«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар»




Скачать 110.03 Kb.
Название«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар»
Дата конвертации15.12.2012
Размер110.03 Kb.
ТипДокументы
«БОТА» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар
Қаржы есептері «БОТА» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» грант шартының №1 Қосымшасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Қаржы есебін дайындау барысында есеп кезеңін көрсету керек. Барлық шығындар ұлттық валютада көрсетіледі (теңге).
Қаржы есебінің құрамы:


  1. ТҮПНҰСҚАЛАР:


2А Қосымшасы (біріктірілген бюджет)

Қосымшасы (егжей-тегжейлі бюджет)

Қосымшасы (ақша қозғалысы туралы есеп)

Есеп кезеңі үшін банктік көшірме
(Аталмыш қосымшалар жоба директоры мен бухгалтерінің қолымен және ұйым мөрі арқылы бекітіледі)

Сонымен бірге бағдарламалық есеп қатар ұсынылады.


  1. КӨШІРМЕЛЕР:

Шығындарды растауға қажет құжаттар (шарттар, шоттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, фискалды чек, кассалық шығыс ордері, түбіртек, алғытөлем есептемесі және т.б.). Барлық құжаттар бухгалтерлік есеп пен ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделуі тиіс.

_________________________________________________________________________________________________
2А Қосымшасы (біріктірілген бюджет) – жоба бойынша әр бап бойынша нақты кеткен шығындарды көрсетеді;
2Б Қосымшасы (егжей-тегжейлі бюджет) – Егжей-тегжейлі бюджетте бекітілген әр нақты кеткен шығынды егжей-тегжейлі көрсетеді;
Қосымшасы (ақша қозғалысы туралы есеп) – Ақша қозғалысы туралы есепті көрсетеді, яғни, «БОТА» қорынан келіп түскен соманы, нақты кеткен шығындардың сомасы, соманың қалдығы мен алғашқы транштан қалған соманы ескере отырып, келесі есеп беру кезеңіне сұралып жатқан соманы көрсетеді.
«БОТА» ҚҚ-ның грант есебінен БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТИІС (грант шартының 6.7. тармағына сәйкес), қажет болған жағдайда айына 15000 теңгеден артық емес сомаға қолма-қол шығын жасауға болады.
«БОТА» ҚҚ-ның жобасы бойынша барлық төлем құжаттарында «төлем мақсаты» жолына ««БОТА» ҚҚ қаражаттарының есебінен» сөйлемін міндетті түрде көрсету керек. Егер алғашқы құжатта көрсетілген сома тек «БОТА» ҚҚ грантының есебінен ғана болмаса, онда төлем тапсырмасының түпнұсқасына «БОТА» ҚҚ грантының қаражатынан алынған соманы көрсетіңіз.
Растайтын құжаттардың бәрінде тауар/қызмет сататын «ұйымның атауы, толық реквизиттері мен мекен-жайы» көрсетілуі тиіс. 2Б Қосымшасында көрсетілген (егжей-тегжейлі есеп/тізілім) шығынның аты, сомасы мен құжаттардың нөмірлері төлем құжаттарында көрсетілген шығын аты, сомасы мен құжаттардың нөмірлерімен қатаң сәйкес келуі керек.
75,000.00 теңгеден астам сомаға алынған тауар/қызмет алдын ала Қордың жазбаша рұқсатын (грант шартының 6.1. тармағына сәйкес) талап етеді. Рәсімге сәйкес, тауар немесе қызметті алу үшін алдын ала сұрау салу (сұрау салу бланкін қолдану арқылы (7 форма)) қажет. Аталмыш бланкта кем дегенде 3 жабдықтаушының бағалық ұсынысын қарастыру арқылы нарыққа шолу жасап, жабдықтаушыны таңдау себептерін негіздей отыра, таңдау. Аталмыш сұрау қарастырылған және Қор тарапынан мақұлданғаннан кейін, Грант алушы аталмыш тауарды/қызметті ала алады.

«БОТА» ҚҚ-НЫҢ ЖОБАСЫ ҮШІН ЖАҢА ЕСЕП ШОТ АШҚАНЫ ҮШІН БАНККЕ ТӨЛЕНЕТІН КОМИССИЯДАН ӨЗГЕ, ЖОБА БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР ШАРТТА КӨРСЕТІЛГЕН ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ УАҚЫТЫНДА ҒАНА ҚАБЫЛДАНАДЫ.
Шығындарды растайтын құжаттардың пакеті егжей-тегжейлі бюджеттің шығын баптарына сәйкес тәртіпте дайындалуы тиіс.
Жалақы
Бекітілген бюджетке сәйкес штат қызметкерлеріне төлем төлеу бойынша құжаттар келесілерден тұруы тиіс: есептесу-төлем төлеу ведомосы, жоба бойынша жұмыспен қамтылуға сәйкес келетін жұмыс уақытын есептеу кестесі, жалқыны аудару, қорларға (МЗТ, әлеуметтік аударымдар) міндетті аударымдар бойынша әр қызметкерге қанша сома аударылғанын көрсететін тізімді тіркеумен бірге төлем құжаттары. Алғашқы есепте «БОТА» ҚҚ жобасы есебі бойынша төленетін штаттағы барлық қызметкерлердің еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынулары керек. Еңбек шарты келесі ақпараттан тұру керек: қызметкердің лауазымы мен міндеттері, шарттық қызмет ету мерзімі, еңбек ақысының мөлшері.
Кепілдік және өтемақылық төлемдер
Қызметкерге кепілдік және өтемақылық төлемдер (төленетін демалыс және т.б.), грант алушының ішкі бекітілген тәртіптеріне сәйкес төленсе және бекітілген бюджеттен аспаса, мүмкін болып табылады. Қор ережелеріне сәйкес жергілікті заң бойынша кепілдік және өтемақылық төлемдерді төлеу қарастырылған болса, онда оларды төлеуге рұқсат беріледі. Қор грантының қаражатынан төленетін кепілдік және өтемақылық төлемдердің бөлігі гранттың жалпы сомасынан аспайтын болса, жеке қызметкердің грант бойынша қызметті жүзеге асыруға кеткен уақыт санына сәйкес болуы керек.
Келісімшарттық қызметтер
Келісімшарттық қызмет түріне кадр, аударма, мүлікті жалға алу, аудиторлық, бухгалтерлік немесе заң қызметтері сынды уақытша қызметтер жатады.
Тартылған қызметкерлерге төлем төлеу бойынша құжаттар қызмет көрсету шарттарының, орындалған жұмыс актілерінің, төлемді аудару бойынша төлем құжаттарының көшірмелерінен тұрады.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін ұйым қызметкерлері грант қаражаты есебінен келісімшарттық қызмет көрсеткені үшін сыйақы ала алмайды. Ұйым қызметкерлерімен көрсетілетін қызметтер грант бюджетінің «Жалақы» шығын бабының шеңберінде жалақы түрінде төленеді.
Грант шартының 6.1.тармағына сәйкес «егер үш ай қатарынан бір жабдықтаушыдан немесе тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету бойынша бір шарт негізінде тауарды және/немесе қызметті 75,000.00 теңге және одан көп сомаға алатын болса, онда Алушы сатып алудың келесі рәсімін ұстануға міндетті: алушы кем дегенде үш жабдықтаушының бағалық ұсынысымен танысып, салыстыру сапаптамасының нәтижесінде ең жақсы үлгісін таңдап алуы тиіс. Ең жақсы үлгі ретінде үнемділік және мақсаттылық қағидаларына жауап беретіндер танылады». Сонымен қатар қызметтерді төлеуге арналған толтырылған өтінім бланкісін (форма 7) жіберіп, Қор тарапынан төлем жасалмастан бұрын қызметті алуға рұқсат алулары тиіс.
Іссапарлық шығындар
Іссапарлар грант бойынша қызметке қатысты болуы тиіс. Сапар транспорт түріне қатыссыз эконом класта жүзеге асуы тиіс. Жол, панажай, тәуліктік төлемдер және өзге де іссапарға қатысы бар дәйекті шығындар мүмкін болып табылады. Грант шартының 5.2. тармағына сәйкес «Тәуліктік төлемнің көлемі 2 АЕК астам болмауы тиіс (тәуліктік төлемді есептеу барысында іссапар күніне Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген айлық есеп көрсеткіші негізге алынады), тұру үшін қонақүй кешенін және/немесе қонақүйді таңдау барысында «3 жұлдыз» немесе одан төмен және «эконом-класс» немесе «стандартты» орын санаттары сынды қабылданған стандарттарды ұстану қажет».

Іссапарлар бойынша есепке сол негізінде төлем жасалған аванстық есепті тіркеу қажет. Аванстық есепке келесі құжаттарды тіркеу керек:

-іссапар куәлігі;

-жол шығындары (егер әуежолымен қатынайтын болсаңыз, онда барып-қайту отыру парағын, билет көшірмесін тіркеу);

-қонақүйде тұру (қонақүйде тұру шығындарын төлегенін растайтын төлем тапсырмасы, төлем шотының көшірмесі, шот-фактура мен орындалған жұмыс актісі), тұру бойынша құжаттарда тұру уақыты мен тұрушының аты-жөні міндетті көрсетілуі тиіс;

-Қызметкердің тәуліктік төлем алғанын растайтын төлем тапсырмасы (төлем мақсаты жолында «БОТА» ҚҚ есебінен тәуліктік төлем деген жазу болуы тиіс).
Шетелге сапарды жүзеге асыру шығындары Қордың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз мүмкін емес.
Жол шығындары
Шығындар грант бойынша қызметке қатысты болуы тиіс. Есепке келесі құжаттарды тіркеу керек:

- Көлік компаниясымен қызмет көрсетуге арналған шарт (егер шарт жеке кәсіпкермен (ЖК) жасалса, онда ЖК куәлігі мен патентінің көшірмесін қоса тіркеу қажет)

- екі жақ қол қойған маршрут парағын ( грант алушы және көлік компаниясы тараптарынан)

- төлеуге арналған шот, шот-фактура, орындалған жұмыс актісі мен төлем тапсырмасы.
Егер көлік ұйым меншігінде болса және грант бюджетінде жанар-жағармай материалдарына шығындар салынған болса, онда есепке келесі құжаттарды тіркеу қажет:

-сапарлар белгіленген маршрут парағы (директор, бухгалтер және жүргізуші қол қою керек)

-көліктің техникалық сипаттамасын ескере отырып, бекітілген лимитке бұйрық

-бензинді жабу актісі, техпаспорт көшірмесі, жанар-жағармай материалдарымен жабдықтаушылармен шарт, ЖЖМ алу бойынша

-есеп беру кезеңіне ЖЖМ жабдықтаушыларымен өзара есеп айырысуды салыстыру актісі

- төлеуге арналған шот, шот-фактура, төлем тапсырмасы.
Кеңсе ғимаратын жалға алу
Грант бойынша қызметті жүзеге асыру үшін кеңсені жалға алу және кеңсе ғимаратына қызмет көрсету, косметикалық жөндеу жұмыстарын жасау (грант түріне байланысты) сынды өзге де дәйекті шығындарға жол беріледі. Жалға алу шығындару бойынша растайтын құжаттар кем дегенде жалға алу шартынан, төлем шоттарынан, шот-фактура, төлем тапсырмаларынан және т.б. тұрады, ал коммуналдық қызметтер бойынша шығындар (егер олар грант бюджетінде қарастырылған болса) – шот-фактура, төлем тапсырмалары, түбіртектерден (санауыш көрсеткіштері) және т.б.
Кофе-брейк және түскі ас шығындары
Кофе-брейк және түскі ас шығындары бюджетте қарастырылған болуы керек.

Есепке келесі құжаттарды тіркеңіз:

- жабдықтаушымен шарт, шот-фактура, шығын жүкқұжаты, шара қатысушыларының тізімі (қатысушылардың координаттары мен қолдарымен бағдарламалық есепке тіркелуі тиіс).
Кофе-брейке алуға болатын өнімдердің тізімі: шай, кофе, круассандар, печенье, кәмпиттер, майлықтар, қант, бір рет пайдаланатын ыдыс.

Байланыс және пошты қызметтерінің шығындары
Телефон қызметтеріне, жергілікті, калааралық немесе халықаралық сөйлесуді жүзеге асыру, факс, телекс, телеграф байланысын және жоба мақсатына жету бойынша қызметті жүзеге асыруға қатысы бар өзге осы сынды шығындарға жол беріледі.

Пошта қызметтерін растайтын құжаттар кем дегенде төлем тапсырмасы, шот-фактура, немесе төлем бойынша түбіртектерден тұруы тиіс.
Байланыс шығындарын растайтын құжаттар кем дегенде төлем шотынан, шот-фактура және төлем тапсырмасынан тұруы тиіс. Байланыс қызметтерінің шығындарының сомасы бюджетте бекітілген ай сайынғы мүмкін сомадан аспауы тиіс.
Ұялы байланыс шығындары жоба бойынша қатты керек болса ғана, мүмкін. Байланыс шығындары бойынша растайтын құжаттар кем дегенде төлем шотынан, шот-фактура, карточка/орындалған жұмыс актілерінің көшірмесінен, төлем тапсырмасы, қызметкерлердің аты-жөні, ұялы телефон нөмірлері мен ай сайынғы лимиті көрсетілген басшысының бұйрығынан тұруы тиіс.
Жабдықтар
75,000.00 теңгеден астам жабдықты сатып алу, Қор тарапынан алдын ала жазбаша рұқсатты талап етеді (грант шартының 6.1. тармағына сәйкес). Рәсімге сәйкес, алу үшін алдын ала өтінім жасау қажет (тауар немесе қызметті алу үшін өтінім бланкісін пайдалану). Аталмыш бланкта кем дегенде 3 жабдықтаушының бағалық ұсынысын қарастыру арқылы нарыққа шолу жасап, жабдықтаушыны таңдау және таңдау себептерін хатта/өтінімде негіздеу.

Аталмыш өтінім Қор тарапынан қарастырылып, жазбаша рұқсат бергеннен кейін Грант алушы аталмыш тауарды сатып ала алады.
Есепке барлық ілеспе құжаттарды тіркеу қажет: төлем шоттары, шығын жүкқұжаты, шот-фактура, төлемдік тапсырмалар, сонымен бірге жауапты тұлғаның белгісі және қолы қойылған, жоба бухгалтерінің қолы және ұйым мөрімен расталған түгендеу карточкасының толтырылған бланкісі.
Зияткерлік меншік
Егер авторлық құқықты және патенттелген өнертабысты пайдалану құқы жергілікті заңнама және халықаралық құқық бойынша тиісті түрде бекітілген болса, сонымен бірге аталмыш шығын бабы бюджетте қарастырылған жағдайда, Гранты тиімді жүзеге асыру үшін қажет патенттелген өнертабыс немесе авторлық құқықты пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу мүмкін болып табылады.
Жарнама және қоғаммен байланыс шығындары
Жарнама мен қоғаммен байланыс бойынша мүмкін шығындар келесі мәселелерден тұрады (егер бюджете қарастырылған болса):

  • Грант бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қажет жеке құраманы жиынтықтаумен байланысты жарнама шығындары;

  • Қор тарапынан алдын ала жазбаша рұқсат болған жағдайда гранты жүзеге асыру үшін материалды-техникалық қамтамасыз етумен байланысты шығындар;

  • Қор тарапынан алдын ала жазбаша рұқсат болған жағдайда жобаны жүзеге асыру нәтижесіндегі жетістіктер немесе белгілі бір қызмет түріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғаммен байланысты жүзеге асыру шығындары.

Растайтын құжаттар – төлем шоттары, шот-фактура, төлемдік тапсырмалар, орындалған жұмыс актілері, жарнама көшірмелері және т.б.
Жарнама мен қоғаммен байланыс үшін мүмкін емес шығындар келесілерден тұрады:


  • Фандрейзингке және т.б. қатысы бар кездесулерді ұйымдастыру шығындары, сонымен қатар жалақыға кететін шығындарды қоса

  • Жобаға қатысы жоқ сыйлықтар мен кәдесый сынды жарнамалақ өнім мен жадынама шығындары

  • Ұйымды жарнамалауға бағытталған жарнама мен қоғаммен байланыс шығындары.



Өзге тікелей шығындар


  • Кездесулер мен конференциялар: Құжаттарда барлық шығындар бюджет баптарына сәйкес жазылуы (мәселен, залды жалға алу, тамақтану, аудиовизуалды жабдықты жалға алу, көлік шығындары) және бекітілуі тиіс:

-төлемдік тапсырма, төлеу шоты, шот-фактура және орындалған жұмыс актісі;

-қатысушылар тізімі (аталмыш шара қатысушыларының координаттары мен қолдары, бағдарламалық есепке тіркелуі тиіс);

-шараны өткізу бұйрығы.
Банк қызметіне шығындар
Қаржы есебіне есеп беру кезеңіне банк көшірмесінің түпнұсқасын қосу қажет. Грант шеңберінде орын алған банк комиссиясын көрсету қажет.
Өзге мүмкін емес шығындар


  • Бекітілген жоба мақсаты мен міндеттеріне немесе грант бюджетінің шеңберінен шығатын қызмет шығындары

  • Қордың алдын ала рұқсатынсыз отбасы мүшелерінің қызметіне жалақы не қаламақы шығындары

  • Грантты беру кезеңіне дейінгі және кейінгі шығындар

  • Өкілдіктік шығыс, ойын-сауық шығындары, рәсім және соған қатысы бар тамақ, панажай, көлік, жалға алу, сертификаттар мен дипломдардан өзге сыйлықтарға кететін шығындар

  • Жеке және заңды тұлғаларға салымдар, қайырымдылық және демеушілік қолдау

  • Сыйлықақы, шайпұл, айыппұл, ішімдік және темекі өнімдерін алу

  • Қарызға алған қаражатты төлеуге жататын пайыздар, фандрейзингтік кампаниялар мен қаражат тарту бойынша кампаниялар шығындары, сыйлық және қайтыс болғаннан кейін өсиеттік сыйлық беру және өзге де осы сынды шығындар

  • Мемлекеттік қызметке үміткерді қолдау және оған қарсы бағытталған матреиалдарды басуды және таратуды қоса кез келген саяси кампанияға қатысу немесе араласу

  • Мемлекеттік қызметкерлерге төлемдер мен қаламақылар

  • Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысы

  • Тыңайтқыштар мен пестицидтер алу

  • Ұйымның салық құрылымдары алдындағы қарыздары мен өсімақылар бойынша шығындар

  • Өзге донорлардың қаржы үлесі арқылы жабдықтарды сатып алу шығындары

  • Лицензионды негізгі қаражатты, сонымен бірге бұрын қолданыста болған қаражатты алу шығындары

  • Ойын-сауықтың барлық түріне шығындар

  • Сертификаттар мен дипломнан өзге сыйлықтарға шығындар



Грант алушы 1-Қосымшада көрсетілген мерзімді ұстануы тиіс, егер грант алушы есепті көрсетілген мерзімге бере алмайтын болса, онда Қорды болатын кідірістің себебін түсіндіре отырып ескертуі, есеп берудің жаңа мерзімін көрсетіп, Қор тарапынан рұқсат алуы тиіс.

Қор өз тарапында бастапқы құжаттарға қолжетімдік құқын сақтайды.
«БОТА» қорының есеп беру құжаттарына қойылатын талаптарды бұзу шығындарды мақсатсыз деп танылуы және осыдан шығатын салдарға, тіпті грантты кері қайтаруға дейін алып келуі мүмкін.



Похожие:

«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» icon«бота» ҚҚ-ның қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар
Егер есеп беру мерзімінің бір кезеңіне өзгерту енгізілсе, онда келесі есеп грант шартының №1 Қосымшада көрсетілген мерзімінде тапсырылуы...
«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу...
«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы №85...
«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» iconОрталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге...
«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» iconЖүк көтергіш механизмдер құрылғысы мен қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
Осы Талаптар жүк көтергіш машиналар мен тетіктерді, жүк қармауыш органдарды, құралдар мен ыдыстарды жобалауға, құруға, дайындауға,...
«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты...
«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» iconЖинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» iconБағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» iconӨнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
Осы Талаптар жүк көтергіш машиналар мен тетіктерді, жүк қармауыш органдарды, құралдар мен ыдыстарды жобалауға, құруға, дайындауға,...
«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» iconҚаржы Есебін Даярлау мен Ұсынудың Концептуалды Негізі
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница