Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009




Скачать 397.64 Kb.
НазваниеДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/5
Дата конвертации14.12.2012
Размер397.64 Kb.
ТипДиссертация
  1   2   3   4   5



УДК 613.4:632.95/615.015.11-616.1 Қолжазба құқығында

Алшериева Улдана Алшеріқызы


БАС МИЫ МЕН ІШКІ АҒЗАЛАРҒА ТЕМЕКІ ШАҢЫМЕН

ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ЖӘНЕ ҚОСАРЛАНҒАН ӘСЕРІ
(экспериментальді зерттеу)
14.00.07 – гигиена

Медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесіне орындалған

диссертация авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009




Жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығында орындалды


Ғылыми кеңесші: медицина ғылымының докторы,

профессор Омарова М.Н.
Ғылыми жетекші: медицина ғылымының кандидаты,

Аширбеков Г.К.
Ресми оппоненттер: медицина ғылымының докторы,

Изатова А.Е.

медицина ғылымының кандидаты,

Төлемисова А.М.
Жетекші ұйым: Қазақ тағамтану Академиясы.

Қорғау 2009 жылы « 29 » сәуір күні сағат 1300 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының 09.16.01 бірлескен диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 34.




Диссертациямен Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2009 жылы « 28 » наурыз таратылды.
Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы,

медицина ғылымының докторы Аспетов Д.Р.

КІРІСПЕ


Жұмыстың көкейкестілігі. Бүгінде Казақстанда ірі ауыл шаруашылық комплекстері ұдайы өсіп өркендеуде, бұл пестицид препараттарын қолданатын салалар, жыл сайын көбейіп артуда, ол қоршаған ортаның объектілерін (ҚО), тағамдық өнімдерді, өсімдік шикізаттарын тағы да басқа заттардың ластануына мүмкіндік туғызады. Агроөнеркәсіб өндірісінде пестицидтерді қолдануда қоршаған орта объектілерінің (ҚО) ластануымен адам организмінің улануы тығыз байланысты, нәтижесінде бұл адам баласын мүгедектікпен тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Көптеген пестицидтер топырақта, ашық су көздерінде ондаған жылдар бойы болуы мүмкін (хлорорганикалық қосылыстар және т.б.) [Тоқтамысова З.С., Қайрақбаева Г.М., Нилов В.И. 1991; Апрелова Л.А., Алибаева Э.Б авторлармен бірге 1995] басқа пестицидтер, техника қауіпсіздігін сақтамаған кезде организмді жылдам зақымдауы мүмкін (фосфорорганикалық қосылыстар және т.б.) [Бойков Р.В., Зарафьянц Г.Н, 1984; Войтенко Г.А., Семчинская Е.И, 1988].

Соған байланысты, соңғы 5 – 10 жылда, өндірісте аз улылықтағы химиялық қосылыстарды өндіре бастады, олар адам организмімен жануарлар организміне әсер етпейді, бірақта олар ауылшаруашылық паразиттерімен арам шөптерге, сонымен қатар ауру шақыратын саңырауқұлақтарға әсер етеді. Кең көлемдегі пестицид сапасының әсері, тұрмыстық құрт-құмырсқа, шыбын-шіркеймен арам шөптердің өсімдіктерін жою және оны болдыртпаумен күресуде қолданылатын препараттар. Сонымен қатар овощтық дақылдарды, сорғыш құрт-құмырсқа және бау-бақша кенелерімен күресуде қолданатын препарат инсектицид түрінде де таралған.

Фермерлік және кооперативтік шаруашылықта пестицидтерді комплексті қолдану түрінде, енгізумен тозаңдандыру көпшілікке белгілі болды, ол ауылшаруашылығында зиянкестермен күрес жүргізуде өте жақсы нәтиже берді.

Осы зерттеу мәліметтері бойынша пестицидтер адам және жануарлар организміне қолайсыз әсер көрсетеді (М.Н. Омарова, Е.Ж. Жарқынов, В.А. Козловский, 2003; С.К. Нұрбаев, Ж.В. Романова, 2001 және т.б.).

Организмге әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерінің өзектілігін шешу, әсіресе агроөндірістік комплекс жағдайында, оның осы салада аз зерттелгендігінен кешеуілдеп отыр. Пестицидтердің әртүрлі класс өкілдерінің организмге қосарланған әсерін, өткен жүз жылдықтың 60 - 70-ші жылдары зерттеп анықтай бастады, алайда бұл келесі қолдануға нормалау мүмкіндіктерін енгізу үшін қажет.

Соңғы уақыттарда агроөндірістік комплекстер жағдайында кездесетін, әсіресе әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерлерінің ұзақтығына және мөлшеріне байланысты көптеген экспериментальді зерттеулердің болғанына қарамастан, ішкі ағзаларымен бас миының морфологиялық өзгерістері аз зерттелген.

Пестицидтердің көпшілігінің биологиялық әсерлері өте ұқсас, бірақта соған қарамастан улану кезіндегі пайда болған ішкі ағзаларымен тіндердегі өзгерістерінің арнайы қасиеттері болмаған. Әсіресе әртүрлі класс пестицидтерінің қоспалық әсері ішкі ағзаларымен бас миының алдын ала айтуға болмайтын зардаптарына алып келуі мүмкін. Организмге әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерінің биологиялық механизм әрекеті толық зерттелмеген. Әйткенмен әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерін гигиеналық нормалау осы сұрақтардың шешімін табуға жол ашады [Любченко П.Н., Мальцева Л.М., Салганикова Б.С., Медведева Н.А.1990; Рязанова Р.А., Гадалина И.Д., авторлармен бірге 1990; Бочкарев М.В., Ботнарь В.П., 1980; Буркацкая Е.Н. авторлармен бірге 1980; Галицкая Ф.А., Манекенова К.Б, 2006; Чура Д.А. 1988].

Сондықтан организмге әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерін жан жақты зерттеп анықтау медицинада, экологияда, ветеринарияда тағы да басқа салаларда үлкен мәні бар өзекті міндеттер болып саналады.

Көптеген аурулардың қоршаған орта ластануына байланыстылығы бәрімізге мәлім, өйткені химиялық прессинг болып төмендегі биосфера компоненттері көрсетіледі: ауа, су, топырақ, адаммен фаунаны қоса есептегенде [Зиятдинова К.Ш. 1996; Иванова С.И. 1991]. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында тұрақты өнімді астық алу үшін жылсайын көп мөлшерде минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолданады, сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерін жоюға қарсы күресу шараларына әртүрлі пестицидтер қолданады [Аширбеков Г.К., Букенова Ж.К. авторлармен бірге 2003]. Кейде оларды жекеленген немесе қосарланған түрінде, әсерін күшейту үшін қолданады. Пестицидтермен темекі плантациясында, темекіні жинау кезінде тікелей байланыстың әсерінен аналармен балалардың денсаулығына тигізетін әсерін анықтау [Омарова М. Н., Жаркинов Е.Ж. авторлармен бірге 2005; Омарова М.Н., Сарсенов Д.Б., 2006; Омарова М.Н., Козловский В.А. 2002; Омарова М.Н., Абдрасил Г.С. 2003], экспериментальді модельдерге эксперимент жүргізуге негіз береді.

Осыған қарамастан ауыл шаруашылығында, өндірісте, тұрмыста осы аталған пестицид қолданылуда, бұл жаңадан шыққан пестицидтің адам организміне тигізетін әсері бүгінгі таңда осы уақытқа дейін зерттелмеген.

Сондықтан бұл мәселені шешу мақсатымен, оның организмге тигізетін әсерін анықтау үшін созылмалы эксперимент жағдайында зерттеу жүргізуді жөн көрдік.

Жұмыстың мақсаты.

Созылмалы эксперимент жағдайында инсектицид Сумидан, гербицид Лонтрим және темекі шаңының ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен бас миына жекеленген және қосарланған әсерінің ерекшелігін зерттеу.

Осы мақсатқа жетуге келесі міндеттер қойылды.

- Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының ішкі ағзалармен бас миына созылмалы эксперименттегі жекеленген әсерімен қалпына келу кезеңіндегі улылығын анықтау.

- Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының қосарланған әсерінің нәтижесі бойынша жануарлардың ішкі ағзаларымен (бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, аталық безі) бас миының созылмалы улануымен қалпына келу кезеңінен кейінгі морфологиялық өзгерісіне (анализ) талдау жүргізу.

- Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының жекеленген улануынан қосарланған улануының ерекшелігін гистологиялық көрінісі бойынша бағалау.

Алынған нәтиженің ғылыми жаңалығы.

Диссертацияда алғаш рет жүргізілген зерттеулер барысында төменде көрсетілген негізгі нәтижелер алынды:

1. Созылмалы эксперимент жағдайында дене салмағына 15 мг/кг инсектицид Сумидан, 136 мг/кг гербицид Лонтрим және 3 мг/кг темекі шаңының жекеленген және қосарланған әсерінен морфологиялық өзгерістерінің ерекшеліктері анықталды.

2. Экспериментальді жануарлардың ішкі ағзаларымен бас миына зерттеліп отырған пестицидтер Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының қосарланған әсерінің морфологиялық мәліметтері бойынша улану белгілері анықталды.

3. Пестицидтер Сумидан, Лонтрим және темекі шаңымен жекеленген және қосарланған созылмалы уланудан соң ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен (бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, аталық безі) бас миының морфологиялық өзгерістерінің ерекшеліктері белгіленген, онда қосарланған әсерден кейінгі бұзылу ауырлығы біршама көбірек және бұл көрініс қайта қалпына келу кезеңінде де сақталынған.

Практикалық маңызы.

«Жануар организміне инсектицид Суми-альфа мен темекі шаңының қосарланған әсерін токсикологиялық бағалау (Алматы қаласы маңындағы Шелек темекі шығару шаруашылығы мысалында)» әдістемелік ұсынысы ендірілді. Сонымен қатар әртүрлі ғылыми мақалалар басылымы шығарылды және кафедрадағы практикалық сабақтар мен дәрістерді жүргізуге қолданылатын құжат ендірілді.

ҚР Министрлігіне ұсынылған, ҒЗЖ-ның қорытынды есеп беруінде диссертация материалы көрсетілген.

Диссертацияны қорғауға ұсынылатын негізгі жағдайлар.

1. Сумидан, Лонтрим және темекі шаңымен жекеленген түрде созылмалы әсер еткен кездегі микроскопиялық көрінісінде кардиомиоциттерде және аталық безі өзегінде, бүйректің шумақтарында атрофия мен ишемиялық өзгерістерге, гепатоциттерде әртүрлі сипаттағы дистрофияларға алып келеді.

2. Пестицидтер Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының қосарланған әсерін жекеленген әсерімен салыстырғанда жоғарыда көрсетілген токсиканттардың экспериментте ішкі ағзаларымен (бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, аталық безі) бас миының өзгеріс ауырлығы өте терең және тұрақты болғаны морфологиялық зерттеу негізінде анықталған.

3. Қалпына келу кезеңінен соң жекеленген және қосарланған уланудың морфологиялық өзгерістерінің көрінісі сол деңгейде сақталынды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.

Диссертацияның негізгі нәтижелері Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланды «Проблемы, опыт и перспективы развития программы проведения скрининга, раннего выявления заболеваний, динамического наблюдения и оздоровления населения РК (Астана- Алматы, 14-15 қазанда 2004 ж.), ҚазҰМУ-нің нерв аурулары кафедрасының 70 жылдығы және қазақтың көрнекті неврологы профессор М.Х. Фаризовтың 100 жылдық туылған күніне арналған халықаралық конференцияда (Алматы, 22, 23-қазанда 2004 ж.), атақты ғылымгер З.К. Тулегенованың 90 жылдық туылған күніне арналған ғылыми практикалық конференцияда «Вопросы физиологии, гигиены труда и профпатологии» (Қараганды, 2004 ж.), ҚР-ның провизор дәрігерлерінің III съезінде (Астана, 18-19 қарашада 2007ж.), VI жылсайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Современные аспекты общественного здоровья и здравоохранения» (Алматы, 2-3 қарашада 2007ж.), Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының лаборатория аралық сыннан өтті, бірлескен Ғылыми советте және ҚР ДМ Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының сынағынан өтті (хаттама № 7 от 15. 07. 2008 ж.).

Автордың жеке үлесі.

Жұмыстың материалдарын жинауы, оны өңдеп талдауы, негізгі тұжырымдар мен зерттеу қорытындысын жасаған автордың өзі.

Зерттеу жұмысы бойынша жарияланған мақалалар.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Диссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница