«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты




Название«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты
страница1/7
Дата конвертации15.12.2012
Размер0.69 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ AMERICAN EXPRESS ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫН ШЫҒАРУ МЕН ОҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ШАРТЫ

(СТАНДАРТТЫ ЖАҒДАЙ)


Аталмыш Шартпен (бұдан әрі мәтін бойынша – «Шарт») «Казкоммерцбанк» АҚ AMERICAN EXPRESS халықаралық төлем жүйесін жеке адамдардың пайдалануына беретін төлем карточкаларын стандартты жағдаймен шығаруы және беруі, сондай-ақ «Казкоммерцбанк» АҚ-ның көрсетілген төлем карточкаларына қызмет көрсету тәртібі анықталады.


  1. Жалпы ереже

    1. Шарттың жағдайы Банкпен стандартты формада анықталған.

    2. Шартта пайдаланылатын барлық түсініктер, Шарттың №1 Қосымшасында анықталған маңызы бойынша түсініледі және анықталады.

    3. Карточканы шығару мүмкіндігін анықтау үшін Клиент Банкке арыз береді. Клиенттің арыз беруі Банк үшін Карточканы шығару бойынша міндеттеменің автоматты түрде туындауын білдірмейді. Арызды қабылдау туралы шешімді, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Банк дербес түрде өз қалауы бойынша қабылдайды. Клиент болып табылмайтын Клиенттің және/немесе Карточканы Ұстаушының Шартқа қосылуы, төменде келтіріліп отырған тәсілдердің біреуімен жүзеге асырылады:

      1. Банктің Клиенттің бірінші Арызын қабылдауы, Клиенттің Шартқа қосылуын білдіреді. Банк Карточканы шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін Арыз қабылданды деп есептеледі. Шарт бойынша басқа Карточкаларды шығару туралы Клиенттің келесі Арыздары, қосымша шешімдер шығару үшін Банкке Шарт аясында бағытталады.

      2. Клиент болып табылатын Карточканы Ұстаушы, Карточканы алу туралы Ведомостке өз қолын қою жолымен Шартқа қосылады. Мұндай жағдайда тараптар, Клиенттің Арыз беру сәтінен бастап туындаған, Карт-Шотты ашу мен жүргізу, сондай-ақ Карточканы шығару бойынша Шарт жағдайлары Тараптардың қатынасына қолданылатынын, осы арқылы тағайындайды.

Клиент болып табылатын Карточканы Ұстаушы, Карточканы алу туралы Ведомостке өз қолын қою жолымен Шартқа қосылады. Мұндай жағдайда тараптар, Клиент болып табылатын Карточканы Ұстаушыға Қосымша Карточканы шығару туралы Клиенттің Арыз беру сәтінен бастап туындаған, Карт-Шотты ашу мен жүргізу, сондай-ақ Карточканы шығару бойынша Шарт жағдайлары Тараптардың қатынасына қолданылатынын, осы арқылы тағайындайды. Қосымша Карточканы Ұстаушының Шартқа қосылуы Банктің оның атына Карт-Шотты ашуына апарып соқпайды. Қосымша Карточканы Ұстаушы, Қосымша Карточканы пайдалану арқылы Клиенттің Карт-шотын пайдалануға Клиентпен уәкілеттеледі және Шарт бойынша Банк алдында міндеттемелер бойынша жауапкершілікті Клиентпен ынтымақтаса отырып, өзінің атына сөзсіз міндеттеме қабылдайды.

Карточканы алғаны туралы Карточканы Ұстаушының басқа Ведомостке қол қоюы (қайта шығарылатын Карточка бойынша не Клиенттің атына шығарылатын Қосымша Карточка бойынша), Шарттың аталмыш тармағында анықталғандай, Карточканы Ұстаушының Шартқа қосылған сәтінен бастап туындаған, Карточканы Ұстаушының Шарт бойынша өз міндеттемесін қуаттауын білдіреді.

Шарттың аталмыш тармағының жағдайы, Шарттың 1.4. тармағында көрсетілмеген жағдайларда, Тараптарға қатысты қолданылады.

    1. Егер Карточканы Ұстаушыға, бұған дейін Банк пен Клиент арасында жасалған Шарт (осы Шарт болып табылмайтын) негізінде шығарылған Карточка қайта шығарылған жағдайда, Карточканы Ұстаушы Карточканы алу туралы Ведомостке қол қою арқылы, Карточканы Ұстаушы осы арқылы тиісті Жүйенің Карточкасын шығару және қызмет көрсету бойынша Банк пен Клиент арасында басқа шарттарды ауыстыратынына және оның жағдайы Карт-Шотты ашу мен жүргізу бойынша Тараптардың қатынасына, сондай-ақ Шарттың басқа жағдайларын есепке ала отырып тиісті Карточканы алғашқы шығару сәтінен пайда болған Карточканың шығаруға қолданылатынына келіседі.

    2. Осы арқылы Карточканы Ұстаушы, Банкте Клиент қол қойған Арыздың бар болуы не Карточканы Ұстаушы Карточканы алу туралы Ведомостке қол қоюы Тараптардың Шартты жасау фактісінің дәлелі болып табылатындығымен және тиісті Карточка (соның ішінде қайта шығарылған) бойынша оның жағдайлары Тараптар үшін жарамды екендігіне сөзсіз және шақырусыз келіседі. Мұндай дәлелдер, осындай Карточканы (соның ішінде қайта шығарылған) пайдалана отырып шығарылған кез келген Карточкалық операцияларға тарқатылады.

    3. Банктің Карточкаларға қызмет көрсету бойынша жекелеген қызметтерін ұсыну ерекшелігі, Шарттың Қосымшаларымен және Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

    4. Шарттың барлық Қосымшалары, Банктің Арызды қабылдауы (Шарт жасалған жағдайда), Карточканы алу Ведомостысы, сондай-ақ Кредиттік шарттар, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.




  1. Карточканы шығару

    1. Карточканың жекелеген түрлерін шығару мен қызмет көрсету жағдайлары, соның ішінде пакеттік шығару жағдайы мен Карточкаға қызмет көрсету, Шарттың Қосымшаларымен және Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі. Шарт бойынша барлық Карточкалар, Банкпен анықталған жағдайларды қоспағанда, Бонустық Карточкалар сапасында шығарылады.

    2. Негізгі Карточканы шығару кезінде, Банк Клиентке Карт-шот (сондай-ақ Ағымдағы Шот – егер мұндай шоттарды ашу Шартпен және Банктің ішкі құжаттарымен талап етілетін болса) ашады. Карт-шотты (Ағымдағы Шотты) ашу үшін Клиент Банкке Банктің ішкі құжаттарымен тағайындалған құжаттарды ұсынады.

    3. Шартқа сәйкес валютасын Банк анықтайтын Бонустық Карт-Шотты қоспағанда, әрбір жекелеген Карт-шотты жүргізу валютасын, Арызда Шарт жағдайларына сәйкес Клиент пен Банк бірігіп анықтайды.

    4. Клиент Негізгі Карточканы Ұстаушы болып табылады. Клиенттің Банкке берген арызының негізінде, оның тілегі бойынша Карт-шотқа қосымша ретінде, Клиент көрсеткен тұлғаның атына Қосымша Карточка шығарылуы мүмкін, олар өз кезегінде Қосымша Карточканы Ұстаушы болып табылады. Шарттың талаптары, Қосымша Карточканы Ұстаушыға Шарттың 1-бабында келтірілгендерді есепке ала отырып тарқатылады. Клиент пен Қосымша Карточканы Ұстаушы Шарттың талаптарын орындау үшін Банктің алдында ортақ жауапкершілікте болады. Клиент Шарттың ережесін есепке алу арқылы жазбаша арыз негізінде Негізгі және/немесе Қосымша Карточканы жойып тастауға құқықты.

    5. Карточканы Ұстаушы Арыз берген күннен бастап, 6 (алты) күнтізбелік ай мерзімінен аса уақыт бойы, Карточканы алу үшін Банкке келмеген жағдайда, Банк Карточканы жойып жіберуге құқықты. Бұл жағдайда Банктің Карточканы шығару мен қызмет көрсетуі үшін алған комиссия қайтарылмайды.

    6. Карточка Банктің меншігі болып табылады және Карточканы Ұстаушыға Карт-шоттағы ақшаға қол жеткізу құралы ретінде ғана беріледі. Шартта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Карточканы Ұстаушы ол жойылған жағдайда, сондай-ақ оның әрекет ету мерзімі біткен 5 (бес) күнтізбелік күннің өтуі бойынша, Карточканы Банкке қайтаруға міндетті. Карточканың әрекет ету мерзімі оның көрінетін бетінде көрсетілген.




  1. Карточканы қайта шығару

    1. Карточканың әрекет ету мерзімінің аяқталуы бойынша оны қайта шығару келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

      1. Карточканың қайта шығарудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі, Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күннен кем емес уақытта, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Банкпен анықталады.

      2. Егер Карточканы қайта шығару мүмкін болып және Клиент Карточканы қайта шығарудан бас тартпаған болса (Шарттың 3.2. тармағы), Банк ол бойынша өтелмеген Қарызды, Кредит мөлшерін және Клиенттің жеке қаражатын (тиісті Карточканың түріне қатысты түрде) сақтай отырып, Карточканы қайта шығарады. Бұл жағдайда Банк Шарттың 4.5. тармағына сәйкес, Қолданылатын Тарифтерге сай Карточканы қайта шығару үшін комиссияны ұстап қалуды жүзеге асырады.

      3. Егер Карточканы қайта шығару мүмкін емес болатын болса, Карточканы қайта шығару жүзеге асырылмайды және Клиент (сондай-ақ Шартпен тағайындалған жағдайларда – Қосымша Карточканы Ұстаушы) Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 (бес) жұмыс күн ішінде ағымдағы Қарыздарын жауып тастауға міндеттенеді. Шарттың аталмыш тармағымен қарастырылған міндеттемесін Карточканы Ұстаушы орындамаған жағдайда, Шарттың тиісті бөлігі, Карточканы Ұстаушы Шарттың 11.7. тармағымен бекітілгенді есепке алу арқылы Шарт бойынша өзінің міндеттемесін толық орындағанға дейін әрекет ете береді.

    2. Клиент (егер Шартқа сәйкес, карточкалар шығарылған болса, Шартты бұзбастан /Шартты бұзу арқылы Қосымша карточканы қайта шығарудан бас тартқан жағдайда және, соған сәйкес, қосымша карточкаларды жою арқылы) Карточканың әрекет ету мерзімінің аяқталуы бойынша, оны қайта шығарудан бас тартуға құқықты. Бұл үшін Клиент Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Банкке жазбаша арыз ұсынады. Бұл кезде Карточканы қайта шығару жүзеге асырылмайды. Клиент (сондай-ақ Шартпен тағайындалған жағдайларда – Қосымша Карточканы Ұстаушы) Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ағымдағы Қарыздарын жауып тастауға міндеттенеді. Бұл жағдайда, сондай-ақ, Шарттың аталмыш тармағымен қарастырылған міндеттемесін Карточканы Ұстаушы орындамаған жағдайда, Шарттың тиісті бөлігі, Карточканы Ұстаушы Шарттың 11.7. тармағымен бекітілгенді есепке алу арқылы Шарт бойынша өзінің міндеттемесін толық орындағанға дейін әрекет ете береді.

    3. Карточканы жоғалтқан, жойылған не Клиенттің қалауымен оны қайта шығару жағдайында, Клиенттің тиісті жазбаша арызы негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Банк Шарттың 4.5. тармағына сәйкес, Қолданылатын Тарифтерге сай Карточканы қайта шығару үшін комиссияны ұстап қалуды жүзеге асырады.

    4. Шарттың 3.1., 3.3. тармақтарына сәйкес қайта шығарылған Карточкаларға, тиісті Карточканы қайта шығару сәтінде әрекет ететін Шарттың жағдайы тарқатылады.

    5. Карточканы Ұстаушы Арыз берген күннен бастап, 6 (алты) күнтізбелік ай мерзімінен аса уақыт бойы, Карточканы алу үшін Банкке келмеген жағдайда, Банк Карточканы жойып жіберуге құқықты. Бұл жағдайда Банктің Карточканы шығару мен қызмет көрсетуі үшін алған комиссия қайтарылмайды.




  1. Клиенттің Банкпен өзара тарифтері мен есептесулері

    1. Шарт бойынша Банк ұсынатын қызметтер үшін, Клиент (сондай-ақ Шартпен тағайындалған жағдайларда – Қосымша Карточканы Ұстаушы) Банкке операцияны жасау датасында әрекет еткен Қолданылатын Тарифтерге сәйкес, комиссиялық сыйақы (комиссия) төлеуге міндеттенеді.

    2. Комиссияны төлеу, Шарттың 4.5. тармағына сәйкес, Банктің тиісті Карт-шоттан ақшаны акцептісіз алып тастау жолымен жүзеге асырылады.

    3. Қолданылатын Тарифтерді Банк Карточканы Ұстаушыға Шартқа қосылғанға дейін ұсынады. Шарттың 1.3. тармағында қарастырылғандай, Шартқа қосыла отырып, Карточканы Ұстаушы Қолданылатын Тарифтермен танысқанын және оның мөлшерімен, өзгертілу тәртібі мен қолданылуымен келісетінін қуаттайды.

    4. Банк Қолданылатын Тарифтерге біржақты тәртіппен өзгерістер ендіруге құқықты. Енгізілген өзгерістер туралы Банк мұндай өзгерістер күшіне кіргенге дейінгі 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктермей, Карточканы Ұстаушыны Банктің Интернет желісіндегі www.kkb.kz, www.americanexpress.kz электрондық мекен жайы бойынша орналасқан электрондық сайтына ақпаратты орналастыру жолымен хабардар етеді.

    5. Банк Шартқа сәйкес құжаттармен Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздерде, Карточкалық операциялар, (соның ішінде, Банкпен бастапқы Карточка операцияларын қайтару жүзеге асырылған жағдайда, бастапқы Карточка операциялары бойынша есептелген Бонустар мөлшеріндегі ақша сомасын) Банк комиссиясы, жаңылысып аударылған ақшалар мен Қарыз сомаларын тиісті Карт-шоттан тікелей дебеттеу жолымен акцептісіз тәртіпте алып тастайды, ал мұндай Карт-шотта ақша болмаған жағдайда – Карточканы Ұстаушының осы Банкте ашылған және Қазақстан Республикасының аумағы мен одан тыс жердегі кез келген басқа банкте (жекелеген банктік операция түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған шотынан төмендегі жолдармен:

  • Банктің өкімі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа құжаттар негізінде Банкте ашылған Карточканы Ұстаушының банктік шотынан тікелей дебеттеу арқылы;

және/немесе

  • Банкте ашылған Карточканы Ұстаушының банктік шотына және/немесе акцептісіз тәртіпте төлем талаптары-асыруларды (қажет болған кезде – түпнұсқаны және/немесе нотариальды түрде бекітілген стандартты жағдайлардың көшірмесін қосып сала отырып) орындайтын Қазақстан Республикасының аумағы мен одан тыс жердегі кез келген басқа банкте (жекелеген банктік операция түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) акцептісіз және/немесе ақшаны даусыз алуды (шегеру) жүзеге асыру үшін қажетті басқа құжаттарды сала отырып, оның банктік шотына ұсыну арқылы.

Бұл жағдайда Карточканы Ұстаушының банктік шотында ақша жеткілікті болған кезде, Банктің төлем құжаты онда көрсетілген ақша сомасына орындалуы қажет, ал Банктің төлем құжатында көрсетілген барлық ақша сомасын алу (шегеру) үшін – ақша жеткіліксіз болған жағдайда – Карточканы Ұстаушының банктік шотындағы картотекада сақталатын болады.

Банктегі Карточканы Ұстаушының банктік шотынан алу (шегеру) жағдайында, басқа (Карточканы Ұстаушының міндеттеме валютасынан басқа) валютадағы ақша сомасы, алынған ақшаларды міндеттеме валютасына конвертациялау, валюта заңнамасының талаптарына сәйкес – Банктің таңдауы бойынша – алынған валютаны немесе Карточканы Ұстаушының міндеттеме валютасын Банк тағайындаған сату немесе сатып алу бағамы бойынша және/немесе Қолданылатын Тарифтерге (соның ішінде конвертацияланған сомадан конвертациялау үшін комиссияны ұстап қалу) сәйкес конвертациялауды өткізу үшін комиссия сомасын Карточканы Ұстаушы есебінен ала отырып, Банк тағайындаған алынған валюта бағамы бойынша төлем жасау.

    1. Карточканы Ұстаушы Карт-шотына (соның ішінде Банктің Кредитті ұсыну жолымен) жаңылысып аударылған ақшаны не Банкоматтың бақылау чегінде көрсетілген Банкоматты пайдалану арқылы Карточканы Ұстаушы сұратқан ақшадан көп соманы жаңылысып алғанда, Карт-шот бойынша көшірмені алған сәттен не Банктің жазбаша тиісті талап етуі бағытталған сәттен бастап 2 Банктік күннен кешіктірмей Банкке қайтаруға міндеттенеді.




  1. Карточканы құлыптап тастау

    1. Карточканы құлыптап тастау жүзеге асырылады:

  • Карт-шотты құлыптап тастаусыз – Карточканы ұрлату/жоғалтуға байланысты, сондай-ақ Карт-шотқа санкцияланбаған ену жүзеге асқан кезде, Клиенттің және/немесе Қосымша Карточканы Ұстаушының арызы негізінде жүзеге асырылады;

  • Карт-шотты құлыптап тастау арқылы – Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Шартпен қарастырылған басқа жағдайларда анықталған рәсімдерге сәйкес Карт-шоттағы ақшаны тұтқынға алу, Карт-шот бойынша шығындау операциясын тоқтату туралы лауазымды тұлғалар және/немесе уәкілеттелген мемлекеттік органдардың қаулысы/шешімі негізінде жүзеге асырылады.

    1. Банк төмендегі жағдайларда өз бастамасы бойынша Карточканы және/немесе Карт-шотты (не Идентификатор мен Парольды) құлыптап тастауға құқықты:

  • Карточканы Ұстаушы Шарт жағдайларын бұзғанда;

  • Банктің пікірі бойынша Карточканы Ұстаушы және/немесе Банкке залал келтіруі мүмкін жағдайдың бар болуы;

  • Шарттың 4.6., 10.7. тармақтарына сәйкес Банктің жазбаша талабында көрсетілген, Карточканы Ұстаушы 10 (он) Банктік күн мерзімінің аяқталуы бойынша Қарызын өтемеуі;

  • Карточка және/немесе Карт-шот алаяқтық операцияларды жүзеге асыруға, ақшаларды заңдастыру (жуып-шаю) және/немесе лаңкестік қызметтерді қаржыландыруға пайдаланылып жүргендігінің жеткілікті түрде күдігі бар болған кезде;

  • Шарт бойынша операцияларды шектейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілгенде.

Көрсетілген жағдайларда, егер оны құлыптап тастау қажеттілігі жоқ болатын болса, Карточканы Құлыптап тастаудан шығаруды Банк жүзеге асырады.

    1. Карточканы құлыптап тастау туралы Карточканы Ұстаушының нұсқауы, Банкке телефон немесе байланыстың басқа арнасы не Банкке (Сөз-парольді пайдалану арқылы) тікелей жазбаша хабарласу бойынша не Homebank.kz Қаржы порталы (Идентификатор мен Парольды пайдалану жолы) арқылы ұсынылады. Көрсетілген жағдайларда Карточканы құлыптап тастаудан шығаруды, соңғысының Банкте тікелей қатысуы кезінде рәсімделетін Карточканы Ұстаушының тиісті жазбаша арызы негізінде Банк жүзеге асырады.


  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты icon«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты
«Шарт» «Казкоммерцбанк» АҚ american express халықаралық төлем жүйесін жеке адамдардың пайдалануына беретін төлем карточкаларын стандартты...
«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты icon2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты iconОсы Шарт (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ақысы алдын ала төленген карточкаға ақша қабылдау бойынша қаржылық қызмет көрсету және Клиентке Банкте ақысы алдын ала төленген карточканы беру туралы шарт
Клиентке Банкте ақысы алдын ала төленген карточканы беру туралы шарт. Осы Шарт Қосылу шарты болып табылады. Клиенттің алдын ала төленген...
«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты iconЖерде қызмет көрсету туралы стандартты келісім ықшамдалған рәсім
Жерде қызмет көрсету туралы стандартты келісімге келісілген қызметтер мен тарифтер
«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты iconVisa төлем карточкаларын пайдалану ережелері жалпы ережелер
Карточканы пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында, visa international ассоциациясында, АҚ еб «Альфа-Банк» Visa халықаралық...
«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты iconЖерде қызмет көрсету туралы стандартты келісім ықшамдалған рәсім б қосымша – орналасқан жері, жерде қызмет көрсету туралы стандартты келісімге келісілген қызметтер мен тарифтер (2004 жылғы қаңтардағы редакция)
Астана халықаралық әуежайы” АҚ, бас кеңсесі мына мекен-жайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, әуежай, пбб 14, бұдан...
«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты iconКіші пішіннің әзірлеу, орнату, жөндеу және сақтау (пластиналық урналарды орнату)
Төлем шарты: орындалған жұмыс үшін төлем бюджет қаражатын бөлу шамасы бойынша жүргізіледі, алдын ала төлем 30 %
«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты iconKazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж
Бір тараптан, № сенімхат негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Қоғам» деп аталатын «Қазпочта» акционерлік қоғамы атынан
«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты iconАқпараттық қызмет көрсету шарты Договор на оказание информационных услуг

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница