Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009




Скачать 414.57 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/2
Дата конвертации18.12.2012
Размер414.57 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2


ӘОК 378.147.88:372.8 Қолжазба құқығында

ТАНТЫБАЕВА БАТИМА СМАТАЙҚЫЗЫ
Химияның арнаулы курстары арқылы

студенттердің өзіндік жұмыстарын

ұйымдастыру әдістемесі
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (химия)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалды
Ғылыми жетекшісі химия ғылымдарының докторы

Маканов У.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы

Аймағамбетова Қ.А.

педагогика ғылымдарының кандидаты

Көгісов С.М.
Жетекші ұйым С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті
Қорғау 2009 жылы 09 қазанда сағат 14- 00 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05. диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4-қабат,
415-бөлме

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)

Автореферат 2009 жылдың 09 қыркүйекте таратылды


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Ж.Ә. Шоқыбаев

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі жағдайда білім берудің алдыңғы қатарлы мақсаттарында өзгерістер өтуде. Үкімет талабымен қатар дара тұлғаның өзіндік дамуында қажетін қанағаттандыруға, жас маманның туындаған мәселелерді талдау іскерлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған үндеуінде ұлттық білім беру жүйесінің дүние жүзілік стандартқа сай, қазіргі кездегі талаптарды қанағаттандыратындай болу қажеттігі ең маңызды мәселе ретінде қаралып, Қазақстан Республикасының түгел дерлік бағдарламалық құжаттарынан өзінің көрінісін табуда.

Қазақстанда білім беру сапасын көтеру жоғары білім беру құрылымдарын реформалауды, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын ендіруді, педагогикалық процесті жетілдіруді қажет етеді.

Соңғы он жыл аралығында республикада жоғары ұлттық оқу жүйесін дамытуға себеп болатын бірсыпыра нормативтік құжаттар қабылданды. Олар біздегі жоғары білім беру жүйесінің дүниежүзілік білім беру кеңістігіне өтуіне жағдай туғызады.

Студенттердің өзіндік жұмысын белсендіру болашақ кәсіби маман әзірлеуде, білім деңгейін көтеруге бағытталған мемлекеттің стратегиясын іске асыруда аса маңыздылыққа ие болуда.

Кез келген оқу орнының оқыту процесінде студенттің өзіндік жұмысы арқылы алған білімі ең тиянақты білім екені белгілі. Өзіндік жұмыс мәселесін оқыту процесінің негізгі буындарының бірі ретінде, әр түрлі жағынан алып қарастырған, келесідей Ресейлік, Қазақстандық және Қырғызстандық ғалымдар мен зерттеушілерді атауға болады: Ю.К. Бабанский, Б.Л. Есипов, И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.П. Беспалько, Б.Г. Иоганзен, И.П. Подласый, А.Е. Әбіл-қасымова, М.Е. Есмұхан, У. Маканов, И.Б. Бекбоев, Э.М. Мамбетакунов және кандидаттық зерттеу жұмыстары: К.Л. Сахно, Г.Г. Филимонова, Т.С. Жданова, Б.А. Қадырбаева, А.К. Садыкова, Г.К. Нұрмуханбетова. Аталған зерттеулерде студенттердің дербестілігін дамыту, өзіндік жұмысты ұйымдастырудың қандай да бір аспектісі, студенттер бойында өзіндік жұмыс арқылы белгілі бір икемділік, іскерлік, дағды қалыптастыру сияқты мәселелер қаралады.

Психология-педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау нәтижесі бізге студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесіне көп көңіл бөлінетінін, дегенмен зерттеу жұмысы әлі аяқталмағанын, өзіндік жұмысты ұйымдастырудың мүмкіндіктері толық ашылмағанын көрсетті.

Студенттермен өзіндік жұмысты ұйымдастыру студенттердің қай курста оқитынына, қандай мектепті бітіріп келгеніне, студенттердің психологиялық даму ерекшеліктеріне, пәндердің өзіндік ерекшелігіне, мамандық әзірлеу ерекшелігіне және т.б. көптеген факторларға байланысты болады.

Қазіргі кезеңде химия мамандарын дайындау ісінде бірнеше қайшылықтар туындап отыр. Олар:

  • кредиттік технологияға байланысты химиялық білім беруге арналған сағат саны мен химиялық материалдарды студенттерге толық меңгертудің арасындағы қарама-қайшылық;

  • химияның негізгі теориялық ұғымдарын сапалы меңгертуге қойылатын талаптар және оның орындалуы арасындағы қайшылықтар;

  • оқу жоспарында көрсетіліп отырған таңдау курстарына бөлінген сағат саны мен оған сәйкес арнаулы курстарды таңдаудың арасындағы қайшылықтар;

  • студенттердің сарамандық біліктілігін қалыптастыруға қойылатын талаптар және оны оқу ісінде жүзеге асыру арасындағы қайшылықтар.

Осы жоғарыда көрсетілген қайшылықтар жоғары кәсіби білім беру жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеті арасындағы сәйкес келмеушілікті, оны жетілдіруде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесін құруды керек етіп, біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын анықтауға мүмкіндік берді: «Химияның арнаулы курстары арқылы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі».

Зерттеу мақсаты. Химияның арнаулы курстары арқылы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негізін жасау.

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнында химия пәндерін оқыту процесі.

Зерттеу пәні: химияның арнаулы курстарында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, химиядан білім беруде әр тараудың теориялық және практикалық тұстарын күшейту мақсатымен арнаулы курстар тақырыбын анықтап, оның бағдарламасын дайындап және сол бойынша ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың мазмұнын, құрылымын, жүйесін, әдістемесін берсек, студенттердің психологиялық ерекшеліктерін, даралық сипатын ескере отырып, өзіндік жұмыстардың инновациялық формаларын және жаңа технологиялардың тиімді түрлерін қолданып оқытсақ, онда студенттердің білім деңгейі жоғарылап, материалды саналы игеру барысында біліктілік дағдыларының қалыптасуына жағдай туады.

Зерттеу міндеттері:

  • химияның арнаулы курстары арқылы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық негізін айқындау;

  • химиядан арнаулы курстар бойынша ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың түрін, жүйесін, мазмұнын анықтау;

  • химиядан арнаулы курстар бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемесін беру;

  • зерттеу бойынша берілген негізгі ұсыныстар мен әдістерді педагогикалық экспериментке қою және оның нәтижесін анықтау.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психология-педагогикалық, химиялық, әдістемелік әдебиеттерді, химиялық білім беру стандартын, химиядан бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу құралдарын, есептер жинақтарын, практикумдарды талдау; студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибені зерттеп, талдап, қорытындылау; студенттердің өзіндік жұмысының қалыптасу деңгейін анықтау үшін студенттер мен оқытушыларға диагностикалық сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, тест тапсырмаларын әзірлеу, бақылау жұмыстарын өткізу, өткізілген бақылау жұмыстарының, коллоквиумдар мен емтихандардың нәтижелерін саралау; химияның арнаулы курстарын оқытуда ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін педагогикалық эксперимент арқылы байқау және оның нәтижесін сандық, сапалық тұрғыдан талдау.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Жоғары оқу орындары жайлы бағдарламалық құжаттар, Қазақстан Республикасы жоғары білім беру стандарттары, типтік оқу жоспарлары, химиядан типтік бағдарламалар, білімді бағалаудың дидактикалық принциптері, жоғары оқу орындарында химиядан білім беру аймағындағы зерттеулер, оқыту процесін ұйымдастыру жайлы ғалым -педагогтардың еңбектерінде берілуі зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін құрайды. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі (А.Е. Әбілқасымова, Б.П. Есипов, У.М. Маканов, В.В. Сорокин, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, П.И. Пидкасистый); педагогикалық жүйелер теориясы (В.П. Беспалько, Н.В. Кузьмина және т.б.), оқыту әдістемесі (С.И. Архангель-ский, Ж.Ә. Шоқыбаев, Қ.А. Аймағамбетова, С. Жайлау, Қ.О. Шайхеслямова, Н.К. Ахметов, Г.М. Чернобельская), педагогикалық бақылау аймағы (В.С. Аванесов, В.П. Беспалько және т.б.), жалпы және педагогикалық квалиметрия (Е.К. Марченко, Э.В. Литвиненко), тестология (Г. Мутанов, Б.А. Мансуров, Р. Салина, У. Сабекова) еңбектерінде қарастырылған.

Зерттеу базасы. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің химия кафедрасы.

Зерттеу кезеңдері: Зерттеу жұмысы үш кезеңде жүзеге асырылды:

Бірінші кезеңде (2002–2004) ізденістік эксперимент, онда өзіндік жұмыстың әр түрлі формалар кешені сараптаудан өтті (біздің алдымызға қойған мәселені шешуге қажетті тапсырмалар таңдалып алынды, студенттің өзіндік жұмысы жайлы әдебиеттер жинақталды, өзіндік жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру арқылы студенттердің қалыптасқан білімдерін бағалауға арналған әдістемені ендіру үшін бақылаушы – үйретуші эксперимент жүргізілді), химияның арнаулы курстарын жүргізуге материалдар жинақталды. Зерттеу мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе зерттелді, зерттеу нысаны, зерттеу пәні айқындалды, зерттеу болжамы құрылып, міндеттері мен зерттеу әдістері белгіленді.

Екінші кезеңде (2004–2006) экспериментті қалыптастыру кезеңінде құрылған жүйелердің тиімділігін және студенттердің химиялық білімді қабылдау сапасын бағалау үшін химияның арнаулы курстарының оқу әдістемелік кешені құрылды; студенттің өзіндік жұмысы негізінде қалыптасқан білімдерін блокты – рейтингті жүйемен бақылау енгізілді; химиядан арнаулы курстарда ұйымдастырылатын студенттің өзіндік жұмысының ғылыми әдістемесі жасалды.

Үйретуші экспериментті жүргізу үшін тапсырмалар жүйесі, сарамандық тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқау дайындалды. Оқыту формаларын интерактивті әдістермен өткізу әдістемесі құрылды. Аталған әдістемені апробациялау мен іс-тәжірибеге енгізуге арналған жұмыстар жүргізілді; Электрондық әдістемелік материалдар (слайд-лекция, электрондық оқулық, мультимедиялық презентация) әзірленді.

Үшінші кезеңде (2006–2009) зерттеу барысында алынған нәтижелерді жалпылап, жүйелеуге арналған жұмыстар жүргізілді; құрылған әдістемелік жүйені жоғары мектеп іс-тәжірибесіне енгізудің ғылыми негізделген нұсқауы құрылды; педагогикалық эксперимент жұмысының қорытындылары жасалып, нәтижелері айқындалып, оның салдары ретінде білім сапасының қалай көтерілгені анықталды; химияның арнаулы курстарындағы өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналып құрылған әдістемелік нұсқау ұсынылды.

Ғылыми жаңалығы:

  • студенттердің химияның арнаулы курстары бойынша өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық негізі айқындалды;

  • химияның арнаулы курстары бойынша ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың түрі, құрылымдық жүйесі және мазмұны анықталды;

  • химияның арнаулы курстары бойынша ұйымдастырылатын студенттердің өзіндік жұмыстарының ғылыми әдістемесі берілді;

  • зерттеу жұмысы бойынша берілген ұсыныстар мен әдістеме педагогикалық экспериментке қойылып, нәтижесінде студенттердің білімді саналы түрде меңгеруі, дербестілік деңгейінің артатындығы және біліктілік қалыптасатындығы дәлелденді.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: химияның арнаулы курстары бойынша өзіндік жұмыстардың түрлері оны ұйымдастырудың белсенді әдісі, және олардың мазмұны, құрылымы, жүйесі жасалды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:

  • зерттеу тақырыбы бойынша алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында студенттердің химиялық білімдерін тереңдету мақсатымен арнаулы курстарда берілген, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында қолдануға болады;

  • химияның арнаулы курстары бойынша өзіндік жұмыс негізінде қалыптасқан студенттердің білімі мен білігін бақылау үшін қолданылады;

  • химияның арнаулы курстары бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі кәсіби химия мамандары мен химия мұғалімдерін дайындауда тиімді.Сонымен қатар мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында мұғалімдерді қайта дайындау барысында қолданылады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • химияның арнаулы курстарында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі;

  • химиядан арнаулы курстарда студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық негізі және оны қолдану мүмкіндіктері;

  • химияның арнаулы курстарындағы студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлері, құрылымы, мазмұны, ұйымдастыру жүйесі;

  • химияның арнаулы курстарында студенттердің өзіндік жұмыстарының көлемі мен деңгейі және оның өлшемдері.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі. Нәтижелердің шынайылығы автордың зерттеу барысында отандық және шетелдік педагогика мен психологиялық классикалық туындыларға, танымның жалпы философиялық тұжырымдамасына, қазіргі заманғы дидактикалық принциптерге, соңғы педагогика мен әдістеме саласындағы зерттеулерге сүйенуімен, зерттеу базасының аумақтылығымен, сараптау материалдарының салыстырмалы талдауының жүйелілігімен, зерттеу болжамы, мақсаты, пәні мен міндетіне орай кешенді әдістерді тиімді қолданумен, сараптаудың ұзақтығымен және алынған мәліметтерді математикалық өңдеумен айқындалады. Сонымен қатар алынған нәтижелердің кең көлемде апробациядан өтуі, сарапталуы, автордың тікелей қатысуымен жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен ендіру. Зерттеу жұмысының негізгі әдістемелік тұжырымдары мен нәтижелері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әдістемелік семинарларында және келесі ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланды: «Химиядан және химиялық технологиядан үшінші Бірімжанов съезі» (Өскемен, 2001), «С. Аманжолов оқулары – 2005» (Өскемен, 2005), «Интеграция образования и производства» (Өскемен, 2006), «Қазақстан және Ресей: Ынтымақтастық жолы, мәдени байланыс, ғылым мен білім беру интеграциясы» (Көкшетау, 2006), «Дни науки – 2006» (Днепропетровск, 2006), «С. Аманжолов оқулары – 2007» (Өскемен, 2007), «Педагогикалық кадрларды даярлаудың сапасын арттырудағы инновациялық технология мәселелері және даму ерекшеліктері» (Алматы, ҚазМемҚызПИ 2008), «Шоқан тағлымы – 13» (Көкшетау, 2008), Materialy V mezinarodni-praktika konference «Vêda a technologie: krok do budoucenosti – 2009». – Dil 7. Pedagogika: Praha. Publishing House «Education and Science» s.r.o. 2009.

Зерттеу тақырыбы бойынша барлығы 2 әдістемелік нұсқау, 17 ғылыми мақала басылым көрді. Ғылыми мақалалар: «Қазақстан жоғары мектебі», «Ізденіс», «Химия мектепте», «ҚазҰУ хабаршысы, химия сериясы» сияқты ғылыми-әдістемелік журналдарда жарық көрді. Жарияланған жұмыстардың барлығы зерттеу жұмысының тақырыбымен сәйкес келеді.

Автордың қосқан үлесі: «Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары», «Бейорганикалық химиядан күрделі есептер шығару әдістемесі», «Периодтық заң мен жүйенің қазіргі күйі» пәндерінен кредиттік технология негізінде авторлық оқу – әдістемелік кешенін жасады. Химияның арнаулы курстарында өзіндік жұмысты ұйымдастыру әдістемесін құрып, экспериментті жүргізіп, одан алынған мәліметтерді математикалық жолмен өңдеп, ғылыми мақалалар ретінде ұсынды.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарындағы оқыту процесі студенттердің дербестігін күшейту, білімдерін өздігінен толықтыру мәселесіне баса көңіл аударып отыр. Дербестіліктің дамуы олардың алған білімін іс-жүзінде еркін қолдана білуінен байқалады. Ал дербестілікке қол жеткізу студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастырумен тікелей байланысты.

Психология-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау және зерттеу нәтижесінде қазіргі таңда қолданылып отырған кредиттік оқыту жүйесі жағдайында әлі де болса студенттердің өзіндік жұмысының өз деңгейінде қарастырылмай отырған мәселелер қатарында екендігі байқалады

Кредиттік жүйе бойынша білім беруге арналған уақыттың 70% – студенттердің өздігінен іс-әрекет жасауына арналса, қазіргі таңда бұл талаптың жүзеге асуына керекті жағдайлар толық қамтамасыз етілмеген.

Оған бірнеше себеп бар:

  • химия пәні бойынша ұйымдастырылатын – өзіндік жұмыстарға керекті құрал жабдықтардың жеткіліксіздігі;

  • химияның арнаулы курстары бойынша орындалатын өзіндік жұмыстардың мазмұны мен құрылымы және әдістемесінің жоқтығы;

  • химияның арнаулы курстарының теориялық мазмұнының айқындалып, ондағы өзіндік жұмыстар жүйесінің сараланбауы болды.

Осы мәселелер біздің зерттеуімізде алдымен химия пәнінің теориялық негізін тереңдететін арнаулы курстарды таңдауға, оның мазмұнын ашатын өзіндік жұмыстар түрін саралауға және оны ұйымдастырудың әдістерін анықтауға бағыттауды керек етті.

Студенттердің өзіндік жұмысы жайлы ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдай отырып, біз өз зерттеуімізде өзіндік жұмыстарды жіктеуді ұсындық. (өзіндік жұмыстардың жіктелуі 1-суретте берілген.)

Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі өзіндік жұмыстармен салыстырғанда кредиттік жүйе жағдайындағы өзіндік жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар:

  • ақпараттық – коммуникациялық технология көздерін қолдануға арналған өзіндік жұмыстар (слайд-дәріс, мультимедиялық презентация, кейстермен жұмыс);

  • студенттің оқытушы қатысуымен орындайтын өзіндік жұмысы- интерактивті әдістермен ұйымдастыратын өзіндік жұмыстар;

  • тест тапсырмалары банктерімен жұмыс істеуге арналған өзіндік жұмыстар.

Студенттерге білім беру процесінде өзіндік жұмысты ұйымдастыру қазіргі заман талабына орай белсенді әдістермен ұйымдастырылуын көздедік. Кредиттік жүйе бойынша студенттердің өзіндігінен орындайтын жұмысы мен оқытушының қатысуы арқылы атқарылатын жұмысын саралап арнаулы курстарды тереңдетіп оқытуда субъектінің дербестілігін дамытатын өзіндік жұмыстарға аса мән бердік (2-сурет).

Жоғары оқу орындарында студенттің өздігінен орындайтын жұмысын және оқытушы қатысуымен жүргізілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне әдеби талдау жасалып, кредиттік жүйе жағдайында арнаулы курстар бойынша химияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың әдістемелік құрылымы әзірленді. Әдістемелік құрылым дегеніміз – қандай да бір процестің жүргізілген жүйесі мен мен іс-әрекетін бейнелеуші сұлба.



1-сурет – Студенттердің кредиттік жүйе жағдайындағы өзіндік жұмыстарының жіктелуі



2-сурет – Химиядан арнаулы курстағы өзіндік жұмыстардың мазмұны

Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында химияның арнаулы курстарын оқыту процесінде оқытушы мен студент субъектілер ретінде қарастырылады (3-сурет).

3-сурет – Кредиттік жүйе жағдайында студенттердің өзіндік

жұмыстары мен оқытушы қатысуындағы өзіндік жұмыстарын

іске асыру әдістемелік құрылымы
Оқытушы студентпен бірлесіп жұмыс істеу барысында оның білім деңгейінің жоғарлауына, дара тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Бұл ынтымақтастық негізінде кері байланыс орнап, белгілі бір оқу әрекетінің белсенді түрі жетіліп, оның нәтижесі бақылау мен өзіндік бақылау арқылы бекітіледі.

Оқытушы мен студенттің ынтымақтастығы бірлескен төмендегі компоненттерден тұрады: Мазмұндық компонент химияның арнаулы курстарын оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастыру мазмұнын анықтайды. Мұның негізгі мақсаты студенттердің кредиттік оқыту жүйесі жағдайында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесін құру. Мазмұндық компонентте студенттерге берілетін өзіндік жұмыстардың көлемі, орындалу уақыты, орындалу жолы көрсетіледі.

Мазмұндық компонент бойынша ұйымдастырылатын өзіндік жұмыс негізінде студенттің тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туады.

Студенттерге химиядан терең білім беру процесін нәтижелі ұйымдастыру пәннің әдістемелік қамтылуының қандай дәрежеде әзірленгеніне байланысты болады.

Пәннің әдістемелік тұрғыдан жабдықталуына оқу жоспары, бағдарламасы, студентке арналған оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Оқу-әдістемелік кешендер Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық компонент пәнді оқытуға қажетті құралдарының толықтығын және оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданылуды керек етеді. Студенттерді оқытудың әр түрлі формаларын (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), СӨЖ және СОӨЖ-ын дұрыс ұйымдастыруда олардың жекебас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырманың мазмұны мен көлемін олардың деңгейлеріне қарай беру өте маңызды мәселенің бірі.

Мазмұндық компонентте ең алдымен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыбы, жоспары, қолданатын әдіс түрі анықталып, құрылып, орындалу кестесі түзіледі. Өзіндік жұмыс кестесі студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен силлабуста беріледі.

Студенттің қолында осындай оқу-әдістемелік кешеннің болуы студенттің өзіндік жұмысты дұрыс ұйымдасутырына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады.

Процессуальды-әрекеттік компонент оқытушының оқыту іс-әрекеті мен студенттің танымдық әрекетінің бірлесуінен тұрады. Оқытушының педагогикалық іс-әрекеті жоғары оқу орнының педагогикалық процесінде оқытуға, студенттің дара тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің дамуына тиімді жағдай туғызуға бағытталады.

Оқытушы студенттерге білім беру кезінде мемлекеттік білім беру стандарты және типтік бағдарлама талабына сай оқу-әдістемелік кешенді, оқу жұмыс бағдарламасын, жұмыс бағдарламасын құрастырады. Оқу-әдістемелік кешендер студенттердің мамандықтарына, мамандануына, оқылатын пәннің мазмұнына тікелей байланысты болады.

Оқытушы мен студенттің іс-әрекеті оқу жұмысының әр түрін іске асыруға бағытталады. Жоғары оқу орындарында оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына дәріс, сарамандық сабақ, зертханалық жұмыс, семинар, студенттің оқытушы қатысуымен өтетін өзіндік жұмысы жатады. Оларды дәрісханалық, дәрісханадан тыс деп жіктейміз

Оқытушы қатысуымен жүргізілетін СӨЖ кредиттік жүйе жағдайында енгізілген оқыту формасы ретінде сабақ кестесіне қойылады. Сабақтың осы түрінде әр қилы белсенді әдістер қолданыла отырып, студенттердің өзіндік жұмыстары ұйымдастырылады.

СОӨЖ тақырыбы: Комплексті қосылыстардағы химиялық байланысты салыстырмалы түрде сипаттау.

Сабақ түрі: Химиктер симпозиумы (белсенді оқыту әдісі, ғылыми жоба ретінде).

Мақсаты: Комплексті қосылыстарды сипаттайтын үш теорияның «МО, ВБ, Кристалдық өріс теориясы) артықшылық және кемшілік жақтарын анықтау.

Сабақ барысы: студенттер 4 топқа бөлінеді:

  • 1 топ – симпозиумды ұйымдастырушылар (3 студент);

  • 2 топ – ВБ әдісін жақтаушылар (5–6 студент);

  • 3 топ – МО әдісін жақтаушылар (5–6 студент);

  • 4 топ – кристалдық өріс теориясын жақтаушылар (5–6 студент);

1 топ студенттер – симпозиумды ұйымдастырушылардың құрамы: төраға, эксперт, хатшыдан тұрады.

Төраға химиктер симпозиумының ашылуын жариялайды. Хатшы симпозиумге қатысушыларға комплексті қосылыстарды сипаттауда тиімді әдісті анықтау керек екеніндігін хабарлайды.

Әр топ ғалымдары комплексті қосылыстарды сипаттауда өздері таңдап алған әдістерінің ұтымдылығын дәлелдейді.

Эксперт – (топтағы ең жақсы оқитын студент) ол ғалымдар таласын мұқият тыңдап, өз тұсынан қорытынды пікірді айтады. Осылайша студенттер өзіндік ой-пікірлерін талқылай отырып қорытынды шығаруға және шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады.

«Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары» атты арнаулы курс бойынша дәріс жағдаят (ситуация) әдістемесін қолдандық.

Сабақтың алдын-ала жағдаяттың мазмұны жобаланды:

  • оқытушының теориялық проблеманы беруі;

  • оқытушының жағдаят түріндегі мысал келтіруі;

  • студенттердің жағдаятты шешуі.

Осы келтірілген схема бірнеше рет қайталанады.

Дәріс тақырыбы: Комплексті қосылыстардағы байланысты ВБ және кристалдық өріс теориясымен сипаттау.

Дәріс бағдарлама талабы бойынша баяндалады. Студенттер 1-ші курста теориялық бейорганикалық химия курсынан комплексті қосылыстарды ВБ әдісімен сипаттауды біледі, сондықтан дәріс сабақты оқытушы дәрісханалық тапсырма беруден бастайды, әр студентке белсенді таратпа материал, комплексті қосылысты ВБ (валенттік байланыс) әдісімен сипаттау алгоритмі беріледі де, калийдің гексацианоферраты қосылысын осы әдіспен сипаттау ұсынылады.

Студенттер алгоритм бойынша берілген комплексті қосылысты сипаттап жауабын береді.

Енді осыдан проблемалық сұрақ туындайды.

Студенттердің анықтауы бойынша калийдің гексацианоферраты парамагнитті, әлсіз комплекс. Ал эксперимент нәтижесінде аталған комплексті қосылыстың берік екендігі анықталған.

Әрі қарай дәріс барысында оқытушы комплексті қосылыстарды сипаттауда қолданылатын кристалдық өріс теориясын береді. Онда d-орбиталь формасы, оның жіктелу параметрі, күшті және әлсіз өріс туғызатын лигандар жайлы баяндай келіп, аталған әдіспен комплексті қосылысты сипаттау үшін ВБ әдісі қажет екендігіне тоқталады. ВБ әдісінің артықшылық жағының бірі кеңістік конфигурациясын, гибридтелу типін, дәл анықтайтындығында екеніне баса назар аударады.

Дәріске бір-ақ сағат уақыт бөлінетін болғандықтан, оны ұтымды пайдалану мақсатымен оқытушы мәселелік жағдаятты қолдану арқылы студенттердің қалдық білімдері негізіне сүйене отырып өзіндік жұмысын. ұйымдастырады.

Дәрісте алған білімдерін бекіту үшін оқытушы Na3 [CrCl6] комплексті қосылысты сипаттауды студенттермен бірігіп жүргізеді де, берілген қосылыстың қасиеті алғашқы комплексті қосылысқа қарама-қарсы екенін дәлелдеуді студенттердің өздеріне тапсырады.Үйге К4[Fe(CN)6] және К4[FeCl6] қосылыстарын сипаттап келу өзіндік жұмыс ретінде тапсырылады.

Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында дәріс сабақтар барысында дәстүрлі емес жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Бұл студенттердің өзіндік жұмысын күшейтіп, тиісті материалды жартылай ізденгіштік әдіспен меңгеруге бағыттайды. Студенттердің дәріс барысындағы оқу еңбегі де бағаланып тиісті ұпайы қойылады.

Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді оқу материалдарын қолдану олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді. Белсенді таратпа материал мысалы 1-кестеде келтірілген.

Білімді бақылап, бағалаушы компонент. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың жеке траекториясы белгіленеді. Ол траекторияның жүзеге асуы блокты-рейтингті бақылау жүйесінің бағдарламалық қамтылуына, білімді бақылауға арналған тест тапсырмаларының жеткілікті мөлшерде жиынтығы болуына, электрондық оқытушы-тексеруші бағдарламалардың болуына және оқытушы тарапынан көмек пен бақылаудың ұйымдастырылуына тікелей байланысты.

Блокты-рейтингті оқыту жүйесі өзінің құрылымы, құралу сипаты жағынан объективті, нанымды жүйелі нәтижені өңдеу, диагностикалау, бағалауды қамтамасыз етеді. Рейтингтік жүйе-жинақтаушы типті бағалау жүйесі рейтингтік өлшеулерге негізделіп, студенттер үлгерімін, шығармашылық деңгейін анықтайды.

Зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты студенттермен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізілді.

Бірінші курс студенттерімен жүргізген сауалнама және химиядан мектеп базасы бойынша білім деңгейін анықтау нәтижелерін талдау, студенттердің химиядан тереңдетілген білім деңгейін қалыптастыру үшін өте ыждағатты, тиянақты жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетті. Ал кредиттік оқыту жүйесі жағдайында терең білімді қалыптастыру тек студенттердің өзіндік жұмысын жаңа талаптарға сай ұйымдастырып, интерактивті оқыту әдістерін, ақпараттандыру құралдарын тиімді қолданғанда ғана іске асуы мүмкін.
1-кесте – Студенттердің өзіндік жұмысына арналған оқу картасы (Тақырып: Валенттік байланыс әдісімен комплексті қосылыстарды сипаттау)


Меңгеруге арналған нысан

Оқу - әрекеттер жүйесі

1 Комплекс түзуші мен лиганда арасындағы байланыс донорлы акцепторлы. Лигандалар электрон жұбын, ал комплекс ядросы бос орбитальдарын береді. Байланыс беріктігі орбитальдар бүркесуімен анықталады.

2 Байланыс түзуге қатысқан орталық атом гибридтеледі. Гибридтелу типі комплекс түзушінің бос орбитальдары санымен, лиганда табиғатымен, электрондық құрылымымен анықталады. Электрондық орбитальдар гибридтелуі комплекс түзушінің геометриясын белгілейді.

– қай d-орбиталі байланыс түзуге қатысатынын анықтау;

– гибридтелу типін анықтау;

– кеңістік конфигурациясын анықтау;

– магниттік қасиетін, беріктігін анықтау.

Комплексті қосылысқа мысал келтіріп формуласы мен атын жазу.
Орталық атомның гибридтелу типін анықтау.

Комплекс түзушінің кеңістік конфигурациясын белгілеу

Калийдің гексацианоферраты (II) (сары қан тұзы), К4[Fe(CN)6];

Мысал:

– комплексті қосылыстың жаңа номенклатура бойынша және травиальды аталуын, химиялық формуласын келтіреміз;

– орталық атомды және ионды анықтау;

– оның валенттік қабатының электронды ұяшықты және электрондық формуласын жазу;

– орталық атом – темір (Ғе);

– электрондық формуласы – 3d64s2;

Fe2+ ионының электрондық формуласы – 3d64s0;

Fe2+ионының электронды ұяшықты формуласы:





– гибридтелу типі: sp3d2

– кеңістік конфигурациясы – октаэдрлік;

– қосылыс парамагнитті, осал, сыртқы d-орбиталь комплекс түзуге қатысады. Комплексті қосылыстың түсі туралы айта алмаймыз.


Қалыптастырушы кезеңде кредиттік жүйе жағдайында химиядан терең білім беру әдістемесі ұсынылды. Бейорганикалық химия пәні материалдарын жүйелілік-құрылымдау тұрғысынан қарау, химияны тереңдетіп беру мақсатында құрылған «Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары» арнайы курсының «Химиялық байланыс», «Химиялық байланысты сипаттау әдістері», «Құрылысы ерекше қосылыстар» тақырыптарын оқыту мысалдарында кредиттік жүйе негізінде әдістемелік тұрғыдан іске асырылып, университет жағдайында оны қолдану мүмкіндігі анықталды.

Химияны арнаулы курстарда оқыту кезіндегі студенттің өзіндік жұмысының мазмұны ашылып, әдістемелік құрылымы әзірленгеннен кейін студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі құрылды және ұсынылды. 4-суретте өзіндік жұмыстарды кредиттік жүйе жағдайында ұйымдастыру әдістемесі келтірілген.

4-сурет –Кредиттік жүйе жағдайында арнаулы курстарда

өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Студенттерге химияны оқыту барысында жүйелі әрі сапалы білім негізінде пәнді тереңдетіп оқыту кезінде өзіндік жұмыстарды тиімді ұймдастыру арқылы жүзеге асырудың ұтымды екендігі дәлелденді. Эксперимент барысында осы әдістің тиімділігін анықтайтын әдістемелік нұсқаулар құрылып, оны оқу процесіне енгізу жұмыстары жүргізілді.

Педагогикалық эксперимент жүргізілген топтармен бақылау топтарының білім деңгейі және ондағы студенттер саны шамалас болды. Студенттерге берілген тапсырмалар әр түрлі деңгейде құрастырылумен ерекшеленді. Нәтижесінде студенттердің өзіндік және оқытушы қатысуымен жүргізілген өзіндік жұмыстары тиімді жолмен ұйымдастырылды.

Осы жылдарда алынған эксперимент нәтижелерінің қорытындысы шығарылып, нәтижелері анықталды. Эксперимент барысында алынған мәліметтер талданып, жүйеленді.

Алынған нәтижелер химияның арнаулы курстарында өзіндік жұмыстарды белсенді жолмен ұйымдастыруды іс-тәжірибеге енгізу арқылы студенттер білімін тереңдетуде, олардың зияттылық және шығармашылық дамуын арттыруда негізгі мақсатқа лайық екендігін көрсетті.

Арнаулы курс өткеннен кейін студенттер білімінің көрсеткіші анықталды. Мысалы, «Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары» арнаулы курсында өтілген «Валенттік байланыс» тақырыбы бойынша дәріс-жағдаяттағы студенттердің өзіндік жұмысының нәтижесі тексерілді.

Өзіндік жұмыс нәтижесі белсенді таратпа материалды қолдану тиімділігін көрсетті.

Белсенді оқыту әдісі арқылы визуальды дәрісті қолдану және берілген өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауда ақпараттандыруды қолдану әр түрлі деңгей бойынша құрылған бақылау жұмыстарын орындау нәтижесімен, семестрлік жұмысты орындау икемділігімен анықталады .

Семинар сабағындағы студенттердің өзіндік жұмыс нәтижесі қосылыстарды молекулалық орбитальдар әдісімен сипаттау іскерліктерін анықтауға негізделді. Ол саралап, даралап берген тапсырмалар көмегімен анықталды. Сарамандық сабақтарды құрылысы ерекше қосылыстардағы байланыс ұзындығын, байланыс энергиясын анықтауға арналған есептерді, комплексті қосылыстарды валенттік байланыс, молекулалық орбитальдар әдістерімен, кристалдық өріс теориясымен сипаттайтын жаттығуларды шығаруға арнаймыз. Мұндағы СӨЖ нәтижесін бақылау әр деңгейлі тапсырмаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Студенттердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы ғылыми жоба ретінде берілген «Химиктер симпозиумы» атты сабақтың нәтижесі арқылы ал студенттердің өзіндік жұмысының деңгейі тест жұмыстары көмегімен анықталды. СОӨЖ-ын интерактивті әдістермен ұйымдастыру тиімді екендігі дәлелденді.

Студенттерге химиядан арнаулы курстарда білім беруде олардың дербестілігі мен білім деңгейінің СӨЖ және СОӨЖ арқылы қалай қалыптасқандығы білім сапасының артуынан көрінді. Студенттердің білім сапасы «Химиялық байланысты сипаттайтын теориялар», «Құрылысы ерекше қосылыстар» мен «Жартылай және асқын өткізгіштер» модульдеріне арналған тапсырмаларды орындау нәтижесінде анықталды.

Барлық топтардағы жұмыс он ұпайлық жүйемен бағаланып, тест тапсырмалары біртіндеп күрделену ретімен құрылды. Тест тапсырмаларының әр түрлі формалары қолданылды (ашық тест, жабық тест, толықтырушы тест, балама тест, сәйкестендіру тестері, т.б.).

Студенттердің тереңдетілген химиялық білімін анықтау үшін тест тапсырмалары түріндегі білімді бақылау жұмыстары семинар сабақтарда, дәріс сабақтарының соңында модульдік бағдарламада берілген тақырыптар бойынша эксперименттік және бақылау топтарында өткізілді.

Эксперименттік топтардағы білім сапасы бақылау топтарымен салыстырылды. Эксперименттік топтарда химияны арнаулы курстарда тереңдетіп беру кезінде оқытушы қатысуымен өткізілетін өзіндік жұмыстарды интерактивті әдістер арқылы ұйымдастыруды қолдану негізінде және өзіндік жұмысты тиімді формалармен ұйымдастыру арқылы олардың дербестілік деңгейінің көтерілгенін, ал әр деңгей бойынша білім сапасының бақылау топтарына қарағанда бір талай жоғары екенін көреміз. Сонымен студенттердің білім сапасының көтерілгені үш деңгей бойынша келесі критерийлерге сай анықталды:

  1. Арнаулы курстардағы өзіндік жұмыстар арқылы химиядан білім, икемділік, дағдылардың қалыптасуы;

  2. Студентің білімді өз бетімен қабылдау іскерлігінің, дербестілігінің дамуы.

  3. Дербестілік және іскерлік нәтижесінде білім сапасының артуы.

Өткізілген эксперименттік және бақылау топтарында өткізілген тексеру жұмыстарының нәтижелері 2-кесте, 5-суретте келтірілді.
2-кесте – Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау нәтижесіндегі студенттердің білім сапасы


Студенттер тобы

Студенттер саны, %

бірінші деңгей

(0,5-5,5 ұпай)

екінші деңгей

(5,5-9,0 ұпай)

үшінші деңгей

(9,0-10,0 ұпай)

Эксперименттік

22,7

46,1

31,2

Бақылау

39,1

36,5

24,4



5-сурет – Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындаудағы

білім деңгейін игерудің сапалық диаграммасы

Эксперимент нәтижелерін салыстыру математикалық-статистикалық әдіске сүйене отырып жүргізілді. Жүргізілген бақылау жұмыстарының сандық және сапалық талдауы жасалды. Оқу тапсырмаларын меңгеру коэффициентін есептеу әдісі қолданылды (3-кесте, 6-сурет).
3-кесте – Студенттердің оқу материалын меңгеру коэффициентін есептеу


Зерттеу кезеңдері

Бақылау жұмы-сының реті

Студенттер топтары

эксперименттік

бақылау

жұмысты орындаған студенттер саны,

n

оқу материалын меңгеру коэффи-циенті,

Z

жұмысты орында-ған студент-тер саны,

n

оқу материалын меңгеру коэффи-циенті,

Z

Орнықтырушы

1

13

0,52

11

0,44

2

12

0,48

10

0,40

Z – орташа коэффициенті







0,50




0,42

Қалыптастырушы

1

20

0,80

17

0,68

2

21

0,84

18

0,72

Z – орташа коэффициенті







0,82




0,70



6-сурет – Студенттердің оқу материалын меңгеру

коэффициентін есептеу диаграммасы

Оқу материалын меңгеру коэффициенті:

, (1)
мұндағы Z – эксперименттік топ және бақылау топтарының оқу материалын меңгеру коэффициенті;

n – бақылау жұмысын орындаған студент саны;

N – топтағы барлық студенттер саны.

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша бақылау тобының ең жоғары ұпайы 3,67; төменгі ұпайы 1-ге тең. Эксперименттік топтың ең төменгі ұпайы 2-ге тең де, жоғары ұпайы 4-ке тең. Осыдан эксперименттік топтағы химияны арнаулы курстарда оқытуда өзіндік жұмысты интерактивті жолмен ұйымдастырудың ойдағыдай нәтиже бергені көрінеді. Алынған нәтижелер төмендегі 4-кестеде келтірілген.

Әр оқу жылындағы алынған мәліметтер Стьюдент критерийін есептеу барысында анықталды. Бақылау және эксперименттік топтардағы білім деңгейін көрсететін мәндердің алдымен дисперсиясы анықталып, содан кейін орташа квадраттық ауытқуы есептелді.

Орташа квадраттық ауытқу формуласымен есептелді. Стьюдент критерийі (Госсет) мәндердің қалыпты таралуымен олардың орташа мәнінің статистикалық мәнділігін анықтауға арналады да, келесі формуламен есептеледі:
.
4-кесте – Студенттердің химиядан тереңдетілген білім деңгейін бақылау нәтижелері


Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша білім көрсеткіштері:

Оқу жылы

Сту-дент саны

Топтар

Ғ

Д

Д+

С-

С

С+

В-

В

В+

А-

А

0

1,0

1,33

1,67

2,0

2,33

2,67

3,0

3,33

3,67

4,0

2005-2006

25

Экспери-менттік

-

-

-

-

1

2

3

4

5

6

4

25

Бақылау

-

1

2

3

5

3

4

4

2

1

-

2006-2007

21

Экспери-менттік

-

-

-

-

1

2

5

3

4

3

3

22

Бақылау

-

-

-

-

3

5

6

4

2

2

-

2007-2008

24

Экспери-менттік

-

-

-

-

2

1

4

5

7

3

2

Алынған t=3,87 мәнін кестеде келтірілген мәнмен салыстырамыз. Сұрыптау мәндерінің «еркіндік дәрежесі» f төмендегі формуламен есептеледі:
; f = 24 + 26 – 2 = 48.
Кестеде берілген бес пайыздық мәнділік деңгейінің сан мәні =2,009. Ендеше 3,87>2,009 болғандықтан эксперименттің нәтижесі шындыққа жанасымды.

Стьюдент критерийінің эксперименттік мәндері кестеде берілген мәндерден жоғары екенін көреміз.

Педагогикалық эксперимент химияның арнаулы курстарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің тиімділігін көрсетіп, зертеу болжамының расталғанын дәлелдеді. Осыған орай жүргізілген зерттеу нәтижелері келесідей қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді.
  1   2

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница