Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары




Скачать 243.37 Kb.
НазваниеРегламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары
Дата конвертации15.12.2012
Размер243.37 Kb.
ТипРегламент




«Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламенті


  1. Негізгі ұғымдар




  1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары:

  1. мұрағаттық анықтама – заңды күші және сұрау салу тақырыбы туралы құжаттық ақпараты бар, құжаттардың іздестіру мәліметтерін көрсете отырып, осы мәліметтер негізінде құрастырылған мемлекеттік мұрағаттық мекеменің ресми құжаты;

  2. мұрағаттық көшірме – іздестіру мәліметтерін көрсете отырып, құжат мәтінін машинкаға басу, суретке түсіру, электрографикалық немесе өзге тәсіл, оның ішінде өзге ақпараттық жолмен беру арқылы сөзбе-сөз жаңғыртатын мемлекеттік мұрағаттық мекеменің ресми құжаты;

  3. мұрағаттық үзінді – іздестіру мәліметтерін көрсете отырып, белгілі бір дерекке, оқиғаға, тұлғаға қатысты, құжат мәтінінің бір бөлігін сөзбе-сөз жаңғыртатын мемлекеттік мұрағаттық мекеменің ресми құжаты;

  4. мемлекеттік қызмет регламенті – мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

  5. тұтынушы – жеке және заңды тұлға;

  6. ҚФБ – құрылымдық-функционалдық тұлға;

  7. уәкілетті орган – «Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі.




  1. Жалпы ережелер




  1. Осы «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4 - тармағына, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2315 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі №842 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді (бұдан әрі - Қызмет) осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағат мекемелері (облыстық, өңірлік мемлекеттік, қала және аудан мұрағаттары), сондай-ақ баламалы негізде осы регламенттің 2 қосымшасында тізімі көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы және «электронды үкімет» порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

  2. Мұрағаттық анықтамаларды беру жөніндегі мемлекеттік қызмет:

  1. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына;

  2. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2315 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына;

  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырда №427 қауласымен бекітілген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ереженің 14-тармағы 78) тармақшасына сәйкес әзірленді.

  1. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға мұрағаттық анықтама, мұрағаттық үзінді, мұрағаттық көшірме, тақырыптық тізім, мұрағат құжаттары көшірмелерінің тақырыптық топтамасы, мұрағаттық құжаттарына тақырыптық шолу, сұратылған құжаттардың жоқтығы жөнінде жауап, қажетті ақпаратты іздестіру жолдары туралы ұсыныстар, сұраныстарды тиістілігіне қарай басқа ұйымдарға орындалуға жіберілгені жөніндегі хабарлама немесе тұтынушыға қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәйектелген жауап қағаз түрінде ұсынылады.




  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне талаптар




  1. «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (мұнан әрі - қызмет) осы регламенттің 1,2 қосымшаларындағы мұрағаттық мекемелер және баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады.

  2. Тұтынушылардың ақпаратты алуы мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz орналастырылған.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде басқа органдардың қатысуы қарастырылмаған.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      Уәкілетті органға немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде:

Құжаттарды тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзімін 6 айға дейін ұзартуы мүмкін. Ол туралы тұтынушыға шешім қабылданғаннан кейін тиісті себептері көрсетіліп, үш күн ішінде хабар беріледі.

Бас тарту туралы жауап үш күн ішінде.

1) Өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минут;

2) Өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минут.

Орталыққа өтініш білдірген кезде:

Мұрағатқа Орталық құжаттарды жіберген сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде;

мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде Орталыққа хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзімін 6 айға дейін ұзартуы мүмкін, бұл туралы шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті себептері көрсетіліп Орталыққа хабарланады. Орталық өз кезегінде Мұрағат шешімін алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тұтынушыға хабарланады.

 Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;

  тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минут.

10. Тұтынушының осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға сұранысты орындау үшін қажетті мәліметтердің болмауы негіз болады.

Құжаттар дұрыс рәсімделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтініш білдіргенде, сондай-ақ құжаттар түпнұсқа болмаған жағдайда құжаттар пакетін алған күннен бастап Мұрағат үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша негіздей отырып тұтынушыға немесе Орталыққа жібереді.

Орталық құжаттар пакетін алған соң тұтынушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және Мұрағаттың қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.

11. Мұрағаттық анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1-кезең – құжаттарды қабылдау және тіркеу;

2-кезең – құжаттарды басшылыққа қарауға беру;

3-кезең – басшылықтың құжаттарды қарауы;

4-кезең – құжаттарды орындауға беру. Бөлім бастығы пайдаланушының өтінішін жедел қарап, орындаушыларға жеткізеді. Мұрағаттарға және басқа ұйымдарға тиісілігіне қарай орындауға жібереді.

5-кезең келіп түскен өтініштердің тақырыбын талдау. Басқарма маманы тұтынушылар өтініштерін орындауға қажетті құжаттардың сақталу орны туралы мәліметтері бар Басқармадағы дәстүрлі және электронды түрдегі мұрағаттық анықтамаларды пайдалана отырып түскен өтініштер тақырыбын талдауды жүзеге асырады. Талдау барысында:

мемлекеттік құпия және жасырын сипаттағы мәліметтерді ұсынуға шектеуді есепке ала отырып пайдаланушының сұратылған ақпаратты алуға құқықтылығы;

іздестіру жұмыстарын жүргізуші үшін пайдаланушының сұранысындағы мәліметтердің толықтығы;

пайдаланушының сұранысын орындау үшін қажетті мұрағаттық құжаттардың тұрған жері;

пайдаланушының өтінішін орындауға тиістілігіне қарай жіберілетін нақты мұрағаттар мен ұйымдардың мекенжайлары анықталады.

Өтініште сұратылған ақпаратты мұрағаттардан табуды ұйымдастыру үшін мәліметтердің жетіспеуі, сұраныстың қисынға келмеуі, анық болмауы себепті Басқарма жазбаша түрде өтініш иесінен өтінішті нақтылауды және толықтыруды сұрайды;

6-кезең - өтінішті қарап нәтижесі бойынша тиістіліне қарай (қажеттілігіне байланысты) мұрағаттар мен ұйымдарға орындауға жіберу. Келіп түскен өтініштің тақырыбын талдау қорытындысы бойынша өтінішті орындау үшін қажетті мұрағат құжаттары бар мұрағаттар мен ұйымдарға тиістілігіне қарай тиісті өтінішті жібереді.

Мұрағаттар өтініштерді қарау нәтижесі бойынша ақпараттық материалдар (ақпараттық хаттар, мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық көшірмелер, тақырыптық тізімдер, мұрағаттық құжаттарының көшірмелерінен тақырыптық топтамалар, мұрағат құжаттарына тақырыптық шолу), сұратылған мәліметтердің жоқтығы туралы, қажетті ақпаратты әрі қарай іздестіру жолдары туралы тікелей пайдаланушы мекенжайына жібереді.

Апостиль қойылатын мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық үзінділер, мұрағаттық көшірмелер Комитетке жіберіледі.

7-кезең – мұрағаттар мен ұйымдардан жауап алу және басқармаға беру. Егер мемлекеттік орган сұратқан ақпарат Басқарма белгілеген мерзімге дейін ұсынылмаса, мұрағат мұрағаттық құжаттар кешені бойынша ауқымды іздестіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты өтінішті қарауды белгілі мерзімге ұзарту жөнінде Басқармаға хабарлайды.

Басқармадан түскен өтініштерді орындаушы ұйымдар (мұрағаттардан басқасы) сұратылған ақпаратты іздестіріп табу қорытындысы бойынша ақпараттық материалдар (ақпараттық хаттар, мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық көшірмелер, тақырыптық тізімдер, мұрағат құжаттарының көшірмелерінен тақырыптық топтамалар, мұрағат құжаттарына тақырыптық шолу) сұратылған мәліметтердің жоқтығы туралы, қажетті ақпаратты әрі қарай іздестіру жолдары туралы тікелей пайдаланушы мекенжайына жібереді.

Қажет болған жағдайда Басқарма орындаушы ұйымдардан пайдаланушылар өтініштерін қарау нәтижесі туралы жауаптың көшірмесін сұрата алады.

8-кезең – мұрағаттардан алынған ақпаратты талдап қорыту. Басқарма сарапшысы мұрағаттардан алынған жауапты талдап, алынған ақпараттың толықтығын бағалайды.

9-кезең – қызықтыратын құжаттардың сақталу орны туралы ақпарат беру, әрі қарай іздестіру жолдарын ұсыну;

10-кезең – сұратылған мәліметтердің жоқтығы жөнінде жауап беру, қажетті ақпаратты әрі қарай іздестіру жолдарын ұсыну, тиісті өтініштерді орындауға тиісті мұрағаттар мен ұйымдарға жібергені жөнінде мәлімдеу;

11-кезең – тұтынушыларға жауапты дайындау және жіберу.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды уәкілетті органның бір маманы жүзеге асырады.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде әсерлер

(өзара әрекеттесулер) тәртібін сипаттау
13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлары бойынша уәкілетті органның жауапты атқарушысы арқылы жүзеге асырылады.

Орталықта құжаттарды қабылдау осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша орталықтың инспекторының аты-жөні, әкесінің аты және лауызымы көрсетілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.

Уәкілетті органға құжаттар тапсырылған соң тұтынушыға тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні жазылған барлық құжаттарды алу жөнінде қолхат беріледі.

Орталыққа құжаттарды тапсырған соң тұтынушыға:

сұрау салудың қабылданған нөмiрi мен күнi;

сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттардың берiлген күнi мен орны;

құжаттарды ресiмдеу үшiн өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң атын көрсетумен тиісті құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат беріледі.

14. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін мына құжаттарды ұсынады:

Уәкілетті органға немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде:

 1) расталуы қажет мәліметтер көрсетілген өтінішті;

 2) тұтынушы жеке өзі келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат немесе өзге тұлғаның нотариалды куәландырылмаған жазбаша сенімхаты;

 Тұтынушы портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электронды сұранысты жіберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады;

 Орталыққа өтініш білдірген кезде:

 1) расталуы қажет мәліметтер көрсетілген өтінішті (хатты);

 2) тұтынушы жеке өзі келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі немесе өзге тұлғаның берілген нотариалды куәландырылмаған жазбаша сенімхаты;

 Құжаттар пакетін қабылдаған кезде Орталық қызметкері көшірмелерді түпнұсқамен сәйкестігін тексеріп, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарады.

 Қажет болған жағдайда тұтынушы өтінішке (хатқа, электрондық сұранысқа) тиісті құжаттар мен материалдарды не олардың көшірмелерін қоса береді.

15. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары қажет етілмейді.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі ҚФБ:

1) Орталық инспекторы;

2) кеңсе қызметкері;

3) уәкілетті орган басшылығы;

4) Уәкілетті орган және Мұрағат қызметкері.

17. Әр әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдері) реттілігі мен өзара әрекеттерінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.

18. Мемлекеттік қызмет көрсетудің үдерісінде және ҚФБ әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасында өзара байланысты бейнелейтін схема осы регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.



  1. Мемлкеттік қызметті көрсететін

қызметтік тұлғалардың жауапкершілігі
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты тұлға уәкілетті органның, Мұрағаттың және Орталықтың басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапты болады.

«Мұрағаттық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша
Мемлеткеттік мұрағат мекемелерінің мекен-жайы


№№

Мұрағат мекемелерінің атауы

Мекен-жайы

Телефон нөмірі

Жұмыс

кестесі

1

2

3

4

5




Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы

ОҚО, Шымкент қаласы,

Байтұрсынов көшесі, 20

8(7252) 30-10-74


Демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағ.9-00 – ден 18-00 –ге дейін аптасына бес күн,

түскі үзіліс

13-00 –ден

14-30-ға дейін.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз жүзеге асырылады.

1.

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлкекеттік мұрағаты

ОҚО, Шымкент қаласы,

Байтұрсынов көшесі, 20

8(7252) 30-10-47

2.

Кентау өңірлік мемлекеттік мұрағаты

ОҚО, Кентау қаласы,

Бәйтереков көшесі, 5

8(725-36) 3-26-07

3.

Сарыағаш өңірлік мемлекеттік мұрағаты

ОҚО, Сарыағаш қаласы,

Исмаилов көшесі, 38

8(725-37) 2-25-70

4.

Жетысай өңірлік мемлекеттік мұрағаты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Атакент кенті,

Лаборатория көшесі, н/з

8(725-41) 3-34-68

5.

Шымкент өңірлік мемлекеттік мұрағаты

ОҚО, Шымкент қаласы,

Тауке хан даңғылы, 6

8(7252) 53-00-77

6.

Арыс қалалық мұрағаты

ОҚО, Арыс қаласы,

Әйтеке би көшесі, 36

8(725-40) 2-21-27

7.

Бәйдібек аудандық мұрағаты

ОҚО, Шаян ауылы,

Тасболатов көшесі, 2

8(725-48) 2-17-86

8.

Қазығұрт аудандық мұрағаты

ОҚО, Қазығұрт ауылы,

Мұратов көшесі, 53/1

8(725-39) 2-15-94

9.

Мақтаарал аудандық мұрағаты

ОҚО, Жетысай қаласы,

Жүргенбаев көшесі, 10

8(725-34) 6-52-73

10.

Ордабасы аудандық мұрағаты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Темірлан ауылы,

Қажымұқан көшесі, 53/1

8(725-30) 2-15-88

11.

Отырар аудандық мұрағаты

ОҚО, Шәуілдір ауылы,

Сәрсенбаев көшесі, 14

8(725-44) 2-19-93

12.

Сайрам аудандық мұрағаты

ОҚО, Ақсукент ауылы,

Жібек жолы көшесі, н/з

8(725-31) 2-18-83

13.

Сарыағаш аудандық мұрағаты

ОҚО, Сарыағаш қаласы, Самал 2, Жеңістің 65

жылдығы атынд. к-сі, 72

8(725-37) 7-23-33

14.

Созақ аудандық мұрағаты

ОҚО, Шолақ қорған а-ы

Теріскей көшесі, н/з

8(725-46) 4-28-10

15.

Төлеби аудандық мұрағаты

ОҚО, Ленгер қаласы,

Әйтеке би көшесі, 4

8(725-47) 6-13-80

16.

Түркістан қалалық мұрағаты

ОҚО, Түркістан қаласы,

Байбұрт көшесі, 14

8(725-33) 3-35-11

17.

Түлкібас аудандық мұрағаты

ОҚО, Т.Рысқұлов а-ы

С.Ахметов көшесі, 101

8(725-38) 5-24-35

18.

Шардара аудандық мұрағаты

ОҚО, Шардара қаласы,

Қазыбек би көшесі, 24

8(725-35) 2-24-13

19.

Шымкент қалалық мұрағаты

ОҚО, Шымкент қаласы,

Республика даңғылы, 6

8(7252) 21-14-47


Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы

«Мұрағаттық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

Атауы

Халыққа қызмет көрсету орталығының

мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

Жұмыс

кестесі

Халыққа қызмет көрсету орталығының облыстық залы

Шымкент қаласы, Мәделі қожа к-сі, нөмірсіз ғимарат

8 (7252) 21-48-96

21-48-96

9-00 -ден

20-00 –ге дейін,

үзіліссіз

Арыс қалалық филиалы

Арыс қаласы, Еркөбек көшесі, н/з

8(725-40) 2-31-18,

2-31-16

2-31-15


9-00 -ден

19-00 –ге дейін,

түскі үзіліс

13-00 -ден

14-00 –ге дейін


Кентау қалалық филиалы

Кентау қаласы Абылай хан, №10

8(725-36) 3-64-35,

3-64-36

3-36-34

Түркістан қалалық филиалы

Түркістан қаласы, Тілеуұлы Мыңбасы н/з

8(725-33) 4-16-79

4-16-37

Шымкент қалалық №1 филиалы

Шымкент қаласы, Мәделі қожа к-сі, нөмірсіз ғимарат

8(7252) 21- 46-78

30-08-38

Шымкент қалалық №2 филиалы

Шымкент қаласы, Мәделі қожа к-сі, н-з

8(7252) 21-39-71

21-39-71

Шымкент қалалық №3 филиалы

Шымкент қаласы Оспанов к-сі, №61

8(7252)  30-01-35

21-00-41

Шымкент қалалық №4 филиалы

Шымкент қаласы Сайрам к-сі, №190

8(7252) 48-10-34

27-54-07

Шымкент қалалық №5 филиалы

Шымкент қаласы Республика д-ы №15

8(7252) 33-17-65

33-17-65

Бәйдібек аудандық филиалы

Шаян ауылы, Мыңбұлақ к-сі, н/з

8 (725 48) 2-21-40

2-25-01

Қазығұрт аудандық филиалы

Қазығұрт ауылы Қонаев к-сі, н/з

8(725 39) 2-30-06,

2-16-42

2-20-99

Мақтарал аудандық филиалы

Жетісай қаласы, Жайшыбеков к-сі, н/з

8(725 34) 6-35-96,

6-19-02

6-19-02

Ордабасы аудандық филиалы

Темірлан ауылы,

Қажымұқан к-сі, н/з

8(725 30) 2-26-70,

2-12-30

2-26-67

Отырар аудандық филиалы

Шәуілдір ауылы

Жібек жолы к-сі, н/з

8(725 44) 2-11-06

2-26-15

Сайрам аудандық филиалы

Ақсукент ауылы, Қыстаубаевк-сі, н/з

8 (725 31) 2-27-00

7-70-79

Сарыағаш аудандық филиалы

Сарыағаш қаласы, Шораулы к-сі, н/з

8(725 37) 2-70-17

2-45-56

Созақ аудандық филиалы

Шолаққорған ауылы, Қожанов к-сі, н/з

8(725 46) 4-33-29

4-33-29

Төлеби аудандық филиалы

Леңгір қаласы, Төлеби к-сі, н/з

8(725 47) 6-28-98

6-25-29

Түлкібас аудандық филиалы

Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов к-сі, 189

8 (725 38) 5-12-39

5-20-31

Шардара аудандық филиалы

Шардара қаласы, Шардара тұйығы, н-з

8(725 35) 2-15-83

2-17-99

«Мұрағаттық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Кеңсе қызметкері;

Орталық инспекторы


Уәкілетті орган басшылығы


Уәкілетті орган және Мұрағат қызметкері

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

1.Құжаттарды тіркеу.

2.Құжаттарды

басшылыққа беру.
7. Мұрағаттар мен ұйымдардан келген жауаптарды алып басқарма бастығына беру

3.Құжаттарды қарау

4.Құжаттарды орындауға басқарманың бөлім бастығына беру

5.Өтініш тақырыбын талдау. Өтінішті орындау мүмкіндігін қарастыру.

6.Өтінішті талдау нәтижесі бойынша тиістілігіне қарай орындауға мұрағаттар мен ұйымдарға жіберу

8. Мұрағаттардан алынған ақпаратты талдау, қорыту.

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

12. Құжаттарды жөнелту.




9.Пайдалушыға жауап беру.

10. Қызықтыратын құжаттардың сақталу орны туралы ақпарат беру, әрі қарай іздестіру жолдарын ұсыну.

11. Бас тарту себептерін көрсету (мұрағаттық анықтамасын қайтару)

5

Орындау мерзімдері







Тіркелген күннен бастап 15 күн;

Жекеленген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзімін 6 айға дейін ұзартуға мүмкін, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті себептері көрсетіліп тұтынушыға хабарланады;

Теріс жауап – 3 күн ішінде.

«Мұрағаттық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

4-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету:

Басқармаға заңды немесе жеке тұлғаның өтініші

келіп түсті




Өтінішті басқарма бастығының қарап шығуы

Өтінішті кеңседе тіркеу және басшылықтың қарауына ұсыну



Өтінішті орындау үшін мұрағат басқармасының бөлім бастығына беру



Өтініш тақырыбын талдап, өтінішті тиістігілі бойынша мұрағат мекемелеріне жіберу үшін басқарманың бас маманына беру


Өтінішті нақтылаудың және оны орындауда қосымша ақпараттың қажеттілігі туралы пайдаланушыны хабардар ету



Өтінішті орындауға жөнелту

Пайдаланушыға жауап беру үшін өтінішті орындауға басқа ұйымдарға жөнелту

Пайдаланушыға жауап жолдау


Мұрағаттық ақпараттық хат, мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме, тақырыптық тізім, тақырыптық шолуларды Басқарманың алуы




Сұратылып отырған ақпараттың жоқ екендігі және оны әрі қарай іздестіру жолдары туралы пайдаланушыны хабардар етеді.

Қызмет көрсету аяқталды




Тиісті өтінішті тиісінше атқаруға жөнелтілгендігі туралы пайдаланушыны хабардар ету



Мұрағаттардан алынған ақпаратты талдау



Қызмет көрсету аяқталды



Қызмет көрсету аяқталды





Мұрағаттардан алынған ақпаратты қорыта отырып, ақпараттық хат дайындау


Жауап дайындау және жөнелту



Мұрағаттың ақпараттық хатын, қажет болған жағдайда мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені, тақырыптық тізімді, тақырыптық топтаманы қоса жалғап пайдаланушыға жауап беру



Қызмет көрсету аяқталды


Похожие:

Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары iconКарьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің және үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз...
Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары iconКарьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің және үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз...
Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Алтынтөбе ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Жаңабазар ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары iconРегламенті Негізгі түсініктер Осы Регламентте қолданылатын терминдер мен аббревиатурлар анықтамасы
«Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету
Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары iconРегламенті Негізгі ұғымдар
Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жеке категориялар бойынша көмекті қажет ететін азаматтарға әлеуметтік жәрдем белгілеу мен...
Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары icon«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау»
Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» регламентінде (әрі қарай Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады
Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары iconҚұрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту
А қосымшасы (міндетті) Осы Нұсқауда* пайдаланылған негізгі ұғымдар (терминдер және анықтамалар)
Регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары icon1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница