Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде




Скачать 443.96 Kb.
НазваниеКалиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
страница2/4
Дата конвертации15.12.2012
Размер443.96 Kb.
ТипДиссертация
1   2   3   4


ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
Кіріспе диссертациялық зерттеу тақырыбының негіздемесі мен өзектілігін, тақырыптың зерттелу деңгейін, зерттеу нысанын, зерттеу пәнін, диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндетін және оның ғылыми жаңалығын, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар зерттеудің әдістемелік негіздері мен тәжірибелік құндылығын, теориялық маңыздылығын және (эмпирикалық) деректік негізін қамтиды.

«Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің түсінігі, мақсаты, мағынасы және атқаратын рөлі мен орны» деген бірінші бөлім үш бөлімшеден тұрады. Аталған бөлімде қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің түсінігі, мақсаты мен мағынасы және атқаратын рөлі мен орны қаралады.

«Қылмыстық істерді біріктірудің түсінігі, мақсаты және мағынасы» деген бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде қылмыстық істерді біріктіру заң нормасының мағынасы ашылып, заң нормасының қазақ тіліндегі нұсқасындағы орын алып отырған олқылықтар қарастырылған.

Қылмыстық істерді біріктіру заң нормасындағы «Бір іс жүргізуде» деген сөздердің орысша нұсқасында осы сөздің орын алмағандығын көрсете келе оның «Бір өндіріске» деген сөздердің орнында пайдаланылып отырғандығын. Сонымен қатар заң нормасындағы «күні бұрын уәде бермей жасырғандығын» және «айтпағандығын» деген сөздер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «қылмысты алдын ала уәде берместен жасыру», «хабарламағандығын» деп аталатындығын көрсетеді. Осының негізінде аталған сөздер тиісті сөздермен ауыстырылуы қажеттігін нақтылай келе, заң нормасының 1-бөлігі келесідей болу тиістігін белгілейді: «Бір немесе бірнеше қылмыстарды жасағандығы немесе сол қылмыстарға қатысқандығы үшін бірнеше адамдарды айыптау жөніндегі істер, адамның бір немесе бірнеше қылмыс жасағандығы үшін айыпталуы жөніндегі істер, сондай-ақ бұл қылмыстарды алдын ала уәде берместен жасырғандығын немесе олар туралы хабарламағанын айыптау жөніндегі істер бір өндіріске біріктірілуі мүмкін».

Қылмыстық істерді біріктірудің мақсаты болып:

– бір қылмыс үшін бір ғана жаза тағайынду;

– ақиқатты анықтауды жеңілдету танылатындығын айқындайды.

Қылмыстық істерді біріктіру заң нормасының негіздеріне, қойылатын талаптарына және мағынасына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңындағы «Қылмыстық істерді біріктіру» деп аталатын заң нормасына: «Қылмыстық істерді біріктіру дегеніміз – жазаны сіңіру немесе қосу қағидасы негізінде, жасалған бірнеше қылмыстар үшін бір ғана жаза тағайындау және ақиқатты анықтауды жеңілдету мақсатында бір немесе бірнеше қылмыстарды жасағандығы немесе сол қылмыстарға қатысқандығы, сондай-ақ сол қылмыстарды алдын ала уәде берместен жасырғандығы немесе олар туралы хабарламағандығы үшін бір немесе бірнеше адамдарды айыптау туралы бөлек-бөлек қозғалған қылмыстық істердің бір өндіріске біріктірілуі» деген авторлық түсінік беріледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіру қарастырылғанменен қылмыстық іс қозғалғанға дейінгі жинақталған құжаттарды бір өндіріске біріктіру қарастырылмаған. Іс тәжірибеде бір немесе бірнеше құжаттар бір қылмыстық іске біріктірілер кезде, құжаттар қылмыстық іс жүргізу органы қызметкерінің немесе лауазымды адамның мәлімдемесімен қылмыстық іске бірігеді. Ал, қылмыстық іске біріктірілетін құжаттар бойынша қылмыстық іс жүргізу органдарымен еш шешім қабылданбайтындығы анықталды. Себебі, заңда бұл мәселе шешілмеген.

Қылмыстық іске қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз болмайтын құжаттар болған жағдайда ол құжаттарды сол қозғалған қылмыстық іске біріктіру кезінде қылмыстық іс жүргізу органдарымен қаулы қабылданып, онда қылмыстық іске біріктірілу себебі көрсетіліп, осы қаулының көшірмесі прокуратураға және мүдделі жақтарға жолдануы қажет. Сол кезде азаматтардың өздерінің шағымы бойынша қандай шешім қабылданғаны жөнінде хабардар болып отырады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабын 2-1-баппен толықтырып, ол «2-1. Қылмыстық іске қатысты бөлек қылмыстық іс қозғауды қажет етпейтін құжаттар бірігуі мүмкін» деп көрсетілуі қажет. Сол кезде қылмыстық іске қатысты құжаттарды біріктіруге негіз болады.

Осындай ұсыныстың қалыптасуына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 3-бөлігіндегі «Істерді» деген сөз «Іске» деген сөзбен ауыстырылуы тиіс. Сонда қылмыстық іске тек қылмыстық іс қана біріктірілетіндігі қарастырылмай, сонымен қатар құжаттардың да біріктірілгендігі қарастырылып, қабылданған шешім туралы қаулы қабылдануын талап ететіндігі баяндалған.

Бірінші бөлімнің «Қылмыстық істі бөлектеудің түсінігі, максаты мен мағынасы» деп аталатын екінші бөлімшесінде қылмыстық істі бөлектеу нормасының мағынасы ашылып, мақсаттары айқындалады және қылмыстық істі бөлектеуге түсінік беріледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабында қарастырылған қылмыстық істі бөлектеу заң нормасына өзінің мағынасы мен мақсаттарын қамтитын: «Қылмыстық істі бөлектеу дегеніміз – қылмыстық іс жүргізу заңының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тарту міндетін, мемлекеттік құпияны сақтау мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық істен жаңа қылмыстық іске құжаттарды бөліп шығаруы» деген авторлық түсінік беріледі.

Қылмыстық істі бөлектеу заң нормасының негізгі мақсаттары болып:

– қылмыс жасап, қылмыстық іс әрекеті толығымен дәлелденген адамды уақтылы қылмыстық жазаға тарту немесе оны алмастыратын шараларды қолдану;

– мемлекеттік құпияның басқаларға ашылмауын қамтамасыз ету;

– кәмелетке толмаған айыпталушының құқықтарын қамтамасыз ету танылатындығын нақтылайды.

Қылмыстық істі жеке өндіріске бөлектеудің «қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған тұлғаларға қатысты» деген негізі қайталанып отырғандықты білдіреді. Себебі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабының 1-бөлігінің 1-тармағында осы Кодекстің 50-бабында көрсетілген негіздерге сілтеме жасайды, яғни онда қылмыстық іс бойынша «айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы» қарастырылған. Осы көрсетілген екі негіз бірдей мағынаны ұстанады. Осы жердегі өзектілік қылмыстық іс жүргізу органдары жүргізіп отырған қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу барысында немесе сот тергеуі барысында қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын жекелеген анықталмаған адамдарға қатысты қылмыстық істі бөлектеуде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабының 1-бөлігінің 1-тармағын ба, әлде 4-тармағын басшылыққа алады ма, анықталуға жатады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабының 1-бөлігінің 4-тармағында көрсетілген «4) қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған тұлғаларға қатысты басқа қылмыстық істі жеке жүргізуге бөлектеуге құқылы» деген сөздер алынып тасталып, осы бөліктің 3-тармағындағы «айыпталушыға» деген сөздерден кейін «қатысты басқа қылмыстық істі жеке жүргізуге бөлектеуге құқылы» деген сөздермен толықтырылуы қажет. Сол кезде бір заңның бір бабының бір бөлігінде бір бірін қайталайтын заң нормасы орын алмайтын болады.

«Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің орны және рөлі» деп аталатын бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу заң нормасының Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңындағы алатын орны мен рөліне баға беріледі.

Негізгі жағдай қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің қылмыстық заңдағы алатын орны мен атқаратын рөлі жөнінде кездесетін олқылықтар болып отыр. Ондай олқылықтарға қылмыстық істерді біріктірудің мақсаттары мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 2-бөлігінде келтірілген біріктірілуге болмайтын негіздер арасындағы бір бағыттылықтың болмауы жатады. Олай деуге себеп, қылмыстық істерді біріктірудің мақсаттарының бірі болып қылмыстық істің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету табылады. Ал, қылмыстық істерді біріктірмеуге негіз болатын жағдайларға назар аударсақ, олардың бірі жеке айыптау ісі қаралатын жағдайларды қоспағанда, бір-біріне қатысты қылмыс жасағандығымен танылатын адамдарға қатысты айыптау танылады. Бұл дегеніміз жеке айыптау қылмыстық істері бойынша бір-біріне қатысты қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілуі мүмкін. Алайда осы біріктірілу негізі неліктен тек жеке айыптау қылмыстық істеріне қатысты екендігі жөнінде ешкім түсінік бермейді. Бір-біріне қатысты айыптау қылмыстық істерін бір өндіріске біріктіру тек жеке айыптау қылмыстық істері ғана жүзеге аспай, барлық қажет деп танылған қылмыстық істер бойынша жүргізілуі тиіс. Себебі қылмыстық істерді біріктірудің негізгі мақсаты қылмыстық істің жан-жақты және толық болуын қамтамасыз ету.

Қылмыстық істердің бір өндіріске біріктірілмеуіне негіз болатындардың бірі бір қылмыстық іс бойынша қылмыстық ізге түсу жеке түрде, ал екінші қылмыстық іс бойынша қылмыстық ізге түсу жария түрде жүзеге асырылатын жағдайлар болып танылады. Бұл жағдайда да жоғарыда аталған өзектіліктер орын алып отыр деуге болады.

Автор Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңында орын алып отырған қылмыстық істерді біріктірудің негіздері мен осы заң нормасының мақсаты мен алатын орны арасындағы алып отырған қарама-қайшылықтарды жою қажеттігін айта келе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 2-бөлігіндегі көрсетілген қылмыстық істердің біріктірілмеу тиістігі туралы негіздердің осы заң нормасының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық істерді біріктіру негіздерінің мақсаты мен орнына сәйкес келмеуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 2-бөлігін алып тастау қажет деп санайды.

Сонымен қатар осы бөлімшеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 546-бабында қарастырылған айыпталушының өзіне қатысты қылмыстық істі алқа билермен қарау туралы өтініш беруге құқылы екендігі осы заң нормасының 69-бабының 2-бөлігінде қарастырылған айыпталушының құқықтарында көрсетілмегендігі айыпталушының өз құқықтарымен танысу барысында өзінің алқа билерге қатысты құқықтарын білмеуі мүмкін. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 69-бабының 2-бөлігіндегі айыпталушының құқықтарын «өзі ісін, соттың алқа билердің қатысуымен қарау туралы өтініш беруге» деген сөздермен толықтыру қажеттігі айтылады.

Екінші бөлім «Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу негіздерінің ерекшеліктері мен тәртібі» деп аталып онда қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің негіздері, қолданылу тәртібі, ерекшеліктері және қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуде кездесетін өзекті проблемалар қарастырылады.

Екінші бөлімнің «Қылмыстық істерді біріктіру негіздерінің ерекшеліктері» деген бірінші бөлімшесінде қылмыстық істерді біріктіру негіздеріне тоқталып, оларға талдау жасау арқылы қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіру қылмыстық іс жүргізу органымен әрбір нақты жағдайда шешілу керектігі айтылады. Сонымен қатар автор Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 1-бөліміне сәйкес, қылмыстық істерді біріктіру негізі болып:

– бір немесе бірнеше қылмыстарды жасағандығына немесе қатысқандығына байланысты бірнеше адамдарды айыптау жөніндегі істер;

– адамның бірнеше қылмыс жасағандығы үшін айыптау жөніндегі істер;

– қылмыстарды күні бұрын уәде берілмей жасырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөніндегі істер танылатындығын нақтылайды.

Осы бөлімшеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабындағы қылмыстық істерді біріктіру негіздері барлық қажеттілікті қамтымайтындығы негізге ала отырып, қылмыстық істерді біріктіру негіздерін келесі негіздермен толықтыру қажеттігі сөз болады:

– бір немесе бірнеше айыпталушы ретінде жауапқа тартылуға жататын анықталмаған адаммен жасалғандығына деректер жеткілікті болған қылмыстық істер;

– бір-біріне қатысы бар деп танылған кез келген қылмыстық істер.

Осындай көзқарастың пайда болуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарын алып тастауды талап ететіндігін және қылмыстық істерді біріктіру заң нормасының 1-бөлігі:

«1. Қылмыстық іс жүргізу органдары:

– бір немесе бірнеше адаммен бір немесе бірнеше қылмыс жасағандығы, немес осы қылмыстың жасалуына қатысқандығы туралы қылмыстық істерді;

– бір немесе бірнеше айыпталушы ретінде жауапқа тартылуға жататын анықталмаған адаммен жасалғандығына деректер жеткілікті болған қылмыстық істерді;

– бір-біріне қатысы бар деп танылған кез келген қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіруге міндетті» деп көрсетілу қажеттігін ұсынады.

Өзекті проблема болып отырған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 1-бөлігі мен 295-бабының 2-бөлігі арасындағы қарама-қайшылық. Қылмыстық істерді біріктірудің негіздерінің бірі қылмыстарды күні бұрын уәде берілмей жасырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау болып танылса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 295-бабының 2-бөлігі бұл шешімге қарама-қарсы пікірді көрсетеді, яғни осы заң нормасы «Егер әскери қызметшілер немесе осы Кодекстің 293-бабында аталған басқа адамдар болып табылмайтын адамдарға қатысты істі жеке іс жүргізу етіп бөлуге болмаса, әскери қызметшілер немесе осы Кодекстің 293-бабында аталған басқа адамдар болып табылмайтын адамдарға қатысты әскери соттарда қылмыстық істерді қарауға, олар, ісі әскери соттарда қаралатын әскери қызметшілермен немесе басқа адамдармен бірге қылмыс жасалғаннан басқа жағдайларда жол берілмейді» деп көрсетілген. Бұл жердегі негізгі мән беретін жағдай «әскери қызметшілермен немесе басқа адамдармен бірге қылмыс жасалғаннан басқа жағдайларда жол берілмейді» деген сөз тіркестеріндей «бірге қылмыс жасалғаннан басқа жағдайларда» деген сөз тіркестері. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының талабына сай қылмыстарды күні бұрын уәде бермей жасырғандық немесе олар туралы айтпағандық қылмысты бірге жасағандыққа жатпайды. Сонда осындай жағдайларда, яғни әскери қылмыстар жасалған кезде оларды күні бұрын уәде бермей жасырғандығы немесе олар туралы хабарламағандығы үшін айыптау қылмыстық істер қылмыстық істерді біріктіру заң нормасының талабына сай біріктірілуге жатады ма деген сұрақ туындайды. Себебі, бәрі бір ол қылмыстық іс негізгі қылмыстық іспен бірге қаралмайды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 295-бабының 2-бөлігіндегі «жасалғаннан» деген сөзден кейін «және оны күні бұрын уәде берілмей жасырғандығы немесе олар туралы айтпағандығынан» деген сөз тіркестерімен толықтыру қажет. Сол кезде орын алып отырған қарама-қайшылық шешілер еді.

«Қылмыстық істерді біріктірудің тәртібі» делінген екінші бөлімнің екінші бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңында қарастырылған қылмыстық істерді біріктірудің тәртібі нақтыланбағандығы айтылады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 196-бабының негізінде тергеу мерзімін және 153-бабының талабына сай қамауда ұстау мерзімін есептеу қарастырылған, осы алдын ала тергеу мерзімі мен бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау мерзімдері бір-бірімен еш байланыспайды. Яғни, әрқайсысы өз бетінше есептеледі. Осыған байланысты бірнеше қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіру барысында қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу мерзімін соңғы қозғалған қылмыстық іс бойынша есептеуді қалдыру қажет. Яғни, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауда ұстау немесе үйде қамауда ұстау шарасына қарамастан біріктірілген қылмыстық істердің соңғы қозғалған қылмыстық істің алдын ала тергеуімен есептелуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 4-бөлігіндегі «Егер біріктірілген істердің біреуі бойынша жолын кесу шарасы ретінде қамауға алу не үйінде қамауда ұстау қолданылса тергеу мерзімі аталған жолын кесу шаралары қолданылған іс қозғалған күннен бастап есептеледі» деген сөйлемді алып тастау қажет.

Бір өндіріске біріктірілген қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу мерзімі мен анықтау мерзімдері жөніндегі өзекті мәселелер әлі де болса шешімін таба алмай келе жатыр. Олай деуге себеп болып отырған бұрыннан өзектілігі қалмаған бір өндіріске біріктірілген қылмыстық істердің әрқайсысының мерзімдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай әртүрлі болып келеді. Мысалға, анықтаудың мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 285-бабының 13-бөлігіне сәйкес он күн қарастырылған, ал алдын ала тергеу мерзімі осы заң нормасының 196-бабының 1-бөлігіне сәйкес екі ай. Осы анықтау қажетті қылмыстық іс пен алдын ала тергеу жүргізу қажетті қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген жағдайда олардың қайсысының мерзімі есептелетіндігі белгісіз. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 4-бөлігіне сай біріктірілген қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу мерзімі соңғы қозғалған қылмыстық істің мерзімімен есептелетіндігі айқындалған, ал соңғы қозғалған қылмыстық іс анықтау жүргізілуі тиіс қылмыстық іс болған жағдайда тергеу мерзімі қалай есептелуі тиістігі анықталмай отыр. Осы мәселе заңда өз орнын таппаған.

Осымен қатар, автор тергеу реті бір органға жататын бірнеше қылмыстық істер, тергеу реттілігіне жататын бірнеше органдармен тергеліп, біріктірілетін кезде, кімге және қай заң нормасына негізделіп жолданатындығы заңда қаралмағандығын айта келе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 192-бабын 8-бөлікпен толықтырып, онда былай көрсетілу қажет деген пікір айтады: «Бір немесе бірнеше адамды бір ғана алдын ала тергеу органдарының тергеуіне жататын қылмыстар жасағаны үшін айыптау бойынша істерді бір іс жүргізуге біріктіру қажет болған жағдайда, алдын ала тергеуді соңғы қылмыстық істі қозғаған орган жүргізеді». Сол кезде бірнеше ауданда немесе бірнеше облыста болған қылмыстарды бір өндіріске біріктіруге негіз болған кезде, қылмыстық істер қай ауданның немесе облыстың тергеуіне жіберілетіндігі заңменен тәртіпке келтірілер еді дегенді нұсқайды.

Екінші бөлімнің «Қылмыстық істі бөлектеу негіздерінің айырмашылығы» деп аталатын үшінші бөлімшесінде Ресей Федерациясының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген қылмыстық істерді бөлектеу негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен мазмұны бір. Алайда отандық заң шығарушы орган қылмыстық істерді бөлектеу негіздерін мемлекеттік құпияны қорғаумен байланысты негізбен толықтырғандығын және оны айтарлықтай және норманы тәжірибелік қолданудағы қажетті толықтыру екендігі және заңның кәмелетке толмаған айыпталушыға қатысты істі жеке өндіріске бөлектеу талабы кәмелетке толмағанның ісі бойынша өндірісті тездету мақсаттарын қамтитындығы сөз болады.

Автор құқық қолдану тәжірибесі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабында бекітілген қылмыстық істі бөлектеу негіздерінің тізімін кеңейту мүмкіндігін меңзейді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында қылмыстық істерді алқа билердің қатысуымен қарастыру нысанының енгізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 12-бабының 2-бөлігінде бекітілген қылмыстық сот ісін жүргізу принципін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабын жекелеген айыпталушыларға қатысты қылмыстық істерді олардың соттың қылмыстық істі қарау нысанына байланысты бөлектеуді реттейтін негізбен толықтыруды мақсатқа сай деп санайды.

Сонымен бірге осы бөлімшеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 1-бөлігі, 295-бабының 2-бөлігі және 49-бабы мен 295-бабының 2-бөлігі арасында кездесіп отырған қарама-қайшылықтар талданып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабы мен 295-бабының 2-бөлігі арасында орын алып отырған қарама-қайшылықты жою мақсатында қылмыстық істі бөлектеудің негіздерін «әскери қызметшілер немесе осы Кодекстің 293-бабында аталған басқа адамдар болып табылмайтын айыпталушыларға қатысты істі жеке іс жүргізуге бөлектеуге құқылы» деген негізбен толықтыру қажет. Сол кезде заң араларындағы қарама-қайшылықтар жойылып, өзекті мәселелер шешімін табатындығы тұжырымдалады.

Екінші бөлімнің «Қылмыстық істі бөлектеудің тәртібі» делінген төртінші бөлімшесінде қылмыстық істі бөлектеудің тәртібін талқылап, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық істі бөлектеудің тәртібі көрсетілмегендігі және оның Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабының 5-бөлігінде тек қылмыстық істі бөлектеу қылмыстық іс жүргізу органының қаулысы негізінде жүзеге асырылатындығы ғана көрсетілгендігі айтылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 510-бабының негізінде, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылуымен ауырған адамға қатысты істі бөлектеу мүмкін болса, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыны Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» № 8 қаулысыың 7-тармағы негізінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың басқаларына қатысты іс аудандық немесе оған теңестірілген соттың қарастырылуына жататын жағдайларда, есі кіресілі-шығасылы адамға қатысты іс міндетті түрде бөлек өндіріске шығарылатындығын көрсетіп, қарама-қайшылық орын алып отырғандығы талқыланады.

Қылмыстық істі бөлектеудің процессуалдық тәртібін реттеу барысында қылмыстық істен бөлектенген қылмыстық іс бойынша анықтау немесе алдын ала тергеу мерзімі нақтыланбаған деп тануға болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабының 6-бөлігі бұл іс жүргізу әрекеттерді былай көрсетеді: «Бөлектенген іс бойынша іс жүргізудің мерзімі жаңа қылмыс бойынша немесе жаңа адамға қатысты істі бөлектеу туралы қаулы шығарылған күннен бастап есептеледі. Қалған жағдайларда мерзім негізгі қылмыстық іс қозғалған кезден бастап есептеледі». Бұл жерде тергеу мерзімі қашан басталатындығын білдіреді де оның мерзімін нақтыламайды. Осыған байланысты қылмыстық істі бөлектеу заң нормасы қарастырылған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабын «Бөлектенген қылмыстық іс бойынша мерзім осы Кодекстің 196 және 285-бабының тәртібі негізінде жүргізіледі» деген 7-бөлікпен толықтыру қажет.
1   2   3   4

Похожие:

Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486
Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179, 181 баптарымен көзделген меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудағы...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconҚарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы И. А. Есенбаевтың қылмыстық істерді қарау тізімі

Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconАтырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconАлқаби – құрметті міндет
Сот жүйесін жетілдірудің қол жеткен жетістіктерінің маңыздысы қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconҚылмыстық заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы
Дәлелдемелердің ұғымы. Дәлелдемелердің жіберілуі және артықшылығы. Дәлелдеу заты мен шегінің ара-қатынасы. Қылмыстық іс жүргізуге...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
Статистикалық деректер бойынша есептік кезеңде қылмыстық істердің қаралу мерзімі бұзылмаған
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconЖалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница