Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады




Скачать 30.96 Kb.
НазваниеКонкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады
Дата конвертации10.07.2014
Размер30.96 Kb.
ТипКонкурс
Қарағанды облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне жыл сайын берілетін «Алтын Сұңқар» сыйлығын тағайындауға конкурсты өткізу туралы ереже
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жұмысын мемлекеттік қолдау мен ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Алтын сұңқар» сыйлығын тағайындауға конкурс өткізіледі.

Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады.

Сыйлық көрсетілген алғышарттары ескеріле отырып, мынадай номинациялар бойынша тағайыналады:

  1. «Біздің шаңырақ», «Наш дом» номинациялары бойынша – тұрғын үй саясаты, қала құрылысы мен құрылыс, сәулет проблемалары мәселелерінің сапалық, сандық тұрғыдан жариялану деңгейі;

  2. «Мамандыққа берілгені үшін», «За верность профессии» номинациялары бойынша – 10 жылдан астам кәсіби қызмет өтілінің, бұқаралық ақпарат құралдары саласында наградаларының, құрмет грамоталарының, ерекшелік белгілерінің, Қарағанды облысындағы қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, діни бірлестіктердің, мекеме-кәсіпорындардың ұсыныс-мінездемелерінің болуы;

  3. «Ауыл», «Село» номинациялары бойынша – ауылдық жерлердің, Қазақстан мен Қарағанды облысы экономикасы агроөнеркәсіп секторының проблемаларын сапалық, сандық тұрғыдан жариялау деңгейі;

  4. «Менің ісім», «Мое дело» номинациялары бойынша – кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриалдық – инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыптарын сапалық, сандық тұрғыдан жариялау деңгейі. Бұл номинацияда журналистің проблеманы меңгеру деңгейі, жарияланымның сараптаушылық мазмұны, материалда көтерілген мәселені шешу бойынша нақты ұсыныстары ескеріліп,бағаланады.

  5. «Алғашқы қадам», «Первый шаг» номинациялары бойынша – жас журналистің жарияланған материалында өзі көтерген мәселеге жетіктігі, әріптестерінің, шығармашылық одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің арасында мойындалғандығы ұсыныс-мінездеме түрінде қабылданады;

  6. «Алтын микрофон», «Золотой микрофон» номинациялары бойынша - телерадиотарату саласындағы қызмет өтілі кемінде 5 жыл болуы керек. Номинация авторлық бағдарламалардың барынша мойындалған және рейтингісі жоғары жүргізушілеріне, дикторларға беріледі;

  7. «Байқағыштығы үшін», «За наблюдательность» номинациялары бойынша - операторлық немесе фототілшілік жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы керек. Бұл номинацияда жеңімпаздарды анықтау алғышарты фото, бейнекескіндемелердің хабарланған ақпаратқа сәйкестігі, көркемдік құндылығы, сұлба динамикасы қаралады;

  8. «Жүрек сәулесі», «От сердца – к сердцу» номинациялары бойынша – денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет салалары бойынша әлеуметтік тақырыптарды сандық, сапалық тұрғыдан жариялау деңгейі, сонымен қатар материалды беру ерекшелігі мен кәсіби шеберлігі ескеріледі;

  9. «Жастар қанаты», «Крылья молодых» номинациялары бойынша жастар туралы, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау тақырыбын сандық, сапалық тұрғыдан жариялау деңгейі, сонымен қатар материалды беру ерекшелігі мен кәсіби шеберлігі ескеріледі.

Сыйлықтар Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады.

Сыйлық беру жөніндегі комиссияның қарауына кандидаттарды газеттер мен журналдардың редакциялары, аудан – қала әкімдері ұсына алады. Ұсынысқа мыналар қоса тіркеледі: қысқаша өмірбаян, 3*4 пішінді фотосурет, ақпараттық материалдар тізімі. Бір автор бірнеше материалдарын ұсына алады, алайда олардың саны 5-тен аспауы тиіс.

2010 жылдың 1 шілдесінен 2011 жылдың 15 маусымына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан түрлі жанрдағы материалдар (очерк, интервью, мақала, телевизиялық және радиохабарлар, әлеуметтік зерттеулер және т.б.), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар циклы қабылданады.

Жарияланымдар түпнұсқада (толық басылымы берілгені дұрыс) немесе материалдардың ксерокөшірмелері (басылымның атауы, мерзімі және авторымен хабарласудың толық мәліметтерімен қоса), радиобағдарламалар мен телехабарлар компанияның атауы мен эфирге шыққан күні көрсетіліп – тиісінше аудиожазба (кәдімгі аудио- кассеталармен) және бейнежазба (VHS кассеталары, cd/dvd дискілері) түрінде өткізілуі тиіс.

Конкурсқа материалдар электронды пошта арқылы қабылданбайды. Конкурсқа материалдар қабылдаудың соңғы күні – 2011 жылдың 16 маусымы (қабылдау күні).

Барлық мәселелер бойынша Қарағанды облысының аумағында қызмет істейтін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның жұмыс органы - Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөліміне хабарласу қажет.

Тел/ факс:42-34-40, тел.42-12-13,42-12-65

Похожие:

Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады iconҚостанай облысының бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі

Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен банкроттау туралы ic бойынша хабарландыру жариялау жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін мемлекеттік сатып алу туралы №1 қорытынды

Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады iconРегламентін бекіту туралы №164 қаулысымен бекітілген Алматы облысының әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт
«Алматы облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»
Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады iconБатыс Қазақстан облысында әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдарының тізімдігі
Батыс Қазақстан облысында әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдарының тізімдігі (ақпан-2008ж.)
Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады iconКодекс өзіндік тәртіп пен моральдық-этикалық бағдардың құралы болып табылады, жұртшылық тарапынан журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына сенім мен құрмет көрсетуге қол жеткізуге ықпал етеді
Бұқаралық ақпарат құралдарының жұртшылықты объективті ақпаратпен қамтамасыз етудегі маңызды рөлі мен миссиясын сезіне отырып
Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады icon«Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»
«Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады iconСеминарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды

Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады iconБұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына Құрметті журналистер!
Республикасы Жоғарғы Соты, «Судьялар Одағы» РҚҰ, байланыс және ақпарат Министрлігі, халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығы қоры, Қазақстанның...
Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады icon«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты Жалпы ережелер
Берілген мемлекеттік қызмет шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу қою тәртібін
Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады iconҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 маусымдағы №615 Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің, мәдениет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және мұрағат ұйымдарының бір топ қызметкерлері «10 жыл Астана»
Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 маусымдағы №615 Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің, мәдениет пен өнер, бұқаралық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница