Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы




Скачать 256.7 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы
Дата конвертации14.12.2012
Размер256.7 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы

Радиациялық бақылауды

жүргізу ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 192-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Радиациялық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Мыналар:

1) «Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кеден) шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3116 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылы №41-44, 1042-құжатта жарияланған);

2) «Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасы – Қаржы вице-министрінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі № 345 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 168 (792) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (С.Н. Баймағанбетов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында оның кейінгі жариялауын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2011 жылғы1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

Министр Б.ЖӘМІШЕВ




Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2011 жылғы 11 шілдедегі №360

бұйрығымен бекітілген

Радиациялық бақылауды жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 192-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Радиациялық бақылауды кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүргізеді.

3. Радиациялық бақылауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Кеден одағының санитарлық шаралары бойынша 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Келісімін, Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы №299 шешімімен бекітілген Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ-тарауын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы»1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі,«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы21 шілдедегі Заңдарын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі №565 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 29 тамыздағы 6422 нөмірмен тіркелген) бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерін басшылыққа алу қажет.

4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) иондаушы сәулелену көзі - радиоактивтік заттар, иондаушы сәулелену шығаратын немесе шығара алатын құрылғылар (ядролық құрылғыларға жатпайтын), аппараттар және объектілер;

2) мөлшердің қуаты - уақыт бірлігі (секунд, минут, сағат) ішіндегі сәулелену мөлшері;

3) орам - радиациялық қауіптің белгілері бар тасымалдау үшін ұсынылған түрдегі радиоактивті құрамы бар орау жиынтығы;

4) радиациялық авария - адамдардың белгіленген нормалардан жоғары сәулеленуіне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік ластануына әкеп соқтыруы мүмкін немесе әкеп соқтыратын радиоактивтік өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелену жобада көзделген қалыпты пайдалану шегінен асып кететін атом энергиясын пайдалану объектісін қауіпсіз пайдалану шектерін бұзу;

5) радиациялық бақылау - дозиметрлік және радиометрлік бақылауды қамтитын радиациялық жағдай туралы ақпарат алу;

6) радиоактивтік материалдар - құрамында белсенділік концентрациясы (үлесті белсенділік), сондай-ақ толық белсенділігі радиациялық қауіпсіздік нормаларымен регламенттелетін мәндерінен жоғары болатын радионуклидтері бар кез келген материалдар;

7) радионуклидтің үлестік белсенділігі - аталған нуклидтің масса бірлігіне арналған белсенділігі;

8) материалдың үлестік белсенділігі - радиоактивті материалдың массасы бірлігіне килограммдағы Беккерельмен көрсетілетін белсенділігі (Бк/кг).

5. Тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылау Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылау түрлерінің бірі бола тұрып, Кеден одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында халықтың радиациялық қауіпсіздігі, ядролық қару мен ядролық материалдарды таратпау халықаралық режимін сақтау, радиоактивтік материалдарды (бұдан әрі - РМ), гамма-сәулеленудің эквиваленттік дозасы қуатының, нейтрон, альфа-, бета-сәулеленудің ағымы тығыздығының (бұдан әрі – иондаушы сәулелену) жоғары деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу кезінде кедендік ережелерін бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.

Радиациялық бақылауға Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғалар, тауарлар мен көлік құралдары ұшырауы тиіс.

6. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін объектілерді радиациялық бақылау мынадай бағыттардан тұрады:

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиоактивтік материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, сондай-ақ, иондаушы сәулелену деңгейі жоғары тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді, жеке тұлғалардың өтуін кедендік бақылау;

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына радиациялық бақылау жүргізуді ұйымдастырудың негізгі ережелері мен тәртібін айқындау;

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде тауарлар мен көлік құралдарына радиациялық бақылау жүргізудің жалпы белгілер мен тәсілдерін айқындау;

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде иондаушы сәулеленудің жоғары деңгейі бар РМ, тауарлар мен көлік құралдарын өткізу фактілері анықталған жағдайда радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асырудың критерийлерін айқындау.

7. Радиациялық бақылау үшін кеден органдары кедендік бақылаудың технологияларына бейімделген РМ стационарлық және жылжымалы жүйелерін пайдаланады.

2.Тауарлар мен көлік құралдарына радиациялық бақылауды

жүргізу тәртібі

8. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы №18 шешімімен бекітілген Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі Тауар номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) келесі тауар позицияларына кіретін тауарлар радиациялық басымды бақылауға жатады:

1) 2612 - урандық немесе торийлік кендер мен концентраттар;

2) 2844 - химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және химиялық элементтерді шығаратын, изотоптарды қоса алғанда) және олардың қосындылары; осы өнімдерді қамтитын қосындылар мен қалдықтар;

3) 2845 - 2844 тауар позициясының изотоптарынан басқа изотоптар; белгілі немесе белгісіз химиялық құрамдағы органикалық емес немесе органикалық қосындылар;

кіші субпозицияға кіретін тауарлар:

4) 8401 30 000 0 - жылу бөлетін элементтер (твэлдар), сәулеленбеген (ядролық реакторлар үшін);

5) 9022 тауар позициясының құралдары мен жабдықтарының құрамына кіретін радиоизотоптық бұйымдар – альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулелерді пайдалануға негізделген аппаратура.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына радиациялық бақылау Кодекстің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

9. Пайдаланылатын аппаратураның класын ескере отырып, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау мынадай кезеңдерден тұрады:

1) бастапқы радиациялық бақылау;

2) қосымша радиациялық бақылау;

3) тереңдетілген радиациялық зерттеу;

4) сараптама.

10. Бастапқы радиациялық бақылаудың мақсаты тауарлар мен көлік құралдар ағымынан иондаушы сәулелену деңгейі жоғары (табиғи радиациялық фонға қарағанда) объектілерді жедел анықтау және жою болып табылады, оны тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылау аймағына орналасуды бақылайтын және кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

11. РМ радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін (бұдан әрі - РМ РБАЖ) - РМ табудың стационарлық аппаратурасын, ал ол болмаған кезде немесе жарамсыз болғанда - жылжымалы радиациялық бақылау аппаратурасын пайдалану бастапқы радиациялық бақылаудың негізгі нысаны болып табылады. РМ радиациялық бақылаудың жүйелерімен жұмыс істеуге тартылатын, радиациялық бақылауды жүзеге асыру бойынша оқудан өткен және медициналық жарамаулығы жоқ кеден органдарының лауазымды тұлғалары қажетті техникалық даярлықтан өтеді және өз бетімен жұмыс істеу құқығына рұқсаты болады. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін немесе РМ тексеруді жүзеге асыратын кеден органдарының лауазымды тұлғалары жеке дозиметрлік бақылаудан өтеді.

Бастапқы радиациялық бақылау аппаратурасының қайталап пайдаланылғандығын растайтын РМ РБАЖ-ң тұрақты (жалған емес) жұмыс істеуі жоғары деңгейлі иондаушы сәулелену ретінде тексерілетін объект жіктелуінің критерийі болып табылады.

Бастапқы радиациялық бақылау кезінде анықталған жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объектілер тауарлар мен көлік құралдарының жалпы ағымынан бөлінеді. Бөлінген объектілер кеден органының лауазымды тұлғасы белгілейтін белгілі бір кедендік бақылау аймағының учаскесінде (тауарлар мен көлік құралдарының жалпы массасынан 15-20 метр қашықтыққа алшақтатылған ашық алаң, жеке үй-жай) 3 метрден кем емес қашықтықтан айқын көрінетін радиациялық қауіпті ескерту белгілерін қоя отырып қосымша радиациялық бақылауды жүргізу үшін орналастырылады.

12. РМ анықтаудың стационарлық аппаратурасы нейтрон арнасы бойынша іске қосылған жағдайда иондаушы сәулелену көздерін локализациялау мен сәйкестендіру бойынша кеден органы қызметкерлерінің одан әрі іс-қимылдары нейтрондық сәулелену детекторлары бар РМ РБАЖ өлшеу құралдарын пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

13. РМ анықтаудың стационарлық жүйесінің немесе радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның әрбір дыбыстық немесе жарықтық сигнализациясының іске қосылуы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша РМ анықтаудың стационарлық жүйесінің және радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның іске қосылуы туралы мәліметтерді тіркеу журналына енгізіледі.

14. Тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін келесілер негіздеме болып табылады:

1) бастапқы радиациялық бақылаудың нәтижелері;

2) жедел іздестіру қызметінің субъектілерінен жедел ақпараттар алу;

3) тауарға ілеспе құжаттарды тексерудің нәтижелері;

4) РМ және радионуклидтердің жоғары мөлшері бар тауарлардың болуының белгілерін, оның ішінде қорғаушы контейнерлерге (орамдарға) тән радиациялық қауіптілік белгілерінің анықталуы.

15. Қосымша радиациялық бақылаудың мақсаттары:

1) РМ анықтау аппаратурасының іске қосылу себептерін айқындау;

2) жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объектілерді іздестіру және локализациялау, объектінің радиациялық сипаттамаларын орау ыдыстарын немесе көлік құралын ашпастан гамма және нейтронды сәулелері бойынша өлшеу;

3) объектінің радиациялық қауіптілігі дәрежесін бағалау болып табылады.

16. Қосымша радиациялық бақылауды бір тәуліктің ішінде арнайы даярлықтан өткен кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

Қосымша радиациялық бақылауды жүргізу үшін мемлекеттік тексеруден өткен дозиметрлік және радиометрлік аппаратура пайдаланылады.

Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объектілерді іздеу және локализациялау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк ыдыстарын ашу қатаң радиациялық қауіпсіздіктің талаптарына және Кодекстің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Орамдарды ашуға жол берілмейді.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша радиациялық бақылау жүргізу барысында келесі талаптар орындалады:

1) жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объект тұрғын үйлер мен қызметтік үй-жайлардан мүмкіндігінше 20 метрден кем емес қашықтыққа алыстатылады;

2) кеден органдары лауазымды тұлғаларының жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар объектілерінің маңайында болу уақыты шектеулі болуы тиіс;

3) 3 метрден кем емес қашықтықтан айқын көрінетін қойылған қоршауында радиациялық қауіпсіздікті ескерту белгілерінің болуы.

17. Қосымша радиациялық бақылау осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылауды жүргізу әдістемесі бойынша жүргізіледі.

18. Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы мәліметтер журналына (бұдан әрі - Журнал) енгізіледі.

Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері бойынша келесі шешімдердің біреуі тез арада қабылданады:

1) тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу жөнінде;

2) тауардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу жөнінде.

19. Тексерілетін объектінің жоғары иондаушы сәулелену деңгейі және онда РМ бар екендігін растайтын қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

20. Объект бетіндегі гамма сәулелену мөлшерінің үш қуат өлшемінің (Нөлш) орташа арифметикалық мәні шамасының 0,2 Нф шамасына кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фоны мәнінен (Нф) асыруын қабылдауы тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу қажеттілігін айқындайтын ден қою белгісі болып табылады, яғни

Нөлш= 0,2+Нф,

мұнда, Нөлш - гамма сәулелену мөлшерінің үш қуат өлшемінің орташа арифметикалық мәнінің шамасы, мкЗв/сағ., ол мынадай формула бойынша есептеледі:

Нөлш = 1/3 Нөлш.і, (і = 3 болғанда)

мұнда Нөлш.і – і-ші өлшеу кезінде объект бетіндегі гамма сәулелену мөлшері қуатының мәні, мкЗв/сағ.;

Нф - кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фон гамма сәулелену мөлшері қуатының мәні, мкЗв/сағ.

Осы ден қою белгісі құрамында табиғи радионуклидтар бар тауарларына арналған, оларға келесі тауарлар жатады: құрылыс материалдар (құм, балшық, қиыршықты масса, шағыл, инертты материалдар, кірпіш, керамзит, темірбетон бұйымдар, метал сынығы, орман), химиялық тыңайтқыштар, ауыр және жеңіл өнеркәсібінің өнімдері, ас өнімдері (отандық және шетел), ауылшаруашылық өнімдері және материалдардың қосымша топтар.

Өзге тауарлар үшін объект бетіндегі гамма сәулелену мөлшерінің үш қуат өлшемінің (Нөлш) орташа арифметикалық мәні шамасының 0,5 Нф шамасына кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фоны мәнінен (Нф) асыруын қабылдауы, яғни Нөлш>=0,5+Нф, және/немесе объектінің радиациялық қауіпсіздік нормаларымен қойылған рұқсат деңгейлерінен асырылған альфа- және бета-сәулеленетін нуклидтарымен сыртқы ластануы тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу қажеттілігін айқындайтын ден қою критерийі болып табылады.

Нейтрон сәулеленудің ағымы тығыздықтың жоғары деңгейі бар көздерін локализациялау мен бірдейлендіру бойынша тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу қажеттілігін айқындайтын ден қою критерийі радиациялық қауіпсіздік нормаларымен белгіленген рұқсат берілген мәндерінен асырылуы болып табылады

21. Тереңдетілген радиациялық зерттеудің мақсаты максималды мүмкін болатын локализациялау мен тексерілетін объектідегі РМ-ды бастапқы сәйкестендіру болып табылады.

22. Тереңдетілген радиациялық зерттеуді Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органдарымен келісуімен радиациялық бақылауды жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғалары бір тәуліктің ішінде жүзеге асырады.

23. Тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік тексеруден өткен спектрометриялық және радиометриялық аппаратурасы пайдаланылады.

24. Сәулелену көзін іздестіру және локализациялау іздестіру режиміндегі радиометриялық аппаратурасының көмегімен жүргізіледі.

25. Иондаушы сәулелену жоғары деңгейі бар объектілерді іздеу және локализациялау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк орындарын және орау ыдыстарын ашуы радиациялық қауіпсіздіктің талаптарына және Кодекстің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

26. Тереңдетілген радиациялық зерттеу осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарына тереңдетілген радиациялық зерттеуді жүргізу әдістемесі бойынша жүргізіледі.

27. Тереңдетілген радиациялық зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің біреуі тез арада қабылданады:

1) тауарды әкелу кезінде Кеден одағының кедендік аумағынан оны әкету туралы, немесе Кеден одағының кедендік аумағынан тыс тауарды әкету жағдайда Кеден одағының кедендік аумағынан оны әкетуге тыйым салу туралы;

2) тауарды сараптамаға жіберу туралы;

3) тауарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы.

28. Радиациялық жүкке сараптама Кодекстіңнормаларына сәйкес және тауарды тереңдетілген радиациялық зерттеудің нәтижелері бойынша кеден органдары ресімдеген Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік сараптама тағайындау туралы шешімі негізіндежүргізіледі немесе үлестік белсенділігінің белгіленген радиациялық қауіпсіздіктің нормаларына сәйкестігін анықтау үшін зертханалық зерттеулерді жүргізуге Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органына жіберіледі.

29. Тауарды сараптамаға жіберу және оны тасымалдау радиациялық қауіпсіздіктің тиісті шаралары мен нормаларын сақтай отырып радиациялық бақылауды жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғаларының бақылауымен жүзеге асырылады.

Сараптаманың/зертханалық зертеулердің нәтижелері Журналға енгізіледі.

30. Сараптаманың/зертханалық зертеулердің нәтижелері бойынша кеден органы келесі шешімді бір тәуліктің ішінде қабылдайды:

1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау немесе қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізу туралы;

2) тауарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы;

3) тауарды әкелу кезінде Кеден одағының кедендік аумағынан оны әкету туралы, немесе Кеден одағының кедендік аумағынан тыс тауарды әкету жағдайда Кеден одағының кедендік аумағынан оны әкетуге тыйым салу туралы.

3. Жеке тұлғалар мен жол жүгіне радиациялық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және оның әдістемесі

31. Жеке тұлғалар мен олардың жол жүгін радиациялық бақылау жылжымалы, не стационарлық РМ РБАЖ көмегімен жүргізіледі.

32. РМ РБАЖ іске қосылған жағдайда кеден органының лауазымды тұлға:

1) жеке тұлғадан радио-фармацевтикалық препараттармен емдеу курсынан өткендігі туралы, кардиостимуляторды орнатуға байланысты жүрекке жасалған операция туралы ауызша сұрау;

2) жеке тұлғада осы шаралардың жүргізілгендігін растайтын медициналық құжаттардың бар-жоқтығын тексеру;

3) жылжымалы дозиметрдің көмегімен жолаушы денесіндегі және сырқат органы бөлігіндегі (қалқанша без, жүрек) эквивалентті доза қуатын өлшеу қажет.

Жеке тұлға денесінің көрсетілген бөлігінде сәулеленудің жоғары деңгейінің бар екендігі емдеудің жүргізілгендігі туралы куәландырады. Терапевтік мақсатта радио-фармацевтикалық препараттар енгізілген емделушіден 1 метр қашықтықта гамма сәулелену мөлшерінің қуаты емдеу-профилактикалық мекемесінің радиологиялық бөлімшесінен шығу кезінде 3 мкЗв/сағ. аспау тиіс.

Өлшеу нәтижелері жүргізілген емдеу курсы туралы нақты дәлел бермеген жағдайда кеден органының тиісті лауазымды тұлғаның рұқсатымен Кодексінесәйкес радиациялық бақылауды жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғасының қатысуымен жеке тұлғаға жеке кедендік тексеру жүргізіледі.

Жол жүкті тексеру барысында РМ РБАЖ іске қосылған жағдайда радиациялық бақылау осы ережелердің 2-тарауына ұқсас жүргізіледі.

33. Жеке тұлғаларға радиациялық бақылау нәтижелері бойынша кеден органы:

1) жеке тұлғаны Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізу туралы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі шараларды қабылдау үшін кеден органдарының кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі кеден органдары бөлімшелерінің қарамағына материалдарды беру туралы шешім тез арада қабылдайды.

4. РМ, тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық

бақылаудың жүйелері

34. РМ, тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылау жүйелеріне арналу және қолдану сипаты бойынша үш топқа бөлінетін дозиметриялық және радиометриялық радиациялық бақылау құралдары жатады:

І топ - бастапқы радиациялық бақылауды жүргізуге арналған РМ радиациялық бақылаудың жүйелері;

ІІ топ - қосымша радиациялық бақылауды жүргізуге арналған РМ радиациялық бақылаудың жүйелері;

ІІІ топ - РМ сәйкестендіруге арналған РМ радиациялық бақылаудың жүйелері.

35. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өлшеу құралдары болып табылатын РМ радиациялық бақылаудың барлық жүйелерінің өлшеу жүргізу сәтінде тексерілуі тиіс.

36. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдарына бастапқы радиациялық бақылау РМ анықтаудың стационарлық кедендік жүйелерінің әр түрлі модификацияларының (теміржол, автомобиль, жаяу жүруші және қойма) немесе жылжымалы іздестіру дозиметрлерінің көмегімен жүргізіледі.

37. Стационарлық құралдар бақыланатын объектінің екі жағында орналасатын нейтрондық және гамма сәулелену детекторларымен, сондай-ақ дыбыстық және жарықтық сигнализациясымен және ақпараттарды бейнелеу құрылғысымен жабықталады. Көрсетілген жүйелерде РМ жедел бастапқы бірдейлендіруге арналған, атап айтқанда, тексерілетін объектіде РМ болуының мүмкіндігі туралы ақпарат беруге арналған датчиктердің сигналдарын өңдеудің арнайы құрылғыларының бар болуы рұқсат.

Тауарлардың немесе көлік құралдарының бетіндегі гамма сәулеленудің эквиваленттік мөлшерінің қуатын өлшеу үшін гамма сәулелену дозиметрлері қолданылады.

38. Қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін мынадай жылжымалы құралдар пайдаланылады: микропроцессорлық іздестіру дозиметрлері, радиометр-дозиметрлер, іздестіру режиміндегі және сәулеленудің әрбір түрі үшін датчиктермен өлшеу режиміндегі радиометр-спектрометрлері, рентгендік гамма сәулелену дозиметрлері.

39. РМ-ның табиғилығы немесе жасандылығы туралы мәселені шешу үшін тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізуге арналған радиометр-спектрометрлері, жылжымалы сцинтиляциялық гамма-спектрометрлері, жартылай өткізгішті гамма-спектрометрлері пайдаланылады.

5. Қорытынды ережелер

40. Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде РМ тасымалдау не жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде радиациялық авария болған жағдайда радиациялық бақылауды жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғалары 100 мкЗв/сағ қауіпсіздік периметрін айқындайды және мынадай шұғыл шараларды жүзеге асырады:

1) периметрі бойынша мөлшерінің қуаты 2 мкЗв/сағ болатын қауіпті объектінің орналасқан аймағы қоршалады;

2) қоршалған аймақтың периметрі бойынша 3 метрден кем емес қашықтықта көрінетін радиациялық қауіптілік белгілері ілінеді;

3) аймақта және қоршау периметріндегі адамдар көшіріледі;

4) объектіні алып жүретін адамдармен (егер ондайлар болса) бірлесіп Қазақстан Республикасының радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі заңнамасына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі;

5) тиісті уәкілетті органдар, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдар хабарланады;

6) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де шаралар қабылданады.

41. Кеден одағының кедендік шекарасыарқылы өткізу пункттерінде РМ және жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарларды өткізу кезінде бұзудың әрбір фактісі бойынша аумақтық кеден органы ақпаратты талдағаннан кейін бір тәуліктің ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органының тиісті бөлімшесіне (почта арқылы жолдай отырып, электронды мекенжайға арнайы хабар түрінде) хабарлайды.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бір тәуліктің ішінде атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік уәкілетті органды хабардар етеді.

42. РБАЖ-ң жай-күйі және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілген РМ және жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар анықталған кезде қабылданған шаралар туралы мәліметтерді кеден органының бөлімшесі есеп беру тәртібімен ай сайын Қазақстан Республикасы кеден ісі мәселелері жөнінде уәкілетті органның тиісті бөлімшесіне береді.

Радиациялық бақылауды жүргізу ережесіне 1-қосымша

Нысан

РМ анықтаудың стационарлық жүйесінің және радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның іске қосылуы туралы мәліметтерді тіркеу журналы

Р/б №

Іскеқосылғаны жазылған жабдықтың атауы

Дабылдың түрі (жалған/ расталған)

Іскеқосылу күні

Іскеқосылу уақыты

Іскеқосылған арнаның түрі

Шот/Фон

Табиғи фонның деңгейі

Объекттен өзгешефонның деңгейі

Зерттелетін объект (жеке тұлға, көлік құрал, теміржол вагоны, почта-багажды жіберілу және тағы сол сияқты)

Тауардың атауы (орындар саны, орау түрі, СЭҚ ТН коды)

Жөнелтуші (жөнелтуші елі)

Алушы (межелі елі)

Радиациялық бақылау кезеңдеріне сәйкес қабылданған шаралар

Қосымша қолданған БРМ РБАЖ

Бақылау нәтижелері бойынша белгіленген

Ұсынылған құжаттар

Қабылданған шешім

Іске қосылумен жұмыс істеген маманның аты-жөні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Радиациялық бақылауды жүргізу ережесіне 2-қосымша

Тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылау жүргізу әдістемесі

Жоғары иондаушы сәулеленулі, елеулі ұзындығы бар (теміржол вагоны, жүк автомобилі, контейнер) және біртекті жүк тиелген (қиыршықтас, ұнтақ, ұсақ бөлшектер) объектіні өлшеу объектінің бүйір қабырғасы ұзындығының орта сызығы бойынша (биіктігі бойынша) жүргізіледі. Өлшеу адымы - 1-3 метр.

Құрал көрсеткіші ең көп болып тұрған нүктеде өлшеулер олардың арасындағы аралықтардың ортасында және көршілес екі өлшеу нүктелерінде жүргізіледі. Бұл рәсім онда өлшелетін шама ең көп болатын нүктені өлшеу сызығы бойынша шаманы анықтағанша бірнеше рет қайталанады. Осы нүкте үшін осыған ұқсас өлшеу рәсімі тік бағытта да жүргізіледі.

Осындай рәсім қарама-қарсы бүйір беті үшін де қайталанады. Егер құралдың осы өлшеу серияларындағы ең көп және ең аз көрсеткіштері бір-бірінен 10 еседен астам ерекшеленетін болса, радиацияның көздің локальді сипаты бар және өлшенетін шаманың максимумы анықталған орында орналасқан деген болжам жасалады. Егер ең көп және ең аз шамалар 2 есе мөлшерде ерекшеленетін болса, радиацияның көзі жүктің барлық көлемі бойынша бөлінді деп санау қажет. Аралық жағдайларда радиация көзінің мөлшерлерін объектің мөлшерлерімен теңдес деп санауға болады.

Объектідегі радиоактивтік көзі бар екендігі анықталғаннан және оның локализациялану дәрежесі бағаланғаннан кейін гамма сәулелену мөлшерінің қуатын, нейтрондар ағымының тығыздығын, объектінің бетіндегі максимум нүктесінде объектінің альфа- және бета- сәулелену радионуклидтермен ластану бетінің тығыздығы өлшенеді.

Егер объектінің көлемі шағын болса (шабадан, сөмке), онда оның бетінде жоғары иондаушы сәулелену деңгейінің шын мәнінде бар екендігіне көз жеткізу, ол ең көп орналасқан нүктені анықтау және гамма сәулелену мөлшерінің қуатын, нейтрондар ағымының тығыздығын және объектінің альфа- және бета- сәулелену радионуклидтермен ластану бетінің деңгейін анықтау қажет.

Радиациялық бақылауды жүргізу ережесіне 3-қосымша

Нысан

Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарынКеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы мәліметтер журналы

1. Анықталған күні: _____________________________________________

2. Өткізу пункті: ________________________________________________

3. Анықтау тәсілі: _______________________________________________

_____________________________________________________________

4. Тауардың атауы: ______________________________________________

5. Жөнелтуші: __________________________________________________

6. Алушы: ______________________________________________________

7. Көлік құралы: _________________________________________________

________________________________________________________________

8. Кедендік режим: _______________________________________________

9. Анықтаудың егжей-тегжейі: _____________________________________

________________________________________________________________

10. Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері: ___________________

________________________________________________________________

11. Тереңдетілген радиациялық зерттеудің нәтижелері: _________________

_________________________________________________________________

12. Сараптама/зертханалық зертеулер нәтижелері: ______________________

__________________________________________________________________

13. Анықталған заттың түрі: _________________________________________

__________________________________________________________________

14. Кедендік ережені бұзу туралы қаулысының мазмұны:_________________

__________________________________________________________________

15. Ескерту: _______________________________________________________

Радиациялық бақылауды жүргізу ережесіне 4-қосымша

Тауарлар мен көлік құралдарына тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу әдістемесі

Елеулі ұзындығы бар (теміржол вагоны, жүк автомобилі, контейнер) және жүк ыдысы (қораптар, жәшіктер, канистрлер) жүкпен толтырылған объектіні өлшеу әрбір жүк ыдысының бетінде жүргізіледі.

Радиоактивтік көзі дәл осы ыдыста бар екендігінің болжамы ретінде оны табылған объектіден объектінің ең үлкен төрт көлденең мөлшерінен кем емес шамаға тең қашықтыққа алыстату кезіндегі құралдың көрсеткіштерінің азаюы бола алады.

Егер ыдыс жеткілікті дәрежеде үлкен болса, радиоактивтік көзді анықталған объектінің шегінде мүмкін болатын ең көп локализациялау және нейтрондар ағымы тығыздығының максималды мәндері мен оның бетіндегі гамма сәулелену мөлшерінің қуатын, сондай-ақ альфа- және бета- сәулелену радионуклидтерімен ластану бетін анықтау мақсатында жоғарыда сипатталған схема бойынша қосымша өлшемдер жүргізіледі.

Зерттелетін объектідегі сәулелену көзін локализацияланғаннан кейін ондағы РМ бастапқы бірдейлендіру жүргізіледі. Алдымен объектінің бетінде нейтрондық сәулеленудің бар-жоқтығын айқындайды (егер локализация гамма сәулелену бойынша жүргізілсе). Ол үшін гамма сәулелену мөлшері қуатының абсолюттік максимум нүктесінде нейтронды ағымының тығыздығын өлшейді. Егер көзді локализациялау нейтрондық сәулелену бойынша жүргізілсе, онда абсолюттік максимум нүктесінде гамма сәулелену мөлшерінің қуаты өлшенеді.

Елеулі нейтрондықтың болуы (фоннан 2-3 есе асатын) зерттелетін объектінің құрамында бөлінетін материалдардың болу мүмкіндігін куәландырады.

Объектінің бетінде нейтрондардың тіркелетін ағымы болмаған жағдайда жылжымалы гамма-спектрометр немесе спектрометрлік арнасы бар радиометр болса, объектіге орамды ашпастан спектрометриялық зерттеу жүргізіледі. Өлшегішті арнайы штативке гамма сәулелену мөлшерінің абсолюттік максимум қуаты нүктесіне қарама-қарсы объекті бетіне жақын немесе одан спектрометрдің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қашықтыққа орналастырады. Сәулеленудің үдемелілігіне және спектрометрдің сезімталдығына тәуелді болатын спектрді жинау уақытын таңдау радионуклидтерді сенімді бірдейлендіруге арналған жеткілікті статистикалық деректер алуды қамтамасыз ету тиіс.

Радиациялық бақылау жүргізу ережесіне 5-қосымша

Орау және көліктік қаптамалар санатының кестесі

Шарттар

Көліктік индекс

Сыртқы беттің кез-келген нүктесіндегі ең көп мөлшердің қуаты

Санат

0(1)

0,005 мЗв/сағ көп емес

I-АҚ

0-ден көп, бірақ 1-ден көп емес

0,005 мЗв/сағ көп, бірақ 0,5 мЗв/сағ көп емес

II-САРЫ

1-ден көп, бірақ 10-нан көп емес

0,5 мЗв/сағ көп, бірақ 2 мЗв/сағ көп емес

III- САРЫ

10-нан көп

2 мЗв/сағ көп, бірақ 10 мЗв/сағ көп емес

III-САРЫ(2)

Ескерту:

(1) Егер өлшенген көліктік индексі 0,05 аспайтын болса, онда келтірілген мәні нөлге тең бола алады.

(2) Арнайы көлікпен тасымалдану тиіс.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7125 болып енгізілді.

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 16 наурыз №145, Астана қаласы «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы»
«Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 20 қаңтар №18 Астана қаласы Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бұйрығы 2011 жылғы 12 шілде №60 Астана қаласы
Республикасы Бас Прокурорының «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2 тармақшасына сәйкес бұйырамын
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 25 тамыз №296 Астана қаласы Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 28 наурыз №132 Астана қаласы
«Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 5 тамыз №25-02-01/451 Астана қаласы
Республикасы табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 маусым №352 Астана қаласы «Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы»
Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2012 жылғы 23 маусымдағы №352 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы icon2011 жылғы 23 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы №561 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница