Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ»




НазваниеАстана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ»
Дата конвертации15.12.2012
Размер91.9 Kb.
ТипДокументы
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету»

Сынып: 9 «Ғ»

Өткізген: Қыдырбекова Г.Ж.


Сынып сағатын өткізуге Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы

шығарған мұғалімдер мен оқушыларды алғашқы көмек көрсетуге

үйретуге арналан жәрдемақысы қолданылды

Астана 2009

Тақырыбы: Алғашқы көмек көрсету

Мақсаты: Алғашқы көмек және оның адам өмірі үшін маңызымен таныстыру. Оқыс жағдайда жарақат алған, зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге дайын болуға, ондай жағдайда өзі мен айналасындағыларға қалай көмек көрсетудің жолдарын үйрету.

Көрнекіліктері: дәрі-дәрмек қобдишасы, моникен, ҚР-ның Қызыл Ай қоғамынан берілген үлестірме кітапшалар.

Мұғалім: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сынып сағатында алғашқы көмек және оның адам өмірі үшін маңызы туралы мәліметтер мен алғашқы көмек көрсетудің жолдарын оқып, үйренеміз.

Оқыс жағдайда, жарақат алып немесе аяқ астынан ауырып қалған жағдайда оның қасындағылар дәрігер келгенге дейін науқасқа қандай көмек көрсету керектігін, оның қиналысын жеңілдетіп, денсаулығы мен өміріне қауіп тудырмаудың амалдарын қарастыруды біле бермейді.

Өндірісте, күнделікті тұрмыста, жолда, мектепте жыл сайын көптеген адамдар оқыс жағдайдан немесе жарақаттан зардап шегіп жатады. Осындайда дұрыс және дер кезінде көрсетілген алғашқы көмектің адам денсаулығы мен өмірін сақтап қалу үшін маңызы зор.

Алғашқы көмек дегеніміз адамның өмірін сақтап қалу үшін және оқыс жағдайда немесе аяқ астынан ауырып қалғанда соның зардабын жою үшін дереу жасалатын қарапайым шаралар кешені. Алғашқы көмекті оқиға болған жерде зардап шегушінің өзі-өзіне немесе айналасындағылар жасайды. Алғашқы көмек – жарақат пен тосын ауруларды емдеудің маңызды бөлігі.

Әрбір адам өзінің мүмкіндігіне қарай алғашқы көмек көрсетуі тиіс. Дегенмен жарақаттар мен оқыс жағдай кезінде оқиға орнына дәрігер келгенше немесе зардап шегуші ауруханаға жеткізгенше қажетті көмекті одан ептеп болса да хабары бар адамның жасағаны дұрыс.

Алғашқы көмек көрсетудің принциптері

Аса қажет жағдайда алғашқы көмек көрсетудің мына төмендегі тәртіп бойынша жүргізілтін төрт принципі бар:

  1. Оқиға болған жерді қарап шығу;

  2. Зардап шегушіні тез қарап шығып қажетті көмек көтсету;

  3. Жедел жәрдем шақыру;

  4. Зардап шегушіні асықпай тағы бір қарап шығып, қажетті көмек көрсету.

Оқиға болған жерді қарап шығу.

Оқиға болған жерді зерттеген кезде сіздің және зардап шегушінің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін нәрсенің бәріне назар аударыңыз: жалаңаш жатқан электор желілері, ғимараттың құлаған сынықтары, арлы-берлі ағылған көліктер, өрт, түтін, зиянды бу, қолайсыз ауа райы, ағысы қатты, терең су т.б. Егер өзіңізге қауіп төніп тұрғанын байқасаңыз оқиға болған жерге жақындамаңыз. Мұндай жағдайда арнайы қызметке хабарласып, айналадағыларды көмекке шақыру қажет, егер зардап шгуші есін білетін болса оған қауіпті аймақтан қалай шығу керектігін түсіндіру керек.

Зардап шегушіні алғашқы рет қарап шығудың бірте-бірте жүргізілетін төрт амалы бар.

Бірінші амал – ол есін біле ме соны анықтау.

Зардап шегушіден оған көмек керек пе, атың кім деп сұраңыз. Егер ол сізге жауап қайтарса есін біледі деген сөз. Егер ол жауап қайтармаса ақырын иығынан немесе жағынан шапалақпен ұрып көріңіз. Ешқандай жауап болмаса зардап шегуші есін білмейді деген сөз.

Екінші амал – тыныс алу жолдарын тексеру.

Зардап шегушінің тыныс алу жолдарының ашық екеніне көз жеткізеді. Сөйлеп, айғайлап дыбыс шығара алатын кез-келген адам есін біледі, яғни оның тыныс жолдары ашық деген сөз. Есін білмей жатқан адамға мынадай көмек көрсетіңіз: басын шалқайтып, иегін шамалы көтеріңіз, жағы қарысып қалған болса аузын ашыңыз, егер мойын омыртқасына зақым келген деген күдік туса, басын шалқайтуға мүлдем болмайды, ондай жағдайда иегін сәл көтеріп, төменгі жақты тарту керек.

Үшінші амал – тынысын тексеру.

Зардап шегуші дем алып, дем шығарған кезде оның кеудесі көтеріліп, басылып тұруы тиіс, осыған назар салыңыз. Оның үстіне тыныстап жатыр ма жоқ па соны тыңдап көріңіз. Зардап шегушінің мұрны мен аузына бетіңізді тақап тыныстап жатқанын сезіп білуге болады. Дем алып жатқанын бес секунд бойына тыңдаңыз.

Төртінші амал – қан айналымын тексеру.

Егер зардап шегуші дем алып жатса оның қан айналымын тексерудің қажеті жоқ. Егер дем алмай жатса, онда күре тамырының қағысын байқау арқылы қан айналымын тексеру керек. Бұл үшін былай жасаңыз: зардап шегушінің мойнындағы жұтқыншақты тауып саусақты мойынның бір жақ шетіндегі ойыққа апарып тіреңіз. Өте жәй соғып жатқан қан тамырын байқай қою оңай емес. Егер қан тамырының бүлкілін бірден байқай алмасаңыз қайтадан басынан бастап тексеріңіз. Тамыр соғысын тура тапсаңыз оны 10 секунд бойына тексеріп ұстап тұрыңыз. Бұл амал қатты қан кетіп жатыр ма, талдырмасы бар ма соны білу үшін де керек.
Жедел жәрдем жақыру

Қазақстан Республикасында жедел жәрдемге ортақ телефон нөмірі 103.

Жедел жәрдемді қашан шақыру керек?

Мына төмендегі жағдайдың қай – қайсы кезінде де жедел дәрдем шақыру керек:

  • Адам есін білмей немесе есі бір кіріп, бір шығып жатса;

  • Тынысы тарылып жатса;

  • Кеудесі қоймай ауырып тұрса немесе кеудесін бірдеңе басып тұрғандай қалыпта болса;

  • Тамыры соқпай тұрса, қатты қан кетіп жатса, іші қатты ауырып жатса;

  • Қан түкіріп құсып жатса немесе зәрмен, қақырығпен бірге қан араласып шықса т.т.

  • Уланып қалса; аяқ –қолы тартылып, тілі күрмелсе, бас қатты ауырып, денесі сіресіп қалса;

  • Басы, мойны мен омыртқасы жарақаттанса, сүйегі сынды –ау деген күдік болса;

  • Қатты күйіп, жараланса, суға тұншыққан, тоқ соққан, ыстық өтіп немесе үсіген кезде;

  • Аяқ астынан босаған кезде.

Мынадай жағдайда да жедел жәрдем мен апаттан құтқару қызметін немесе полицияны шақыру керек:

  • Өрт шықса немесе жарылыс болса: улы заттар ауаға тараса;

  • Өндірісте апат болса; электр желілері үзіліп түссе;

  • Жол- көлік оқиғасы болса; оқ тиіп немесе пышақ жарақатын алса.

Жедел жәрдемді қалай шақыру керек?

Жедел жәрдемді басқа біреудің шақырғаны ләзім, сонда сіз зардап шегушінің жанынан кетпей көмек көрсетуді жалғастыра беріңіз. Жаныңыздағы адамдарға жедел жәндемді шақырып, оны мүмкіндігінше күтіп алуға өтініш жасаңыз. Жедел жәрдемді шақырған кезде диспетчерге мына мәліметтерді хабарлау керек:

  • Оқиға болға жердің дәл мекен-жайын хабарлаңыз (сол маңдағы қиысатын көшелерді, жақын маңдағы ғимараттардың, пәтердің нөмірлерін т.т. нақтылап қосымша көрсетіңіз);

  • Қандай нөмірлі телефоннан хабарласып тұрғаныңызды, телефон шалған адамның аты-жөнін айтыңыз; зардап шеккен адамның аты-жөні, оның неше жаста екендігін;

  • Зардап шеккендердің санын; зардап шккендердің хал-жағдайы мен оқиғаның сипатын;

  • Зардап шеккендерге көрсетілген алғашқы көмектің сипатын.


Түрлі температуралардың ағзаға әсері

Күйік

Бұл жоғары температураның, химиялық заттардың, элктр тогының, күн сәулесінің әсер ету нәтижесінде тері және шырышты қабаттардың зақымдануы.

Тіндердің зақымдалу тереңдігіне байланысты күйікті үш дәрежеге бөледі:

І дәреже – терінің қызаруы байқалады;

ІІ дәреже – терінің күлдіреуі;

ІІІ дәреже – терінің және төмен орналасқан тіндердің қараюы.

Күйік ауыру сезімімен және күйген жердің ашуымен бірге жүреді.

+ Алғашқы көмек

! Дереу жедел жәрдем шақырыңыз, егер күйік:

  • Тыныс алуы қиындатса;

  • Дененің бір бөлігін ғана алмаса;

  • Бас, мойын, қол білезіктерін, табан нмесе жыныс мүшелерінде болса;

  • Балада немесе кәрі адамда болса.

Күйік химиялық заттардан, жарылыстан немесе элктр тогының әсерінен болса.

Салқындату шағын күйіктеркезінде күлдіреудің алдын алады және қатты күйіктер кезінде тіндердің зақымдалуын азайтады.

  • Бірінші және екінші дәрежлі күйіктер кезінде жараны салқын суиен салқындатыңыз, бірақ мұзбен емес.

  • Оны таза дымқыл сулықпен жабыңыз.

  • Ісіну пайда болғанша, зардап шегушінің сақинасын, сағатын және басқа да заттарын шешіңіз.

Үсік

Үсік суық жарақатының кезек күттірмейтін түрі болып табылады және ағзаның тіндерінің қатуына әкеп соғады. Үсік, қол білезігі мен саусақсыз және аяқсыз қалдыруы мүмкін.

+ Алғашқы көмек

  • Егер дене температурасы 35 С-тан төмен болса жедел жәрдем шақырыңыз;

  • Үскен бөлікті ешқашан ысқыламаңыз;

  • Үскен бөлікті қолыңызбн немесе дененің басқа бөлігімен жылытыңыз;

  • Дененің үскен бөлігін, температурасы 38-42 С жылы суға салыңыз және қызарып, жылынғанша ұстаңыз;

  • Зақымдалған бөлікті құрғақ зарарсыздандырылған дәкемен ораңыз. Аяқ және қол саусақтары үскен кезде, олардың арасына дәке қойыңыз;

  • Пайда болған күлдіреуді ашпаңыз;

  • Зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз.


Өкпені жасанды желдету

Тыныс алу қызметі болмағанда жүргізіледі.

Тынысалудың бұзылуын келесі белгілр бойынша анықтауға болады:

  • Сау адамның тыныс алуы тұрақты, жеңіл және шусыз.

  • Тыныштық жағдайындағы ересек адамның қалыпты тыныс алу жиілігі минутына 12-20 дем алуды құрайды. Балалар мен сәбилердің әдетте тыныс алу жиілігі жоғары.

  • Зардап шегуші ауаны аузымен жұтады.

  • Тыныс алуы шулы, ысқырықты. Тыныс алу кезінде бүлкілдеген дыбыстар, тыныс алудың жиілеуі немесе баяулауы. Тыныс алу кезіндегі ауыру сезімі.

  • Өте терең немесе тым беткейлік тыныс алу.

Өкпені жасанды желдету үшін зардап шегушінің басын шалқайтыңыз және иегін сәл көтеріңіз.

Егер зардап шегуші тыныс алмаса, өкпені жасанды желдетуді жүргізіңіз.

Әдістер:

  • «ауыздан ауызға»;

  • «ауыздан мұрынға»;

  • «ауыздан ауызға және мұрынға» - сәбилрге.

Бастапқы 2 бақылау үрлеуден кейін мыналарды жасаңыз:

Ересектер үшін – 1,2,3,4 деп санап, 5-де үрлеңіз.

Балалар / сәбилер үшін – 1,2 деп санап 3-де үрлеу.
Жүрек-өкпелік реанимация

Пульс және тыныс алу болмаған жағдайда жүргізіледі.

Тыныс жолдарын ашыңыз, 5 сек ішінде тыныс алудың болудын анықтаңыз, 1 сек ішінде пульстің болуын анықтаңыз және болмаса «ауыздан-ауызға» 2 толық үрлеу жасаңыз. Егер тынысы мен пульсі болмаса жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді бастаңыз.

Ересектер үшін

  • Әрбір 1,5-2 сек сайын «ауыздан ауызға» толық 2 үрлеу жасаңыз. Қолдың дұрыс орналасу қалпын табыңыз. Бір қолыңыздың екі саусағымен төстің төменгі шетіндегі ойықты ұстап табыңыз, екінші қолыңыздың алақанын төстің саусақтарыңыз орналасқан жеріне қойыңыз.

  • Бірінші қолыңыздың алақанын екінші қолыңыздың үстіне қойып, төске екі қолыңызбен 4-5 см тереңдікте 15 басу жасаңыз.

Егер құтқарушы біреу болса:

  • 15 басу 2 үрлеуден тұратын 4 цикл жасаңыз. Қайтадан пульстің болуын тексеріңіз.

Егер пульс болмаса, пульсті әрбір бірнеше минут сайын тексере отырып, жүрек-өкпелік реанимация жүргізіңіз.
Шоктық жағдай

Қатты қан кетуден немесе организмнің сусыздануынан (құсу, іш өту, күйік) миға және басқа да өмірлік маңыздыоргандарға қан мен О2 келуінің төмендеуі нәтижесінде пайда болатын, өлім қаупін тудыратын жағдай.

+ Алғашқы көмек

  • Зардап шегушіні жылытыңыз (көрпе жабыңыз).

  • Зардап шкгушіні арқасына жатқызыңыз, аяғын дене деңгейінен 30 см жоғары көтеріңіз (егер бас, мойын немесе омыртқа жарақаттанбаса).

  • Зардап шегушіні тыныштандырыңыз, шоктың дамуына әкеп соғатын басқа да жарақаттар мен аурулардың болуы кезінде көмек көрсетіңіз. Зардап шегушіге сусын бермеңіз.


Талу

Миға қан келуінің уақытша төмендеуі салдарынан болатын жартылай немесе қысқа мерзімді естен тану.

+ Алғашқы көмек

  • Өмір сүру белгілері болуын тексріңіз;

  • Шок жағдайындағыдай көмек көрсетіңіз: зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз, аяғын басынан 30 см жоғары көтеріңіз

  • Таза ауамен қамтамасыз ету

  • Егер зардап шегуші 1-2 минут ішінде есін жинамаса, жедел жәрдем шақырыңыз.


Қорытынды

Мұғалім: - Бүгінгі сынып сағатында алғашқы көмек көрсетудің принциптері мен оқыс жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен таныстық. Көп жағдайда зардап шегушінің толық жазылып кетуі немесе өмір бойы мүгедек болып қалуы осы алғашқы көмекке байланысты. Дер кезінде дүрыс көрсетілген алғашқы көмектің арқасында адам өмірін сақтап қалуға өз үлесіңізді қоса аласыз. Әрекет етуден қорықпаңыз, сіз әншейін көмекке шақырып айқайлаған болсаңыз да осының өзі сіздің үлесіңіз.

Похожие:

Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» iconҰлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі
...
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп. «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Б. Ахмет Құрсанова Б.Қ
Тақырыбы: «Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі- сапарғали Бегалин 115 жаста.»
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» iconАстана қаласы №37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп
Сабақтың мақсаты: Оқушылар бойына өзінің ұлтына,достарына,ата-анасына,табиғатқа деген ізгілік ниеттерін қалыптастыру. Имандылыққа...
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Ерниязова Жупат Ораловна 2 мектеп, сынып, ПӘН
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. 7 сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан...
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» icon1 «ә» сынып Мұғалімі: Татыгужинова К.Қ. Сабақтың тақырыбы: «Сыр аға-жыр аға» Сырбай Мәуленов-89 жаста. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Сырбай Мәуленовтың өмірбаянымен таныстыра отырып, біздің мектеп осы кісінің атымен аталатыны жайлы айтып...
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» icon«Махаббат оты сөнбейді!» поэзия кешінің сценарийы. 16. 03. 2010ж. 15. 00 сағ №37 ом актовый зал
Астана қ. Көпбаева С. К. №11 кітапхана меңгерушісі; Сырбай Мәуленов атындағы №37 ом жұмабай Н. С. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің...
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН
...
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН
...
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ» iconАстана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі
Білімділік: Экологиялық мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауға, аялауға шақыру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница