Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы




Скачать 119.4 Kb.
НазваниеҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Дата конвертации15.12.2012
Размер119.4 Kb.
ТипДокументы
ҚММУ Ф 4/3-04/02

ҚММУ БЕ 4/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы

ОӘК №6 НХ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы


Дәріс



Тақырыбы 22: «Эмбриональді дамудың генетикасы».

Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Курс: 1

Уақыты: 50 мин.

Қарағанды 2012



Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
«31» 08 2012ж.1 хаттама
Молекулярлық биология және

медициналық генетика каф. меңг.: Б.Ж. Құлтанов

Дәріс құрылымы

Тақырыбы: «Эмбриональді дамудың генетикасы».

Мақсаты: гаструляция және нейруляция, гисто және органогенез процессін оқу, провизорлы мүшелердің мағынасы.
Дәріс жоспары:

1. Бөлшектену дегеіміз не.

2. Бөлшектену этаптары.

3. Гаструляция және оның маңызы. Екі және үш қабатты гаструланың түзілу жолдары.

4. Нейруляция және оның маңызы. Нейруляция кезеңдері.

5. Гистогенез және органогенез.

6. Провизорлы мүшелер және оның маңызы.
Дәріс тезистері.

Бөлшектену-дегеніміз жетілген зиготаның митоз жолымен бөлінуі. Бөлшектену көп клеткалы, бірқабатты ұрықтың-бластуланың түзілуімен аяқталады.

Бөлшектену этаптары:

  1. Жасушалар бір-біріне тығыз орналасып шар тәріздес күйде кездеседі, яғни моруланы түзеді.

2. Жасушалар арасында сұйықтыққа толы аймақ - бластоцель түзіледі.

3. Жасушалар біртіндеп шетке қарай жылжып бластула қабырғасын немесе бластодерманы түзеді.
Онтогенез кезінде тұқымқуалайтын ақпараттың берілуі.

Тотипотенттілік немесе бірдей тұқымқуалау екі жеке бластомерлердің әрқайсысынан толық ағза дамиды, яғни бластомерлер осы кезеңде тотипотентті.

Барлық ағзаларда тотипотенттілік әртүрлі сақталады:

  • Тритонда – 16 бластомерлер кезеңіне дейін.

  • Қояндарда – 4 бластомерлерге дейін.

  • Адамдарда да тотипотенттілік (2-і, 4- және одан жоғары бірзиготалы егіздерде) болады.

Бөлшектену морфологиясы:

1. Толық немесе голобластикалық – бөлшектену сызығы жұмыртқаның бүкіл жоғарғы бөлігі арқылы өтеді және төменгі бөлшектерге жетеді (изолецитальді жұмыртқа жасушасы).

2. Жартылай немесе бөлшектенуде сызық терең болмайды (телолецитальді).

Жартылай бөлшектену беткейлік және дискоидальді бөлшектену болып бөлінеді.

Бластомерлердің көлеміне

байланысты бөлшектену бөлінеді:

  1. Тепе-теңе – бластомерлер көлемі бірдей.

  2. Тепе-тең емес – бластомерлер көлемі бірдей емес.

Бластула түрлері:

  1. Целобластула (ланцетник).

  2. Амфибластула (құрбақа).

  3. Дискобластула (құстар).

  4. Бластоциста адам,сүтқоректілер).

  5. Стерробластула – бластоцелі жоқ (ішек қуыстылар).

  6. Перибластула (буын аяқтылар).


Гаструляцияның маңыздылығы: ол клеткаларды мүшелердің қалыптасуынан ыңғайлы күйге әкеледі. Гаструляция келесі процестермен сипатталады: клеткалардың миграциясы, (немесе клетканың бағытталған қозғалысы), таңдалмалы көбею, сұрыптау, цитодифференциалау, индукционды әрекеттесулердің басталуы

Гаструляция процесінде жетілген екі қабатты ұрықтың түзілуінің төрт әдісі белгілі. Оларға инвагинация, эпиболия, деляминация және иммиграция жатады.

Инвагинация: Бластодерманың бір бөлігінің түгелдей ішке енуі. Бұл құбылыс құрамында сарыуыздың шамасы аз немесе орташа болып келетін жұмыртқаларда орындалады. Мысал үшін ланцетниктермен қосмекенділерде.

Эпиболия аз қозғалатын клетканың бөліну жылдамдығы төмен вегетативті полюстағы ірі клеткалардың (макромерлердің) анимальді полюстағы ұсақ клеткалармен (микромерлермен) жабылуы. Нәтижесінде макромерлер өседі. Макромер өсіп болғаннан кейін көлемі кішірейіп, бірінші ретті ішекті түзе бастайды. Бұл құбылыс қосмекенділерде анық көрінеді.

Деляминация. Бластодерма клеткаларының бір-бірінің үстіңде орналасқан 2 қабатқа бөлінуі. Бұл уақытта гаструла сыртындағы клеткалар өсіп шеңбер тәріздес аймақ түзеді. Ұрықтың ішкі бөлігіндегі клеткалардан эктодерма түзіледі. Деляминация құбылысы құстарда, жұмыртқа салушы және планцентарлы сүтқоректілерде байқалады

Имиграция. Бір ортақ пластқа біріктірілген топтардың немесе жеке клеткалардың орын ауыстыруы. Бұл кезде бластула клеткалары бластоцель аймағына еніп экто және энтодерманы түзуге қатысады.

Иммиграция мультиполярлы, униполярлы және биполярлы болып бөлінеді. Мұндай бөліну ішек қуысты жануарларға тән қасиет болып саналады. Иммиграция бүкіл ұрықтарда кездеседі, бірақ негізінен жоғары сатыдағы омыртқалылардың гаструляциясының 2 - ші фазасына тән.

Гаструляция жоғарыда аталған құбылыстардың екеуімен бір уақытта жүруі мүмкін. Адамның және сүтқоректілердің гаструляцияларының ерекшеліктері. Бір уақытта екі құбылыс жүреді: трофобластың 2 қабатқа бөлінуі және деляминация арқылы эпибластың 2 қабатты ұрықты қалқаншаға айналуы. Қалқаншаның төменгі қабаты ұрықтық емес энтодерманы түзеді, ол трофобластпен қосылып бірінші ретті сарыуыздық қапшықты түзеді.

Эпибласт - келешек экто-энто және мезодерманың түзілуі көзі болып табылады. Трофобласттан провизорлы мүшелер пайда болады.

Инвагинационды гаструляция кезінде бластуланың вегетативті бөлігінің ішке енуінен кейін жаңа аймақ гастроцель түзіледі. Гатроцель келешекте бірінші ішек аймағын түзеді. Бірінші ішек аймағына алып келетін қуысты бластопор немесе алғашқы қуыс деп атаймыз. Бластопор ары қарай әр түрлі жануарларда әр түрлі дамиды. Кейбіреулерінде ол бітісіп кетеді және орнында ауыз қуысы пайда болады. Мұндай жануарлар бірінші ретте ауыздылар деп аталады (құстар, малюскалар). Бірақ көбінде бластопор орнында аналь тесігі пайда болады, ауыз қуысы қарама-қарса жағында пайда болады. Бұндай жануарлар екінші ретті ауыздылар деп аталады. Төменгі сатыдағы хордалыларда гатруляциядан кейін, ал жоғары сатыдағы хордалыларда гаструляция кезінде үшінші ұрық жапырақша мезодерма пайда болады. Үш қабатты гаструланың түзілуінің екі тәсілі белгілі: телобластикалық және энтероцельді. Гаструланың телобластикалық әдісінде, бірінші ретті ауыздыларда, эктодермамен энтодерма арасында бластула қуысында, бластопордың шеттерінде екі үлкен клетка түзіледі. Бұл клекалар телобластар деп аталынады. Олар өздерінен кіші клеткалардыбөледі, осы клеткалар мезодерманы түзеді. Энтероцельді әдісте екінші ретті ауыздыларда мезодерма клеткасы қалта тәріздес өсінді түрінде алғашқы ішектен өсіп жетіледі. Ішектен өсіп жетілген қалта келешекте үлкейіп целомға айналады. Көптеген жануарларда мезодерма клеткасы тығыз жинақталған қабат түрінде кездеседі, ал кейде олар бос күйінде кездеседі, мұндай клеткалар мезенхима деп аталады. Үшінші ұрық жапырақшасы өсіп келе жатқан клеткалар түрінде кездеседі, келешекте бұл клеткалар мезодерманы бөлімдерге бөліп сомиттерге айналады. Гисто және органогенез (мүшенің жетілуі) процесінде сомиттер бөлімдерінен мүшелер өсінділері пайда бола бастайды. Сонымен ұрық жапырақшалары бір-бірінен орналасуы (сыртқы ортаңғы, ішкі), үлкендігі пішіні клеткалардың өзара орналасуы, ары қарай дамуы бойынша ажыратылады.

Мүшенің жетілу процессі нейруляция кезенінен басталады. нейруляция процесінде алғашқы енрв пластинкасы түзіліп, содан кейін келешекте бір-бірімен қосылып нерв түтігіне айналады.

Эктодерманың жедел бөлінуі нәтижесінде тері эктодермасы эпидермиске және нейральді эктодермаға бастау беріп нерв жүйесін түзеді.

Нейруляция кезеңдері.

1.Эктодерманың дорсальді бөлігінің қалыңдауы, нерв пластинкасының түзілуі.

2.Нерв пластинкасы түзілгеннен кейін олардың бүйір бөлігі қалыңдап нерв түйініне айналады.

3.Нерв түйіндері бір-біріне жақындап, біртіндеп өсіп нерв пластинкасында түтік тәрізді. Нерв түйіндері қосылып, нерв түтігін түзеді.

4.Нерв түтігіндегі аймақ невоцель деп аталады.

Нерв түтігінен келешекте бас миы және жұлын пайда болады. Сонымен қатар нерв түйіні және тері эктодрмасы нерв айдарын түзуге қатысады. Нерв айдарының клеткалары 2 бағытта қозғалады: бас бөлігіне және тұлғаға Нерв айдарының клеткасынан нерв жүйесінің барлық дерлік компоненттері түзіледі. Сенсорлы және симпатикалық ганглийлер, Шваннов клеткасы, бүйрек, тері пигмент клеткалары. Бос аймағында нерв айдарының көптеген клеткалар бастың сүйектеріне және шеміршектеріне дифференциалданады. Шеміршек және бас сүйегі нерв айдарының алдыңғы бөлігінен түзіледі, ал дәнекер ұлпасы желі мезодермадан пайда болады. Осы уақытта хорда және екінші ретті ішек түзіледі.

Мезодерма екі бөлікке бөлінеді: тұлғаның оң жақ және сол жақ бөлігі үшін. Мезодерманың арнаулы бөлімі желі дененің орталық сызығына параллель орналасады. Желі диаметрі 80 мкм, желіден төмен энтодерма, жоғары эктодерма, ал шет аймағында мезодерма сомиттері орналасады. Желінің клеткалары ісінеді, оларда вакуоль пайда болады, бұл желінің ұзаруына және ұрықтың тікірейюіне әкеледі. Желі - бұл омыртқа жотасының бастамасы. Сезім мүшелері нерв түтікшелерінен, нерв айдарларынан және эктодермадан түзіледі. Нерв түтікшесінің пайда болуынан кейін оның жан жағында орналасқан мезодерма блоктарға, яғни сомиттерге бөлінеді. Сомиттердің орналасуы бастан аяқ жаққа қарай болады. Мезодерма дорсальді және вентральді бөліктерге бөлінеді. Дорсальді бөлігі сомиттерді түзеді. Вентральді бөлігі шеткі пластинканы түзеді. Сомиттер шеткі пластинкамен өзінің сегментті аяқтары арқылы байланысады. Эктодермада орналасқан сомиттердің сыртқы аймағын дерматом, деп атаймыз, ал ішкі аймағы склеротом деп аталады. Склеротомнан қаңқа сүйектерін омыртқа денешіктерін түзуге қатысады. Дерматом және склеротом арасында миотом орналасады. Миотомнан келешекте көлденең жолақты бұлшық еттер бастау алады. Сомиттердің аяғында нефротом және гонотом орналасқан. нефротом және гонотомнан зәр шығару жүйесі және жыныс бездері жетіледі. Үш ұрық жапырақшалары эктодерма, энтодерма, және мезодерма бір-біріне әсер етіп мүшелердің түзілуіне қатысады.

Эктодермадан келешекте тері эпидермисі, көру, есту, иіс сезу мүшелері, тіс эмалі, ауыз қуысының эпителииі жетіледі.

Энтодермадан асқазан, ішек эпителиясы, бауыр, өкпе эпителиясы, тыныс алу мүшелері, гипофиз, қалқанша бездер жетіледі.

Мезодермадан плевра, ішастар, перикард, жүрек тамыр, лимфа жетіледі. Мезенхимадан дәнекер ұлпасы, қан, тегіс бұлшықет және лимфа жетіледі.

Эмбриогенез кезінде уақытша немесе провизорлы мүшелер пайда болады. Олар тыныс алу, қоректену, қозғалыс және зәр шығару процестерін қамтамассыз етеді.

Провизорлы мүшелердің пайда болу уақыты әр түрлі, ол қордағы заттарға, ұрықтың даму шарттарына байланысты. Сүтқоректілер мен адамдар да провизорлы мүшелер өте ерте уақытта қалыптасады. Адам баласы және сүтқоректілерде уақытша мүшелер келесі топтарға бөлінеді: амнион, хорион, сарыуыз қапшығы және аллантоис.

Амнион дегеніміз эктодермалды қапшық. Іші сұйықтыққа толы болады. Бұл сұйықтық ұрықты кеуіп қалудан, механикалық зақымдалудан сақтайды. Сонымен қатар амниондағы тегіс бұлшықетті талшықтар тербелісті қозғалысты туғызып жетіліп келе жатқан ұрықтың бөлімдерін бір біріне кедергі жасаудан сақтайды.

Хорион - сыртқы ұрық қапшығы. Хорион аналық ұлпамен жалғасады. Хорион арқылы ұрықта газ алмасу, қоректену, фильтрация, гормондар синтезі құбылыстары өтеді.

Сарыуыз қапшығы - арқылы алғашқы жыныс клеткасы және ұрықтың қан клеткасы жетіледі.

Аллантоис мезодермасы хорион мезодермасымен қосылып плацентаны түзеді. Плацента аймағында хорион ұлпасы және шырышты жатыр болады. Плацента клеткалары 4 гормон түзеді, олардың ішінде несепке бөлінетін гонадотропин гармоны да бар. Бұл гормон арқылы жүктілкті 2-3 апта уақытында анықтауға болады. Ұрықтың қаны ана қанынан плацентаны бөгетпен бөгелгенің есте сақтау керек. Планценталы бөгет трофобластан, бірктіруші ұлпадан түзілген. Планцента арқылы жетіліп келе жатқан ұрық аналық ағзадан өзіне қажетті заттарды қабылдайды.

Нәрестенің іштей дамуындағы негізгі ерекшеліктері.


ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

ҰРЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ УАҚЫТЫ

ЭМБРИОН/ҰРЫҚТЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ

ЭМБРИОГЕНЕЗ (ПРЕЭМБРИОНАЛЬДІ КЕЗЕҢ)







Бөлшектенудің бірінші бөлінуі

30 сағат




Жатыр қуысында зиготаның араласуы

4 тәулік




Имплантация

5-7 күн




Екіқабатты диск

12 күн




Лайонизация

16 күн

0,2 мм

Үшқабатты диск және біріншілік жолақ

19 күн

1 мм

ФЕТОГЕНЕЗ (ЭМБРИОНАЛЬДІ КЕЗЕҢ)







Органогенез

4-8 апта




Арқа және бас миының, жүректің, бүйректің және аяқ қолдың түзілуі.

4 апта

4 мм

Мидың, көздің, жүректің, аяқ қолдың тез дамуы. Ішектің өкпенің дамуының бастамасы, саусақтардың пайда болуы.

6 апта

17 мм

Құлақтың, бүйректің, бауырдың, бұлшықеттің дамуы

8 апта

4 см

Смыкание неба, суставтардың түзілуі.

10 апта

6 см

Жыныстық дифференцировка

12 апта

9 см

ҰРЫҚТЫҢ ДАМУЫ (ФЕТАЛЬДІ КЕЗЕҢ)







Ұрықтың қозғалуының белгісі.

16-18 апта

20 см

Қабақтың ашылуы

24-26 апта

35 см

Дене ұзындығының және массаның өсуі

28-38 апта

40-50 см


Көрнекілік материал: презентация

Әдебиет:

Негізгі

1. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- Шымкент: «Асқаралы» баспасы, 2008.- 424 с.

2. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет. Ж. Толық, 2010.- 388 б.

Қосымша:

1. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.

2. Е. Куандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика.- Алматы: НАS,2006.-320 б.
Бақылау сұрақтары:

  1. Екі қабатты ұрық жапырақшасының түзілу әдістері.

  2. Үш қабатты ұрық жамырақшасының түзілу әдістері.

  3. Нейруляция этаптары.

  4. Провизорлы мүшелер.

Похожие:

Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница