Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы




Скачать 173.46 Kb.
НазваниеҚаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы
Дата конвертации15.12.2012
Размер173.46 Kb.
ТипДокументы
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 Қаулысы

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасынын

Үкіметінің

2011 жылғы 25 мамырдағы

№ 575 қаулысымен бекітілген

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызметті мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен базалык, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру әрбір нысан бойынша жеке шарт жасаса отырып, қаржыландырудың әртүрлі нысандары бойынша бір мезгілде жүзеге асырыла алады.

3. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру шеңберінде орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды немесе бағдарламаларды іске асыруға арналған шартты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісімен осы Қағидаға қосымшаға сәйкес Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізудің үлгі шартына сәйкес оны іске асырудың барлық, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге жасасады.

2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру тәртібі

4. Базалық қаржыландыру уәкілетгі органда аккредиттелген және салалық уәкілетті орган айқындаған, олар үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырманы және мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары оқу орындарына, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - Субъектілер) бөлінеді.

5. Базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

6. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, әкімшілік және қызмет көрсету персоналына еңбекақы төлеуге, сондай-ақ базалық қаржыландыру субъектілерінің ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.

7. Соңғы екі жылда уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган айқындаған олар үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырма және (немесе) мемлекеттік тапсырыс алмайтын базалық қаржыландыру субъектілері базалық қаржыландыру субьектілерінің тізбесінен шығаруға жатады.

8. Базалық қаржыландыру субъектілері салалық уәкілетті органға базалық қаржыландырудың бекітілген нормаларына сәйкес базалық қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді жыл сайын жоспарланып отырған жылдың алдыңғы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.

9. Базалық қаржыландыру нормаларын уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

10. Салалық уәкілетті органдар базалық қаржыландыру бойынша жиынтық бюджеттік өтінімдерді уәкілетті органға енгізеді.

11. Уәкілетті орган базалық қаржыландыру бойынша бірыңғай бюджеттік өтінімді бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

12. Базалық қаржыландыру субьектілерін қаржыландыруды уәкілетгі орган, салалық уәкілетті органдар бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырады.

13. Базалық қаржыландыру субъектілері есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға базалық қаржыландыру қаражатының пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.

Салалық уәкілетті органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде уәкілетті органға базалық қаржыландыру қаражатының пайдаланылуы туралы жиынтық есепті ұсынады.

14. Базалық қаржыландыру субъектілері тізбесіне енгізудің негізділігін және базалық қаржыландыру көлемін растайтын құжаттардың және ақпараттық деректердің дұрыстығы үшін уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар жауапты болады.

3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру тәртібі

15. Гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми зертгеулер жүргізуге бөлінеді.

16. Гранттық қаржыландыру іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеусіз және қайтарусыз беріледі.

17. Салалық уәкілетті органдар Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) бекіткен Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес гранттық қаржыландыру бағыттары мен көлемі туралы ұсыныстарын уәкілетті органға жоспарланып отырған жылдың алдыңғы жылының 1 ақпанына дейінгі мерзімде жолдайды.

18. Уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың ұсыныстарын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығына (бұдаң әрі - Сараптама орталығы) салалық уәкілетті органдардың ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.

19. Сараптама орталығы гранттық қаржыландыру бағыттары мен көлемі туралы ұсыныстарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың ұсынымдарын алу үшін Ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына (бұдан әрі -ҰҒК) ұсынады.

20. Уәкілетті орган жоспарланып отырған жылдың алдыңғы жылының 15 сәуіріне дейін Сараптама орталығы ұсынған ҰҒК ұсынымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына жолдайды.

21. ЖҒТК уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар Республикалық бюджет комиссиясының қарауына белгіленген тәртіппен шығаратын гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемін бекітеді.

22. Гранттық қаржыландыру конкурстық негізде мемлекеттік бюджетге көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

23. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары тең шарттармен қатысуға құқылы.

24. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу үшін салалық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді

25. Конкурстық құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:

1) салалық өкілетті органның атауы;

2) конкурс нысанасы болып табылатын ғылыми зерттеулер тақырыптарының атауы;

3) өтінім ұсынылатын тіл;

4) конкурс өтінімінің нысанына қойылатын талаптар;

5) үлгі күнтізбелік жоспар;

6) әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары.

26. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уікілетті орган мерзімді баспа басылымдары арқылы жариялайды және ол конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.

27. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыруда мынадай ақпарат болуы тиіс:

1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның атауы;

2) гранттық қаржыландырудың бағыттары мен көлемі;

3) конкурс жариялаған уәкілетті органның не салалық уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны жүзеге асыратын жауапты адамы туралы деректер;

4) өтінімдер берудің соңғы мерзімі, бірақ конкурс туралы хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес.

28. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты осы Қағидаға және бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурсты жариялаған уәкілетті орган не салалық уәкілетті орган өткізеді.

29. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдерді (бұдан әрі - Өтінімдер) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері екі данада ұсынады.

30. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінімде жобаны немесе бағдарламаны іске асырудың үш жылдан аспайтын мерзімі туралы ақпарат болуы тиіс.

31. Конкурстық құжаттамаға сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды.

32. Конкурс жариялаған уәкілетті орган не уәкілетті салалық орган конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін өтінімдерді Сараптама орталығына конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап он күн ішінде жолдайды.

33. Сараптама орталығы гранттық қаржыландыру өтінімдеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі - МҒТС) ұйымдастырады және уәкілетті органнан не салалық уәкілетті органнан өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтінімдер мен МҒТС нәтижелерін тиісті ҰҒК қарауына ұсынады.

34. МҒТС өтінімдері мен нәтижелерін ҰҒК оларды Сараптама орталығы ұсынған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.

35. Гранттық қаржыландыру туралы шешімді ҰҒК шығарады және конкурс жариялаған уәкілетті орган бекітеді.

36. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері мерзімді баспа басылымдарында жариялануға және конкурс жариялаған уәкілетгі органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.

37. Гранттық қаржыландыруды уәкілетті орган не салалық уәкілетті орган не гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпазымен жасалған шарт негізінде ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.

38. Гранттық қаржыландыруды тоқтату туралы шешімді МҒТС қорытындысы негізінде ҰҒК шығаруы мүмкін.

39. Гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары гранттық қаржыландыруды пайдаланудың қаржылық есебін қоса алғанда, шартта белгіленген мерзімде аралық есепті, сондай-ақ жобаны іске асыруды аяқтау бойынша есепті уәкілетті органға не салалық уәкілетті органға ұсынады.

4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібі

40. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған және конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады.

41. ЖҒТК уәкілетті орган ұсынған ҰҒК шешімдерінің негізінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттарын, сондай-ақ қаржыландыруға жататын нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды анықтайды.

42. Ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың негіздемесі елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық жоспарлары, индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламалары және стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді іске асыруға бағытталған басқа да бағдарламалар болып табылады.

43. Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық багдарламаларды конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі ЖҒТК ұсынымдары негізінде қабылдайды.

44. Мемлекеттік бюджет есебінен ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімді ҰҒК:

1) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік конструкторлық және технологиялық жұмыстардың жобалары мен бағдарламалары;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігінде басқа бағдарламалар;

3) Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми- техникалық бағдарламалардың жобалары;

4) инновациялық жобалар бойынша қабылдайды.

45. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның ішінде бірлесіп орындаушы ретінде қатысуға құқылы.

46. Ұзақтығы үш жылдан астам жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ұзақ мерзімді, ұзақтығы үш жылға дейінгі - орта мерзімді болып табылады.

47. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы уәкілетті орган не салалық уәкілетті орган бекітеді.

48. Конкурстық құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:

1) салалық уәкілетті органның атауы;

2) конкурстың нысанасы болып табылатын ғылыми зерттеулер тақырыптарының атауы;

3) өтінім ұсынылатын тіл;

4) конкурсқа арналған өтінімнің нысанына қойылатын талаптар;

5) үлгі күнтізбелік жоспар;

6) әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары.

49. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган мерзімді баспа басылымдарында жариялайды және конкурс жариялаған уәкілетті немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыруға жатады.

50. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыруда мынадай ақпарат қамтылуы тиіс:

1) конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;

2) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бағыттарының атауы;

3) конкурс жариялаған мемлекеттік органның конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны жүзеге асыратын жауапты тұлғасы туралы деректер;

4) өтінімдер берудің соңғы мерзімі, бірақ хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес.

51. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалыкқ бағдарламаларды іске асыруға арналған өтінімдерді ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымы, бірлесіп орындаушыларды көрсете отырып, уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға екі данада ұсынады.

52. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуға түскен өтінімдер негізінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын қалыптастырады және жоспарланып отырған жылдың алдыңғы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде Сараптама орталығына жолдайды.

Сараптама орталығы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімдерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді және уәкілетті не салалық уәкілетті органнан өтінімдерді алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өтінімдерді және МҒТС нәтижелерін тиісті ҰҒК қарауына ұсынады.

53. Өтінімдерді және МҒТС нәтижелерін ҰҒК Сараптама орталығы ұсынған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қарайды.

54. Сараптама орталығы МҒТС нәтижелеріне негізделген ҰҒК шешімдерін ғылым саласындағы уәкілетті органға жолдайды, ал ұсынылған бағдарламалардың жобаларын пысықтау қажет болған жағдайда уәкілетті органға не салалық уәкілетгі органға жолдайды.

55. Салалық уәкілетті органдар он жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді жояды және бағдарламалардың түпкілікті жобасын Сараптама орталығына қайта ұсынады.

56. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру өтінімдерін қаржыландыру көлемін, орындаушыларды (бірлесіп орындаушыларды) қамтитын ҰҒК шешімдерімен бірге ЖҒПС қарауына жолдайды.

57. ЖҒТК мақұлдаған бағдарламалардың жобалары белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жолданады.

58. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері мерзімді баспа басылымдарында жариялануга жатады және конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет- ресурстарында орналастырылады.

59. Конкурс нәтижелері бойынша уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми, ғылыми- техникалық бағдарламаларын іске асыруды сүйемелдеуді және орындалатын бағдарлама шеңберінде орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйымды анықтауы мүмкін және оны іске асыруға жауапты болады.

60. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды уәкілетті орган не салалық уәкілетті орган не бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпазымен жасалған шарттың негізінде ғылыми, ғылыми- техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.

61. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды тоқтату туралы шешімді МҒТС қорытындысы негізінде ҰҒҚ қабылдауы мүмкін.

62. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары уәкілетті органға не салалық уәкілетті органға шартта белгіленген мерзімде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды пайдаланудың қаржылық есебін қоса алғанда, аралық есепті, сондай-ақ жобаны іске асыруды аяқтау жөніндегі есепті, уәкілетті органға ұсынады.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-

техникалық қызметті базалық,

гранттық, бағдарламалық-

нысаналы қаржыландыру

қағидасына қосымша

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған

үлгі шарт

№ _________

2011 ж. «___ »_____________

Астана қ.

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ атынан __________________________ Ережесі (Жарғысы) негізінде әрекет ететін

___________________________ бір тараптан және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін __________________

атынан директор _________________ екінші тараптан, № ___ конкурстың қорытындалары хаттамасы, ЖҒТК _______ «__ » № ____ шешімі (керегі сызылады) негізінде төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:

1. Шарттың нысанасы

1. _____________________________________________________________________________________ бюджетгік бағдарламасы бойынша

мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы өзіне алады.

Бағдарламасы бойынша:

Бағыты:

Тақырыбы бойынша:

2. Негізгі кезендердің мазмұны мен орыңдалу мерзімі күнтізбелік жоспарда айқындалады.

3. Төменде аталған құжаттар мен онда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады:

1)Осы Шарт;

2) Жұмыстардың күнтізбелік жоспары;

3) Техникалық ерекшелік.

2. Біліктілік белгілері бойынша ғылыми-техникалық өнімнің сипаттамасы және

экономикалық көрсеткіштер

1. Жұмыс бағыты:

2. Қолданылу саласы:

3. Түпкі нақты нәтиже:

4. Патент қабілеттілігі:

5. Ғылыми-техникалық деңгей (жаңалық):

6. Ғылыми-техникалық өнімді пайдалануды Тапсырыс беруші немесе орындаушы жүзеге асырады:

7. Ғылыми-техникалық өнімді пайдалану түрі:

3. Шарттың жалпы сомасы және төлеу талаптары

1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, қызметтерді орындауға байланысты барлық шығындар құнын қоса алғанда, ____________ (жазумен) теңгені құрайды.

2. Орындаушының жұмыстарын Тапсырыс беруші мынадай тәртіппен төлейді:

Тапсырыс беруші осы шарт Қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде шарт сомасының 30%-ын алдын ала төлеуді жүзеге асырады.

Бұдан әрі Тапсырыс берушінің ақы төлеуі Орындаушы орындалған жұмыстар (қызметтер) актісін ұсынып, кейіннен Тараптар көрсетілген актілерге қол қойғаннан кейін Тапсырыс беруші белгілеген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Шарт бойынша түлкілікті ақы төлеу ұсынылған есептер бойынша Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысын алғаннан кейін жүргізіледі.

3. Қаржыландыру көзі: Республикалық бюджет.

4. Орындаушы мен бірлесіп орындаушылар өзінде тиісті бухгалтерлік есеп пен оның кезеңдері бөлінісінде орындалған жұмыстың нақты құнын талдауды қамтамасыз етуге міндетті.

4. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі

1. Орындаушының шартты орындаудың жекелеген кезеңдерінде және ол аяқталған соң ресімдеуіне және тапсыруына жататын ғылыми, техникалық және басқа да құжаттаманың тізбесі Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық саладағы қолданыстағы нормативтік құжаттарында айқындалған.

2. Шарттың жекелеген кезеңдері бойынша белгіленген тәртіппен ресімделген құжаттаманы беру тоқсан сайынғы орындалған жұмыстар актісімен және Орындаушының аннотацияланған есебімен жүзеге асырылады.

3. Орындаушы Тапсырыс беруші МЕМСТ 7.32-2001 бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы жылдық есепті ____ жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей 3 (үш) данада ұсынуға міндеттенеді.

4. Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынылған есептің Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасының қорытындысын және орындалған жұмыстар актісін_____ жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.

5. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда Тапсырыс беруші жұмысты мерзімінен бұрын қабылдап, оған төлеуге құқылы.

6. Егер жұмысты орындау үдерісінде теріс нәтиже алуға мәжбүр болатындығы немесе жұмысты одан әрі жүргізудің орынсыздығы анықталса, Орындаушы оны тоқтата тұруға, жұмыс тоқтатыла тұрған күннен кейін 5 (бес) күн мерзімде Тапсырыс берушіні хабардар етуге міндетті.

Бұл жағдайда тараптар жұмысты жалғастырудың орындылығы және бағыттары туралы мәселені қарастыруға міндетті.

5. Тараптардың жауапкершілігі

1. Шартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда тараптар қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарда және тәртіппен жауапты болады.

2. Жұмыстар көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда Орындаушы әрбір мерзімі өткен жұмыс күні үшін шарттың жалпы сомасының 0,03%-ы мөлшерінде бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбын төлейді.

3. Орындаушы бағдарламаның жекелеген жобалары бойынша жұмыстарды тиісінше орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші орындаудың кез келген кезеңінде оларды қаржыландыруды тоқтатуға құқылы.

6. Өзге талаптар

1. Осы шарт шеңберінде жасалған ғылыми-техникалық өнім, оның ішінде мүліктік құқық мемлекет меншігі болып табылады.

2. Осы шарт шеңберінде жасалған ғылыми-техникалық өнімді Орындаушы енгізген және іске асырған жағдайда тараптар алынатын пайдадан түсетін аударудың тәртібі мен көлемін анықтайды.

3. Ағымдағы қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға бөлінетін қаражатты азайту бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда Тапсырыс беруші 3.1-тармаққа, күнтізбелік жоспар мен калькуляцияға тиісті өзгерістер енгізуге құқылы.

4. Шарт ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады және ____ жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

5. Тараптардың қалауы бойынша басқа да талаптар:

1) жұмыс күнтізбелік жоспарға сәйкес орындалады;

2) ғылыми-зерттеу жұмысы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-да міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс;

3) үшінші тараптардың барлық шағым-талаптары бойынша Орындаушы жауапты болады.

Тараптардың заңды мекенжайлары

Орындаушы:

Орындаушылар:

Тапсырыс беруші:

___________________________




Тапсырыс беруші атынан:

___________________________

Орындаушы атынан:

___________________________




______________________

(қолы)

мо.

______________________

(қолы)

мо.

Похожие:

Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы iconҚағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан...
Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №527 Қаулысы Қазақстан Республикасыньщ Үкіметі Қаулы етеді: «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы»
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 13 мамыр №511, Астана, Үкімет Үйі Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 11 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы icon«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы iconМемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №891 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы iconҒылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №790 Қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»
Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидасын бекіту туралы
Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №297 қаулысы Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы»
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін...
Қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы iconҒылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы №645 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 4 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница