Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту




Скачать 111.24 Kb.
НазваниеОблыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту
Дата конвертации15.12.2012
Размер111.24 Kb.
ТипДокументы
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2313 Қаулысы
"Казахстанская правда" от 16.02.2010 г., № 35 (26096)


      Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                       К. Мәсiмов.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2313 қаулысымен    
бекiтiлген     

Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн
ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын
арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен
бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Министрлiк) 091 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша 2010 жылға арналған республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражат (бұдан әрi - субсидиялар):
      1) осы Ережеге 1-қосымшада көрсетiлген тыңайтқыш түрлерi бойынша ағымдағы жылы отандық тыңайтқыш өндiрушi зауыттар (бұдан әрi - зауыт) сатқан тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;
      2) осы Ережеге 2-қосымшада көрсетiлген тыңайтқыштар түрлерi бойынша тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыш жеткiзушiден (бұдан әрi - өнiм берушi) сатып алған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрi - АШТӨ) шығындарын iшiнара өтеуге;
      3) 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген тыңайтқыштардың түрлерi бойынша тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы IV тоқсанда зауыттан және (немесе) өнiм берушiден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.

2. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын
және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидияларды
пайдалану тәртiбi

      3. Зауыт;
      өнiм берушi - Қазақстан Республикасында өндiрiсi жоқ тыңайтқыш түрлерiн сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi тыңайтқыш сатушылар болып табылады.
      Зауыттардың тiзбесiн Министрлiктiң сұратуы бойынша тиiстi уәкiлеттi орган бередi.
      Зауыттар бiр мезгiлде өнiм берушiлер бола алады.
      4. Тыңайтқыштардың құнына қосымша құн салығы, буу, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары енедi.
      5. Облыстар мен Астана қаласы бойынша субсидиялар көлемi облыстардың және Астана қаласының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған Министрлiк ұсынған сомалар негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      6. Министрлiк ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетiне аударуды төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрi - төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыс (Астана қаласы) әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес жүргiзедi.
      7. Облыстардың және Астана қаласының әкiмдерi аудандар бойынша субсидиялар көлемдерiн облыстар мен Астана қаласы бойынша бекiтiлген көлемдер шегiнде, жоспарланған егiстiк алқапқа тыңайтқыштар енгiзудiң (қолданудың) ғылыми-негiзделген нормаларына сәйкес бекiтедi.
      8. Арзандатылған тыңайтқыштар алуға және шығындарды өтеуге тыңайтқыштардың әрбiр түрi бойынша АШТӨ тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда аудан әкiмiнiң шешiмiмен, ал Астана қаласы бойынша қала әкiмiнiң шешiмiмен аудан (Астана қаласы) әкiмдiгiнiң, ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмдерiнiң, Министрлiктiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциясының, аграрлық бейiндегi ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiнен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - ВАК) құрылады.
      Аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана қаласында қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      9. ВАК-тың жұмыс органы АШТӨ-ден құжаттар қабылдаудың мерзiмiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс iстеу тәртiбiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.
      10. Егер АШТӨ тыңайтқыштарды:
      зауыттан сатып алған жағдайда субсидиялар 1-қосымшаға сәйкес сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне) арналған субсидиялар нормативтерiне сәйкес зауытқа төленедi;
      өнiм берушiден сатып алған жағдайда субсидиялар 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтерiне сәйкес АШТӨ-ге төленедi;
      алдыңғы жылғы IV тоқсанда зауыттан және (немесе) өнiм берушiден сатып алған жағдайда субсидиялар осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субсидиялар нормативтерiне сәйкес АШТӨ-ге төленедi.

3. Субсидия алу үшiн құжаттар жинау және ресiмдеу тәртiбi

      11. АШТӨ жұмыс органы белгiлеген мерзiмде ВАК-тың жұмыс органына Министрлiк бекiткен нысан бойынша субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне (бұдан әрi — АШТӨ тiзiмi) енгiзу үшiн өтiнiмдi және мынадай құжаттарды:
      заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы не жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      клиенттi салық есебiне қою фактiсiн растайтын салық қызметiнiң органы берген құжаттың көшiрмесiн;
      жер учаскесiне сәйкестендiру құжатының көшiрмесiн;
      нөмiрi көрсетiлген ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы банктiң анықтамасын (тыңайтқыштарды зауыттан және (немесе) өнiм берушiден алдыңғы жылғы IV тоқсанда және өнiм берушiден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшiн);
      тыңайтқыш сатушы берген шот-фактуралардың, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын (тыңайтқыштарды зауыттан және (немесе) өнiм берушiден алдыңғы жылғы IV тоқсанда және өнiм берушiден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшiн) ұсынады.
      АШТӨ ұсынылған құжаттардың шынайылығы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      12. ВАК-тың жұмыс органы құжаттарды қабылдау аяқталған күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады. АШТӨ-ге құжаттардың қабылдану күнi толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама берiледi.
      13. ВАК-тың жұмыс органы ұсынған құжаттарды ВАК бес жұмыс күнi iшiнде қарайды және тиесiлi субсидиялар сомаларын көрсете отырып АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады. Бұл ретте субсидиялауға жататын тыңайтқыштар көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әр АШТӨ-нiң егiстiк алқаптарының мөлшерiн ескере отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне тепе-тең белгiленедi.
      АШТӨ өтiнiм берiлген тыңайтқыштар көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда ВАК осы тыңайтқыштар көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгiзiлген басқа АШТӨ арасында қайта бөледi.
      14. ВАК үш жұмыс күнi iшiнде Министрлiк бекiткен нысан бойынша АШТӨ-нiң түпкiлiктi тiзiмiн жасайды және оны аудан әкiмiне, ал Астана қаласы бойынша қала әкiмiне бекiтуге жiбередi.
      Осы АШТӨ тiзiмiне енгiзуден бас тартылған жағдайда АШТӨ-ге түпкiлiктi тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жұмыс органы бас тарту себебiн көрсете отырып жазбаша хабарлама бередi.
      15. Аудан (Астана қаласы) әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ тiзiмiн бекiтедi.
      16. ВАК-тың жұмыс органы тiзiмдi аудан (Астана қаласы) әкiмi бекiткеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оны облыстың (Астана қаласының) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне (облыс (Астана қаласы) әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасына) ұсынады.
      17. Облыстың және Астана қаласының бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi)
      арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған;
      ағымдағы жылы өнiм берушiден сатып алынған тыңайтқыштар шығынын өтеуге арналған;
      алдыңғы жылғы IV тоқсанда зауыттан және (немесе) өнiм берушiден сатып алынған тыңайтқыштар шығынын өтеуге арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды.
      АШТӨ тiзiлiмдерiнiң нысандарын Министрлiк бекiтедi.
      18. Арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшiн субсидиялар алу үшiн:
      1) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi зауытқа облыс бойынша арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн ұсынады;
      2) зауыт ай сайын есептiден кейiнгi айдың 1-күнiне дейiнгi мерзiмде ауыл шаруашылығы басқармасына:
      АШТӨ бөлiнiсiнде тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi тiзiлiмдi;
      сатылған тыңайтқыштарға бастапқы төлем құжаттарының, жүккұжаттарының және шот-фактураларының көшiрмелерiн;
      зауыт пен АШТӨ арасындағы тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартын ұсынады, ол Министрлiк бекiткен нысан бойынша үш данада жасалады: бiрiншiсi - зауыт үшiн, екiншiсi - АШТӨ үшiн, үшiншiсi - ауыл шаруашылығы басқармасы үшiн.
      Тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi тiзiлiмнiң, ұсынылып отырған тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартының нысандарын Министрлiк бекiтедi;
      3) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi:
      зауыт құжаттарды тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi, тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi актiнi бекiтедi және зауытқа тиесiлi бюджет қаражатының көлемiн анықтайды;
      тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатқаны үшiн зауытқа субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
      19. Ағымдағы жылы өнiм берушiден;
      алдыңғы жылғы IV тоқсанда зауыттан және (немесе) өнiм берушiден сатып алынған тыңайтқыштарға субсидиялар алу үшiн бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
      20. Тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi актiнiң және субсидиялар төлеуге арналған ведомостың нысандарын Министрлiк бекiтедi.

4. Субсидиялар төлеу және есеп беру тәртiбi

      21. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялар төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн және ақы төлеу шоттарын бередi.
      22. Бюджет қаражатының уақтылы игерiлуiн бақылау үшiн бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi Министрлiкке бiрiншi жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тиiстi жылғы 30 шiлдеден кешiктiрмейтiн мерзiмде тiкелей және соңғы нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзiлгенiн көрсете отырып, бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы ақпарат бередi.
      23. Қандай да бiр аудан бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстар әкiмдерi осы Ережеге сәйкес оларды облыс бойынша бекiтiлген субсидиялау көлемi шегiнде қайта бөле алады.
      Қандай да бiр облыс немесе Астана қаласы бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде субсидияларды облыстар және Астана қаласы бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.
      24. Ай сайын 5-күнiне, бiрақ тиiстi жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi Министрлiкке өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидиялар төлеу үшiн ведомостың көшiрмесiн, төленген субсидиялардың көлемдерi туралы есептi бередi.
      Тiкелей және соңғы нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзгенi туралы қорытынды есептi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi келесi қаржы жылғы 1 ақпаннан кешiктiрмей бередi.

5. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын
және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты
пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк

      25. ВАК бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне ұсынылған құжаттардың шынайылығы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      26. АШТӨ бюджеттiк қаражатты мақсатты пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      27. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған құжаттардың, субсидиялар аударуға арналған төлем шоттарының дұрыстығы мен толық толтырылғаны үшiн, сондай-ақ субсидиялар төлеу негiздiлiгi, зауытқа және АШТӨ-ге тиесiлi сомаларды дұрыс есептегенi үшiн жауапты болады.
      28. Министрлiк жасалған нәтижелер туралы келiсiмдер негiзiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аудармағаны үшiн және ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдаланған кезде нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзбегенi үшiн жауапты болады.
      29. Облыстардың және Астана қаласының әкiмдерi нысаналы трансферттердi жасалған нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес емес нысаналы трансферттер бойынша пайдаланғаны, тiкелей және түпкi нәтижелерге қол жеткiзбегенi, алынған нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкi нәтижелер туралы есептi бермегенi үшiн жауапты болады.

Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы
бюджетiнiң ендiрiлетiн ауыл шаруашылығы
дақылдарының шығымдылығын және сапасын
арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық
бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы 
трансферттердi пайдалану ережесiне  
1-қосымша               

Зауыттар сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне)
арналған субсидиялар нормативтерi

Р/с


Өнiмнiң түрi

Сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына/литрiне арналған субсидиялар нормативi, теңге

1

2

3

1

Аммиак селитрасы (N-34,4)

21 750

2

Аммофос (N-10; P-46)

35 000

3

«Б» маркалы МЭРС

17 500

4

Аммоний сульфаты (N-21)

4 500

5

Жай суперфосфат (Р-19)

18 250

6

Сульфоаммофос P-20; N-20; S-40

27 500

Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы
бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы
дақылдарының шығымдылығын және сапасын
арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық
бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердi пайдалану ережесiне
2-қосымша               

АШТӨ өнiм берушiден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына
арналған субсидиялар нормативтерi

р/с


Өнiмнiң түрi

АШТӨ сатып алған тыңайтқыштарды 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативi, теңге

1

2

3

1

Карбамид (N-46,2; N-46,3; N-46,4)

23 000

2

Нитроаммофоска (N-15; P-15; К-15; N-16; P-16; К-16

33 000

3

Нитроаммофоска N-13; Р-19; К-19

35 000

4

Нитроаммофоска (N-9; Р-25; К-25; N-10; Р-26; К-26)

37 000

5

Аммоний сульфаты (N-21)

4 500

6

Калий сульфаты (К-50)

50 000

7

Хлорлы калий (К-42)

25 000

8

Хлорлы калий (К-60)

34 000

Похожие:

Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы
...
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен...
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымша
Мал шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconМал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы №625 Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн...
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconМал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Лыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен...
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconОблыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы
Уралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына...
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн...
Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту iconОблыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын
Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 27 наурыздағы №121-122 (27195); 2012 жылғы 29 наурыздағы №124 (27197)"Казахстанская правда" от 27. 03....
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница