2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші




Скачать 125.67 Kb.
Название2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші
Дата конвертации15.12.2012
Размер125.67 Kb.
ТипДокументы
Сыңғырла күміс қоңырау-2009.
1-Жүргізуші:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! 2009-2010 оқу жылының басталуына арналған “Алғашқы қоңырау” мерекесін бастаймыз.

2- жүргізуші

Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар!

1-жүргізуші

Қайырлы күн! Қадірменді ата-аналар, шәкірттер!

2-жүргізуші

Күзгі күн шуақ шашады,

Жаз бітіп, жетті қыркүйек.

Басталды білім сапары,

Мектепте думан дүркіреп.

1-жүргізуші

Лүпілдей соқты жүректер,

Шалқыды көкке Әнұран.

Шат күлкі, аппақ тілектер.

Естіліп мектеп маңынан.

2-жүргізуші

Құрметті қауым! Бүгінгі мерекенің басты қонақтары енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндер. Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі Егемен еліміздің болашақ ұрпақтарын зор қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші

Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы

Жас досым саған мың сәлем!

2-жүргізуші

Балдырғандар келіңдер,

Білім үйін көріңдер.

Әріптерді таныңдар,

Бәрін жаттап алыңдар.

1а-сыныбы, сынып жетекшісі ----------------.
1-жүргізуші

Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың, Жоғалмасын ата-салтың, ғүрыптарың.

Кір келтірме ата-ана,ұстазыңа.

Білім берер, алтын ұя мектебіңе
2-жүргізуші:

Жарқырап аппақ жүзі де.

Күлімдеп мөлдір көздері.

Сандығын ашып білімнің,

Ұстатар кілтін ұстазың

1ә-сыныбын қарсы алыңыздар, сынып жетекшісі ----------------------

1-жүргізуші.

Ардақты, абзал ұстаздың

Мейірімге толы құшағы.

Көрсеткен сара жолымен,

Биікке самғап ұшасың.
2-жүргізуші

Аспанымдай мөлдір бол! Жайлауымдай жазық бол! Өзенімдей өршіл бол! Бәрінен де адам бол!
1б-сыныбын қарсы алыңыздар, сынып жетекшісі -------------------

1-жүргізуші

Ертең өсіп толасың

Жұлдыздарды шоласың.

2030-ң мақтаны

Мына сендер боласың

2-жүргізуші:

Жиын, сап түзе! Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!

Туды көтеруге ие болғандар:

  1. Оқу үздігі, мектеп мақтагышы 11а-сынып оқушысы ------------------------

  2. Оқу үздігі -------------------------------------------------------


2009-2010 оқу жылына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын!

Әнұран ойналады.

Жүргізуші:

Бүгінгі мерекемен құттықтау сөз кезегі мектеп директоры ----------------------------- беріледі.
Жүргізуші:

Құрметті қауым! Оқушылық өмірге қадам басқалы тұрған 1-сынып оқушыларының лебіздерін тыңдайық!
1-оқушы

Мен мектепке барамын

Кілең бестік аламын

Жақсы баға алғанда

Бір қуанып қаламын
2-оқушы

-Біз мектепке барамыз

Ауласына келеміз

Кітапты да оқимыз

Құшағына енеміз
3- оқушы

Мектеп, мектеп.

Төңіректеп жүруші едім мен кеше,

Сұраушы едім әпкем кітап бермесе.

Міне мен де –

Жасым толды жетіге

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын шетінен.
4- оқушы

Әр күнім алып келер жаңалықты

Тоқимын оқып, біліп жаңа әріпті

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,

Жанымда сағат сайын жанарыпты.

5- оқушы

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сиақты

Құшағына енеміз.

6- оқушы

Алғаш ептеп именіп,

Ауласына келеміз

Желкілдеген гүл болып

Құшағына енеміз.
Жүргізуші:

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Есіңде болсын ұмытпа

Білім керек бәріңе

Жүргізуші:

Қымбатты қауым! Бүгін біздің ортамызда 11-і Алғашқы қоңырауды қарсы алып тұрған болашақ түлектеріміз тұр. Енді 9 айдан соң біліммен қаруланып, үлкен өмірге қадам басады. Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған ізбасарларына құттықтау сөз кезегін 11а-сынып оқушысы оқу үздігі ------------------ бреміз.

1.Қымбатты біздің ізбасарларымыз! Сендерді Алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып,білімнің шынар басына шығуға, тәртіпті болуға, үлкендерді сыйлауға, кішілерге ізет көрсетуге, сабақтан қалмауға, кешікпеуге, қоршаған ортаны қорғауға, әрқашан шындықты айтуға, Егеменді еліміздің білімді азаматы болып шығатыныңа 11-сынып оқушылары атынан кәміл сенеміз және біздің естіп тұрған 11-і Алғашқы қоңырауды табыс етуге рұқсат етіңіздер.

2.Құттықтау сөз кезегі 1-сынып ата-анасы -------------------------------------------------------------------------------- беріледі.
Жүргізуші:

Құрметті қауым! Бүгін біздің ортамызда алғаш ұстаздық еңбек жолын қара шаңырақта бастағалы отырған жас ұстаздарымыз бар.

Ұстаз сені әрбір адам бағалар,

Сенен ұшқан білім алып ағалар.

Сенен ұшқан дарынды да, дана да,

Сен арқылы мынау ғалам жаңарар.- деп ақын ағамыз жырлағандай , ұстаздық жолды ту естіп ұстаған жас ұстаздарымызды қарсы алайық

  1. Ағылшын тілі пәні мұғалімі ----------------------


Мектепке сен асықтың,

Аңсап күттің бұл күнді.

Алғашқы оқу жылында

Сәтті болсын қадамың- дей отырып, жас ұстаздарға ақ жол тілеп, ақ батасын береді тарих пәні мұғалімі ---------------.
Жүргізуші:

Майқайың №1қазақ орта мектебінің 2009 жылдың 31 тамызындағы №1 бұйрық бойынша 2009-2010 оқу жылының басталуына арналған Алғашқы қоңырау соғылсын.

Сыңғырла қоңырау, сыңғырла,

Шақыра білімнің бағына

Қоңырау әсем саз демі.

Үн қосқан қиялдан асыға.

Білім ал, еңбек ет жас ұлан.

Өрле де биік шың басына.
Жиын сап түзе! ҚР Мемлекеттік Туы түсірілсін.

Құрметті қауым! Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын, дей отырып, 2009-2010 оқу жылына аналған Алқашқы қоңырау салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

Хош сау болыңыдар!
СОҢЫ.

Соңғы қоңырау- 2008.

Фанфар!

1- жүргізуші. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! 2007-2008 оқу жылын аяқтауға арналған «Соңғы қоңырау» мерекесін бастаймыз!
2- жүргізуші. Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
1- жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді қонақтар, мектеп бітіруші түлектер, мектеп шәкірттері!
2- жүргізуші. Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған аяулы ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын «Соңғы қоңырау» салтанаты да біздің мектебімізге келіп жетті.
1-жүргізуші Бүгінгі күн! 11 жыл бойы тәлім тәрбие берген ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің жемісі саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып, үлкен өмірге қадам басатын қуанышты күні.
2-жүргізуші. Бүгінгі күн! Өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, өткенге есеп беру, болашаққа барлау жасайтын сындарлы да сынды уақытқа жаңа 2007-2008 оқу жылына қадам бастауға жол салатын күн.
1-жүргізуші.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді қарсы алайық ағайын

Музыка қосылады.

( Үлкен мектеп пен кіші мектептің арасына 5-сынып оқушыларынан құралған дәліз жасалады, олар ақ жейде, көгілдір галстук, пилотка киіп тұрады. Үлкен мектеп есігінен11-сынып оқушысы 1-сынып оқушысын жетектеп бірінің соңынан бірі дәліз арқылы жүріп өтіп, жиын тұрған жерге келіп тұрады Тұру реті: 11-сынып оқушысы 2 қатарда, алдында 1-сынып оқушысын қояды. Олар орналасып болғанша жүргізушілер өлең жолдарын оқып тұрады)
2- жүргізуші

Бойларында жігер күші тасыған

Кездері жоқ қиындықтан жасыған.

Түлектерім келе жатыр сап түзеп

Арналсыншы оларға ду шапалақ.
1- жүргізуші:

Бұлар-Көкбайрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын егемен еліміздің еретңі мен келешегі.
2- жүргізуші:

Бұлар – ел бірлігін ойлайтын,өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін, біздің ардақты аға-апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашық азаматтарымыз.
1-жүргізуші

Адам болу армандарың алдағы,

Өмірдің көп сен білмейтін сырлары.

Біз тілейміз оң болсын деп сапарың!

Құтты болсын үлкен өмір қадамың.
2-жүргізуші:

Тірлік осы-атады жаңа таңдар,

Жаңа таңдар-алмасқан алақандар....

өмір деген биікке дара самғар

Бірақ ертең аққу боп айдынына оралар балапандар!
1-жүргізуші.

Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,

Жоғалмасын ата-салтың, ғұрыптарың.

Кір келтірме ата-ана, мектебіңе.

Өскен ұя, ордаңды ұмытпағын.
2- жүргізуші:

Өлкесінің айналсын ертеңіне,

Сенімдердің айналсын серперіне.

Ұстаз біткен тілейді ақтарылып,

Тек сәттілік, елімнің ертеңіне.

1- жүргізуші:

Тарыдай болып келіп ең кеше ғана,

Таудай ұл-қыз болыпты өсе дара.

11 жыл білім нәрін сусындапты,

Мектепті де бітірді есен аман.
2- жүргізуші

Алдарыңда жол жатыр таралған мың,

Шақырады қол бұлғап сан арманың.

Жеткіншектер жеткізіп мұраттарға,

Орындаңдар әке мен ана арманын.
1-жүргізуші

Мектеппен бүгін қоштаспақ,

Қоштаспақ бүгін сан түлек

Айтылар бүгін сан тілек.

Егілер бүгін сан жүрек
2-жүргізуші

Бүгін мектеп бітіруші түлектерді ең қимас, ең ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт күтіп тұр. Сендердің алдарыңнан жаңа өмір есігі ашылады. Тіршілігі қайнаған қым-қуат өмірдің даңғыл жолында ақ жол тілейміз!
1- жүргізуші.

Жиын, сап түзе! Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!

Әнұран.
2- жүргізуші.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз- деп алғашқы сөз кезегі мектеп басшысы Түсіпбаев Ж.Р. беріледі.

(Сөз сөйленеді, гүл шоқтарын береді)
Музыкалық номер: бишілер тобының орындауында.

1-жүргізуші:

Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,

Жана берсін бақ артып бағыңыздан.

Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан- деп құттықтау сөз кезегін кентіміздің әкімі Ермекбаев О.Қ. береміз.
2- жүргізуші:

Жақсы адамды қалайша тыңдамайық,

Жақсы сөзге құлақ түр, ал ағайын- деп, 2007-2008 оқу жылын «Үздік» бітірген мектеп шәкірттерін марапаттау рәсіміне көшеміз. Сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Макина Р.Т. беріледі.
Музыкалық пауза: «Ұстазыма арнау.


  1. жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенің қас –қағым


  1. жүргізуші:

Еңбегің жанып күні ертең,

Көрінсін арман асқары.

Бірге өткізген күндерін қысы-жазы.

Жазып шықты қаншама іс қағазын.

Балапанын ұшырған ұясынан

Сөз берейік жетекші ұстазына

11-сыныптардың жетекшілері атынан сөз кезегін Анаева Р.С. береміз.

(Сөз сөйленеді, гүл шоқтарын беріледі)
Музыкалық пауза: «Мектеп бітірушілердің қоштасу вальсі»

(Вальс орындалып жатқанда түлектерден құралған 20 жұп жиынның ортасына шығып, вальс билейді)


  1. Жүргізуші

Ұшырса да өмірден талай құсын,

Ұстазда тиянақтар алған ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы.

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

Қадірменді ұстаздар! Енді сіздерге арналған мектеп түлектерінің лебізін тыңдайық. 11 сыныптардың атынан сөз кезегін оқу үздігі Жангельдина Анаргүлге береміз.

Сөз---------------------------------------
Музыкалық пауза: «Армандастар.

  1. жүргізуші

Ал енді келесі кезекті 1-сынып оқушылары күтіп тұр. Олар аға-әпкелеріне ыстық лебіздерін білдірмекші.

  1. оқушы

Құрметті апаларым, ағаларым,

Сіздерге қарап тұрып таң қаламын.

Мектепке тарыдай боп кіріпсіздер,

Сәт келді таудай болып шығатұғын.

  1. оқушы

Сапарларың сәтті болсын ағалар!

Кез де келді өмір жолын жағалар,

Ұстаздардан білім алған жас түлек.

Ұлылықты қалт жібермей бағалар.

  1. оқушы

Сапараларың сәтті болсын апайлар!

Сәттер туды барлығын да абайлар!

Сіздер жалғыз емессіздер бұл жолда.

Ұстаздарың соңдарыңнан қарайлар.

  1. оқушы

Алтын ұя мектебіңді

Түлектерім ұмытпаңдар!

Ұстаздардың еңбектерін

Табан асты қалдырмаңдар.

  1. оқушы

Басқа мектеп күтіп тұр ғой сендерді

Алда өту керек сан белді.

Бәріңе де тілейтінім сәттілік

Тапсыруда бірыңғай ұлттық тестіні.

  1. оқушы.

Аспанымдай мөлдір бол!

Жайлауымдай жазық бол!

Өзенімдей өршіл бол!

Бәрінен де адам бол!

  1. оқушы

Бел асып барасыңдар қияға,

Жетесіздер алуан түрлі арманға,

Сіздердің ісіңізді жалғастырар,

Біз қаламыз сенім артып арқаға.

  1. оқушы

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз.

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Сіздердей үлкен болып бойымыз,

Ақылды да білімді болып өсеміз.

Музыкалық пауза: «Қош бол, мектеп.

1-жүргізуші

Міне, 11 жыл бойы оқушылық кезеңде берілген бірнеше рет қоңырау үнін естідіңіздер. Бұл қоңырау үні алғаш рет мектеп-анаға шақырып сыңғырласа, кейін әрбір сабаққа шақырған қоңырау үні болып естілді. Бүгінгі қоңырау ол- мектеп кезеңіндегі сендер үшін сыңғырлайтын соңғы қоңырау болмақ.
2-жүргізуші

Соңғы қоңырауды соғу рәсімі 11ә сынып оқушылары Жакижанов Азамат, Жангелдина Анаргүл және 1а сынып оқушылары---------------- тапсырлсын.

(Қоңырау соғу реті: 11-сыныптың ұлы 1-сыныптың қызын, 11-сыныптың қызы-1-сыныптың ұлын жетектеп жиынның ортасына келіп, екі жаққа айырылып, қоңырауды соға жүріп орындарына келіп, ұзақ сыңғырлата соғады)
1-жүргізуші

Сыңғырла сыңғыр қоңырау.

Шуақты күн астында,

Мектепті еске ал осынау

Жүректер құшақ ашсын да.

Гүлдере толы омырау

Қағылмақ соңғы қоңырау,

Қақтырмай оны қоймайды.

Сыңғырла соңғы қоңырау.

2-жүргізуші

Жиын, сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы төмен түсірілсін.


  1. жүргізуші

Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 11 көктем, 11 күзді өткізген мектеп сендерге қыймастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен мына жиналған халық сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді., армандарыңның биік шыңына жете беріңдер.

  1. жүргізуші:

Алқынып арман қуған жүректері,

Бұл күн дағы өмірдің бір өткелі.

Орындалып ойдағы армандарың

Қиял шыңға өрлеңдер түлектерім.

Қазақ мектебінің бүгін міне.

Ұшырған алпыс сегізінші түлектері.
1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер! Осымен 2007-2008 оқу жылын аяқтауға арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Қымбатты біздің түлектер, жолдарың болсын, сәт сапар, ақ жол тілейміз!

(Барлық оқушылар гүл шоқтарын жоғары көтеріп, қолдарын бұлғайды, сол кезде «Сәт сапар, түлек-2008» деген лентада жазуы бар көгершін макеті аспанға ұшырылады)
Соңы.

Похожие:

2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші icon2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші
Тыңдаңыздар! 2009-2010 оқу жылының басталуына арналған “Алғашқы қоңырау” мерекесін бастаймыз
2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші iconМузыкальное выступление молодежи
Жүргізуші :Қайырлы күн, құрметті қонақтар. Жарқын мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған...
2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші iconЖүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі. Жауынмен қара жер көгереді
...
2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші icon«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің 9 – 11 сыныптарға арналған әзірлемесі
ЖҮргізуші: Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!Келе жатқан сиыр жылы мерекесімен құтықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат...
2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші iconІі жүргізуші: Ар ма, ағайын! І жүргізуші: Біз бүгін елдігімізге, мемлекетіміз рәміздеріне құрмет көрсетуге жиналып отырмыз. ІІ жүргізуші
...
2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші iconҚайырлы күн құрметті сайысқа қатысушылар, қонақтар! «Бабалар жүрген жолымен»
«Бабалар жүрген жолымен» атты сайысқа екі топ қатысып отыр. Топтары 8 – 9 сынып оқушыларынан құрылған
2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші iconXxi ғасыр көшбасшысы 1 жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «ххі-ғасыр көшбасшысы»
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «ххі-ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастакуға...
2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші iconАлтын күз мерекесі Жүргізуші: Құрметті, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық, молшылық тілей отырып, бүгінгі «Арайлы алтын күз атты»мерекелік...
2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші iconҚазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Қайырлы күн, құрметті оқушылар!
Елімізде орта есеппен алғанда күн сайын шамамен 40-50 өрт болады екен, күн сайын өрт кезінде бір немесе екі адам көз жұмып, әр түрлі...
2- жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар! 1-жүргізуші iconАбай – Тәуелсіздік жыршысы Абай – певец Независимости Фильм «Қазақ елі» Жүргізуші 1: Армысыздар ұлағатты қонақтар! Құрметті оқырмандар. «Абай – Тәуелсіздік жыршысы»
Абайдың аңсар арманы, тілегі, мақсат-мұраты қазақты өркениет нәріне сусындаған, бүкіл адамзат мәдениетіне құшағы ашық, өрлі өнер...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница