Амренова ажар қамарбекқызы




Скачать 432.45 Kb.
НазваниеАмренова ажар қамарбекқызы
страница1/4
Дата конвертации15.12.2012
Размер432.45 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4
ӘӨЖ 37. 012:796.87 Қолжазба құқығында

АМРЕНОВА АЖАР ҚАМАРБЕКҚЫЗЫ



Жоғарғы дәрежедегі спорттың

педагогикалық және ұйымдастырылу негіздері

(семсерлесу үлгісінде)


13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған




Ғылыми жетекші Педагогика ғылымдарының докторы,

профессор С.И. Қасымбекова

Ресми оппоненттер: Педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Х.Ф. Анаркулов

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Ә.Ж. Тастанов

Жетекші ұйым: Ақтобе мемлекеттік педагогикалық

институты

Қорғау 2010 жылы «26» қараша сағат 14. 00 Қазақтың спорт және туризм академиясы жанындағы Д 14.41.03 Диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 83/85, факс 8(727) 292-68-05

Диссертациямен Қазақ спорт және туризм академиясының кітапханасында танысуға болады
Автореферат 2010 жылы «_25» қазанда таратылды

Диссертациялық кеңесінің

ғалым хатшысы, педагогика

ғылымдарының докторы, доцент Ө.Е.Бектұрғанов

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Жаңа онжылдық- жаңа эко-номикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халықты дене жатты-ғуларымен тұрақты түрде шұғылдануға барынша кеңінен тарту және Қазақстан спортшыларының шеберлігін одан ары арттыру міндеті қойылған. Қойылған міндеттерді жүзеге асыруда қазіргі заманғы қоғамның материалдық базасын, сондай-ақ ғылым мен білімнің жаңа жетістіктерін тиімді пайдалану ұсынылады.

Семсерлесу онымен айналысушыларға үлкен эмоционалдық әсерін тигізеді және еңбектенушілердің рухани өмірін байыту құралы бола алады. Алайда, халықты күнделікті семсерлесу сабақта-рына кеңінен тартуға спорттық ғимараттардың қабылдау мүмкіндіктерінің шектеулілігі кедергі келтіреді. Негізінен, жаттықтырушылар үйренушілердің барлығын жеткілікті дәрежеде қамти алмауы және оқытудың дәстүрлі құрал-жабдықтарын ғана қолдануы бұған басты себеп болады.

Жаттығулар көлемін көбейту есебінен шеберлікті арттыру мәселесі әбден сарқылып біткен. Қазіргі уақытта болашағы зор семсершілерді дайындауда жеке сабақтардың ұзақтығы, көбінесе, 2,5 сағатқа жетеді. Біліктілігі жоғары спортшылармен жұмыс істегенде дайындықтың тек дәстүрлі құрал-жабдықтары мен әдістерін ғана қолданғанда, семсершілер мен жаттықтырушылардан уақыттың барлығын спорттық жаттығуларға арнау талап етіледі. Мұның барлығы олардың жабық топтарға әлеуметтік оқшаулануына әкеліп соқтырып, мәдениеті мен білімін арттыруына кедергі болуы мүмкін. Ақыр соңында ісәрекеттің бір-келкілігі пайда болып, онымен бірге спортшылардың дәрежесі де төмендейді.

Семсерлесушілердің тұрақты табысқа жетуі, ең алдымен, оқу процесін, әсіресе жеке сабақтарды ұйымдастыруды арттыру, оны жоспарлауды жақсарту және оқыту әдістемесін жетілдіру есебінен іске асады. Бұған қоса, ондаған жылдар бойына оқыту мен жаттықтырудың жаңа техникалық құралжабдықтарын қолдануда қандай да бір ескішілдік, кертартпалық байқалады.

Зерттеу мәселесі. Барынша жетілдірілген снарядтар дәстүрлі қосалқы снарядтарды қолданғанда қол жеткізу мүмкін болмайтын жағымды нәтижеге жеткізе алатындығымен ерекшеленеді. Және техникалық құрал-жабдықтар кешенінен болатын нәтиже жекелеген снарядтардан болатын нәтижеге қарағанда анағұрлым артық болуы керек.

Автормен семсерлесушілерді оқыту мен жаттықтыруға қажетті, бір кешенге біріктірілген 10 құрылғы зерделеніп, қолданысқа енгізілді. Оқыту мен жаттықтырудың ұсынылған және іс жүзінде тексерілген әдістемелерінің арқасында нәтиже жеке-жеке алынған 10 құрылғының нәтиже сомасынан айтарлықтай көп болды.

Зерттеулер 2000 жылдан 2010 жылға дейін жүргізілді, онда дене шынықтыру мен спортқа қажетті дәстүрлі зерттеу әдістері, соның ішінде, педагогикалық тәжірибе де пайдаланылды.

Күні бүгінге дейін спортшылардың барынша үлкен кешенді техникалық құрал-жабдықтарда, табиғи жағдайларда, тікелей көпжылдық жаттығу процесінде, жүз адамды қамтумен болатын дайындықтарын зерттеу белгілі емес. Сабақтардың ұйымдастырылуы, тығыздығы, қарқындылығы зерттеліп, техникалық құрал-жабдықтардың жіктемесі берілді. Түйреу дәлдігін зерттеуде жаңа әдістеме қолданылды. Ол әдістеменің мәні - манекеннің қаруланған қолының қарсы қимылдарын жеңіп шығуда. Яғни қарудың қимылдары үшін қалыпты орта туғызылды, ал жылдамдықты зерттеуде тәсілдерді орындаудың сан-алуан әдістеріне тән көрсеткіштер алынды, қару қолданудағы ептілік зерттелді.

Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, ұсынылған снарядтар және олармен жаттығу әдістемесі семсерлесу әдісі мен тәсілін жетілдіру арқылы, оқу процесіне қойылатын жоғары талаптардың отындалуын қамтамасыз етеді. 10 құрылғыдан құрастырылып енгізілген оқыту жүйесі сабақтардың ұйымдастырылуын, тығыздығын және қарқындылығын арттырады, мұнымен қатар жаттығулардың түрлері көбейіп, олардың әсерлілігі артады.

Қабырға нысанасын түйреу дәлдігінде дайындық деңгейі әр түрлі спортшыларда айтарлықтай айырмашылық бола қоймайды екен. Манекеннің қаруланған қолының қарсы қимылдарын жеңіп шығуға негізделген жаттығулардағы түйреу дәлдігі болса, семсершілердің шеберлігіне тікелей байланысты. Ұсынылған снарядтарда жаттығу кезінде қозғалыс дағдысын меңгерудегі заңдылықтар айқындалды және жаттығулардың жаңа әдістемесінің артықшылықтары көрсетілді. Педагогикалық тәжірибе нәтижелері ұсынылған әдістердің дәстүрлі әдістерге қарағанда айтарлықтай артықшылықтары бар екенін дәлелдеп берді.

Семсерлесушілерге тиесілі ғимараттардың дамуына байланысты, үлкен алаңы бар, техниканың жаңа жетістіктеріне сай жасалған кешенді спорттық құрылғылар келіп түсуде, ондай құрылғылар 2-4 залдан тұрады. Алайда, берілген алаңдар аталған ғимараттарда оқытуға және жаттықтыруға қажетті сәйкес техникалық құрал-жабдықтардың болмауы себепті, жеткілікті түрде тиімді пайдаланылмайды. Семсерлесу бойынша барлық халықаралық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен кеңестерде семсерлесушілердің дайындық орнын жабдықтау үшін техникалық құрал-жабдықтарды өнеркәсіптік әдіспен өндіру қажеттілігі айтылады.

Бірнеше қалада бізден алып пайдаланылған немесе өздігімен жасап шығарылған жекелеген тренажерлар бар. Алайда, олар қолдану әдістері туралы мәліметтердің болмауы салдарынан оң нәтиже бермей отыр. Көптеген ұйымдарда тренажерларды жасап шығару мүмкіндігі бар, оларға тек құрылғылардың сызбасын берсе болғаны.

Қорғауға техникалық құрал-жабдықтар мен тренажерлардағы және жалпы оқыту жүйесін қоса алғандағы жаттығу әдістерінің нәтижелілігі ұсынылады.

Осылайша, қаралып отырған проблеманың маңыздылығы мен өзектілігі, барабар зерттеулердің жоқтығы және семсерлесушілердің дайындығы проблемаларының жеткілікті зерделенбеуі, оның Қазақстан спортшыларының қажеттіліктері үшін теориялық және практикалық жағынан жетілдірілмегені «Жоғары дәрежедегі спорттың педагогикалық және ұйымдастырылу негіздері (семсерлесу үлгісінде)» деген зерттеу тақырыбының таңдалуына себеп болды.

Зерттеу тұжырымдамасы. Әлемдік және отандық семсерлесуде оқыту процесін жетілдіруді жан-жақты талдау, автормен ұсынылған және іс жүзінде тексерілген, семсерлесушілердің көпжылдық дайындығында техникалық құрал-жабдықтар мен тренажерларды қолдану әдістемелері ғылыми негізделген. Бұған қоса, жекелеген снарядтарда жаттығу әдістемелері де, бүкіл оқыту жүйесін тұтастай қолдану да қарастырылады.

Зерттеу нысаны – спортшылардың оқу-жаттығу процестері.

Зерттеу пәні – семсерлесушілер дайындығының педагогикалық және ұйымдастырылу негіздері.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Неғұрлым жетілдірілген снарядтарды жасап шығару семсерлесушілердің дайындығына жағымды әсер етеді деп болжанған болатын. Ондай әсер дәстүрлі қосалқы снарядтарды қолдануда болуы мүмкін емес және кешенді техникалық құрал-жабдықтардың әсері жекелеген снарядтардың нәтиже сомаларына қарағанда әлдеқайда үлкен болуы тиіс.

Зерттеудің мақсаты. Неғұрлым жетілдірілген және сан-алуан техникалық құрал-жабдықтар мен оқыту жүйелерін жасау, сондай-ақ оларды қолданудың барынша ұтымды әдістерін іздеу

Зерттеудің жетекші идеясы. Семсерлесушілер дайындығының педагогикалық және ұйымдастырылу негіздеріне барынша жетілдірілген және сан-алуан спорттық снарядтарды, сондай-ақ оқу процесінің үдей түсуін қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасау мүмкіндігі мен қажеттілігі себеп болды.
  1   2   3   4

Похожие:

Амренова ажар қамарбекқызы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Амренова Дана Темирболатовна, «Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, соөЖ)
Амренова ажар қамарбекқызы iconАға оқытушы Еспембетова Ажар Мухамбетжановна
Объектілі бағытталған бағдарламалау пәні бойынша лекция конспектілері // Түркістан 2009
Амренова ажар қамарбекқызы iconРешение №12 вскрытия конвертов с ценовыми предложениями
Победитель в государственных закупках способом запроса ценовых предложений: Тоо Ажар-Актау
Амренова ажар қамарбекқызы icon«Қамар Сұлу» романына талдау
«Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде
Амренова ажар қамарбекқызы iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
Бағдарлама «050110 –Физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушысы...
Амренова ажар қамарбекқызы iconГрустный клоун
Франции лауреат, военный летчик и участник Сопротивления, дипломат, кинорежиссер Роман Кацев, больше известный под своими псевдонимами...
Амренова ажар қамарбекқызы iconАқпараттық Хат 1 Құрметті әріптестер!
РЖҒҰА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор ажар ахметқызы жұбанованың 70-жылдық мерейтойына арналған «Биотехнологиялық...
Амренова ажар қамарбекқызы iconҚазақстан Республикасы БҒм білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Н. Б. Қалабаев мырзаға
Ажар Николаевна Жексенованың: «Фетальді гепатоциттермен коррекциялау кезіндегі болбыр денекер тініндегі асептикалық қабыну процессінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница