Смагулова Н. С




Скачать 105.83 Kb.
НазваниеСмагулова Н. С
Дата конвертации10.07.2014
Размер105.83 Kb.
ТипДокументы
Білім беру сапасын жетілдірудегі негізгі қадамдардың бірі-бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың қазіргі мектептегі білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың алғы шарты ретінде қарастырылуы.

Смагулова Н.С.

М. М. « №15орта мектеп.»

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН КІТАП ОҚУҒА ҚЫЗЫҚТЫРУ-БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІН ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ

Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтыруды білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың алғы шарты ретінде қарастырып, кітап оқуға қызықтыру жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың барлық пәннен алған білімдерін тереңдете түсу,кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу,өз бетімен жұмыс істеуге төселдіріп, оқуға, білуге ынтасын, құштарлығын арттырып,баланың эстетикалық және қоршаған дүниені тану құмарлығын жетілдіре отырып,таным белсенділігін дамыту сияқты аса қажетті мақсаттарға қол жеткізуге болады дегім келеді.[6] «КІТАПСЫЗ БІЛІМ ЖОҚ, БІЛІМСІЗ КҮНІҢ ЖОҚ» дегендей кітаптың білімдік, тәрбиелік мәнін, мақсатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Бұл жөнінде В.Г.Белинский: «Балалар кітапшаларының мақсаты-балаларды белгілі бір іспен ғана шұғылдандыру емес,оларды теріс әрекеттерден алдын-ала сақтандыру,сонымен қатар оларға табиғаттың берген адамгершілік қасиеттерін, сүйіспеншілік сезімін,шексіздікті сезіну және дамыту болады»[3] Балалық шақта кітап адамға өте күшті әсер етеді.Бала жасынан өзіне айнымас дос,сенімді жолдас болған кітапты шын жүрегімен сүйген М. Горький: «Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін алдымен кітапқа борыштымын,-дейді де,- БІЛІМ БҰЛАҒЫ КІТАПТЫ СҮЙІҢДЕР!» деп ұрандайды.[8]

Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың қазіргі уақытта мектептегі білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың алғы шарты ретінде қарастырылуы өте маңызды іс.Балалардың кітап оқуға қызығушылығын оятып,кітап оқуға ынтасын арттырып,қандай кітап оқу керек екеніне бағыт беріп отыру –бұл жұмысты ұйымдастырушы ұстаздың шеберлігіне байланысты.

Қазақстанда және дүние жүзінде болып жатқан оқиғалардың бәріне сергек сезімталдықпен мән беріп,балалардың білім өрісінің кеңеюіне, жетілуіне, өзіне қажетін таба білу арқылы жетілуіне, өнерге ұмтылуына басшылық жасаумен бірге,бала бастауыш сыныпты бітіргенде шығармашылықпен шыңдалуына қажеттінің бәрін мұғалімді тоспай-ақ кітаптан таба білуіне негіз жасап беруіміз керек деп ойлаймын.

КІТАП-ШЕБЕР ҰСТАЗ, ТІЛСІЗ МҰҒАЛІМ.Кітап арқылы оқушылар бүкіл дүниемен, адамның алуан түрлі жан-сырымен,мінез-құлқымен, олардың саналы өмірлерін сарп еткен үлгі-өнегелі істерімен танысады.Өз еңбегімен, өз шығармашылығымен келген ойға одан бұрынғы адамдар қалай қараған екен дей келе ойына ой қосылып, шығармашылығына қанат бітеді. Мұндай шәкірт енді аузына сөз салып үнемі жетектеуді қажет ететін мақтаулы орындаушы ғана емес,өзінің жеткен ,ашқан жаңалығымен ортасын елең еткізер,басқаның таң қалуы арқылы дамуын тудырар нағыз,толыққанды субъект емес пе?Осы мақсатқа қоғам дамуы басқаша шетелдік педагогтардың үлгісіне түспей-ақ өз ұрпағымызды өз ата-бабаларымыздың қалтырған мол мұрасымен сусындауына үйретсек, кешегі күні олардың өмірі жетпеген,қуғын-сүргінге түсіп, аяқсыз қалған ісін жалғастырар нағыз патриот ұрпақты кітап оқуға үйрету арқылы қалыптастыруға болады демекпін.Міне, сондықтан да түрлі жолдармен балаларды кітап оқуға қызықтыру шарт.Бүгінгі күні балаларға арналған кітапшалар өте көп болумен қатар мазмұны ,мағынасы жағынан алуан түрлі және жас баланың жанын тебірентерлік қызықты оқиғаларға толы.Жеңіл тілмен берілген бұл кітапшалар балаларды дүниені танып білуге үйретеді: табиғат пен адам, жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік,Отанды сүю, қиыншылықтан қорықпау,жеңе білу,еңбек адамын қадірлеу,басқа да адамгершілік, рухани, игі қасиеттермен таныстырады. Әдебиеттік оқу сабақтары бағдарламалық материалдарды қамтитын болса,қосымша кітап оқу сол материалдарды мазмұн - мәні, көлемі жағынан дамытады.Баланың оқуға ықылас-пейілі, ынтасы арта түседі.

Жас баланың бойында пайда болған көптеген көмескі түсініктер кітап оқу арқылы бірте-бірте айқындалып, олардың дүние танудағы көзқарасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.Өздігінен кітап оқуды жан-жақты дамытып жетілдіру үшін, балаларға үнемі жоспарлы әңгіме айтып,олармен әңгімелесіп,кітапханаларға саяхат жасап, кітап оқушылар отырысын ұйымдастырып, кітап оқушылар үйірмесін(мәнерлеп оқушылар үйірмесін) ұйымдастырып,тақпақ оқу конкурстарын өткізу-осылардың бәрі оқушылардың ойын оятып, білу құмарлығын арттырып, өздігінен кітап оқуға үйрететін жұмыстар.

Кітап оқуды ұйымдастырудағы жұмысым нәтижелі болу үшін, алдымен әдебиеттік оқу сабақтарында әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын қатаң есепке ала отырып,дауыстап оқу арқылы жеке сөздерді дұрыс оқуға, сөйлем ішіндегі сөз мағынасын дұрыс түсінуге әбден жаттықтырып, әңгіме, мақала, өлең,ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде олардың ой түйінін,негізгі идеясын анықтай білуге үйретемін.Осындай дайындық жүргізгеннен кейін ғана,оқушылардың өздігінен кітап оқу жұмысын дұрыс жолға қоюға болады.

Бұл жұмысқа керекті педагогикалық әдіс-тәсілдерді құруға қажетті тұжырымдама С. Л. Рубинштейннің [1] еңбектерінде айтылған «Ойлау барысында ойлау объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық, психологиялық берік негіз бар» деген ойынан алынған.Ол бойынша жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен.Осы істің тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория Л.С.Выгодскийдің «Оқыту процесінде оқушының ақыл –ойының дамуы «актуальды даму» [2] аймағынан «жақын арадағы даму аймағына ауысуы»туралы теориясы. Бұл ауысу кітап оқу кезінде берілген тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізінде болады.Осындай әрекет арқылы оқушылар оқуға берілген бірдей кітаптарды әртүрлі қабылдайды .Бұл деңгейді төртке бөлуге болады:

Бірінші деңгей-«міндетті»,оқушылық

Екінші деңгей-алгоритмдік

Үшінші деңгей-эвристикалық

Төртінші деңгей-шығармашылық деңгей

Бірінші деңгейдегі тапсырмалар жаттап алуға лайықталған болуы керек.Бұрыннан білетінін қайталап,пысықтауына мүмкіндік берілуі тиіс.Кітапшаның тілі жеңіл, астарсыз, ұғымына лайық болуы,өмірмен байланысты болуы дұрыс

Екінші деңгейдегі тапсырмалар бұрынғы білетінін реттеп,жүйелей отырып, өзгертілген жағдайдағы тапсырмаларға,яғни бұрынғы білетініне ұқсас,бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған біліктілік түрлендіріліп пайдалануы қажет.Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырма біздің ұлттық ерекшелігіміз ескеріліп,танымдық,үйретушілік маңызы болу керек.Бұлар:сөзжұмбақтар, ребустар, қызықты тапсырмалар.

Үшінші деңгейдегі тапсырмалар ізденушілікке үйрету мақсатын көздейді.Танымдық іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар оқыған кітапшаларындағы меңгерген алғашқы қарапайым білімдерінен заңдылықтар ,анықтамалар, ережелер тұжырымдап,өзі үшін өзіне алдағы уақытта қажетті,үнемі басшылыққа алып жүретін қағидалар ойлап,жаңалық ашуы керек.Мұндай жұмыстар нәтижесі барлық сабақтарда өзіндік ой-пікірлерін айту кезінде көрініс береді.[5]

Төртінші деңгейдегі тапсырмалар (шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар) Оқушылардың өздігінен кітап оқу барысында жинаған өмір тәжірибесі менқалыптасқан ұғым,түсініктерінің,қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша,бұған дейін болмаған,белгілі бір дәрежеде олардың жек басының икемділігін байқататын дүние жасап шығаруға негізделген.Олимпиадалық жұмыстар,берілген тақырыпқа өз бетімен рефераттар,баяндамалар жасау,ғылыми жоба қорғау, демек, бұл тапсырмалар-оқушының біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

Оқушылар бірдей кітапты оқып шығып,әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді.Бұл барлық оқушыны тірек біліммен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді. «Міндетті» деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне-өзінің сенімі артады.Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлі тапсырманы орындауға міндетті және жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы.Осылайша деңгей ауыстырып, білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді.Деңгейлік тапсырмаларды орындағаны үшін сол деңгейге сәйкес ұпай алады. I деңгей үшін 5 ұпай, II деңгей үшін 10 ұпай, III деңгей үшін 15 ұпай. Ең жоғарғы деңгейді,әрине,дарынды да еңбекқор оқушы орындай алады.Осылайша әр тақырып бойынша оқушыларға жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап,көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады.Нәтижесінде оқушының табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жаңа жағдай жасалады.Әр деңгей үшін (+) қойылады.Бұл оқушылар арасында олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылай алатындықтан өзара жарыс тудырады.Жинаған ұпайларын оқушылар әр жиын соңында нүктемен қосып отырады.Осы сызықтардың арасын біртіндеп қосса,график шығады. Ол оқушының даму мониторингі болып табылады.

Оқушылар өз бетімен кітап оқығанда өздеріне таныс емес,түсінігіне ауыр сөздерді, сөйлемдерді немесе сөз тіркестерін қағазға жазып,аты-жөнін көрсетіп, «Анықтама бұрышы» немесе «Мұны білсем деп едім... » деп аталатын қалташаға салып отырады.Бұл жұмыс баланың сауатты жазылуына да ықпалын тигізеді.Жауапты өздері бір-біріне,өте ауыр деп танылған сұрақтарға ата-аналар,мұғалім көмектеседі.Сұрақ-жауап сағатын өткізуге арнайы уақыт бөлуге де болады.Бұл жұмыста оқушы нақты бір іспен шектелмей,өздігінен ізденіп,тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап,уақытын жеткізе біліп,оны тиімді пайдалана алуын,соңынан білім деңгейінің біршама көтерілуіне қол жеткізуге болатынын байқадым. Бұл жұмыстың түрі жоғары сыныптарда жалғасын тапса-айтар жоқ.

Бірінші сынып оқушыларын кітап оқуға үйретуді сауат ашуға даярлық кезеңінен бастап-ақ бастадым.Бұл кезеңде «Балдырған», «Айгөлек» журналдарынан, басқа да әсем суретті кітапшалардан сурет көрсете отырып,қысқа-қысқа өлеңдерді,жұмбақ,ертегілерді оқып беріп қызықтырса, баланың кітапқа деген алғашқы көзқарасы арта түседі.Үйде олар ата-аналарына, аға-апайларына өтініш жасайды, өздері оқып алатын күнді асыға күтеді. Сауат ашу кезеңінде суретті кітапшалар бойынша сөз, сөйлемдер құратып,оқу ғана емес,тілінің қалай жетілгнін,ойын қалай жеткізе алатынына басшылық етуге болады. Оларды кітаппен таныстыруда белгілі жүйе болу керек.

  1. Кітаптың сыртымен таныстыру.(Кітаптың аты,авторы,түр-түсі, басылып шыққан жылы,баспасы)

  2. Кітаптыңішімен таныстыру. (Ішкі беттерін ашып көрсету,суреттеріне көңіл бөлу,астындағы жазуларға,мазмұнына көз жүгірту.)

ӘЛІППЕ КЕЗЕҢІНДЕ КІТАППЕН ТАНЫСТЫРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҮЛГІСІ.

-Балалар, сендердің қандай кітаптарың бар?

-Әліппе және есеп кітабы.

-Әліппеден не оқыдыңдар?

-Дыбыспен,әріптермен танысамыз.

-Ал есеп кітабынан ?

-Сандарды жазамыз,оқимыз, есеп шығарамыз,оныәдемілеп жазып үйренеміз.

-Дұрыс айтасыңдар,аз уақытта көп жұмыстарға төселіп қалдыңдар.Дыбыстарды толық таныған соң,барлық сөздерді,сөйлемдерді, қызық әңгіме,ертегілерді өздерің-ақ оқи алатын боласыңдар.Сабақтан бос уақыттарың қызығырақ болады, білімдерің молая түседі,-деп кітаптың маңызы туралы айтып,әзірше кітапты өзім оқып беретінімді айтамын.

-Балалар, мен бүгін сендерді мына әдемі кітаппен таныстырсам деп едім.Бұл кітапты жазған адамды-автор дейміз.Мына кітаптың авторы-Тұманбай Молдағалиев.

-Сонымен ,автор дегеніміз кім болды екен ? Мына кітаптың авторы кім ?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар кітапты жазған адамның аты-жөнін еске сақтауға тырысу керек, себебі,бұл автордың басқа да шығармаларымен танысатын боламыз.Кітаптың сыртына қарайықшы,ненің суретін көреміз?

-Кітаптың сыртында көбелектің суреті бар.

-Тағы нені көруге болады?

-Кітаптың сыртында бірнеше көбелектің және гүлдердің суреті бар.

-Көбелектің түстері қандай?

-Көбелектің түстері-ақ, қызыл,жасыл.

-Ендеше бұл кітаптың атын-«Қызыл, жасыл көбелек» деп қойыпты.Авторы-Тұманбай Молдағалиев.

-Біз көбелектерді жылдың қай мезгілінде көп кездестіреміз?

-Жазда.

-Көбелек қуып ойнағандарың бар ма?

-Біз көбелектерді гүл арасынан көріп,ұстамақшы болдық.Олар тығылып қалды.

-Оларды гүлдердің арасынан тез байқап, ұстап алуға бола ма?

-Жоқ, олардың түсі гүлге ұқсас,гүл екен деп байқамай қаласың.

-Балалар, көбелектер мен гүлдер туралы тағы не білесіңдер?

-Ал мына кітапта былай деп жазып қойыпты.(Мәнерлеп оқып беремін.)Кітаптың ішкі беттеріндегі суреттермен мазмұнына сәйкес келген кезде таныстырып, қорытынды ретінде көбелектердің түр-түсінің әдемілігін, олардың әс-әрекетін, гүлдерге тигізетін пайдасын айта келіп, сурет салуға тапсырма бердім.Келесі күні 2 оқушы «Көбелек» туралы тақпақ жаттап келіп,4-еуі көбелегі бар суртті кітапша тауып әкеліп,әңгімеге қатысқан балалар түгелімен кітап мазмұнына сай сурет салып, әдәмі бояулармен бояп келгенін көрдім.

«Балдырған», «Жыл-он екі ай», «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек» деген журналдарды көрсетіп, таныстыру кезінде, әр сөзін анық, жағымды дауыспен, мәтіннің мазмұнына қарай әсерлі, сиқырлы, тартымды дауыс құбылыстарына салып оқи отырып, қызық жеріне келгенде кілт тоқтап қалғанда олардың қаншалықты зейін қойып байқап отырғанын көріп: «Қалғанын үйде мамаларыңмен тауып оқыңдар»,-деп ата-аналарды да бұл жұмысқа араластыруға болады.

Өз сыныбымда кітап оқуға үйрету жұмыстарын төмендегі түрлерге бөліп жүргіздім.

  1. Сабақтан тыс уақытта өзімнің дауыстап кітап оқып беруім.

  2. Ұйымдасқан түрде кезектесіп кітап оқулары.

  3. Топқа бөлініп кітап оқу.

  4. Өз таңдаулары бойынша жеке кітап оқу.

САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТТА ӨЗІМНІҢ ДАУЫСТАП КІТАП ОҚУ ЖҰМЫСЫН ТӨМЕНДЕГІШЕ ЖҮРГІЗДІМ.

Қазіргі сабақтарда көптеген жұмыстар оқушы белсенділігіне бағытталып,мұғалім тарапынан көрсету жұмыстарына көп мән берілмей қалатын кездер жиі байқалады. [7] Сондықтан алдымен үйрету мақсатында әсерлі дауыспен өзіме баурап алып, ертегі немесе әңгіменің оқиға желісін балалардың көз алдына елестетіп, қиялын шарықтатуға тырысып бағам.Осы кезде ойға еріксіз В.Г.Белинскийдің мына сөздері оралады. «Сіз балаларға ертегі не әңгіме оқи қалсаңыз, өзіңіз көрінбейтін болыңыз. Оқығандарыңыздың бәрі тыңдаушыңызға тікелей әсер етіп, өзін-өзі баяндайтын болсын. Егер әңгімеңіз оларға ұнаса,оны қызыға қайта оқуға талпынса, онда сіз өз ісіңізді атқарып шыққаныңыз.»[3]

Бастауыш сыныпта әрбір игілікті істің пайдасынан бұрын зиянын тигізбеуін алдын –ала ойлап ескерту, талап ету, қадағалап бақылау әр мұғалімнің міндетті ісі. Сондықтан да кітап оқудың ГИГИЕНАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН таныстыру әр жұмыста қатар жүрері сөзсіз.

Оқушыларды кітап оқуға баулу арқылы білім сапасын жетілдіріп, білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың алғы шарты негізінде қарастырылуының нәтижесін шәкірттерімнің тілі жатық,ойы оралымды,кез келген сабақта ойын ашық айтып,тежелмей сөйлей алатын жас ерекшелігіне сай әр адаммен тіл табыса білетін, коммуникативті,мектепішілік,қалалық олимпиада жүлдегерлері,болашақта алатын мол білімдеріне мықты негіз қалаушылар, алаңдатары көп, бүгінгі беймаза әлемде өзінің сара жолын таба алатын,дені сау, рухы мықты болып қалыптасып келе жатқанынан көремін. Бүгінгі күні ата-анаға да, мектепке де, қоғамға да керегі осындай бала деп ойлаймын.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. С.Л.Рубинштейн // «Шығармашыл тұлға қалыптастыру» 18б.

  2. Л.С.Выгодский // «Оқу процесінде ақыл-ойдың дамуы» 88-93 б.

  3. В. Г.Белинский // «Балалар кітапшалары туралы бірер сөз» 12-17б.

  4. К.Д.Ушинский // «Қалай оқыту керек» 44б.

  5. Г. Ешанова.С. Қожахметов «Жеке тұлғаның дамуына бағытталған ой-пікірлері» // Қазақстан жоғары мектебі, - 2006.-№1,5. 96-99 б.

  6. Н.Л.Шальнева // «Субъект-субъектные отношение в детском коллективе» 57б.

7. Аханова Б.К. // «Шығармашылық тұлға қалыптастыру» //Педагогика

жаршысы, -2007.-№4. 24-26 б.

8. А.М.Горький // «Кітап туралы» еңбегі 67-68 б.

Похожие:

Смагулова Н. С iconСмагулова молдир кайруллаевна

Смагулова Н. С iconР. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Смагулова Н. С iconСостав кокпектинской районной территориальной избирательной комиссии
Красникова Надежда Александровна, Бекенов Болат Бекенович, Байгалиев Амангельды Азанбаевич, Смагулова Гаухар Аскеровна
Смагулова Н. С iconБойынша қайталау Сабақтың мақсаты
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Б. Майлин атындағы орта мектептің физика және математика пәндерінің мұғалімі Смагулова Ләззат...
Смагулова Н. С iconНужны инвестиции
В конце прошлой недели на заседании районного акимата под председательством акима района Сапаргельды Смагулова были рассмотрены вопросы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница