Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде




Скачать 443.96 Kb.
НазваниеКалиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
страница1/4
Дата конвертации15.12.2012
Размер443.96 Kb.
ТипДиссертация
  1   2   3   4
ӘӨЖ 343.102:343.131(574) Қолжазба құқығында

КАЛИЕВ АСКАР МОСКАЛОВИЧ


Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу

қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде

12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика

және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі

заң ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Жұмыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру және қылмыстық іс жүргізу кафедрасында орындалды


Ғылыми жетекші заң ғылымдарының докторы, профессор

Еркінов Серік Есжанұлы

Ресми оппоненттер заң ғылымдарының докторы, доцент

Айтмұхамбетов Тамас Қалмұхамбетұлы

заң ғылымдарының кандидаты, доцент

Нұралиева Ақмарал Сағиқызы

Жетекші ұйым Д.А. Қонаев атындағы университеті

Диссертация 2008 жылдың 14 мамыр айында сағат 14.00-де докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Академиясының жанындағы ОД 14.20.10 біріккен диссертациялық кеңесте қорғалады. Мекен-жайы: 050060, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29.

Диссертациямен Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Академиясы мен Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) Академиясының кітапханаларында танысуға болады.


Автореферат 2008 жылдың 11 сәуір айында таратылды

Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,

заң ғылымдарының докторы, профессор Е.О. Алауханов

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс қылмыстық іс жүргізудің белгілі бір іс жүргізу сатыларындағы қолданылатын шешімдерді қабылдауы туралы, яғни қылмыстық істерді біріктіру немесе қылмыстық істі жеке өндіріске бөлектеудің түсінігіндегі, мағынасындағы, негіздеріндегі және оны қолдану тәртібіндегі кездесетін өзекті мәселелерге арналған. Зерттеу жұмысында қылмыстық процесті жүргізуші органмен қабылданатын қылмыстық істерді біріктіру және қылмыстық істі бөлектеу туралы шешімдерді реттейтін заң нормаларын зерттей отырып талдаулар жасау және оның мағынасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сонымен қатар аталған нормаларды іс-тәжірибеде қолдану барысында кездесетін олқылықтар мен өзекті мәселелерге тоқтала отырып, оларды шешу мақсатында қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу нормасын және процессуалдық тәртібін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауының жиырма бесінші бағытында: «Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі – ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет», – деп құқықтық мемлекетіміздің құқығын одан ары жетілдіру демократиямен тікелей байланысты екендігін айқындап отыр [1, б. 5].

Кез келген қазіргі замандағы қоғамда қылмыстылықпен күресу өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бүгінгі таңда біздің мемлекетте аталған мәселе күрделілердің біріне жататыны мәлім. Қолданып жатқан шараларға қарамастан қылмыскерлердің іс-әрекеттерін толықтай жою немесе тоқтата тұру мүмкін болған жоқ. Бұрынғыдай (өзге түрлермен салыстырғанда) топтық қалмыстық айтарлықтай көбеюде. Соңғы жылдардың зерттеулерінде топтастырылған қалмыстылықтың көлемі мен сипаты тез өзгергендігін, ұзақ уақыт бойы өмір сүріп келе жатқан ұйымдастырылған қылмыстық топтастырылу деңгейінің жоғарылауы мен кеңею процесі айқындалады. Топтастырылған қылмыстардың өзекті мәселелерін ғылыми зерттеу қажеттілігі, қылмыстылықтың жалпы құрылымындағы алатын жоғары орнымен ғана емес, сонымен қатар аталған әрекеттерді тергеудің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «Ақыр соңында, бізге заңдарымыздың жартыкештігіне және тұрлаусыздығына көніл бөлу қажет» деп көрсетіліп, біздін заңдарымыздың әліде болса жетілдіруді қажет ететіндігін көрсетеді [2, б. 18]. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңымен қылмыстық істі бөлектеу және қылмыстық істерді біріктіру негіздері бүгінгі таңда толық көлемде реттелмеген. Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуге байланысты сұрақтарды шешу барысында орын алып отырған өзекті мәселелер мен олқылықтар әлі де болса жеткілікті болып табылады. Көбінесе олар қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің процессуалдық тәртібімен, алдын ала тергеу мен анықтаудың мерзімін есептеумен, лауазымды тұлғалардың өкілеттілігімен және заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықтармен тікелей байланысты болып отыр. Бізбен қозғалған мәселелердің заңмен анықталып, нақтыланбағандығын, аталған тақырып бойынша ғылыми зерттеу еңбектерінің аздғынан байқауға болады. Қазақ КСР-нің Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қарағанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің негіздері мен тәртібі айтарлықтай кеңейтілген.

Сонымен қатар қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданғалы бері қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуге байланысты сұрақтарға тиісті назар аударылмағандығын атап өту қажет.

Аталған мәселелер 1990 жылы Ш.Ф. Шарафутдинов, 1999 жылы Д.В. Дробинин секілді ресейлік және кеңес ғалымдарымен зерттелген [3; 4;].

Тәжірибеде қолдану қажеттілігіне қарамастан, аталған мәселелер бойынша өзге монографиялық зерттеулер әзірге жоқ. Біріктірілген және бөлектелген қылмыстық істердің саны жылдан жылға өсуде. Осы өзекті мәселелерге қарамастан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуге қажетті негіздерді толық қамтымайды және қылмыстық істерді бөлектеу мен қылмыстық істі бөлектеу тәртібін толық реттемейді деп санауға болады. Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің мақсаты мен атқаратын рөлі өзінің негіздерімен сәйкестенбегендігі өзектіліктің бірі болып танылады.

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында Қылмыстық іс жүргізу заңдарын одан әрі жетілдіру қажеттігіндегі негізгі мақсат қылмыстық іс жүргізудің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған іс жүргізу заңдарын жетілдірудің өзекті бағыттарының бірі істі сотқа дейінгі дайындау кезеңінде де, сот сатыларында да рәсімдерді жеңілдету және жеделдету болып табылатындығы айқындалған [5, б. 21-22]. Осыған байланысты адам құқықтарын мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңындағы орын алып отырған қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлеутеуді одан әрі жетілдіру талап етіліп отыр деуге болады.

Тергеу өндірісінің көлемін дұрыс анықтаудың мәні, тек техникалық сұрақтың шегінен шығады. Оның қаншалықты деңгейде дұрыс шешілгендігінен келесідей процессуалдық маңызы бар мәселелердің ойдағыдай шешілуіне тәуелді болып келеді:

а) бір-бірімен байланысы бар қылмыстардың толықтығы мен жан-жақтылығы, оларды жасағаны үшін кінәлілерді әшкерелеу;

ә) алдын ала тергеу мен анықтаудың тездігі;

б) қылмыстық жауапқа тартылып жатқан тұлғалардың қылмыстық әрекетіне дұрыс баға беру;

в) қылмыстық іс жүргізу органдарының жұмысын тиісті ұйымдастыру секілді процессуалдық мәні бар міндеттерді жүзеге асыру.

Айыпталушылар санының көп болуы, қылмыстық істердің тергеу мерзімдеріне, алдына ала және сотта тергеунің дұрыс жүргізілуіне теріс әсерін тигізеді. Негізсіз қылмыстық істі бөлектеу немесе қылмыстық істерді біріктіру, алдын ала тергеуді қыйындатуға, айыпталушылардың құқықтарын кемітуге жол беруі, сонымен қатар сотқа берілген тұлғалардың әрекеттеріне дұрыс баға беруге кедергі келтіруі мүмкін. Қылмыстық істерді бөлектеу салдарынан қылмысты тікелей жасаған адамдар жауапқа тартылады да, ал ұйымдастырушылар жазадан жалтарып кететіндігі тәжірибеде жиі кездеседі.

Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу проблемалары бойынша 2005 жылы қылмыстық процесті жүргізуші органдар қызметкерлерінің арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға ішкі істер органдарының 145 тергеушілері мен 29 тергеу бөлімдерінің бастықтары, 57 прокуратура қызметкерлері қатысып, осы сауалнама жүргізілген 231 қызметкердің 194-і, яғни 83.9 пайызы қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу бойынша іс тәжірибеде қыйындықтардың барлығын көрсетуі өзектіліктін бірі болып саналады.

Қылмыстық іс жүргізу органының қылмыстық істің көлемін дұрыс анықтауынан, тергеудің бағыты және қылмыстық істі объективті шешу үшін қажетті мән-жайлардың тізімі де өзгереді. Яғни, дәлелдеу затының дұрыс анықталмауы, тергеу барысында көптеген қиындықтар туындауы немесе істі дұрыс шешу үшін ешбір мәні жоқ құжаттармен істі ауырлатуы мүмкін.

Мазмұндалғандар негізінде, бүгінгі таңда қылмыстық іс жүргізу теориясы үшін де, қылмыстық іс жүргізу органдары үшін де қылмыстық істерді біріктіру және қылмыстық істі бөлектеумен байланысты мәселелер айтарлықтай өзекті; осының негізінде диссертациялық тақырыпты таңдаудың қажеттілігі туды деген негізгі тұжырым жасауға болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі осы күнге дейін қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеудің теоретикалық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу аспектілері зерттелмегендігімен сипатталады.

Диссертациялық жұмысты дайындау барысында әртүрлі кезеңдерде табиғаты бойынша жақын проблемалармен айналысқан шетел авторларының еңбектері кең пайдаланылған, олардың ішінде келесідей атақты заңгер ғалымдарды атап кету қажет: В.Б. Алексеева, В.И. Батишева, В.П. Божьева, В.М. Быков, И.Е. Быховский, А.П. Гуляев, З.З. Зинатулин, Л.М. Корнеева, А.М. Ларин, И.И. Мартинович, Н.Е. Павлова, В.М. Савицкий, А.В. Смирнов,М.Е. Токарева, А.А. Чувилев, Ш.Ф. Шарафутдинов, В.М. Шимановский және т.б.

Диссертацияда, сондай-ақ, шығармашылық іздену процесінің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін отандық ғалымдармен жиналынған қылмыстылықпен күресу теориясын және тәжірибесін жетілдіруге арналған шығармашылық тәжірибесі есепке алынған. Олардың ішінде А.Н. Ахпановтың, Т.Қ. Айтмұхамбетовтың Е.Ж. Әлімағамбетовтің, Б.М. Бишмановтың, С.Е. Еркіновтың, С.М. Жалыбинның, Е.І. Қайыржановтың, Қ.Ж. Капсалямовтың, М.Ш. Қоғамовтың, А.Х. Миндағұловтың, М.С. Нәрікбаевтың, А.С. Нұралиеваның, С.Д. Оспановтың, Т.Е. Сарсенбаевтың, Б.Қ. Төлеубекованың, Қ.Х. Халиковтың, А.Л. Ханның, Б.К. Шнарбаевтың және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерін атап өту қажет.

Диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты болып осы күнгі жағдайдағы құқық қолдану тәжірибесінде қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу туралы шешімдерді қабылдаудың негіздеріне теориялық тұрғыда талдау жасау; заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтау және оларды жоюмен байланысты шараларды қабылдау; қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің процессуалдық тәртібін өңдеу; қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуде ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалауды жетілдіруді қарастыру табылады. Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу жолдары қарастырылады:

– Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңындағы қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің мағынасын аша отырып, оларға түсінік беру және олардың мақсаты мен міндетін айқындап, қылмыстық іс жүргізу заңындағы атқаратын рөлдерін нақтылау;

– Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің негіздері мен процессуалдық тәртібіне талдау жасай отырып, оларды жетілдіру жолдарын қарастыру;

– қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің іс-тәжірибедегі қолданылу механизміне шолу жасап, кездесетін өзекті мәселелер мен олқылықтарды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру;

– жақын және алыс шетелдердің заңдарындағы қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу қалай қарастырылғандығына зерттеу жүргізе отырып, олардың өзара айырмашылығына талдау жасау;

– қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуде адам құқықтарының қорғалуына баға беру және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;

– қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудегі прокурорлық қадағалау мен ведомстволық бақылаудың рөлі мен міндеттерін аша отырып, оларды жетілдіру жолдарын қарастыру;

– Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңындағы қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің негіздері мен процессуалдық тәртібін жетілдіру мақсатында ұсыныстар жасау.

Зерттеудің объектісі – қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу нормасының қылмыстық іс жүргізу құқығындағы рөлін айқындау, оған талдаулар жасау, мағынасы мен түсінігін беру және оны іс-тәжірибеде қолдануда туындап отырған өзекті мәселелерге тоқталу болып табылады.

Зерттеудің заты – қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу нормасы және оны қолдануда басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының заңдары болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық еңбектің әдіснамалық және әдістемелік негіздерін материалистік диалектиканың заңдары мен қылмыстық іс жүргізу құқығын зерттеудің негіздері мен қағидалары құрайды. Ол философияның, құқықтың жалпы теориясының, конституциялық құқықтың, криминологияның, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының бүгінгі әдіснамалық ережелеріне негізделеді. Сонымен қатар зерттеу барысында танудың логико-заңи, тарихи, салыстармалы-құқықтық, нақты-әлеуметтік (сауалнама жүргізу, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жауап беру үшін арнайы дайындалған сұрақтарды сауалнама нысанында беру арқылы формальдық интервью жүргізу, аналитикалық құжаттарды зерттеу, құжаттарды жинақтау мен талдау жасау) әдістері қолданылды.

Қорытындылар мен ұсыныстар қолданыстағы заңдарға шолу жасау негізінде құралған. Сонымен қатар зерттеуге қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу проблемаларымен айналысқан тек отандық қана емес, ресейлік, кеңестік ғалымдардың зерттеулерінде айқындалған айтарлықтай іс құжаттар қосылған.

Зерттеудің қорытындылары, сондай-ақ автормен тергеушілерге, анықтаушыларға, прокуратура органдарының қызметкерлеріне және судьяларға жүргізілген сауалнаманың нәтижелерінде негізделген.

Зерттеудің нормативтік негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының нұсқауларына, жарлықтары мен бұйрықтарына; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нұсқамаларына негізделді. Салыстырмалы түрде 1997 жылға дейінгі Қазақ КСР-нің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстері Ресей Федерациясының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, Эстония мемлекетінің Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Татарстан Республикасының Жоғарғы Сотының тәжірибесіне шолу жасалып зерттелді.

Зерттеудің эмпирикалық негізін біріктірілген 668 істен тұратын 92 қылмыстық істердің, жеке өндіріске бөлектелінген 72 қылмыстық істердің құжаттарын зерттеу барысында алынған мәліметтер құрайды. Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу сұрақтарына байланысты мемлекеттің әр бөліктерінде 145 тергеушіден, 29 тергеу бөлімінің бастықтарынан, 57 прокуратура қызметкерлерінен сауалнамаға жауап алу жүргізілген. Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу туралы Алматы, Актөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстары, Алматы, Астана қалалары бойынша статистикалық деректер зерттелінген. Зерттеудің эмпирикалық негізін, сондай-ақ тергеу және сот тәжірибесін зерттеудің нәтижесі, сонымен қатар автормен Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған деректер құрайды.

Жұмысты дайындау барысында Қазақстан Республикасының Стаитистика бойынша агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ҚСжАЕ Комитетінің, Қазақстан Республикасының ақпараттық техникалық қызмет Департаментінің, Алматы қаласы бойынша ІІД криминалдық ақпарат орталығының статистикалық ақпараттары қолданылған.

Өзге де ғылыми зерттеу бағдарламаларымен байланысы. Диссертациялық зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Ғылыми кеңесінде 2003 жылдың 30 қантарында бекітілген (№41 хаттама). Зерттеу Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының 2003 жылға арналған ғылыми зерттеу жұмыс жоспарына (1.3 бөлім, 1.3.2 бөлімше, 98 позиция) сәйкес жүргізілген.

Диссертацияның ғылыми жаңалылығы жалпы түрде қазақстандық қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу туралы шешімдердің рөлі мен орнын зерттеудің дербестігі мен құрамалығы, қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің негіздерін анықтаумен байланысты аз зерттелінген мәселелерді өндеуден, аталған шешімдердің процессуалдық тәртібін нақтылау мен жетілдіруден, қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуге байланысты сұрақтарды шешу барысында қылмыстық іс жүргізу органдарының рөлі мен орнын анықтаудан қалыптасады. Сонымен бірге, диссертант қойылған проблемаларды шеше отырып, әрі бұрын зерттеудің пәні болмаған немесе біркелкі шешімге ие болмаған сұрақтарды ойластыру барысында жоғарыда аталып өткен өзге заңгерлердің және тәжирибелік қызметкерлердің еңбектеріне сүйенген. Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде тақырыбындағы зерттеу жұмысы, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына енгелі бері теориялық және іс-тәжірибелік материалдарға негізделіп жазылған тұңғыш монографиялық зерттеу болып табылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы диссертацияда келтірілген қорытындылар мен мысалдардың, заң нормаларын жетілдіру процесінде қолданылу мүмкіндігімен ұштасады.

Жұмыстың тәжірибелік мәні әуелі зерттеудің қорытындылары мен нәтижелерін заң шығармашылық қызметінде пайдалану мүмкіндігінде, ол мемлекетте жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформамен өзектіленген. Диссертацияда қылмыстық істерді біріктіру және бөлектеу туралы құқықтық шешімдерді жетілдіру, келтірілген нормалардың нақты анықтамалары, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша негізделген ұсыныстар заңшығармашылық бастамаға құқықтары бар органдармен пайдалануы әбден мүмкін. Сонымен қатар жұмыс барысында қалыптасқан тәжірибелік сипаттағы қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасының ІІМ тергеу бөлімшелерімен бағынышты құрамалары үшін міндетті болатын заңның талаптары мен жеке ұйғарымдарын біркелкі түсіну және қолдануына көмек беретін түсініктерді қалыптастыру барысында пайдалы болуы ықтимал. Диссертация мазмұнындағы теоретикалық ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Прокурорлық қадағалау» курстарының жеке тақырыптарын оқу барысында қолданылуы мүмкін.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін сәйкес қорғауға келесі негізгі тұжырымдар мен ережелер ұсынылады:

Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу нормасын қолдану барысындағы орын алып отырған өзекті мәселелер мен олқылықтарға талдау жасай отырып, оларды шешуде келесі мынадай тұжырымдарды ұсынамыз:

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңындағы қылмыстық істерді біріктіру туралы заң нормасына: «Қылмыстық істерді біріктіру дегеніміз – жазаны сіңіру немесе қосу қағидасы негізінде, жасалған бірнеше қылмыстар үшін бір ғана жаза тағайындау және ақиқатты анықтауды жеңілдету мақсатында бір немесе бірнеше қылмыстарды жасағандығы немсесе сол қылмыстарға қатысқандығы, сондай-ақ сол қылмыстарды алдын ала уәде берместен жасырғандығы немесе олар туралы хабарламағандығы үшін бір немесе бірнеше адамдарды айыптау туралы бөлек-бөлек қозғалған қылмыстық істердің бір өндіріске біріктірілуі» деген авторлық түсінік беріледі.

2. Диссертантпен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңындағы қарастырылған қылмыстық істі бөлектеу заң нормасының түсінігіне қатысты: «Қылмыстық істі бөлектеу дегеніміз – қылмыстық іс жүргізу заңының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тарту міндетін, мемлекеттік құпияны сақтау мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық істі бөлектеуі» деген жаңа теориялық тұжырым құрастырылған.

3. Қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық пен толықтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабын 2-1-бөлікпен толықтырып, ол «2-1. Бөлек қылмыстық іс қозғауды қажет етпейтін, қылмыстық іске қатысы бар құжаттар бірігуі мүмкін» деп көрсетілуі қажет.

4. Автор, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 1-бөлігі мен 295-бабының 2-бөлігі арасындағы орын алып отырған қарама-қайшылықты жою мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 295-бабының 2-бөлігіндегі: «жасалғаннан» деген сөзден кейін «және оны күні бұрын уәде бермей жасырғандығы немесе олар туралы айтпағандығынан» деген сөздермен толықтыру қажеттігін нақтылайды.

5. Диссертант Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабы мен 295-бабының 2-бөлігі арасында орын алып отырған қарама-қайшылықты жою мақсатында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабының 1-бөлігін: «әскери қызметшілер немесе осы Кодекстің 293-бабында аталған басқа адамдар болып табылмайтын жекелеген айыпталушыларға» деген тармақпен толықтыру енгізеді:

6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 12-бабының 2-бөлігі мен 543-бабының 3-бөлігі арасындағы қарама-қайшылықты жою мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабының 1-бөлігін: «сотталушылардың бірі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш берсе» деген тармақпен толықтыру қажет.

7. Бөлектенген қылмыстық іс бойынша іс жүргізу мерзімдерін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабының 6-бөлігін: «Бөлектенген қылмыстық іс бойынша іс жүргізу мерзімі осы Кодекстің 196 және 285-баптарының талаптарында көрсетілген тәртіппен есептеледі» деген сөздермен толықтыру қажет.

Зерттеу жұмысының сараптан өтуі, сыналуы (апробация). Диссертация Қазақстан Республикасының ІІМ Академиясының Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру және қылмыстық іс жүргізу кафедрасында талқыланды, зерттеу тақырыбы бойынша берілген есептерде және бірқатар оқу орындарында өткен ғылыми теориялық, ғылыми тәжірибелік конференцияларда жасалынған баяндамаларда және басқа да жарияланған ғылыми еңбектерде кеңінен баяндалады.

Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен қорытындылары диссертанттың 9 ғылыми баяндамаларында қарастырылды. Мақалалар мен тезистер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласында бақылау бойынша Комитетімен бекітілген тізімдегі ғылыми баспасында және ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-теориялық конференциялар материалдарында жарияланған.

Диссертациялық зерттеудің қорытындылары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Академиясының, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Қостанай заң институтының теориялық қызметіне және Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитетінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сот сараптамалар орталығының тәжірибелік қызметіне енгізілген.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің міндеттерімен айқындалатын материалдың көлеміне байланысты келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, зерттеудің мазмұнын ретімен ашатын тоғыз бөлімшесі бар үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған қайнар көздер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
  1   2   3   4

Похожие:

Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486
Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179, 181 баптарымен көзделген меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудағы...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconҚарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы И. А. Есенбаевтың қылмыстық істерді қарау тізімі

Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconАтырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconАлқаби – құрметті міндет
Сот жүйесін жетілдірудің қол жеткен жетістіктерінің маңыздысы қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconҚылмыстық заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы
Дәлелдемелердің ұғымы. Дәлелдемелердің жіберілуі және артықшылығы. Дәлелдеу заты мен шегінің ара-қатынасы. Қылмыстық іс жүргізуге...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
Статистикалық деректер бойынша есептік кезеңде қылмыстық істердің қаралу мерзімі бұзылмаған
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconЖалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница