Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы




Скачать 43.27 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы
Дата конвертации15.12.2012
Размер43.27 Kb.
ТипДокументы




Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерi енiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 71 қаулысы



-->
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 2, 36-құжат
      2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қоса берiлiп отырған Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерi енiн белгiлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2004 жылғы 23 қаңтардағы       
N 71 қаулысымен            
бекiтiлген            

Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерi енiн белгiлеу ережесi

      1. Осы Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерi енiн белгiлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерi енiн белгiлеу тәртiбiн регламенттейдi.
      2. Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерiне (бұдан әрi - тыйым салу белдеулерi) су ресурстарын сақтауға және жинауға, су объектiлерiнiң ластануына, былғануына, түбiнiң лайлануына жол бермеуге, сондай-ақ жануарлар дүниесi объектiлерiнiң тiршiлiк ортасын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау мақсатында орман пайдалануды шектеудiң тапсырысты режимi белгiленетiн көрсетiлген су объекттерiне жанасқан мемлекеттiк орман қорының аумағы жатады.
      3. Тыйым салу белдеулерiнiң енi, оларды пайдалану режимi орман орналастыру кезiнде су объектiлерiнiң балық шаруашылығы маңызы мен экологиялық жай-күйi ескерiле отырып, физика-географиялық, топырақ гидрологиялық және басқа да шарттар басшылыққа алынып, орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн орман орналастыру жобаларымен белгiленедi.
      4. Жайылмасыз өзендерде немесе кәдiмгiдей жайылмасы жоқ өзендер учаскелерiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi орташа көпжылдық межелi су деңгейiнiң мөлшерi бойынша, ал су арнасы сағаларға тармақтанып кетсе, сыртқы сағаның жағалауы бойынша осы нормативпен анықталады. Өзен енi 1 километрден астам жоғары көтерiлген өзен аралығын қамтитын сағаларға бөлiнiп кетсе, әрбiр сағаның жағалаулары бойынша тыйым салу белдеулердiң енi осы өзеннiң қалған бөлiгiнде қалай болса, дәл солай белгiленедi.
      Анық бiлiнiп тұрған жайылмасы бар өзен бойында тыйым салу белдеулерiнiң енi жайылманың енiнен және енi осы Ережеге сәйкес айқындалатын оған жанасқан белдеудiң енiнен тұрады.
      Жағалауларында тыйым салу белдеулерi оқшау көрiнетiн өзендердiң басталар тұсында бұл белдеулердiң құрамына осы өзен жағалаулары бойынша белгiленген тыйым салу белдеуiнiң енiне тең радиуста өзеннiң басталар тұсындағы аумақ енгiзiледi.
      Тыйым салу белдеуiнiң сыртқы шекарасын белгiлегенде ол мүмкiндiгiнше табиғи шептермен немесе орамдық орман жолдарымен, бөлiнiстер шекарасымен ұштастырылады, бұл ретте шекара өзеннiң су жинайтын алаңының шегiнен шығып кетпеуi тиiс, яғни бұл жағдайда ол су бөлетiн шекара бойымен өтедi.
      5. Көлдер мен арналы су қоймаларының төңiрегiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi оларға келiп құйылатын немесе олардан ағып шығатын өзендердiң бойында бөлiнген белдеулерге тең белгiленедi.
      Көлдерге немесе су қоймаларына бiрнеше өзен келiп құйылатын немесе ағып шығатын жағдайларда су қоймасы бойындағы тыйым салу белдеуiнiң енi ең кең арналы өзен бойынша қабылданады. Су қоймасы бойындағы тыйым салу белдеуiнiң iшкi шекарасы судың бiрқалыпты толық деңгейiнiң мөлшерiмен, ал көлдер бойында - орташа көпжылдық су деңгейiнiң мөлшерiмен өтедi.
      6. Шағын өзендер (200 километрге дейiн) және шаруашылық жүргiзудiң қарапайым жағдайлары қолданылатын және экологиялық жағдайы қолайлы өзендер үшiн әр жағалау бойынша тыйым салу белдеулерiнiң ең тар енi - 500 метр мөлшерде белгiленедi.
      7. Су жинағыштағы экологиялық жағдай шиеленiскен кезде балық шаруашылығы маңызы зор өзендер мен су қоймалары үшiн қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес тыйым салу белдеулерiнiң енi әр жағалаудан 1000 метр мөлшерiнде белгiленедi.
      8. Қотармалы су қоймалары мен басқа да көлдер бойындағы тыйым салу белдеулердiң енi мынадай мөлшерде белгiленедi:
      1) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрге дейiн болса - 300 метр;
      2) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрден асып кетсе - 500 метр.
      Осы көлдер үшiн тыйым салу белдеуiнiң iшкi шекарасы онша көпжылдық су деңгейiнiң жырығы бойымен өтедi.
      9. Осы Ережемен белгiленген тыйым салу белдеулерiнiң мөлшерi мен шекарасы қажет болған жағдайда орман орналастыру кезiнде нақтылануы мүмкiн.

Өзендер, көлдер, су қоймалары мен    
басқа да су объектiлерi жағалауларындағы
ормандардың тыйым салу белдеулерi    
енiн белгiлеу ережесiне         
қосымша                

Ормандардың тыйым салу белдеулерiнiң енiн белгiлеуге арналған су айдындарының тiзбесi

________________________________________________________________
   Су айдындарының атауы             Өзендер келiп құйылатын су
(өзендер, көлдер, су қоймалары)        айдындарының атауы
________________________________________________________________
            1                                   2
________________________________________________________________
                        Өзендер
________________________________________________________________
Жайық                                  Каспий теңiзi
Қиғаш                                  Каспий теңiзi
Көшiм                                  Жайық
Шаған                                  Жайық
Утва                                   Жайық
Елек                                   Жайық
Өр                                     Жайық
Ертiс                                  Обь
Уба                                    Ертiс
Үлбi                                   Ертiс
Қара Ертiс                             Бұқтарма су қоймасы
Бұқтарма                               Бұқтарма су қоймасы
Күршiм                                 Бұқтарма су қоймасы
Қалжыр                                 Қара Ертiс
Алқабек                                Қара Ертiс
Белөзек                                Қара Ертiс
Аққоба                                 Қаба
Тополевка                              Марқакөл
Тобыл                                  Ертiс
Eсiл                                   Ертiс
Аягөз                                  Балқаш көлi
Ақсу                                   Балқаш көлi
Қаратал                                Балқаш көлi
Лепсi                                  Балқаш көлi
Iле                                    Балқаш көлi
Сырдария                               Арал теңiзi
________________________________________________________________
                 Көлдер және су қоймалары
________________________________________________________________
Марқакөл
Балқаш
Қошқаркөл
Жалаңаш көл
Сасықкөл
Бұқтарма су қоймасы
Өскемен су қоймасы
Новошульба су қоймасы
Сергеевка су қоймасы
Вячеслав су қоймасы
Қапшағай су қоймасы
________________________________________________________________








-->

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 шiлдедегi n 763 Қаулысы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы icon56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі №337 Қаулысы «Қазақстан Республикасының «Астық туралы»
«Қазақстан Республикасының «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы n 15 Қаулысы
Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелерiне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы icon«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008
Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi №903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы iconЭлектрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актiсiн жасау жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 10 тамыздағы №1039 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 17 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 28 тамыз №1098 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница