Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру




Скачать 38.63 Kb.
НазваниеМақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру
Дата конвертации15.12.2012
Размер38.63 Kb.
ТипДокументы
№24 Жалғызқұдық орта мектебі

Сынып сағат

c:\documents and settings\123\мои документы\люда\картинки\kartinki\картинки\города\триумф.jpg

1А сынып

Өткізген: Исина Н.С.

2012-2013оқу жылы

Мақсаты: 1) білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру; 2) оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, шарлар, гүлдер, ұлағатты, қанатты сөздер.

Мұғалім: Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана.

Қуаныштан жарылардай жүрегі

Білім көзін ашатынын біледі – деп ата-аналарға,

Қадамдарыңызға гүл бітсін,

Армандарыңызға нұр бітсін – демекпіз.

Оқушыларға сұрақ: - Балалар, бүгін қандай себеппен барлығымыз әдемі киініп, мектепке келіп отырмыз? Жауаптарын тыңдау...

Мұғалім: Себебі, бүгін «Білім күні». Жыл сайын 1-ші қыркүйек білім күні болып саналады. Оқушылар жылдан – жылға сабақты жақсы оқып сыныптан – сыныпқа көшіп отырады. Сондықтан балалар сендер де жақсы оқып, сыныптан – сыныпқа көшуге тырысыңдар! Ортаға 1-сыныпқа қадам бастаған бүлдіршіндер келіп, тақпақтарын айтады.

1-оқушы/Мөлдір/: Сәлем саған, мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу білім – тәрбие,

Ой-санама еккенің.
2-оқушы /Ануар/: Қуаныш бүгін – мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым саған мың сәлем.
3-оқушы /Аружан/: 1 қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпар гүлімен.

Келіп ем қарсы алар мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.
4-оқушы /Бекзат/: Биыл менде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.
5-оқушы /Шырайлым/: Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.
6-оқушы /София/: Алдыңа келіп ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен,

Мейірімді сезінем.
7-оқушы / Дильдана/: Отанның біз ұл – қызы,

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын жырларын.

Оқимыз еңбек сырларын.
8-оқушы /Арайлым/: Сылдырлайды, сыңғырлайды,

Мектеп жақта қоңырау.

Ұлытпаймыз бұл бір айды,

Гүлге толы омырау.
9-оқушы /Ұлдана/: Гүл толы қала, дала да,

Гүл толы бүгін омырау.

Шақырып мектеп – анаға,

Соғылмақ тұңғыш қоңырау.
10- оқушы /Ақылбек/: Барлық бала кітапты,

Қызықтап ашады.

Сөз құраған әр әріп,

Білім нұрын шашады.
11-оқушы /Камила/: Міне, мен де үлкен болдым,

Жасым толды жетіге.

Әріп танып, ұмтыламын,

Жақсылыққа талпына.

12-оқушы /Нұрсұлтан/: Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке келем асыға.
13-оқушы /Мақсат/: Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым, білім жолында,

Үлкен жолдар саламыз.
«Астанамыз, Астана!» әні орындалады.
14-оқушы /Нұрымжан/: Мен оқушы боламын

Болам жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.
15-оқушы /Бейбарыс/: Мектепке біз барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.
Мұғалім: Балалар, біз қай елде тұрып жатырамыз?

-Әріне, Қазақстан елінде. Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни сендер үшін!

Қазіргі кезде сендер ашық аспан,

Жарық күн сәулесі түсіп тұрған

Мемлекетте өмір сүріп жатырсындар,

Білім алуға сендер үшін мүмкіндік мол.

Сендер мерекелердің жақсы өткенін қалайсыңдар ма?

-Әрине.

Ал, қандай мерекелерді ұнатасыңдар? (Оқушылардың жауабын тыңдау)

-Балалар осы мерекелердің ішінде біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар.

Олар – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күні, Республика күні, Ата Заңымыз – Конституция күні.

Сондықтан мына ілініп тұрған суреттер, біздің еліміздің Туы, Елтанбасы, Әнұраны Қазақстан елінің рәміздері.

Ең бастысы – біз Қазақстан деген ортақ үйімізде әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Қазақстан!

Туымен тұғырлы.

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.
«Менің Қазақстаным» әні орындалып тәрбие сағаты аяқталады.

Похожие:

Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру iconАта-анаға естелік есірткіден балаларды қалай қОРҒАУҒа болады?
Сіз балаңыздың болашағын алғашқы күннен бастап ойлаңыз. Бақытты балалық шаққа, бала үлкен өмірде өз жолын адаспай табуға әрқашан...
Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру iconГ. Т. Кусепова Қызылорда облысы Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы Тақырыбы
Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәлім-тәрбиесін...
Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру iconДамытушылық
Санау жүйесі арқылы есеп шығаруға үйрету, дағдыландыру. Программада бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте...
Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру iconБаяндама тақырыбы: Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі. Баяндама мақсаты
Оқушылармен ата – аналарға жан жақты талдау жасай отырып, мектеп, ұстаз, ата ана қарым қатынасын нығайту
Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру iconЛитература в русских классах 2 вариант 466 өлең жолынан тұратын көне кітапты табыңыз
Жастарды оқуға, білімге шақыру мақсатында жазылған Ыбырай Алтынсарин өлеңін табыңыз
Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру icon«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Змет осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен балаларға...
Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру iconҚазақ тілі сабақтарында мақал-мәтел арқылы тіл дамыту
Тіл дамыту- қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу,...
Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру iconСыныбы: 9а Күні : 28. 04. 2010ж. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Кинематика негізері тарауын қайталау арқылы, оқушылардың алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, оқуға қызығушылығын,...
Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру iconАта- аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі. Тренинг Мақсаты
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың...
Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру iconҚош бол құтты Әліппем! Мақсаты
Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, әліппені бітірулеріне байланысты әліппеге өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница