Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы




Скачать 140.07 Kb.
НазваниеӘр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы
Дата конвертации15.12.2012
Размер140.07 Kb.
ТипДокументы
Әр шаруашылық бойынша
есепке алуды жүргізу және
тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру
нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы
бекіту туралы


 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

  

            Төраға                                                                                            Ә. Смайылов

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шарушылығы министрі

А. Күрішбаев  ______________

2010 жылғы «____» __________

 

   

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 136 бұйрығына қосымша


 

 

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама 



Аталған бұйрықтың 1-қосымшасына өзгерістер енгізілді (ҚР Статистика агенттігінің Төрағасы міндетін атқарушысының 2010 жығы 5 қазандағы №288 бұйрығымен)    
Аталған бұйрықтың 8-тармағына өзгерістер енгізілді (ҚР Статистика агенттігінің Төрағасы  2011 жылғы 24 қазандағы №295 бұйрығымен)

 

1. Жалпы ережелер

1. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай әдісін анықтайды (бұдан әрі – Әдіснама).

2. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың негізгі міндеті үй шаруашылықтары бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру, дәйектілікті және кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдерінің әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерді ұсынуын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Осы Әдіснама мақсаттары үшін келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:  

1) әр шаруашылық бойынша есепке алу – үй шаруашылықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі. Үй шаруашылығы – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект;

            2) тұрғын жайдың пайдалы алаңы – тұрғын жайдың тұрғын және тұрғын емес алаңдары;

            3) тұрғын емес жай – ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) бөліктерінен басқа, тұрақты тұрудан басқа мақсатта (дүкен, дәмхана, шеберхана, кеңсе және осыған ұқсас) қолданылатын жеке үй-жай;

4) тұрғын жайдың тұрғын алаңы – тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердiң (жатын бөлменiң, қонақ бөлменің, балалар бөлмесiнiң, үйдегi кабинеттiң және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңдарының қосындысы;

5) тұрғын үй (тұрғын ғимарат) – ортақ мүлік болып табылатын, негізінен тұрғын үй-жайлардан, сонымен қатар тұрғын емес үй-жайлардан, басқа да бөліктерден тұратын құрылыс;

6) тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын, жайдың тұрғын және тұрғын емес алаңдарын қосатын жеке тұрғын үй-жай;

7) дара тұрғын үй – үй-жайлық жер телімінде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстары және жасыл көшеттерімен бірге азаматтың меншігіндегі жеке (отбасылық) тұруға арналған үй;

            8) тұрғын үй қорына кіретіндер:

            жеке тұрғын үй қоры – жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және олардың бiрлестiктерiне меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын жай;

            мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекеттік меншік құқығына жататын және жергілікті атқарушы орган (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) жүргізуіндегі немесе мемлекеттік кәсіпорын (мемлекеттік кәсіпорын тұрғын үй қоры) жүргізуіндегі тұрғын жай;

           9) сыртқы қабырға материалдары – үйдің сырты (сыртқы қабырғасы) тұрғызылған құрылыс материалдары. Егер қабырғалар бірнеше материалдардан тұрғызылса, басым материал көрсетіледі;

          10) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы – тұрғын
үй-жайдың барлық пайдалы алаңдары және тұрғын емес үй-жайлардың барлық алаңдары, сонымен бірге ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үйдің жеке бөліктерінің алаңдары;

          11) егістік – себілген көпжылдық шөптер, сондай-ақ таза сүрі жерлерді қосқанда, жүйелі түрде өңделіп тұратын және ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланатын ауыл шаруашылығының пайдаланымындағы жерлер. Шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, қосымша дақылдар егілген жерлер, түбін жақсарту мақсатында жыртылған жерлер, сондай-ақ егуге пайдаланатын қатараралық бақтар егістікке жатпайды;

          12) тыңайған жер – бұрын бір жылдан аса егістікке пайдаланылған және күзден бастап ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және сүрі жер үшін дайындалмаған жер учаскесі;

           13) дүкен – саудалық, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық жайлармен қамтамасыз етілген күрделі жеке құрылыс немесе оның бөлігі, сондай-ақ тауарларды сату үшін дайындауға арналған қабылдау, сақтау жайлары. Дүкендер мамандандырылған, мамандандырылмаған, әмбебап болып бөлінеді;

           14) павильон – бір немесе бірнеше жұмыс орындарына көзделген тауар қорларын сақтауға арналған сауда залы және бөлмелері бар жабдықталған құрылым;

           15) дүңгіршек – арнайы берілген жер телімінде орналасқан, сауда залы жоқ, сауда жабдығымен жабдықталған күрделі емес тасымалданатын құрылым;

           16) сауда алаңы – тауарларды сату және көрмеге қоюға арналған жайлардың белгілі бір бөлігін, яғни киімдерді шақтап көретін кабиналарды қосқанда, сатып алушылардың кіруге мүмкіншілігі бар жалпы алаңды; сөрелер мен витриналар алатын алаңды; сатушылар тұратын сөренің артындағы алаңды қосады. Сауда алаңына қойма жайлары және сатуға тауарларды дайындау үшін жайлар, баспалдақтар, әкімшіліктік, тұрмыстық және техникалық жайлар қосылмайды.

4. Әдіснаманы сақтау төмендегілерді қамтамасыз етуі қажет:

            1) алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді;

2) әр шаруашылық бойынша есепке алу мен басқа статистикалық байқаулар арасындағы үйлестіруді.

 

2. Тіркеу жазбаларын жүргізу

5. Тіркеу жазбаларын жүргізу келесі нысандармен жүзеге асырылады: әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы (№1 нысан) осы Әдіснаманың 1 қосымшана сәйкес; ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімі (№2 нысан) осы Әдіснаманың 2 қосымшана сәйкес; әліпбилік кітабы (№3 нысан) осы Әдіснаманың 3 қосымшана сәйкес.

6. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган әр шаруашылық бойынша есеп жүргізуге арналған тіркеу жазбалары нысанын кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ Әкімдерін қамтамасыз етеді.

Тіркеу жазбаларының барлық нысандары қатаң түрде осы Әдістемеге сәйкес жүргізілуі тиіс.

Бұл құжаттарда ешқандай тазартуға және мәтіндік жазбада көрсетілмеген түзетулерге жол берілмейді. Кез-келген түзетулер мен сызып тастау ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің Әкімімен немесе маманымен келісілуі және қолымен расталуы тиіс.

7. Көрсетілген нысандар бойынша тіркеу жазбаларын жүргізу қарамағындағы елді мекендері бойынша кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың кітаптары мен тізімдері ауылдық (селолық), кенттік әкімшілікте ақшалай құжаттармен және бағалы қағаздармен тең дәрежеде сақталады. Олардың сақталуына және жазбалардың уақытылы және дұрыс жазылуына жауаптылық кенттің, ауылдық (селолық), округ әкімдерінің дербес жүктеледі.

8. Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бес жылда бір рет
1 қаңтардағы жағдай бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының (№1 нысан) және әліпбилік кітаптарының (№3-нысан) бетін белгілеуді жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша кітаптардың (бұдан әрі - әр шаруашылық бойынша кітаптар) бетін белгілеу 1 және 15 қаңтар аралығындағы кезеңде барлық үйлерді аралап шығу және халық арасында сауалдама жүргізу арқылы жүргізіледі.

Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктердің аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімі (№2 нысан) жыл сайын жасалады және жыл бойы жүйелі жүргізіледі.

Кейінгі төрт жылда жылына екі рет ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бұрын жүргізіліп келе жатқан әр шаруашылық бойынша кітаптардағы тіркеу жазбаларына нақтылауды жүргізеді. Тіркеу жазбаларын нақтылау 1 қаңтардағы жағдай бойынша – қаңтардың 1-інен 15-іне дейін,
1 шілдедегі жағдай бойынша – шілденің 1-інен 15-іне дейін жүргізіледі.

«Тіркеу жазбаларын нақтылау қорытындылары бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган мен кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдерімен бірлесіп бекітілген графикке сәйкес тіркеу жазбаларын сәйкестендіру елді мекендерге шығу және үй шаруашылықтарына бару жолымен жүзеге асырылады. Бір немесе сол елді мекенге шығу жылына бір рет жүзеге асырылады.

Тіркеу жазбаларын сәйкестендіру және үй шаруашылықтарына бару жүргізілгеннен кейін осы Әдіснаманың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі актісі жасалады.

          9. Жекелеген тұрғын үйлердің және ұсақ елді мекендердің қамтылмауын болдырмау үшін ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы әр шаруашылық бойынша кітаптардың бетін белгілеуден немесе ондағы жазбаларды тексеру мен нақтылаудан бұрын ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің аумағында орналасқан барлық елді-мекендердің тізімін нақтылайды. Мұның өзінде тізімге барлық ұсақ елді мекендердің және жеке орналасқан тұрғын үйлердің (жол айырықтарының, қыстаулардың, мал жайылымдарының, ішкі шаруашылықтардың, станциялардың) енгізілуіне назар аудару қажет. Сондай-ақ ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің аумағында ведомстволық үйлерде, қосалқы шаруашылықтарда, мал жайылымдарында, жатақханаларда, оқушыларға арналған интернаттарда, балалар үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерінде, ауруханаларда тұратын азаматтар отбасыларының болуын тексеру қажет.

            Ірі елді мекендерде ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы барлық үй шаруашылықтарын (бұдан әрі – шаруашылық) 15 күнтізбелік күннің ішінде жеке аралап, осы мерзімде әр шаруашылық бойынша кітаптардың бетіне белгі қоюды немесе ондағы жазбаларды анықтауды жүзеге асыра алмаса, онда оған көмекке ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің басқа мамандарын қосымша тартады. Осы мақсатта ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы елді мекендердің тізімін нақтыланғаннан кейін, оны жекелеген шекті учаскелерге бөледі, бұл учаскелерді жұмысқа тартылған мамандар арасында бөледі және бұл тізімді ауылдық (селолық), кенттік әкімшілікке бекітуге ұсынады. Өз шешімінде ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік жұмысқа тартылған мамандар тізімін бекітеді және осы жұмысты кімнің, қай елді мекендерде, қай көшелерде (ірі елді мекендерде) жүргізу керек екендігін тапсырады. Жұмысқа тартылған мамандардың барлық жұмысына ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің Әкімі басшылыққа алады. Ол әр шаруашылық бойынша кітаптарды оларды толтыру немесе ондағы жазбаларды тексеріп, анықтау үшін береді, сондай-ақ ол жазбалардың ресімделу дұрыстығын, енгізілген нақтылаулардың негізділігімен дәлділігін, үй шаруашылығы иесінің қолы қойылғандығын бақылай отырып, әрқайсысынан толтырылған (тексерілген) кітаптарды жеке қабылдайды.

10. Жаңа әр шаруашылық бойынша кітаптардың бетін белгілеу немесе бұрын арналған әр шаруашылық бойынша кітаптардағы жазбаларды тексеру мен анықтау кезінде, сондай-ақ осы жұмыстар аяқталғаннан соң аудандық атқарушы органның мамандары әр шаруашылық бойынша кітаптар мен тізімдерді ауылдық (селолық) әкімшіліктердің толық және дұрыс толтыруына тексеру жүргізеді және оларға анықталған кемшіліктерді жоюда көмек көрсетеді.

11. Әр шаруашылық бойынша кітаптардың деректерін статистикалық органдар – ауылдық елді мекен халқының жасы мен жыныс құрамы туралы және жеке меншік құқығында азаматтарға тиісті тұрғын үйлер туралы деректер алуға, жеке пайдаланудағы малды есепке алуға және басқалары үшін, жергілікті атқарушы органдар – жалпы білім беретін мектептерде оқуға тиісті мектеп жасындағы балаларды анықтау үшін пайдаланады.

            12. Шаруашылықтардың дербес шоты әр шаруашылық бойынша кітапта (№1 нысан) 1 қаңтардағы жағдай бойынша кітаптардың бетін белгілеу кезінде ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер аумағында тұрақты тұратын барлық адамдарға ашылады. Дербес шоттардағы барлық жазбалар үй шаруашылықтарына барған кезде тікелей жүргізіледі.

Әрбір шаруашылыққа, тұрақты тұратын азаматтардың шаруашылықтарын қоса, жеке дербес шот ашылады. Жеке шаруашылық деп бірге тұратын, үй шаруашылығын жүргізетін адамдарды (отбасын) айтады. Жеке шаруашылық сондай-ақ жалғыз басты адамдар (отбасылары жоқ) шаруашылық болып саналады. Мұндай шаруашылықтарға сондай-ақ жеке дербес шоттар ашылады. Егер ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында иесіз үйлер немесе иелері үй кітапшасынан шығарылған немесе тұрақты тұрмайтын, яғни маусымдық (саяжайлық) үйлер болса олар әр шаруашылық бойынша кітаптарда ескерілмейді. Бұл үйлер туралы мәліметтерді ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы жеке тізімге жазады.

           13. Әр шаруашылық бойынша кітапқа (№1 нысан) олардың елді мекенде орналасу тәртібі бойынша оларда құрылыстың, үй-жайдың және малдың қолда барына қарамастан, ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында тұрақты тұратын барлық шаруашылықтардың мүшелері жазылады. Әр шаруашылық бойынша кітапқа жазбаны әрбір шаруашылыққа бармай енгізуге болмайды.

Ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында уақытша тұратын адамдар әр шаруашылық бойынша кітапқа (№1 нысан) жазылмайды, олар «Ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында уақытша тұратын адамдар тізімі» №2 нысанға енгізіледі.

14. Әрбір елді мекенге, 20-дан астам ауласы бар, жеке әр шаруашылық бойынша кітап арналады. Ұсақ елді мекендердің (қыстақтардың, орманның күзет үйлерінің, теміржол күркелерінің) шаруашылықтары олар жақын орналасқан ірі елді мекендердің әр шаруашылық бойынша кітабына жазылады. Олардың әрқайсысына нақты парақ саны бөлінеді. Әрбір елді мекен немесе көше (ірі елді мекен) шаруашылығының жазбасы аяқталғаннан соң осы елді мекенде немесе көшеде жаңадан пайда болған шаруашылықтарды жазу үшін кітапта бірнеше бос парақ қалдыру қажет.

            15. Әрбір әр шаруашылық бойынша кітаптың титулдық парағында осы елді мекендер шаруашылығының дербес шоттары орналасқан беттер нөмірлерінің әрқайсысына қарама-қарсы белгісі бар елді мекендердің атауы жазылады. Ірі елді мекендерге арналған әр шаруашылық бойынша кітаптарда елді мекеннің атауынан басқа, сондай-ақ осы көшелерде шаруашылықтардың дербес шоттары орналасқан беттер нөмірлерінің әрқайсысына қарама-қарсы белгісі бар, көшелердің атауы жазылады.

Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің әр шаруашылық бойынша кітаптары оларды тура нөмірлегеннен кейін нөмірленеді. Әр шаруашылық бойынша кітаптарға нөмір беру «Әліпбилік кітабы» №3 нысанын толтыру кезінде пайдаланылады.

           16. Барлық елді мекендердегі аулаларды аралау және барлық шаруашылықтарды әр шаруашылық бойынша кітаптарға жазу аяқталғаннан соң шаруашылықтардың дербес шоттарын нөмірлеу жүзеге асырылады, ол барлық ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бойынша үздіксіз және бірыңғай болуы керек. Әрбір елді мекен үшін дербес шоттарды жеке нөмірлеуге жол берілмейді.

           Ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында кітаптар бетін белгілегеннен кейін жаңа шаруашылықтың құрылуы кезінде бұл шаруашылықтың қай елді мекенде құрылғандығына және кітап бетін белгілеу кезінде осы елді мекеннің кітабы қай шаруашылықтың нөмірімен аяқталғандығына қарамастан ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік бойынша кезекті нөмір беріледі.

Жаңа шаруашылықтарға кезекті нөмір беруді қолайлы ету мақсатында әліпбилік кітаптың соңында (№3-нысан) таза қағаз бетінде жадынама жасалады, оған ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік бойынша соңғы шаруашылықтың нөмірі жазылады.

17. Дербес шоттың нөмірі осы шаруашылық үшін барлық кезеңге (бес жыл) тұрақты болып табылады. Осы нөмірмен әр шаруашылыққа хабарлама, шақыру қағаз жіберіледі, ол қаржы, статистика және басқа да органдармен өз жұмыстарын жүргізу кезінде жасалатын шаруашылықтар тізімінде көрсетіледі.

Дербес шот нөмірі сол немесе өзге шаруашылықтың (отбасының) барлық мүшелерінің бір және сол ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік шегінде бір елді мекеннен екіншісіне тұрақты мекен-жайға көшуі кезінде өзгермейді. Бұл жағдайда осы шаруашылықтың дербес шотын шаруашылық мүшелері шығатын елді мекеннің әр шаруашылық бойынша кітабында жауып (сызып), олар жаңа мекенге көшіп келетін елді мекеннің әр шаруашылық бойынша кітабында, осы шаруашылықтың дербес шотының бұрынғы нөмірін сақтай отырып, дербес шот ашу керек. Шаруашылықтың бұрынғы тұрған жері бойынша оның дербес шотының жабылуы туралы белгі оның жоғарғы бөлігінде жабылу күні мен себебін көрсете отырып, қойылады, мысалы, «Шаруашылықтың «Ақбұлақ» ауылына көшуіне байланысты оның дербес шоты жабылды (күнін көрсету)». Тиісті түзетулер бір уақытта, сондай-ақ шаруашылықтардың әліпбилік кітабына да енгізілуі тиіс
(№3 нысан).

Шаруашылық мүшелерінің бір және сол ірі елді мекен шегінде бір көшеден екіншісіне көшуі кезінде де осындай түзетулер енгізу керек.

Шаруашылық (отбасы) иесі сол шаруашылық құрамынан ауыстырылған жағдайда (мысалы, өліміне немесе басқа себептерге байланысты) дербес шот нөмірі өзгермейді. Мұндай жағдайларда шаруашылықтың дербес шоты жаңа дербес шотқа қайта жазылмайды, мұның өзінде: дербес шоттың жоғарғы бөлігінде шаруашылық (отбасы) иесінің тегі, аты және әкесінің аты жазылады, бұрынғысының аты-жөні сызылады;

«Отбасы мүшелерінің тізімі» 1-бөлімдегі «Бірінші жазылған шаруашылық мүшесіне қатынасы» 2-жолда – оның тегінің астына «иесі» деп жазылады, ал қалған отбасы мүшелерінің тегіне қарама-қарсы олардың шаруашылықтың (отбасының) жаңа иесіне туысқандық қатынасы жазылады – «әкесі», «анасы», «күйеуі», «әйелі», «ағасы», «әпкесі», «қызы», «ұлы». Шаруашылық (отбасы) мүшелерінің бұрын жазылған туысқандық қарым-қатынастарының асты сызылып көрсетілуі және өзгертілуі тиіс.

18. Бір шаруашылықты екіге бөлу кезінде дербес шоттан ескі шаруашылық құрамынан бөлініп көрсетілген адамдар шығарылады (сызылып тасталады). Жаңадан құрылған шаруашылыққа оның орналасқан орнына байланысты тиісті шаруашылық бойынша кітапта жаңа дербес шот ашылады. «Қосымша мәліметтер» бөлімінде осы шаруашылықтар бойынша төмендегідей белгілер жасалады: «№…. шаруашылықпен бөлінді» немесе «№… шаурашылықтан бөлініп шықты» және ескі шаруашылықтың бөлімі ресімделген құжаттың атауы мен күні көрсетіледі.

Бір уақытта шаруашылықтардың әліпбилік кітабының соңына (№3 нысан) әліпбидің тиісті әрпіне жаңадан құрылған шаруашылықты, ал 6-бағанда шаруашылық иесінің тегіне қарама-қарсы «№… шаруашылық бөлініп шықты (күні көрсетіледі)» деп жазуы керек.

19. Екі шаруашылықты бір шаруашылыққа біріктірген кезде (мысалы, шаруашылық мүшелері некелескен жағдайда) осы шаруашылықтардың бірінің дербес шоты бұрынғы нөмірмен сақталады, мұның өзінде оған «Отбасы мүшелерінің тізімі» – 1-бөлімге және басқа бөлімдерге қосымша жазбалар енгізіледі. «Қосымша мәліметтер» бөлімінде «№…шаруашылықпен біріктірілді» деген белгі жасалады. Ал басқа шаруашылықтың дербес шоты оның жоғары бөлігіне «№… шаруашылықпен біріктірілуіне байланысты дербес шоты жабылды (күнін көрсету қажет)» деген белгі қойылып жабылады. Осы шаруашылықтың дербес шотының жабылуы туралы тиісті белгі сондай-ақ шаруашылықтардың әліпбилік кітаптарының 6-бағанында жасалады.

20. Шаруашылық таратылған немесе шаруашылықтың барлық мүшелері осы әкімшіліктің шегінен тыс аумаққа тұрақты мекен-жайға көшіп кеткен барлық жағдайларда, мұндай шаруашылықтардың дербес шоты әр шаруашылық бойынша кітапта дербес шоттың жоғары бөлігінде көрсетіліп жабылады, сондай-ақ шаруашылықтардың әліпбилік кітаптарының
6-бағанында, дербес шоттың жабылу күні және себебі көрсетіліп, бір уақытта дербес шот сызылып тасталады.

Жабылған дербес шоттардың нөмірлері пайдаланылмаған болып қалуы керек, оларды жаңадан құрылған басқа шаруашылықтарға беруге болмайды.

Похожие:

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы iconӘр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргiзу және тiркеу жазбаларын жүргiзудi ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдiснаманы бекiту туралы
Республикасы Статистика агенттiгi Төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы n 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде...
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы iconӘр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулық Астана 2011 Кіріспе
Бұл әдістемелік нұсқаулық статистикалық қызметте қолдануға арналған әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне мемлекеттік...
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы icon«Тұрмыс деңгейі және үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Республикасы статистика агенттігінің бұйрығы 2012 жылғы 4 шілде №178 Астан қаласы
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы 2010 жылғы 24 тамыз №229 Астана қаласы
Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылу статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен...
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы iconСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы iconМатериалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі
«Статистикалық әдіснаманы және құралдарды жетілдіру» міндеті «Ұжш-де және сапалық статистика бойынша жаңа әдістемелерді әзірлеу және...
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы icon№1-жу нысанды мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлғаларды есепке алу карточкасы
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлғаларды есепке алуды жүргізу және пайдалану туралы Ережеге қоса берілген...
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы icon«Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы»
Есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы №396 бұйрығына өзгертулер...
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы iconЖетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы icon1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын
Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы №371...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница