Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы




Скачать 105.78 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Дата конвертации13.12.2012
Размер105.78 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

СЫЗУ
БАҒДАРЛАМАСЫ
9 сынып

Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


СЫЗУ

жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Есмұхан М. Е, Ысқақ А.Н.

Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған «Сызу» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 9 б.



© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010




І ТҮСІНІК ХАТ
Ғылым мен техниканың дамуымен бірге әртүрлі мамаңдықтағы адамдардың, сонымен қатар мекемелердің және мемлекеттердің арасында ақпарат алмастырудың маңызы арта түседі. Ақпаратты тарату үшін радио, теледидар, кітаптар, газет-журналдар, сызбалар және т.б. пайдаланылады. Аталған ақпарат тарату құралдарының ішінде сызба ерекше орын алады.

Сызба деп нәрсенің кескіні және оны түсіндіруге қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты атайды. Сондықтан сызба — ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және т.б. жасау үшін, кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдар, соңдай-ақ су, газ, мұнай, электр энергиясын т.б. жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат болып табылады. XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар Монждың «Сызба -техника тілі» деуі тегін емес.

Сызба графикалық кескіндердің бір түрі ғана болып табылады. Графикалық кескіндерге суреттер, сұлбалар, карталар, диаграммалар және шартты белгілер де жатады. Қазіргі кезде өзінің кәсіби іс-әрекеті барысыңца графикалық кескіңдерді пайдаланбайтын маманды атау қиын. Мәселен, дәрігердің өзі атласта келтірілген немесе әртүрлі медициналық аппаратураның экранында пайда болатын адамның ішкі органдарының кескіндерін түсінуі, рентген сәулесі арқылы алынған суреттерді талдай білуі керек.

Сызу пәнінің маңызы. Сызу - графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және айырып тану теориясының негізгі қағидалары және практикалық амалдары оқылатын оқу пәні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу — жаза және оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нәтижесінде ғана адам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады және басқалар орыңдаған немесе әртүрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі білім беретін деңгейіндегі сызу пәнін тек 9 сыныпта оқыту көзделеді. Соңдықтан сызу пәнінің мұғалімі әр сабаққа жауапкершілікпен дайыңдалып, жоғары ұйымдастыру-әдістемелік деңгейде өткізуі керек. Теориялық материалды меңгерту сызбаларды орындау нәтижесінде ғана жүзеге асады. Ал орындалатын сызбаларға қажет материалды мұғалім оқулықта берілген үлгілерді басшылыққа алып сұрыптайды. Сызбалардың бір бөлігі жаттығу дәптерінде, ал екінші бөлігі (міндетті түрдегі графикалық жұмыстарды) сызу қағазында орындалады. Кейін сызбалар альбомға тігіліп, сызу кабинетінде біраз уақыт сақталуы қажет.

Жақсы нәтиже алу мақсатында оқушыларды сызуды тереңірек оқып-білу үйірмелеріне қатыстырып, олардың еркі бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру керек. Осыған орай мынадай факультативтік курстарды ұсынуға болады: «Геометриялық фигуралардың өзара қиылысуы», «Біріктірулердің түрлері және оларды кескіндеу», «Құрастырылған бұйымдар сызбаларын оқу және тетік бөлшектеу», «Құрылыс сызуының негіздері», «Сызбаларда метрикалық есептерді шешу», «Компьютерлік графиканың негіздері» және т.б.

Теориялық материалды меңгеру сапасын бақылау және оқу үрдісіне түзетулер енгізу үшін тестілерді қолдану ұсынылады. Бағдарламаның барлық негізгі мәселелері бойынша тестілер құрастыру қажет.

Сызбаларды орындауға және нұсқаларды көбейтуге арналған қазіргі кезең техникасымен жабдықталған бөлімдері бар кәсіпорындарға саяхат (экскурсия) ұйымдастыру ұсынылады.

Тік бұрышты изометриядағы бейнені құру ұстанымдарын үйрету үшін оларды орындаудың ұтымды тәсілдерін таңдап алуға көңіл бөлінуі тиіс (уақытты үнемдеу үшін кей кезде изометриялық проекцияны техникалық сурет салумен алмастыруға болады).

Алғашқы сабақтан бастап-ақ формаларды жазықтық бетінде бейнелеу үшін оларды анализ жасай білу біліктілігіне және геометриялық денелердің, бөлшектердің формасын танып-білу біліктілігін қамтамсыз ететін ерекше өзіне тән белгілерін ажырата отырып, алынған бейнені анализ жасауға аса қатты көңіл бөлу қажет.

Сызу пәнінің міндеті. Құрама сызбаларды оқи білуге мектеп оқушыларын оқытып-үйретуде бұйымдардың геометриялық формалары жайлы және бөлшектердің өзара орналасу жайын, олардың құрамды бөліктерін, бұйымның жұмыс жасауын, сондай-ақ өзге техникалық және оның технологиялық сипаттамасын қажетті мәліметтерді мақсатты бағытта алуға көмектесетін бұйымдар жайлы ақпараттарды оқудың белгілі бір жүйелілігін жасап шығу ұсынылады.

Мектеп оқушылары сызбадағы құрама өлшемдерді оқып-үйренуі үшін мұғалімнің негізгі назары сызбаны оқи білу мен бөлшектеу біліктіліктеріне бағытталған болуы тиіс.

Құрамды сызбаларды оқи білу біліктілігін қалыптастыру үшін ұсынылған жауаптарды таңдап алу арқылы құрастырылған тапсырмаларды кеңінен қолдану қажет. Бөлшектеу біліктілігін қалыптастыруға сызбаларды (эскиздер) орындау үрдісінде ғана жетеді.

Құрама өлшемдердің формаларын зерделеуде мектеп оқушыларының назарын аралас бөлшектердің өзара шартты түрде байланысқандығына аударған жөн. Міндетті графикалық жұмыстардан басқа, сызу сабақтарында әртүрлі пландағы графикалық тапсырмаларды пайдалану қажет.

Мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін белсендіру оқыту формасының, құралдарының, әдіс-тәсілдерінің және сабақты әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жолдары арқылы іске асырылады.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
9 сынып

(аптасына 2 сағаттан, барлығы­ – 68 сағат,)
Кіріспе (1 сағат)

Сызу пәні қарастыратын негізгі мәселелер. Сызбаның қысқаша даму тарихы жәнс оған Қазақстан ғалымдарының қосқан ұлесі.

І. Сызбаны орындаудьщ негізгі ережелері және геометриялық салу (9 сағат)

Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сызу аспаптарын пайдаланудың тиімді жоддары. Сызба сызықтарьшың түрлері. Пішімдер. Масштабтар. Сызба қарыптары. Сызбаға өлшемдерді түсіру, өзара параллель немесе өзара перпендикуляр түзулерді салу. Түзу кесіңдісін және шеңберді тең бөліктерге бөлу. Шеңберге жанама жүргізу. Түйіндесулер. Сопақшалар (овалдар).

2. Проекциялау әдісі (6 сағат)

Параллель проекциялау әдісі. Параллель проекцияның негізгі қасиеттері. Тік бұрышты проекциялау әдісі. Тік бұрышты проекцияның негізгі қасисттері. Проекциялаушы жазықтық. Деңгейлік жазықтық. Шеңбердің проекциясы. Эллипс. Проекцияда көрінетіңдікті анықтау. Қайтымдылық туралы түсінік.

З.Аксонометриялық проекциялар (11 сағат)

Тік бұрышты координаттар жүйесі туралы түсінік. Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұмат. Бұрмаланукөрсеткіштері. Нүктенің, кесіндінің, кепбұрыштың аксонометриялық проекциясын салу. Тік бұрышты изометрия. Қиғаш бұрышты фронталь диметрия. Координаттар жазықтықтарының біреуін параллель орналасқан шеңбердің тік бүрышты изометриясы және қиғаш бұрышты фронталь диметриясы. Геометриялық денелердің аксонометриятық проекцияларын салу.

4. Өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрышты проекциялау (18 сағат)

Өзара перпендикуляр екі жазықтыққа тік бұрышты проекциялау (Монж эпюрі). Өзара перпендикуляр үш жазықтыққа тік бұрышты проекциялау. Жеке жағдайда орналасқан кесінділер мен жазық фигуралардың проекциялары. Геометриялықденелердің (параллелегипедтің, призманың, пирамиданың, цилиндрдің, конустың және шардың) проекциялары. Кесіндіде, жазық фигурада және дененің бетінде жатқан нүктелердің проекциялары. Геометриялық денелерді жазықтықпен қию. Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары. Геометриялық денелер тобының проекциялары.

5. Көріністер. Көріністерді салу (11 сағат)

Негізгі көріністер. Негізгі көріністердің орналасуы. Қосымша және жергілікті көріністер. Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойьшша оның үшінші негізгі көрінісін салу. Күрделі геометриялық денені қарапайым фигураларға ажырату. Берілген денені негізгі геометриялық денелерге (призмаға, пирамидаға, цилиндрге, конусқа және шарға) толықтыру. Беттердің қиылысу сызықтарын көріністерде кескіндеу. Кейбір шарттылықтар мен ықшамдаулар. Нәрсе бөліктерінің пішінін және орналасуьш анықтайтын өлшемдер.

б. Қималар мен тіліктер (12 сағат)

Қималар. Қабаттастырылған (беттестірілген) және оңашаланған (шығарылған) қималар және оларды салудағы келісімдер. Қималарды белгілеу. Қима сызығы. Тіліктер туралы жалпы түсінік. Тілік пен қиманың арасындағы айырмашылық. Қарапайым тіліктер: горизонталь тілік, вертикаль тілік және көлбеу тілік. Керіністің белігін тіліктің бөлігімен біріктіріп сызу. Тілікгерді белгілеу. Жергілікті тілік. Күрделі тіліктер: сатьшы және сынық тілі.
III. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
9 сынып оқушылары:

  • сызбаны рәсімдеудің жаллы ережелерін (пішім, масштаб, сызықтардың түрлері, сызба қарыпы, өлшемдерді түсіру);

  • параллель және тік бұрышты проекциялау әдістерін және проекцияның негізгі қасиеттерін;

  • аксонометриялық проекцияны шығарып алуды; тік бұрышты изометриядағы және қиғаш бұрышты фронталь диметриядағы координат остерінің орналасуын; бұрмалану көрсеткіштерін;

  • негізгі көріністер мен қосымша көріністерді шығарып алу тәсілдерін; сызбада көріністерді орналастыруды;

  • сызбада қималар мен тіліктерді орындау мен белгілеудің негіздерін; қима мен тіліктің айырмашылығын.

  • сызу құралдарын тиімді пайдалана алу;

  • өзара параллель, өзара перпеңдикуляр түзулерді салу; түзу кесіндісін және шеңберді тең бәліктерге болу;

  • екі түзуді, екі шеңберді, түзу мен шеңберді радиусы берілген шеңбер доғасымен түйіндестіру;

  • параллелепипедтің, призманың, пирамиданың, цилиндрдің, конустың және шардың аксонометриялық проекцияларын тұрғызу;

  • тетікбөлшектің берілген негізгі екі көрінісі бойынша үшінші негізгі көрінісін салу;

  • аса күрделі емес нәрсенің сызбасы бойынша пішінін сараптау (талдау) және оның аксонометриялық кескінін тұрғызу;

  • күрделілігі орташа тетікбөлшектің бас кескінін және керекті кескіндер санын дұрыс анықтау;

  • негізгі проекциялар жазықтықтарын өзгертпей, кескіндінің өзін түрлендіру, яғни берілген нәрсенің кеңістіктегі орналасуын өзгерту;

  • сызбада пайдалы қималар мен тіліктерді орындау.


IV ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сызу оқу курсы техникалық және көркемдік-құрылымдық іс-әрекеттердің графикалық әдістер мен тәсілдердің өндіріс практикасымен байланысы негізінде іске асырылады. Осылайша «Сызу» курсы «Технология» блогындағы өзге пәндермен байланыста қамтамсыз етіледі. Оқу тапсырмаларын таңдау мен құрастыруда оның мазмұнын мамандарды еңбек іс-әрекеттерімен моделдеу, ал графикалық жұмыстардың объектісі сызыуды оқыту ерекшеліктерін ескере отырып бейімделген, шынайы ар бөлшектер мен құрама өлшемдердің прототипіне ие болуын қадағалау маңызды. Ортогональды (тікбұрышты) жобалауға үйретуде объект ретінде түзу және көлбеу элементтері бар, оқушының проекция жайлы ұғымын белсендіретін нүкте, түзу сызық және жазықтық осы заттың биіктігі, қабырғасы мен қырлары ретінде қарастырылады. Ортогональды жобалауға үйретуде бірізділікпен ­– бір, екі және үш жазықтықта жобалау қиындықтың өсу шамасы бойынша іске асыру ұсынылады.

Оқушыларды тапсырма шарттарын, дайын сызбалар мен кейбір бейнелерді қайта-қайта сызудан сақтандыра отырып, графикалық іс-әрекеттердің қажетсіз жарамсыз элементтерінің бәрін толығымен алып тастаған жөн. Жұмысты орындау үшін жұмыс дәптерін (торкөз жолды) немесе баспа негіздегі дәптер қажет. Геометриялық құрылым зерделенетін тақырыппен сәйкестікте курстың барлық ағымында оқу үшін қажет. Мысалы, егер «Бір, екі және үш жазықтықта жобалау» тақырыбы бойынша бөлшек формасы (бөлшек моделі) таңдалып алынса, қандай да бір геометриялық құрылым жайлы білім талап етілсе, онда бұл материал сызбадағы бейнені құрудың бірізділігін түсіндіру барысында зерделенеді. Мектеп оқушыларының сызбаларды оқу және орындауға үйретуге тең көңіл бөлу қажет. Сызба сызуда немесе натураға қарап эскиз орындауда қозғалмайтын объектінің белгіленген көз қарасынан қарауды ұйымдастыру мақсатқа сай болмақ. Қималар мен кесінділерді зерделеу барысында оларды алу бұйымдарды жазықтықта ойша кесу арқылы шоғырланады. Егер оқушылар кесінді мен қиманың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты олардың бейнелеу мүмкіндіктерімен салыстыра отырып жақсы білетін болса, онда бұл бейнелерді сызба құрастыруда саналы түрде пайдалана алады.

МКҚБЖ (конструкциялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі ережесін зерделеу) бұйымдардың сызбасын жобалау, оқу және орындау сұрақтарын шешуге қажеттілік шамасы бойынша іске асырылады.

Әртүрлі оқу құралдарын (карточка тапсырмалар, анықтамалар, плакаттар, кестелер, моделдер, бөлшектер жиынтығы, диафильм, кинофильмдер) және т.б. оқу құралдарын кеңінен қолдану ұсынылады.

Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарда, тұрмыста қолдануға графикалық білім мен біліктіліктерін өз беттілігін дербестігін дамытуға үлкен мән берілуі тиіс.



Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы жаратылыстану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница