АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы




Скачать 263.98 Kb.
НазваниеАҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы
Дата конвертации15.12.2012
Размер263.98 Kb.
ТипДокументы

Қаулы №337 28.09.2012ж.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ

2013-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

БОЛЖАМЫ


Ақтөбе, 2012

МАЗМҰНЫ





Кіріспе





Ақтөбе облысының 2011-2012 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері


4



2013-2017 жылдарға арналған экономиканың дамуының негізгі бағыттары мен шаралары

6




Экономика салаларының дамуы






Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту және әлеуметтік саланы жандандыру

9




Білім







Денсаулық сақтау







Мәдениет







Жұмыспен қамту







Әлеуметтік қамтамасыз ету







Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту






2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы



15



2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары





16




Қосымша:







2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы







Үш жылдық кезеңге арналған бюджет көрсеткіштерінің болжамы













Кіріспе

Ақтөбе облысының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарының, Мемлекет Басшысының жыл сайынғы жолдауларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 699 қаулысымен мақұлданған 2011 – 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының негiзiнде әзірленген.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізгі көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, 3 жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамдарын қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жергілікті атқарушы органдардың бес жылдық кезеңге арналған Стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетті әзірлеуге негіз болып табылады.






  1. Ақтөбе облысының 2011-2012 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері

2011 жылдың қорытындысы бойынша облыста ӨЖӨ 1433,0 млрд. теңге құрады, нақты көлем индексі – 105,8%.

ӨЖӨ жан басына шаққанда (1832,8 мың теңге) 12,4 мың АҚШ долларына жетті.

Өнеркәсiп өнімінің көлемі – 1239,0 млрд. теңгені құрады, нақты көрініс – 108,5%. Өнеркәсіптің жалпы республикалық көлемдегі үлес салмағы - 8% құрады.

Өнеркәсіптік құрылымдағы НКИ құрушы салалар: таукен өндiру – 109,7%, өңдеу өнеркәсіптері – 103,7%, электрмен жабдықтау – 102,6%, сумен қамту – 84,1%.

Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны үлкен дәрежеде бағаның өзеруі және өндірістердің құлдырауымен түсіндіріледі. Жалпы алғанда барлық қызмет салалары біртіндеп бір мезгілде өндірушілердің бағасының өсуімен өндіріс көлемдерін көбейте отырып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біртіндеп қаржылық қызметтің нәтижелерін анықтады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 111,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 115%.

Жыл қорытындысы бойынша нақты мәніндегі елеулі өсім саудада көрінді, алдыңғы жылға қарағанда 21,1% ұлғайды. Бұл 2011 жылы тұрғындардың нақты кірістері 8,3% өсуімен және экономикада инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуімен шарттасылған.

Облыс бойынша жүк айналымы 36,9% өсіп 4256 млн. ткм құрады. Байланыс қызметінің көлемі 7,8% өсті.

Инфляция 2011 жылдың ішінде бір қалыпты болды және маусымдық өзгеру үрдісін сақтап қалды.

Жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 6,8% құрады немесе 2010 жылдың деңгейінен 0,6% төмен.

Экономиканың өсуi еңбек нарығындағы ахуалды жақсартуға мүмкiндiк бердi. 2011 жылы жұмыссыздық 2010 жылғы экономикалық белсендi халыққа шаққандағы 5,3%-дан 4,9% дейін азайды.

Шоғырландырылған бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің түсімі 560,5 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылдың деңгейінен 156,2 млрд. теңге артық (болжам бойынша 102,7%), оның ішінде жергілікті бюджет – 64,2 млрд. теңге(101,9%)

2011 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі өткен жылдың деңгейіне 2,0% ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі азайып 99,6 млрд. теңге құрады (76,2%).

Есепті мерзімде индустрияландыру картасы бойынша сомасы 74,0 млрд. теңге құрайтын 27 нысан іске қосылып 2,2 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.

Сыртқы сауда айналымы 10414,9 млн. АҚШ доллары көлемінде құралды, оның ішінде экспорт – 9589,5 млн. АҚШ доллары, импорт – 825,4 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт көлемінің импорттан өсіп кетуі, сонымен бірге импортпен салыстырғанда экспорттық бағаның елеулі өсуі облыста сыртқы сауда айналымының конъюнктурасы жақсарғанын көрсетеді.

2012 жылы облыс экономикасы әлемдік экономикалық дағдарыстардың өсуі ықпалымен дамитын болады.

Ішкі экономикалық конъюнктуралардың дамуының тұрақсыздығы мен анықтығына қарамастан 2012 жылдың басынан бастап облыс экономикасында жағымды қарқын байқалады. 2012 жылдың 1 тоқсанында ӨЖӨ өсімі 5,3% , жалпы өңірлік өндіріс көлемі 308,9 млрд. теңге құрады.

Есепті кезеңде тұтынушылық сұраныстың ұлғаюы байқалуда, мұны бөлшек саудадағы тауар айналымының өсуі көрсетеді. 2012 жылдың қаңтар–тамызында бөлшек саудадағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,2% (190,9 млрд. теңге) өсті.

Тұтынушылық сұраныстың кеңеюі халықтың кірістері мен жалақыларының өсуіне ықпал етеді. 2011 жылғы қаңтар - маусымда жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табыс 311743 теңгені құрап 26,8% өсті. Орташа айлық атаулы жалақы 17,2%-ға өсті және 87,0 мың теңгені құрады.

2011 жылғы қаңтар–тамызда негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 251,3 млрд. тенгені құрап, 2010 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 14,8%-ға артты.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап экономиканы несиелеу көлемінің өсу үрдістері байқалуда. Ағымдағы жылдың маусым айының аяғында екінші деңгейдегі банктер арқылы экономика секторларына берілген несие көлемі 109,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,2% артық.

Жылдың басынан бастап инфляциялық процестердің дамуының қолайлы үрдістері байқалады. 2012 жылдың тамыз айында тұтыну бағаларының индексі 2011 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,4% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 102,6%, азық-түлік емес тауарлар - 103,3%, ақылы қызметтер – 104,5%, 2012 жылға жоспарланған инфляциялық дәліз аясында 6-8% ұстау.

2012 жылғы қаңтар–шілдеде тауарлар экспорты 5967,4 млн. АҚШ. долларын құрады және 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,2%-ға ұлғайды. Облыстың сыртқы сауда айналымы 39,3% өсті және 6568,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Өткен жылы облыстың аграрлық саласында мол өнім берген егін шаруашылығы үстіміздегі жылы ұзаққа созылған аптап ыстық пен жаңбыр болмаған табиғи-климаттық жағдайлардың қолайсыздығынан ауыл шарушылығының жалпы өнімі 2,6% төмендеп кетті.

Өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсу қарқынының ұлғаюына өсімі 2012 жылдың қаңтар-тамыз айларында 5,4% өткен жылы осы кезеңінде 2,9% құраған өңдеу өнеркәсiбі мен таукен өндiру өнеркәсіптері ықпал етеді.

Ағымдағы жылы ӨЖӨ нақты көріністе баға бойынша өткен жылғы деңгейде 6,0% құрауы мүмкін.

2012 жылы экспорт тауарлары баға бойынша 6,4 млрд АҚШ долларын, импорт – 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген антиинфляциялық жүргізіп жатқан жұмыстарын жалғастыру үшін инфляция жылдың қорытындысы бойынша болжанылған 6,0-8,0% дәлізі аясында шығарылатын болады.



  1. 2013-2017 жылдарға арналған экономиканың дамуының негізгі бағыттары мен шаралары



Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік –экономикалық жандандыруда, экономиканы нығайтудың міндеттерін, халықтың әл-ауқатын арттыруда - Қазақстан дамуының басты бағыты айқындап берді.

Орта мерзімді перспективада облыстың экономикалық саясаттың шешуші бағыттары тұрақтылықты және жоспарланған деңгейде экономикалық өсудің орнықтылығын болып табылады.
Экономика саласының дамуы

Өнеркәсіп.

Жоспарланған деңгейде экономикалық өсімнің орнықтылығын қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жандану 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД МБ жүзеге асыру арқылы жалғасатын болады.

Облыстағы мұнай газ секторын дамыту мұнай және газ экспортын ұлғайтуға, мұнай тасымалының экспорттық бағытын әртараптандыруға, жаңа құбырлары құрылысын, ішкі нарықта газ және мұнай өнімдері қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу Индустриаландыру картасына енгізілген және ҮИИД МБ шеңбері аясында іске асырылатын инвестициялық жобалардың есебінен жүзеге асырылады оның ішінде:

  • Үшінші Жаңажол газ қайта өңдеу зауытының толық кешені («СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ»)

Таукен металлургия саласындағы басты саясат ішкі шикізатты барынша өңдеуге, базалық металдарға шығу және жоғары деңгейдегі өнім шығару арқылы машина жасау, құрылыс, фармацевтика сияқты өндірістің басқа да салаларын дамытуға бағытталады.

Облыстың инвестициялық Бағдарламасы және Индустрияландыру Картасы шеңберінде бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру қарастырылды, атап айтқанда, «Қазхром ТҰК» АҚ инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жоғарғы көміртекті феррохром өндірісін ұлғайтатын №4 цехтың құрылысы, инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жоғарғы көміртекті феррохром өндірісін ұлғайтатын және өзіндік құнын төмендететін №5 цехтың құрылысы, «Юбилейное» жер қойнауындағы алтынды кендерді қайта өңдейтін байыту фабрикасы және т.б.

Облыстың химия өнеркәсібінде мынадай жобалар жүзеге асырылатын болады:: «Shilisai Chemicals» ЖШС аммофос өндірісі зауытының құрылысы, Жилянск жер қойнауындағы калий тұзын игеру («Ақтөбе ТҰЗ» ЖШС 833,0 мың тонна калий тұзы), «Союзное» жер қойнауындағы каолинді байыту фабрикасының құрылысы т.б. жобаларын іске асырылатын болады .

Инвестициялық жобаларды іске асыру химиялық өнімдер өндірін ұлғайтуға, химиялық өнімдердің жаңа өндірістерін реттеуге мүмкіндік береді, ішкі нарықтың бәсекеге қабілетілігін қанағаттандыруды, экспортқа бағытталған отандық химиялық өнім өндірістерін жоғары қосымша құнымен және химиялық өнімдердің экспорттық әлеуетін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Ақтөбе жеңіл металконструкциялар зауытының өндірістік қуатын кеңейту (жылына 400 данаға дейін сыйымдылығы 10 мың куб.м дейін резервуалар шығару), қалдықтар мен бұрғылау шламдарын қайта өңдеу бойынша жабдықтарды шығару ("Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ, жылына 180 дана) және облыстың 2015 жылға дейінгі басқа да инвестициялық жобаларын жүзеге асыру ішкі нарық қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және машина құрылысында жоғарғы қосымша құнымен ақырғы өнім өндірісін ұлғайту есебінен экспортты кеңейтуді қалыптастыратын болады.

Құрылыс индустриясының дамуы облыстың орнықты және теңдестірілген құрылыс материалдары өндірісінің, құрылыс индустриясының индустриалды-инновациялық дамуына бағытталатын болады.

Облыста 2011-2014 жылдары құрылыс индустриясының 13-тен астам жобасын іске қосу жоспарлануда, атап айтқанда кварцтік құмын байыту фабрикасы (жылына 50 мың тонна), темір бетон бұйымдары өндірісі зауыты (жылына 9,2 мың куб.м ««Жарық» АЭМК ЖШС), санитарлық фаянстық бұйымдарды шағаратын желі (жылына 1 млн дана).

Құрылыста болжанылған өсім қарқынына жету үшін индустрияландыру Картасына енген барлық нысандарды, әлеуметтік сала мен инфрақұрылым нысандарынының іске қосылуын, 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту Бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет.

Электр қуатын өндіру болжам бойынша 2013 жылы - 78%, 2015 жылы – 85% жетеді. Қуат тұтынудың жалпы көлемінде баламалы қуат көздерінің үлесі 2015 жылы - 11,8% құрайды.

Ауыл шарушылығы саласындағы саясат азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған.
Орта мерзімді кезең ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігі өндірісінің өсуін, саланы техникалық-технологиялық жаңартуды және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауға жаңаша тұрғыдан келуді қарастыратын үдемелі аграрлық-индустриялық әртараптандыру болып табылады.

Елдің ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері бойынша, егіншілік шаруашылығында өзін-өзі толық қамтамасыз етуіне қол жеткізуі мақсатында ылғалды үнемдейтін технологияларды және тамшылата суаруды белсенді қолдану арқылы егіс алқаптарын кеңейту есебінен астықтың өнімділігі артатын болады.

Мал шаруашылығын дамыту асыл тұқымды малға арналған базаны дамыту және генетикалық әлеуетті арттыру негізінде мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін өнеркәсіпті дамыту кәсіпорындарды техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтау, сондай-ақ бұл салаға инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылады.

Мынадай ірі жобалар жүзеге асырылатын болады, 400 басқа арналған, қуаты жылына 30 тонна ет өндіретін мал шаруашылғы кешенінің құрылысы (Алға ауданында «Рейімқұл» Ш/Қ), 30 мың басқа арналған үйрек фермасының құрылысы («Огородник» Ш/Қ Мәртөк ауданы), 5000 басқа арналған қой шаруашылығы кешені, қуаты жылына 60 тонна («Сәңкібай» Ш/Қ Мұғалжар ауданы), 1000 мың басқа арналған бордақылау алаңы (Қарғалы ауданы «Степной» ЖШС) және басқалары.

Инвестициялық жобаларды іске асыру 79%-дан астам азық-түлік тауарларының нарығын оңірлік өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Инновацияларды дамыту бойынша орта мерзімді кезеңдегі саясат инновациялық-технологиялық дамуды басқару, салалар мен өңірлерді инновациялық дамыту, жоғары технологиялық шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау жүйесін құруға, елдің ғылыми және инжинирингтік әлеуетін жоғарылату есебінен экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйе құруға бағытталған.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында технологиялық жандандыруға ықпал ету және инновацияны дамыту туралы Бағдардаманы іске асыру есебінен жүзеге асырылатын болады.

Сала қызметіндегі саясаттар мен әдістерді жетілдіру қазақстандық мазмұнның өсуіне ықпал ету мыналарға бағытталатын болады:

Жергілікті тауар өндірушілерді бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыс және жоғары сапалы қызметте сервистік қолдау;

Кәсіпкерлерді тауарлар мен қызметтерді іздеп табуы туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында «Жер қойнауын пайдалану бойынша операция жүргізу кезінде қолданылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің реестрі», « «Қазақстандық мазмұн» «Интернет ресурс»» ақпараттық жүйлерін әрі қарай дамыту және алып жүру.

Отандық өндірушілер мен әлеуеттік тапсырысшылардың қатысуымен өткізілетін көрмелер, форумдар, кеңестер, кездесулер мен дөңгелек үстелдердің тиімділігін арттыру, мазмұнды анықтамалық әдебиеттер мен брошюралар шығару.

Сауда. Сыртқы сауда саясаты интеграция жолымен әлемдік сауда жүйесіне облыстың экономикалық көзқарасын қорғау және ілгері жылжытудың тиімді және оперативті жүйесін құруға бағытталған.

Облыстың ішкі сауда саясатының мақсаты жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін және сауда саласындағы тиімділікті арттыруға бағытталған нәзік сауда жүйесін құру болып табылады.

2010-2014 жылдарға арналған сауданы дамыту туралы Бағдарламаны жүзеге асыру аясында мынадай жұмытар жалғастырылатын болады:

- заманауи сауда форматтары алаңдарының санын және бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде олардың үлесін ұлғайтуға жағдай жасау;

- электронды сауданы дамыту, тауар қозғалысының негізгі көздерімен жойылған өндірушілерге жақындасу, сауданың ашықтығын және нарыққа қатысушыларды ақпараттандырудың, сондай-ақ оған қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыру.

Жалпы алғанда, аталған шараларды іске асыру сауданың инфрақұрылымы мен бөлшек секторын жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл, яғни заманауи халықаралық талаптарға сәйкестендіруге және тауар қозғалысының тиімді төмен транзакциондық шығын тиімділігіне ықпал етеді.

Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту және әлеуметтік саланы жандандыру

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік жанжандыру бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады: В среднесрочном периоде социальная модернизация будет осуществляться по пяти направлениям:

әлеуметтік заңдылықты жаңалау;

әлеуметтік-еңбек қатынастарының моделін тиімді қалыптастыру;

өмір сапасының қазақстандық стандарты;

әлеуметтік жандандыруды ақпараттық-мәдениеттік құраушы;

әлеуметтік процестермен мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі; (Мемлекет басшысының «Қоғамдағы жалпы еңбекке жиырма қадам» мақаласында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру;

2016 жылғы кезеңге дейін әлеуметтік жандандырудың Жалпы ұлттық жоспары әзірленетін болады.

Білім беру. Инновациялық экономиканы қалыптастырудың негізгі шарты білім беру жүйесін жаңғырту болып табылады, ол серпінді экономикалық өсімнің және қоғамның әлеуметтік дамуының маңызды алғы шарты болады.

Орта мерзімді кезеңде білім беру саласының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының және 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағдарланатын болады.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы облыстың саясаты мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейтуге және сапасын арттыруға бағытталатын болады.

2013 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен балаларды қамту 90% құрайды, 2015 жылы 100% жетеді.

Білім берудің барлық деңгейінде, мектепке дейінгіден жоғарғыға дейін сапаны арттыруға ерекше маңыз беріледі.

Жалпы педагогтар санына шаққанда жоғарғы және бірінші санаты бар, жоғарғы білікті педагогикалық қызметкерлердің үлесі болжамды кезеңде 40% артығын құрайды.

Ағылшын тілді оқытушылар мен педагогтардың санын ұлғайтуды қарастыратын, педагог кадрларды дайындау күшейтіледі.

Назарбаев зияткерлік мектептері желісін дамыту жалғастырылады, олар қазақстандық білім берудің ең үздік дәстүрлерімен және әлемдік педагогикасының озат тәжірибесімен үйлестірілген, оқу-тәрбие беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және апробациялау жөніндегі мәре алаңшалары болып табылады.

Жаңа мектептерді салу есебінен апаттық және үш аусымдық мектептерді жою, сонымен қатар мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру бойынша жұмысты жалғастыру білім берудің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Қол жетімділікті кеңейту мақсатында колледждер мен ЖОО жатақханалар желісін кеңейту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту процесіне «Назарбаев Университет» ААҚ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ, «Кәсіпқор» холдингі тәжірибесін есепке ала отырып, қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар енгізілетін болады.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтаудың жүйесін дамытудың басты мақсаты тұрғындардың денсаулығын нығайту және денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру болып табылады.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ауқымында қамтамасыз етілетін болады.

2015 жылға дейінгі кезеңге денсаулық сақтау саласының негізгі басымдығы профилактикалық медицинаны және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын елеулі күшейту болады.

Осы мақсаттарда қоғамдық денсаулық сақтау, алдын алу шараларын күшейту, скринигтік зерттеулер, диагностиканы жетілдіру, негізгі әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу және оңалту мәселесі бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттестіктің тиімділігі арттырылатын болады.

Жоғарыда аталған шаралары 100 мың тірі туылғанға ана өлімін 2013 жылға қарай 16,7 дейін, 2016 жылға – 16,1 дейін, нәресте өлімін 2013 жылға қарай 14,0 дейін, 2016 жылға – 13,2 дейін және 1000 тұрғынға шаққанда жалпы өлімді 2013 жылға қарай 7,4 дейін, 2016 жылға – 7,12 дейін төмендетуге ықпал ететін болады.

2016 жылға қарай туберкулезбен ауру 100 мың тұрғынға шаққанда 2013 жылғы 72,2-ден 68,6 дейін төмендейді.

«100 аурухана құрылысы» жобасы ауқымында салынған денсаулық сақтаудың жаңа объектілерін пайдалануға енгізу қолда бар төсектік қуатты оңтайлы және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақтағы модельдердің негізі көп бейінді ауруханалар болады. Мәселен, 2013 жылы Ақтөбе қаласында 300 төсектік облыстық көп бейінді аурухана құрылысы аяқталады.

Қол жетімділікті және емдік дәрі-дәрмектердің сапасын арттыру мақсатында емделушілерге дәріхананы және емдік дәрі-дәрмектерді таңдау құқығын ұсыну арқылы тұрғындарды амбулаторлық емдік құралдармен қамтамасыз етуді реформалау жүргізілетін болады.

Аталған шаралар фармацевтика нарығының субъектілерінен көпшілігін, оның ішінде амбулаторлық емдік құралдармен қамтамасыз етуге шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы тұрғындардың емдік дәрі-дәрмектерге нақты қол жетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі ауқымында ұсынылатын медициналық қызметтерді және емдік құралдардың тізбесін кезеңмен кеңейту жоспарлануда.

Медициналық көмектің, атап айтқанда, шалғайда және жолы қиын өңірлерде тұратын ауыл тұрғындары үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін көліктік медицина, оның ішінде санитарлық авиация дамытылатын болады.

Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияны дамыту және енгізу бойынша жұмысты жалғастырады.

Мәдениет. Қоғамдық, әлеуметтік өмірді дамыту мақсатында көпшілікті оң іс-шараларын өткізу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілетін болады, олар азаматтардың және үкіметтік емес ұйымдардың тікелей қатысуымен әрбір алған ауылда, қалада, аудан орталығында ахуалдың тұрақтылығын нығайтады.

Мәдениет саласында қызмет көрсету сапасына облыс тұрғындарының қажеттілік деңгейі болжамды кезеңде 65% дейін өседі.

Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының біріне жатады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы ауқымында бизнес дағдыларға оқыту және шағын кредиттер беру, еңбек қорларының шоғырлануын қамтамасыз ету, сондай-ақ орташа немесе жоғары әлеуеті әлеуметтік-экономикалық дамуы бар ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту, оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналасуға ықпал ету бойынша іс-шаралары қаржыландырылатын болады.

Облыс бойынша экономикалық белсенді тұрғындардың саны 2013 жылы 420,9 мың адамды, 2015 ж. – 425,0 мың адамды, 2017 жылы 431,4 мың адамды құрайды.

Жұмыспен қамтылғандар саны болжам бойынша 2013 жылы 399,9 мың адамды, 2015 ж. – 406,6 мың адамды, 2017 ж. – 413,8 мың адамды құрайды.

Оның ішінде жалдамалы жұмысшылардың 326,7 мың адамға дейін өсуі және өзі-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2017 жылы 87,1 мың адамға дейін төмендеуі күтілуде.

2013 жылы жұмыссыздық 5,0%, 2015 ж. – 4,8%, 2017 ж. – 4,6% деңгейінде болжамдалуда.

Әлеуметтік қамсыздандыру. Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі бағыттар асырауды қуатын, атаулылығы және тиімділігіне негізделген, әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағдарланатын болады.

Әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесі еліміздегі қазіргі заманғы стандарттарға және өмір сүру деңгейіне сәйкес болады. Базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру, зейнеткерлік төлемдерді бірізді ұлғайту, тұрғындарды әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту тұрғындардың әлсіз санаттарын әлеуметтік қолдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мәселен, 2015 жылға қарай базалық зейнеткерлік төлемдердің мөлшерін күн көріс шегінің 60% деңгейіне жеткізу, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2010 жылғы деңгейге кемінде 1,2 есеге ұлғайту жоспарлануда.

Бұдан басқа, 2015 жылға қарай атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін күн көріс шегінің 60% дейін арттыру, сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрамындағы еңбекке қабілетті тұрғындардың үлес салмағы 30% дейін төмендейді.

Нәтижесінде күн көріс шегінен төмен кірісі бар тұрғындардың үлесі 2015 жылға қарай 6% жоғары болмауы керек, бұл тұрғындардың әлеуметтік қолайлығын қамтамасыз етуде оң сәттерді көрсетеді.

Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту. Тұрғындардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады.

Тұрғын үй қорын ұстауды және бірлескен қаржыландырудың арнайы тетіктерімен қамтамасыз ету есебінен күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум объектілерінің үлесі 2015 жылға қарай 2-ден 1% дейін төмендейді.

Болжамды кезеңде коммуналдық желілерге - газбен жабдықтау орташа 40%, жылумен жабдықтау 9%, электрмен жабдықтау 50% дейін жаңғырту жүргізу жоспарлануда.

Жылу-, электр-, газбен жабдықтаудың жөндеуге жататын үлесін сәйкесінше 16,4%, 60%, 26% төмендету жоспарлануда.

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы ауқымында 2017 жылға қарай орталықтандырылған сумен жабдықтау 95% дейін, қалалардағы су бұрғышын 70% дейін қол жеткізуді ұлғайту жоспарлануда.

Кәріздік желілерде апаттардың саны үштен біріне, бу және жылу желілеріндегі апаттардың саны 50% дейін төмендейді.

Қазақстан Республикасындағы мұнайғаз секторын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы ауқымында республика өңірлерін газдандыру деңгейін ұлғайту көзделген.

Осылай, 2015 жылға қарай ілеспе мұнай газымен облыстың ауылдық елді мекендерінің қамтамасыз етілуі 31,3% құрайды. Облыстың 110 елді мекендері қосымша газдандырылатын болады.

Қазақстан Республика Үкіметімен жүргізілген тұрғын үй құрылысы саласындағы алдыңғы жылдардағы Бағдарламаларды іске асыруға жасалған талдауы көрсеткендей, қол жетімді тұрғын үймен және олар алдында мемлекеттің міндеттемесі бар, азаматтарды тұрғын үймен толық қамтамасыз ету мәселесі әлі де толық шешілмеді.

Аталған мәселелерді шешу үшін 2013 жылдан іске асыру басталатын «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

«Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес облыста 2012-2020 жылдарда пайдалануға 4,3 млн. шаршы м., оның ішінде болжамды кезеңде (2013-2017 жылдарда) – 2255,2 мың шаршы м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Бағдарламада тұрғын үй құрылысын жеті бағыт бойынша:

Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй;

Әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй;

Жас отбасыларына, кейіннен сатып алумен, жалдамалы тұрғын үй;

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы ауқымында жалдамалы тұрғын үй;

«КИК»АҚ арқылы жалдамалы тұрғын үй;

Коммерциялық тұрғын үй;

Жеке тұрғын үйлер;

Тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен қаражаттар бөлу көзделген, бұл барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үй құрылысының өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.
Өңірлерді дамыту.

Өңірлік саясатты дамытудағы басты кілті адамдардың өмір сүру сапасын және хал-жағдайын арттыру болып қалады.

Жаңа әдістер мен басымдықтар 2020 жылға дейінгі еліміздің аумақтық-кеңістікті дамытудың Болжамды схемасы, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы, бес жылдық кезеңге аумақтарды дамыту бағдарламасы ауқымында іске асырылатын болады.

Жаңа өңірлік саясат – Болжамды схеманы тиімді іске асыру үшін қаржылық құралы мемлекетіміздің Үкіметі 2011 жылы қабылдаған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы болып табылады.

Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты инфрақұрылымды, адами капиталды дамыту, инновациялық мүмкіндіктерді іске асыру және қоршаған ортаның, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару жағдайын жақсарту жөніндегі елеулі бастамаларды қаржылық қолдау болып табылады.

Облыстың болашақтағы аумақтық-кеңістікті дамуында агломерация шешуші рөл алады.

Осы мақсатпен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы ауқымында Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент қалалары агломерация орталығын дамыту бойынша кешенді шаралары әзірленуде.

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігімен әзірленген моноқалаларды анықтау өлшемдеріне сәйкес Ақтөбе облысы бойынша моноқала болып – Хромтау қаласы айқындалды, және 2012-2020 жылдардағы моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізілді.

Ақтөбе облысының әкімдігімен Хромтау қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары қалыптастырылды.

Хромтау қаласында кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде 40,0 млрд. теңгені, оның ішінде моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жолдау күтілуде. Аталған құралдар ауқымында 3 жобаны іске асыру жоспарлануда, жекелеп айтқанда:

«сағатына қуаты 2,0 тонна макарон фабрикасын салу және кеңейту (макарон фабрикасы, кондитер цехы, нан-бөлке бұйымдары зауыты)» «Ақтөбе нан өнімдері комбинаты» ЖШС. Жоба Индустрияландыру картасына енгізілген, іске асырудағы инвестиция көлемі 735,0 млн. теңгені құрайды, 110 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда;

«жылына 100,0 мың дана жобалық қуатымен санфаянс бұйымдарын өндіру жөніндегі зауыт құрылысы» «Керамика» АҚ. Жобаны іске асыру кезіндегі инвестиция көлемі 2,5 млрд. теңгені құрайды, 115 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда;

«жылына 460,0 мың тонна қуатымен №5 инновациялық технологиялық цехты пайдаланумен жоғарғы көміртекті фррохром өндірісін ұлғайту» «Қазхром» ТҰК» АҚ. Жоба Индустрияландыру картасына енгізілген, іске асырудағы инвестиция көлемі 107,0 млрд. теңгені құрайды (2015-2019 жылдар), 500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Аталған жобаларды іске асыру Хромтау қаласындағы 720 жаңа жұмыс орнын құруға , біліктілікті арттыру және оқыту арқылы жоғарғы білікті мамандардың санын ұлғайту, өңдеу секторында өндірістің жаңа түрлерін игеру, жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде өңдеу секторының үлесін ұлғайту, импортты алмастыру бағдарламасын орындау, экспорттық әлеуетті және сыртқы сауда айналымы көлемін ұлғайту және т.б. құруға мүмкіндік береді.

Жоспар жобасында, сондай-ақ:

қосымша және қызмет көрсету өндірістер, тапсырыстарды ұлттық холдингтармен орналастыру;

қосымша және қызмет көрсету өндірістер, тапсырыстарды қала құраушы кәсіпорындарда орналастыру;

бизнес-инкубатор, Кәсіпкерлікті қолдау орталығын ашу және қала құраушы кәсіпорындармен Серіктестік бағдарламаларды іске асыру арқылы шағын және орта бизнесті дамыту;

жобада қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңа жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ қолда бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау және күрделі жөндеу арқылы дамыту жоспарланған.

Дамудың кешенді жоспарын іске асыру 2015 жылға қарай (2011 жылмен салыстырғанда) мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін болады:

Хромтау қаласының өнеркәсіптік өндірісінің көлемін 1,2 есе ұлғайту;

Қалада белсенді жұмыс жасап тұрған шағын кәсіпорындардың санын 1,3 есе ұлғайту;

Кедейшіліктен төмен кірісі бар тұрғындар үлесін 0,5%-дан 0,4% дейін төмендету;

Жұмыссыздық деңгейін 4,4%-дан 3,9% дейін төмендету және т.б.;
2013-2017 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Тұтынуды қысқарту арқылы әлемдік экономикада дағдарыс көріністерінің қайталануы отандық экономиканың өсімін баяулатуға әкелуі мүмкін, олар қазақстандық тауарға сыртқы сұранысты қысу салдарынан әлеуетті қарқыннан төмен болады.

2013-2017 жылдарда экономиканың өсімі негізінен, жеке және мемлекеттік қаражаттар есебінен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларға өсіп жатқан инвестицияларға бағдарланып, ішкі сұранысқа тірелетін болады.


Экономика салаларының серпіні

Облыстағы өңірдің жалпы өнімі 2013-2017жылдарда 105,5-107,9% деңгейінде болжамдалады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жылдық орташа өсімі 2013-2017 жылдарда 6,7% құрайды.

Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі, болжам бойынша, 2013 жылы 9,1 млн. теңгені құрайды, кейіннен 2017 жылы 9,0 млн. тоннаға дейін елеусіз төмендетіледі.

Индустрияландыру бағдарламасы ауқымында өңдеу өнеркәсібінің жаңа өндірістік қуаттарды енгізу 2017 жылға қарай өңірдің жалпы өнімі құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін 9,5%дейін ұлғайтуға ықпал етеді.

Таукен өндіру өнеркәсібі өндірісі көлемінің өсімі болжамды кезеңде орташа 1,9% құрайды.

Металлургия өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 2013 жылы 102,5%, 2017 – 108,0% құрайды. Металлургияны дамыту экономиканың аралас салаларының (машина құрылысы, химиялық өнеркәсібі және т.б.) әлеуетін ынталандыруға мүмкіндік береді.

Химиялық өнеркәсіптің өсімі 2013-2017 жылдарда жылына орташа 4,5% өседі, ол индустрияландыру бағдарламасы, қолданыстағы кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту ауқымында жаңа бәсекеге қабілетті химиялық өндірістерді құру есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Машина құрылысы өнімінн өндіру НКИ 2013-2017 жылдарда орташа 10,8% құрайды.

Болжамды кезеңде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін ұлғайту жүк тасу көлемін 1,6-1,8% ұлғайтады.

Сыртқы сауда айналымы 2013-2017 жылдарда орташа 10% орта қарқынмен өсетін болады.Тауарларды экспорттау 2013 жылғы 10720 млн. АҚШ долларынан 2017 жылы 16500 млн. АҚШ долларына дейін 1,5 есеге ұлғаяды.

Экономикадағы күтілетін тұтыну және инвестициялық сұраныс тауарлардың импортын 2013 жылғы 980 млн. доллардан 2017 жылы 1700 млн. долларға дейін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау қызмет сапасын жақсарту, жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шараларын іске асыру жалғастырылатын болады.

Жұмыссыздық деңгейі 2013 жылғы 5,0% деңгейден 2017 жылы 4,6% деңгейінде сақталады.

2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіштері 1 қосымшада көрсетілген.

2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы

Салықтық түсімдерді ұлғайту тауарлар импортының өсімін, салалардағы өндірісті ұлғайту, оның ішінде Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру ауқымында жаңа өндірістерді енгізуді есепке ала отырып, болжамды кезеңде экономиканың өсуіне ықпал етеді.
2012-2015 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары
Мемлекет Басшысы өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойған міндеттерін есепке ала отырып, 2013-2015 жылдарда бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары:

  1. Тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру.

  2. Тұрғындарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.

  3. Өңірлік даму.

  4. Адами капиталдың сапалы өсуі.

  5. Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту.

  6. Индустриялық-инновациялық даму.

  7. Бюджеттік шығыстардың ең маңызды басымдықтары мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау болып табылады.


Бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары (оның ішінде бюджеттік инвестициялар).

Бюджеттік инвестициялық саясат алдағы кезеңде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда, Мемлекет Басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларында айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.

Әлеуметтік-экономикалық даму үшін интелектуалды және инфрақұрылымдық негізін құратын салалар басымды болады.

Орта мерзімді кезеңде бюджеттік инвестициялардың басты бағыттары:

Әлеуметтік саланы жаңғырту.

Индустрияландыру бағдарламасы.

Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тұрғын үй құрылысы арқылы қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және субұрғыш жүйесін дамыту.

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды нығайту арқылы мемлекеттік функцияларды іске асыру және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Өңірлік дамыту, қалалық агломерацияларды дамыту.

Похожие:

АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы icon2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе
Республикасы Үкіметінің №423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік – экономикалық даму болжамын рәсімдеу ережесіне енгізілген өзгерістерге...
АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы iconҚазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы icon2013 – 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Бес жылдық кезеңге арналған
Мұнайдың әлемдік бағасы (Brent қоспасы), жылына орташа есеппен бір баррелі үшін АҚШ долл
АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы iconҚазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
...
АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2011-2015 жылдарға арналған болжамы

АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 – 2015 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі – Болжам) Қазақстан Республикасы...
АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
АҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница