сомасының өзгеруі нәтижесінде болатын ағымдағы пайдалануды тоқтату, қалпына келтіру және осыған ұқсас міндеттемелерді бағалаудағы өзгерістер немесе дисконттық ставканың өзгерістері төменде берілген 5-7 тармақтарға сәйкес есепке алынуы тиіс.

  2. Егер тиесілі актив өзіндік құнды бағалау моделі бойынша бағаланатын болса:

(a) (b) тармағы бойынша, міндеттемеге енгізілетін өзгерістер сол ағым кезеңіндегі активтің өзіндік құнына қосылуы немесе алынуы тиіс.

(b) активтің өзіндік құнынан алынатын сома оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан артпауы тиіс. Егер міндеттеменің сомасының азаюы активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан артатын болса, онда бұл артықшылық пайда немесе шығын деп тікелей танылады.

(c) егер мұндай түзетулер активтің өзіндік құнының артуына әкелсе, ұйым бұл активтің жаңа қаржылық жағдай туралы есептік құны толығымен өтелмейтіндігінің көрсеткіші болатындығын ескеруі тиіс. Егер осындай көрсеткіш орын алса, ұйым активтің өтелетін сомасын бағалау арқылы оның құнсыздануын тексеруі тиіс, және құнсызданудан болатын кез-келген шығынды 36 (IAS) ХҚЕС –ына сәйкес есепке алу тиіс.

  1. Егер тиесілі актив қайта бағалау моделін қолдану арқылы бағаланатын болса:

(a) міндеттемелердің өзгерістері бұрын сол актив бойынша танылған қайта бағалауда анықталған кірісті немесе тапшылықты төмендегідей өзгерістерге алып келеді:

(i) міндеттеменің азаюы ((b) тармағы бойынша) басқа толық табыс арқылы танылуы тиіс үлес ішіндегі қайта бағалаудан кейін алынған кірісті көбейтуі тиіс, сонымен қатар, оның бұған дейін пайда немесе шығын арқылы танылған активті қайта бағалауда анықталған тапшылығын тоқтатып, артықшылыққа айналдыру дәрежесіне қарай, пайда немесе шығын арқылы танылуы тиіс;

(ii) міндеттеменің артуы пайда немесе шығын болған жағдайда танылады, бірақ міндеттеме басқа толық табыс арқылы танылуы тиіс және үлес ішіндегі қайта бағалаудан кейін анықталған кірісті, кез-келген сол активке қатысты қайта бағалаудан кейін анықталған кірісте болатын кредиттік сальдо дәрежесіне қарай төмендеуі тиіс.

    1. міндеттеменің төмендеуі активтің қаржылық жағдай туралы есептік құннан артатындығы танылса, және актив өзіндік құнды есепке алуда көрсетілген болса, онда бұл жағдайда аталып отырған артықшылық пайда немесе шығын деп шұғыл танылуы тиіс.

    2. есептілікті тапсыру кезеңінің соңындағы нақты құннан қаржылық жағдай туралы есептік құнның алшақтап кетпеу үшін активті, мүмкін, қайта бағалау қажеттілігінің туындауы міндеттеме өзгерісінің белгісі болып табылады. Кез келген осындай қайта бағалау (а) тармағы бойынша, пайда немесе шығын арқылы немесе басқа да толық табыс арқылы танылатын сомаларын анықтау кезінде ескерілуі тиіс. Егер қайта бағалау қажет болса, сол санатқа жататын барлық активтер қайта бағалануы тиіс.

    3. 1 (IAS) ХҚЕС капиталда танылған кіріс пен шығыстың әрбір жолы жайында негізгі объектідегі болған өзгерістер туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. Осы талапты жүзеге асыру үшін – міндеттемелер өсімдігінің өзгеруіне байланысты туындайтын қайта бағалаудан алынған өзгерісті ашып көрсетуі қажет.

  1. Активтің өзгертілген амортизацияланатын құны оның пайдалану мерзімі өте келе амортизацияланады. Сондықтан, активтің пайдалану мерзімінің соңына жеткен кезде міндеттеменің барлық кезекті өзгерістері пайда немесе шығын ретінде танылуы тиіс. Бұл өзіндік құнды есепке алу үлгісіне, сондай-ақ, қайта бағалау моделіне де қатысты.

8. Қайталанбалы түрде дисконттың мерзімнен шығуы қаржыландыру құны ретінде кіріс немесе шығын болып танылуы тиіс. 23 (IAS) ХҚЕС бойынша капиталды есепке тіркеудің мұндай альтернативті тәртібіне рұқсат берілмейді.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ ___________________________________________________________

9. Ұйым осы түсіндірмені 2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап немесе осы күннен кейін жылдық кезеңдерде қолдануы тиіс. Белгіленген кезеңнен бұрын Стандартты қолдануға рұқсат беріледі. Егер ұйым осы Түсіндірмені 2004 жылдың 1 қыркүйектен бұрын қолданса, онда ұйым бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

9А. 1 (IAS) (2007 жылы редакция) ХҚЕС бойынша ХҚЕС-тарында қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 6 тармаққа түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолданулары тиіс. Егер ұйым 1 (IAS) (2007 жылғы редакция) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

ЕСЕПТІҢ ЖАҢА ТӘРТІБІНЕ ӨТУ ______________________________________________

10. Есеп саясатындағы өзгерістер 8 (IAS) Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер* ХҚЕС-ында баяндалған талаптарға сәйкес есепке алынуы тиіс.

*Егер ұйым осы Түсіндірмені 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданса, ұйым, ол сол ертерек мерзім ішінде сол Стандарттың қайта қаралған нұсқасын қолданып жүрмеген болса, Кезең ішіндегі тақа пайда немесе шығын, іргелі қателіктер мен есеп саясатының өзгерістері деп аталған 8 (IAS) ХҚЕС-ының бұрынғы нұсқасындағы талаптарды орныдауы тиіс.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-ына авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.




Похожие:

Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 7
Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі ХҚес сәйкес қаржылық есептілік баптарын қайта есептеу тәсілін қолдану
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 12
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 15
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 iconҚондырылған туынды құралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 iconОрнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1 icon2 (ifric) Қехстк (Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірмесі
Ехстк (Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірмесі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница