Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары




Скачать 57.64 Kb.
НазваниеТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары
Дата конвертации15.12.2012
Размер57.64 Kb.
ТипДокументы


Тілдерді қолдану мен дамытудың

2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасын іске асыру жөніндегі

Курчатов және Риддер қалалары

әкімдерінің жұмысы туралы

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде Курчатов және Риддер қалаларының әкімдері бірқатар жұмыстар атқаруда.

Курчатов және Риддер қалалары әкімдіктерінің отырыстарында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселелері қаралып отырылды. Мемлекеттік тілге оқытуды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданады, Оқыту орталықтары құрылған. Мемлекеттік органдардың іс жүргізуін мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің кестелері бекітілген. Өткізілетін іс-шараларды ілеспе аудармамен қамтамасыз ету үшін жабдықтар сатылып алынған.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен, атап айтқанда, Курчатов қаласында 5 млн. теңге, Риддер қаласында 650 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған. Курчатов қаласындағы мемлекеттік органдардың құжат айналымында мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы артқандығы байқалады.

Орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтай отырып, мемлекеттік тілді қолдану аясын одан әрі кеңейту, осы өңірлерде тұратын басқа этностық топтардың тілдерін дамыту үшін алғы шарттар жасалған.

Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Курчатов және Риддер қалаларында қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің жүйесін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Курчатов қаласында таяу жылдарда қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын мектепке дейінгі мекеме мен жалпы білім беретін мектеп ашу мәселесін шешу үшін алғы шарттар жасалған.

Риддер қаласында «Шаңырақ» қазақ мектеп-гимназиясында мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың мол іс-тәжірибесі жинақталған. Мектеп-гимназия Оқытудың жаңа формалары халықаралық институтымен бірге жасалған «Көпдеңгейлі үздіксіз креативтік білім берудің педагогикалық жүйесін іске асыру» жобасын 2006-2007 оқу жылында енгізген Қазақстандағы жалғыз мектеп ретінде танылған.

Сонымен қатар Курчатов және Риддер қалалары мемлекеттік органдарының жұмысында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда бірқатар елеулі кемшіліктер мен олқылықтар бар.

Курчатов және Риддер қалалары мемлекеттік органдарының жұмысында мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру деңгейі әлі де болса жеткіліксіз. Мемлекеттік органдардың актілері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 9, 10–баптарын бұза отырып, тек қана орыс тілінде әзірленіп, қабылданады. Мемлекеттік тілді қолдануға тек аударма арқылы ғана қол жеткізіледі.

Қала әкімдіктерінде бірнеше жылдан бері мемлекеттік тілді оқыту курстары жұмыс істегендігіне қарамастан, ол мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін білуін көтерудің әдістемелік орталығы бола алмай отыр.

Жоғарыда аталған қалалардың мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілді меңгерген білікті кадрлардың жетіспейтіндігі ереше сезіледі.

Курчатов қаласында мемлекеттік тілді еркін меңгерген және және қызметтік өкілеттіктерін орындау деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің саны 45 %, Риддер қаласында тек қана 14,3 % құрайды. Сонымен қатар, Риддер қаласы мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы 2006 жылы шығыс құжаттарында 1,3 %, 2007 жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 2,2% құрады, бұл облыс бойынша ең төмен көрсеткіш.

Риддер қаласының бірнеше мемлекеттік органдарында мөр мен мөртабанның, іс бланкілерінің мәтіндері Қазақстан Республликасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңыны 21-бабының талаптарына сәйкестендірілмеген.

Риддер қаласындағы «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы негізінде мемлекеттік тілді жеделдете оқыту әдістемесін пайдаланудың ертеректе жинақталған бағыттары соңғы жылдары жоғалтылды. Мектепке дейінгі мекемелерде соңғы жылдары қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын топтарды ашу, қазақ тілінде оқытатын жалғыз мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ. Мәселен, қаланың жалпы білім беретін 13 мектебінің пайдалы алаңының жүктемесі жобалық қуатының 68 % болса, «Шаңырақ» мектеп-гимназиясының жүктемесі 147 % құрайды.

Бұл фактілердің барлығы Риддер қаласы әкімдігінің мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөлгендігінің салдары болып табылады.

Қалалардың ономастикалық комиссиялары мемлекеттік ономастикалық жұмыстардың қағидаларын қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың біртұтас бөлігі ретінде насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жеткіліксіз жүргізеді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

25-2-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов (А.М. Мұхтарханов) қаласы әкімінің жұмысы қанағаттанарлық, Риддер (Л.И. Снеговский) қаласы әкімінің жұмысы жеткіліксіз деп есептелсін.

2. Курчатов (А.М. Мұхтарханов) және Риддер (Л.И. Снеговский) қалаларының әкімдері:

1) Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы кемшіліктер мен олқылықтарды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдасын;

2) мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуді, оның әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің құжат айналымында қолданылуының үлес салмағын көтеруді қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралар кешенін қабылдасын;

3) «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» мақсатты жұмысын, қазақ тілін меңгерген және оны өзінің қызметтік міндеттерін орындауда пайдаланатын мемлекеттік қызметшілерді материалдық және моральдық ынталандыру шараларын қолдануды қамтамасыз етсін;

4) қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің жүйесін кеңейту, олардың материалдық-техникалық және кадрлық негізін нығайту бойынша қосымша шаралар қабылдасын.

3. Құрылыс (Т.Ж. Қасымжанов), экономика және бюджеттік жоспарлау (Б.М. Өтепов), білім департаменттері (А.А. Исаев) 2008 жылға арналған бюджетте Курчатов қаласындағы орта мектепті қалпына келтіруге қаражат бөлуді қарастырсын.

4. Риддер қаласының әкімі (Л.И. Снеговский):

1) «Шаңырақ» мектеп-гимназиясына мемлекеттік тілді жеделдете оқыту технологиясының әдістемелік және ұлтаралық келісім мен өзара түсіністіктің әрекетті орталығы ретінде қолдау жасау, материалдық-техникалық, кадрлық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдасын;

2) өңірді мекендеген ұлттардың тілдерін үйрету мен дамытуда қалалық Достық үйінің рөлі мен маңызын көтеру, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін күшейту бойынша шаралар қабылдасын.

5. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері:

1) Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысына бақылауды күшейтсін, оның іске асу барысы бойынша құрылымдық бөлімше басшыларының есептерін тыңдауды іс-тәжірибеге енгізсін;

2) топонимикалық нысандардың атаулары және қайта атауды тәртіпке келтірсін, тұрғындар арасында атауларды нақты жағдайға сәйкес келтіру бойынша жоспарлы түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізсін.

6. Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті (А.А. Исаев) Риддер қаласындағы қазақ тілінде оқытатын мектептің жағдайын зерделеп, мектептің орналасу орны мен ондағы оқушыларды орналастыру мәселелсін шешу бойынша бір апта мерзімде ұсыныс енгізсін.

7. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті (А. А. Исаев) қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің санын кезең-кезеңмен арттыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын, сонымен бірге олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етсін, педагог кадрларды тұрақтандыру үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасасын.

8. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (М.Ә. Мұхамеджанов):

1) облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымында мемлекеттік тілді қолдану мониторингін жалғастырсын;

2) 2007 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде қалалар мен аудандардағы мемлекеттік органдардың, облыстың департаменттері мен басқармаларының іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруге дайындығы жөніндегі жұмыс жағдайы туралы ақпарат берсін.

9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Е. Тәженовке жүктелсін.

Облыс әкімі Ж. КӘРІБЖАНОВ


Похожие:

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары iconА Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары icon«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы»
Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №293 қаулысының 2009 жылдың 3 тоқсанында орындалуы туралы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат
Жылғы қызметі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары iconҚұрметті министр! Қадірлі әріптестер!
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде қаралатын «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы 2010 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары icon2011 жылғы тамыздағы № қаулысына
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау облысының 2011–2013...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары icon«Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндегі Приозерск қаласының 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары
«Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндегі мемлекеттік...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №878 Қаулысы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы n 1200 Қаулысы
Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница