27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы




Скачать 263.63 Kb.
Название27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы
Дата конвертации15.12.2012
Размер263.63 Kb.
ТипДокументы
27.06.2008 жыл №294

Әділет басқармасында 14.07.2008 жылы №14-8-56 тіркелген

Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы

28 қарашадағы №491 «Аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

халыққа қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы»

қаулысына толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 13 қаңтардағы №273 Жарлығын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халыққа қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №491 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-8-43 нөмірмен тіркелген, «Ордабасы оттары» газетінде 02.02.2008ж, 09.02.2008ж жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

осы қаулының 1,2,3 қосымшаларына сәйкес 11,12,13 қосымшаларымен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары

Ә. Бердімұратқа жүктелсін.

Аудан әкімі С. Қаныбеков

Ордабасы ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 27 маусымдағы

№ 294 қаулысымен бекітілген

№ 1 қосымша


Ордабасы ауданы әкімдігінің

2007 жылғы 28 қарашадағы

№ 491 қаулысының

№ 11 қосымшасы
Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

«Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. Осы мемлекеттік қызмет стандарты отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін белгілейді (бұдан әрі мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының келесі заңнамалары:

1) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік комплексін және ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» № 66 Заңының 18 бабы, 5 тармағы

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінінң «Жеке, заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы 90-тармағы негізінде көрсетіледі.

4.Осы мемлекеттік қызметті: Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынады. Мекен жайы: Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т. Әубакиров көшесі № 2-ші үйде орналасқан.

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны:

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, ауыл әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкерлері, спорт және мәдениет мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек төлеу.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі

7.Мемлекеттік қызмет келесідей мерзімде көрсетіледі::

1)өтініш, барлық құжаттарымен бірге қабылданған күннен бастап қызмет көрсету мерзімі: 30 күн;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күту уақыты ең көп дегенде: 40 минуттан аспауы тиіс;

3) құжаттарды алған кезде кезек күту уақыты ең көп дегенде: 30 минуттан аспауы тиіс.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, олардың үлгілері және оларды толтыру туралы ақпарат, Ордабасы ауданы әкімдігінің веб-сайтында www. Оrdabasy. gov.kz және Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т. Әубакиров көшесі № 2-ші үйде орналасқан Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ресми ақпараттық дерек көздерінде, стендтерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады.

10. Мемлекеттік қызмет аптаның бес күн көрсетіледі, түскі ас үзілісін есептемегенде қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен іске асырылады.Жұмыс кестесі: қабылдау- дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүргізіледі; үзіліс 13.00-ден15.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

11.Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде осы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар және мүгедектер арбасына арналған жол (пандус); кіре берісте мемлекеттік тіліндегі өтініштердің үлгілері жазылған стенді, кабинеттің жанында дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, күту залы, құжаттарды толтыру орындары, құжаттарды толтыру үлгісінің тәртібі және тапсырылатын құжаттар тізімі стендімен жабдықталған.

2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12.Мемлекеттік қызметті алу үшін әлеуметтік көмекке немесе отын алуға жеңілдік берілетін азаматтардың тізімін тиісті аудандық медицина бірлестігі, әлеуметтік қамсыздандыру органдары, мәдениет және спорт мекемелері толтырады. Аудандық медицина бірлестігі, әлеуметтік қамсыздандыру органдары, мәдениет және спорт, білім мекемелері – тізім (тізімде әлеуметік көмек алушының аты, жөні, атқаратын лауазымы, банктегі есеп шотының нөмірі, әлеуметтік көмек алушының мекен жайы көрсетіледі) тапсырады.

13.Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы өзі жұмыс істейтін мекеме басшыларына өтініштер тапсырады. Өтініш еркін түрде жазылады.

14.Мемлекеттік қызметті алу үшін мекеме басшылары, отын мен қамтамасыз етілетін азаматтардың тізімдерін Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есеп бөліміне тапсырады. Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т. Әубакиров көшесі № 2 мекен-жайы бойынша орналасқан.

15.Мемлекеттік қызметті алу үшін тапсырылған тізімдерді қабылдап алған күні растама құжаттың көшірмесіне қол қойып алады.

16.Қызмет көрсету нәтижесі:

Тұтынушының жеке есеп шотына әлеуметтік көмек төлемдерін аудару

қызмет көрсетуге жауапты:

Мемлекеттік органдарының бірінші басшылары.

Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас есепшісі.

17.Мемлекеттік қызмет белгіленген нысанда ұсынылған тізімдердегі азаматтарға ғана көрсетіледі. Ұсынылған тізімде жоқ азаматтарға қызмет көрсетілмейді.

3.Жұмыс қағидаттары
18. Тұтынушыға қызмет көрсету кезінде Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:

1) әдептілік және осы мемлекеттік қызмет жөнінде нақты ақпараттар беру;

2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;

3) тұтынушылар құжаттарының ақпараты мен мазмұнының қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.


4.Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді ( «Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні» кестесі) .

20. Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5.Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразылық туған жағдайда шағым Ордабасы ауданы әкіміне және/немесе Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының атына жазылады
22. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, электрондық пошта арқылы немесе Ордабасы ауданы әкімі аппаратының және/немесе Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

23. Қабылданған шағым Ордабасы ауданы әкімі аппаратының және/немесе Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есепке алу журналында заңнамада белгіленген мерзімде тіркеледі.

Шағымды қарау нәтижесі туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің байланыс деректері: Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т.Әубәкіров көшесі №2 үй, қабылдау бөлмесінің сымтетігі: 2-17-67.

Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісінің орынбасары сымтетігі: 2-21-40.

Ордабасы ауданы әкімдігінің веб-сайты www. Оrdabasy. gov.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті. Мекен жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі № 20 а, сымтетік: 21-43-22.

25. Қосымша мәлімет алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу қажет. Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Әубакиров көшесі № 2 үй.


Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні




Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95%

80%

75%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімденген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысушылар және т.б.) % (үлесі)

95%

85%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

80%

60%

50%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80%

45%

30%

3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5 Сыпайылық


5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%



Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістмелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)


Ордабасы ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 27 маусымдағы

№ 294 қаулысымен

№ 2 қосымша бекітілген


Ордабасы ауданы әкімдігінің

2007 жылғы 28 қарашадағы

№ 491 қаулысының

№ 12 қосымшасы

Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің


«Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты


  1. Жалпы ережелер


1. Осы стандарт мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының келесі заңнамалары:

1) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 29-бабы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінінң «Жеке, заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы 87-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Осы мемлекеттік қызметті: Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынады. Мекен жайы: Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т.Әубакиров көшесі №1 үйде орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқтау нысаны - үйлерінде әлеуметтік көмекке мұқтаж мүгедек балалары бар отбасыларына көмек көрсету.

6. Мемлекетті қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1)өтініш, барлық құжаттарымен бірге қабылданған күннен бастап қызмет көрсету мерзімі: 30 күн;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күту уақыты ең көп дегенде: 40 минуттан аспауы тиіс;

3) құжаттарды алған кезде кезек күту уақыты ең көп дегенде: 30 минуттан аспауы тиіс.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, олардың үлгілері және оларды толтыру туралы ақпарат, Ордабасы ауданы әкімдігінің веб-сайтында www. Оrdabasy. gov.kz және Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т. Әубакиров көшесі № 2-ші үйде орналасқан Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ресми ақпараттық дерек көздерінде, стендтерде,ақпараттық тақталарда орналастырылады.

10 Мемлекеттік қызмет аптаның бес күн көрсетіледі, түскі ас үзілісін есептемегенде қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен іске асырылады.Жұмыс кестесі: қабылдау- дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүргізіледі; үзіліс 13.00-ден15.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

11. Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде осы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар және мүгедектер арбасына арналған жол (пандус); кіре берісте мемлекеттік тіліндегі өтініштердің үлгілері жазылған стенді, кабинеттің жанында дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, күту залы, құжаттарды толтыру орындары, құжаттарды толтыру үлгісінің тәртібі және тапсырылатын құжаттар тізімі стендімен жабдықталған.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


12. Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларды әлеуметтік қамқорлыққа алынуға келесі құжаттар қажет:

1) белгіленген үлгіде өтініш; (үлгілік ережеге 1-қосымша);

2) өтініш берушінің жеке куәлігі (көшірмесі);

3)Салық төлеушінің жеке нөмірі СТН; (көшірмесі);

4)Баланың туу туралы куәлігі; (көшірмесі);

5)Мүгедек баланың үйде тәрбиеленіп және оқуы қажет екендігін және әлеуметтік көмекті қажет ететіндігін растайтын Оңтүстік Қазақстан облысының мекемеаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үйде тәрбиелену және оқу мерзімі көрсетілген жолдамасы; /мекен жайы: Шымкент қаласы, Абай даңғылы 4

6)Анықтама – отбасы құрамы туралы :

7)Мүгедек баланың үйде тәрбиеленіп және оқыту жөніндегі аудандық білім бөлімінің бұйрығы және мектептен анықтама және мінездеме.

8) Белгіленген үлгідегі дәрігерлік карта;

9) Материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі

10) МСЭК мүгедектігін анықтағаны жөнінде анықтама

11) Дәрігерде ең соңғы емделгені жөнінде анықтама

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін, Темірлан ауылы, Т.Әубакиров көшесі №1 үй, 2 бөлмеде орналасқан әлеуметтік көмек көрсету бөлімінен белгіленген үлгіде өтініш алып, толтыру қажет.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін, өтінген жеке тұлғалардың өтініштерін Темірлан ауылы, Т.Әубакиров көшесі №1 үй, 2 бөлмеде орналасқан Әлеуметтік көмек көрсету бөліміне тапсырады.

15. Тұтынушының толық құжаттарын түп нұсқасын көшірмелермен тексергеннен кейін, оған барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын, құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні және тапсырған күні көрсетіліп, түбіртек кесіндісі беріледі және тіркеу журналына тіркейді.

16.Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі – ол мүгедек баланың үйде тәрбиеленіп және оқуы қажет екендігін растайтын Шымкент қаласындағы Білім департаментіне қарасты Оңтүстік Қазақстан облысының мекемеаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру тәрбиелену және оқу мерзімі көрсетілген жолдамасының болмауы.

17. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:

1) тұтынушының осы стандарттағы 12 тармағында көрсетілген құжаттары болмасы.


  1. Жұмыс қағидаттары


18. Тұтынушыға қызмет көрсету кезінде Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:

1) әдептілік және осы мемлекеттік қызмет жөнінде нақты ақпараттар беру;

2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;

3) тұтынушылар құжаттарының ақпараты мен мазмұнының қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.



  1. Жұмыс нәтижелері


19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді ( «Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні» кестесі) .

20.Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразылық туған жағдайда шағым Ордабасы ауданы әкіміне және/немесе Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының атына жазылады.

22. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, электрондық пошта арқылы немесе Ордабасы ауданы әкімі аппаратының және/немесе Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

23. Қабылданған шағым Ордабасы ауданы әкімі аппаратының және/немесе Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есепке алу журналында заңнамада белгіленген мерзімде тіркеледі. Шағымды қарау нәтижесі туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.


6. Байланыс ақпараты
24.Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің меңгерушісі.Темірлан ауылы,Т.Әубакиров көшесі № 2, қабылдау бөлмесі, сымтетік:2-17-67, қабылдау күндері- күнделікті, сағат: 9.00-19.00 дейін.

.Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім меңгерушісінің орынбасары. Темірлан ауылы, Т.Әубакиров көшесі № 2, қабылдау бөлмесі, сымтетік: 2-20-41 қабылдау күндері – күнделікті сағат: 9.00-19.00 дейін.

. Жоғарғы ұйымның байланыс деректері:

Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті. Мекен жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 20 а, сымтетік: 30-10-60, 21-43-24.

Ордабасы ауданы әкімдігі. Мекен жайы: Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі № 14, сымтетік: 2-10-72.

25. Қосымша мәлімет алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуы қажет. Ордабасы ауданы Темірлан ауылы, Т.Әубакиров көшесі №2, қабылдау бөлмесі, сымтетік: 2-17-67, Ордабасы ауданы әкімдігінің веб- сайты- www Оrdabasy.gov.kz.


Мемлекеттік қызмет көрсетудің

стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні




Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)



95%



80%



75%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылырдың % (үлесі)

90%

70%


60%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапсына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%


60%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімденген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысушылар және т.б.) % (үлесі)

95%

85%



75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)



80%


65%



55%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырғын және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80%

60%


50%

3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)



0,1%



0,3%



0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

95%


75%



60%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағатталған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

75%


60%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%


60%

5 Сыпайылық


5.1.қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%


60%


Ордабасы ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 27 маусымдағы

№ 294 қаулысымен

№ 3 қосымша бекітілген
Ордабасы ауданы әкімдігінің

2007 жылғы 28 қарашадағы

№ 491 қаулысының

№ 13 қосымшасы

Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты


  1. Жалпы ережелер


1.Осы стандарт мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының келесі заңнамалары:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы №306 «Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережелерін бектту туралы» бұйрығы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінінң «Жеке, заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы 86-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Осы мемлекеттік қызметті: Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетеді. Мекен-жайы: Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т. Әубәкіров көшесі № 2 –ші үйде орналасқан

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдама беру болып табылады.

6. Осы мемлекеттік қызмет келесі санаттарға көрсетіледі (бұдан әрі – тұтынушы):

1) заң бойынша бағып-қағуға міндетті кәмелетке толған, еңбекке жарамды жақын туысы болмаса;

2) сонымен қатар, жақын туысы бола тұра объективті себептерге байланысты үнемі жәрдем бере алмайтындар және күте алмайтындар.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1)өтініш, барлық құжаттарымен бірге қабылданған күннен бастап қызмет көрсету мерзімі: 30 күн;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күту уақыты ең көп дегенде: 40 минуттан аспауы тиіс;

3) құжаттарды алған кезде кезек күту уақыты ең көп дегенде: 30 минуттан аспауы тиіс.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, олардың үлгілері және оларды толтыру туралы ақпарат, Ордабасы ауданы әкімдігінің веб-сайтында www. Оrdabasy. gov.kz және Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т. Әубакиров көшесі № 2-ші үйде орналасқан Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ресми ақпараттық дерек көздерінде, стендтерде,ақпараттық тақталарда орналастырылады.

10. Мемлекеттік қызмет аптаның бес күн көрсетіледі, түскі ас үзілісін есептемегенде қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен іске асырылады.Жұмыс кестесі: қабылдау- дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүргізіледі; үзіліс 13.00-ден15.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

11. Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде осы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар және мүгедектер арбасына арналған жол (пандус); кіре берісте мемлекеттік тіліндегі өтініштердің үлгілері жазылған стенді, кабинеттің жанында дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, күту залы, құжаттарды толтыру орындары, құжаттарды толтыру үлгісінің тәртібі және тапсырылатын құжаттар тізімі стендімен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мыналарды тапсырады:

  1. Ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

  2. Уәкілетті органның жолдамасы;

  3. Жеке басының куәлігі;

  4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі;

  5. Жеке әлеуметтік код берілгені туралы куәлігі ;

  6. Медициналық картасы;

  7. Амбулаторлық картадан үзінді көшірме;

  8. Мүгедектік туралы анықтамадан үзінді көшірме;

  9. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

  10. Адамды іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің (бар болса) негізінде жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілерді беру орны Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады, орналасқан мекен-жайы: Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т. Әубәкіров көшесі № 2 үй және Ордабасы ауданы әкімдігінің www.Оrdabasy.gov.kz веб-сайтында бланк үлгілері көрсетілген.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарына тапсырылады, орналасқан мекен-жайы: Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т. Әубәкіров көшесі № 2 үй.

15. Мемлекеттік қызметті тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін қабылдаған маманның аты-жөні, күні көрсетілген және құжаттарды қабылданғандығын растайтын өтініштен үзбелі түбіртек алады.

16. Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу туралы құжат тұтынушыға қолма қол беріледі.

17. Осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

3. Жұмыс қағидаттары
18. Тұтынушыға қызмет көрсету кезінде Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:

1) әдептілік және осы мемлекеттік қызмет жөнінде нақты ақпараттар беру;

2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;

3)тұтынушылар құжаттарының ақпараты мен мазмұнының қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.


4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді ( «Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні» кестесі) .

20. Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағым жасау тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразылық туған жағдайда шағым Ордабасы ауданы әкіміне және/немесе Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының атына жазылады. Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т. Әубәкіров көшесі № 2-ші мекен –жайы бойынша орналасқан.

22. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, электрондық пошта арқылы немесе Ордабасы ауданы әкімі аппаратының және/немесе Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т. Әубәкіров көшесі № 2-ші мекен –жайы бойынша орналасқан.

23. Қабылданған шағым Ордабасы ауданы әкімі аппаратының және/немесе Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есепке алу журналында заңнамада белгіленген мерзімде тіркеледі.

Шағымды қарау нәтижесі туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24.Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің байланыс деректері: Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т.Әубәкіров көшесі №2 үй, қабылдау бөлмесінің сымтетігі: 2-17-67.

Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы орынбасарының сымтетігі: 2-20-41.

Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жасау секторы мамандарының сымтетігі: 2-17-67, Ордабасы ауданы әкімдігінің веб-сайты www.Ordabasy.gov.kz.

Жоғары ұйымның байланыс деректері:

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты: Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т.Рысқұлов көшесі № 14, сымтетік: 2-10-72, веб-сайты: www.Ordabasy.gov.kz

25.Қосымша ақпарат алу үшін Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу қажет, орналасқан мекен-жайы: Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т.Әубәкіров көшесі № 2 үй, сымтетік: 2-17-67.

Мемлекеттік қызмет көрсету

стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні




Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақыттылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95%

80%

75%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімденген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысушылар және т.б.) % (үлесі)

95%

85%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

80%

60%

50%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80%

45%

30%

3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5 Сыпайылық


5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%



Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістмелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)

Похожие:

27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы icon2010 жылғы 31 желтоқсаның №281 Ақтоғай аудан әкімдігінің қаулысы, Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 ақпанда №12-4-95 тіркелген
Ақтоғай аудан әкімдігінің қаулысы, Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 ақпанда №12-4-95 тіркелген
27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы icon2011 жылы Ақтоғай ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Ақтоғай аудан әкімдігінің қаулысы, Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 ақпанда №12-4-96 тіркелген
27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы icon2011 жылы халықты еңбекпен
Ақтоғай аудан әкімдігінің қаулысы, Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 ақпанда №12-4-94 тіркелген
27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы iconНҰра ауданы әкімдігінің Қаулысы
Департаментінің Нұра ауданы Әділет басқармасында 07. 12. 2011 жылы №8-14-154 тіркелінді
27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы iconМемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы n 24 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 6 наурызда n...
27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы icon2008-2009 жылдарға жеке және заңды тұлағалар түскен жүгінімдерге талдау
Сондай-ақ, 2008 жылы Ұлан ауданы әкімінің аппаратына тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін 254 жүгінім түсті, ал 2009 жылы 266 жүгінімдер...
27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы iconЖаңаарқа ауданы аумағында 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында №8-12-53 санымен 3 сәуір 2009 жылы мемлекеттік тіркеуден өткізілді, «Жаңаарқа» газетінде №19...
27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы iconОрдабасы ауданы әкімі Д. Тлеубергеновке Ордабасы аудандық «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»
Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес, 18. 09. 2012 жылғы...
27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы iconМақтарал және Сарыағаш аудандарында жаңа ауылдар құру туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/110-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница