Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде




Скачать 443.96 Kb.
НазваниеКалиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
страница3/4
Дата конвертации15.12.2012
Размер443.96 Kb.
ТипДиссертация
1   2   3   4

«Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудегі ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалау» деп аталатын үшінші бөлімде негізінен қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудегі тергеушінің және анықтаушының шешімін ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалудың рөлі мен тәртіптері қарастырылған. Сонымен бірге қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің заңдылығын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде кездесетін олқылықтар мен өзекті мәселелер талқыланған.

Үшінші бөлімнің «Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу шешімдерін ведомстволық бақылаудың рөлі» деп аталатын бірінші бөлімшесінде тергеу бөлімінің бастығы мен анықтау органы бастығының өкілеттері мен құзыреттері талқыланып қарастырылады.

Автор тергеу бөлімінің бастығы мен анықтау органы бастығының қарамағындағы тергеушіге, анықтаушыға қылмыстық істі тергеу жүргізу немесе анықтау жүргізу үшін тапсыру тәртібі заңда реттелмегендігін айта келе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне тергеу бөлімінің бастығымен немесе анықтау бөлімінің бастығымен қарамағындағы тергеушіге немесе анықтаушыға қылмыстық істі өндірісіне қабылдау үшін жолдайтын процессуалдық шешім ретінде «Қылмыстық істі тапсыру туралы» деген арнайы қаулы қабылдану қажеттігіне тоқталады.

Тергеу бөлімі бастығының құқығын қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу туралы тергеушінің шығарған заңсыз қаулыларын жою құқығымен толықтыру қажет. Себебі, тергеу бөлімінің бастығы өзінің қызметтік міндеттері шегінде осы қылмыстық істің заңдылығы мен жан-жақтылығына жауапты және оның келісімі негізінде ғана аталған қылмыстық іс прокуратураға жолданады.

Анықтау органы болып табылатындар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 65-бабының 2-бөлігінде анықталған. Алайда олардың қаулыларын кім бекітеді және оларды бірінші кезде кім бақылайды деген сұрақ мазалайды. Осыдан барып олардың қылмыстық істі қозғау және осы қылмыстық істі тергеу немесе анықтау барысында қабылданатын процессуалдық шешімдері мен жүргізілген тергеу немесе анықтау амалдарының заңды күші болатындығы заңда шешімін таппай отыр. Осыған байланысты бұл өзекті мәселе болып танылатын жағдайларға шешім ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 67-бабының 2-бөлігіндегі «бекітуі» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 65-бабының 2-бөлігінің 7-9 тармақтары мен 3-бөлігіндегі көрсетілген жағдайлардан басқа кездерде» деген сөздермен толықтыру қажет. Сол кезде анықтау органдары болып танылатын шекара бөлімдерінің командирлері, әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары, Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілдіктерінің басшылары, алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандары, мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшылары қылмыстық іс қозғау және басқа да қаулыларды анықтау органы бастығының бекітуінсіз де жүргізіуге құқылы болатындығына тоқталады.

Сонымен қатар автор Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 288-бабының 2-бөлігінің талабына сай, анықтау органының бастығы алдын ала тергеу жүргізуге міндетті қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді тағайындауға құқылы екендігін ескере отырып, анықтау органының бастығы алдын ала тергеу тағайындау туралы қаулы қабылдау қажеттігін айтады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63-бабының 2-бөлімін тергеу бөлімі (бөлімшесі) бастығы өзінің қарамағындағы тергеушілердің өндірісіндегі қылмыстық істер мен құжаттарды тексеру құқығымен толықтыру керектігін анықтаушының қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу туралы қаулысын анықтау бөлімінің бастығы бекітуден бас тарту туралы қаулы қабылдау қажеттігін ұсынады.

Үшінші бөлімнің «Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудегі заңдылықты қамтамасыз етудегі прокурордың рөлі» деп аталатын екінші бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудегі прокурордың заңдылықты қадағалау міндеттері қарастырылып, заңдылықты прокурорлық бақылаудағы кездесетін өзекті проблемалар талқыланады.

Алдын ала тергеу органдарының заңдарды дәл орындауын прокурорлық қадағалау, қылмыстық істерді біріктіру және қылмыстық істі бөлектеу тәртібі кезінде, прокурор жіберілген қателіктерді дер кезінде анықтауы – фактілер бойынша қозғалған қылмыстық істердің уақтылы тіркелінуің ашылуын, ал қылмыс жасаған тұлғалардың әділетті жазаға тартылатынының маңызды кепілі. Сонымен қатар қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуді прокурорлық қадағалаудың бір белесі алдын ала тергеу мерзімін ұзарту және айыпталушыларды қамауда ұстауды шешу сәті болып табылатындығы айтылады.

Алдын ала тергеу аяқталғанда қадағалаушы прокурордың қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуде заңдылықтың сақталуын қадағалауға мүмкіндігі болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 281-бабына сәйкес, айыптау қорытындысын бекіте отырып, ол анықтау немесе алдын ала тергеу жан-жақты, толық және объективті жүргізілгенін тексеру керек. Толық және жан-жақты тергеу өндірісі қылмыстық істерді біріктіру және қылмыстық істі бөлектеу ережелерін сақтаумен тығыз байланысты. Айыптау қорытындысымен түскен істі тексере отырып, прокурор тағы да қылмыстық істерді біріктіруге және қылмыстық істі бөлектеуге негіз бар ма, осы шешімдерді таратуда процессуалдық тәртіп бұзылмады ма, соны тексере алады. Сонымен қатар егер қылмыстық істі қозғаумен байланысты шешім қабылдауға қосымша материалдар бөлінген болса, онда ол бөлінген материалдардың тіркелуін және тексерудің нәтижесін қарауға міндетті

Қылмыстық іс бойынша заңдылықтың орын алуын қадағалауда прокуратура тарапынан қылмыстық іспен толық таныса отырып, өз шешімін қабылдау қажет деп санаймыз. Себебі, қылмыстық істі толық оқып таныспай, ол бойынша шешім қабылдау орынсыз екендігін талқылайды.

Диссертацияның қорытынды бөлімінде зерттеу жүргізілген тақырыптың маңызды болып табылатынын теориялық және тәжірибелік бағыттарына қорытынды беріліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі қарастырылған қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу заң нормаларының тиімділігін жетілдіру және оның тәртібі мен қолдану тәжірибесін дұрыс жүргізу жақтары баяндалады. Диссертацияның әрбір бөлімі мен бөлімшелерінің нәтижелері және қорытындылары келтіріледі. Жұмыстың қортынды бөлімінде қарастырылған мәселелердің қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясында пайда болу негізділігі мен қалыптасқан дау-дамайды шешу мақсатында қолданылған әдіс-тәсілдердің болмысы туралы да мағлұматтар береді.

Осы күнге дейінгі қылмыстылықпен күрес жүргізудің тиімділігіне және қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің өзекті мәселелері туралы зерттеушілердің құнды пікірлері мен концептуалды бағыттары алдағы уақыттарда да талдауға алынуы және соның нәтижесінде олардағы оңтайлы ұсыныс, пікірлердің құндылықтары анықталып, заң шығарушылық қызметке қолданылу қажеттігі туралы жасалған шешім келтіріледі. Сол сияқты зерттеу тақырыбы бойынша бүгінге дейінгі қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясында орын алған кейбір ұсыныстар мен пікірлердің сапасыздықтарын анықтаудағы қолданылуы тиіс тәсілдер, яғни мәселенің даулы себептерін анықтай отырып, олардың орнын толтыратын қылмыстық іс жүргізу заңын жетілдіру әдістерін табу туралы айтылды.

Жұмыста зерттеу жүргізуге белгіленген мақсаттар мен міндеттердің орындалуын ескеріп, олар бойынша анық, әрі теория талаптарына сай келетін шешімді келтіруге келесідей ұсыныстар жасалады:

Біріншіден, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңындағы қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің қылмыстық іс жүргізу құқығындағы атқарып отырған рөлін талдай отырып, оны жетілдіру шараларын қарастыру;

Екіншіден, қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің мақсаттары және қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу барысында алынатын негіздердің бір-біріне сай болмауына байланысты оларды сәйкестендіру;

Үшіншіден, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу заң нормаларын жетілдіру мақсатында өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

Төртіншіден, қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеуге байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптары арасындағы орын алып отырған қарама-қайшылықтарды жою мақсатында тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

Бесіншіден, қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеудің тәртібі мен іс жүргізу мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелмеуіне байланысты оларды нақтылауды ұсынады.

Сонымен қатар автор қорытынды бөлімде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу бойынша іс тәжірибе қызметкерлері және заң ғалымдары арасында орын алып отырған әртүрлі пікірталастардың қалыптасуына байланысты өзінің көзқарастарын білдіре отырып ұсыныстар жасайды.

Диссертацияның қосымшасында құқық қорғау органдыры қызметкерлерімен қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу бойынша жүргізілген сауалнамалардың қортындысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Қостанай заң институтымен, Алматы қаласының Ішкі істер департаментімен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сот сараптамалар орталығымен іс тәжірибеге енгізу туралы актісі көрініс тапқан.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтін 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі. 2007. № 10(847). 8 наурыз. – Б. 5-12.

2 Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан – 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 144 б.

3 Шарафутдинов Ш.Ф. Соединение и выделение уголовных дел и материалов в советском уголовном процессе. – Уфа: УВШ МВД СССР, 1990.

4 Дробинин Д.В. Соединение и выделение уголовных дел, как гарантия их всестороннего, полного и объективного исследования: дис. ... канд.юрид.наук. – Самара, 1999. –221 с.

5 Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы / Концепция правовой политики Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 56 б.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тізімі
1 Основания принятия решения о соединении уголовных дел, на стадии предварительного расследования // Д.А. Қонаев атындағы университетының Хабаршысы. 2005. № 2(15). – Б. 118-121.

2 Особенности соединения и выделения уголовных дел по уголовно-процессуальному законодательству Республики Казахстан // Экономика и право Казахстана. 2006. № 10. – Б. 41-44.

3 Қылмыстық істерді біріктіру және бөлектеу: заңдылығы мен негізділігі // Тура би. 2007. № 3. – Б. 48-49.

4 Қылмыстық істерді біріктіру және бөлу кезінде заңдылықты қамтамасыз етудегі прокурордың рөлі // Ғылым. 2007. № 3(14). – Б. 66-72.

5 Қылмыстық істерді жеке іс жүргізуге бөлектеудің кейбір мәселелері. // Тура би. 2007. № 6 – Б. 33-34.

6 Обеспечение прав несовершеннолетних при выделени уголовных дел // Соблюдение конституционных прав и свобод граждан в деятельности органов внутренних дел: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. мат-ры. Б. 2. – Алматы: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2003. – Б. 205–212.

7 Жауаптылыққа жататын анықталмаған тұлғалардын қылмысына қатысты қылмыстық істі бөлектеудегі заңдылықтың қамтамасыз етілуі // Актуальные проблемы формирования национальной системы и условий устойчивого развития государственности Республики Казахстан: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф.мат-ры. – Алматы: КИПМО, 2004. – Б. 509-515.

8 Сущность и основания соединения уголовных дел в одно производство // Реализация уголовной ответственности: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф.мат-ры. – Қостанай: Қазақстан Республикасы ӘМ ҚАЖК ҚЗИ, 2005. – Б. 134-135.

9 Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу шешімдерін қабылдау барысында тергеу органы бастығының рөлі // Роль уголовно-исполнительной системы в предупреждении правонарушений: халықаралық ғылыми–тәжірибелік конф.мат-ры. – Қостанай: Қазақстан Республикасы ӘМ ҚАЖК ҚЗИ, 2007. – Б. 187-193.

РЕЗЮМЕ
Калиев Аскар Москалович
Соединение и выделение уголовных дел как требование направленное на эффективность уголовного судопроизводства
12.00.09 – уголовный процесс; криминалистика и судебная экспертиза; оперативно-розыскная деятельность
В диссертационном исследовании освещены основные вопросы, касающиеся соединения и выделения уголовных дел как требования направленного на эффективность уголовного судопроизводства.

Объектом исследования являются закономерности общественных отношений, складывающихся в сфере уголовно-процессуальной деятельности, связанной с реализацией институтов соединения и выделение уголовных дел, и практика их применения в ходе предварительного расследования.

Предметом исследования выступают конкретные нормы и институты уголовно-процессуального права, другие нормативные акты, регламентирующие соединение и выделение уголовных дел, обобщенный практический опыт судебной и прокурорско-следственной деятельности, данные правовой статистики, а также конкретные проблемы правоприменения, возникающие на практике.

Цели исследования заключаются в теоретическом анализе оснований для принятия решений о соединении и выделении уголовных дел в условиях существующей правоприменительной практики, выявление и выработка мер по ликвидации существующих пробелов в законодательстве, а также разработка более обоснованного процессуального порядка соединения и выделения уголовных дел, разработка практических рекомендаций для органов расследования по решению данных вопросов.

Методологическая база работы строится на общенаучном, диалектическом методе познания, позволяющем исследовать закономерности, относящиеся к сущности, содержанию правовых явлений, выявленных юридической наукой и апробированных практикой. В процессе исследования нами использованы правовой, сравнительно-правовой, аналитический, социологический и другие методы исследования.

Нормативную базу диссертационного исследования составляют Конституция Республики Казахстан, Уголовный и Уголовно-процессуальные кодексы Республики Казахстан, Закон Республики Казахстан «О Прокуратуре», Закон Республики Казахстан «Об оперативно-розыскной деятельности», Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу закона, нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан.

Новизна диссертационного исследования в самом общем виде заключается в самостоятельности и комплектности исследования места и роли решений о соединении и выделении уголовных дел в казахстанском уголовно-процессуальном законодательстве, разработке малоизученных проблем, связанных с определением оснований соединения и выделения уголовных дел, уточнении и совершенствовании процессуального порядка таких решений, определении роли и места начальника следственного отдела и прокурора при решении вопросов, связанных с соединением и выделением уголовных дел.

Диссертационная работа является первой монографической работой выполненной на государственном языке, в котором на основе действующего уголовно-процессуального законодательства комплексно исследованы стадии уголовного судопроизводства.

Практическая и теоретическая значимость исследования определятся ориентацией на решение актуальных проблем уголовного судопроизводства, возможностью реализации ряда разработанных в диссертации предложений и рекомендаций в процессе совершенствования действующего законодательства и деятельности правоохранительных органов.

Результаты исследования могут быть применены и в процессе преподавания учебных дисциплин: «Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан», «Правоохранительные органы Республики Казахстан», «Прокурорский надзор Республики Казахстан», «Уголовное судопроизводство Республики Казахстан».

Теоретико-практические положения и выводы диссертации могут быть использованы аспирантами (адъюнктами), магистрантами и соискателями при написании научных работ.

Апробация результатов исследования. Результаты исследования апробировались при проведении лекционных и семинарских занятий в Академии МВД Республики Казахстан, Академии экономики и права Республики Казахстан и при проведении практических занятий с сотрудниками ДВД г. Алматы, Алматинской области.

Основные положения диссертации нашли отражение в научных статьях и докладах на различных конференциях.

Структура и объем диссертационного исследования отвечает целям и задачам исследования. Диссертация состоит из введения, трех разделов, включающих девять подразделов, заключения, списка использованных источников и приложения.

Положения, выносимые на защиту:

1. Автор предлагает введение в уголовно-процессуальное законодательство Республики Казахстан, понятие соединения уголовных дел в следующей редакции: «Под соединением уголовных дел понимается, соединение уголовных дел на основании принципа поглащения и сложения наказания и целью назначения одного наказания за совершение нескольких преступлений, а также для облегчения установления истины по делу самостоятельно возбужденные уголовные дела по обвинению нескольких лиц в совершение в соучастии одного или нескольких преступлений, дела по обвинению лица в совершении нескольких преступлений, а также дела по обвинению в заранее не обещанном укрывательстве этих же преступлений или недонесение о них».

2. Диссертантом сформулировано новое теоретическое положение относительно понятия выделения уголовного дела предусмотренного уголовно-процессуальным законодательством Республики Казахстан: «Под выделением уголовного дела понимается, выделение уголовного дела органом ведущим уголовный процесс с целью обеспечения охраны государственных секретов, прав несовершеннолетних, а также задачи уголовно-процессуального закона как привлечение к уголовной ответственности лиц совершивших преступление».

3. С целью обеспечения полноты и объективности рассматриваемого уголовного дела, статью 48 Уголовно-процесуального кодекса Республики Казахстан дополнить частью 2-1 в следующей редакции «2-1. в уголовном деле могут быть соединены материалы не требующие отдельного возбуждения уголовного дела».

4. Автор определяет, что для устранения противоречий между частью 1 статьи 48 и частью 2 статьи 295 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан в часть 2 статьи 295 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан: после слов «в соучастии с военнослужащими или другими лицами» необходимо дополнить положением «а также в заранее не обещанном укрывательстве этих же преступлений или недонесении о них, по делам».

5. Диссертант, для устранения противоречий между статьей 49 и частью 2 статьи 295 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан вводит дополнение: часть 1 статьи 49 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан дополнить следующим пунктом «отдельных обвиняемых, не являющихся военнослужащими или другими лицами указанными в статье 293 настоящего Кодекса».

6. С целью устранения противоречий между частью 2 статьи 12 и частью 3 статьи 543 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан: часть 1 статьи 49 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан дополнить пунктом «одного из подсудимого, избравшего рассмотрение дела в суде с участием присяжных заседателей».

7. Для конкретизации сроков рассмотрения дела, после выделения в отдельное производство, часть 6 статьи 49 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан необходимо дополнить словами: «По выделенным уголовным делам срок производства исчесляется в соответствии с требованиями статей 196 и 285 настоящего Кодекса».
1   2   3   4

Похожие:

Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486
Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179, 181 баптарымен көзделген меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудағы...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconҚарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы И. А. Есенбаевтың қылмыстық істерді қарау тізімі

Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconАтырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconАлқаби – құрметті міндет
Сот жүйесін жетілдірудің қол жеткен жетістіктерінің маңыздысы қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconҚылмыстық заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы
Дәлелдемелердің ұғымы. Дәлелдемелердің жіберілуі және артықшылығы. Дәлелдеу заты мен шегінің ара-қатынасы. Қылмыстық іс жүргізуге...
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде icon1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
Статистикалық деректер бойынша есептік кезеңде қылмыстық істердің қаралу мерзімі бұзылмаған
Калиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде iconЖалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница