Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері




Скачать 233.96 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері
Дата конвертации03.11.2012
Размер233.96 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
5-6 сыныптар

Аcтана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Әлмұхамбетов Б.А., Айдарова З.Ш,

Дирксен Л. Г.

Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. – 17 б.



© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010


І ТҮСІНІК ХАТ
Жалпы білім беретін мектептердің негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай жасалынған. Типтік оқу жоспарында бейнелеу өнерін негізгі орта білім беру деңгейінде оқытуға аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесі берілген.

Бағдарламаның негізгі мақсаты бейнелеу өнері саласындағы көркем-эстетикалық біліктілікті дамыту, өнер шығармаларын қабылдаудағы көркем-бейнелі ойлауды қалыптастыру болып табылады.

Оқыту міндеттері:

  • отаңдық жөне әлемдік мәдениет қайраткерлерінің өнер туындыларына деген құндылық қатынастарды қалыптастыру;

  • әр түрлі бағытта, жанрда мен стильде құрылған өнер шығармаларындағы көркем ойды қабылдауға деген танымдық қызығушылықты белсендіру;

  • қоршаған орта шындығын өз бетімен көркем бейнелеу арқылы көрсете білуге шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бағдарлама құрылымы екі негізгі бөлімді қамтиды:

  1. Өнерді қабылдау.

  2. Практикалық іс-әрекет.

Бағдарлама төмендегідей блоктардан тұрады:.
Сурет. Бұл блоктың міңдеті: оқушылардың әр түрлі графикалық мәнерлеу кұраддарын — сызықты, штрихты, дақты, тонды, көлеңке мен жарықты пайдаланып, үш өлшемді пішінді екі өлшемді жазықтықта көлемді, пропорцияны, фактураны кеңістікте орналасу күйін беру арқылы көруге және бейнелеуте үйрету.
Кескіндеме. «Кескіндеме» блогының міндеті: оқушылардың түстік қатынастарды көруін, көркем бейнені есте сақтауын, шығармашылық белсеңділігін, көркемдік елестету және қиялға берілу қабілеттілігін дамыту. Кескіндеме бойынша оқу бағдарламасы қысқа мезгілдік этюдтер мен ұзақ уақыт орындалатын жұмыстардың алмасып отырылуын ескереді.
«Композиция» блогы - «Бейнелеу өнері» пәнінің жетекші бағыты болып табылады және басқа блоктармен тығыз байланыста болады. Блок міңдеті: оқушылардың жеке шығармашылық қабілеті мен бейнелі ойлауын қалыптастыруға себептесу; композиция заңдылықтарын сауатты қолдануға және өз ойын нақты көркем пішін мен бейнелерге айналдыруға үйрету. Бұл блокта оқушылар сәулет өнерімен танысады.
Сәндік қолданбалы өнер блогының міндеті: мектеп оқушыларын сәндік өнер түрлерімен таныстыру, әр түрлі материалдармен жұмыс жасаудағы біліктілігі мен дағдыларын және көркемдік талғамын дамыту және халықтың көркем дәстүрлеріне баулу. Мұғалімге қолданбалы өнер түрлерін таңдауға үлкен мүмкіңдіктер беріледі: гобелен, ағашқа көркем оймыштау, керамика, ши тоқу, терімен жұмыс және т.б. оқу бағдарламасына қолданбалы өнер түрлерін енгізу осы саладағы қазақтың ұлттық дәстүрлерін зерделеуге, оқушылардың кәсіби бағдарын тандауға мүмкіңдік туғызады.
Мүсіндеу өнері блогының міндеті: оқушылардың кеңістік қабылдауьш, яғни көлемді пііш3нді үш өлшем тұрғысынан қабылдауды дамыту; пластикалық мәнерлеу құралдары арқылы көлем мен кеңістікті бере алу біліктілігін қалыптастыру; сазбалшық, пластилин, т.б. материалдармен жұмыс жасаудың техникалық амалдарын, пластикалық заңдылықтарын зерделеу. Қарапайымнан күрделіге қарай жүретін оқу тапсырмалары циклін орындай отырып, оқушылар бедерлі және жұмыр мүсін негіздерімен таныса-ды.

Бағдарламаны құрудың негізгі ұстанымдары:

Пәнаралық байланыс, кіріктіре оқыту ұстанымы – бейнелеу өнеріндегі сурет салу, еңбекке баулудағы құрастыру, безендіру элементтерін кіріктіру арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс-әрекеттерді тұтастықта құруды қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы – білім мазмұны жақын пәндердің ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялау арқылы оқушылардың әлемді тұтас қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады.

Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.

Шығармашылық іс-әрекеттер ұстанымы - оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.

Жас ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Мектептің негізгі білім беру деңгейінің негізі сурет салу, бояумен жұмыс, аппликация, мүсіндеу, көлемді заттарды жапсырмалау және сәндік-безендіру іс-әрекеттері жатады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.

Көркемдік-шығармашылық іс әрекеттер барысында өнер шығармаларын зерделеу және талдаумен байланысты затқа, натураға қарап сурет салу сабақтың маңызды формасы ретінде бағдарламаны жақсы меңгерудің негізгі шарты болып табылады. «Бейнелеу өнері» оқу пәні өнердегі көркемдік мәнерлеу құралдарын (түс, сызық, дақ, силуэт, композиция, пішін мен тепе-теңдік, ырғақ, көлем, құрылым, кеңістіктік, жарық, сәуле, көлеңке) тану арқылы оқушыларды көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерге баулиды.

«Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасының білім берудің жаңа тұжырымдамасына бағытталғандығы – оқушылардың әртүрлі өнер түрлеріндегі көркемдік-шығармашылық әрекеттерін меңгеру, өнегелі, көркемдік-эстетикалық құндылықтарды ажырату, өнер туындылары мен мәдениет шығармаларының ерекшеліктерін бағалау біліктілігін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі айқындау, күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдайда жол табу қабілеттіліктерінің дамуын қалыптастыратын көркемдік-эстетикалық әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.

Барлық блоктардағы оқу материалының құрамды бөлігі өнер тарихы бойынша әңгіме-сұхбат құру болып табылады.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
5-сынып

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
Сурет (8 сағат). Сызықтық көрініс (перспектива). Табиғатты бейнелеудегі көрініс. Көкжиек сызығы (көру деңгейі). Параллель сызықтардың түйісу нүктесі. Бас түйісу нүктесі (көк жиекке тік бұрыш жасау арқылы көзге қарама-қарсы орналасқан). Фронталь көрініс (бір түйісу нүктесі). Бұрыш-тық көрініс (қос түйісу нүктесі). Көру деңгейінен жоғары, төмен тұратын нәрселердің орналасуы. Қағаз бетіндегі сызықтық суретте кеңістік иллюзиясын құру (жіңішке, жуан сызықтар, тон, үзік сызықтардың жиілігі). Көше көрінісі. Сызықтық көрініс. Бақылау көрінісі (суретші пайдаланатын). Цилиндрге қарап сурет салу: негізгі пропорцияны анықтау (биіктік пен теңдік), қағаз бетінде орналасуын анықтау; ось сызықтарын тұрғызу; сопақшалар салу; жарық пен көлеңкені түсіру (жарық, жартылай көлеңке, көлеңке, рефлекс). Түспелі көлеңке. Цилиндр пішінін айқыңдайтын штрих сызықтар. Геометриялық денелерді тандауы бойынша салу (пирамида, алты қырлы призма). Шамаларын, қырларының бұрылуын, кеңістікте орналасуын, негізгі пропорцияларын анықтау. Затқа жарық түсіру. Жарық. Көлеңке. Жартылай көлеңке. Рефлекс. Меншікті және түспелі көлеңке. Екі, үш тұрмыстық нәрселерден тұратын пішіні мен фактурасы қиын емес натюрморт салу. Шеңбер мен симметриялық осьтер кұру. Көлемді беру. Нақтылау (жарықтың әсері). Ағаш суретін салу.\ Табиғат көрінісін кеңістік кұру. Сызық. Тон. Алдыңғы план, контрасты түстер.
Кескіндеме (9 сағат). Түрлі түстерді қабылдау. Түстану. Түстік тон. Түс жарықтығы. Түстің қанықтығы. Негізгі, қосымша және құрамды түстер. Жарық контрасы.

Түстердің қарсыластығы. Оқшауланған (локалды) түс. Жарық пен көлеңке. Рефлекс.

Ағаштарға суретін салу - жұмыс жасау кезеңі: тондық қатынастағы алғашқы бояу жағылымдары. (бөлек бөлшектерін салу, түс қатынастарын анықтау, жұмысты қортындылау және аяқтау. Натюрморт (орналастыру, сурет салу, жарық пен көлеңке, нақтылау, қортындылау). Орындау техникасы - лессировкалау, ылгал қагаз бетіне жағу, пастозды кескіндеме).

Суретші шығармаларымен танысу. Г.Исмайылова «Қазақ вальсі», У.Әжиев «Ассы жайлауы», М.Врубель «Аққу ханша». Мұражайға, көрме залдарына, шеберханаларға саяхат.

Суретші шығармаларын талдау. С.Мәмбеев «Киіз үй жанында», И.Репин «Волга бурлактары», С.Романов «Биші қайыңдар», В.Васнецов «Алыптар».

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаштар, акварель гуашь, пастель бояулары, қылқалам, сурет альбомы, палитра пластилин, сазбалшық, қатырма қағаз.

Сарамандық жұмыстар. «Күзгі жауын», «Күзгі гүлдер шоғы», «Жаңа жыл карнавалы», «Қысқы демалыс», «Наурыз», «Ғарыш», «Жайлау» тақырыптарына композициялық сурет салу.
Композиция (7 сағат)

Копозиция заңдылықтары. Тұтастық заңы. Композициялық бірегейлік. Композицияның барлық элементтерінің түгел бір-бірімен байланысы және өзара үйлесімділігі. Композиция элементтерінің қайталанбас ерекшеліктері. А.Ғалымбаева «Қазақстан әні». Типтік жобаға келтіру заңдылықтары. Негізгі ерекшеліктері: әдеттегі жағдайдағы табиғи мінез, қозғалысты көрсету, оқиғаның уақыт бойынша дамуы (И.Е.Репин «Күтпеген еді». А.Г.Школьный «Мәңгілік: жастық, ана туралы және еске алу» (триптих).

Қарама-қарсылық (контраст) зандылықтары. Шамалардың қарамақарсылығы (жоғары-төмен, жуан-жіңішке). Түстік контраст. Жылы және салқын түстер.

В.А.Серов «Шабдалы ұстаған қыз». Б.М.Кустодиев «Ф.И.Шаляпин портреті», К.Телжанов «Әнші». Жылы және суық түстердің қарама-қарсылығы; түстік қарама-қарсылық: К.М.Шаяхметов «Біздің кеңшарда».
Сәндік колданбалы өнер (6 сағат)

Сәндік қолданбалы халық өнерінің шығу және даму тарихы. Өрнектер мен сәндік декордың бейнелеу түрлері.

Ою-өрнек турлері: геометриялық, өсімдік және жануарлар дүниесінен, аралас. Тұйық және жолақты өрнектер. Өрнек элементтерін орындау кезендері. Халық өрнектері: табиғи және геометриялық түрпішіндер; өсімдік өрнегін, жануар-лар өрнегін және адамдардың бейнесін бейнелеу. Геометриялық өрнектер. Өрнектерде ғарыштық шеңбер мотивтерін қолдану. Тіршілік ағашы - әлем халықтарының өнердегі мәңгілік бейнесі. Бұтақшаларында құстары бар ағаш бейнесінің көрінісі. Гүлдеп тұрған, жемісті ағаштар. Шешек жарған бұтақшалар.

Өрнекті композиция құрастыру. Өрнектегі симметрия. Сызықты өрнектер (бордюр).

Сәндік өнер шыгармаларымен танысу. Қолмен және өнеркәсіптік тәсілдермен орындалған сәңдік бұйымдар. Ұлттық киім, зергерлік әшекейлер, саз аспаптары, кілемдер, ыдыс-аяқтар және т.б. бұйымдар.

Ұлттық сәндік буйымдарды талдау. Ұлттық бас киім, сырғалар, білезіктер. Хохломалық ыдыс-аяқ. Вологод шілтері.

Құрал - жабдықтар мен материалдар. Түрлі-түсті қағаздар, қатырма қағаз, мата, табиғи материалдар, қайшы, (әр түрлі материалдарды желімдеуге арналған арнайы желім).

Сарамандық жұмыс. Ұлттық киім үлгілерін қағаз бетіне түсіру, жапсырма жұмыстары арқылы әшекейлеу. Ас үйге қажетті тақтайшалар мен төсеніш үлгілерінің эскизін орындау.
Мүсіндеу (4 сағат)

Мүсін туралы кіріспе сөз. Мүсін өнерінің пайда болуы жене дамуы туралы қысқаша мағлұматтар. Тас мүсіндер, балбал тастар. Монументадды және қондырғылы мүсіндер. Қондырғылы мүсін рөлінің артуы. Мүсіндік пішінде жал-пылаушы бастаманың болмауы. Мүсіннің айқындығын дене тұрысы және қимылы арқылы көрсету. Шығарманың табиғилығы. Мүсін түрлері: дөңгелек, бедерлі. Бюст. Ескерткіш. Мүсіндік топ.

Мүсін шығармаларымен танысу. Микеланджело Буонарроти «Давид», Э. Фальконе «І-Петр», Е. Мергенов «Солдат».

Талдау. Х.Наурызбаев «Жамбыл», Б.Әбішев «Жер - Ана» (ескерткіш), Р.Рахметов «Балалық шақ» (шамот).

Құрал-жабдықтар мен материалдар: саз балшык, пластилин, тас, мәрмәр, ағаш, қатырма кағаз, тақтайша, сым темір, жіңішке бұрау (стек), шегелер, бояулар.

Сарамандық жұмыстар. Ұлттық киімді безеңдіру. Сәңдік тақтайшаларды өрнектеу үшін эскиздер мен трафареттер жасау. Халық өнерімен және сәндік өнермен танысу негізінде мүсіндеу. Затттың өзіне қарап, ойша және елестету арқылы мүсіндеу. «Футболшы», «Менің итім», «Шабан», «Алдаркөсе», «Нептун», «Менің досымның портреті» тақырыптарына мүсіндеу. Бейнелеу өнеріндегі мүсіннің мәні. Жануарлардың қозғалыс күйін, өзіндік белгілерін көрсету. «Қызықты ертегі», «Ертегідегі сүйікті кейіпкерім» атты берілген тақырыпқа әр түрлі биіктіктегі бедерде композиция. Ұсақ пластика. Жаңа материал — сазбалшықпен танысу. Құралдар. Сазбалшықпен жұмыс істеу технологи-ясы: кептіру, күйдіру, өрнек салу, бояу.

Құрал жабдықтар мен материалдар: қағаз, қатырма қағаз, мата, табиғи материал, бояулар, қайшы.
6 - сынып

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
Сурет (8 сағат). Петроглифтер. Тастағы суреттер. Көлемнің жазықтық бетіндегі көрінісі. Пішін (ұзындық, ендік, биіктік), өзіндік ерекшеліктері (геометриялық денелерге ұқсастығы).

Шаршы (квадрат) салу. Түйісу нүктелері (ось, диагоналдар). Ою-өрнекті халық кестесімен орындау. Куб құрылымы (8 түйінді нүкте). Алты қырлы призма құрылымы (құрылымы 12 түйінді нүкте). Қиық конустың, цилиндрдің құрылымы (дененің айналымы, осьтің айналымы, шеңбердің айналымы, құрастырушы сызықтар). Заттың ішкі құрылымын талдау; түссіз мөлдір затты бейнелеу: бос және толтырылған (заттың өзіне қарап немесе елестету арқылы). Тақырыптық натюрморт салу. Күрделі пішін. Пішін түзуші элементтер: қарапайым негіз (геометриялық дене, бірнеше геометриялық денелер, күрделі құрама объектілер (геометриялық денелердің қосындысы). Заттың кеңістікте жалпы композициялық орналасуын, жалпы пропорционалдық қатынасын анықтау. Заттар тобын салу. Заттардың орналасуын анықтау.

Майда бөшектерді салу, түстік қатынастардың бастапқы түсірілуі. Түстік қатынастарды анықтау, жұмысты қортындылау жөне аяқтау. Пропорциялар. Салыстыру тәсілі. Нысаналау.

Адам басының суретін салудағы пропорциялар. Тең бөлікке бөлуші тік сызық (крестовина).

Адам денесінің пропорциясы. Фигура модулі. Адам суретін салу. Адам басының суретін салу. Адам бетінің пропоциясын геометриялық денелермен салыстыра отырып талдау (мұрын — призма, көз қарашығы — шар, дене - цилиңдр және т.б.).

Орындау кезеңдері: бейнені қағаз бетіне орналастыру; беттің пропорционалды қатынасын жалпылама анықтау; беттің пропорциясын нақтылау; көз, мұрын, ауыз, шаш, мойынның жалпы пішінін салу; жарық пен көлеңкені модельдеу көмегімен бейнені жасай отырып, суретті аяқтау.

Кейіптің айқыңдығын қандай да бір геометриялық дене ішінде көрсету. Модель сипаты. Пропорционалдық қатынастар. Бейненің қозғалыста (орнықты) болуы. Көркем бейнені тудыру.

Оқу суретін күрделендіру.
Кескіндеме (9 сағат)

Кескіндеме түрлері: қондырғылы, монументальды, сәндік. Кескіндеме жанрлары: тарихи, натюрморт. Түстік үйлесімділік. Түстік рефлекс. Ұлттық колорит. Жарық. Көлеңке. Меншікті көлеңке. Түсетін көлеңке. Блик. Калорит.

Суретші шыгармаларымен танысу. Б. Табиев «Сақманшылар», «Бала жетектеген әйел», А.Куйнджи «Ақ қайың тоғайы», М.Кенбаев «Асауға кұрық салу», «Киіз басу».

Талдау. А.Ақанаев «Бұл беймаза әлем», К. Дүйсенбаев «Үміт», А. Сыдыханов «Таудағы асу».

Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар. Түрлі түсті және жай қарындаштар, сурет альбомы, пастель, акварель бояуы, гуашь, палитра, қылқалам, фломастер.

Сарамандық жумыс. «Натюрморт», «Гүлдер мен жеміс-жидектер», «Күз», «Портрет», «Көктем» тақырыптарына кескіндемелік жұмыстар орындау. Еркін тақырыпта нобай суреттер салу.

Жұмсақ колоритті түстермен этюдтер орындау (акварель). А ля прима техникалық акварелі, салқын түстермен натюрморт орындау (гуашь).

Жұмыс жасау кезендері: натюрморттың жеке құрамды бөліктерін орындау; Бастапқы оқшауланған түсті түсіру, палитрада ақ бояуды пайдаланып, әр түрлі түстер алу. Жұмысты аяқтау: жеке бөліктердің түсін нақтылау. Түрлі түстерді кеңістік араластыру. Қарама-қарсы түстер колоритінде натюрморт.

«Гүлдер», «Жапырақтар» тақырыбына этюд орындау (суретті қарындашпен салу; гүл мен жапырақтың жалпы түр пішінін беру; гүл мен жапырақтың негізгі түстік тонының алғашқы жағылымдары; бөлшектерді өңдеу; көлемді айқыңдау; қажетті түстік және тондық қатынастарға жету). Пленэрлік жұмыс.
Композиция (7 сағат).

Композициялық мәнерлеу құралдары: ырғақ, симметрия, ассимметрия, тепе-тендік, контраст, нюанс. Ауа перспективасы. Шығу нүктесі. Кеңістікті түрлі түстер арқылы беру.

Суретші шыгармаларымен танысу. А.Ғалымбаева «Дәмді шәй», «Дастарқан», И. Шишкин «Шыршалы таудағы таң», И. Репин «Инелік».

Шығармаларды талдау. Ш.Сариев «Қыз Жібек», В.М.Васнецов «Але-нушка», В.И.Суриков «Стрелец өлім жазасы таңы».

Құрал-жабдықтар мен материалдар: тушь, қағаз, қарындаш, акварель бояулары, пластилин.

Сарамандық жумыс. «Сиқырлы қыс», «Біздің мектеп», «Ертегілер еліңде», «Ғарыш әлемі» және т.б. тақырыптарға композиция құрастыру.

«Спорт» тақырыбына өр түрлі бірнеше денелерден құралған композиция құру: әрбір фигураны көрсету арқылы жылжымалы қозғалысты беру; қозғалыс ырғағын көрсету; жарық және қара дақтарды жағу; түстерді, жарық көлеңкені нақтылау; сюжетті-композициялық орталықты айқыңдау. Орындау техникасы тандау бойынша.

Тұрмыстық жанр тақырыптарына композиция құрастыру: мерекелік және әдеттегі күңдердегі отбасы көрінісі, күнделікті тіршілік, табиғат аясындағы демалу.

«Циркте» тақырыбына композиция. Симметрия. Асимметрия.

«Жазғы базар», «Жәрмеңка» тақырыптарына композиция құрастыру. Акварель техникасында орындау.

Қазақ эпосы түрткілері бойынша безендірулер: «Баян сұлу», «Алпамыс батыр», «Қобылаңды батыр», «Ер Тарғын». Орындау техникасы - тушь-қаламұш.

Сәндік қолданбалы өнер (6 сағат).

Қазіргі заманғы сәндік өнер туралы қысқаша мағлұмат.

Мүсін өнері (4 сағат)

Заманауи мүсін өнері жайлы қысқаша мағлұмат. Горельеф, барельеф, мемориал. Жан-жануарлардың бейнесін сомдау техникасы.

Өсімдіктер өрнегін гипстен жасалған үлгі материалдар бойынша сомдау.

Өсімдік өрнектерінің ерекшеліктері: өсімдік жапырақтарының, кұлтешелерінің формаларын әсем сәндік безектерге айналдыру.

Материалдар мен құралдар: қажетті өлшемдегі плиткалар, бір түсті пластилин, стектер, саз балшық, қатты қағаз, тақтайша, сым темір, шегелер, әртүрлі бояулар, гипс.

Анализ жасау. Кремер Ф. «Бухенвальд қаласындағы күрескерлердің фашизмге қарсы күресіне арналған монумент»; Роден О. «Ойшыл»; Жұмабай А. «Тәуелсіздік монументі; Сергебаев Е. «М.Әуезов»; Әбішев Б. «Жамбыл ескерткіші»; Досмағамбетов Т. «Ә.Жангелдин ескерткіші», «Ғ.Мұратбаев ескерткіші».

Практикалық іс-әрекеттер. Тақырыптық мүсіндеу. «Рельеф», «Ертегі әлеміндегі сүйікті кейіпкерлер», «Әке», «Шаңғышы», «Нар түйе».

III. СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5-6 сынып оқушылары:
«Композиция» блогы бойынша оқушылар мыналарды білуі тиіс:

  • композиция жанрларын;

  • композиция зандылықтары мен құралдарын;

  • табиғаттағы кеңістіктік өзара байланысты талдау тәсілдерін: табиғи композиция (орман, дала және т.б.) құраушыларын өзара жіктеу, масштаб, жіктеу;

  • интерьердегі көрініс ұғымын; ондағы түстік гаммалардың интерьердегі, кеңістік ұйымдасудағы, композиция орталығын табудағы мәнін;

  • бейнелердегі композициялық-пластикалық шешімдерді кеңейту жолдарын;

  • тақырып пен түпкі ойды нақтылау ұғымын;

  • кеңістіктегі түсті өзгерту тәсілдерін (түрлі түсті көрініс, жарықтың түске әсер етуі).

Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- композиция заңдылықтарын (тұтастық, композиция орталығы, типизациялау, оқшаулау және т.б.) ескере отырып, шығармашылық композицияны орындауды;

  • әр түрлі орындау техникасында жұмыс жасауды, сюжеттегі ойды айқындайтын орындау техникасын тандай алуды;

  • қиял элементтері бар композиция тудыра отырып, өмір шыңдығын шығармашылық ой елегінен өткізуді.

«Сәндік қолданбалы онер» блогы бойынша оқушылар төмендегілерді білуі тиіс:

  • сәндік қолданбалы өнердің даму тарихын;

  • халық қол өнер шеберлерінің каркем-қолданбалы шығармашылық қызметінің мазмұндық негізін;

  • халық өнерінің ұлттық ерекшеліктерін, түс өзгерістерін, орындау техникасы материалдарының сан алуандығын;

  • түрткі, стиль, пропорция, үйлесімділік, ырғақ, түр пішін сияқты өрнектік композиция ұғымдарын;

  • сәндік композиция құру зандылықтарын;

  • түрпішінді ернекке кошіру өдістерін;

  • түрпішін мен безендіру бірлігі ұғымын;

  • халықтық әшекейлеу мәнері бойынша формальды түстік қатынастарды;

  • кәсіптік қолданбалы өнер және дизайн енерінен ха-лық өнерінің озгешелігін.

Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- халық өнері мотивін берілген тапсырмалар бойынша
әшекейлеу, эскиз жасау жұмыстарын орындауды;

- табиғи формалар мен кезеңдердің түрткілерін
(мотивтерін) пайдалана отырып, тұрмыста қажетті бұйым-
дар үшін әр түрлі түрпішіндерді жобалауды;

  • жазықтықтардың ішкі құрылымын анықтай алуды;

  • шығармадағы басты және қосалқы нәрсені ажырата алуды;

  • әр түрлі коркем-шығармашылық әрекеттер түріңдегі әр түрлі материалдарды және әр түрлі орындалу техника-сын пайдаланып, түрлі керкем-шығармашылық әрекетпен шығармашылық тапсырмалар орындай алуды;

  • өрнек түрлерін түрлендіре алуды;

-өнер шығармаларын талдай алуды.

«Мүсіндеу» блогы

Оқушылар мыналарды білуі тиіс:

- мүсін түрлерін;

- мүсіндеуге қажетті материалдарды, әр түрлі матери-
алдармен жұмыс жасау ережелері мен тәсілдерін;

- мүсіндеудің пластикасы мен фактурасын.

Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

  • натурадағы зат пішінінің ерекшеліктерін корсете алуды;

  • екі-үш фигуралық композицияны (адам және жануарлар) орындауды;

  • қазақ ою-орнек элементтерінен рельефті композицияны орындай алуды.

Пәнаралық байланыс. Жан-жақты пәнаралық байланыс көмегімен оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері сапалы жаңа деңгейде шешуді ғана емес, сондай-ақ, көркемдік білім берудегі шынайы күрделі проблемаларды шешу жолдары мен амалдары үшін, оларды кешендітүрде көре білудің ірге тасын қаланады. Сондықтан пәнаралық байланыс мектеп оқушыларына білім беру мен тәрбиелеуде кешенді амал жасаудың маңызды шарты мен нәтижелері болып табылады. Бейнелеу өнері сабағында пәнаралық байланыстарды пайдалану, өнер түрлерін синтездеу зерделенетін құбылыстарды әлем картинасын тұтас көруге алып келуге мүмкіндік береді. Бұл әдебиет, тіл, қоршаған орта, бейнелеу өнері, музыкөнері сияқты пәндер арасында пәнаралық байланыс құруды мақсат тұтатын сабақтарда өте тиімді болмақ.

Әдебиет: бейнелік қабылдауды тереңдету және дамыту; көркем шығарма кейіпкерлерінің әрекеттерін түсіндіру және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру, олардың іс-әрекеттерін нақты омір жағдаяттары тұрғысынан қарастыру; көркем шығармалардың белгілі сюжеттеріне сурет салу және композициялық шешімін табу.

Музыка: Кеңістіктік түсініктерді тереңдету және дамыту мақсатында әуен-сазды пайдалану. Халықтық көркем қол өнер мен халықтық күй әуендері арасындағы байланыс. Бояу түстері мен сазды күй байланысы. Ою-өрнектер мотиві мен музыка арасындағы үйлесімділік. Нәзік сызықтар мен нәзік әуен арасындағы байланыс (Сары арқа. Дәулеткерей «Көктем». В.А.Моцарт, Би күйі. А.Жұбанов және т.б.).

Дүниетану: ағаш түрлері және олардың құрылымы, үй жануарларының түрлері, олардың әдет-қылықтары, маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары, еліміздің табиғи аймақтары мен көріністері.

Математика: Көлем. Форма. Кеңістік. Геометриялық денелер. Өлшем. Ою-өрнектердегі тепе-теңдік, осьтік симметрия. Киіз үй құрылымындағы математикалық нақтылық.

Еңбекке баулу: бейнелеу, безендіру, құрастыру, әрлеу, әшекейлеу, мүсіндеу, қию, жапсыру іс-әрекеттері. Бұйымның эскизін, макетін жасауда сызба жобаларын дайындау. Дайын бұйымдарды әшекейлеу, оларды орналастырудағы композициялық шешім.

ІҮ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп қабырғасында бейнелеу өнері пәнін оқыту негізі оқу мен тәрбие үрдісінің органикалық бірлігі тұтастығында болып табылады: эстетикалық тәрбиелеу және көркемдік білім беру көркемдік іс-әрекеттердегі ілім, ілік, дағдыларды жүйелі баяндауға негізделген болуы керек. Дағдыларды меңгеру өзіндік мақсат болып табылмайды, сонымен қатар, шынайы болмысты көркемдік жағынан тану мен көрсете білудің, шынайы болмысқа деген эстетикалық қатынас қалыптастыру, оқушыларда белсенді өмірлік ұстанымдарды бекіту құралы болып табылады.

«Бейнелеу өнері» оқу пәнінің базалық мазмұны сәндік қолданбалы өнер материалы негізінде бейнелеу өнерін графикалық суретпен, сәулет өнерімен, сәндік-қолданбалы өнермен және еңбекке баулу пәндерімен байланыстыра отырып байытылған оқу мазмұнын жасауды қарастырады.

Оқу мазмұнын жүйелеу әдісінің негізіне көркемдік әрекеттердің бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты үш түрін дамыта оқыту ұстанымын қолдану идеясы басшылыққа алынды.

Бейнелеу өнері оқу пәнінің сабағы өзге пәндер сияқты лабораториялық-практикалық сипатқа ие. «Бейнелеу өнері» оқу пәнін өзге де мазмұндас пәндермен байланыста оқыту бүгінде мектеп практикасында іске асырылып жатыр.

Үйретудің көрнекілік әдіс-тәсілдері ішінен суретші шығармасын пайдалануда төменгі сынып оқушысы жас ерекшелігіне байланысты картинаны көре отырып, жердің, аспанның орналасуы бір сызықтың бойында емес, үлкен белдеуде бейнеленетін заттар алыстаған сайын жоғары, жақындаған сайын төмен, қағаз бетінің шетіне таман орналасатынын өзі көреді. Ал мүсіндеуде бұл көркемдік қабылдау олардың іс-қимылдарына сәйкестікте: қатарлас, бір-бірінен алыс, бір-бірінің артында және тағы басқа орналастыру арқылы шешіледі. Сондай-ақ бұл технология саусақ қимылдарын дамыту үшін аса маңызды.

Мамандар бүгінде адам миының оң және сол бөліктері өз қызметтерін біркелкі атқармайтынын дәлелдеп отыр. Сол жақ бөлігі жүйелі білім мен ойлауға бейімделген. Көптеген ғалымдар біздің қазіргі өркениетімізді «сол бөліктілер» есесіне құрылған деп атап, оң жақ бөлігіміздің мүмкіншіліктерін көп пайдаланбайтынымызды дәлелдеп көрсетті. Оқу үрдісін жүргізуде оң жақ ми бөлігі жетіліп жұмыс жасаса, бұл педагогика ғылымы үшін тиімді болар еді.

Көркемдік іс-әрекеттердің ішіндегі құрастыру яғни конструкциялау бейнелеу және техникалық болып екіге бөлінеді. Құрастыру жұмыстарын тек техникалық жағынан қарастыру төменгі сынып оқушылары үшін тартымды емес. Сол себепті төменгі сыныптың оқушысы үшін оқу үрдісіне ойындық әрекет түрлерін енгізу маңызды болмақ. Құрастыру (конструкциялау) барысында бала ойын қатынастарына түседі, ондағы әртүрлі рөлдерді орындайды. Заттардың эстетикалық қасиеттерін бағалау шеберлігін тәрбиелеу, бұйымдардың әсемдігіне назар аударуына алып келеді.

Мектептің негізгі білім беру деңгейінде 5-6 сыныптарда сәндік-қолданбалы өнер түрлерін оқытып, үйрету қоршаған әлем құбылыстарын эстетикалық тұрғыдан қабылдап, оның әсемдігін танып-білу және оларды қағаз бетіне түсірумен тығыз байланысты. Оқушылар алдымен көркемдік материалдармен (қағаз, қарындаштар, бояулар, саз балшық, ермексаз және т.б.) қасиеттерімен тікелей танысады, көркемдік шығармашылық әрекеттер барысында алынған нәтиежелермен байланысын танып біледі. Айналадағы заттар туралы, материалдар мен жабдықтар туралы білім алуын жалғастыру барысында олардың материал тануға деген ынтасы артады, өзінің ойын, айналадағы дүниеден алған әсерлерін бейнелеу, безендіру арқылы беруге ұмтылысымен сабақтастықта іске асырылады.

Мектептің негізгі білім беру деңгейінде оқытып үйретудің маңызды міндеттерінің бірі ырғақ, симметрия, түстерді ескере отырып, әртүрлі ою-өрнек тобынан композиция құру, орналастыру тәсілдерін білу біліктілігін дамыту болып табылады.

Келесі маңызды міндеті – әр түрлі көркемдік материалдармен шығармашылық жұмыс жасаудың технологиялық білім, білік, дағдыларын және ойын практикалық іске асырудың негізі ретіндегі техникалық орындау тәсілдерін меңгерту. Бастауыш сынып оқушылары қоршаған орта болмысындағы адамдардың, заттардың, үйлердің әшекейлеуін, безендіруін байқайды, көреді, құрылыстағы құру мен бейнелеуді олардың бір заттың айналасында бір-бірімен біріккен түрін көріп, көңіліне тоқиды. Мектепте алған білімін өмірде қолдана білу қабілетімен бірге байланыстырмаған білімнің мәні жоқ. Өнер мен өмірді байланыстырып оқыту – оқытушының міндеті.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі білім беру деңгейінде оқытылатын «Бейнелеу өнері» оқу пәні әртүрлі мазмұндас пәндердің мазмұнын байланыстыра оқыту ғана емес, сонымен қатар әртүрлі өнер түрлерін, (кескіндеме, графика, сәулет, сәндік-қолданбалы өнер) оларға тән жалпы заңдылықтарды, ұғымдарды да тұтастықта қарастырады:

Мәдениеттану: эстетикалық, эстетикалық талғам, өлшем, үйлесімділік, салыстыру, бөлшектер және тұтастық.

Техникалық: бір бөлшектік және көп бөлшектік бұйымдар, материал, құрал-саймандар, заттың бөлігі, үлгі (шаблон); бөлшектерді белгілеу, қайшымен қию, бөлшектерді (желіммен) біріктіру, өңдеу, тігістер.

Көркемдік-бейнелеу: бейнелеу материалы, құрал, сызық, жағылым, түс, симметрия, сурет, ою, өрнек, жазықтық және көлемдік бейнелеу, рельеф, мозаика.

Өнерді терең түсінудің негізі көркемдік бейнелерді қабылдау дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылар өнер шығармаларын саналы түрде қабылдауға үйренуі, олардың көркемдік-эстетикалық мазмұнын арнайы көркем сөздер мен терминдерді пайдалана отырып, сондай-ақ олардың түсінігіне жақын кейбір көркемдік құралдарды сезініп және айқындап, суреттеп айтып беру тиіс.

Практикалық тапсырмалардың мазмұнын оқу міндеттерінің негізгі төрт тобында шешу қарастырылады. Біріншіден, композиция; екіншіден, форма, пропорции, құрылым; үшіншіден, кеңістік пен көлем; төртіншіден, түс пен жарық.

Көркемдік-шығармашылық әрекеттер тұтас оқу жұмысын сапалы орындаудың кепілі болып табылады. Іс-әрекеттер арқылы меңгерілген әдіс-тәсілдер бейнелеу әрекеттері мен бұйымдарды дайындау жұмыстарын орындау бойынша практикалық жұмыстар ішіне ендіріледі.

Мектептің негізгі білім беру деңгейінде көбінесе акварель бояуымен жұмыс және графикалық суереттер салу арқылы шығармашылық жұмыстар жасауға көңіл бөлінеді, себебі акварель бояуымен және ақ-қара түсті көркемдік материалдарменмен жұмыс жасау оқушының шығармашылық бейнелі ойлау қабілеттерін дамытады, шеберлік, іскерліктерін бекітеді.

Бейнелеу өнері сабақтары қажетті оқу құралдарымен, көрнекілік құралдармен қамтамасыз етіліп, заманауи техникалық оқу құралдарымен жабдықталуы тиіс. Көрнекілік құралдармен жұмыс жасап көрсету, тақтаға педагогикалық сурет салудың негізгі тәсілдерін көсетуді мұғалім білуі тиіс. Сабақтың заманауи сапалық деңгейі бейнелеу өнеріне бөлінген арнайы кабинеттің болуымен және қажетті құрал-жабдықтар және заманауи талаптарға сай қажетті көрнекі материалдармен жабдықталуымен айқындалады.


Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҰсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҰсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница